Оқытуда көрнекіліктің маңыздылығы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
1. Көрнекілік-нәтижелі оқудың негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
6
Оқытудағы көрнекіліктің маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
6
Көрнекілікті пайдаланудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдері ... ... ..
10
1.3 Бастауыш сыныбында көрнекі құралы арқылы оқушылардың сөйлеу жүйесін дұрыстау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
15
2. Бастауыш сыныбының сабақтарында көрнекілікті қолданудың тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
20
2.1 Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағында көрнекі құралдарды пайдалану тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
20
2.2 Бастауыш сыныбында математикадан көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
24
2.3 Бастауыш сыныбында әдебиет сабағында көрнекілікті қолданудың тиімділігі мен әдіс-тәсілдері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
36
2.4 Бастауыш сыныбында дүниетанудан көрнекі құралдарды пайдалану тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
44
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
57
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
58

Кіріспе

Көрнекілік педагогика саласындағы дидактикалық тәсіл. Ол ақпараттың, дәрістің, үгіт-насихаттың, жарнаманың танымдылығы мен пәрмендігін арттыру жолдары, оқытуда заттар мен құбылыстардың әрқайсысының өзіне тән жаратылыс бітімі мен әр сыр сипаттарын сезім мүшелері арқылы байқау мен қабылдауға баулиды. Адам қоршаған ортаны, дүние мен құбылыстарды түйсігімен сезінеді. Оның ішіндегі ақпаратты ең көп қабылдайтын - көру түйсігі болып саналады. Адам жадында терең танбаланатында осы көзбен көрген ақпараттар. Құбылыстардың мәнін адам санасында ойлау мен пайымдау қабілеті ғана суреттеп, бейнелейді.
Көрнекіліктің көмегімен қоршаған ортадағы құбылыстарды салыстырумен қатар, оны ойлап, пайымға салып қабылдау арқылы, сана-сезімі қалыптасады. Сонымен қатар, ақпараттар оқу міндеттеріне байланысты, талданып, қорытылады. Көрнекі құралы оқушыларға бейнелі түсінік беру үшін ғана емес, оқушылардың ұғымын қалыптастырып, абстрактілік байланыс пен тәуелділік түсіндіру үшін қолданылады.
Көрнекілікті чех педагогі Я.А.Коменский 17 ғасырда еңгізген болатын. Одан кейінгі педагог швейцар И.Г. Песталоцци, неміс А. Дистерверг, орыс педагогі К.Д, Ушинский т.б зертттеген болатын.
Көрнекіліктің үлгісін пайдалануға Ы.Алтынсарин зор көңіл бөліп, Қазақ жастары ғылым өнерді кітап сөзі деп қана қарамай, заттай көзімен көріп, ажырата білуін мақсат етті. Қазіргі кезде жанды және жансыз табиғатты пайдаланудың мәні зор. Қазіргі дәуірде ғылым, техника, көркемөнер салаларында мол дамыған шынайы деректерді т.б едәуір күрделі бейнеулерді көру үшін арнайы кабинеттер мен кабиналар ұйымдастырылды. Осыған орай оқу барысында кинопроекторлар, кинофильмдер, теледидар, оптикалық аспаптар және де т.б қолданылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің жолдауында Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі деген.
Бізге экономикалық және қоғамдық жаңарту қажеттіліктеріне сай келетін білім беру жүйесі қажет.
Білім беру жүйесінде ынталандыру мақсатында және сектор мен мемлекет арасындағы серіктестікті нығайту кезінде мемлекеттік немесе жекеменшік білімін нығайту керек делінді. Ал оның негізі бастауыш сыныбынан бастап қаланбақ. Осыған орай оқушылардың іскерлігі мен білімдігін шығармашылықпен қолдану мен дағдыларын, ой-өрісін дамыту болып табылады. Сондықтан бастауыш мектептерінде көрнекілікті қолдану балалардың ой-өрісін дамыту кезіндегі көкейкесті мәселесі болып табылады.
Қазіргі уақытта оқытудың бастапқы кезеңінде көрнекіні қолдануға көбірек көңіл бөлінеді. Бұл көрнекілікті қолдану әдістері құбылыстардың дамуын, олардың динамикасын көрсетуге, белгілі бір мөлшерде білім беру ақпараттарын жеткізуге және оқытудың жеке процесін басқаруға мүмкіндік беретіндігіне байланысты. Көрнекі құралдар оқушылардың танымдық қызығушылықтарын оятады, белгілі бір жағдайларда оқушылардың оқуға деген эмоционалды көзқарасын қалыптастырады, бейненің жан-жақты қалыптасуын қамтамасыз етеді, білімді терең игеруге ықпал етеді, ғылыми білімдердің өмірмен байланысын түсінеді және мұғалімдерге уақытты үнемдейді. Оқыту кезінде көрнекіні қолдану және оны бастауыш сынып сабақтарында қолдану туралы тақырып көрнекі құралдардың жаңа түрлерінің пайда болуына және жас оқушыларды оқытудағы олардың мүмкіндіктеріне байланысты психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде көбірек танымал бола бастады. Сондықтан зерттеу мәселесінің мәні жас оқушылардың оқу материалын меңгеруіне әсер ететін көрнекілік оқыту әдістерін қолдануға қойылатын талаптар мен оларды сабақта қолданудың практикалық деңгейі арасындағы сәйкессіздік жатыр.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі жеделтету, демократияландыру жағдайларында Қазақстан Республикасында Басты міндеттердің бірі - ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жастарға терең білім беру мен тәрбие беру ісін одан әрі дамытып жетілдіру. Бұл бастауыш сыныптардағы сабақтарда көрнекі әдістерді қолдану оқу процесінің нәтижесі мен білімді игеруге өте тиімді әсер ететіндігінде, сонымен қатар бастауыш сынып мұғалімдеріне көрнекі құралдарды қолданудың тиімді әдістерін енгізу қажеттілігі туындайды.
Балаларға ана тілін үйретуде көрнекіліктің алатын орны жөнінде К.Д.Ушинский Көрнекілікке үйретудің ана тілінде үйретуден бөлу мүлде қате деген болатын. Өйткені көрнекілік бақылағыштығын сөзбен дұрыс айтып беруге, логикалық қорытындылар шығаруға дағдыландырады.
Оқу сабақтарында көрнекілікті қолдану мүмкіндігі орасан зор. Айнала, қоршаған дүниені бақылау, экскурсияға шыққанда бақылау, оқушылардың өздері жинаған гербарилер, жануар мен өсімдіктердің тұлыбы, модульдер, макеттер, кинофильмер, диофильмдер және портреттер, оқулықтар суреттер т.б.
Міне осыдан қоғамға жан-жақты білімді, жоғары мәдениетті, жұмысын шығармашылықпен істей алатын тұлға қажет. Біздің қоғамдағы нарықтық қатынастарды игеру, алдыңғы қатарлы дамыған елу елдің қатарына қосылу, үдемелі ақпараттар ағыны мен ғаламдық компьютерлік жүйеге өту қазіргі заманда өмір сүріп отырған адамның өз білімін үнемі жетілдіріп, икемділігін тәрбиелеп отыруына көзін жеткізеді.
Зерттеу міндеттері:
Көрнекіліктің ұғымын негіздей отырып, оның сабаққа қолданудағы рөлін анықтау.
Оқу сабақтарында қолданатын көрнекіліктің түрлері мен қойылатын талаптарына сипаттамалар беру.
Сабақтың барысында көрнекілікті қолданудың тиімділігін анықтау.
Бастауыш сыныбында көрнекі құралдары арқылы сөйлеу жүйесін дамыту.
Зерттеу мақсаты: Көрнекілікті пайдалану арқылы балалардың сабаққа ынтасын, қызығушылығын ояту. Балаларға көрнекілік әдістері арқылы ойлау жүйесі мен логикасын, сөйлеуін, сезіну түйсіктерін жетілдіру.
Зерттеу әдістері: Зерттеу тақырыбы бойынша жазылған ой-пікірлерге, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік оқулықтарына, мемлекеттік құжаттар мен оқулықтарға теориялық талдау жасау әдісі; оларды зерттеу кезіндегі негізгі мәселелер мен негізгі ұғымдарды, мазмұны мен түрлерін контент-анализ әдісі арқылы анықтау, озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерімен таныса отырып, әңгімелесу, бақылау, ізденушілік пен зерттеушілік жұмыстары.
Зерттеу объектісі: Көрнекіні қолдану тиімділігі мен талаптарын зерттеп, қазақ тілі, математика, сауат ашу кезінде оқушыларды көрнекіліктер арқылы пәнге қызығушылығы мен ынтасын ашу.

1. Тарау көрнекілік нәтижелі оқудың негізі

1.1 Оқытуда көрнекіліктің маңыздылығы

Есте сақтау қабілеті дегеніміз ол бір-бірімен байланысты әрекеттен тұратын психологиялық үрдіс. Ол тәжірибе жинақтап, сақтау мен оны пайдалануға мүмкіндік беретін үрдістің бір түрі. Ал білім беру барысында осы дағдыны бекіту көрнекілікке байланысты болып келеді.
А.Смирнов пен П.И.Зинченко зерттеулерді есте сақтау қабілетін үрдіс ретінде пайдаланып,оқушылардың есте сақтауын көрнекі арқылы дамытудың заңын ашқан болатын. Есте сақтауқабілетін қандайда бір жеке қызметпен емес, ол тұлғаның қызығушылығы мен ынтасына байланысты. [1]
Оқушылардың есте сақтауын көрнекі арқылы жақсарту өте тиімді әдіс. Есте сақтау қабілетін зерттеумен медицина, генетика және психология саласы айналысады.
Көрнекілік педагогика саласындағы дидактика тәсілінің бірі. ОЛ ақпарат, дәріс немесе үгіт-насихаттың танымалдығын арттыру жолдарының бірі. Адам сыртқы ортаны бес мүшесі арқылы таниды. Оның ішінде ақпаратты сақтаудағы ерекшелігімен көру жүйесі ерекшеленеді. Адамның есте сақтауынада осы көру жүйесі арқылы сақталып қабылданған ақпарат. Бірақ көру түйсігі ішкі құбылысты өздігінен бейнелей алмайды. Құбылыстың мәнін, адам санасында ойлау мен пайымымен бейнеленеді. Сонымен қабылжанған ақпар оқу міндетіне байланысты талданады және қорытады. Көрнекілік оқушыларға бейнені түсіну үшін ғана емес, олардың ұғымын қалыптастырып, абстрактілі байланысы мен тәуелділігін түсіндіру үшінде қолданады. Бұл дидактика ғылымының басты қағидасы болып саналады. [2]
Көрнекілікті Я.А: Коменский XVII ғасырда еңгізген болатын. Одан кейін И.Г.Песталоции, А.Дистерверг және де К.Д.Ушинский т.б көрнекілік жүйесін оқуға байланыстырып, қалыптастырды. [3]
Естесақтау қабілеті - психикалық өмірдің сипаттамасы болып саналады. Есте сақтау қабілеті танымдық үрдісінің дамуы мен қызмет етуіне байланысты болып келеді. Есте сақтау қабілеті екіге бөлінеді.
Есте сақтау

Сапалық Сандық

Сапалық есте сақтау - бұл есте сақтау қабілетінің жылдам және беріктігі, ұзақтығы мен дәлдігі. Сапалық көру, есту, қимыл және т.б түрлерін есте сақтауымен ерекшеленеді. Аталғандар барысында барлығының басым болу мағынасында есте сақтау қабілетінің бұл түрі таза сирек кездеседі. Көбіне біз іс жүзінде болуын көру мен есту арқылы немесе іс-қимылын, есте сақтауды түрліше қабылдаймыз. Мысалыға ғалымдардың көбінде мағыналық және қисынды естесақтау өте жақсы дамыған, ал кейбірінде механикалық есте сақтауы нашар.
Оқыту үрдісінде оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту үшін көрнекіліктің мәні зор. Қазіргі кезде көрнекілік дамуында компьютерді ерекше қолданады. Мектептерде электронды кабинетті құру әліде дамуда. Компьютер көрнекіліктің оқыту процесінде қолдануда көп мүмкіндігін береді.
Оқытуда көрнекіліктің негізгі шарттары бар. Мысалы:
Көрнекіліктің оқушының жасына сәйкестігі;
Көрнекілікті сабақта керек кезде ғана пайдалану;
Көрнекілікті барлық оқушының көре алуы;
Мәнісі нақты болуы;
Құбылысты, түсінікті мұқият ойластырып, жасау;
Көрнекілік берілген материалмен сәйкес болуы;
Көрнекілікте және демонстрациялық қондырғыдан мәліметті табуға оқушыныңда қатысуы;
Сабақта көрнекіліктің алуан түрімен жұмыс жасау, бірақ көрнекілік тым көп болмауы тиіс. Себебі: Оқушының назары басқа жаққа ауып, берілген материалды түсінбейқалуыда мүмкін;
Көрнекілікті қолдану кезінде оқушының сезімдерінеде назар салу. Қалыптасқан түсінікке сүйене отырып, нені меңгергенін нақтылау;
Көрнекілікті оқушылармен бірге жасағанда өте тиімді. Өйткені өзі жасағандарын оқушы тез есте сақтап қала алады;
Көрнекі арқылы оқушылардың зейінін, ақыл ойын тәрбиелеу.
Көрнекілікте заттық көрнекілікке қарағанда символдық көрнекілікті қолдану.[4]
Оқушы өз көргенін өздігінше қабылдайды. Бұл өмір қажеттілігінен туындайтын құбылыс. Олардың ой-өрісі, ір-әрекеттері тіршіліктін ағынымен дамып отырады. Ол табиғаттын сыйлаған байлығы. Сол байлықты баланың бойына жинап, жылдар бойы жоғалтпай, игілігіне пайдаландырып отыратын нәрсе ол ес. Ес - бейне архив сияқты. Ес арқылы адамның есімдерін, табиғат құбылысын, оқыған кітабын, өткен күндерін еске түсіріп, көз алдына елестетеді.[5]
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында Білім беру жүйесінің міндетінін бірі - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарын, ғылым және практика жүзінде жеке адамды қалыптастырып, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталып білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау Қазақстанның Білім беру тұжырымдамасында мектеп міндеті - әр оқушыға терең білім беріп, оқушының ойлау қабілетін дамытып, ұрпаққа саналы білім мен сапалы тәрбие беруде, оқушылардың саналы түрде материалды түсініп, есінде берік сақтауын қамтамасыз етуде көрнекіліктің маңызы зор делінген [6]
Көрнекілік - оқытуда заттар мен құбылысты, дыбыстары өз сезімімен сезінуге баулитын құбылыс.
Көрнекілік оқытушылардың шығармашылық ізденісі мен әдістемелерге карап, солар арқылы оқу барысында оны шебер пайдалана алуы тиіс. Көрнекілікті пайдалануда қазақтың ұлы педагогы Ы. Алтынсарин көп көңіл бөлген. Ол Қазақ жастары өнер мен ғылымды кітап көзінен қарамай көзбен көріп ажырата білуі тиіс деген. [7]
Н.Назарбаевтың Қазақстан 2030 барлық өсіп өркендеуі мен қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы туралы Қазақстан халқына жолдауында айқындалған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыруда, білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқыту әдістерінің қолдануында тиімділігін арттыруын айтқан болатын. [8] Бұл орайда оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда көрнекі құралына көңіл бөлу маңызды.
Көрнекілік - оқытуда заттарды, құбылыстарды қолменен ұстап, көзбен көруге, оны естіп сезінуге болатын дидактика үрдісі.
Көрнекі сөзі әртүрлі сипатталады. Бұл терминнің түбірі "көру" болғанымен, қазіргі кезде оны сезінуді айтады.
Ұлы Абай Құнанбаевта өз шығармашылығында ақыл-ойды дамытып, шын ғылыми білім алу керектігін айтып өткен. Ол үшін ойлауды, зейінді, ер-жігер мен зейінді дамыту керектігіде айтылған. Мысалыға "Адам баласы көзбен көріп, құлақпен естіп, мұрынмен иіскеп сырттағы дүниеден хабар алады" - деген дана ойы көрнекінің маңыздылығын айтады.
Көрнекі құралдың бірнеше түрі бар.

Көрнекі құралдар

Табиғи Техникалық
Бейнелік Символикалық

Табиғи көрнекілік - коллекциядағы кептірілген өсімдікер, жануарлар мен құстар тұлыбы тағы басқалар жатады.
Бейнелеу - көркем суреттер, мүсін үлгісі мен архитектура жәнеде тағыда басқалары жатады.
Символикалық - сызбалар, сандық кестелер немес тағыда басқалары.
Техникалық - шындық дүние. Оларға дипозивтер, диафильмдер жәнеде тағыда басқа.
Сыныптағы оқушыларға оқу - тәрбие кезінде көрнекілік сабақ мазмұнына қарай қолданылады.
Педагогика сөздігінде "көрнекілік" сөзінің анықтамасы көп. Көрнекілік - оқушыларға тікелей әсер ететін дидактикалық үрдістің бір түрі. Оқыту процеесінде табиғат пен құбылыс заттары маңызды рөл атқарады. Оның өзіде көрнекі құралына жатады. Көрнекілік оқушылардың психологиялық-педагогикалық қызығушылығы мен бірге ынтасында арттырады. Көрнекілікті кез келген уақытта пайдалануға болады. Мысалыға жаңа материалды түсіндіретін кезде немесе бақылау кезінде, қайталау кездерінде пайдалануға болады. Көрнекі шарты екіге бөлінеді.

Көрнекі
Көру Есту

Көру көрнекілігі: сызба немесе оқулықтар, суреттер, экранды немесе техникалық құралдары жатады.
Есту көрнекілігіне: техникалыққұралдар немесе қосымша ақпараттардан алынған әңгіме жатады.
Көрнекі құралын қолданғанда мұғалім өте мұқият болғаны жөн. Көрнекілікті қолданғанда өз тәртібіне сай қолдануы қажет. Көрнекілік оқушыларға алдымен эстетикалық әсерін беріп, мазмұнды түрде өз ықпалын тигізуі тиіс. Көрнекілік тақырыптың барысына сай қолдануы тиіс.
Көрнекілік қолдануына қарай төмендегідей қызметтері бар. Олар:
Оқушының сезіміне әсер етеді.
Ақпаратты меңгеруді жеңілдетеді.
Объект жөніндегі ақпаратты ұғынуға мүмкіндік береді.
Іскерлік пен дағдыны қалыптастырады.
Оқу тәрбие жұмыстарында нәтижені бақылауға үлес қосады.
Көрнекі құралын қолдану сабақтың мазмұнына және мұғалімнің әдіс-тәсілді қолдануына қарай жүреді.
Көрнекіні қолдану кезінде оның бірнеше талаптары бар. Олар:
Көрнекі құралы барлық оқушыларға көрінуі тиіс.
Әрбір көрнекі өтілетін сабаққа сай болып, тақырыпты аша алуы керек.
Көрнекілік ерекше безендірілген, бояуы анық болуы тиіс.
Көрнекі оқушылардың назарын ерекше аударатындай болуы тиіс. Яғни, құралдар ерекше бояумен боялып, мәтініде тақырыпқа сай болуы керек.
Көрнекіде мәселенің қайталанбағаны жөн.
Көрнекілікте хронологиялық реттің сақталуын қадағалау керек.
Көрнекіде әрбір мысал дау тудырмайтындай, түсінікті болуы тиіс.
Көрнекілік өткізілетін материалды толық қамти алуы керек.
Көрнекі көп уақытты алмайтындай болуы керек.
Көрнекі құралын жасау кезінде оны жасау мен ұйымдастыру дидактиканың негізінде оны пайдалана алу аумағында білген жөн. Сабақ барысында пайдаланылатын көрнекілік құрал қолдануға қолайлы, әр қағидаға сүйене отырып жасалуы тиіс. Осыған орай оларды жасауда мынадай қағидаларды білген жөн:
Дидактикалық, экономикалық қажеттілігін қарастыру.
Оқу бағдарламасына сәйкес болуы.
Ғылыми техникалық қазіргі заман талабына сай болуы.
Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру кезінде немесе бақылау жұмысы кезінде білімділік іс-әрекетінде сәйкес болуы керек.
Көрнекі принциптерге сай болуы тиіс.
Көрнекі оқушылардың белсенділігін арттыруы тиіс.
Оқушы мен мұғалім бір-бірімен еркін қарым-қатынаста жұмыс жасай алуы тиіс. Жұмыс істейтін орын гигиеналық талаптарға сай болуы тиіс.
Мұғалім мен оқушы шығармашылық және ғылыми жұмыспен қамтамасыздануы тиіс.
Сонымен қатар, көрнекі құралын құрастырғанда төмендегідей сапасын анықтайтын басты өлшемдерді ескерген дұрыс:
Көрнекі құралдың мазмұндық өлшемі;
Әдістеме өлшемі
Эргономикалық өлшеемі
Техника-экономика өлшемі;
Қазіргі таңда ең негізгі мәселелердің бірі болып қолданылатын көрнекілік

1.2 Көрнекілікпен оқыту принципі және жалпы түсінік

Бұл ежелгі замандардан қолданып келе жатқан аса танымал және сезімдікті түсінікті принциптердің бірі болып келеді. Оның негізінде келесідей ғылыми заңдылықтар жатыр, адамның сезім мүшелері сырттай тітіркендіргіштерді әртүрлі қабылдайды. Адамның көру қабілеті мүшерінің аса жоғары сезімталдығыне ие болып саналғандықтан, ол оқушының есінде жеңіл, әрі тез қалады. Сөздік көрнекіліктің ережелері көп.Олар:
Сөздік формада немесе өрнектелген материалдарға қарағанда табиғи материал жақсы.Олар есте тез, әрі жеңіл есте қалады.
Бастапқыда оқушының ойы дыбыс пен түспен және бояулармен, түйсігімен өрнектеледі.
Оқушыларға ең алдымен сезімдік қабылдауды қажет ететін көрнекілерді қолданған жөн. Мысалы көзбен көру, құлақпен есту, иісін сезу, қолмен ұстау.
Оқушыларға оңай, әрі нақты етіп жеткізу баланың есте сақтауына жақсы әсер етеді.
Бір көрнекілікпен шектелмеңіз. Көрнекілік - баланың оқу құралы.
Оқыту тәрбиелеу кезінде жүргізілген мәліметтерді оқушыларға нақты деректер етіп, оларды бейнелер арқылы көрсету.
Оқушылардың бақылаулары себептерімен сәйкестіріліуі керек.
Көрнекіні қолдануда оқушыларға ең алдымен бейнелерді қабылдап үйренуіне, екіншіде дәрежелерінің алғашқысын өз алдына, содан кейін қайталай тұтастыққа келтіруге үйретіңіз.
Әртүрлі көрнекілікті пайдаланған дұрыс. Бірақ көп болып кетпеген жөн. Өйткені ол оқушылардың сабаққа деген назарын басқаға аударып, тақырыптың мән-мағынасын жойып тастауы мүмкін.
Көрнекілікті пайдалуда оқушылардың сезінуін қолдануына көп назар аударыныз; оны енді игеріліп жатқан жаңа тақырыпқа қолдануға нақты келеді.
Көрнекілікті балалармен бірге жасаңыз. Көрнекіліктің ең жақсысы балалардың өздері жасаған құралдары.
Осы заманғы көрнекі құралдарды қолдануға тырысыңыз. Мысалы теледидар, бейнетаспа, оқу құралдарын қолдану.
Көрнекі құралдарын пайдалануда оқушылардың бақылаушылығына, зейінін жақсартуына, шығармашылығын арттыруына, оқуға мүдделі болуына тәрбиеленеді.
Көрнекілікті өмірмен байланыстырыңыз.
Көрнекілік - балам психикасына ерекше ықпал жасайды. Егер ол орынсыз болса, баланың ойын басқада мәселелерден шеттетіп, көмескіленіп қалуыда мүмкін.
Көрнекілікті тым көп пайдалану баланың тақырыпты меңгеруіне кедергі жасап қоймай, оның абстракті(дерексіз) ойлануына, сол ойдың дамуынада әкеледі.
Көрнекілік - білім жүйесінде айрықша бір орын алады. Ол оқу танымдық қызметінің белсендіру құрал-жабдықтары болып саналады. Нарықтық ара-қатынаста көрнекілік педагогика принциптерінің дамуын қажет етеді.
Белгіленген кезеңде педагогиканы дамыту бастапқы қабылданған принциптерді қайта қарап шығуымен қақтығысады. Олар не кең көлемде қолданылуы мен принциптерін, мәселелікті, қоғамдаманы керек қылады.
Оқытудың көрнекілігі - бұл оқушылардың ойлауда барлық формаларын табысты қалыптастыруды қамтамасыз ететін, айналадағы болмысты, ------ -Символдық және графикалық көрнекілік баланың абстракті ойлауына көмектеседі, себебі болмысты шарттармен белгілейді. Олар: карта, жоспар, сызба, диаграмма.
Көрнекті оқытудың әдістері мынадай:
Бақылау оқыту әдісі - танымдық процесінің белсенді формасы. Бұл әдіс жан-жақты қолдануды талап етеді. Бақылаудың сызба - нұсқасын өңдеу; оқушыларды бақылау нәтижелерін өңдей білуге және оны тікелей білу тәсілдеріне үйрету. Бұл әдістің олардың өзіндік жұмыс істей білу дағдыларына көмектеседі.
Демонстрация - оқушылардың сезіміне көрнекілікті құбылыстарды, процесстерді, объектілерді елестетіп, олардың сапасына әсер етеді. Берілген әдіс пен игерілген құбылыстың динамикасын ашып көрсетуі мен заттарды сыртқы пішінімен таныстырғанда кеңінен қолданып, түрлі заттардың ішкі құрылысы немесе құбылыстар мен процесстерді анықтайды.
Нақты жағдайда заттарды құбылыстарды түсіндіруде демонстрациялау дидактикалық тұрғыдан құнды болып табылады. Егерде бұндай демонстрация өткізуге мүмкіндік болмаса онда табиғи заттарды көлемді модельдеу арқылы танып білу негізгі рөл атқарады. Олар заттардың құрылысын көру арқылы танып негізгі рөл атқарады.
Демонстрациялық әдісін таңдап көруге, объектіні дұрыстап тандап алып, демонстрацияланатын заттың, құбылыстың мәнді жақтарына оқушылардың көңілін аударуға, сонымен қатар түрлі әдістерді педагогтың біліктілігіне қарай пайдалана білу үшін қолданылады.
Бейне әдістері - демонстрация әдісі иллюстрация әдісімен тығыз байланысты. Ол плакаттар көмегімен символдар түрінде, олардың процесстегі құбылыстары, карта, портрет, суреттер және т.б. жатады.
Жалпы модельдер арқылы құбылыстар мен процесстердің динамикалық және статистикалық ақ түсті және түрлі түсті мәнін ашып көрсетіледі. Оларды анықтамаларды түсіндіру процесінде қолданады. Иллюстрация әдісін қолданғанда оның көрсетілу әдісіне көп мән беру керек. Иллюстрация алдын ала дайындалады. Берілетін фотография диаграммалар, таблицалар жүсінде мақсатты түрде орындалады.
Берілген әдіс ақпаратты көрнекілікке қабылдауға негізделіп, индуктивті түрде жеке дедуктивтік жолдармен білімді игеру, оқушының түрлі деңгейдегі танымдық және өзіндік жұмыс жүргізуінде белсенділікке, танымдық процесстің басқаруын қолдануын қарастырады. Оның көрнекірік рөлі оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырып, мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді, білімді бақылап, коррекциялап, дәптерді тексеруде қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар кері байланыс жұмысында толық және жүйелі түрде бақылауды ұйымдастыру, обьективті есепке алуды ұйымдастрады.
Бейне әдісі мынадай міндеттерді атқарады:
Күрделі машина мен механизмдердің ықпалын динамикалық принциптерінде көрсетеді.
Түрлі іс әрекет түрлерін алгоритмде орындалуын оқытады
Тарих, этика, қоғамтану, өмір мен білімді алмасуда
Тест өткізу кезінде
Жұмыстар, жаттығулар, можельдеу кезінде қолданылады.
Зерттеу жұмыстарын өткізуге жағдай жасау.
Әр оқушының үлгерімін, білім беруде дифференциялық жағын ұйымдастыру.
Оқыту процесін рационалдау, оны педагогикалық басқару.
Берілген әдістің сапасы видео мен техникалық құралдарды пайдалумен байланысты болып келеді. Олар нақтыланып, қарастырылатын мақсатымен ерекшеленеді.
Әл-Фараби Оқытудың негізгі әдісі - көрнекілік деп оның мақсаттары
мен тәсілдерін ұсынды. Оқыту материалдарын меңгерілуімі техникалық құралдарға байланысты.
Көрнекілік әдісі оқытудың сөздік пен тәжірибе жүзінде байланысып қолданылады. Қазіргі кезде экрандық және тәжірибелік құралдар көп қолданылады.
Иллюстрация арқылы оқушыларға: плакат, кесте, картина мен тақтадағы суреттер және т.б жатады.
Оқу процесінде жаңа техникалық құралдарды пайдалану сабақта қолданатын көрнекі құралдары кеңейеді. құралдарды еңгізу оқытудың көрнекілік әдісінің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Қазіргі кезде көрнекі құралдың жаңа түрлері қолданылады. Мысалыға компютерлер, электронды есептегіштер және т.б көп қолға алынуда. Компьютерлер көрнекіліктер оқыту процесінде көрнекілік әдістері елеулі түрде кеңейеді.
Көрнекілік методы өтетін материалды оқушылардың көзімен көріп, оның нақтылы түсіндірілуіне жол ашады.Мысалы адам анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы, адам қанқасынын құрылысы мен химиялық қүрамы, буындардың құрылысы, оқушыларға түсіндіріледі. Ботаника сабағында Өсімдіктердің органдары тақырыбында көрнекілік ретінде гербарийлер немесе коллекциялар көрсетілуі мүмкін. Әдебиет пәнінен картиналар, бейнебаяндар көрсетілсе, жаратылыстану немесе дүниетану сабақтарынан карталар, суреттер көрсетіліуі мүмкін.
Фильм көрсету - оқу фильмдері оқыту методы ретіндеде қолданылады. Программалық материалдар оқу методында баяндаушы немесе кино сабақтар деп аталады. Бұл әдіс көбіне әдебиет немесе ана тілі сабағында кеңінен қолданылады.
Фильмдер сабақ барысында бірнеше дидактикалық мақсаттарында да пайдаланылады. Оны оқушының ынтасын арттыру мақсатында қолданылып, фильм біткен кезде мұғалім оқушылармен әңгіме жүргізіп, фильм барысында нені түсінгендерін айтып сабақты тұтастай қорытады.
Фильмдерді оқушылардың өзіндік жұмыстары кезіндеде пайдалануға болады. Бұл оқудың нәтижелі түрде өтуі видео құралдың сапасына тікелей қатысты болып келеді. Ол оқу әдісінің видео әдісі ұйымдастырылғанда оған нақты, анық үлкен ой сарабынан өткізуі керек. Бұл әдісті пайдаланушы таныстырылып жасалынған мәселелер шеңберіне еңгізе отырып, оқу іс-әрекетіне бағыттап, тиісті қорытындылар жаасалып, өзіндік жұмыстарда көмек көрсетуде жоғары ептілікке ие болуы қажет.
Телевидение бұл техникалық құралының бірі болып саналады. Оқыту әдісі бойынша бұл дыбыс пен экрандық көрнекі болып саналады. Оны оқу құралы ретінде мұныңда рөлі зор. Телевиденье арқылы өнер саласының адамдарыныңда сөздерін пайдаланса болады.
Радио - дыбыстық техника. Ол көптеген мектептерде оқу құралы ретінде пайдаланылады. Радио дене шынықтыру сабағында, немесе музыка сабағында кеңінен қолданылады.
Магнитафон жазбалары - ана тілі, әдебиет сабақтарында қолданылатын дыбыстық техниканың бір түрі.
Эскурсиялық оқыту - серуендеу деген мағынан беріп, оқушылармен көрнекілік кезінде әңгімелесу, лекция методтары қолданылып, ауызша, жалпылай түсіндіріледі. Эскурсия кезінде оқушылар өз беттерінше мәліметтер, суреттер жинайды. Оның қызметі оқушының жан-жақтағы бейнені қабылдап, оның ойлау қабілетін дамыту.
Қазіргі уақытта оқытудың бастапқы кезеңінде көрнекілік қолдану кезіне көбірек көңіл бөлінеді. Бұл көрнекілікті қолдану әдістері құбылыстардың дамуын, олардың динамикасын көрсетуінде, белгілі бір мөлшерде білім беру ақпараттарын жеткізу кезінде және оқытудың жеке процесін басқаруға мүмкіндік беретіндігіне байланысты. Көрнекі құралдар оқушылардың танымдық қызығушылықтарын оятады, белгілі бір жағдайларда оқушылардың оқуға деген эмоционалды көзқарасын қалыптастырып, бейненің жан-жақты қалыптасуын қамтамасыз етіп, білімді терең игеруге ықпал етеді, ғылыми білімдердің өмірмен байланысын түсіндіріп және мұғалімдерге уақытты үнемдеуге көмектеседі.
Көрнекілік оқыту әдістері - бұл оқу процесінде оқу материалын игеру көрнекі құралдар мен техникалық құралдарды қолдануға байланысты болатын әдістер. Мұндай оқыту әдістері бастауыш сынып сабақтарында қолданылуы керек. Бұл ереже бастауыш мектеп жасындағы психологиялық сипаттамадан туындайды. Көрнекі әдістер есте сақтау, ойлау, қиялын дамытуға ықпал етеді. Алайда назардың рөлін жоққа шығаруға болмайды. Өздеріңіз білетіндей, назар барлық психикалық процестерге қызмет ететін функция. Назар аудармай кез-келген саналы әрекетті жүзеге асыру мүмкін емес. Сондықтан, назар аударусыз оқу процесін дұрыс құру мүмкін емес. Сондықтан оқушылардың назарын бақылауды үйрену өте маңызды.
Оқушылар арасында қиялды көріністерді құру, түсініктерді қалыптастыру, дерексіз байланыстар мен тәуелділіктерді түсіну үшін көрнекі құралдарды пайдалану - диалектикалық материализм әдіснамасына негізделген дидактиканың маңызды ережелерінің бірі.
Сезім мен түсінік - танымның біртұтас процесінің әртүрлі кезеңдері. Я.А.Коменский алтын ереже алға тартқанда: ... барлығын сезімді қабылдау үшін қамтамасыз етуге болады .... Оқушылардың білімін бірінші кезекте өз бақылауларынан алуы керек деген талап оқытуда үлкен рөл атқарды. Алайда Коменский сенген сенсалистік философияның шектеулері оған көрнекілікпен оқыту принципін қажетті толықтығымен және әмбебаптығымен ашуға мүмкіндік бермеді. Көрнекілік принципі Г.Песталоццийдің еңбектерінде едәуір байытылды. Ол сенсорлардың өздері бізді қоршаған әлем туралы қате ақпарат береді деп сенді. Оқыту бақылаулардағы тәртіпсіздіктерді жоюға, нысандарды бөлуге, біртектес және жақын элементтерді қайта қосуға тиіс, яғни. Оқушылар арасында түсінік қалыптастыру. Педагогикалық жүйеде К.Д. Ушинскийдің оқыту барысында көрнекіні қолдану ана тілін оқытумен тығыз байланысты деп түсінген. Ушинский сөйлеу қабілетін дамыту процесінде балалардың тәуелсіздігіне қол жеткізудің ең жақсы тәсілі визуализация болып табылады деп есептеді. Нысанды баланың өзі тікелей қабылдауы керек және мұғалімнің басшылығымен ... баланың сезімдері ұғымдарға айналады, ой тұжырымдамалардан құралады, ал ой сөзге оралады [9].
Қазіргі дидактикада көрнекі ұғымы әртүрлі қабылдау түрлерін (көрнекі, есту, сезіну) білдіреді. Көрнекі құралдардың ешқайсысы басқасына қарағанда абсолютті артықшылықтарға ие емес. Табиғатты зерттеу кезінде табиғатқа жақын нысандар мен суреттердің маңызы зор, ал грамматикалық сабақтарда сөздердің бөліктерін әртүрлі түстермен бөліп көрсете отырып, жебелерді, доғаларды қолдана отырып, сөздердің арасындағы қатынастардың шартты кескіндері қолданылады. Жиі бірдей мәселелермен танысқан кезде әртүрлі көрнекі құралдарды қолдану қажеттілігі туындайды.
Көрнекі құралдарды мақсатты түрде қолдану өте маңызды, өйткені сабақты көптеген көрнекі құралдармен қиыстырмаңыз, өйткені бұл оқушылардың маңызды мәселелерді шоғырландыруға және ойластыруға жол бермейді. Оқыту кезінде визуализацияны қолдану пайдалы емес, керісінше білімнің сіңуіне де, оқушылардың дамуына да зиянын тигізеді. Оқушыларға қажетті бейнелік бейнелер көрсетілген кезде олардың ұғымдарын қалыптастыруға, оқушылардың абстрактылы ойлау қабілетін дамытуға пайдаланған жөн [10].
Оқыту практикасында көрнекі құралдарды қолдану мұғалімнің сөзімен ұштастырылады. Сөздер мен көрнекі құралдарды олардың әртүрлілігімен біріктіру жолдары бірнеше негізгі формалар болып табылады. Олардың бірі мұғалімнің сөздері оқушылардың жүргізген бақылауына бағыт беретіндігімен сипатталады, оқушылар объектінің сыртқы келбеті, оның құрылымы және бақыланатын объектілерден жүріп жатқан процестер туралы білім алады.
Басқа сипатталған формадан күрт ерекшеленетін комбинацияның басқа түрінде оқушылар объектілер мен процестер туралы ақпаратты мұғалімнің ауызша хабарламаларынан алады, ал көрнекі құралдар ауызша хабарламаларды растауға немесе көрсетуге қызмет етеді. Бұл жағдайда сол тақырыпқа арналған сабақта оқытушының өзі байқалған тақырыптың қасиеттері туралы айтып, оларды көрсетеді.
Мұғалімнің сөздерді және көрнекі құралдарды біріктіру формалары туралы білімдері, олардың нұсқалары және салыстырмалы тиімділігі көрнекі құралдарды дидактикалық тапсырмаға, оқу материалының сипаттамаларына және басқа да нақты жағдайларға сәйкес шығармашылықпен пайдалануға мүмкіндік береді. [11]

1.3 Бастауыш сыныбында көрнекі құралы арқылы
оқушылардың сөйлеу жүйесін дамыту

Бастауыш сыныптарда балаларға жалпы өмірде немесе күнделікті тұрмыста, ой өрістің дамуы мен сабақты сапалы игеруде сабақта қолданылатын көрнекілік өте маңызды.
Көрнекілік арқылы оқушы сөз құрап, кейін сөйлем құрап жүйелі түрде сөйлеуді үйренеді. Әр балаға үлестіріп берілетін карточкалық жұмыстада баланың ойланып сөйлем құрауына мақсатталған болуы тиіс. Қазақ тілі сабағында берілетін өздік жұмысындада балалар көрнекілікті өз қажеттігінше пайдаланады. Көрнекіліктің бұл түрімен оқушылардың оқушының сабақ барысындағы меңгерген дүниесін аңғаруға болады. Сабақ кезінде оқушылардың сергіту сәтіндегі ойындары да баланың тақырыпты қабылдап, кейін өздігімен жұмыс істеуінеде септігін тигізеді. Сонымен сабақта қолданылатын көрнекіліктің маңызы көп. Тілдамыту деген оқушының сөздік қорын молайту. Тіл дамытудың нәтижесі кезінде оқушының әрбір оқушының сөз байлылығы молайып, оның фонетикалық жүйесінде меңгереді.
Сөздерді дұрыс айту, дұрыс сөйлеу, дұрыс жазу сөз мәдениетінің басты талаптарының бірі. Көрнекілікте берілетін тапсырмалардың өзіде баланың көрнекілікпен жұмыс жасауына байланысты болады.
Көрнекілікте тиісті суретті салу немесе оған шығарма жазу, баланың сөздік қорындұрыстап қана қоймай баланың есте қалуынада жақсы себепкер болады. Сабақты түсіндірерде құрғақ сөзден гөрі көрнекілікті қолдану өте тиімді.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктіңде өз тиімділігі болады. Мысалыға:
Оқушылар сабақты материалды түрде қабылдап тез меңгереді.
Оқушының сабаққа ынтасы ашылады.
Тіл дамыту жұмысы еркін жүргізіледі.
Сыныпта артық шу, әңгіме болмайды.
Суреттерден екі үш сөйлемдер құрап үйренеді.
Суреттен мағынасын түсіндіреді.
Сурет бойынша оқиға жағдаяттар құрады.
Суретке қарап болып жатқан оқиғаға қарап, ол затты айтып, түсітерін есте сақтап қала алады.
Суреттің мазмұнынауызша түсіндіреді.
Тіл дамытуда керек құралдар:
Мәтінге байланысты суреттер
Мәтінге байланысты плакаттар
Мәтінге керекті сөздерді, сөйлемдерді басқа кітаптан, және басқа керекті материалдарды басқа жақтан алғанда жөн. Суреттерді сабақ үстінде пайдалану, сурет бойынша балалардың тақырып бойынша сөйлем құрап, оны әңгімелеп беруде баланың ойлауы мен тіл дамуыда жақсарады. Ол үшін балаларға дайын суреттер беріледі.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, визуализация кешенді түрде де, аспектілік негізде де, кеңейту мен тереңдетуде де қолданылады. Мұғалім өз пәнін жақсы біліп қана қоймай, оны өз оқушыларының меншігі ете білуі керек. Басқа адамдар көп нәрсені біледі, - деді М. И. Калинин. - Мен пәнді жақсы білетін көптеген адамдарды білемін, егер ол осындай адамды мұғалім етіп тағайындаса, ол өз тақырыбын жақсы ұсына алмайды. Тақырыпты білу ғана емес, оны көрермен жақсы қабылдауы үшін оны ұсына білу керек .
Өзіңіздің тақырыпты нақты айта білу, мұғалімнің педагогикалық шеберлігі оқу процесін негізгі дидактикалық қағидалармен, оның заңдылықтарына сәйкес құру қабілетіне негізделген.
Осы принциптердің бірі - көрінекі принципі. Сонымен бірге, жаппай зерттеулер көрсеткендей, кейбір мұғалімдер көрнекі құралдарды қашан және қалай қолдану керектігі туралы нақты түсінікке ие емес, бұл жағдайда көрнекі құралдарды пайдалану қажет және пайдалы, ал ол қажет емес және тіпті зиянды болады. Әр мұғалім тұрақты кеңестерді бірнеше рет естіген, ал кейде оқытуда көрнекілікке көбірек сүйену, сабақтарда көрнекі құралдарды көбірек пайдалану және көрнекілікке арналған оқу құралдарын қолдану талаптары бар. Әр мұғалім көрнекі құралдарды таңдауға және шығаруға көп уақыт пен күш жұмсайды. Көрнекілікті жақсарту үшін мұғалімдер техникалық оқу құралдарын қолдануға тырысады: магнитофондар, бейнемагнитофондар, теледидарлар және басқа құрылғылар.
Педагогика туралы оқулықтан мынаны оқуға болады: Көрнекілендірудің ең құнды артықшылықтарын мойындай отырып, мұғалім бұл өткір қару екенін есте ұстауы керек. Егер оны дұрыс қолданбаса, оқушылардың сабақтағы негізгі мәселесін шешуге жол бермейді, мақсатты жарқын құралдармен алмастырып, олардың терең білім алуына жол бермейді..
Ғасырлар бойы көрнекіні қолдану дидактиканың негізгі мәселелерінің бірі болды. Қазіргі кезде оқу процесінде көрнекіліктің рөлі туралы түсінік айтарлықтай өзгерді. Оқу процесінде көрнекіліктің маңыздылығы әдістемелік тапсырмалармен тығыз байланысты, оқу процесінің осы нақты кезеңінде осы көрнекілікті қолданудың қажеттілігі мен орындылығы ескеріле бастады. Мәселенің осындай тұжырымына сүйене отырып, міндет көрнекіліктің нақты қолданылуын, яғни оны көрнекілікті формальды түрде қолдануды емес педагогикалық процеске енгізу әдісін табу болып табылады.
Көрнекілік мәселелері әрқашан жалпы дидактикалық ұғымдарға, оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне байланысты шешіліп отырды. Үстемдік кезеңінде көрнекі құралдардың салыстырмалы-грамматикалық әдісін оқыту әдістемесінде грамматикалық кестелер кеңінен қолданылды. Көру принципі көмекші ретінде емес, оқытудың негізгі принциптерінің бірі ретінде қарастырыла бастады. Көрнекілік оқытудың тиімділігін арттырады, оқушыға материалды мағыналы және қызығушылықпен қабылдауға көмектеседі. Көрнекіліктің мәні қазір оқушылардың ақыл-ой белсенділігін жұмылдырып, сіңімді материал мөлшерін кеңейтіп, шаршауды азайтып, шығармашылық қиялын дамытып, бүкіл оқу процесін жеңілдететіндігінен көруге болады [12]
Көрнекілік адамның құбылыстар мен заттар жайлы қабылдауы қажеттілігінен туындайды. Ол келесі жастарға сурет немесе бейне ретінде қалады. Көрнекілік ежелден дамыған. Ол Ежелгі Египет, Рим, және Грек елінде кеңінен танылған.
Берілетін материалды ауызша немесе жазбашы сөйлеу арқылы немесе жеткізу мен абстрактілі ойлауын дамытуда көрнекі кеңінен қолданылады.
Оқудағы көрнекілік принциптерінің мәні туралы Ж.Б.Қоянбаев пен Р.М Қоянбаев Оқыту процесінде сөз бен іс, теория мен тәжірибе ретінде өту байланысты. Әртүрлі көрнекіліктерді қолданудың нәтижесінде сабақ түсінікті, әрі қызықты болады. Көрнекілік абстрактілі ойлауды, ұғынуды үйретеді. Көрнекіліктің оқу материалын оқытуда оның есте сақтауымен ерекшеленеді. деген. [13]
Ә.Бидосов көрнекілік принципінің жүзеге асуы оның нақтылық пен абстрактілі ойлаудың бірлігуінен деп түсінген. Оның мәні оқытудың әрбір сатысында, білім игеру мен оның логикалық ойлауын арттырып, олардың байқағыштығын немесе ғылыми және теорияларын алғашқы бастамаларын тауып, жеке затты қабыбылдаудан жалпыға, нақтылыққа, абстрактілікке немесе жекелікке т.б заңдылығын зерттейтін анықтама болып табылады. Соған орай көрнекілікті қолдану кезінде арнайы талаптарында естен шығармаған жөн. Егер сабақта бір емес бірнеше көрнекілікті қолдану керек болса оның барлығын бірден емес кезегімен қолданған дұрыс.[14]
Сабақ кезінде мұғалімнің өткізілетін материалды баяндап, көрнекіліктерді сол материалдарға үйлестіру маңызды рөл атқарады. Дидактикада үйлестірудің екі тәсілі бар.
Біріншіде көрнекі мұғалім материалды баяндамас алдын көрсетіледі.
Екіншіде материал мұғалім сабақты баяндап болған соң көрсетіледі.
Бұл екі тәсілдің ішінен біріншісі өте тиімді. Өйткені ол баланың байқағыштығы мен баланың меңгеруін қалыптастырады. Бірақ көрнекі құралды шектен тыс қолдану баланың сабаққа деген ынтасын жойып, баланың ойы басқа жаққа бөлініп кетуі мүмкін.
А.Е.Әбілқасымова мен А.К.Көбемсов, Д.Рахымбек, Ә.С.Кенеш былай дейді. Оқушылардың оқу материалын қабылдап, талдауы, жалпылау үрдісінің мәнінен туады. Оқу барысында көрнекі әртүрлі функцияларды орындайды. Матемтиканы оқыту ол арнайы құралдарды жасауды, қолдануды талап етеді. Көрнекілікті қалай болса солай қолданбай, оны ретімен қолданған, және оны тиімділігіне қарац қолдану керек. Мысалы стреометрияны көрсету кезінде оқушыларға алдымен фигуралардың моделімен таныстыру керек. Стреометрияны өтпес бұрын баланы абстрактылдық көрнекілікке орын беру керек. [15]
Я.А.Коменский көрнекілікті оқушының затты бүкіл сезімімен қабылдайтын объект түсінген. Оған көбен көріп, құлақпен есту арқылы, оны сипап-сезу арқылы сезіну жатады. Егер қандайда бір затты немесе құбылысты барлық сезіммен сезіну керек болса, ол бірден бірнеше сезімді қабылдауды қамтиды.
Осылай Я.А.Коменский барлық білімді алудың негізі деп сезіну мен бақылауды санады.
Қ.Жарықбаев Байқау - белгілі мақсатпен бір объектіні әдейі қабылдау. Байқау үшін й жүгіртіп, зейін қойып, нәтижесін сөзбен айту ерекше маңызды деген.[16]
И.Г Песталоцци пікірі бойынша көрнекімен оқытудың мәні оқушының ойлау мен сөйлеу қабілетін дамытып, бөлектен біртіндеп бүтінге көшу.
Неміс педагогтары Я.А.Коменский мен И.Ф.Гербарт және А.Дистерверг көрнекінің талаптарын жасаған болатын.
Герберт оқушыларға қандайда бір материалды түсіндірмес бұрын оны оқушыларға алдын-ала көрсету керек деп есептейді.
Неміс педагогы Ф:Фребель көрнекілікті жетілу мен белсенділік деп білді. Көрнекі құралдары арқыла бала аранайы түсінік пен ұғымдарды алып, жетіледі. Бала пісіп жетілгісі келсе, оны өз қолымен жасасын деген. Фребельдің еңбегі оның көрнекі оқытудағы шығармашылық және белсенділік компаненттеріне ерекше көңіл бөлуінде. Сол заманғы барлық педагогтар сияқты көрнекі жайлы көп айта отырып, көрнекілікті қоршаған ортаны барлық сезім мүшелерімен тқабылдауы деп түсініп, ол оқыту әдістемесін жасағанымен, оған арнайы мәселе қойылған жоқ.
Ұлы орыс педагогі К.Д.Ушинский көрнекілікті тек көру сезімі ғана деп есептемеген. Ол Бала пішінмен, көзбен, дыбыспен сезінеді деген.
К.Д.Ушинский көрнекілікті оқу процесінде мұғалім жетекшілігімен немесе өзіндік бақылауының нәтижесінде баланың тәуелсіз түрде қабылдауы жөнінде нақты бейнеде тұрғызылған бейне ретінде қалыптасты деп анықтаған. Көрнекікліктің ең ерекшелігінің бірі мұғалімнің әсерлі әрі бейнелі деп сөйлеу деп есептеген. Оқыту процесі кезінде Бірінші өткен материалды еске түсіріп қана емес, оны ары қарайда жетілдіріп, толықтырып, балаларға оны көрсетуі тиіс. Екіншіден сұрақ қоя отырып, көрнекілікті қолдану керек деген.

2. Бастауыш сыныбының сабақтарында көрнекілікті
қолданудың тиімділігі

2.1 Бастауыш сыныбында қазақ тіліден көрнекілікпен
оқыту тиімділігі

Қазақстан Республикасының орта білім беру мемлекеттік стандартта Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту оқушыларды сауатты жазуға үйрету, негізгі тілдік ұғымдармен таныстыру, өз ойын, пікірін еркін жеткізе алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу - деп көрсетілген.[17]
Оқу сапасын оқушылардың танымдық, шығармашылықбелсенділіктерін арттыруда және олардың логикалық, абстрактылы ойлау жүйесінің дамуының мақсаттарында сабақ көрнекілігі өз уақытының талабына сай жаңарады.
Қазақ тілі сабағында күрделі материалдарды көрнекілік құралы арқылы тез есте сақтап қалуға болады. Курс материалын ең алдымен олардың мазмұнына сай бөлініп алынады. Осы жағдайда мұғалімге көрсетілген талапқа әртүрлі көрнекілік көрсетіледі. Мысалы сызба, кесте және сурет.
Көптеген көрнекілік құралдарын кестелер, модельдер, есептікматериалдар, және т.б оқушының өзіде жасай алады. Осындай көрнекілікті жасай отырып, баланың сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығы артады және оны географиялық ғылымдада пайдалнуға құлшынысы артады.
Көрнекі құралдардың түрлерін білу мұғалімнің сабақта көрнекілікті орнымен қолдануды, және оны қажетіне пайдалануды үйренеді. Ал олар материалды жақсы түсінуге көмектеседі. Көрнекіліктің ішіне: сурет, заттардың бейнесі, олардың келбеттері, және бейне суреттері кіреді. Бұл көрнекіліктер материалды жақсы түсініп, оның есте қалуы үшін қолданылады. Сол үшін балаларды оқытып, тәрбиелеген кезде көрнекіліктің алатын орны ерекше.
Мұғалім өзіндік жұмыс кезіндегі оқушылардың жасаған жұмыстарын мадақтап отыруы тиіс. Біліктілік пен білімді бекітетін кезде, түрлі жаттығулар үшін таблица, ауызша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыға арналған көрнекі құралдар
Математика сабағындағы дидактикалық материалдың маңыздылығы.
Математика сабағындағы құрал – жабдықтар
Көмекші мектеп оқушыларына геометриялық материалдарды оқыту жолдары
Бастауыш сыныпта математиканы оқытуда көрнекілік әдісінің алатын орны
Көрнекілік әдістерді ағылшын тілін үиренудегі маңызы
Оқытудың көрнекілік принциптері
Ағылшын тілін оқытуда көрнекілік әдістерін қолдану
Оқушылардың танымдық қабілетін көрнекі құралдарды пайдалану арқылы қалыптастыру(математика 2 сынып)
Бастауыш сыныпта сауат ашу кезеңінде көрнекілікті тиімді қолданудың жолдары
Пәндер