Көркем аударма түсінігі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе
Кіріспе: 1. Аударма . тілдік және мәдениаралық қарым. қатынас құрал
:
Кіріспе: 1. 1 Аударма түсінігі
:
Кіріспе: 1. 2 Ауддарманың түрлері
:
Кіріспе: 1. 3 Қазіргі кездегі аударма мәселесі
:
Кіріспе: 2. Көркем аударма түсінігі
:
Кіріспе: 2. 1 Көркем аударма
:
Кіріспе: 2. 2 Көркем аудармадағы тұлға үлгісі
:
Кіріспе: 2. 3 Қазақ көркем аударма теориясындағы «Еркін» аударма түсінігі
:
Кіріспе: Қорытынды
:
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер
:

Кіріспе

Адамзат аударма арқылы араласып - құраласады. Біз өмір сүріп жатқан әлемнің іштей белгілі бір жүйеге құрылғандығы, адам тіршілігінің кез келген қимыл- әрекеті өзінше шағын жүйе екендігі, онсыз әлемнің тұтас жүйесі жасалмайтындығы белгілі. Әлем халықтары тілдерінің арасында да қарым - қатынастың өз жүйесі, яғни трансляторы болуы керек. Тілдер арасындағы осындай байланыстырушы жүйенің ең қарапайым шешімі - аударма адамзатты біріктіріп тұрған факторлардың бірі деуге де болады.
Көркем аударма - аударматанудағы ең бір күрделі де күрмеулі сала. Көптеген зерттеушілердің аударм теориясы тұрғысынан көркем аударманы
Олай дейтініміз - көркем аудармада шығармашылық белгі - сипаттарының лингвистикалық және өзге түрлеріне қарағанда айрықша бедерленіп көрінеді. Ал көркем шығармаларды аударуда ерекше жауапкершілік жүктелетіндіктен, аудармашыдан лингвистика мен аударма теориясы саласында жеткілікті айындықпен қатар, әдебиетшілік, мәдениеттанушылық, стилистік дарын да талап етіледі.

Қазақ тілтанымында аударманы лингвистика ғылымының аспектісінде зерделеу ісі қазақ тілін теориялық тұрғыдан танып - білудің негізін салған белгілі ғалым Құдайберген Жұбановтың еңбектерінен басталады. Ол өзге тілден қазақ тілін тәжімалау ісіндегі синтаксистік құрылымдардың қандай ерекшеліктері болатындығын, стильдік айырмашылықтарды талдады. Өткен ғасырдың орта тұсында атақты тұлға Мұхтар Әуезовтің пікірлері осы саладағы басты мәселелерді айқындап берді. Жазушы тәржіма ісі саласындағы нақты міндеттерді шешу үшін аудармадағы ұлттық дәстүр, ұлттық форма қалай беріліуі керек, синонимдер, идиома, мақал - мәтел, афоризмдер қалай аударылған, аудармашы өз тарапынан қандай - қандай жаңа сөз туындыларын қосты, жаңадан қандай сөз байланыстарын жасады, төл сөздердің мағыналарын қаншалықты тереңдетіп, жаңартты, - міне, осы аталгандарды зерттеу қажет деп санап, аудармаға тілтанымдық тұрғыдан келудің мағыздылығына баса назар аудартты.

Курстық жұмыстың өзектілігі: қазіргі таңда аудармашылық іс-әрекет өте көп мөлшерде жүзеге асып жатыр, сондықтан екі тілдегі мәтіндер мен сөйлеуде ауызекі немесе коммуникативті теңестірулер өзіндік лингвистикалық тәжірибе жүзінде жүзеге асады. Бұл жерде тілдік бірлікті қолдануда екі тілдің ұқсастығы мен өзгешеліктері ескеріледі, осыған байланысты тілдің өзіне тән құрылымы мен сол тілдің ауыз екі сөйлесуде іске асуындағы ерекшеліктер байқалады, бұрынырақ бұл өзгерістер тілді зерттеу әдісінде назардан тыс қалып қоятын.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: аударма теориясының негізгі ұғымдарына сипаттама беру. Аударма процесін сипаттаудың негізгі принциптерін талдау. Аударма ғылымының қалыптасу және даму тарихына шолу жасау.

Аударманың лингвистикалық теориясының дамуына қосалқы күш болған нәрсе машиналар арқылы аударма жасау жүйесін құру болды. Тез арада басып шығаратын электронды-есептегіш машиналардың пайда болуы үлкен сенім ұялатты. Барлық аударманы тез және арзан бағаға аударып беретін компьютерлер аудармашының орнын басты.

Компьютерлер шифрленіп қойған яғни жасырылған хабарламаларды аударуда нәтижелі қолданылды, тілдің көмегімен шифрленген түпнұсқа да аударылды. Машинамен аударылған алғашқы аудармалар айтарлықтай нәтиже бермеді, бірақ жаңа дәуір компьютерлері үлкен көлемде еске сақтау қабілетімен бұл жұмысты еш қиындықсыз атқарады деген сенім болды.
Алайда уақыт өте келе машинамен аударылған аудармалардың негізгі мәселелері (проблемалары) оның есте сақтау қабілетімен байланысты емес екендігі анықталды. Бұл қиындық машиналарға аударма кезінде кездесетін қиындықтарды адам сияқты жеңіп шығатын программаның енгізілмегенінен болды. Осы жерде адам аударманы қалай сәтті жасайды деген сұрақ туды, бұған ешкім жауап бере алмады, өйткені аударма кезіндегі адам қабілетінің ерекшелігі түпкілікті зерттелмеген еді. Сондықтан машинаның көмегімен пайдаланатын көптеген лингвистер енді өздерінің назарын аударманы аударатын адамдардың қабілетін зерттеуге аударды, осы жерден машина мен аударуда кездесетін қиындықтарды жеңетін амалдар іздеді.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды, қазақ және ағылшын тілдерінде пайдаланылған әдебиет тізімі және қосымшадан тұрады.

1. Аударма . тілдік және мәдениаралық қарым. қатынас құрал

1. 1 Аударма түсінігі

Аударма дегеніміз ең қарапайым анықтама бойынша - бір тілдегі ойды ауызша немесе жазбаша түрде екінші тілде беру. Аударманың шығыуын ғылым адамзат қауымның алғашқы дамуы дәуірімен, яғни тілдің шығуымен байланыстырады. Қарым - қатынастың құралы ретінде әр түрлі тіл пайда болғанда, бір тілде сөйлейтіндердің екінші тілде сөйлейтіндермен түсінісу қажеттілігінің негізінде аударма пайда болған.
Аударма - объективті түрде меңгеруге болатын реальді, тірі үдеріс. Жалпы аударма деген ұғым бірнеше түсінікті білдіреді:

Аударма - екі немесе одан да көп тілдердің арасындағы семантикалық бірлік сәйкестіктерін табу үшін жасалатын аударма. Бұл аударма негізінен екі тілді лексикография немесе салғастырмалы және салыстырмалы семантикалық зерттеулер жүргізу үшін қолданылады.
Аударма - белгілі бір тілде берілген ақпаратты басқа тіл құралдары арқылы беру.

Аударма - белгілі шығарма ішіндегі әр түрлі ақпаратты жеткізуді қамтамасыз ететін айтылыс құралдарын ғана іздестіріп қоймай, жаңа мәтіннің түпнұсқаға және түріне (ішкі және сыртқы) толық сәйкесуін қамтамасыз ету үшін жасалатын аударма, яғни көркем шығарманы және аударылатын тілде қолданыс таппаған ұғымдарды аудару [1; 43] .

Аударма жұмысы - бүгінгі таңда маќсат-мүддесі, тіршілік-әекеті бір адамзат ќоғамындағы аса маңызды, шартты ќұбылыс.
Аударма - ұшан-теңіз өмір ағысының бүкіл процесін ұштастыруға себепші болып отырған елеулі күштердің бірі.

Аударма барысында аудармашы тек қана екі тілді меңгерумен ғана шектелмей, аударманың тәсілдері, құралдарын, тәсілдемелерін және әр түрлі аударма трансформациясының түрлерін қолдана отырып, аударма стратегиясының теориялық принциптерін мүмкіндігінше башылыққа алады. Бірақ аудармашы аударма процесінде үнемі қайталанатын, типтік заңдылықтармен қатар, жеке, тұрақсыз, жалпылапуға көнбейтін фактларға да кездеседі. Мұндай жағдайда әр аудармашы бұл мәселені өзінше шешеді. Ол өзі лабиринттің жағдайына түсіп, мақсатқа жетуді тиімді жолмен шешуге тырысады. Бірақ қандай да аудармашы болсын аударманың толық және керекті барлық нұсқаларын қамти алмайды, әр аудармашы мүмкін нұсқалар мен интерпретцияның жартысын ғана керектен алады. Аудармашы өз бетінше әрекет жасайды, осы кезде түйсігін негіздеген ғылыми тұғырнама керек болады. Аударма шығармаылық үдеріс болғандықтан ол аудармашының білімі, санаткерлігі, тәжірибесі, өнертапқыштық, алдына қойған мақсатқа жеру үшінгі талпынысымен қатар, оның франтизиясының шыеайлығы және түйсігімен де байланысты болады.

1. 2 Аударманың түрлері

Аударма - тіл қызметінің бір түрі ретінде бір тілде айтылған ойларды басқа тілдің құралдарымен соған сәйкестікте немесе толық құндылықта беру процесі. «Аударма» сөзінің астарында белгілі бір тілдегі сөйлеу тілін - ауызша немесе жазбаша мәтінді, сөзді басқа тілде қайталап жеткізу жатқаны белгілі. Сонымен бірге, аударма - сөйлеу қызметінің бір түрі болғандықтан, оның мақсаты сөз сөйлеу құрылымын қайта құру болып табылады, нәтижесінде мазмұнның өзгеріссіз жоспары сақталумен бірге, ойды жеткізу жоспары да өзгереді, бір тіл екіншісімен ауыстырылады.

Аудару принципі мен аударманың дәлме-дәлдігі туралы ұғым заманалар озған сайын өзгеріп отырады. Мысалы, орта ғасырларда әріпшілдік, сіреспе аударма басым болса, бертін келе, жаңғыру дәуірінде, XVII-XVIII ғасырларда «еркін» аударма етек алды. Одан соң әдебиет әлемінде балама аударма пайда болды.

Алдымен, шетелдік аудармашы, ғалымдардың аударманы қандай түрлерге бөліп, жіктегеніне аз-кем тоқталып өтейік.

1680 жылы ағылшын аудармашысы Дж. Драйден (1631-1700) аударманың 3 түрін ұсынады:

- Біріншіден, «метафраз» - түпнұсқаның дәл жеткізілуі,

- екіншіден, «парафраз» - түпнұсқаның түріне емес, ерекшелігіне бағдарланып, еркін жеткізілуі,

- үшіншіден, «имитация» (еліктеу) - түпнұсқа тақырыбына жазылған шығарма.

ХХ ғасырдың екінші жартысында ағылшын аударматануының теориялық жағын дамытуға өз үлесін қосқан Т. Сэвори «Аударма өнері» кітабында (Лондон, 1952) аударманың мынадай 4 түрін көрсетеді:

- Кемел құнды аударма - таза ақпаратты фраза хабарландырулардың аудармасы.

- Барабар аударма - мазмұны ғана маңызды, баяндалуы аса маңызды емес сюжетті шығармалардың аудармасы. Аударманың бұл түрінде аудармашы мағынасы түсініксіз сөзді немесе тұтас сөйлемдерді түсіріп тастайды да, түпнұсқаны басқаша баяндайды.

- Аударманың үшінші түрінің аты жоқ. Бұл классикалық шығармалардың аудармасы. Онда форманың да, мазмұнның да сақталуы маңызды.

- Аударманың төртінші типі «барабарға» (2-ші типке) жақын. Бұл ғылыми-техникалық материалдардың аудармасы. Олардың пайда болуы тәжірибелік қажеттіліктерден туады. Тәржіменің бұл түрі аудармашыдан түпнұсқада сөз болып отырған жайт туралы көп білуді қажет етеді[2, Б. 103-104] .

Ағылшын аударматануындағы «Аударманың лингвистикалық теориясы» еңбегінің (1965) авторы Дж. Кэтфорд аударманы мынадай түрге ажыратады:

- толық және ішінара аударма: Толық аудармада түпнұсқадағы бүкіл мәтін аударылады, ал ішінара аудармада түпнұсқа мәтінінің бір бөлігі беріледі.

- жаппай және шектеулі аударма: Жаппай аудармада түпнұсқа барлық тіл деңгейлерінде аударылған кезде, қарапайым аудармаға ат беру ұсынылса, ал шектеулі аударма дегеніміз қандай да бір деңгейдегі фонологиялық, графологиялық, грамматикалық және лексикалық деңгейдегі аударма дегенді білдіреді.

Американдық лингвист Дж. Касагранде өзінің «Аударманың мақсаттары» (1954) атты мақаласында аударманы 4 түрге бөледі:

- Прагматикалық аударма. Мұнда хабарламаны барынша дәл жеткізу көзделеді.

- Эстетикалық-поэтикалық аударма. Әдеби немесе эстетикалық тұрпатты жеткізеді.

- Этнографиялық аударма - түпнұсқаның мәдени контексін түсіндіреді.

- Лингвистикалық аударма. Бұл жерде түпнұсқа морфемаларының мағыналары көрсетіледі. [2, 113б. ]

ХХ ғасырдың 80-ші жылдарында американдық ғалым С. Басснетт-Макгайр «Аудармашылық зерттеулер» атты кітабында аударманың үш түрін көрсетеді:

- ойды басқа тілдік белгілер арқылы жеткізу (бір тілдің ішінде) ;

- аударманың өзі (бір тілден басқа тілге) ;

- трансмутация (бір семиотикалық жүйеден екіншісіне қайта құру) .

Неміс ғалымы Отто Каде әрқайсысы белгілі бір талаптарға сәйкес келетін әртүрлі категориядағы аударма түрлерін ұсынды:

- «Өңделмеген». Бұл жерде аударма тілінің нормаларынан ауытқуға болады.

- «Жұмыс». Аударма тілінің нормаларын толық сақтайды. Бірақ ақпараттардың орнын толтыру үшін түсіндірулерді қолдану мүмкін.

- «Басылымға дайын». Түпнұсқаның барлық мазмұнын береді және қабылдаушыға қажетті әсер ете алады.

Израильдік ғалым Гидеон Тури «Аударма теориясын іздеу» (1980) кітабында аудармашылық қатынастардың негізгі 4 түрі барын айтады: формалды қатынастың 2 түрі (этикалық) : 1) бастапқы тіл мен аударма тілінің арасындағы (тілдік түр), 2) бастапқы мәтін мен аударма мәтінінің мәтіндік құралдары (мәтіндік түр) ; сондай-ақ, функционалды қатынастың 2 түрі (эмикалық) : 1) бастапқы тіл мен аударма тілінің тілдік құралдарының функциялары арасындағы (тілдік түр), 2) бастапқы мәтін мен аударма мәтін функциялары арасындағы (мәтіндік түр) [2, 133б. ] .

Аударма теориясының көрнекті маманы Л. С. Бархударов мәтінде аударма тілдің қай деңгейінде жүзеге асады деген сұраққа төмендегі пікірімен жауап берген:

1) фонема (графема) деңгейіндегі аударма;

2) морфема деңгейіндегі аударма;

3) сөз деңгейіндегі аударма;

4) сөз тіркесі деңгейіндегі аударма;

5) сөйлем деңгейіндегі аударма;

6) мәтін деңгейіндегі аударма [3, 176-184-бб. ] .

Бұл пікірге былайша кеңірек түсінік береміз: фонема деңгейіндегі аудармаға аударатын тілдегі бірліктерді аударылатын тілдің фонетикалық заңдылықтарына сай икемдеу болса, аударатын тілдегі бірліктерге аударылатын тілдің морфологиялық қосымшаларын жалғау; ал қалған деңгейлердегі аударма түрлері аударма процесімен айналыспайтындарға да түсінікті деп ойлаймыз[4, Б. 9-10] .

Сонымен қатар, Л. С. Бархударов құрылымдық сипатына қарай аударманы төрт түрге бөліп көрсетеді:

1) жазбаша-жазбаша аударма немесе жазбаша мәтіннің жазбаша аудармасы;

2) ауызша-ауызша аударма немесе ауызша мәтіннің ауызша аудармасы (ізбе-із немесе ілеспе аударма) ;

3) жазбаша-ауызша аударма немесе жазбаша мәтіннің ауызша аудармасы;

4) ауызша-жазбаша аударма немесе ауызша мәтіннің жазбаша аудармасы [3, Б. 47-48] .

В. Н. Комиссаров «Слово о переводе» еңбегінде аударманы жанрлық-стилистикалық түрлеріне қарай былай бөледі: 1) көркем аударма; 2) ақпараттық аударма; 3) ғылыми аударма; 4) ресми аударма; 5) публицистикалық аударма; 6) жарнамалық аударма [5, Б. 94-108. ] .

М. О. Әуезов 1955 жылы жазылған «Көркем аударманың кейбір теориялық мәселелері» атты мақаласында аударманың үш түрін атап өтеді. Бірінші - сөзбе-сөздік - әріпқойлыққа негізделген аударма. Екінші - еркін аударма, аудармашының өзіншелеп әңгімелеп отырғанына өте ұқсас келеді. Соңғысы аударманың өте-мөте қонымды ғылыми дәлелденген түрі - шығарманың мазмұнын да, формасын да толығырақ беретін ғылыми дәл, балама аударма[6] .

Аударманы негізінен төмендегідей екі үлкен түрге бөлуге болады:

1) Ауызша аударма - бұл тәржіманың жазбаша түріне қарағанда күрделірек құбылыс; ақпараттың мазмұн межесін (план содержания) және құрылым межесін (план выражения) жазбай, ауызша жеткізу түрі. Сөйлеген сөздер, баяндамалар ілеспе түрде ауызша аударылады, шетелдерден келген ресми өкілдер мен қонақтардың пікір алысуына аудармашылар көмектеседі.

Ауызша аударманың екі түрі бар:

- ілеспе (синхронды) аударма;

- ізбе-із аударма.

Ілеспе аударма - бастапқы мәтінді тыңдап қабылдай отырып, ілесе, қосарласа, бір мезгілде аудару. Аударудың бұл түрі түпнұсқа мәтіннің айтылуымен қатар жүріп отырады. Арнаулы кабинеттерде ілеспе аударма түпнұсқаның мәтінін сөйлеушіге (мәтіннің авторына) ілесе отырып оқу арқылы, кей жағдайда сөйлеушінің ауызша баяндалған сөзін алдын ала дайындықсыз тікелей аудару арқылы жүзеге асырылады.

Ғалым Ә. Тарақов ілеспе аударманың күрделілігін танытатын төмендегідей белгілерді атап өтеді:

а) бір мезгілде тыңдап әрі сөйлеу қажеттілігіне байланысты туындаған психофизиологиялық дискомфорт;

ә) баяндамашы не жарыссөзге шығушының микрофондағы сөзінің қайталанбауына қатысты психикалық кедергі. Өйткені баяндамашыны тоқтатуға, болмаса түсінбеген, не қалып қалған сөзін қайталап сұрауға болмайтындығы;

б) аударманың қайталанбауына және үлкен аудитория тыңдаушыларына байланысты психикалық кедергі. Аудармада қателескенді қайта түзеуге болмайтындығы әрі кешірім сұрауға келмейтіндігі;

в) сөз сөйлеудің жылдамдығына байланысты психофизиологиялық кедергі [7, 36 б. ] .

Ізбе-із аударма ─ мәтін тыңдалып болғаннан кейін жасалатын ауызша аударманың түрі. Ізбе-із аударманы шартты түрде екіге бөлуге болады. Олар: парақтан аудару және абзацты-фразалы аударма. Ауызша аударманың бұл түрі жауапты келіссөздер, саяси, экономикалық-қаржылық, құқықтық және басқа да мәселелер төңірегіндегі ресми кездесулер кезінде, пресс-конференцияларда, семинарлар мен дөңгелек үстелдер кезінде жүзеге асады.

2) Жазбаша аударма - жазбаша түрде жасалатын тәржіме түрі; қағазға түсірілген жазбаша мәтінді екінші тілге жазбаша түрде аудару және бұдан алынған нәтиже. Барлық хат-хабар, ресми құжаттар, ғылыми және көркем шығармалар жазбаша аударылады. Түпнұсқа мәтін алдын ала танысу, көру, ойлау, пайымдау, талдау, зерттеу, сөздіктерді, басқа да лингвистикалық және лингвоелтанымдық, когнитивтік мағлұматтарды беретін анықтамалықтарға иек арту арқылы екінші тілге жазбаша түрде түсіріледі [8, 23б. ] . Түпнұсқаның түрі мен мәніне қарай аударманың да қолданылатын әр алуан амал-тәсілдері бар. Мысалы, ресми құжаттарды аударғанда, түпнұсқаны қаз-қалпында бұлжытпай толық жеткізу көзделсе, ғылыми және техникалық шығармаларды аударғанда, белгілі салалардың терминологиялық ұғымдарын дұрыс беру көзделеді.

Жазбаша аударма өз ішінде екі түрге бөлінеді:

1) Көркем аударма - көркем әдебиет шығармаларын, яғни негізгі қызметі оқырманға көркемдік-эстетикалық әсер ету болып табылатын мәтіндерді аудару. Бұл процестің өтуі барысында аудармашының мүмкіндігі шексіз; ол екінші тілде жасалған мәтінді өңдеп, реттей алады. Әдеби немесе көркем аударма дегеніміз - бір тілде жазылған әдеби туындыны екінші тілдің құралдары көмегімен оқырмандарға жеткізу және түпнұсқасының стильдік, көркемдік ерекшеліктерін мейлінше нақты сақтап көрсету. Бұл жерде аудармадағы ең қиын нәрсе - лингвистикалық ерекшелігі емес, ол түпнұсқасының көркемдік жағын дұрыс жеткізу, яғни аудармашы туындының образдық әлемін, автордың идеясын, позициясын және стилін нақты, дәл көрсете білуі. Көркем аударманың бүгінгі әдеби процестегі алатын орны үлкен [9, 150 б. ] .

Жақсы аударылған көркем аударма - сол тілдегі төл шығармалармен бірге өсіп, жымы білінбей біте қайнап сабақтасып кетеді. Ел мен елді таныстырады, жақындастырады, ұлттық мәдениетті байытады. Мұнда автор мен аудармашы өнер жарысына түседі, тіл мен тіл жарысқа түседі. Бұл ел мен елдің өнер жарысы. Демек, аударма шығармалар ұлттың ұлылығын, елінің елдігін дәлелдеудің бір жолы [10, 40 б. ] .

Ғалым А. Алдашева көркем аударманың төмендегідей айырым-белгілерін ұсынады:

а) көркем аударма - ойлаудың образдылық типінің жемісі; демек, мұнда индивидуалдық даралық, шығармашылық ізденіс бар; бірақ

ә) ізденістің шеңберіне шек қойылады, өйткені аудармашының алдында жатқан мазмұны-құрылымы дайын мәтін шығармашылық еркіндікке жібермейді;

б) көркем аударма да төл әдебиет сияқты эстетикалық қызмет атқаруы керек;

в) көркем аударма да төл әдебиет сияқты тұшымды, кедір-бұдырсыз оқылуы қажет;

г) сондықтан аудармада қазақ тілінің табиғи күйі, сөз қолдану, емлелік нормалары сақталуы тиіс [11, 26 б. ] .

2) Ақпараттық аударма - қандай да болмасын ақпаратты, мәліметтерді беру болып табылады. Ақпараттық аударманың өзі өз ішінде мынадай түрлерге жіктеледі:

- ғылыми-техникалық аудармаға ғылыми мақалалар, монография, техникалық сипаттама жатады. Әр саланың өзіндік қолданылатын қалыпты стилі, термині, мәтіндік құрылымы болады. Бұл саладағы шығармаларды аударуға сөздік те аздық етеді, кәсіби маман біліміне, тәжірибесіне де сүйенген дұрыс. Ғылыми мәтіндер қатаң морфологиялық және синтаксистік құрылымға ие, сөздің бірыңғай орамдары, біркелкі стиль қалыптасқан. Ғылыми-техникалық еңбектерді аудару көп салалы білімді қажет ететіндіктен, бұған білікті кәсіби маман ретінде бейімделген жөн [12, 57б. ] .

- ресми-іскери аударма. Ресми-іскери стильдің қарапайым үлгілерінен (өтініш, арыз, мінездеме және т. б. ) бастап күрделі түрлеріне (жарғы, жарлық, ереже, келісім және т. б. ) дейін қазақ тілінде көрініс тапты және олар түгелдей дерлік аударма процесі арқылы жүзеге асырылады.

- газеттік-ақпараттық аударма - жаңа мәліметтерді, тың деректерді, тосын оқиғаны оқырмандарға жеткізу. Мұндай мәтіндер әр алуан сипатта: қысқаша ақпараттық хабарлар, ресми хабарлар, мақалалар, шағын және кең көлемді сұхбаттар, тақырыптық әрі белгілі бір мәселеге қатысты мақалалар, хабарландыру, репортаж т. б. түрде беріледі. Алайда газет-журналдың қалыптасқан өзіндік бірыңғай, дербес стилі болады. Спорт газеттерінде спорттық стиль қалыптасқан сөз қолдану үлгісі болса, мәдениет баспасөзі эстетикалық, өнер ғылымы мәтіндеріне негізделеді. Әр саладағы баспасөздің өзіндік мақсат-мүддесі, идеологиялық нысаны, тақырыптық бағыт-бағдары қалыптасады. Газеттік-ақпараттық аударма өз ішінде екіге бөлінеді:

а) Газет мәтіндерін аудару. Түпнұсқаға деген дәлдік тұжырымын қатаң сабақтастыру негізінде жүргізіледі. Бұл көбінесе ресми ақпараттық хабарлар, саяси келісімдер, қаулы, жарғылар, қысқасы үкіметтік маңызды құжаттарда қатаң сақталынады.

ә) Публицистиканы аудару - қоғамдық өмірдің өзекті мәселелері мен құбылыстарына арналады. Публицистикалық мәтіндер оқиғалық, ақпараттық, сыншылдық-талдамалық, саяси пікірталастық болып келеді. Ғылыми-ақпараттық мәтіні процесті, шындық құбылысын сипаттайды, түсіндіреді, талдайды, алдын ала пайымдайды, шындықты теориялық тұрғыдан дәлелдейді.

- тұрмыстық аударма - тұрмыстық немесе іскери ауызекі сөйлеу тақырыптарына тіларалық және мәдениетаралық қарым-қатынастың диалогтік формасы жағдайында туындайды. Мұндай жағдайларда негізінен қандай да бір мақсатқа қол жеткізуге арналған өзара қарым-қатынасқа бағыттылған ауызша мәтіндер жасалады [2, 38б. ] .

Жазбаша аударма процесіндегі ең басты құрал - сөздік. Қазіргі «ақпараттар легі» ғасырында аудармашының жұмысын сөздіктерсіз елестету мүмкін емес. Сонымен қатар, аудармашы арнайы терминдерді жылдам табуы үшін, алдымен, ақпараттың қандай дереккөздері бар екенін және оларды қандай ретпен әрі қалай пайдалану керектігін білуі қажет.

Ақпараттың барлық дереккөздерін екіге бөлуге болады:

1) Жалпы дереккөздерге жалпы қолданысқа арналған сөздіктер мен энциклопедиялар жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауызша және жазбазша аударма түрлері
Поэзиялық шығармаларды аудару
Аударманың түсінігі мен түрлері
Тұпнұсқаның газеттік аударма тіліне сай келмейтін грамматикалық формаларын жеткізу
Қағаздан аудару
Тіларалық коммуникация
Метафора түсінігі және ағылшын тіліндегі метафоралар
Аударма-түсінігі,түрлері,маңызы
Шетелдік аударматану
Аудармашы этикасі қолданушының көзқарасына тәуелді
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz