Бассүйектің жасқа байланысты ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Реферат
№9 БӨЖ
Бас қаңқасы құрылысының жасқа байланысты ерекшеліктері

Орындаған: Жанғазы М.Т.
Курс : 1курс
Тобы: 107Б
Мамандығы: Жалпы Медицина
Тексерген: Айнұр Жунусова

Алматы,2021
Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Бас суйектердің жалпы ерекшеліктері
Бассүйектің жасқа байланысты ерекшеліктері.Жаңа туған нәрестелердің бас қаңқасындағы еңбектер.
Бассүйектің жыныстық айырмашылықтары.
Ересек адам бассүйегінін рентгендік кескіні.
Қортынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Бас қаңқасы құрылысының жасқа байланысты ерекшеліктері
Бассүйек - ми сауыты мен бет бөлімдеріне бөлінеді. Ми сауыты бөлімі бірімен-бірі берік (қозғалмай) байланысқан маңдай (1), төбе (9), самай (8), шуйде (7) және т. б. сүйектерден құралған . Жаңа туған нәрестенің маңдай бөлімінде бүлкілдеп тұратын жұмсақ жері - еңбегі (родничок) болатынын байқаған шығарсыңдар . Пішіні ромбы тәрізді, тынысалу қозғалысының өсерінен бұлкілдейді. Ми сауыты бөліміндегі сүйектер бірден қатаймай, бірнеше даму сатысынан өтеді. Алдымен жұқа жарғақты, содан соң шеміршекті болып, ең соңында сүйекке айналады. Нәрестенің маңдай тұсы жарғақты, мұндай жерлер самайдың тұсында да болады. Бала 2 жасқа келгенде сүйектері қатая бастайды. Ми сауытының шүйде сүйегінде жұлын мен миды жалғастырып тұратын үлкен шүйде тесігі болады. Адам бассүйегінің ми сауыты бөлімінің көлемі жануарлармен салыстырғанда үлкен. Бет бөліміне - үстіңгі және астыңғы жақсүйектері, бет, мұрын, таңдай және т. б. сүйектері жатады. Астыңғы жақсүйегі самай сүйегімен шықшыт буыны аркылы байланысқан Кейбір бассүйек бөлімдерінде (маңдай, үстіңгі жақсүйек және т. б.) ауа болатын қуыстар бар. Ол сүйектердің жеңіл болуын қамтамасыз етеді

Бас суйектердің жалпы ерекшеліктері
Бас сүйектің жасына қарай ерекшеліктері: топографиялық орналасуы сүйектердің бет сүйек пен ми сауыты сүйегінің ара қатынасы сүйектің қалыңдығына, көлеміне, сүйектердің аралығындағы жіктерге олардың бойындағы еңбектерге және жасының ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Бас сүйектің жоғарыда айтылып өткен ерекшеліктері, олардың 5 даму кезеңдеріне байланысты.

3
Бірінші даму кезеңі, жас нәрестеніңтуған кезінен 7 жас аралығындаотеді. Бұл кезенде, бас сүйектіц қарқынды түрде дамуы мен қатар қуыстығының көлемі, ұлғайып, сүйек арқылы жіктер бірте-бірте тартылып, бас сүйектің еңбектері,fonticulus, тартылады. Сонымен қатар, мүрын қуысы мен көз шарасының сыртқы пішіні айқындала бастайды.
Бас сүйегінің екінші дамукезеңі 7 жас пен 14 жастың аралығындағы кезеңде өтеді. Бұл даму кезеңінде бас сүйектің өркендеп, өсуі, ал-ғашқы даму кезеңіндей болмағанымен мұрын қуысы мен көз шарасының көлемі, бастапқы дамукезеңіне қарағанда едәуір қарқынды түрде өтеді.
Үшінші даму кезеңі, ер жеткен кезеңнен бастап 25 жас аралығында өтеді. Бұл кезеңде бас сүйектің мацдайы айқындалып, бет сүйектің көлемі кішірейеді.
Төртінші даму кезеңі 25-45 жас аралығын-да өтеді. Бұл даму кезеңде, бас сүйектердің жіктері бірігіп, суйектік тканға айналады.Сонымен қатар сагитальді жіктің ертерек бітісуі бассүйектің домалақтау болып өсуіне әкеліп соқса,тәж тәрізді жіктің жедел дамып сүйектенуі бас сүйектің сопақша тәрізді өсуіне ықпал етеді.
Бассүйектің бесінші даму мезгілі 45-жастан бастап,алдымен бет сүйектің,кейіннен ми сауыты сүйектерінің кері даму кезеңі.Бұл кезеңде бассүйектің тістері түсіп,бет сүйектің жалпы көлемі кішірейіп,төменгі жақ сүйектің бұрышыф ұлғайып,альвеолярлық өсінділері кішірейеді.

Бассүйектің жасқа байланысты ерекшеліктері.Жаңа туған нәрестелердің бас қаңқасындағы еңбектер. Жаңа туған нәрестенің бассүйегінде ми сауыты сүйектеріне қарағанда бет сүйектері біршама кішілеу келеді.Жаңа туған нәрестенің бассүйегінің басқа ерекшелігі еңбектері, болады .
4
Олардың бассүйегінде әлі аяқталмаған сүйектенудің үш сатысының іздері байқалады. Еңбектері, бірінші жарғақты, сатының қалдықтары болып табылады; олар сүйектенбеген дәнекер тіннің қалдықтары сақталған, жіктердің қиылысқан жерінде орналасады.

Олардың болуының үлкен функционалдық маңызы бар, себебі бассүйектің шеке сүйектеріне едәуір ығысып жылжуға мүмкіндік береді де, соның арқасында бассүйек толғақ кезінде туу жолының пішіні мен шамасына бейімделеді. Еңбектердің мынадай түрлерін ажыратады:
алдыңғы еңбек, Fоtісuli аntіегoіr, ромб пішінді, орта сызык бойымен төрт жіктің: сагитталды, маңдай және тәжді жіктің екі жартысының қиылысқан жерінде жатады; 2 жаста өсіп-бітеді;
артқы еңбек, fопtісиіlus posterior, үшбүрыш пішінді, сагитталды жіктің артқы үшында алдындағы екі шеке сүйегі мен шүйде сүйектің қабыршағы арасында жатады; туғаннан кейін 2 айда өсіп-бітіп кетеді;
бүйір еңбектері, жүп, әр жағынан екеуден, сонымен бірге алдыңғысы сынатәрізді, fоntісиlus sphenoidalis, ал артқысы -емізіктәрізді, fоntісиlis таstoideus, деп аталады. Сынатәрізді еңбек шеке сүйек, маңдай сүйегі, апPoundи1ш зрһепоісіаіів, сынатәрізді сүйектің үлкен қанаты және самай сүйегінің қабыршағының түйісетін жерінде орналасқан; туғаннан кейін 2-3 айлығында бітіп кетеді.
Емізік тәрізді еңбек шеке сүйегінің агшдіш тазіоісіеик, самай сүйегі пирамидасының негізі және шүйде сүйектің қабыршағы арасында орналасқан.

5
Сынатәрізді жөне емізіктәрізді еңбектер көбіне шала туған (күні жетпеген) балаларда кездеседі, соның өзінде кейде жетіп туған балаларда шүйде еңбегі болмайды. Жаңа туған нәрестелерде жіктердің болмауы және диплоэнің нашар дамуы, бассүйектің сыртқы бетінде ғана емес, ішкі бетіндегі бедерінің комескілігі байқалады.
Бассүйектің екінші шеміршектік даму сатысының қалдықтары, оның негізі сүйектерінің жекелеген әлі де қосылып кетпеген боліктері арасындағы шеміршекті қабатшалар болып табылады, сондықтан олар жаңа туған нәрестелерде ересектерге қарағанда біршама көптеу. Бассүйектерде ауалы қойнаулар әлі дамымаған. Әлі жүмыс істей қоймаған бүлшықеттердің нашар дамығандығынан түрлі бүлшықет төмпешіктері, қырлары және сызықтары . Осы себептен әрі шайнау қызметінің жоқтығынан жақсүйектер нашар дамыған: үяшықты өсінділер жоқ дерлік, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бас сүйектердің жалпы ерекшеліктері
Бас сүйек
Бас сүйектерін жасына байланысты оқып білу
Бассүйектіің жастық және жыныстық ерекшеліктері
Бас қаңқасы туралы жалпы түсінік
Жұтқыншақ,көмей,өңештің құрылысы, тамақтың өту процесі
Балалардағы тірек-қимыл жүйесінің жасқа байланысты ерекшіліктері
Бас қаңқасының топографиясы
Адам денесі
Қазіргі уақыттағы краниометрия
Пәндер