Мәліметтер базасында ақпараттарды графикалық объектілермен байланыстыру


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
Факультет: География және табиғатты пайдалану
Кафедра: Картография және геоинформатика
СӨЖ
Тақырыбы: Геодезиядағы ГАЖ-технологияларының қолданылуы
Орындаған: Нағымов Ғасырбек
Тексерген: Алпысбай М. А.
Алматы -2019
Жоспар
КІРІСПЕ
Қазіргі айтылатын шаралардың көбі ГАЖ дың көмегінсіз ақ орындалып жүрген. Бірақ ГАЖ жоғары мүмкінділікпен ыңғайлылығымен ерекшеленеді және операциялар кешенін бір жүйеге келтіріп, ақпараттарды жаңартып өңдеп нәтижені көрсету кеңістік анализ жасауға жағдай жасайды. ГАЖ технологияларын қолдану арқылы мынадай мүмкіндікке ие боламыз:
Кеңістік ақпараттарды енгізуден кезең бойынша тез жұмыс істеуге бастапқы ақпараттты енгізуден анализ жасауға және нақты жағдайды шешуге дейін сізге қажетті ақпаратты пландар мен қипы карталардан іздемей- ақ сіздің ноутбук экранынан конференцияға немесе арнайы кездесуге дейін аз уақыт қалғанда қиналмай қажетті ала аласыз. Мәліметтер базасындағы ақпаратты енгізу мен жаңарту үшін геодезияның қазіргі заманауи электрондық құралдарын және жаһандық анықтау жүйесін қолданып, ең жаңа дәл ақпаратқа қол жеткізе аламыз.
1. 1Геодезия жне картографияда ГАЖ-дың қолданылу аясы .
Геоақпараттық жүйелердің мүмкіндіктер әр түрлі қызмет салаларында және алуан түрлі есептерді (міндеттемелерді) шешу үшін қолдануы мүмкін. ГАЖ-ды пайдалану кейбір мысалдары(1-сурет)
▪ далада түсірілген суреттер мәліметтерінің негізінде топографиялық жоспарларды құру;
▪ геодезиялықөлшеу мәліметтерін алғаш ретенгізу;
▪ жердің сандық моделін өңдеу және құру;
▪ векторлау жолымен әр түрлі бағыттағы карталардықұру;
▪ карталарды жаңарту;
▪ оперативті картаға түсіру;
▪ карталарды редакциялау, жинақтау және басып шығару; [1]
1-Сурет( ГАЖ-дың қолданылу аясы . )
1. 2ГАЖ мынадай негізгі, маңызды мәселелерді шешеді :
- Жоғары сапалы картографиялық өнімдерді құру;
- Мәліметтер базасында ақпараттарды графикалық объектілермен байланыстыру;
- Мәліметтердің карта, графиктік, диаграммалық сызба түрінде берілуі;
- Кеңістіктегі мәліметтерге талдау жасау, орналасқан жерін үлгілеу;
- Басқару мен шұғыл шешімдерге қолғабыс беру;
- Мәліметтердің түрлі ақпараттық жүйелермен қарым - қатынас және т. б
Кеңістіктегі мәліметтерге талдау және орналасқан жерін үлгілеу. Кеңістік мәліметтердің орналасқан жерін айқындау үшін карталарды пайдаланамыз. ГАЖ кеңістіктегі мәліметтерге талдау жасау арқылы төмендегідей міндеттер атқарады:
- мәліметтер базасында іздеу жүргізуге;
- орналасқан жері туралы мәлімет алуға;
- тұтынушылардың сұранысына жауапты аз уақытта жеткізуге
-қажетті іс-шаралар үшін қолайлы аймақты табуға;
-әртүрлі параметрлердің арасындағы өзара әрекетті айқындауға;
-Үзілген электр желілерінің орнын анықтауға мүмкіндік береді. Риэлторлар ГАЖды іздеу арқылы жұмыстарын жүргізуге қолданылады. Мысалы, аумақтағы барлық шиферлі үйлерді одан кейін осы құрылыстың толық сипаттамасын беру үшін қосымша мәліметтерді енгізу арқылы сұранысты айқындайды. Жоғары сапалы картографиялық өнім құру.
ГАЖ жауап шығарушы құрылғы емес, ол шешім қабылдаушыны жеделдету және жақсартуға арналған сұранысты жауаппен қамтамасыз ететін, кеңістік мәліметтерінің функцияларын талдайтын, талдау нәтижелерін көрнекті көрсетеді. ГАЖ жоспарлы органдардың сұраныстары бойынша әртүрлі ақпараттарды ұсынуда, нысананы орналастыру кезінде алатын орны зор. Шешім қабылдауға арналған ақпарат графикті, диаграммалы түрде болуы мүмкін. Автоматтандырылған картографияландыру және дәстүрлі карта жасау тәсілдеріне қарағанда ГАЖ арқылы карта жасау процесі әлдеқайда қарапайым және икемді. ГАЖ-да карта жасау мәліметтер базасын құрудан басталады. Мәліметтер ретінде қарапайым қағаздан жасалған картадағы қолданыста болады. ГАЖ-ға негізделген картографиялық мәліметтер базасы үздіксіз және белгілі бір масштабқа сүйенбеген болуы мүмкін. Осындай мәліметтерге сүйене отырып кез келген аумаққа, кез келген масштабта керекті жүктемелермен, қажетті нысаналардың символдарымен белгілеу арқылы жасауға болады. Кез келген уақытта мәліметтер базасында жаңа деректемелерімен толықтырылып отырады және барлық мәліметтерді қажеттілігі бойынша дұрыстауға болады. [2]
1. 3 CREDO кешен туралы жалпы түсінік
CREDO бағдарламалық кешең өнімдері 1989 жылдан бастап «Кредо-Диалог» (Беларусь Республикасы, Минск қ. ) ғылыми өндірістік одағы мен өңделеді және таратылып келеді. Өзіңнің даму уақытында кешең жаңа құрылысты жобалау мен көлік жолдарын қайта салудан бастап, инженерлік іздестіруді автоматтандырылған өңдеуді қамтамасыз ету, әр түрлі геоақпараттық жүйесіне мәліметтерді дайындау, көлік жолдарын және өнеркәсіптікпен азаматтық құрылыс объектілерді автоматтандырылған жобалауға дейінгі көп функциялы комплекске жетті.
Қазіргі кезде CREDO кешеңі бір неше ірі жүйеден және көптеген қосымша мақсаттардан тұрады. Кешеңнің әр жүйелер әр аймақтағы ақпараттарды өңдеуді автоматтандыра алады, сондай-ақ территорияның бастапқы жағдайды және құрылатын объектінің жобалық шешімдерін көрсететін біріктірген ақпараттық ортасын өзінің мәліметтермен толтыра алады.
CREDO кешенің қолданып ақпараттарды өңдеуі «CREDO-технология» атағын алды. Оның негізгі артықшылығы әр мамандар арасына мәліметтерді айырбастауды ұйымдастыру болып табылады. Осы кезде әр маманға барлық объектілер бойынша жобалау немесе құрылыстың іздестіру кезкелген стадиясында мәліметтерді көруге мүмкіншілік береді. Сонымен қатар CREDO-технологиясы CREDO кешен жүйесін басқалай объектіні құру үдірісінде қолданылатын бағдарламалық өнімдермен қатар қолдану мүмкіншілік береді.
1. 4 Credo кешеңнің негізгі функциялары :
1. Инженерлі-геодезиялық және топографиялық іздестіруді камералды өңдеу;
2. Геофизикалық іздестіру жұмыстар кезіндегі геодезиялық мәліметтерді өңдеу;
3. Жергілікті жердің сандық моделін құруға арналған мәліметтерді дайындау;
4. Іздестіру және бар мәліметтердің негізінде инженерлік мақсаттағы жердің сандық моделдерін құру және түзету еңгізу;
5. Геолегиялық құрылым алаңдар немесе жолақтардың сандық моделдерін құру және түзету еңгізу;
6. Өнеркәсіптік, азаматтық және көлік құралдары объектілердің генералдық жоспарын жобалау;
7. Тік жоспарлауды жобалау;
8: Жобаланатын объектінің жер жұмыстар көлемін есептеу;
9. Жаңа құрылыстарды жобалау және көлік жолдарын қайта жөндеу;
10. Құрылыс жұмыстарын геодезиялық қамтамасыз ету. [3]
Қорытынды
ГАЖ-дың негізінде ақпаратты-бағдарламалық кешен, мәліметтерді қайта өңдеу, кеңістік-кординаттық байлау, тарату және көрсету жатыр. Қазіргі дамыған елдерде мыңдаған ГАЖ бар, олар экономикада, саясаттануда, экологияда, қоршаған ортаны қорғау және басқаруда, жер кадастрында, ғылымда, білім беруде қолданылады.
Қазіргі уақытта табиғат байлықтарын тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне көп көңіл бөлінуде. Оларды шешу үшін табиғи компоненттерінің жағдайы жайында картографиялық, экологиялық және т. б. сандық ақпараттардың кең көлемін қолдануды талап ететін кешендік тәсілдер қажет. Ал бұл мәселелерді информатиканың дамыған әдістері мен құралдарынсыз іске асыру мүмкін емес. Бүгінгі таңда мұндай көлемдегі ақпараттарды өңдеу және танудағы ең болашағы зор әдіс компьютерлік геоақпараттық технологияларды қолдануға негізделген әдістер болып табылады. Бұл жұмыстарды геоақпараттық жүйелер құрып, арнаулы мақсаттағы қолданбалы бағдарламалардың көмегі арқылы шешеді. ГАЖ дегеніміз-табиғи және әлеуметтік-экономикалық геожүйелерді олардың құрылымын, байланысын, динамикасын, кеғістік пен уақыттағы тіршілік етуін, географиялық білімдер мен мәліметтер банкісі негізінде компьютерлік белгілеудің көмегін зерттейтін ғылым. ГАЖ-дың мағынасы болып географиялық ортадағы кеңістік пен уақыттағы ақпараттар ағыны болып табылады. ГАЖ-дың зерттеу ідңсң ретңнде кеңістік пен уақыттағы ақпараттық үлгілеуді айтады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz