Құрылысты геодезиялық сүйемелдеу
ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
КАРТОГРАФИЯ ЖӘНЕ ГЕОИНФОРМАТИКА КАФЕДРАСЫ
ГЕОДЕЗИЯ ЖӘНЕ КАРТОГРАФИЯ МАМАНДЫҒЫ
Өндірістік практикасының есебі
Өту мерзімі 27.05-29.06.2019ж
Орындаған: Hағымов.Ғ.У.
Тексерген: Мадимарова Г. С.
Алматы, 2019
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Болашақ-Т компаниясы.
2. Геодезиялық жұмыстар барысындағы қауіпсіздік техникасы.
3. Жобалауға арналған алаңдық және қасбеттік түсіру.
4. Жер учаскесіндегі топографиялық түсіру.
5. Жергілікті жерде жер учаскелерінің шекараларын белгілеуге бағытталған процесс.
6. Құрылысты геодезиялық сүйемелдеу.
7. Тура және кері геодезиялық есеп.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
8. Өңдеу жұмыстары. Autocad бағдарламасы
III. Қорытынды
Кіріспе.
Компания әртүрлі геологиялық, топографиялық, геодезиялық жұмыстарды жүргізеді. Білікті мамандардың жұмыс атқаруымен компания көптеген үлкенді-кішілі жұмыстарды атқарып келеді.
Тәжірибеден өту барысында көптеген геодезиялық жұмыстардың қалай жүргізілуі керектігі жөнінде көп мәлімет ала отырып, өз біліктілігімды арттырдым деп ойлаймын. Компания мамандарының түсіндіруі арқасында алғашында геодезист маман білуі шарт негізгі қауіпсіздік ережелерімен таныстым. Кейін заманауи озық үлгідегі аспаптармен танысып, қалай жұмыс істеу керектігін жетік меңгердім.
Әртүрлі далалық, құрылыс жұмыстарында болып, олардың қалай орындалатынын біліп, қағаз тапсыру, есеп беру секілді жұмыс барысында орын алатын жағдайлармен, қалт жіберілмеуі тиіс маңызды құжат детальдарын ыждағаттылықпен орындау керектігін түсіндім. Көптеген жұмыстар атқарылып, орындалды.
Негізгі бөлім.
Компания құрылымы
Болашақ-Т ЖШС - ПМК-2 жүйесінде 26 тамыз 1998 жылы құрылған Қазақстан нарығындағы мол тәжірибесі бар өндірістік-құрылыс компаниясы.
Болашақ-Т ЖШС 1998 жылдан бері әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бағдарламаларына қатысатын болды. Осы кезден бастап кәсіпорын күшін жинай бастап, қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысы бойынша құрылыс нарығында көшбасшылардың бірегейі атанып жүр.
Компания монолитті темірбетонды құрылыстарды, көпқабатты тұрғын-үйлерді, қоғамдық ғимараттарды, мектеп пен балабақшалар салады. Фасадты салу барысында сапалы құрылыс материалдары, соның ішінде гранитті және керамогранитті плиткалар, декорлы штукатура мен бояулар, өзіміз өндіретін аллюминді және металлопластикалық витраждар қолданылады.
Кәсіпорын тұрақты қаржылық жағдайға ие, бұл дегеніміз пайда соммасына жаңа құрылғылар мен техникалар сатып алуға, жұмыс өндірісінің технологияларын жетілдіруге, жаңа технологияларды енгізуге мүмкіндік береді.
Кәсіпорын ҚР СТ ИСО 9001-2001 сапа менеджменті жүйесі сәйкестік сертификатына ие
Болашақ-Т жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 26 тамыз 1998 жылғы 2325-1926-ЖШС мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне ие. Заңды мекен-жайы: Батыс-Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Постепное ауылы. Пошталық мекен-жайы: Батыс-Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ақтөбе көшесі, 295. телфакс: (8 7112) 27 61 80, 27 57 96, 27 57 37.
Қазақстан Республикасы аумағында сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметін орындауды жүзеге асыруға арналған 06 қараша 2000 жылғы МҚЛ №001694 лицензиясы келесі тізімдемелерге сай:
1. Жобалық-зерттеу қызметі (сейсмикалық емес аудандарда).
:: инженерлік-геодезиялық жұмыстар;
:: инженерлі-геологиялық және инженерлі-гидрогеологиялық жұмыстар;
:: бірінші, екінші және үшінгі жауапкершілік деңгейлі ғимараттарды және құрылыстарды сәулетті жобалау;
:: құрылыстық жобалау және құрылымдау;
:: инженерлік жүйелер мен желілерді жобалау;
:: жобаның арнайы бөлімдерін құрастыру.
2. Құрылыс-жөндеу жұмыстары (сейсмикалық емес аудандарда).
:: Жалпы сипаттағы жер жұмыстары;
:: ІІ және ІІІ жауапкершілік деңгейлі ғимараттардың және құрылыстардың салмақ түсірілетін және қоршалатын құрылыстарды салу;
:: Арнайы құрылыс және жөндеу жұмыстарының өндірісі;
:: Ішкі инженерлік жүйелер мен құрылыс;
:: Ішкі инженерлік желістер мен құрылыс және ішкі инженерлік жүйелер құрылғысы бойынша арнайы жұмыстар;
:: Құрылыс пен құрылғыларды қорғау бойынша арнайы жұмыстар;
:: ІІ және ІІІ жауапкершілік деңгейлі ғимараттардың және құрылыстарды күрделі жөндеу, қайта құру, құрылыс барысында әрлеу жұмыстары (сылау мен майлау жұмыстарын қоспағанда);
:: Жол салу жұмыстары;
:: Технологиялық құрылғыны жөндеу;
:: Объектілерді күрделі жөндеу және қайта құру, соның ішінде салмақ түсірілетін құрылыстарды күшейту.
3. Құрылыс материалдарын, өнімдер мен құрылымды өндіру (шығару) (сертификатталған өнімдерді қоспағанда).
:: Өнеркәсіптік өндіріс (ауа тазартқыш, санитарлы-техникалық, электромонтажды құрылғы)
:: Салмақ түсірілетін және қоршайтын құрылыстарға, технологиялық металды құрылымдық және оның бөлшектеріне арналған элементтерді шығару (өнеркәсіптік дайындау).
Болашақ-Т жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен осы кезге дейінгі пайдалЕнгізілген объектілер
Кейбір объектілердің сипаттамасы
2015 ж. - 72 пәтерлі С-В т.ү. Пятно №3 (6137,91 м2) - Орал қ., Северо - Восток, ҚР тұңғыш Президентінің интеллектуалды мектеп ауданында - тапсырыс беруші Болашақ-Т ЖШС.
2015 ж. - 9 қабатты 72 пәтерлі тұрғын-үй (3480,75 м2) - Орал қ. Северо - Восток, мкр.5, 20 үй - тапсырыс беруші Болашақ-Т ЖШС.
2015 ж. - Қадыр Мырза Әли атындағы өнер үйінің құрылысы - Орал қ., Северо-Восток, Әбілхайыр хан даңғылы, БҚО 5-7 шғ аралығында - тапсырыс беруші "КарачаганакПетролиумОперейтинг Б.В".
2015 ж. - 9-қабатты 180 ш.м. т.ү. Пятно №3 (панельді сызба) (10226,88м2) - Орал-Атырау мен Орал-Саратов тас жолы арасындағы ша., БҚО, Орал қ.- тапсырыс беруші Орал қаласының құрылыс бөлімі ММ.
2014 ж. - Орал қаласында үй құрылысы комбинатаның тұрғын үйдің жалпы ауданының жылына өнімділігі 50 мың м2 болатын құрылысы - Орал қ. Желаево промзонасы, 35 - тапсырыс беруші Болашақ-Т ЖШС.
2013 ж. - 4 және 6 ша аралығындағы 5 қабатты 30 ш.м. т.ү. - Орал қ. Жеңіс ша 27 үй. - тапсырыс беруші Болашақ-Т ЖШС.
2013 ж. - Қалалық жағалау (Жеңіс алаңы ауданы) - Орал қ. Жеңіс алаңы ауданы - тапсырыс беруші Орал қаласының құрылыс бөлімі ММ.
2013 ж. - 5 қабатты 90 ш.м. №3 тұрғын-үй (4448,7м2) - Орал-Атырау мен Орал-Саратов тас жолы арасындағы көпқабатты ПДП құрылысы, Зашаған к. - тапсырыс беруші Орал қаласының құрылыс бөлімі ММ.
2013 ж. - 5 қабатты 75 ш.м. №1 тұрғын-үй (4494,25м2) - Орал-Атырау мен Орал-Саратов тас жолы арасындағы көпқабатты ПДП құрылысы, Зашаған к. - тапсырыс беруші Орал қаласының құрылыс бөлімі ММ.
2013 ж. - Ауыл клубының құрылысы - БҚО, Теректі ауданы, Сары-Өмір - тапсырыс беруші "КарачаганакПетролиумОперейтинг Б.В".
2012 ж. - ҚРРТ АҚ БҚОФ Қазақстан аппаратты-студиялы кешен құрылысы - Орал қ. Телеорталық - тапсырыс беруші Қазақстан республикалық телерадиокорпорация АҚ.
2012 ж. - 1200 орынға арналған мектеп - Орал қ. № 5 шағын аудан - тапсырыс беруші БҚО құрылыс басқармасы ММ.
2012 ж. - Пятно-7 тұрғын-үй кешені - Орал қ. № 9 шағын аудан - тапсырыс беруші Орал қаласының құрылыс бөлімі ММ.
2012 ж. - 230 оқушыға арналған орта мектеп - БҚО, Ақжайық ауданы, Ақсуат а. - тапсырыс беруші "КарачаганакПетролиумОперейтинг Б.В".
2011 ж. - 5 қабатты 90 пәтерлі № 1 тұрғын-үй - Орал қ. Астана шағын ауданы - тапсырыс беруші Орал қаласының құрылыс бөлімі ММ.
2011 ж. - БҚО Сырым ауданы, Жымпиты а. аудандық прокуратурасының әкімшілік ғимаратының құрылысы - тапсырыс беруші БҚО Прокуратурасы ММ.
2011 ж. - БҚО Қаратөбе ауданы, Қаратөбе а. аудандық прокуратурасының әкімшілік ғимаратының құрылысы - тапсырыс беруші БҚО Прокуратурасы ММ.
2010 ж. - 9-шы шағын ауданның жылумен қамтамасыз ету ішкіалаңдық жүйесі (қосымша жұмыстар), Орал қ. Пятно-4 - тапсырыс беруші Орал қаласының құрылыс бөлімі ММ.
2010 ж. - Инженерлік жүйе - Бөрлі ауданы, Бөрлі а. қазақ мектебі жанындағы спорт залы бар 2 қабатты әкімшілік ғимаратты қайта қалпына келтіру - тапсырыс беруші Ақсай қ. Бөрлі ауданының құрылыс бөлімі ММ.
2010 ж. - Ақсай қ. Бөрлі ауданы №7 балабақша ғимаратын күрделі жөндеу - тапсырыс беруші Ақсай қ. Бөрлі ауданының құрылыс бөлімі ММ.
2010 г. - Бөрлі ауданы, Бөрлі а. қазақ мектебі жанындағы спорт залы бар 2 қабатты әкімшілік ғимаратты қайта қалпына келтіру - тапсырыс беруші Ақсай қ. Бөрлі ауданының құрылыс бөлімі ММ.
2010 ж. - Бөрлі ауданы, Бөрлі а. интернат үйі жанындағы техникумның бұрынғы ғимаратын қайта қалпына келтіру - тапсырыс беруші Ақсай қ. Бөрлі ауданының құрылыс бөлімі ММ.
2010 ж. - Бөрлі ауданы, Бөрлі а. ауыл шаруашылық колледж жатақханасы мен оқу корпусының шатырын күрделі жөндеу - тапсырыс беруші Ауыл шаруашылық колледжі МКҚК
2010 ж. - Орал қ. Зашаған к. № 42 Алтын-Сақа мектепке дейінгі ұйымы ғимаратын күрделі жөндеу - тапсырыс беруші № 42 Алтын-Сақа мектепке дейінгі ұйымы МКҚК
2010 ж. - Орал қ. Әкімдігінің Орал қ. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Қалалық мәдениет және демалыс саябағы МКҚК Торнадо музыкалы бұрқақ су-аттракционының құрылысы - тапсырыс беруші Орал қ. Әкімдігінің Орал қ. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Қалалық мәдениет және демалыс саябағы МКҚК
2010 ж. - Бөрлі ауданы, Бөрлі а. техникумның бұрынғы ғимаратын интернат үйіне қайта қалпына келтіру - тапсырыс беруші Ақсай қ. Бөрлі ауданының құрылыс бөлімі ММ.
2010 г. - Орал қ. Ауысымға 500 адам қабылдайтын қалалық емхана - тапсырыс беруші БҚО құрылыс басқармасы ММ.
2009 ж. - Ақсай қ. № 5 ОМ жапсарлас құрылысы - тапсырыс беруші Ақсай қ. Бөрлі ауданының құрылыс бөлімі ММ.
2009 ж. - Орал қ. апарт-қонақүй- тапсырыс беруші Итазия-Инжиниринг ЖШС.
2009 ж. - Орал қ. Жамбыл көш. 72 пәтерлі тұрғын үйдің инженерлік жүйесі - тапсырыс беруші Орал қаласының құрылыс бөлімі ММ.
2009 ж. - Орал қ. Орал-Бузулук авто тасжолының 33 км. орналасқан ҚР БҚО Зеленов ауданы Бірлік (Шаған) бірыңғай бақылау-өткізу бекеті - тапсырыс беруші Қаржы министрлігінің кедендік бақылау Комитетінің БҚО бойынша кедендік бақылау департаменті ММ.
2009 ж. - Орал қ. Жамбыл көш. 5 қабатты 72 пәтерлі тұрғын үй - тапсырыс беруші Орал қаласының құрылыс бөлімі ММ.
2009 ж. - 5 қабатты 72 пәтерлі жалпы ауданы 3930 мансартты тұрғын-үй құрылысы - тапсырыс беруші Орал қаласының құрылыс бөлімі ММ.
2009-2008 жж. - Желаев к. 360 орындық мектеп құрылысы - тапсырыс беруші Орал қаласының құрылыс бөлімі ММ.
2008 ж. - Орал қ. №5 ПЛ ММ күрделі жөндеу - - тапсырыс беруші №5 ПЛ ММ
2008 ж. - Орал қ. 82 ш.м. 40 орындық автопаркингпен Арман тұрғын кешені - тапсырыс беруші Акжаик - Недвижимость ЖШС.
2008 ж. - Зашаған к. Арман ша кәріз-сорғы станциясы мен коллектор құрылысы - тапсырыс беруші Орал қаласының құрылыс бөлімі ММ.
2008 ж. - Орал қ. Иманов ат. №12 ПЛ ММ күрделі жөндеу - тапсырыс беруші №12 ПЛ ММ.
2008 ж. - 5 қабатты 75 пәтерлі жалпы ауданы 4100 тұрғын-үй құрылысы -тапсырыс беруші Орал қаласының құрылыс бөлімі ММ.
2008 ж. - 9 ша 9 қабатты 76 пәтерлі жалпы ауданы 4948 тұрғын-үй кешені құрылысы - тапсырыс беруші Орал қаласының құрылыс бөлімі ММ.
2007 ж. - Сырым ауданы, Қазақстан а. 82 оқушыға арналған негізгі мектеп құрылысы - тапсырыс беруші БҚО құрылыс Департаменті.
2007 ж. - Орал қ. Урал-Авто Офисін күрделі жөндеу - тапсырыс беруші Урал-Авто ЖШС.
2007 ж. - БҚО Теректі ауданы Федоровка а. Теректі қазақ орта мектебінің ғимаратын күрделі жөндеу - тапсырыс беруші Теректі аудандық жалпы білім беретін орта мектеп.
2007 ж. - Жәнібек а. Жәнібек АІІБ әкімшілік ғимаратының құрылысы - тапсырыс беруші БҚО құрылыс Департаменті.
2007-2006 жж. - Атырау қ. Досмухамедов ат. облыстық лицейге жапсарлас құрылыс - тапсырыс беруші ККО Аджип.
2007-2006 жж. - Трекино а. 264 оқушыға арналған жалпы білім беретін қазақ мектебінің құрылысы - тапсырыс беруші БҚО Зеленов аудандық құрылыс бөлімі.
2006 ж. - Орал қ. Гвардейский көш. 112 пәтерлі тұрғын-үй құрылысы - тапсырыс беруші Акжаик - Недвижимость ЖШС.
2006 ж. - Орал қ. Театральная көш. 40 орналасқан ғимаратты бұзу - тапсырыс беруші Акжаик - Недвижимость ЖШС.
2006 ж. - Орал қ. 260 орындық мектеп-интернатына жатын корпусы құрылысы - тапсырыс беруші БҚО құрылыс Департаменті.
2006 ж. - Орал қ. мектеп-интернатының тағам блогын қайта қалпына келтіру - тапсырыс беруші БҚО құрылыс Департаменті.
2006-2005 жж. - Орал қ. 9 қабатты 108 пәтерлі жалпы ауданы 6371,58 м2 тұрғын-үй құрылысы - тапсырыс беруші Орал қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімі.
Геодезиялық жұмыстарды орындау кезіндегі қауіпсіздік техникасы:
Геодезиялық аспаптарды топ басшысы геодезиялық аспаптар кафедрасынан алады. Олар топ басшының атына тіркеледі. студенттер аспаптарға ұқыпты қарауы тиіс. Жұмыс барысында жоғалған немесе сынған аспаптар үшін материалдық тұрғыдан жауап береді.
Топ басшысы геодезиялық аспаптарды алған кезінде оны жақсылап тексеріп алу керек, яғни аспаптардың түгел екенін, олардың барлық құрылыстарының жұмыс атқаратындығын және аспаптың құрамын, олардың элементтерінің, бөлшектерінің: микроскоп, винт, көру түтігі, яғни әр құраушысының бар екенін мұқият тексеріп алулары қажет.
Жұмыста лентаны қолданып болған соң, оны міндетті түрде тазалау керек, әйтпесе тотбасып кетуі мүмкін.
Жұмыс алаңына арнайы ыдыстарды немесе штативтерді отырыс ретінде қолдануға. болмайды.
Күнделікті аспаппен жұмыс істеп болған соң, оны сақтау бөлмесіне апатып тапсырулары. керек.
Жұмыс барысында приборлардың дұрыс еместігін байқаған студент практика жетекшісіне айтуы керек.
Геодезиялық аспапты қолдану кезінде оны қатты соғуға, түсіріп алуға, яғни зақымдауға болмайды.
Арнайы ыдысқа салынған приборды қатты қозғауға болмайды.
Жұмыстың барысында барлық топтың студенттері тексеру жұмысын жүргізеді.
Оптикалық приборларды ылғалдылықтан және шаңнан сақтау қажет. Жаңбыр жауған уақытта оптикалық приборларға қаптама кигізіп қояды немесе ыдысына салып ғимараттың ішіне кіргізеді.
Медициналық көмек көрсету мақсатымен практика базасында қажетті дәрі дәрмектері бар дәрі қобдишасы болуы керек. Студент тобына сандружинник тағайындалады және ол бинт, йод немесе жолға арналған дәрі қобдишасымен жабдықталған болуы тиіс.
Құрылыс алаңында Геодезиялық жұмыстарды орындау кезінде ҚНжЕ-де және еңбекті қорғау жөніндегі ведомстволық нұсқаулықтарда баяндалған еңбекті қорғау ережелерін басшылыққа алу керек.
Геодезиялық жұмыстардың барлық түрлері нақты жағдайларға қатысты әзірленген қауіпсіздік техникасы ережелерін қатаң сақтау кезінде орындалуы тиіс. Танысу үшін барлық жұмыс істейтін осы ережелерімен нұсқаулық жүргізеді. Биіктікте жұмыс істеуге Беларусь Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі белгілеген тәртіппен медициналық куәландырудан өткен адамдар жіберіледі.
Құрылыс алаңында Геодезиялық жұмыстарды орындау кезінде ең алдымен Құрылыстағы қауіпсіздік техникасының жалпы ережелері сақталады. Құрылыстық ілеспе Геодезиялық жұмыстарды орындау кезінде құрылыс жұмыстарының осы түрі үшін белгіленген, сондай-ақ ерекше қауіпсіздік техникасының барлық ережелерін орындайды.
Қауіпті жарақат алу талаптарына қарай анықталады жұмыс жүргізетін тұлғаның геодезиялық жұмыстар. Көліктің қарқынды қозғалысы бар жолдың жүру бөлігінде жұмыс істеген және жұмыс істейтін механизмдерінің саны көп құрылыс алаңында жұмыс істеген кезде бақылаушы тағайындайды.
Жер қазу жұмыстарымен байланысты өлшеулерді орындау кезінде (терең қазаншұңқырларды қазу) еңістің құламасын және қабырғалардың дұрыс бекітілуін қадағалау, қазудан аулақ болу қажет. Аспап орнатумен геодезиялық жұмыстар жүргізуге тыйым салынады:
экскаватордың жанында оның жұмысы кезінде немесе жебенің астында;
тік құламалары бар қазаншұңқыр шетінде, сондай-ақ терең емес қазаншұңқыр шетінде, топырақ қазылған жерде экскаватормен опырылып құлауды болдырмау үшін;
топырақ (күнқағар) астында немесе тікелей онда.
Қысқы уақытта топырақты немесе бетонды электр тогымен қыздыру кезінде геодезиялық өлшеуді кернеудегі Болат рулеткамен арматураның жанасуынан электр тогымен зақымдану мүмкіндігін алдын ала отырып, осындай учаскелерден тыс жүргізу керек. Оқшауланбаған ток өткізу желілері өтетін жерлерде Геодезиялық жұмыстарды жүргізу қажет болған жағдайда оларды ажырату қажет.
Құрылыс алаңында лазерлік аспаптарды пайдалана отырып жұмыс істегенде лазерлік сәуле оның шегінен шықпауын және мүмкіндігінше жұмыс істеушілердің басынан жоғары немесе белдігінен төмен орналасуын қадағалау қажет. Лазерлік аспаптың және қоректендіру блогының корпусын жерге қосу қажет. Аспаптардың жалғаушы кабельдері зақымдалмауы тиіс. Құрылыс алаңында жұмыс істейтіндердің барлығы лазер сәулесінің көз торына зиянды әсері туралы хабардар болуы тиіс.
Аспаптар бар геодезистерді ғимаратқа көтеруге қоршауы бар баспалдақ маршымен ғана жол беріледі. Сатылар жарамды күйде және сенімді бекітілуі тиіс. Баспалдақтары кірден, қардан және мұздан тазартылмаған баспалдақпен жүріп-тұрудан аулақ болу керек. Конструкциялары, далдалары мен қабырғалары бойынша қозғалуға тыйым салынады.
Көп қабатты ғимараттың ішінде монтажды геодезиялық бақылау күнқағарлармен қорғалған жерлерден жүргізілуі тиіс. Биіктікте жұмыс істеген кезде геодезистер бағанаға немесе бетон конструкциясының монтаждау ілмегіне бекітілген сақтандыру белдігін пайдалануға міндетті.
Геодезиялық аспаптарды жұмыста үзіліс кезінде монтаждық горизонтта қараусыз қалдыруға болмайды. Геодезиялық аспаптар тек орауыш қаптамаларда, ал штативтер бүктелген түрде тасымалданады. Егер жұмыс өндірісінің бір орнынан басқасына ауысу қажет болса, теодолитті штативтен алып тастау және қолмен ауыстыру қажет.
Жобалауға арналған алаңдық және қасбеттік түсіру.
Жобаны әзірлеу алдында қасбетті геодезиялық түсіру жүргізіледі. Ол электрондық тахеометрлермен орындалады. Қасбетті түсіру тоқтаусыз режимде орындалады. Геодезиялық түсірілім нәтижелері бойынша қасбеттің моделі құрылады, ол бойынша конструкцияны жобалайды. Модельде қабырғалардың, терезе ойықтарының, сыртқы Құрылым элементтерінің және декорациялаудың нақты жағдайын көруге болады.
Ғимараттың қанша жағы үшін қасбеттік түсіру талап етілетініне байланысты геодезиялық жұмыстарды жүргізу әдістемесі де таңдалады. Қасбеттік түсіру бойынша геодезиялық жұмыстардың құнына ғимараттың құрылымдық шешімі, оның биіктігі, терезе ойықтарының саны мен конфигурациясы, сондай-ақ қоршаған құрылыстың тығыздығы сияқты параметрлер әсер етеді. Барлық құрылыс саласындағы сияқты геодезиялық жұмыстардың бағасы жыл мезгіліне байланысты.
Геодезиялық жұмыстар, сондай-ақ жобаланған қасбеттік киімді монтаждау немесе қасбетті әйнектеу процесінде қажет, өйткені қасбеттік конструкциялардың элементтері жоғары дәлдікпен есептеледі. Құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын бағалау үшін, аспалы қасбетті монтаждауды орындағаннан кейін, Орындаушы геодезиялық түсірілім жүргізілуі мүмкін. Геодезиялық түсіруді өңдеу нәтижелері бойынша қабылданған жобалық шешімдерден белгіленген конструкциялардың барлық ауытқулары анықталады. Жалпы жұмыс орындалғаннан кейін есептеу жұмыстары өңделіп, бағдарламалар арқылы жасалынады. Өңделген жаңа жоба компания мөрі басылуы арқылы құжатталып, Компания басшылығына, тапсырыс берушіге табысталады.
Бұл жұмыс үлкен тиянақтылықпен нақтылықты қажет ете отырып орындалады. Бұндай жұмысты атқару жөнінде Алматы ішінде де, Қазақстанның басқада қалаларында да көптеген жұмыстар атқарылады.
Тахеометр аспабы:
Қазіргі заманғы геодезиялық аспаптарды жоғарғы технологиялардың өнімі деп айтуға болады. Оның құрамына соңғы жетілдірілген электроника, дәл механика, оптика, т.б. ғылымдар кіреді. Ал қазіргі қолданылып отырған электронды тахеометриялық жүйелер - жетекші жасаушыларға SPECTRA (Швеция - Германия), LEICA (Швейцария), NIKON, SOKKIA TОPCON (Жапония), PENTAX, TRIMBLE SPECTRA PRECISION (АҚШ), УОМЗ (Ресей) жатады. Осы аталған жетекші фирмалар жүзден астам электронды тахеометрлердің моделін модификацияларын және 2008 ж. LEICA (Швейцария) электронды тахеометр мен жер серігі қабылдағышының қосылған роботталған түрін жасап шығарды. Егер 1960 жылға дейін геодезиялық аспаптар қарқынды дамыса, оның негізіне XIX ғ. соңында жасалған физикалық принциптерді атап өтуге болады. Яғни, соңғы 30 жылда микроэлектрониканың дамуы ХХ ғ. ең ерекше белгісі болып, геодезиялық жұмыстарда жаңа бағыттардың басталуына жол ашты. Қазіргі заманғы электронды тахеометрлер тек техникалық сипаттамалары және конструкциялық ерекшеліктерімен ғана ерекшеленіп қоймай, ол әр түрлі салада қолданылады. Сондықтан тахеометрлерді арнайы бір тапсырманы шешуге байланысты талдауға болады. Бұл кезде оның дәлдігі мен өлшеу қашықтығы айрықша рөл атқарады. Мысалы, көп кездесетін далалық жұмыстарда жай механикалық тахеометрлер қолданылады. Ал кейбір күрделі жағдайларда, мысалы мұнай құбырларының автомагистральдарын жүргізу кезінде жарық шағылыстыратын құрылғыны автоматты түрде іздеп табатын, роботтандырылған тахеометлер қолданған өте тиімді. Бұл роботталған тахеометрлер осы күрделі жұмыстарды орындауды қамтамасыз ететін есептеу программалармен қамтылған.
1990 жылдардың басында, электронды тахеометрлердің даму принципінің негізі қаланды. Қазіргі электронды тахеометр оптикалық аспаптар сияқты бұрыштарды және белгіге дейінгі ара қашықты өлшейді. Өлшеу дәлдігін, өлшеу бұрыштардың блоктары немесе модульдер не компенсатор модульдері анықтайды. Дәлдік туралы айтатын болсақ, онда бұрыштық өлшеулер талап бойынша 1"-пен шектеледі. Ал сызықтық қателер, өлшеу жүйелеріне байланысты емес. Өйткені оған сыртқы орта әсер етеді. Егер дәлдік туралы айтатын болсақ, онда бұрыштық өлшеулер 1" дәлдігінде шектеледі, ал 1mm+1ppm сызықтық болады. Бұл қателік ең бірінші, өлшеу жүйелерінің техникалық және қоршаған орта әсеріне байланысты. Өндірушілер сипаттамасы бойынша ең жоғарғы дәлділік жай жұмыстарда қоршаған ортаның әсерінен, орталандыру мен келтіру қателіктерінің әсерінен, мүмкін болмайды. Жай тахеометрлердің бұрыштық өлшеу дәлдігі 5 - 6, ал сызықтық өлшеу үшін 3мм+3ррm болады. Тахеометрмен өлшеу қашықтығы 500 - 1000 м-ден аспауына қарамай, кейде одан да алыс қашықтықтықтарды өлшеуге тура келеді. Сондықтан қазір дәлдігі 2мм+2ppm 3000 - 4000 м қашықтықты алатын қашықтық өлшеуіш, ең нәтижелісі болып есептеледі. Бұл параметрлер болашақта барлық тахеометрлер үшін стандарт болуы керек. Бақылаушы дегенді тек қана өрістік компьютер есептеуіш емес, тахеометрдің өзін басқаратын пульт, клавиатура (пернелер тақтасы) деп түсіну керек. Оның өнімділігі жадының көлеміне, экранның түріне, қолма-қол және есептеу программаларының санына, тахеометрдің функциялық мүмкіндіктеріне тәуелді болады. Көптеген тахеометр модельдерінің ішкі реттейтін бақылаушысы бар, ол пернелер тақтасымен басқарылады. Пернелер тақтасы сандық немесе әріптік сандық болуы мүмкін. Кейбір тахеометр моделінің екі жағында да пернелер тақтасы бар. Пернелер тақтасының саны (10-нан 30-ға дейін), тахеометрдің мүмкіндігіне байланысты болады. Сонымен қатар, кейбір тахеометрлерде РС-ке толық сәйкес QWERTY - пернелер тақтасы бар. Тұтас алғанда роботталған технологияларды қолдану, практика жүзінде механикалық тахеометрмен салыстырғанда, жұмыс нәтижесін екі есе жоғарылатады.
Электронды тахеометр - жер бетінде горизонталь бұрышты, горизонталь ара қашықтықты және өзара биіктікті өлшеуге арналған топографиялық электрондық - оптикалық аспап. Электронды тахеометр құрылымында кодтық теодолит пен шағын жарық қашықтық өлшеуіш біріктірілген. Көздеу нысанасы ретінде шағын габаритті призмалық шағылдырғышы бар арнайы қада қолданылады. Өлшеу процесі автоматтандырылған. Ара қашықтықты, горизонталь және вертикаль бағыттарды өлшеу нәтижелері электрондық цифрлы таблода көрініп, бір мезгілде ақпаратты жинағышта тіркелуі мүмкін. Перфорациялық тіркеудің мәні - далалық өлшеу аспабының мамандандырылған элекрондық есептеу машинасымен қосылуында. Ол дала өлшеулерінің мәліметтері бойынша, автоматты түрде жергілікті жердің түсіру жоспарын сызады. Электронды тахеометр арқылы өзара биіктікті анықтаудың, көлбеу қашықтықты горизонталь жазықтыққа келтірудің автоматты түрде атқарылуы, сондай-ақ жарықтың ауада таралуын жылдамдығы үшін түзетудің, автоматты түрде есепке алынуы мүмкін. Тахеометр жинағына шағылдырғыштар, штативтер, батарея, зарядтау құрылғысы, аспапты жөндеу және күту жабдықтары кіреді. Оның түнде жұмыс істеуге арналған жабдығы бар. Ол цифрлық таблоға берілетін жедел ақпарат пен жадтағы жинағышқа шығарылуына мүмкіндік бар.
Қазіргі таңда электронды тахеометрлердің қолдану саласына, дәлдігіне және орындалатын функциясына байланысты үш топқа бөлуге болады:
жәй электронды тахеометр;
орташа класты электронды тахеометрлер;
сервожетекпен жабдықталған (роботталған) тахеометрлер.
Жәй электронды тахеометр - бұл аспап, дәстүрлі геодезиялық өлшеулерді (ара қашықтық, өзара биіктік) орындауға арналған аспаптар. Деректерді ішкі немесе қосымша жадқа жазады. Мұндай аспаптардың бұрыштық қателігі 5 - 6, ал ара қашықтықтікі 3 - 5 мм құрайды. Бір призма бойынша ара қашықтықты өлшеу, 1100-1500 м құрайды.
Екінші типті электронды тахеометрлерге - орташа класты аспаптар жатады (Leica, Nikon, Trimble). Бұл тахеометрлер жәй тахеометрлерге қарағанда қымбат, бірақ кеңінен тараған. Олар барлық геодезиялық жұмыстарды (геодезиялық тораптарды дамыту, өлшеулер және қағаздан жерге түсіру, координаталау тапсырмаларын шешу: тура және кері геодезиялық есептерді ауданды есептеуді, қиылыстыруды шешу) орындауға қатысты есептеу программасымен қамтылған. Бұл аспаптардың бұрыштық қателігі, кластық дәлдікке байланысты 1-тан 5-қа дейінгі аралықты құрайды.
Тахеометрлердің үшінші типіне - севрожетекпен (сервопривод) қамтылған роботталған тахеометрлерді жатқызуға болады. Бұл аспаптар арнайы шағылдырғыштарға өздігімен бағытталып, өлшеулер жүргізе алады. Сонымен қатар, бұл аспап қашықтықтан басқарылатын (өлшенетін нүктеден тұрып) арнайы жүйемен қамтылған. Яғни, бір адам ғана жұмыс істейді. Мұндай өлшеу жұмыстары жұмыс өнімділігін 80%-ға дейін арттырады.
Жер учаскесін топографиялық түсіру.
Жер қатынастары - мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, заңды тұлғалардың, азаматтардың жерді иелену, пайдалану және оларға билік ету, сондай-ақ жер ресурстарын мемлекеттік басқару туралы әлеуметтік қатынастары.
Жер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz