Оқушыларды сын тұрғысынан ойланту арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚϹТАН РЕϹПУБЛИКАϹЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИϹТРЛІГІ

ОҢТҮϹТІК ҚАЗАҚϹТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРϹИТЕТІ

Айтуар Н.Е.

Информатика пәнін оқытудағы өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруда оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыратын электрондық контенттер әзірлеу
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫϹ
5В012700 - Математиκа-Информатика мамандығы

12-17-тобы

Шымκент 2021ж.

ҚАЗАҚϹТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРϹИТЕТІ

ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

ИНФОРМАТИКА КАФЕДРАϹЫ

Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
_______ Сулейменова Л.А.
___ ___________ 20___ж

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫϹ

Тақырыбы: Информатика пәнін оқытудағы өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруда оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыратын электрондық контенттер әзірлеу



Орындады: 127-17 тобының студенті Айтуар Нұрай
Ғылыми жетеκшісі: т.ғ.κ., К.Жамалова

Шымκент 2021
Ф 7.02-23 Дипломдық жұмыс

Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
1

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУДА СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

5

1.1
Оқушыларды сын тұрғысынан ойланту арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

5

1.2
Сыни тұрғыдан ойлау технологиялары арқылы оқытудың тиімділігі ...
18

1.3

Өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .

20
2
ИНФОРМАТИКА ПӘНІН БОЙЫНША ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫ ЖАСАУДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ РЕСУРСТАРДЫҢ РОЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

26

2.1
Компьютерлік оқулықты оқу процесінде қолдану мүмкіндіктері ... ... ..
26

2.2
Электрондық оқулықтар дайындауға қойылатын талаптар ... ... ... ... ... .
29

2.3
Электронды оқулықты құру жолдары мен құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... .
31
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
41
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
43

Кіріспе

Қай елдің болсын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты."Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз" деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі жай айтылған жоқ. Осыдан бастап жас ұрпақ бойындағы іскерлік пен олардың қабілеттерін ашу туындайды. Себебі, қазіргі кезде әр адамның болашағы оның алған білімінің сапасы мен көлеміне қарай сарапқа салынады. Мына бейбіт заманда, көзсіз ерліктің орнын білім басып отыр. Өмір ағымына тек білімі мен білігі жоғары адамдар ғана ілесе алады. Сондықтан біз сол мемлекеттік стандартқа сай, жан-жақты дамыған, шығармашыл тұлға қалыптастыруымыз керек. Оқыту мен оқу, үйрету мен үйрену үнемі бір-бірімен астасып жатыр.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу;білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерітерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге,жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттілігі туындайды.Білім берудің маңызды шарты-оқу үрдісін жаңара отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың өздігінен білім алуға құштарлығын жетілдіру, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауда мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыру[2].
Дипломдық жұмыстың мақсаты: информатика пәнінен оқушылардың өзіндік жұмыстарды жасауда электрондық ресурстарды қолданудың маңыздылығы.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
Бүгінгі заман талабына сай, әлемдік білім кеңістігі деңгейінде сапалы білім беру үшін мектеп жасындағы баланың шығармашылық қабілеттерін арттыруды қамтамасыз ету қажет. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, жан - жақты дамуына көңіл бөлу, ғылыми - зерттеу дағдыларын қалыптастыру. Тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыратын жаңа технологияларды қолдану.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні: Информатикадан өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру.
Дипломдық жұмыстың зерттеунысаны: Мектепте информатиканы оқыту.
Қазіргі ХХІ ғасырдың ғылым мен техника дамыған заманында білімнің алатын орны орасан зор, яғни осы саланың жетекші күші. Әрине білім мен ғылымның арқасында техника жетістікке жетіп отыр. Міне осы тұста Қазақстан заман көшінен қалмас үшін ғылым мен білім саласында көптеп іс-шаралар атқарылуда. Қазіргі таңда Назарбаев зияткерлік мектептерінде робототехника үйірмесі енгізілген. Бұл бір обылыс бойынша өте аз, тіпті елемеуге болады. Қазақстанның кез-келген мектебінде техникаға деген қызығушылығы мен дарыны бар оқушылар жетерлік. Міне соларға арнап әр мектепте робототехника үйірмесін ұйымдастыру қажет. Менің таңдаған бұл тақырыбымда робототехникалық үйірмелерін ұйымдастырудың әдістемесі мен тәсілдерін қарастырып, талдап көрсетемін, яғни робототехника үйірмесін ұйымдастыруда кездесетін проблемаларды шешу, теория мен практиканы дұрыс ұйымдастыру, базалық қамсыздандыру жақтарын қарастыру.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Дипломдық жұмыстың бірінші тарауында Робот түсінігі, робототехника пәнінің маңыздылығы, оқыту робототехникасы LEGO MINDSTORMS NXT технологиясы, оқыту робототехникасы Arduino ортасындағы мүмкіндіктер қарастырылған.
Дипломдық жұмыстың екінші тарауында электрондық оқулық кұру мәселелері қарастырылып, робототехника курсы бойынша Медиатор ортасында электрондық оқулық дайындалып, оқулық терезелеріне сипаттамалар берілген.

1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУДА СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Оқушыларды сын тұрғысынан ойланту арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында Бізге экономикалық және қоғамдық модернизация талаптарына сәйкес қазіргі заманғы білім беру жүйесі керек. Білімді дамыта білмейтін ел XXІ ғасырда сәтсіздікке ұшырайды,- деп атап көрсетті. Осыған орай еліміздегі білім саласын дамытуға арналған іс -- шаралар мен реформалар жүзеге асырылуда.
Егемендігін алған елімізде жаңа ғасыр алдында оқытудың жаңа жүйесі қалыптасуда, ертеңгі күнге бағытталған рухани жаңарудың іргетасы қалануда. Оқушылардың ақыл - ойын, шығармашылығын дамыту мәселелерін шешеді. Білімнің сапасын көтереді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамыта оқыту, олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, өз ойын ашық, қысылмай жеткізе білуін, ынтасын дамыта түседі.
Заман талабына сай білім беру әр оқу орнының алдына қойған мақсаты. Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің міндеті -жастардың білімді үйреніп қана қоймай, алған білімін үздіксіз дамытып, оны бойына сіңіріп, тәрбиелі, әдепті, интеллектуалды болуын қамтамасыз ету.
Әрбір ұстаз -- білікті маман, ал әрбір оқушы -- ойшыл тұлға деген қағидаларды ұстана отырып, білім беру үрдісінде кез келген ұстаз білім сапасын жақсарту мақсатында оқытудың озық технологияларын пайдаланады. Болашақ ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде оқытушылардың инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негізін меңгеруі-маңызды мәселелердің бірі.
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрылымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс - әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу - танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқыту уақытының үнемделуі.
ХХІ ғасыр мектебінің мақсаты жас жеткіншектерді жауапкершілігі жоғары, парасатты, адамгершілік мәдениеті қалыптасқан, өмірге икемді, ұлтжанды тұлға қалыптастыру. Болашақ мұғалімдер осы мақсатты орындауға бейімделген маман болуы шарт.Бүгінгі ең негізгі мәселе болып отырған жағдай оқушылардың ойын оқу мен жазуға сын тұрғысынан ойлауды дамыта оқыту жүйесін қолға алу.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы - әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Сын тұрғысында ойлау барысындағы стратегияларды білімді меңгертудің әр түрлі кезеңінде қолдануға болады. Сын тұрғысынан ойлау әдісі мұғалім қызметінде ұйымдастыра оқыту, оқушылардың жеке топпен жұмыс жасау негізінде білім алуымен ұштасады. Бұл стратегия оқушының жекелеген мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға бағытталады. Бұл әдістің ерекшелігі оқу әдісінде қолданылады. Яғни оқушылардың ауызша және жазбаша тілін, ойлау, есте сақтау қабілетін, әрбір ақпаратқа, сонымен бірге өзінің және басқаның шығармашылығына сыни қарауына, шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталады. СТО жобасы мұғалім мен оқушының белсенділігін арттыруда қолдануға болатын бірден - бір әдіс деп айтар едім. Бұл әдіс оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып, жаңа сабақты оқушының өзі меңгеруіне жағдай жасайды. Меңгерген жаңа тақырып бойынша салыстырулар, болжамдар жасайды, тақырыпты жүйелейді, ұмтылыс, белсенділік пайда болады. Оқушылар алған білімдері мен оған дейінгі білімдерін салыстырады.
Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет . Жаңалықты меңгеру мен іске асыруда дұрыс түсінбеушілік ұйымдастырушыға әр түрлі кедергі жасайтындығы белгілі. Сондай педагогикалық технологиялардың бірі сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.
Осы педагогикалық технологияның ерекшелігіне сүйене отырып, оның тиімді әдіс- тәсілдерін жетілдіруге болады. Атап айтқанда:
oo дарынды оқушыны дамытады, оқушылар шығармашылығын арттырады;
oo оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіріп, білім сапасын көтереді;
oo пәнге деген бейімділігі, қызығушылығы артады;
Жаңа технологияның арқасында оқушының белсендігі артып, жан- жақты талдауға, өз ойын ашық айтуға, сын тұрғысынан ойлауға үйренеді.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір- түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегіміз деп түсінуіміз керек.
Сын тұрғысынан ойлау- бұл кез- келген мазмұнды сынау емес, оны зерттеу, бақылау, талдау, әр түрлі стратегиялар арқылы өзінің ойлау негіздерін сыни тұрғыдан дамыту.Сабақта сыни тұрғысынан оқыту технологиясының стратегияларын пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отырдым. Әрбір әдіс оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді.
Мұғалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда, үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан- жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Әйтпесе жаңа жүйенің құны болмайды.
ІІІығармашылық - бүкіл тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Ал, бүгінгі күрделі жаңарулар тұсында балалардың шығармашылық бастамасы басты нысанасы болып отыр. Баланың шығармашылық бастамасын дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық ұғымы мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болған. Ежелден-ақ ойшылдарымыз Жүсіп Баласұғын, Әл-Фараби, Абайды ерекше толғандырып, өз еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған. Педагогтар К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин, А.С.Макаренконың шығармаларында шығармашылықты дамытудың жолдары қарастырылса, оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш мазмұнына енгізген М.Жұмабаев болатын. Психологтар мен ғалымдар Л.С.Выгодский., В.В.Давыдов, Л. В. Занков, В. А. Крутецкий, өз республикамыздағы көрнекті ғалымдар Т.Тәжібаев, М.Мұханов, Ж.М.Әбдилдин, Қ.Б.Жарықбаев, Т.С.Сабыровтың еңбектері жеке тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы және практиканың алтын қоры деп білеміз.
Шығармашылық жөнінде жазылған еңбектерді талдай келе төмендегідей қорытындыға келуге болады. Шығармашылық - өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан тек адамға ғана тән Шығармашылық сөзінің төркіні - шығару, ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте Шығармашылық - қайталанбас тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет деп түсіндіріледі. Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері кез-келген баланы шығармашылық деңгейге көтеруге болатындығын айтуда. Ал, бастауыш сынып оқушысының шығармашылығы - тек өзіне жаңалық болып табылатын, субъективтік жаңалық.
Шығармашылық тұрғыдан дамыған тұлға моделі:
Оқытудың мақсатын, міндеттерін, әдіс-тәсілдерін баланың даму заңдылықтарына сәйкестендіріп оқыту, ойлауын дамыту, шығармашылық тұлға қалыптастыру алға қойылды.
І-кезең: Тақырыпқа сәйкес теориялық білімді жинақтау, шағын шығармашылық топтар құру, ұжымды жұмылдыру, жұмысты ұйымдастыру көзделді.
ІІ-кезең: Жинақталған білім практикада жүзеге асырылды.
ІІІ-кезең: Атқарылған жұмыстардың жетістігі мен кемшіліктерін сұрыптау, кемшіліктерді жою кезеңі. Мұнда шығармашылық есептер жасау, педагогикалық оқулар өткізу, бақылау түрлерін енгізу, сыртқы байланыстарды ұйымдастыру жұмыстарын жүргізілді.

ІҮ-кезеңде жүргізілген жұмыстар жүйеленіп, қорытылып, нәтижесі шығарылды.
Оқушыларды шығармашылыққа баулып, бала бойына шығармашылық қасиетті қалыптастыруда, ізденуге, білім алуға құштарлығын оятуда қазақ тілі мен әдебиеті сабағының берері мол.
1. Өйткені әдебиет пәні оқушы тілін дамыту, сөйлеу мәдениетін көтеру.
2. Оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру.
3. Оқушылардың ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеуін дамыту.
4. Оқушылардың өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу мақсаттарын көздейді.
Аталған мақсат пен міндеттерді шешуде Б.С.Блум жүйесіндегі алты категория орындалды.
Олар: 1. Білімдік категориясы
2. Түсіндіру категориясы.
3. Қолдану категориясы.
4. Талдау категориясы.
5. Жинақтау категориясы.
6. Бағалау категориясы.

Біліктілігі
Белгілері
Оқушы іс-әрекеті

Білуі
Берілген жаңа түсінікті ұғуы, есте ұстауы бұрынғы білімді еске түсіруі білуі
Тыңдайды, қабылдайды, еске сақтайды, ойлайды

Түсінуі
Жаңа материалда берілетін білімді түсінуі, өзінше түсіндіру немесе болжам жасауы
Түсіндіреді, айтады, көрсетеді, жазады

Қолдануы
Жаңа білімді тәжірибеде, яғни нақты жаңа жағдайда пайдалана алуы
Бұрынғы білімін пайдалана отырып, жаңа жағдайды шешеді

Талдауы
Алған білімді жіктеуі, ең негізгі түйінін, дәнін бөліп ала білуі, яғни бүтінді бөліктерге жіктеу арасындағы байланысты айқындай білуі.
Ойланады, салыстырады, табады, талқылайды, ашады, ізденеді.

Жинақтауы
Жеке бөлшектерден дара ұғымдардан тұтас дүние жасай алуы
Ойлап табады, қарастырады, құрастырады, шығарады, байланыстырады

Бағалауы
Жаңа ұғымның жаңа материалдың құндылығын, керектігін анықтай пайымдай білуі
Бағалайды, талқылайды, өз талабын айтады

Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары Қоғам өмірінің барлық салаларында күрделі өзгерістер болып жатқан кезде келешегімізді ойласақ, өмірдің әр қырында жетекшілік ете алатын, ғылымға, өнерге, мәдениетке берілген қабілетті жастарды іріктеп олардан интеллектуалды орта қүру жағдайын ойластырған жөн. Дарынды адамдарды қолдан жасау мүмкін еместігін ескерсек дарындыларды іздеп, тауып, олардың шығармашылық қызметіне көмектесу қолдан келерлік іс.
Сын тұрғысынан ойлау- бұл ақпарат пен ойдың бірігіп алудың шынайы тәсілі. Ақпаратты алу ғана емес, сонымен қатар алған ақпаратты сыни тұрғыдан бағалап, ой елегінен өткізу арқылы қолдану.
Сын тұрғысынан ойлау - бұл қиын тапсырманың шешімін табу үшін жасалатын дұрыс шешім. Сол шешімге сенудің бірден бір жолы.
Сын тұрғысынан ойлау-оқушының дұрыс ойлануына жасалатын ой моделі және ой әрекетінің қызметі.
Сын тұрғысынан ойлау- шығармашылық ойлауын дамытатын ең маңызды бағыт.
Сын тұрғысынан ойлауды дамтыу құралы деп айтуға келмейтін зияткерліктің түрлері:
Есте сақтау;
Қарапайым және қиын ойларды түсінуін;
Шығармашылықта: спортшының, суретшінің, музыканттың интуитивтік ойлауы;
Д. Клустердің ойынша сын тұрғысынан ойлаудың 5 қыры бар:
Бірінші-бұл өз бетімен ойлау;
Екінші-бұл ойын қорыту;
Үшінші-бұл проблемалық және сол ойын бағалай білуі;
Төртінші-бұл ойын дәлелдеуі;
Бесінші-сын тұрғысынан ойлаудың өзі әлеуметтік ойлау болып табылады (өмірмен байланысты).
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы анықтағандай 6 компоненттен тұрады.
Сыни ойлаушы:
Өз ойын қалыптастыра біледі;
Әртүрлі ойлармен санасып, өз ойын дәлелдеуге тырысады;
Тақырып бойынша мәселені шеше біледі;
Дәлелді пікірталас құра алады;
Бірлескен жұмыстан түбегейлі шешім шығаруды толықтай құптайды;
Кезкелген сұрақтың шешімін табу үшін адамның қабылдауының өзі көптеген факторлардың әсерінен болатынына түсінеді және бағалай біледі.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізгі белгілері:
Осы технологияның мақсаты-оқушылардың ойлау дағдыларын, оқуда ғана емес тұрмыстық өмірде де(толық түбегейлі шешім қабылдауға, түрлі жағдайттардың қыр-сырын білуге, ақпаратпен жұмыс жасауға және оны талдай алуына) дамыту;
СТО технолгиясының негізі- сабақтың үшбағыттық құрылымында:
Ой шақыру; Ойлау ; Кері байланыс;
Ой шақыру тапсырмалары:
Өтілетін (оқытылатын) материал бойынша оқушылардың білімдерін жаңарту, не болмаса естеріне түсіру;
Өтілетін материалға деген оқушылардың қызығушылығын ояту;
Өтілетін тақырыпты оқушылардың өздері анықтауға мүмкіндік беру;
Ойды жүзеге асыру үшін берілетін тапсырмалар-
Өтілетін тақырыпты белсенді меңгеруіне жағдай жасау;
Өткен тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстыра білуге жағадай жасау;
Кері байланыстың тапсырмалары-
Өтілген тақырып бойынша өз ойын қорытуға көмек беру;
Келесі тақырыпты өзбетімен анықтауға көмек беру;
СТО дамытудың түрі мен құралдары:
Тақырып бойынша жинақ;
Мәтіндер талдауы;
Түрлі көзқарастағы тапсырмалар құрастыру;
Ұжымдық пікірталас;
Топпен және жұппен жұмыстардың әртүрі;
Дебаттар;
Пікірталастар;
Оқушылардың жазба жұмыстарын жариялау;
СТО-жазба жұмыстары (оқушылардың жазған Эссе, 5 жолды өлең жинап отыру.
СТО технологиясындағы мұғалім ролі:
Оқушыларды анықталған бағытқа бағыттау;
Түрлі пікірлермен бетпе-бет келеді;
Өз бетімен дұрыс шешім шығаруға жағдай жасайды;
Оқушыларға өзбеттерімен шешім шығаруға мүмкіндік береді;
Қалыптасқан танымдық ішкі жағдаяттарды дайындайды;
СТО технологиясының негізгі тәсілдері:
Сұрақтарды дұрыс құру дағдысын дамытуға арналған тәселдер.
Жуан және жіңішке сұрақтар кестесі
Неліктен, үш түсінік бер ... .?
Неліктен, түсіндір ... ..?
Неліктен, сіз солай ойлайсыз ... .?
Неліктен, сіз солай ойлайсыз ... ..?
Қандай айырмашылығы бар ... .?
Не боларын, болжап көр ... ?
Әйтпесе, не ... ...?
Кім ... .?
Не...?
Қашан...?
Мүмкін...?
Болар...?
Алар ме еді ... ?
Қалай аталады ... ?
Болды ма ... ?
Сіз келісер ме, едіңіз ... ?
Дұрыс па ... ?
Блум сұрақтарының түймедағы:

Блум сұрақтарының түймедағы:
Қарапайым сұрақтар- Бұл сұрақтарға жауап берген кезде нақты фактілерді атау керек, мәтіннен белгілі бір мәліметті еске түсіріп, оны айтып беру керек.
Дәлелдеуші сұрақтар- Егер мен дұрыс түсінсем, онда ...?
Мен қателесуім мүмкін, бірақ, меніңше сіздің айтып тұрғаныңыз ...?
Интерпретациялық (түсіндірме) сұрақтар- Әдетте неге? деген сөзден басталады.
Кейбір жағдайларда олар ақталуға мәжбүр етушілік сияқты негативті қабылдануы мүмкін.
Басқа жағдайларда олар дәлелдемелік байланыстарды анықтауға бағытталған.
Бағалау сұрақтары- Неге ... жақсы, ал ... жаман?
... ... айырмашылығы неде?
Бұл сұрақтар осы немесе басқа да оқиғалар, құбылыстар мен айғақтардың
бағалау критерийлерін анықтауға бағытталған .
Шығармашылық сұрақтар (жорамал)- Қалай ойлайсыздар, ... кейін (егер) ... қалай болады?
Шығармашылық сұрақтарда егер деген қыстырма сөз қолданылады. Ол алдын ала болжайтын, жорамалдайтын шарттылық элемент .
Практикалық сұрақтар- Әңгіме кейіпкерінің орнында болсаңыз сіз не істер едіңіз?
Сұрақ теория мен тәжірибе арасындағы өзара байланысты анықтауға бағытталған.
Кластерлар (ұяшықтары)
Өтілген материал автор өмірбаянын не мәтін бойынша алуға болады.
Өтілетін материалдың көру айғақтарын ұйымдастыру формалары:
Қалай, көренеді ... ., Қалай, айтылады ... .
Қалай, көренеді ... .
Қалай, айтылады ... .
Сағаттар
Конвейер
Баспалдақ басқыштары
Шынайы сурет
Бұл жаңа!
Бұл қызықты!
Ән: шумақ, қайырма.

Сын тұрғысынан ойлау:
Тірек сызбалар;
Кестелер;
Логикалық-ойлау кескіндері;
Болжағыш ағаш (Дж. Белланс)-ойлау
Тақырып-бұл ағаштың діңі
Жапырақтары-бұл жорамал
Бұтақтар-бұл жорамал жасаушы жапырақтардың дәлелі.
ФИШБОУН тәсілі (Модель постановки и решения проблемы)
Проблема- проблеманы тудырушы себептер -шешім
Проблеманы тудырушы себептердің айғақтары
Бағалау терезесі
Дереу қолдана аламын
Ештеңе түсініксіз
Жақсы маған түсінікті
Ешқашан қолдана алмаспын
(х осі мен у-осі)-осы бойынша оқушылардың қаншалықты түсінгендіктерін анықтауға болады.
ҚАҚ (Қосу-Азайту-қызықты)-авторы Эдвард де Боно.
Қосу (+) - Не жақсы?, Несімен жақсы? деген сұрақтарға жауап беретін айғақтарды жазамыз.
Азайту (-)-Несі жаман? деген сұраққа жауап беретін ағйақтар мен ойларды жазамыз.
?-Несімен қызықты? деген сұраққа жауап беретін оқушыны түрлі ойға салатын ойлар мен айғақтарды жазуға арналған.
Донна Огл кестесі
Білем-Білгім келеді-Білдім (БББ)
Б-біз нені білеміз
Б-нені білгіміз келеді
Б-нені білдік және тағы білмеген не қалды

Біз қолданатын ақпараттар тізімі Басты сөз
Біз алғалы отырған ақпарат көздері
А
Б
В
Г
Д
Е
Ж
З
1
2
5
4
Борттық журнал (Гудлат)
Маған осы тақырып бойынша не түсінікті?
Мәтіннен қандай жаңалық білдім?

Екі бөлікті күнделік
Сұрақтар (Цитата)
Тақырыпты түсіну негізі (Коментарий)
Не?
Қалай?
Несімен ерекшеленді?
Неліктен?

Сюжетті кесте
Бұл қарапайым таныс тәсіл. Ақпаратты берген уақыттан бастап жұмыс барысында ойыдың кезеңін анықтап отыру.
Кім?
Не?
Қашан?
Қайда?
Неліктен?

Инсерт (шартты белгілері)
V
Егер, сіз өзіңіздің ойыңызбен сәйкес келеді десеңіз, не болмаса білемін десеңіз;
+
(қосу) егер, сіз өзіңізге бұл жаңалық десеңіз;)
-
-"(азайту), егер, сіз өзіңіздің білгеніңізбен сәйкес келеді десеңіз, не болмаса осы туралы білсеңіз;
?
Егер, сіз маған түсініксіз десеңіз, осы сұрақ бойынша толық мәлімет алғыңыз келсе

Ойлану мен оқуға арналған өзіндік белсенділік жүйесінің белгісі:
" V " - білдім
" + " - жаңа
" - " - басқаша ойладым
" ? " - түсінбедім, сұрағым бар.
Неліктен 6 W
Why- деген ағылшын сөзінен шыққан, мынандай сұрақтардан тұрады?
Неліктен? Неге? Не себепті? ... .
Неліктен?, Неліктен?, Неліктен? жағдаятында Иә, сол себепті ...
Шатастырылған логикалық тізбек
Мұғалім оқушыларға дұрыс және дұрыс емес сөздер жазылған ретті ұсынады.
Оқушылар жекелей жұмыс жасайды, мәтінді оқиды, шатастырылған тізбекті белгілейді.
Өзінің тапқан сөздерін топтағы оқушылармен бөліседі, толықтырады, қатесін түзейді.

Жорамалдау дағдысын дамытудың тәсілдері:
Дұрыс немесе дұрыс емес ойлар;
Сабақтың басында жаңа тақырып бойынша ұғым, соның дұрыс немесе дұрыс еместігін бағалау және өзінің шешімін дәлелдеу қажеттілігі беріледі.
Кері байланыс кезінде оқушыларға бекітілген тақырыптың сабақ басындағы өз шешімінің дұрыстығын бағалауды және өз ойымен алмасуды беру.
Проблеманы шешу дағдысын дамыту бойынша тәсіл
Миға шабуыл
Карусель. Топпен жұмыс.
Топтағы оқушылар санына қарай тапсырмалар немесе проблемалы сұрақтар. Әрқайсысы өз шешімін жазып келесі оқушыға береді, осылай шеңберді айналып жүре береді.

Пікірталасты жүргізу дағдысын жетілдіру тәсілі:
Рөлдік ойындар
Әрлі-берлі пікірталас
Диалог-талас
Бұрыштар әдісі (оқушылардың белгілі бір позициялы бұрыштарға тұрады. Бір топтан шыққан дәлелді ойды-келесі топтың оқушылары жалғастырып отырады. Оқушылар келесі бұрыштарға ауысып отырады. Қозғалғыш сыныптың ортасында отырады, кезкелген топтың пікірталасына араласа алады)

6 қалпақ (қалпақтардың түстеріне сәйкес ойлау үшін, оқушы өзінің пікірінің дұрыс немесе бұрысын дәлелдейді)

Аквариум

Өз ойы және өзгенің ойын тыңдауды ұсыну тәсілі
Тізбек құру (5 жолды өлең, шеңбер бойынша бір-біріне беретін суреттер. Әрқайсысы 5 жолды өлең құрып, өз ойын дәлелдеп шығуы)
Еркін хат, эссе
Ирек (бірін-бірі оқыту) ауысып отыратын топпен жұмыс.
ҰБО әдістемесі.
Сын тұрғысынан ойлау:
Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы білімнің дайын күйінде берілмеуі. Жеке, топтық жұмыстар әзірлеу, эссе, бақылау жұмыстары, әртүрлі кесте, модельдер жасап қорғау, дискуссия, пікір алмасулар сияқты танымдық- рефлексиялық әрекеттер арқылы оқушылар өздері үшін маңызды болған мәселелерді туындайды. Сыни тұрғыдан ойлау - бұл біздің ғасырда дамуымызға мүмкіндік беретін ерекше қабілет. Екіншіден, ақпарат сыни тұрғыдан ойлаудың соңғы емес, жіберілетін пункті болып табылады.Білім адамның сыни ойлауы онсыз мүмкін болмайтын дәлелдемелерді туғызады.Терең ойлау үшін фактілер мен идеялар, мәтіндер мен теориялар, мәліметтер мен концепциялар секілді көптеген шикізаттарды ақпараттарды өңдеу керек болады. Үшіншіден, сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады.
Төртіншіден, сыни тұрғыдан ойлау көңілге қонымды дәлелге ұмтылады.
Сыни тұрғыдан ойлайтын адам мәселені шешудің жолын өзі іздеп табады да , сол шешімдерді негізі бар, саналы дәлелдермен нақтылай түседі,Сонымен қатар ол сол мәселені шешудің басқа да жолдарының бар екендігін мойындайды да, өзі таңдап алған жолдың басқаларға қарағанда ақылға қонымды екендігін дәлелдеуге тырысады.
Бесіншіден, сыни тұрғыдан ойлау әлеуметтік ойлау болып табылады. Барлық ойлар ортаға салынғанда тексеріліп, өткірлене түседі.
Басқалармен таласып оқығанда , талқылап, қарсы пікір айтқанда немесе ой бөліскенде біз өз көзқарасымызды дәлелдеп, оған терең бойлай түсеміз.Сонда ғана алған ақпаратымыз сыни тұрғыдан ой елегінен өткен дәлелді, ойға қонымды болып табылады.
Бұл технология сабақ жүйесінде іштей үш кезеңге бөлінеді:
І. Қызығушылықтарын ояту
Бұл кезеңде оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын арттырудың әр түрлі әдіс - амалдары қарастырылады. Мысалы: Шаттық шеңбері, Тілекті тізбек немесе қызықты сұрақтар қою арқылы оқушыларды өтілетін сабаққа тарту.
II. Мағынаны ажырату
Белсенді түрде оқу. Бұл кезеңді іске асыру үшін бірнеше әдіс - тәсілдер бар. Олар болжау кестесі, ойлан, жұптас, ортаға сал, білемін, білгім келеді, үйренгенім, сұрақ қоя білуді үйрету, өзара оқыту, топпен болжау, топпен зерттеу, т.б. Осы әдіс - тәсілдерді қолдану бұл кезеңді ең тамаша кезеңге, яғни оқушының өздігінен білім алу, өзін - өзі өзектілендіру, танымдық қабілеттерінің дамуы, шығармашылық іс - әрекеттерінің оянуы, бір сөзбен айтқанда, өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады.
ІІІ. Ой толғаныс.
Оқуды қорытындылауы.Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, топпен бөлініп берілген тапсырмалары болса, өздері дәлелдейді, көрсетеді, бағалайды немесе Эссе жазу, бес жолды өлең тәсілдерін пайдаланады. Қазіргі оқыту үрдісінде оң әсерін көрсетіп жүрген әдістердің бірі - топқа бөліп шығармашылық тапсырмалар беру.

Осы орайда шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс - әрекетін ұйымдастыру сыннан өткен мынадай түрлерін алуға болады:
-Тақырыпты мазмұнына сай жинақтау;
-арнаулы бір тақырыпта пікір - талас тудыру;
-сөзжұмбақ құрау, шешу;
-шығарма, шағын әңгіме мәтінін құрау;
-өлеңдер құрау, өтірік өлеңдер құрау;
-әңгімелердің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қою;
Е-лестетіп, қиялдау арқылы суретін салғызу, рөлге бөліп оқыту;
-мазмұндама түрлерін жазу;
-адасқан сөзді орнына қой. т.б.

Ал, сыныптан тыс жұмыс кезіндегі шығармашылыққа баулу түрі:
-Мектеп шеберханасына, мұражайға апару;
-әр түрлі кездесулер ұйымдастырып, одан алған әсерлері бойынша шығарма, өлең жазу;
-суретті кітапша жасату, жазбаша баяндату;
-мектептегі үйірмелерге, сыныптан тыс жұмыстарға қатысуына жағдай жасау;
-газет - журналдарға жаздырып, оны оқу үрдісінде үнемі пайдалану;
-ауыз әдебиетінің түрлерін сабақтарда кеңінен пайдалану.
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байыту, қиялын ұштау мен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Жаңа буын оқулықтарын оқытудағы қазіргі технологиясын қолдану дегеніміз - келешек ұрпақты еркін дамуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау. Осыған байланысты оқыту мазмұнын, түрін, әдісін дұрыс таңдай білу қажеттілігі туады. Баланың бойындағы қабілетін ашу - одан әрі жетілдіру дамыта оқытудың негізінде зерттеушілік білігін және оңтайлы шешімін қабылдауға ынталандыру арқылы баланың бойына еркіндік, мақсаткерлік, еңбексүйгіштік, белсенділік, өз пікірін саналы, шебер ортаға сала білу сияқты оқыта отырып жалпы дамытуды үнемі сабақта жүйелі жүзеге асырғанда жан - жақты гармониялық даму үшін негіз жасалады.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт:
1) сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;
2) оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;
3) әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;
4) үйрену барысындағы оқу-шылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;
5) кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айна-лдырмау;
6) оқушылардың бір-бірінің жауа-бына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;
7) сын тұрғысынан ойлауды бағалау
Адамдардың қабілеттер деңгейі жағынан тең дәрежеде болмауы. Қабілеттердің бірдей емес екендігін сыныпта отырған оқушылардың әрқайсысының әр пәнге және әр деңгейде қабілетті болатындығымен дәлелдеуге болады.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін арттыруда түрлі әдіс - тәсілдерді өз сабағымда қолданамын.Сабақта әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызамын. Түрлі әдіс-тәсілдің көмегімен өткізген әр сабақ оқушылардың ойлауын және қиялын, ойын дамытып, оларды берілген мәліметтерден өздігінен білім алуға үйретеді.
Сабақта әр баланың маршруттық парағы болғандықтан әр баланың жұмысын байқауға болады және онымен қатар түзету, жеке дара жұмыстар өткізуге өте тиімді. Әр сабақта құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар пайдаланамын.
Мұғалімнің міндеті - баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу, өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз жолын таба алады.
Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында сыни тұрғысынан ойлау технологиясын өз сабақтарымда қолданып жүрмін. Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының мені қызықтырғаны баланың өзі ізденіп дәлелдеуі. Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.
Сыни тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама.
Сыни тұрғысынан ойлау дегеніміз- сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау.
Сыни тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын
apттыpa түсу үшін шығармашылық қабілеттерін дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Шығармашылық жұмыстар оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.
Сыни тұрғысынан ойлауды дамытудың мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету.
Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп есептеймін.
Сыни тұрғысынан ойлау- сынау емес, шындалған ойлау. Оқушылардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сыни тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.
Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясымен жұмыс жасау кезінде бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім aлyғa, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсем, оқушылар - оқудың қызықты, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын
баяндайды. Бұл жобамен жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін салыстыру оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығының, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.

1.2 Сыни тұрғыдан ойлау технологиялары арқылы оқытудың тиімділігі

Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Өйткені, тәуелсіз Қазақстанды дамыған бәсекеге қабілетті елу елдің қатарында, терезесін тең ететін - білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқу үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Жаңа технологиялардың ерекшелігі өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту
Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, білім беру мекемелерінің тәжірибесіне енуде. Жаңа технологияларды меңгерту мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтижелер беруде.
Біз өзіміздің болашағымызды, жеке балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді осыны айқындап алатын уақыт жетті деп көрсетілген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға арналған стратегиялық бағдарламасында. Сондықтан еліміздегі ұлттық қоғамды кемелдендіру ел болашағы-жас ұрпақты жаңа инновациялық әдісте рухтық тәлім және білім негіздерімен қаруландырып, қалыптастыру қажет.
Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет-ақ. Сондай педагогикалық технологиялардың біріСыни тұрғысынан ойлау технологиясы .
Бұл технология Кеңес өкіметі кезінде 1973жылдан, Қазақстанда 1997-98 жылдан бері таныла бастады. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау, яғни, RWCT жобасы 29 мемлекетте қолданылады. Технологияның негізін қалаушылар американдық ғалымдар Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Мередит. Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы RWCT Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы - әлемнің түпкір - түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі.
Сыни тұрғыдан ойлау - Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль балалардың да, педагогтердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз-сабақта балалардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау.Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз -- ой қозғай отырып, студенттің өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.
Сын тұрғысынан ойлау - оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Студентті оқытушымен, топ студенттерімен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.
Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы - білімнің дайын күйінде берілмеуі. Технологияның басты мақсаты - дамыта оқыту негізінде Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру. Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу - әрбір ұстаздың басты міндеті. Бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің үлгісі. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
Технологияны жетік меңгеру үшін бірнеше тәсілдер қолданылады. Оқытуда жақсы нәтижеге жету үшін осы стратегияларды оқыту үрдісінің әр кезеңінде сабақтың мазмұнына қарай пайдаланған жөн.
Кластер (топтастыру). Бұл тәсілдің авторы американдық Гудлат. Стратегияның мәні оқу материалын график түрінде жүйелеу, яғни мәтіннің маңызды бөлігін бөліп, график түрінде белгілі бір тәртіппен шоқ тәрізді орналастыру. Бұл тәсілді қызығушылықты ояту және ой толғау кезеңдерінде қолдануға болады.
Инсерт (түртіп алу) жүйесі. Бұл тәсіл бойынша оқу материалы дайын күйінде беріледі, мәтінді оқып отырып оның бір жақ шетіне немесе кесте түрінде жазылады: V -- білемін + мен үшін жаңа - басқаша ойлаймын ? -- түсінбедім, тереңірек білгім келеді.
Кестені мәтіннің фрагменттері немесе толық абзац түрінде толтырады. Сонан соң студенттер жұп болып немесе топпен өзара пікір алмасады. Түсініксіз болған ұғымдарды мұғалім түсіндіреді немесе басқа ақпарат көздерінен іздеуге үйге тапсырма беріледі. Мұнда студенттерге аз таныс, қызықтыратын, энциклопедиялық сипаттағы, яғни құбылыстар туралы мәліметтер жинауға болады.
Венн диаграммасы - екі затты алып, олардың ерекшеліктері мен ұқсастықтарын салыстыру.
Синквейн тәсілі. Мұны бес жолдан тұратын өлең деп те атайды. Бұл әрбір ой толғау кезеңінде қолданылады.
Синквейн жазу ережесі:
Бірінші қатарға бір сөзбен тақырып жазылады (зат есім түрінде).
Екінші қатарға тақырыпты екі сөзбен келтіруі (екі сын есім түрінде).
Үшінші қатарға үш сөзбен осы тақырып бойынша іс -- әрекет жазылады (етістік, көсемше).
Төртінші қатарға төрт сөзден тұратын осы тақырыпқа қатысты сөйлем немесе сөз тіркесі.
Соңғы қатарға тақырып мәнін сипаттайтын бір сөзден тұратын синоним (метафора) жазылады.
Эссе стратегиясын ой толғау кезеңінде қолданған тиімді. Мұнда студенттер тақырыптық ішкі сырын терең түсініп, өз пікірін, өз ойын дұрыс жеткізіп, оқу материалының негізін анықтап, сол арқылы оларды өмірмен байланысын жазады.
Кубизм стратегиясы - кубик жасалынып, оның 6 қырына 6 түрлі тапсырма жазылады. Мұғалім кубті ортаға тастап, қай қыры түссе, оқушы сол қырындағы тапсырмаға жауап береді.
Білемін. Үйрендім. Білгім келеді. Бұл стратегияны 1984 жылы Чикаго университетінің профессоры Донна Огл шығарған. Оның мақсаты - таным үрдісінде рефлексивтілікті дамыту.
Ол үшін төмендегі кестені толтыру керек.
Білемін. Үйрендім.Білгім келеді.
Топтың мүшелерін дамыту мақсатында уақытты үнемдеу арқылы студенттердің барлығын тыңдауға мүмкіндік береді. Кестені толтыру барысында ұсыныстар және жаңа ойлар қосуға болады.
Пікір алысу стратегиясы. Оқушылар бір қорытындыға келетін мәселеге байланысты пікір таластырады, пайдалы, пайдасыз жақтарын шешеді. Белгілі тақырыпты алып, әлеуметтік өмірмен байланыстыру, өз көзқарасын дамыту, өзгені құрметтеуге үйретеді.
Әңгіме стратегиясы. Өзіне -- өзі есеп беру, көзқарасты дамыту, білімін анықтау, бағалау.Технологияны оқытуда басқа да стратегиялар белгілі: Жұқа және қалың сұрақтар стратегиясы және т.б.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының стратегияларын ұтымды пайдалану студенттің шығармашылық қасиетін анықтауда, күшейтуде, оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда ерекше маңызды. Жаңа білімді қабылдау, бекіту, іскерлік пен дағдыны тәрбиелеу барысында жұмыс жүйесін, оқушылардың дербес белсенді әрекетін дамытуда, өздік жұмысының тиімділігін арттыруда Сын тұрғысынан ойлау барысындағы стратегияларды білімді меңгертудің әр түрлі кезеңінде қолдануға болатынын тәжірибе көрсетті.

1.3 Өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану тәсілдері

Оқушы ойлау қабілетін кеңейтіп, дамыту керек. Бұл дағдылардың ішіндегі ең маңыздыларының бірі-сыни ойлау, өйткені ол барлық міндеттерге, жағдайларға, тақырыптарға, мансапқа, қоршаған ортаға, қиындықтар мен мүмкіндіктерге қатысты. Бұл белгілі бір пәндік аймаққа тән емес, "пәндік-жалпы" ойлау қабілеті.
Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз-не сену немесе не істеу керектігін шешуге бағытталған айқын, ақылға қонымды, рефлексивті ойлау. Бұл " біз қайдан білеміз?""немесе" бұл әр жағдайда дұрыс па, әлде тек осы жағдайда ма?"Бұл фактілерді есте сақтау немесе естігеніңізді немесе оқығаныңызды соқыр қабылдау емес, скептицизм мен болжамдарға қарсы тұруды қамтиды.
Сыни ойшылдар кімдер және олардың ортақ белгілері қандай? Сыни ойшылдар әдетте қызығушылық танытатын және рефлексивті адамдар. Олар жаңа салаларды зерттеп, зерттеп, білім, түсінік және жаңа шешімдер іздегенді ұнатады. Олар тиісті сұрақтар қояды, мәлімдемелер мен дәлелдерді бағалайды және фактілер мен пікірлерді ажыратады. Сондай-ақ, олар қажет болған кезде білімнің немесе түсінудің жетіспеушілігін мойындауға мүмкіндік беретін кішіпейілділік тәсілімен өз сенімдерін зерттеуге дайын. Олар өз ойларын өзгертуге ашық. Мүмкін, олар бәрінен бұрын оқуды ұнатады, ал жаңа білім табу-бұл өмір бойы ұмтылу. Бұл сіз болуы мүмкін!
Сіз сыни ойшыл болу жолында қай жерде болсаңыз да, сіз әрқашан өз дағдыларыңызды толығымен дамытып, баптай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАНИПА БІТІБАЕВАНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ
Тарих пәні мұғалімі
Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы ұғымына жалпы түсінік
Қазақ әдебиеті сабағында қолданатын әдіс-тәсілдерінің жалпы сипаты
Оқушыларды шығарма жазуға үйрету, өнер-туындыларын үйрету әдіс-тәсілдері
Тіл дамыту жұмыстарының түрлері
Тіл дамыту жұмыстары
Шешендік өнерді оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті әдістемесінің басқа пәндермен байланысы
Зат есімді оқытуда сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдану
Пәндер