Қазақ күресінің техникасы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

« Қазақ күресіндегі жаттығу принціптері мен техникасын жетілдіру »

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В010800- мамандығы - Дене шынықтыру және спорт

Мазмұны

Кіріспе3

Қазақ күресінің тарихы5

Қазақ күресінің техникасы7

Тәсілдерді тиімді қолдану шарттары. Классификациялау,

жүйелеу және күрес терминологиясы12

Күрес әдістемесінің биомеханикалық негізі17

Дененің тепе-теңдігі және тіреу алаңы19

Салмақ жүктемесі22

Лақтырудың әдіс тәсілдері25

Әдістемелік нұсқаулар29

Жарыстың ерекшелігі туралы мәліметтер42

Қазақ күресінің айрықша ерекшеліктері47

Кіріспе

Бүгінгі таңда жоғарыдағы күресті татар, башқұрт, ноғайлар төл өнеріміз деп таныса, Кіші Азия жұрты да ескілікті мұрамыз деп есептеп жүр. Орта ғасырда өмір сүрген оқымыстылар - Ибн Сина, Әбділқасым Фирдауси, Махмуд Қашқарилардың еңбектерінде белбеу күресі туралы жазылған. Сол сияқты моңғолдың ұлттық күресі «бөх»-тің де 1000 жылдан астам тарихы бар екен. Тіпті Шыңғыс заманына қатысты тарихи деректерде ұлттық күрестен сайыс өтіп, қағанның інісі Қасар топ жарғаны жайлы айтылады. Қазақ халқының өмір сүру салты көшпенді тұрмысқа бейімделгендіктен, күнделікті іс-әрекетінің өзі күрес. Табиғаттың таза сұрыптауынан өткен халықтың жекпе-жек өнерге деген ынтасы классикалық түрде жетілген. Тарихқа көз жүгіртсек көшпенді тайпалардың түп атасы сақ, ғұн, түркілер дәуірінде садақ атудан, ат үстінде найзаласудан т. б. дәстүрлі сайыстар өтетіні жайлы нақты деректер бар. Мысалы, Қытайдың осы заманғы археологтары біздің жыл санауымыздан бұрын Хан патшалығы дәуірінде тұрғызылған, Шинан қаласы маңындағы ежелгі түркілердің қонысын қазып, қабырды ашқанда зираттың ішінен екі мыс табақша табылыпты. Табақшалардың бетінде екі адам бірбірімен қоян-қолтық ұстасып, күресіп жатқан сипаты ашық бейнеленген екен. Қытай ғалымдары бұл балуандарды түріктердің арғы тегі саналатын ғүндар деп ұйғарған. Демек, бұл заттар - күрес шежіресінің айғағы. Оның бер жағында халықтық эпостарда сайыс өнері жайлы көркем тілмен керемет баяндалса, ерте замандағы таңбалы тастардағы күресіп жатқан адам бейнелі таңбалар жайдан-жай салынбаған. Сол сияқты байырғы көшпенді атабабаларымыздан қалған жекпе-жек сайыс өнерінің бір тармағы - қазақ күресінің де өзіндік тарихы бар. Бірақ, ол өткен ХХ ғасырдың басына дейін ел ішінде күрестің бірізді жүйеленген тәртібі болған жоқ. Сондықтан да әрбір өңірде күрес ішкі ерекшеліктерін сақтай отырып, қалыптасқан. Айталық, еліміздің шығыс және орталық өлкелерінде «Арысқа түсу» дейтін сайыс түрі кең дамыған. Бұл жайлы ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің шығарамаларында көркем баяндалады. Арысқа түсу дегенміз - екі қауым, екі ел немесе екі ру өздерінің балуандарын алып келеді. Көрермендерге әсерлі болуы үшін, оны шынжырлап, ноқталап әрі көз-сұқ тимесін деген ниетпен жабулап ұстайды. Балуанды күрес алаңына, яғни арысқа әкеле жатқан мезетте шынжырлы балуан жақтасарын шынжырымен қоса сүйреп, қарсыласын жеп қоярдай өкіреді. Бұл нақтырақ айтқанда психологиялық шабуыл әрі театрланған көңіл көтеру. Осылай екі балуан арысқа түсіп қай жеңгені жүлдені алады, я болмаса, «менімен күш сынасатын тағы кім бар» деп көпшілікке қолқа салады. Ал, қазақ күресінің ғылыми жүйеленуі 1920 жылдан басталады. Алғаш рет 1936 жылы Семей қаласында қазақша күрестен Қазақстан чемпионаты өтеді. Оған Алматы, Батыс Қазақстан (Орал, Атырау, Ақтөбе), Қостанай, Оңтүстік Қазақстан (бұрынғы Шымкент және Жамбыл өңірі), Семей, Павлодар облысының балуандары қатысыпты. Олар үш салмақ дәрежесі бойынша күш сынасады. Жеңіл салмақта М. Құрманбаев (Алматы облысы), орта салмақта Еңсеп Досқалиев (Батыс Қазақстан), ауыр салмақта

А. Мусин (Павлодар) жеңімпаз атанады. Түйе балуан атағы үшін алты балуан белдеседі. Еңсеп әуелі оңтүстіктің балуаны С. Қасықбаевты жеңеді. Шешуші бәсекеде Е. Досқалиев өзінен алты жас үлкен, әрі салмағы тоғыз келі ауыр А. Мусинді жеңіп қазақ күресі тарихында тұңғыш ресми «Түйе балуан» атанған екен. Өкініштісі жауырыны жерге тимеген атақты балуан Еңсеп Досқалиев 1944 жылы соғыста қаза тауыпты. 1938 жылы республикалық ауыл Спартакиадасында өтетін болып қазақша күрестің жаңа ережесі қабылданған. 1940 жылы қаңтар айында Алматы қаласында қазақша күрес өкілдері екінші рет бас қосып, жоғарыдағы ережеге өзгеріс енгізеді. Әрі жаңа ереже бойынша бір қана салмақ дәрежесімен Қазақстан чемпионатын өткізеді. Оған, Алматы, БҚО, Қарағанды, Қызылорда, ОҚО, Павлодар, Өскемен, Семей өңірінің балуандары қатысты. Тағы да орта салмақтағы Еңсеп Досқалиев ешкімге дес бермей бәрін жеңеді. Осы жылы (1940) шілде айында Мәскеу қаласында ҚазССР-ның 20 жылдығына орай орталық «Динамо» стадионында мыңдаған көрерменнің алдында біздің балуандар қазақша күрестің үлгісін көрсетеді. Бұл жерде, яғни Мәскеуде қазақша күрестен басқа өзбек, тәжік және түркімен халықтары да өз күрес түрлері бойынша көрсетілім жасаған. Бірақ кеңестік спорт мамандары қазақша күрес үлгісін оңтайлы көріп, осы үлгі бойынша 1941 жылы, ақпан айында Фрунзе (Бішкек) қаласында Орта Азия және Қазақстан халықтарының чемпионатын өткізу жайлы шешім қабылдайды. Бұл біріншілікке еліміз атынан 10 балуан қатысып, Еңсеп Досқалиев бастаған біздің азаматтар командалық есепте бас жүлдеге ие болған. Бұлар қазақ күресі тарихында халықаралық жарысқа қатысып, тұңғыш рет чемпион болған тұлғалар.

. jpg Осылай қазақша күрес халықаралық дәрежеде қарқын алып келе жатқанда, екінші дүниежүзілік соғыс басталып кетіп, арада он неше жыл үзілістен кейін 1952 жылы қана Орта Азия және Қазақстан спортшылары Спартакиадасында жоғарыдағы ереже негізінде жарыс өткен екен. . jpg Қазақша күрес тарихында айта жүрерлік оқиға соғыс аяқталған 1945 жылдың күзінде Семейде Абайдың 100 жыты. Дереккөзіне жүгінсек, соғыстан бұрын қазақша күреспен айналысып, балуан атағы шыға бастаған азаматтардың барлығы соғыстан оралған жоқ. Аман-есен келгендердің өзі мүгедектігіне байланысты күреске шыға алмаған. Абайдың жүз жылдық торқалы тойы соғыстың зардабынан әбден еңсесі езілген халықтың рухани сілкінісін оятқан зор оқиға болғаны сөзсіз. Тіпті тойға атақты балуан Қажымұқан атамыздың өзі келіп қатысқан. Күрес 1940 жылы қабылданған ереже бойынша өтіп, Семейдің Ақсуатынан келген балуан Дәулен Әбікенов пен Абыралы елінің жойқын күш иесі Әшкен екеуі шешуші арысқа түседі. Дәулен Әбікенов қарсыласын төңкеріп тастайды. Осы күрестің басы қасында болып, арыстардың айқасын көзбен көрген халық ақыны Төлеу Көбдіковтің: Балуандар жағаласып жармасқанда, Алысып айдаһардай арбасқанда, Балуаны, Ақсуаттың лақтырып, Шығарды бұрқ еткізіп шаңды аспанға… - дейтін ұзақ жыры бар.

  1. Қазақ күресінің тарихы

Қазақ күресі - қазақтың ұлттық күресі. Қазақ күресі қазақтардың ең көне спорт түрлерінің бірі. Қазіргі Қазақстанда бұл жекпе-жек өнер үлкен сұранысқа ие, ал қазақ күресі бойынша жарыстар мерекелер мен салтанаттарда жүргізіледі. 1938 жылдан бері республикалық жарыстар бағдарламасына кіреді. 2016 жылы ЮНЕСКО, толеранттылық, ізгі ниет және ынтымақтастыққа принциптеріне негізделген қауымдарды арасындағы қатынастарды нығайтуға әсерін атап өте отырып, қазақша күресті адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізді

Күрестің ұлттық түрі «қазақ күресінің» даму тарихы қазақ халқының тамыры тереңнен тартылатын тарихымен тұтасып жатыр. Түрлі бас қосулар мен мереке тойлар спорттың осы түрінің сайысынсыз өткен емес. Күші басым түсіп, жеңіске жеткен балуандар халықтың төбесіне тұтар құрметті адамына айналған. Қазақтың ұлы батыры Қажымұқан есімі қазақ халқының тарихына ғана еніп қойған жоқ, сонымен бірге спортшылардың әлемдік элитасының қатарына кірді.

«Қазақша күрес» бойынша бірінші ірі жарыс 1938 жылы ауыл шаруашылығы аймақтары арасындағы спартакиада аясында өткен. Сол сәттен бастап жарыс дәстүрлі түрде республика қалаларында тұрақты өткізіліп келеді. Ірі Халықаралық турнирлер 1952 және 1975 жылдары Азия аймағы спортшыларының қатысуымен өткізілді. Ұлттық күрестің дамуы Қазақстан егемендік алғаннан кейін жаңа серпін алды. 1991 жылдан бастап республикалық чемпионаттар мен біріншіліктер жыл сайын өткізілетін болды.

  1. жылы Қазақтардың Берлиндегі Бүкіләлемдік Құрылтайында конференция болып, сонда «Қазақша күрес» күресі бойынша халықаралық федерация ұйымдастырылды. Федерацияның президенті - Түкиев Серік Адамұлы.
  2. жылы Ресейде (Алтай өлкесі) «Қазақша күрес» күресі бойынша І Азия Чемпионаты өтті. 2005 жылы қарашада Астанада ҚР Президентінің жүлдесіне «Қазақша күрес» күресі бойынша ірі халықаралық турнир болды. Оған әлемнің 25 елінен 100-ден аса спортшы қатысты. Олардың қатарында Германия, Түркия, Голландия, Франция және басқалары бар. Биылғы жылдың шілдесінде Монғолияда «Қазақша күрес» күресі бойынша ІІ Азия Чемпионаты өтті. [2] 2011 жылы тамызда қазақша күрестен Қазақстан біріншілігі болып өтті.

Бұл ойын адамның денесін ширатып, бұлшық еттерді қатайтады, төзімділікке, батылдылыққа, ептілікке, керек кезінде тез ойланып, әдіс таба білуге машықтандырады. Қазақша күрес күш жетілдіретін спорт. Сонымен қатар ол қорғанудың ұлттық өнері («Самбо») . Қазақша күресте адам өзін еркін ұстап, өз бойындағы күшін, әдісін түгел пайдалана алады, мұнда шалу, жата тастау, арқалай тастау, қол байлап күресу, салмақпен басу, тіресу, ашадан алу, аяқтың басымен іліп тастау, жамбасқа алып иіре лақтыру, белінен қысып, тірсектен шалу сияқты әдістердің бәрін де қолдануға болады. Палуандар кілем үстінде; арнаулы жазық жерде, тегістегі қар үстінде белдесіп күресе береді. Ойынның ережесі бойынша қимыл үстінде адамға зақым келтіре күш жұмсауға, дөрекілік жасауға болмайды. Күрес бір жақтың талассыз жығылуымен және жауырыны жерге тигізілуімен аяқталады.

Күресетін палуандар жаңадан енгізілген ереже бойынша жасына қарай 3 топқа, салмағына қарай 8 категорияға бөлінеді. Күрес мерзімі ересектер үшін 10 минут, жас өспірімдер үшін 5 минут. Кейде жығылған адамды басып жатып, жауырынын жерге тигізу шарт емес. Бұл күрестің басты шарты - күшін, әдісін асырып, талассыз жығу. Кейде жыққан адам жығылған адамның басынан аттап «күш алу» деген байырғы жеңіс белгісі жасалады. Қазақша күрес аудандың, облыстық, республикалық спартакиадалардың программаларына кіргізілген, спорттық командалары бар ресми түрде жұрт таныган өнер.

Бұрын қазақша күресте жас, салмақ шектеулері ескеріле бермейтін. Қазіргі уақытта осы спорт түрінде бірыңғай спорт киімі және күрес жүргізу техникасына қатысты белгіленген белгілі бір ережелер бар. Қазақ күресінен балуанның киімі самбошы киімімен біршама ұқсас. Самбодан айырмашылығы, қазақша күресте шапан қысқа жең, иықтарында шағын жапсырмалары бар (ұстасу үшін) . Кеудеше аса берік материалдан тігіледі.

Белден және белден жоғары кез келген ұстасуға рұқсат етіледі. Ұстасудың мақсаты - қарсыласының жауырынына тастау.

Қазақша күрестен шешілуі қармауыштар үшін жоғарғы дене бөлігі. Күрес тағанда жүргізіледі. Аяққа өтуге тыйым салынады. Күртеше мен белдеуден қармауға болады. Белбеу күресі тәсілдері рұқсат етілген. қолды Қағып жіберуге, жамбас тәсілдері арқылы аяғын іліп алуға болады. Тіземен кілемге тиюге болмайды, бұған қатысты алдын-алу ескерту береді. Қазақша күрес техникасы бойынша грузин (чидаоба), татар (куреш) және өзбек күресімен (кураш) ұқсас. Қазақша күрес тәсілдері самбо техникасына енгізілген. Көбіне қазақша күрес палуандары (балуандар) самбо, дзюдодан әр түрлі жарыстарға қатысады.

2012 жылдан бастап Қазақстанда жыл сайын қазақша күрестен "Қазақстан барысы" республикалық турнирі өтеді. Бұл осы ұлттық спорт түрін дамыту үшін өткізіледі. Турнир Тараз қаласында өтеді. Турнирге барша Қазақстаннан спортшылар қатысады. Ережеге сәйкес, балуандар абсолюттік салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Сонымен қатар Тараз қаласында "Еуразия барысы" халықаралық турнирі өтеді. Мұнда Еуропа мен Азиядан балуандар қатысады. Тұрақты қатысушылары Иран, Моңғолия, Ресей, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Қытай және Қазақстан балуандары.

Ал 2014 жылы Павлодарда алғаш рет қазақша күрестен "Әлем барысы" әлемдік турнирі өтті. Жарысқа спортшылар әлемнің түкпір-түкпірінен қатысады.

Қазақ күресінің техникасы

Шалып лактыру - техникалық арсеналында жетекші орындардың бірін алады. Оның алдыңғы, артқы және бүйір шалу сияқты түрлері бар. Әдіс бір аяқтың астына да екі аяқтың астына да орындалады. Шабуылдаушы балуан қарсыласын өз қойған аяғын арқылы арқасына лақтырады.

Кағып лақтыру - алдыңғы, артқы, бүйір және іштен қағып лақтыру деп бөлінеді.

Иліп лақтыру - самбо терминологиясында бұл - сирақтың ілмектері.

Лақтыра жығу - бұл лақтыру кезінде, аяқ (аяқ) қарсыластың алдынан немесе аяқтың артқы бөлігі ішінен кіру арқылы лақтыру.

Арқадан асырып лақтыру - бұрыла лақтыру. Самбо терминологиясында - арқа арқылы лақтыру. Қарсыласына арқасымен бұрылу есебінен - кейін иіліп не лақтырған жағына алға қарай жығылып орындалады.

Еңкейіп лақтыру - еңкейіп лақтыру. Күшті балуанның физикалық күші үшін тәсілдер. Көбінесе қарсы әдіс ретінде қолданылады, сол мезетте қарсыласының иық арқылы балуанның белін басып алуға тырысқан кезде орындалады. Осы сәтте лақтыруды жүргізетін балуан басты қимылдатып бұрын кенеттен дене тұрқын, аяқтағы тізе буындарын түзетуі тиіс және қарсыласын өзіне қаратып, содан кейін денені алға күрт көлбеулетіп және тізені төмен тастап есебінен көтеру керек.

Котермелеп лақтыру - үстіне отырғыза лақтыру. Қазақ күресінде тарихы терең белгілі әдіс. Сыртынан және ішінен отырғызу арқылы әр түрлі тәсілдермен орындалады.

Айналдырып лақтыру - шыр айналдыра лақтыру. Қатаң тәсілдер, қазақ күресінде ежелден белгілі. Күші көптер қарсыластарын иық деңгейіне, тіпті одан да жоғары бас деңгейіне көтереді, олардың айналдыра әр түрлі тәсілдер орындаған: оларды қойылған жамбас, арқа арқылы тастаған, немесе сыртынан іліп алу арқылы лақтырған. Бұл техниканы меңгерген балуаннан қарсыластары қорқатын. Кейбір физикалық әлсіз балуандар осындай лақтырудан кейін жарақаттар алған.

Тонқалана асып домалай лақтыру - домалай лақтыру. Белден екеуі де ұстасқан кезінде жүргізіледі, шабуылдаушы лақтыруды орындай отырып, бір жағына қарсыласты ала отырып, қолдың күш-жігері арқасында оны өзіне қарай лақтырады және арқасымен ұстап қалады.

Кеудеден лақтыру - бүгіле лақтыру. Самбо терминологиясында - кеуде арқылы лақтыру.

Орап лақтыру - cамбода бұл ілмек тәсілдердің бір түрі.

Қазақ күресінің тарихы ұлтымыздың өмір тарихымен тығыз байланысты. Балуандардың күш сынасуы ат жарысы, ақындар айтысы сияқты қазақ халқы өнерінің ажырамас бір бөлігі болып саналады. Қазақтар күш иесін «алып», «толағай», «балуан» деп атап, оны ерекше қасиет қонған адам ретінде таныған. Күрес - ұлттық мәдениетіміздің маңызды бір саласы болып табылады. Қазақтардың жыл он екі ай далада өмір кешіп, үнемі қозғалыста болу тірлігі, жас баладан бастап еңкейген кәріге дейін дене-күш дайындығына ерекше талап қойды. Қазақ елінде ат үстінде еркін отырудан бастап, садақ ату, күрес, жекпе-жек айла-тәсілдерін меңгеру ұл мен қызға бірдей қойылатын талап деңгейіне көтерілді. Халқымыздың ұлан-байтақ аумақта орналасуы, көшіп-қонып жүруге негізделген шаруашылығы және көршілес елдер салт-дәстүрлерінің ықпал етуі қазақ жерінде балуандық өнердің бір-бірінен айырмашылығы бар бірнеше түрлерінің дамуына негіз болды. Ертегі, аңыздарда, батырлар жырларында, тарихи және көркем шығармалар мен, археологиялық қазба деректерде күрестің бірнеше түрлері болғандығы туралы көптеген дәлелдер кездеседі. Қазақ топырағында балуандық өнердің ежелден келе жатқанын мына бір тарихи оқиғадан айқын аңғаруға болады. Осыдан 18 ғасыр бұрын 371-381 жылдар арасында ғұндар патшасы Баламбер (Атилланың алдындағы патша) өзінің жеңістері мен мемлекеттік шешімдерінен кейін үлкен той-жиын өткізіп, оның негізгі бір бөлігі ретінде ат жарыс, балуан күресі, садақ ату, найза лақтыру, аударыспақ, теңге алу, т. б. ойын түрлерін өткізген. Ал сол кездегі ғұндар тілімен осы ойын түрлері былай айтылған: Ээр-хүреш, Ат-хуреш, Лансахуреш, Шабарман-хүреш, Жебе-хүреш, т. б. Ээр - ер күшті мағынасында, Хүреш - балуан күресі мағынасын білдіреді. Біздің дәуірімізден 3 000 жыл бұрын салынған Бени-Гассан жеріндегі перғауынның табытындағы суреттерден Мысыр жауынгерлерінің ең маңызды жаттығуларының бірі күрес болғандығын көруге болады. Көне грек жазушысы Эллиан (б. з. б. ғасырлар) сақтардың әдет-ғұрыптары туралы жаза келіп, мынандай деректер келтіреді: « . . . егер сақ жігіті үйленгісі келсе, алдымен өзінің болашақ қалыңдығымен күресіп жеңуі қажет. Олай болмаған жағдайда, жігіт сол қыздың қол астына күтуші құлы ретінде өтеді». Қазіргі Орталық Мексика жерінде өмір сүрген (б. з. б. 909 жыл) Мая мәдениеті тарихында доп ойындарымен қатар жекпе-жек түрлерінің де жақсы дамығандығы белгілі. Осындай сайыстар кезінде адамдар күрес әдістерін кеңінен қолданып, арнайы киім киген. Көне грек жазушысы Клавдий Элиан: «Сақ жігіті өзі ұнатқан қызға үйленгісі келсе, сол қызбен күресуге міндетті болған. Егер бұл белдесуде қыз жеңіске жетсе, онда жігіт соның қол астында қалып, бағынышты болады. Мықты, күшті жігіттердің ғана мерейі өсіп, билік жүргізген», - деп жазады. Ал, кіндік Азия елдерін шарлап, жиһангерлігімен аты шыққан итальян саяхатшысы Марко Поло да күрес өнері сақ елдерінде өркендеп өсіп, әскери-қолданбалы жаттығудың бір түріне айналғанын және жігіттермен бірге қыздардың да күреске түсетінін айтып, тарих шежіресіне тіркеген. Тағы бір саяхатшы, король Кастилий Генрих III-тің жіберген кісісі Рей Гонзалес Клавдихо өте-мөте құнды деректерді келтіреді. Ол даңқты қолбасшысы Темірдің сарайында ең күшті балуандардың белбеуден ұстап күрескенін тамашалайды. Бұл 1403-1406 жылдар аралығы екенін ескерсек, белбеуден ұстап күресудің ережесі әлдеқайда ертеден бастау алғанына көз жеткіуге болады. Темір әміршінің белбеуден ұстап күресуге қатты назар аударып, көз салып қарап отыруы туралы тың тарих жылнамасының мәні зор. Атақты, ауыр айқастарда жеңіске жеткен балуандарға алтыннан, күмістен, басқа да бағалы металлдардан жасалған сыйлықтар, тарту-таралғылар беріліп отырған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күрес тәсілдерін оқыту әдістемесі
Аяқпен жасайтын әдіс
Күресті жүргізудің тәсілдерін үйрену және жетілдіру
Күрес спорты
Қазақ күресінің оқу пәні ретінде дамуы
Еркін күрестің техникасы
Қазақ күресінде қолданылатын сөздік қорлар
ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Белбеу күрес
Қазақ күресі арқылы жасөспірім балуандардың дене сапаларын жетілдіру амалдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz