Қонаев және оның кезеңі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
1. Д.Қонаев және оның кезеңі.
2. Мәңгілік ел
1. Қонаев және оның кезеңі
Кіріспе:
Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы - тек қазақ халқы үшін емес, барлық КСРО және Қазақ КСР халқы үшін көрнекті тұлға. Ол 1912-1993 жылдары өмір сүрген. Осы уақыт аралығында билікке белсенді атсалысып, түрлі дәрежеде қызмет еткен. Нақтырақ айтсақ 1942-1952 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары, 1955 - 60 жəне 1962 - 64 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, 1960 - 1962 жəне 1964 - 1986 жылдары Қазақстан Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің Бірінші Хатшысы болды. Ол билікте болған кезде қазақ халқы Ұлы Отан Соғысы, Тоқырау жылдары, Хрущев, Горбачев билігі , олардың қазақ жеріне, билігіне енгізген түрлі өзгерістері және т.б. осы секілді оқиғаларды басынан кешірді.
Негізгі бөлім:
1942 - 1952 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болған кездегі қазақ халқының жағдайы.
1942 жыл Ұлы Отан соғысының болған уақыт аумағы болатын. Ал соғыс жылдарында Қазақстанға туысқан республикалардан 13 ғылыми мекеме, 19 театр, 30-астам жоғары оқу орны көшіп келді. Аса қиын жағдайларға қарамастан 1941 жылы Алматыда шет тілдері институты, 1943 жылы Шымкент күрылыс материаддары технологаялық институты, 1944 жылы Алматы қыздар педагогикалық институты, Қазақ физкультура институты ашылды. Интеллигенция Отанға шексіз берілгендіктің өнегесін көрсетті. Ғалымдар Қазақстанның байлықтарын майданға қажетті керек-жаратты, жаңа қару-жарақ түрлерін ойлап шығарды, өндіріске жаңа технологиялық процестерді енгізді, жаралы жауынгерлердің басым көпшілігін тез арада сауықтырып қатарға қосты. 23 типті авиация, моторлы, теңдесі жоқ Т-34 танкісі, атақты "Катюшасы", жаңа артиллериялық қару-жарақтар, автоматты атыс қару түрлері т.б. совет ғалымдарының сол кезеңдегі жеңіске қосқан қомақты үлесі еді. Идеология майданының жауынгерлері Отанды қорғау туралы, халықтың жеңіске деген сенімін нығайтты, барлық күш-жігерін майданға көмек беруге жұмылдырылды, тыл мен майданның бірлігін арттырды, тылда да, майданда да, партизан өлкелерінде хеңісті шындады. Орталық радио тәулігіне 18 сағат хабар жүргізді. КСРО халықтарының 70 тіліңде, 28 шетел тілдерінде сұрапыл соғыстың барысы туралы ақиқатты хабарлады.
Республика астанасында 20-дан астам ғылыми-зерттеу институты, соның ішінде, КСРО ғылым академиясының философия, география, физиология институттары, УКСР ғылым академиясының физика-механика институты, КСРО сәулет академиясы орналасты.
Қазақстан аумағында соғыс жүрмегенмен,оның зардаптары мен аурытпалықтары да аз болған жоқ.Көптеген өнім түрлерін ,әсіресе халық кең тұтынатын тауарларды өндіру күрт қысқарды.Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасы құлдырады.Елдің соғыстан кейінгі өркендеуі бағдарламасы халық шаруашылығын дамытудың 1946-1950 жылдарға арналған төртінші бесжылдыққа бағытталып салынатын салымдары 8,8 млдр.рубль мөлшеріне белгіленді.Бесжылдық жоспарды жүзеге асыру барысында республика өнер-кәсіпті дамытуда елеулі табыстарға қол жеткізді.Бұл жерде жаңа кәсіпорындар құрылысы салынғанына,ескілердің жаңартылғанына назар аударуымыз керек.

Республикада ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіріп, тез дамыту, сондай-ақ женіл тамақ және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету көзделді. Халықтың материалдық қажеттерін қанағаттандыру ісі екінші кезектегі мәселе болып саналды. Төртінші бесжілдық жоспарда Қазақстанның халық шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға мән берілді. Ауыр өнеркәсіпке, темір жол желісін салуға, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға қаржы бөлінді. Қазақстанға бөлінген күрделі қаржы одақ бойынша үшінші орында болды. Төртінші бесжылдықта бүкіл елде өнеркәсіп өнімі 1940 жылғымен салыстырғанда 40%-ға өсетін болып белгіленсе, Қазақстанда ол 2,2 есе артатын болды.
Төртінші бесжылдық құрылыстары:1946- 1950 жылдары республикада болат прокаты, қара және түсті металлургия, тау-кен және көмір салыстырғанда 2,3 есе, оның ішінде көмір шығару 2,5 мұнай - 1,5 газ- 1,9 электр құатын өндіру 4,1 есе артты.
1950 жылы мұнай өндіру 52 %- ға артты. 50-жылдардың басында республикадағы кәсіпорын саны - 65 болды. Бесжылдық қортындысында Қазақстан өнеркәсібінің жалпы өнімі 1940 жылмен салыстырғанда 2,3 есе, оның ішінде көмір шығару 2,5 мұнай - 1,5 газ- 1,9 электр құатын өндіру 4,1 есе артты.
Мұнымен қоса теміржол желісі де қарқынды дамыды.Мысалы,1950 жылы ұзындығы 483 км. Мойынты - Шу темір жолы салынып, Жамбыл - Шолақтау теміржолы іске қосылды.
Соғыстан әлсіреп шыққан еліміздің ауыл шаруашылығын қалпына келтіру жолында көптеген кедергілер кездесті. Олар: ауыл шаруашылық техникасының жетіспеуі, жұмыс күшінің аздығы, әміршіл-әкімшіл жүйенің

1948 жылы республикада ауылдар мен селоларды жаппай электірле- ндіру жорығы басталды. Сөйтіп, төртінші бесжылдық тұсында 752 колхоз, 317 МТС, 164 совхоз және 193 селолық аудан орталығы электрленді. Селолық электр станцияларының қуаты 1945 жылмен салыстырғанда 2,8 есе өсті.
Республикада тортінші бесжылдықта егіс көлемі бір миллион гектардан аса ұлғайды. Ауыл шаруашылық дақылдарының шығымдылығы артты. 1950 жылы астықтың жалпы түсімі 47654 центнерге жетіп, соғыстан бұрынғы дәрежесінен 89% -ға асып түсті.
Сонымен қатар Қонаев Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болған кезде Қазақстанның экономикалық даму жұмыстары жргізілді: 1950-1960 жылдары өнеркәсіптиің өндіруші салаларында едәуір жетістіктерге жетуіне қарамастан Қазақстан эконмикасында бірқатар келеңсіз жағдайлар қалыптасты. Шикізаттық бағдар белең алды. Өңдіруші секторға сай өңдеуші сектор нәтижелі даму дәрежесіне жете қоймады. 1930 жылғы қағида бойынша өнеркәсіптің тұтыну тауарларын өндіру тобына қарағанда өндіріс құралдарын өндіру тобын жеделдете дамыту жоғарғы орында болды.
Қазақстан шикізаттық-өндірушілік бағытында дамыту, біріншіден - Қазақстанның аса бай табиғи ресурстарын мүмкіндігінше көп пайдалануды, екіншіден қоршаған ортаны ластайтын, қуатты көп қажет ететін өндіріс орындарын осында қалдыруды, үшіншіден машина, электроника, прибор тауарларын, халыққа қажетті заттарды аз шығаруды мақсат етті. Алайда реформалар сәтсіздікке ұшырады. Шаруашылықты басқару рефорларын іске асыруға талпынған Қазақстан сәтсіздікке кезікті. Өнеркәсіп өндірісін қамтамасыз ете алмаған орталықтандырылған салалық министірліктердің орныны халық шаруашылығы кеңестері құрылған болатын. Қазақстан жағдайында одақтық министрліктерге бағынатын аумақтық-өнеркәсіптік партия ұйымының нұсқауларын таңдағсы келмеді. Осы кезде КСРО-ның орталық облыстарының өзінде кәсіби мамандар аз болды. Ал Қазақстанда білікті мамандардың аздығы айқын байқалатын. СОндықтан Республика өндірісінің басшылары шеттен келгендер болды. Сонымен 1940-1950 жылғы экономикалық реформалар осындай сәтсіздікке ұшырады.
1952 - 1955 жылдары Д.А.Қонаев Қазақ КСР-нің Ғылым академиясының президенті қызметін атқарды. Бұл қызметке тағайындалуы өте қиын жағдайда жүзеге асырылды. Ол кезде тарихшы Ермұқан Бекмахановқа Кенесары Қасымовтың қозғалысын дəріптеді деген саяси айып тағылып, Орталық Комитет тарапынан туындаған жазалау басталып жатқан еді. Ал Тарих институты Ғылым академиясының бір бөлігі болып табылатындықтан, академия президенті Қаныш Имантайұлы Сатбаевта негізсіз жалған айыпталып, атақты ғалымның басында қуғын-сүргіннің бұлты үйіріледі.
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші Хатшысы Жұмабай Шаяхметов өте қиын жағдайда қалды, себебі ол қызмет бабы бойынша Орталық Комитеттің ресми көзқарасын жақтауы тиіс еді. Бұл жағдайдың бір амалын табу үшін ол 1951 жылдың желтоқсан айында Қазақ КСР Ғылым академиясын басқаруды Д.А.Қонаевқа тапсыруға ұсыныс жасайды. Ал ол бұл қызметтен бас тартады. Екі айдан кейін Ж.Шаяхметов ұсынысын қайтадан білдірген кезде, Д.А.Қонаев келісуге мəжбүр болады. 1952 жылдың 17 сəуірде Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі жəне президенті болып сайланды. 1952 жылдың қыркүйегінің аяғына таман Қазақстан Компартиясының VІ съезі болып өтті. Ғылым академиясының Президенті республикалық Орталық Комитеттің мүшесі жəне Сталин басқарған соңғы Бүкілодақтық Коммунистік партия ВКП (б) ХІХ съезінің делегаты атанады. Тау-кен ісі саласының ірі ғалымы Д.А.Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңіреді. Ғылыми ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзеге асырылады. Қонаевтың ғылыми еңбектері кен орындарын ашық əдіспен зерттеудің теориясы мен тəжірибесінің маңызды мəселелеріне арналған. 1948 жылы кандидаттық, ал 1968 жылы докторлық диссертация қорғады. 100- ден аса ғылыми еңбектері жарық көрді. Қазақстанның экономикасы мен мəдениетін өркендету жолына өзінің білімін, мол тəжірибесін жəне ұйымдастырушылық қабілетін аянбай жұмсай білді.
Д.А.Қонаев 1955 - 60 жəне 1962 - 64 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, ал 1960 - 1962 жəне 1964 - 1986 жылдары Қазақстан Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің Бірінші Хатшысы болды. Бірнеше мəрте КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. СОКП-ның ХІХ съезінен бастап кейінгі съездерінің бəріне делегат болды. Партия делегациясын басқарып, əлденеше рет шетелдерде болып қайтты. 1956 жылдан бастап СОКП Орталық Комитетінің мүшесі болды. 1966 жылы партияның ХХІІІ съезінде ол СОКП Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал 1970 жылы ХХІV съезде Саяси Бюроға мүше болып сайланды.
Осылай ол 20 жылдан аса уақыт бойы СОКП ОК Саяси Бюросының мүшесі болып, КСРО секілді айдарынан жел ескен алып державаның ішкі-сыртқы саясатының мəселелерін шешуге қатысқан əлемдік масштабтағы мемлекет қайраткер дəрежесіне көтерілді.
Ол Қазақстанның экономикасы мен мəдениетін өркендету жолына өзінің білімін, мол тəжірибесін жəне ұйымдастырушылық қабілетін халқының пайдасына жұмсады. Д.А.Қонаев өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Ол билік басында болған уақыт қаншалықты күрделі, қарама- қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, əлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мəдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді. Түрлі деңгейдегі партия жəне кеңес қызметін атқара жүріп, Орталықтың өктем саясатының ығымен кете бермей, ел мүддесін, болашақ қамын да бір сəт естен шығарған жоқ. 1960-шы жылдардың басында Н.С.Хрущевтің озбырлығымен Өзбекстанға беріліп кеткен қазақ жерінің біраз бөлігін, атап айтсақ, екі совхоз бен 500 мың қойдан басқа жерлердің барлыған қайтадан қайтарып алуы соның айқын бір дəлелі еді.
Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық уақыт ішінде өзінің үлкен мəдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен танылып, халық дəстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де Қазақстанның тəуелсіздігінің алғашқы қиын жылдарында ол білімдар, білікті жан ретінде елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландырудың қажет екенін терең сезініп, қолдай білді.
Қазақстанның қуатты аграрлы-индустриалды мемлекет ретінде қалыптасуында Д.А.Қонаевтың сіңірген еңбегі ерекше. Д.А.Қонаевтың билігі кезеңінде Өскемендегі қорғасын-мырыш жəне титан- магний, Соколов-Сарыбай, Лисаков, Балқаш, Жезқазған тау-кен-металлургия комбинаттары кұрылды жəне дамыды. Оның көмегімен химия, метталлургия институттары ашылды. Қазақстандағы ВАСХНИЛ, Ақмоладағы Бараев институты əлеуметтік тапсырыс пакеттерін алды, ядролық физика саласындағы қарқынды жұмыстар басталды, Орта Азиялық əскери округ, əскери-инженерлік база кұрылды. Алматыдағы құрылыс пен қаланың өркендеуіне де ол аз нəрсе жасаған жоқ. Оның бастамасы бойынша бой көтерген Республика сарайы, Достық даңғылындағы тұрғын үйлер, Медео спорт кешені, Балуан Шолақ атындағы спорт жəне мəдениет Сарайы, Республика алаңы, Қазақстан, Жетісу, Алматы, Алатау мейманханалары, цирк, аэровокзал, əуежай жəне көптеген ірі ғимараттар Қазақстан Республикасының визиттік карточкасы болып қалды. Ел астанасының көркеюіне жұрттың бəрі мүдделі десек те, сол кезде оны жүзеге асыру қиын еді. Үлкен құрылысты салу үшін Мəскеудің рұқсаты керек. Ал ондағылар басқа жақта, əсіресе мəдени-ұлттық нысандардың бой көтергеніне онша құлықты емес еді. Алматыда біраз нысандардың бой көтеруіне Д.А.Қонаевтың беделі, тіпті тапқырлығы көмектесті. Айталық, Лениннің 100 жылдық мерекесін атап өту үшін көп адам сыятын əсем ғимарат керек деген себепті алға тосып, Республика сарайын салдырды. Сол ұлы көсем атындағы даңғылды көркейтеміз деп, оның бойынан біраз мəдени-тұрмыстық нысандар тұрғызды: 25 қабатты Қазақстан қонақ үйі, М.Əуезов атындағы академиялық драма театры, М.Лермонтов атындағы орыс драма театры, Қазақ циркі, жастардың Неке сарайы, Ұлттық кітапхана, Арасан моншасы, жабық Көкбазар кешені, тоғыз қабатты Баспасөз үйі, Алматы темір жол вокзалдары, республикалық Пионерлер сарайы жəне т.б.
1953 - 1964 жылдар аралығындағы Н.С.Хрущев басқарған уақытта күтпеген өзгерістерге жəне асығыс тағайындауларға толы кезеңдер болды. Д.А.Қонаев Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің төрағасы қызметіне екі рет келіп, Республика Компартиясының Бірінші Хатшысы қызметін атқарады. Соңғы лауазымды қызметтен аймақтық мəселе бойынша партиялық диктатор көсемге наразылық білдіргені үшін босатылады.
1964 жылы Д.А.Қонаев Кеңес Одағының Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің қазан айында өткен Пленумына қатысады, яғни осы жиынның шешімі бойынша Никита Хрущев қызметінен босатылып, КСРО-ның бірінші басшысы болып Л.И.Брежнев тағайындалады. Ал желтоқсан айында Д.А.Қонаев Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы болып сайланды.
Ол үшін шынайы жаңарту жəне өзгертіп, қайта құрудың кезі келеді, бұл уақытта ол Кремльдің тегеурінді ықпалына қарамастан, партия күшінің көмегін пайдалана отырып, өз Отаны -- Қазақстан үшін көптеген игілікті жəне ізгілікті шараларды жүзеге асырады.
Қазақстандағы индустрияландыру үрдістері 1965 - 1985 жылдары біршама екпінді жүрді. Еліміз КСРО-дағы өнеркəсібі дамыған аймақтардың біріне айналды. Жалпы ішкі өнім көлемі бойынша республикамыз КСРО-да үшінші орын алды (Ресей мен Украинадан кейін). Қазақстанда Кеңестер Одағындағы түсті металлургияның негізгі базаларының бірі орналасып, мол ауқымдағы отын- энергетика кешені, дамыған химия саласы, көмір өндіретін өнеркəсіп жұмыс істеді, мұнай өндірудің (тіпті əлемдік стандарттар бойынша да) əлеуеті орасан зор болды.
1973 жылы осы бөгеттердің тұрақтылығын тексергісі келгендей, сол жаққа қарай өте қуатты сел бет алды. Сел тасқынын оған қарсы тұрғызылған бөгет ұстап қалады. Сел тасқынының екінші толқыны 16 шілдеде орын алды. Бөгет бұл соққыға да төтеп берді
Қаланың шығыс бөлігі апаттан аман қалды. Сол бір қиын күндері сел тасқынының салдарынан орын алған жағдайларды ретке келтіріп, қала тұрғындарының аман-есен өмір сүруін қамтамасыз ету шараларын Дінмұхамед Ахметұлы тікелей өзі басқарды.
Үлкен Алматы өзені бойынша сел тасқынынан қорғаныс жұмыстары 1975 жылы басталып, 1980 жылы сəтті аяқталды. Сел тасқыны бөгеті жанында, тау етегінің тұсында заманауи Медео мұз айдыны бой көтерді.
Д.А.Қонаев қазақ халқының мəдениеті мен өнерін жоғары бағалады жəне қолдады.1952жылыҚазақстан Компартиясының Орталық Комитеті Д.А.Қонаевқа Мұхтар Омарханұлы Əуезовті идеологиялық себептер бойынша академиктер қатарынан шығарып тастауды ұсынды. Əрқашан партияның бұйрығын екі етпейтін Д.А.Қонаев осы жолы Орталық Комитетке бағынудан бас тартады. Бірден Мəскеуге барып, М.О.Əуезовті қуғын-сүргіннен аман алып қалудың амалдарын қарастырды.
Ол қазақ халқының талантты өкілдерін қамқорлығына алып, шығармашылық тұрғыдан өсуіне ықпал жасап отырды. Олжас Сүлейменовтың АЗ и Я атты зерттеуінің философиялық мəнін түсінді, оны орталықтың жаласынан арашалады. Өнерді тоталитаризмнің идеологиясынан қорғай білді. Л.И.Брежнев тұсында кеңес елінің идеологиясын сұр кардинал Суслов басқарды. 1975 жылы Олжастың даңқты кітабы жарық көрді. Ақынның кітабы партиялық тұжырымдар талабынан шықпайтын, социалистік реализмнің шеңберіне сəйкес келмейтін. Жазушыны қуғындау басталып кетті. Бұл шараларды Суслов басқарып, осы кітапты шығаруға қатысқандардың барлығының жазалауға ұшырауын қатаң талап етті.
Сол кезде Д.А.Қонаев дос ретінде Л.И.Брежневке кіріп, оған Олжастың кітабын оқып шығуды ұсынды. Сусловтың басшылығымен идеология, мəдениет жəне ғылым шенеуніктерінің тарапынан жазалау шешімі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси билікке келуі
Д.А.Қонаевтың Кеңестік Қазақстанның дамуына қосқан үлесі
Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы
Қонаев Дінмұхамед Ахметұлының өмірбаяны (1912 - 1993 жж)
Дінмұхамед Қонаев туралы мағлұматтар
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы
Қоғам қайраткері Д. Қонаевтің өміржолы
Әлемге елін танытқан ердің өмір жолы
Дінмұхамед Қонаев жайлы жыр
Д. А. Қонаевтың өмірі мен қызметі туралы ақпарат
Пәндер