КЕҢЕСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ - САЯСИ ЖҮЙЕГЕ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАРСЫЛЫҒЫ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ (XX Ғ. 20-30 жылдары)

1. 1 Қазақстандағы кеңестік мемлекет құрылысының жүзеге асырыла бастауы . . . 8

1. 2 Қазақстанның 1920-1930 жж. әлеуметтік-экономикалық даму үрдісі . . . 13

2 КЕҢЕСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ - САЯСИ ЖҮЙЕГЕ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАРСЫЛЫҒЫ

2. 1 С. Сәдуақасов, С. Қожанов, Ж. Мыңбаевтың саяси қызмет жолдары . . . 23

2. 2 Ұлттық мемлекеттілік үшін күрес . . . 32

2. 3 «Күштеп отырықшыландыру» саясатына қарсылық . . . 40

2. 4 «Сәдуақасовшылдыққа», «Қожановшылдыққа», «Мыңбаевшылдыққа» қарсы қуғын-сүргін . . . 47

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 64

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 66

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Тарихтың өзекті арнасы- жеке тұлғалардың, тарихи қайраткерлердің туған еліне, халқына сіңірген еңбегін, олардың қоғамдық - саяси және әлеуметтік процестердегі рөлін ашу болып табылады. Сонымен қатар, жеке тарихи тұлғалардың өзінің азаматтық құқығының сақталуы, оның қайраткер ретінде қалыптасу мәселесіне көп көңіл бөлінуі тиіс. Халқының жадында, тарихтың сарғайған құжаттарға толы қойнауында аты да, қызметі де сақталған, соңына қалдырған мұралары бүгінгі ұрпақтың рухани қазынасына айналып отырған қасиетті қазақ жерінің азаматтары аз емес. Тоталитарлық жүйе кейінірек ақтамаған, кезінде « халық жауы» аталған азаматтар, сондай - ақ, тотолитарлық жүйеге адал қызмет жасаған, өмірі де, көзқарасы да осы жүйенің өзі тәрізді қайшылықты, бірақ бүгінгі тарихымыз әлі күнге әділ баға бермеген қайраткерлер де бар.

Олардың қатарындағы С. Сәдуақасов, С. Қожанов, Ж. Мыңбаевтар кеңестік жүйеге аянбай қызмет етіп, сол жүйенің өзі әділетсіз жазалаған ұлт зиялылары. Сондықтан да тағдырлары аса күрделі тұлғалар болмысымен туған халқына қайта оралып, жалпы жұртшылықтың тарихтан сабақ алар нысанына айналуда. Осыған дейін жазылған Отандық тарихымызда олардың қайраткерлік қызметі өз дәрежесінде бағаланды деп айтуға әлі ертерек. XX ғасырдың 20-30 жж. күрделі тарихи оқиғаларға белсенді түрде тікелей араласып, Республиканың қоғамдық саяси өмірінде өзіндік терең із қалдырған ұлт - зиялыларының еңбектерін оқып, білу арқылы, біз Отандық тарихымызды одан әрі байыта түсуге, терең түсінуге жол ашпақпыз. Олардың қайраткерлік еңбегіне объективті баға беру ұлттық тарихымыз үшін ғана емес, егемен Қазақстанның жас ұрпағын рухани және саяси тұрғыдан тәрбиелеу үшін де керек. Ұзақ жылдар бойы ішкі қайшылығы мол өтпелі тарихи кезеңнің аталмыш тұлғаларының өмірі мен қызметі туралы салиқалы пікір айту, ғылыми зерттеу жүргізіп, қорытындылар жинау қиын да ауыр. Оның басты себебі С. Сәдуақасов, С. Қожанов, Ж. Мыңбаев кеңестік жүйенің ірі қайраткері бола тұрып, сол жылы республиканы басқарған Ф. Голощокиннің ұсынылған бағытына ашық қарсы болып, өз пікірлерін тайсалмай батыл айтып, ақырында республиканың Партия ұйымында қолдан жасалған «оңшыл ұғымға» жатқызылуы. Олардың тарихи тұлғасы кеңестік тарихымызда жалаң, бір жақты баяндалуы, « ұлтшылдыққа» жөнсіз айтылуы да бұл тақырыпты шынайы, сындарлы, яғни жаңаша зерттеу қажеттігін айқындай түседі. Бүгінде Қазақстан Республикасы егемен ел атанып, өзінің тарихын жаңаша көзқараспен жазып жатқанда, оларды бұрынғы қате, сыңаржақ пікірлерден арылтуымыз қажет.

Ұлттық қайраткерлердің ұлт жандылығын, туған ұлтқа жанашырлығын көрсету, Коммунистік Партияның орыстандыру, интернационализм идеологиясына нұқсан келтіретін болғандықтан, қайраткер болмысын ашатын, мазмұнды зерттеулерге іс жүзінде тыйым салынып, керісінше, коммунист «тапшыл» тұлғалардың қоғамдық саяси қызметтерін барынша көтермелеп зерттеуге жол ашылды. Бұл пікірімізге тақырыбымызға қатысты Мыңбаев туралы ішінара мәселе көтерген кеңестік зерттеулерде қайраткерге объективті бағалар берілмегені дәлел бола алады. Ал ұлт зиялылары тарихына олардың көзқарасына, ой толғауларына ішкі, рухани мәдениетіне, қоғамның қайшылықты әлеуметтік саяси өміріне тоқталмай тарихи дамудың күрделі құбылыстарын ашып көрсету мүмкін емес. Әсіресе, 20-30 жылдарды қарастырғанда, тоталитарлық коммунистік партия мен ұлттық зиялы қауымның саяси қарым-қатынасы мәселесін естен шығаруға болмайды. Сонда ғана ұлт зиялыларының төңкеріс және одан кейінгі тоталитарлық жүйе қалыптастыра бастаған кезіндегі рөлін шынайы анықтауға, айқындауға және қазіргі уақыттағы оның көптеген сындарлы, күрделі мәселелерінің мәнін толық түсінуге болады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Егер уақыт тұрғысынан, жалпы алғанда Ж. Мыңбаев, С. Қожанов, С. Сәдуақасовтың қызметтерін зерттеуге арналған жұмыстарды екі кезеңге бөлуге болады. Алғашқысы кеңестік кезең. Бұл кезеңді екіге бөліп қарастыруға болады. Біріншісі XX ғасырдың 50 жылдарынан 80 жылдардың орта тұсына дейінгі уақытты қамтиды. Бұл кеңестік тоталитарлық қоғам тұсында оларды бір жақты қаралау және негізсіз айыптау мазмұнындағы еңбектердің жазылуы немесе пайда болу кезеңі. Бұларда негізінен ұлтшылдық сипатта қателіктер жіберген, сол үшін қызмет бабында төмендетілген, партия саясатының 20- жылдардағы негізгі мәселелері бойынша оңшыл ауытқушыларға ұрынған қайраткер ретінде сипатталады.

1976 ж. жарық көрген «Қазақ совет энциклопедиясының» 9-шы томындағы Ж. Мыңбаевқа арналған өмірбаяндық анықтамада біраз қателіктерге жол берілген [1, 241 б. ] Онда Мыңбаевтың Орал губернаторлық АК төрағасы болған уақыттары жаңсақ жазылған.

«Союзхлебте» атқарылған қызметтері көрсетілмеген және мұнда да оның өмірбаяны «ұлтшылдық бағыт ұстанды» деген айыптау сөздермен аяқталған. 1980 жылдардың басында жарық көрген «Қазақстан Коммунистік партиясы тарихының очеркі» атты кітаптан мынадай жолдарды оқуға болады: « . . . Сәдуақасов, Қожанов, Мыңбаев және басқалардың тобы шын мәнінде және күрес әдісі бойынша ауылдағы ауқатты топтардың ықпалын бейнелейтін әрекеттегі топтар екенін атап көрсетті . . . »[2, 183-184 бб. ] . В. И. Устинов қазақтың белгілі азаматы Т. Рысқұлов туралы жазған «Зампред совнаркома Российской Федерации» атты кітабында «Обоснованно и партийно принципиально выступал Т. Рыскулов при решении проблемы «советизации аула»- релизация в условиях Казахстана курса партии, оживление деятельности советов . . . Он активно выступал против групповщины различных групп и группировок, возглавляемых Ходжановым, Мынбаевым, Садвакасовым и. т. д действовал против беспринципных основ родоплеменной вражды» [3, 18 б. ] . Бұл еңбектің автордың Голощекин төңірегін екі жікке бөліп, Қожанов, Мыңбаев, Сәдуақасовты «партияның жаулары» ретінде көрсетуге тырысты. Екіншісі - 1980 жылдың соңынан 1991 жылға дейінгі еңбектер. Бұл кезең жариялылық ықпалы мен тарихи шындықты айтуға талпыныс білдірген зерттеушілердің біртіндеп Қазақстанның егемен ел болуына байланысты жарық көрген еңбектерге ұласуымен ерекшеленеді. (Ж. Мыңбаевтың С. Қожановтың С. Сәдуақасовтың мерей тойларына арналған материалдар) Ж. Мыңбевтың өмірі мен қызметі туралы алғашқы зерттеулердің қатарына түрлі баспасөздерде жарияланған бірлі - жарым мақалаларды жатқызуға болады.

Мысалы, 1989 ж «Жалын» журналында Ж. Бектұров «Алыс жылдардың бір дерегі» мақаласын жариялады. Онда «Ж. Мыңбаев Астрахань жақтың қазағы. Осы күні бұл адам жайлы жөнді ештеңе айтылмайды. Бәйбішесі осы беріге дейін Алматыда тұрады деуші еді. Ж. Мыңбаевтың бұлайша ұмыт қалуына жұрт білетін белгілі милиция қызметкері Ж. Ералиевтің 1929 жылы қаза табуы әсер еткендей» делінген[4, 50-53 бб. ] . 1990 жылы «Арай» журналында І. Қозыбаевтың «Ел қамын жеген екеу кім?» мақаласында Л. Троцкиймен пікірлескен екі қазақ қайраткерін анықтауға тырысады. Онда: «Осының бәрін саралап, салмақтай келе әкімшіл - пәрмендік системадан көрген тепкіден, Орталық Комитет пен Қазақ Өлкелік Комитетіне қайта - қайта барып, өз мақсатымызды ұқтырамыз деген үміттің үзілуінен, голощекиншілермен күрестен түк шығара алмай қажығандықтан Троцкийге барып жолығуға мәжбүр болған, ел қамын жеген екі азамат- Сәдуақасов пен Мыңбаев деуге әбден болады» деп жазды[ 5, 71-73бб7] . Белгілі журналист М. Қазыбек пен тарихшы ғалым Ғ. Маймақовтың «Құпия кеңестер» атты кітабында 90 жылдарға дейінгі архив қойнауынан зерттеушілердің алып тануына мүлде тыйым салынып келген үш бірдей құпия кеңес құжаты тұтас күйде алғаш рет талдады [6, 9 б. ] . Бұл кеңестерде көтерілген мәселелер дер кезінде күн тәртібіне қойылған еді. Құпия кеңес алғаш 1923 жылы өтті, тарихқа IV ұлттық кеңес ретінде енсе, екінші 1926 жылы Мәскеуде Т. Рысқұловтың тікелей басшылық етуімен ұлт өкілдерінің жеке кеңесі болды. Соңғы кеңес орталықтың тапсыруы бойынша жеке кеңесті жоққа шығаруға арналған Ф. Голощекин өткізген жиын. Ұлт зиялыларының тағдыры осы кеңестерде қабылданған шешімдерге орталықтың берген саяси бағасымен тығыз байланысты. 30 жылдары қазақ зиялыларына қарсы саяси қуғын - сүргін ұйымдастырылғанда осы кеңеске қатысушылар ұлтшыл деп айыпталды. Ж. Мыңбаев науқанға ерте қайтыс болғандықтан ілікпеді. Осылайша 1926 жылдың өзінде өз мәселелерін шешу жөніндегі ұлттардың бастамалары бір жола тұншықтырылып, ұлт мәселесін шешу Орталықтың қолына толық өтті. Тіпті осы мәселені көтерген әлгі кеңестердің өздері де «құпияға» айналып, олардың құжаттары мәңгіге архивке жөнелтілді.

Зерттелу деңгейінің екінші кезеңі тәуелсіз Қазақстан кезеңі. Жоғарыдағы 80 жылдардың екінші жартысында басталған қоғамдық өзгерістер 1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздігін жариялауы Отандық тарих ғылымына да игі әсерін тигізді дедік.

Алаштанушы Д. Қамзабекұлы қазақ зиялыларының ішінде күрделі тағдыр иесіне, ірі қайраткерге арналған «Смағұл Сәдуақасов» атты еңбегінде «Қазақстан кеңестердің II съезінен кейін көп ұзамай республикадағы саяси ахуал қатты өзгерді. Орталықтың мұнда I хатшылыққа жіберген Ф. Голощекин қазақ елінде өзінің «Кіші октябрінің» идеологын іздеп, өкімет басындағыларды саралаумен болды. Кешікпей С. Сәдуақасов, С. Қожанов, Ж. Мыңбаев оның сын нысанына ілікті» деген жолдар бар [7, 25б] . Белгілі тарихшы ғалымдар М. Қойгелдиев пен Т. Омарбековтың «Тарих тағылымы не дейді»еңбегінде кеңес өкіметі тұсында барынша бұрмаланған Ж. Мыңбаев, С. Сәдуақасов, С. Қожанов еңбектеріне лайықты баға беріледі [8] . Ұлт зиялыларының оппозициялық қызметіне байланысты байсалды ойлар дарынды жас тарихшылар С. Серікбаевтың «XX ғ. 20 жылдарындағы Қазақстандағы әлеуметтік, саяси өмірдегі Ж. Мыңбаевтың мемлекет қайраткері ретіндегі тарихи орны» [9] . Ф. Рысқалиеваның «Ж. Мыңбаевтың өмірі мен қоғамдық - саяси қызметі» [10] . атты диссертацияларынан көптеген мәліметтер кездеседі.

Деректік негізі. Бітіру жұмысының деректік қорындағы материалдарды бірнеше топқа бөлуге болады. 1- кезекте мұрағаттық құжаттар ҚРОМА-нің №5 «Қырғыз (қазақ) жұмысшы, шаруа және қызыл әскер депутаттарының ОАК-ті» деген қорынан Ж. Мыңбаевтың қоғамдық, саяси, кәсіби қызметтеріне қатысты мәліметтер кездеседі. [11, 42п] 2- кезекте қазақ тіліндегі мерзімді баспасөздер XX ғасырдың басында жарық көрген газет-журналдарда ұлт зиялыларының мүддесіне байланысты туындылар аз емес. Мысалы, С. Садуақасовтың «Еңбекші қазақ» газетінің 1925ж 5 мамырдағы санында жарияланған «Ойланатын уақыт жетті»мақаласы [12, 18б], «Еңбекші қазақ» газетінің №24 санында жарық көрген «Наурыз туралы»[13, 17б. ], С. Қожановтың «Қызыл Қазақстан» журналында 1925 жылы басылған «Жалаң ұрандардан іске өту керек»[14], атты мақалалары солардың бірі ғана. 3- кезекте ұлт зиялыларының жарық көрген еңбектері. С. Сәдуақасовтың 2003 жылы басылып шыққан 2 томдық шығармалар жинағы. 4-кезекте Қазақ Компартиясының съезд, конференция, пленумдарының қарарлары мен шешімдері жинақталған 2 томдық еңбек те дерек қорын байыта түседі.

Диплом жұмысының мақсаты аталған деректер мен зерттеулерге сүйене отырып, қуғын сүргінге ұшыраған ұлт зиялыларының қиын тағдырлары мен кеңес билігі тұсындағы оппозициялық қызметтерінің мәнін терең түсіну, жан-жақты білім жинау.

Диплом жұмысының міндеті осы мақсатты жүзеге асыруда мынадай міндеттер жүктеледі:

  • Қазақстанның XX ғасырдағы саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайын сипаттау;
  • С. Қожанов, С. Сәдуақасов, Ж. Мыңбаевтың өмірбаяндарына тоқталу:
  • Ұлт зиялыларының ұлттық мемлекеттілік және отырықшыландыру саясатына байланысты ұстанған саясатын талдау;
  • «Сәдуақасовшылдыққа», «Қожановшылдыққа», «Мыңбаевшылдыққа» қарсы қуғын сүргіннің себептерін айқындау.

Диплом жұмысының жаңалығы зерттеу жұмысы барысында ғылыми әдебиеттер мен деректерді талдай келе, төмендегідей жаңалықтарды ұсынамын:

  • XX ғасырдың 20-30 жж. Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік жағдайын ғылыми әдебиеттер мен деректерге сүйене отырып барынша ашып

көрсеттім;

  • Ұлт зиялылары С. Сәдуақасов, С. Қожанов, Ж. Мыңбаевтың өмірбаянын қарастырдым. Олардың ірі саяси тұлға болғандығын анықтадым;
  • Ұлтық мемлекеттілік және отырықшыландыруға байланысты ұлт зиялыларының қарсылығын деректерге сүйеніп дәлелдеу арқылы оппозициялық көзқараста болғандығын көрсеттім;
  • «Сәдуақасовшылдыққа», «Қожановшылдыққа», «Мыңбаевшылдыққа» қарсы қуғын-сүргіннің зертеу барысында негізсіз жабылған жала екенін дәлелдедім.

Диплом жұмысының зерттеу пәні Қазақстандағы кеңестік бақылау жүйесі және С. Сәдуақасов, С. Қожанов, Ж. Мыңбаевтың оппозициялық қызметі.

Зерттеу жұмысының нысаны. Кеңестік Қазақстанның 1920-1930 жж. саяси-экономикалық жағдайы.

Диплом жұмысының методологиялық негізі. Тақырыпты талдауда біз соңғы уақыттағы отандық тарихи ғылымында болып жатқан методологиялық өзгерістерге сүйендік. Кеңес дәуірінде ұлт зиялыларының оппозициялық қызметі Сталиндік қуғын сүргінге ұшырау себептеріне байланысты зерттелінбеді. Сондықтан да зерттеу барысында жүйелілік, объективтілік, тарихи-салыстырмалылық секілді ғылыми принциптер негізге алынды. Сондай-ақ, осы тақырып төңірегінде соңғы уақытта қалыптасқан жаңа ғылыми көзқарастар, тұжырымдар мен ой пікірлерді мүмкіндігінше басшылыққа алынып, бітіру жұмысын жазу барысын талдау, жинақтау, қорыту әдістері қолданылды.

Жұмыстың хронологиялық шегі. Ұлт зиялыларының саяси және қоғамдық мемлекеттік қызметтеріне қатысты оқиғалар негізінен 1917-1938 жылдардағы күрделі тарихи кезеңді қамтиды.

Жұмыстың құрылымы кіріспе, негізгі бөлімі екі тараудан және алты бөлімшеден, қорытындыдан тұрады. Пайдаланылған әдебиеттерге сілтемелер жасалған.

1 ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

(XX Ғ. 20-30 жылдары)

1. 1 Қазақстандағы кеңестік мемлекет құрылысының жүзеге асырыла бастауы

Ресей империясының ұлттық аймақтарында, оның ішінде Қазақстанда Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Коммунистік партияның ұлттық бағдарламасына сәйкес бұрынғы отар халықтардың мемлекеттілігін құру мәселесі тұрды.

Осыған дейін айтылып кеткеніндей, коммунистік партияның ұлттық саясатының негізгі принциптерін Қазан революциясының жеңісінен бұрын-ақ В. И. Ленин теориялық жағынан тұжырымдап берген болатын. Бұл саясаттың басты қағидасы ұлттың бөлініп шығуға және жеке мемлекет құруға дейін өз даму жолын өзі анықтау құқығын талап ету болып табылды. Мәселенің бұлайша қойылуы отарлық шет аймақтағы халықтардың большевиктердің Қазан революциясы тұсында билік үшін жүргізген күресіне тұтастай қолдау көрсетуіне жағдай туғызды. Алайда большевиктер билікті жеңіп алғаннан кейін В. И. Ленин ұлттардың шынымен өз даму жолын өзі анықтауын, Ресейден бөлініп шығып, тәуелсіз мемлекет құру құқығын аяғына дейін жеткізгісі келмеді, бұл мәселені шешуге бірінші кезекте социализм үшін күрескен еңбекшілердің мүддесі тұрғысынан қарау керек дегенді баса атап көрсетті. Ал бұл ұлттық мемлекеттілік - халықтың барлық топтары үшін қызмет ететін мемлекет емес, жұмысшылар мен шаруалар мемлекеті, яғни таптық мемлекет дегенді білдірді [15, 26 б. ] .

Жаңа өкіметтің ұлттық-мемлекеттік құрылыс саласындағы негізгі принциптері Кеңес үкіметінің аса маңызды екі құжатында - «Ресей халықтары құқықтарының Декларациясы» (1917 жылғы 2 қараша) және «Ресей мен Шығыстың барлық еңбекші мұсылмандарына» (1917 жылғы 20 қараша) деп аталған Кеңес үкіметінің үндеуінде жарияланды.

Кеңестердің Бүкілресейлік III съезінде (1918 жылғы қаңтар) қабылданған, В. И. Ленин жазған «Еңбекші және қаналушы халықтар құқықтарының Декларациясында» Коммунистік партияның кеңес республикалары мемлекеттік құрылымының нысаны ретіндегі Кеңестік Федерацияға қатысты ұстанымы көрініс тапқан. «Кеңестік Ресей республикасы, - деп атап көрсетілді құжатта, - кеңестік ұлттық республикалардың федерациясы ретінде ерікті ұлттардың одағы негізінде құрылады»[16, 163 б. ] .

РКФСР-дың - кеңестік типтегі алғашқы көп ұлтты мемлекеттің құрылуы жаңа ұлттық автономиялық құрылуына серпін берді. РКФСР-дың құрылғанынан кейін жоғарыда айтылған лениндік тұжырымның негізінде және И. Сталин басқаратын Ұлттар істері жөніндегі Халық комиссариатының (Наркомнац) бақылауымен елдің шығысында автономиялық республикалар құруға дайындық жұмысы басталды.

Сонымен қатар Кеңес өкіметі 1917 жылы желтоқсанда II Бүкілқазақ съезінде құрылған Алашорда ұлттық-аумақтық автономиясын да, 1917 жылы қарашада IV өлкелік Жалпымұсылмандық съезде жарияланған Түркістан автономиясын («Қоқан автономиясын») да мойындамайтынын ашық білдірді. Тіпті, ол туралы жоғарыда айтылып кеткендей, Түркістан («Қоқан») автономиясын 1918 жылы ақпанда большевиктер талқандаған болатын.

Кеңес басшылығы 1918 жылы сәуір-мамыр айларында Қазақ Кеңес автономиясын құру мақсатымен Кеңестік Қазақстанның Құрылтай съезін шақыруға қолайлы жағдай қалыптасты деп есептеді. Осы кезге қарай өлкенің бүкіл аумағында дерлік (Орал облысын қоспағанда) Кеңес өкіметі орнады және едәуір мөлшерде нығайды, жергілікті жерлерде биліктің бірыңғай органы жұмысшы-шаруа Кеңестерінің облыстық және уездік съездері өткізілді; бірқатар ауыл-селоларда болыстық, ауылдық және селолық Кеңестер өз қызметіне кіріскен еді; Кеңестерге қарулы қарсылық көрсеткендер толық талқандалған болатын [17, 25 б. ] .

Қазақ кеңес автономиясын дайындау мен осы мемлекеттіліктің негізінде қазақ жерін біріктіруде күрделі де қиын жұмыс алғашқы кезекте ұлыдержавалық пиғылдағы шовинистермен толассыз күрес барысында жүзеге асырылды. Үлкен талас-тартыстар ұйымдастырылып жатқан Қазақ АКСР-інің құрамына Орал, Семей, Ақмола, Торғай облыстарының едәуір аймағын енгізу мәселесі бойынша туындады. Даулы мәселелерді шешу үшін Қазақ революциялық комитеті өз өкілдерін Омбы, Челябинск, Семей, облыстарына жіберді. Тарихи әділеттілік үшін қазақ жерінің аумағын белгілеуде болашақ Қазақ республикасының шекараларын анықтауда Кеңес үкіметінің басшысы Лениннің қазақ халқының өкілдерін қолдағанын атап өту керек.

Сонымен қатар Қазақ революциялық комитетінің жанынан Бүкілқазақ съезін шақыруға дайындық мәселесі бойынша құрамында А. Байтұрсынов, Б. Қаралдин, С. Меңдешев, В. Лукашев және Петров кірген Ерекше комиссия құрылды[17, 39 б. ] .

Комиссияға съезді шақыру мәселесі бойынша нұсқау әзірлеу тапсырылды, оның ішінде қазақ халқына арналған нұсқау В. Лукашев, Петров және С. Меңдешевке тапсырылды. Комиссия алғашқы кезекте Кеңестердің Құрылтай съезіне депутаттар сайлау тәртібін дайындаумен айналысты. Бірінші кезекте халықтың қандай топтары дауыс беру құқығынан айырылады деген мәселені талқылауда Комиссия мүшелерінің арасында белгілі бір келіспеушіліктер байқалды. [16, 169 б ]

1920 жылы 23 тамызда Қазақ революциялық комитеті Кеңестердің Бүкілқазақ съезін сайлау мәселесі бойынша нұсқауды түбегейлі бекітті, ол бойынша съезге сайлау құқығы Орал, Торғай, Семей, Ақмола облыстарының, Астрахан губерниясының қазақтар тұратын бөлігінің (Бөкей Ордасы) барлық еңбекші халқына берілді. Өлкелік басқарудың құрамына кірмейтін облыстар мен уезд қазақтарының (Жетісу мен Сырдария, сондай-ақ Түркістан АКСР-інің кейбір облыстарының тұрғындары) өкілдері съезге кеңесші дауыс құқығымен қатысатын болды.

1919 жылдың аяғына қарай Қазақстанның негізгі аумағы, 1920 жылы наурызда Жетісу жерінің ақ гвардияшылардан азат етілді. Осындай жағдай Қазақ АКСР-ін құрудың дайындық жұмыстарын аяқтауға қолайлы жағдай туғызды.

1920 жылы 26 тамызда М. И. Калинин мен В. И. Ленин БОАК пен РКФСР ХКК-інің кеңестік федерациялық социалистік мемлекет РКФСР-дің құрамында, астанасы Орынбор қаласында болатын. Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы Декретіне қол қойды [15, 59 б. ] .

Қыркүйекте барлық облыстарда, губерниялар мен уездерде кеңестердің бірінші Бүкілқазақстандық съезіне сайлау өткізілді.

Бүкілқазақстандық съезге делегаттар сайлау науқанын аяқтау қарсаңында, БОАК Президиумы Қазақ революциялық комитетінің құрамын қайта қарап шығып, 26 тамызда оны бекітті. Қазревком құрамына В. А. Радус-Зенкович, И. Д. Мартынов, В. Покровский, С. Д. Авдеев, А. Байтұрсынов, С. Сейфуллин, Х. Ғаббасов және т. б енгізілді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ахмет Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі ( 1872 - 1937 жж. )
Қазақ қайраткерлерінің көзқарасына әсер еткен қоғамдағы саяси процестер мен саяси қақтығыстарды заман тұрғысынан сараптамадан өткізу
Қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі (XVIII – XIX ғғ.)
Телжан Шонанұлының туып өскен ортасы және қоғамдық саяси қызметі
Телжан Шонанұлы және қазақ жерінің мәселесі
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері
Қазақстандағы ұжымдастыру туралы ақпарат
Оқу-ағарту, ғылыми мекемелер мен өнер саласындағы мәдениетті қалыптастырудың алғышарттары
Қазақстандағы большевиктік тәртіп
Көрнекті партия, мемлекет қайраткері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz