Жарғаққанаттылар мен бүргелер


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

ТАҚЫРЫБЫ: «Жарғаққанаттылар мен бүргелер тобының жіктелуі мен морфо-биологиялық ерекшелігі»

Орындаған: Сағынбек Динә ЗР-215

Қабылдаған: Мамбаев А.

2020-2021

Жоспар:

  • КІРІСПЕ
  • 1. 1. Жарғаққанаттылар мен бүргелер
  • НЕГІЗГІ БӨЛІМ
  • 2. 1 Жарғаққанаттылар мен бүргелердің жіктелуі
  • 2. 2. Морфологиялық, биологиялық ерекшеліктері
  • ҚОРЫТЫНДЫ
  • Пайдаланған әдебиеттер

Жарғақ қанаттылар ( Hymenoptera ) - жәндіктер класының бір отряды.

Қазбақалдықтары триас кезеңінен бері сақталған, 300 мыңға дейін түрі Жер шарында кеңінен таралған. Жарғақ қанаттылар қондырма құрсақтылар ( Phytorhaga ), шағатын Жарғақ қанаттылар ( Aculeata ) және паразит Жарғақ қанаттылар ( Parasіtіca ) болып 3 отряд тармағына бөлінеді. Кейде соңғы екеуін біріктіріп - қынама (сабақты) құрсақтылар ( Apocryta ) деп атайды.

Жарғақ қанаттылардың дене тұрқы 0, 2 мм-ден 6 см-ге дейін. Ересектерінің 2 жұп жарғақ қанаттары болады, артқы кішілеу қанаттары алдыңғыларына ілгекшелермен жалғанады. Қанаттарының жүйкеленуі сирек, ересектерінің кейбір түрлерінде қанаттары айрылған. Төменгі сатыдағы Жарғақ қанаттылардың ауыз қуысы кеміргіш типті, жоғарғы сатыдағыларының ауыз қуысы кеміріп жалағыш немесе сорғыш типті болады. Аналықтарында болатын жұмыртқа салу өсіндісі шағатын Жарғақ қанаттыларда шағу органы - піскекке айналған. Жарғақ қанаттылар - толық түрленіп дамитын жануарлар. Тіршілік ету ерекшеліктері және ортаға бейімделуі әр түрлі.

Табиғи экожүйелерде гүлді өсімдіктердің тозаңын тасымалдаушылар, буынаяқтылардың санын реттеуші жыртқыштар және паразиттер ретінде маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ, Жарғақ қанаттылардың ішінде ұрпағына қамқорлық жасап, қауымдасып тіршілік ететін түрлер және орман шаруашылығы мен мәдени өсімдіктердің зиянкестері де кездеседі. Кейбір паразит түрлер (мысалы Trіchogramma evanescens ) ауыл шаруашылығының зиянкестеріне қарсы биологиялық әдістермен күресу мақсатында пайдаланылады. Ал қолға үйретілген бал арасынан ерте замандардан бері емдік, тағамдық қасиеті бар бал алынады

Бүргелер (лат. Aphaniptera ) - жылықандылардың - құстар мен сүткоректі жануардың - қанын соратын ұсақ паразит насекомдардың бір отряды. Аузы шағуға, соруға икемделген, көзі екеу, кейбіреуі соқыр, қанатсыз, денесі түкті, жұмыртқа күйінде-12, дернәсіл түрінде - 8-100, ал қуыршақ қалыбында - 6-220 күндей болып, 965 күнге дейін тіршілік етеді. Хайуандардың, адамның қанын сорады. Оба таратқыш өте қауіпті мақұлық. Бұған жататындар: адам бүргесі мен егеуқұйрық бүргесі.

ҚОНДЫРМА ҚҰРСАҚТЫЛАР ОТРЯД ТАРМАҒЫ - Symphita. Құрсағы қондырма типіне жататын, аяғының ұршық бөлімі 2 бунақтан тұратын, тек өсімдіктермен ғана қоректенетін насекомдар. Оларға орман ағаштарына зиян келтіретін мүйізқұйрықтылар мен егеушілердің бірқатар тұқымдастары жатады.
Сабақ егеушілер тұқымдасы - Cephidae. Денесі бүйір жақтарынан аздап қабысқан, басы жұмыр, ұзындығы 7-15 мм ірі немесе орташа насекомдар. Алдыңғы сирақтары бір тепкілі. Личинкаларын жалған жұлдызқұрттар деп атайды, түстері ақ, сарғыш, шала дамыған көкірек аяқтары S - әрпі тәрізді иілген. Құрсағының ұшында түтікше тәрізді без болады.
Егеушілер (пилильщики) деп атайтын себебі: олар жұмыртқалар кезде өсімдік сабағын жұмыртқа қынабымен егеп теседі де, пайда болған тесікке жұмыртқасын салады. Одан шыққан личинка өсімдік ішінде қоректеніп, сонда тіршілік етеді.
Бұл тұқымдасқа жататын егеушілердің ішінде ауыл шаруашылық дақылдарына зиян келтіретіндері: астық егегіш (Cephus pygmacus L. ), қара егегіш (Trachelus tabidus F. ), алмұрт егегіші (Janus camprеssus F. )

САБАҚШАЛЫ ҚҰРСАҚТЫЛАР ОТРЯД ТАРМАҒЫ - Apocrita. Бұл топқа жататын жарғақ қанаттылардың құрсағы сабақшалы немесе аспалы құрсақтар типіне жатады. Аяқтарының ұршық бөлімі 1 немесе 2 бунақтан тұрады. Личинкалары құрт тәрізді, аяқтары болмайды. Сабақшалы құрсақтыларға, кейде өз алдына жеке паразитоидтар отряд тармағына бөлінетін бірқатар тұқымдастар, сонымен қатар құмырсқалар мен аралар жатады.
Шаншарлар тұқымдасы - Ichneumonidae. Паразиттік тіршілік ететін жарғақ қанаттылардың ішінде ең ірілері (ұзындығы 10-25 мм) . Ұрғашыларының жұмыртқа салғыш аппараты (жұмыртқа қынабы) ұзын болады. Ересек шаншарлар гүл нектарымен және бал шығымен қоректенеді. Ал кейбір түрлерінің ұрғашылары жұмыртқа салғышымен шаншыған кезде жарақаттаған жерден шығатын иесінің гемолимфасын сорады. Личинкалары насекомдар мен өрмекшілердің жұмыртқаларында, личинкаларында, қуыршақтарында паразиттік тіршілік етеді. Мысалы, менискус, панискус деп аталатындар астық сұр көбелегінің, хорогенос деп аталатын капуста күйесінің паразиттері осы тұқымдасқа жатады.

ПАРАЗИТОИДТАР ОТРЯДЫ - PARAISITIFORMES
Бұл отрядқа жататын кенелердің құрсағында екінші, үшінші және төртінші пар аяқтардың жамбас бунағынан соң орналасқан бір, кейде екі пар тыныс тесіктері болады. Ауыз аппараты шаншып-сорғыш түтікше тәрізді. Оның құрамына педипальпаның түрін өзгерткен жамбас бунағы, тілшік жәнс хелицера кіреді.
Өсімдік қорғау саласында бұл отрядтың ішінде фитосейид тұқымдасына жататын кенелердің маңызы зор.
Фитосейидтер тұқымдасы - Phytoseiidae. Дене пішіні сопақша келген, түссіз немесе сарғыш, қоңырқай, кейде қызғылт түсті, ұзындығы 0, 25-0, 6 мм ұсақ кенелер. Бір жұп тыныс тесігі сыртта, алға қарай бағытталып 2 жұп аяқтың жамбас бунағына дейін жететін түтікше тәрізді перитремалармен жалғасқан. Дененің арқа жағын үлкен бір қалқанша, ал құрсақ жағын екі (генитальдық) және өзара қосылған (вентроанальдық) қалқанша жауып жатады.

Бүрге (Aphanіptera) [1] -буынаяқтылар типіне жататын, масылдық тіршілік ететін ұсақ жәндіктер отряды. Олардың дүние жүзінде 2500 түрі, ал Қазақстанда 400-дей түрі бар. Бүргелер бор кезеңінен белгілі. Бүргенің түсі сары аладан қоңыр-қызғылт түстерге құбылып тұрады. Денесі екі бүйірінен қысыңқы, бас, көкірек және қарын бөлімдерінен тұрады. Басында екі көзі (кейбір түрлерінде көру органы мүлдем жоқ), соруға бейімделген аузы болады. Бас-көкірек бөлімінде 3 жұп аяқтары бар, артқы жұп аяғы секіруге бейімделген. Қарын бөлімі 7 - 8 сақинадан тұрады. Бүрге жұмыртқа салып көбейеді. Аналығы 3000-ға дейін жұмыртқа салады. Жұмыртқадан ақ құрт тәрізді дернәсілдер пайда болады, оның сыртында сирек ұзын түгі немесе қылшығы бар. Дернәсілдері топырақтағы органик. қалдықтармен қоректенеді. Б-лер 3 жылдай тіршілік етеді.

Ара , үй арасы , бал арасы (Apіs mellіfera) - жарғаққанаттылар отрядының өкілі. Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі.
Баларалардың түк басқан ірі басының екі жағында екі күрделі көзі, олардың аралығында үш жай көзшелері болады. Алдыңғы жағынан ұзын имек мұртшалары шығып тұрады.
Балара тіршілігінде сезім мүшелері маңызды роль атқарады.
Қараңғы ұялардың ішінде негізінен мұртшаларына орналасқан сипап сезу мүшелерінің маңызы зор. Балараларға гүл іздеуі үшін иіс сезімі мен көру сезімі қажет. Баларалар сары және көк түстерді, адам көре алмайтын ультракүлгін сәулелерді ажыратады, бірақ қызыл түсті көрмейді.
Баларалар ұяшықтар жасағанда балауызды жақсы жетілген кеміргіш жоғарғы жақтарымен илеп өңдейді. Олар гүлдерге қонғанда аталықтардан тозаң алады. Төменгі жақтарымен және төменгі ұзын ерінімен балара шірінін жалап, сорады, сондықтан баларалардың ауыз мүшлері кеміріп жалағыш мүшелер деп аталады.
Гүлден сорылып алған шірін көлемділеу келген жемсауға түседі, жемсау бездерінен бөлініп шыққан сұйықтықпен араласады. Осыдан соң ара шірінді кәрез ұяшықтарына орналастырады, ол сонда балға айналады.
Балараның көкірегін қалың түк басқан, оның арқасында екі жұп мөлдірлеу жарғақ қанаттары болады. Жұмысшы баларалардың аяқтары гүл тозаңын жинауға, кәрез ұяшықтарын жасауға бейімделген. Жұмысшы балараларда құрсағының ұшында шаншары болады. Оны жануарлардың немесе адамның денесіне шанышқанда у құйылып, қатты ауыртады. Ұсақ жәндіктер араның уына өліп кетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы энтомология пәні
Синантропты насекомдармен күресу жолдары
Буынаяқтылар, Шаянтәрізділер,Өрмекшітәрізділер
Бөжектердің анатомиясы
Қызыққа толы жәндіктер әлемі
Жеміс ағаштары
БИOЛOГИЯ САБАҒЫНДА ПАЙДАЛЫ НАСЕКOМДАРДЫҢ БИOЛOГИЯСЫН OҚЫТУ ЕРЕШIЛIКТЕРI
Буынаяқтылардың классификациясы
Ересек аралар - қорғансыз жәндіктер
Энтомология
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz