Топырақ түзілуі


Жоспар:
1. Кіріспе бөлім
1. 1Топырақ туралы түсінік
1. 2 Топырақ зерттелуі
2. Негізгі бөлім
2. 1 Топырақ түзілуі
2. 2 Топырақтағы қара шірінді
2. 3 Қара шіріндіні және сақтау шаралары
3. Қорытынды
3. 1 Топырақ түзілуі және қара шірінді түсінігі
1. Кіріспе бөлім
1. 1Топырақ туралы түсінік
Өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорганизмдердің), климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты.
Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады. Механикалық құрамы (топырақ түйіршіктерінің мөлшері) бойынша топырақ құмды, құмдақ сазды және саз топырақ болып бөлінеді.
Жасы мен генезисі бойынша - қыртысты күлгін топырақ, батпақты топырақ, ормандық сұр топырақ, қара топырақ, қоңыр топырақ, күрең топырақ, тағы басқалар болып бөлінеді. Топырақтың жер бетінде таралуы зоналық (горизонтальды және вертикальды) заңдылыққа байланысты. Топырақ - литосфераның жоғарғы әуе қабатымен байланысатын қабат, бүкіл биосферадағы тіршіліктің тірегі. Топырақ ғасырлар бойы топырақ түзуші факторлардың үздіксіз әрекетінен пайда болған табиғаттың ерекше табиғи, әрі тарихи денесі. Топырақ - бұл Жердің өсімдік өсетін үстіңгі қабаты.
Топырақ - табиғат компоненттерінің бірі. Жердің геологиялық тарихында алдымен пайда болған топырақ. Палеогеографиялық зерттеулердің деректері бойынша алғашқы жұқа топырақ қабаты 500 млн жыл бұрын кембрий дәуірінде пайда болыпты. Бұл кезде әлі өсімдік жамылғысы қалыптаспаған.
1. 2 Топырақ зерттелуі
Топырақ жамылғысын зерттейтін топырақтану ғылымы - жас ғылым.
Топырақтану ғылымының негізін орыс ғалымы В. В. Докучаев қалады. Оның Петербургте басылып шыққаң «Орыстың қара топырағы» (1883 ж. ) атты еңбегінде топырақтың дүрыс анықтамасы, оның қасиеттері туралы ғылыми негізделген түсініктер берілген. В. В. Докучаев топырақ түзілу процесінің бес факторға байланысты екенін анықтады. Оларға: бастапқы аналық жыныстар, ауа райы, жер бедері, уақыт және өсімдіктер мен жануарлар жатады. Кейін ғылыми зерттеулердің нәтижесіне байланысты бұларға су (топырақ суы, жерасты суы) және адамның шаруашылық әрекеті қосылды. Топырақ жеке әртүрлі өлшемдегі қатты бөлшектерден тұрады. Қатты бөлшектер сумен және ауамен қоршалған. Сондықтан топырақты үш фазалы жүйе ретінде қарастырады. Топырақтың жоғарғы беті борпылдақ. Мүның қүрамында көптеген өлі органикалық заттар бар (өсімдіктер қалдығы, қарашірік) . Бүл қарашірікті аккумулятивті А қабаты. Тереңірек, өте тығыз иллювиалды өтпелі В қабаты жатыр. Оның астында топырақ түзуші - С қабаты орналасқан. Барлық топырақтар бір-бірінен осы генетикалық қабаттарымен ажыратылады. Әр түрлі топырақтың генетикалық қабаттары қалыңдығымен, түстерімен, қүрылымымен, морфологиялық қасиеттерімен ерекшеленеді. Топырақтың қалыңдығы санмен көрсетіледі. Мысалы, кейбір топырақтарда А қабаты небары 0-5 см, ал кейбіреулерінде 0-50 см болады. Топырақтың типтеріне байланысты А, В, С қабаттары бірнешеге бөлінуі мүмкін. Топырақ қабаты тереңдеген сайын аэрация нашарлайды. Оттегінің мөлшері азайып, көмір қышқыл газы мен органикалық заттардын ыдырауы кезінде бөлінетін басқа да газдардың мөлшері артады. Топырақтың жоғарғы қабаттарында өсімдікке қажетті фосфор, калий, азот, кальций және басқа заттар жинақталған. Топырақтың әртүрлі қасиетіне (қышқылдығы, тұздылығы, ылғалдылығы) байланысты өсімдіктерді көптеген экологиялық топтарға бөлуге болады. Мысалы, топырақтың қышқылдығына байланысты: 1) рН 6, 7-ден төмен қышқыл топырақта өсетін ацидофилді түрлер (сфагналы батпақ өсімдіктері) ; 2) рН 6, 7-7, 0 топырақта өсетін нейтрофилдер (көпшілік мәдени өсімдіктер) ; 3) рН 7, 0-ден жоғары топырақта өсетін базифилді өсімдіктер(аққурай) .
2. Негізгі бөлім
2. 1 Топырақ түзілуі
Топырақ - табиғат компоненттерінің бірі. Жердің геологиялық тарихында алдымен пайда болған топырақ. Палеогеографиялық зерттеулердің деректері бойынша алғашқы жұқа топырақ қабаты 500 млн жыл бұрын кембрий дәуірінде пайда болыпты.
Топырақтың пайда болуының, дамуының өзінше заңдылықтары бар. Топырақ - су, ауа, жылу, өсімдік және тірі ағзалардың әсерінен, тау жыныстарының үгілуі нәтижесінде жер қыртысының беткі қабатында пайда болған ерекше табиғи құрылым. Міне, осы факторлардың көп жылдық үздіксіз әсерінің нәтижесінде құнарлы топырақ қабаты пайда болады.
Жер планетасында минералдық заттардан органикалық заттардың құрылуының немесе керісінше тіршілігін тоқтатқан организмдердің органикалық заттарының минералдық заттарға айналуының үздіксіз процесі пайда болысымен топырақ түзілу басталған.
Топырақ түзілу жердің гравитациялық алаңында атмосфера мен гидросфераның белсенді түрде қатысуымен литосфера мен биосфераның өзара әрекеттесуі нәтижесінде пайда болады.
Күн энергиясы топырақ түзілу процесінің негізгі энергия көзі болып табылады.
Топырақ түзілу процестері белгілі бір жылдамдықпен өтіп жатады, олардың байқалу нәтижесі уақытқа, былайша айтқанда топырақтың жасына байланысты. Қазіргі кезде топырақ түзілу процестеріне адамзаттың өндірістік іс- әрекеті өте үлкен әсерін тигізуде.
Топырақ түзілу процесін зерттеген кезде топырақ түзілу факторларына және топырақ түзілу жағдайларына баса назар аудару қажет. Топырақ түзілу факторлары осы процестің материалдық және энергетикалық құрамдас бөліктері: Топырақ түзуші тау жыныстары, биологиялық үгілу, тірі организмдер, күн радиациясы, атмосфераның жер бетіндегі қабаттары, жер беті сулары т. б.
Топырақ түзілу факторлары:
Тірі организмдер
Жер бетінде алғашқы пайда болған тірі организмдер өсімдікте жәндікте емес - ультрабактериялар, олар өздері өмір сүретін ортаға өте бейім келеді. Олардың кейбірулері тіпті тастарда да өсе бастаған. Олар өздеріне керекті көмірқышқылы газы мен азотты ауадан ғана емес тастан да алды. Сөйтіп олар тіпті тасты бірті-бірте бұзып, бүлдіре бастады. Ал үгілген ұнтақталған тау жыныстары оларға таптырмас мекен болды.
Бұл микрооргаизмдер табиғаттың ыстық-суығын, оттегінің барын я жоғын, ортаның қышқылдығын, я сілітілгін таңдамады. Сондықтанда олар табиғатта кез-келген жерде кездеседі. Олаға сумен қорек болса, жеткілікті. Бактериялардан басқа, алғашқы тау жыныстарында балдырлар, саңырауқұлақтар да өсіп-өнді.
Сонымен алғашқы тірі организмдер су, жел және мұздар мен бірге Жердің тасты қыртысын бұзып, өздері өлгеннен кейін шіріп қарашірінді құрады. Шырын желім тәрізді болғандықтан қопсыған үгітілген жыныстарды бір-бірімен жымдастырып, біріктірді, сөйтіп алғашы құналы аздау топырақтар пайда бола бастады. Бұл құбылыстар ғасырлар бойы созылып алғашқы микроорганизмдермен төменгі сатылы өсімдіктер өздерінен кейінгі дамып өсетіндерге жағдай жасады.
Тау жынысының үгілуінен бөлінетін қоректік заттардың бір бөлігі енді топырақтың тіршілік көзі болып саналатын организмдер бойына ауыса бастады. Ал олар өліп, ыдыраған кезде, топырақтың жоғарғы қабаттарында және оның белгілі бір тереңдіктерінде қоректік заттарға айналып, топырақ құнарлығын арттырады. Бұл келесі өсетін өсімдіктерге қолайлы жағдай жасайды.
Сонымен араға ғасырлар салған уақыт өте келе алғашқы пайда болған топыраққа айналды, оларда өсетін өсімдіктер, мекендейтін жәндіктер көбейді, төменгі сатыдағы өсімдіктермен қатар, жоғарғы сатыдағы өсімдіктер өсіп, тірі жәндіктер мен жануарлар пайда болды.
Топырақты мекендейтін, онда өсіп-өнетін организмдердің молдығы топыраққа жай ғана әсер етіп қоймай, топырақтағы көптеген қосылысардың бағытына, олардың қасиеттеріне зор ықпал етті.
Топыраққа тек микроорганизмдердің ғана емес сонымен қатар онда мекен ететін көптеген зоофауналар, қарапайымдылар, төменгі және жоғарғы сатылы жан-жануарлар, құр-құмырсқалардың пайдасы көп. Мәселен, жауын құрты әртүрлі өсімдіктер қалдығымен қоректеніп, денесі арқылы органикалық заттарға бай, суға шыдамды топырақ түйінділерін шығарып топырақ қабаттарын әрі бері тесіп өтіп, ондағы су- ауа режимін жақсартады. Осыған байланысты Ч. Дарвиннің «Топырақты адам қоғамы соңғы мыңдаған жылдар бойы жыртып келеді. Ал оған дейін топырақты бірнеші жылдар бойы жауын құрты жыртып келген» деген тамаша айтылған тамаша сөзі бар.
Қазіргі кезде топырақта өмір сүретін организмдерді тек оны мекендейтін тіршілік иесі ретінде емес, оның белгілі бір бөлігі деп қарайды, яғни бұлaрда топырақ құрамына кіреді деген сөз Сондықтан да топырақты тірі дене деп есептейді.
Ауа- райы
Ауа райының топырақ түзудегі рөлі орасан зор климатқа яғни ауадан түсетін ылғал мөлшерінің ауа температурасының ыстық, суығына, үсіксіз уақыттың қысқа немесе ұзақтығына қарай әр жер әр түрлі өсімдік, жан-жануарлар мен микроорганизмдер тіршілік етеді. Олардың әрекетіне әр жерде әр түрлі топырақтар түзіледі. Мәселен, шөлде шөл топырағы түзілсе, тундрада мәңгі тоң астында дамымаған, мәңгі жас құнары аз топырақ түзіледі, ал ауа райы жайлы, одан түсетін ылғалы мол, күн сәулесі жеткілікті аймақтарда құнары мол қара топырақ түзіледі.
Топырақ түзілу құбылысының жылдамдығы ғарыштан келетін күн сәулесінің қуатына тікелей байланысты. Күн сәулесімен қатар тірі организмдерге ылғал қажет, осыған байланысты топырақ түзілу жылдамдығы, күні жылы, әрі ылғалы мол аймақтарда өте жоғары, ал керсінше, ылғалы аз күі суық нмнсн ыстық аймақтарды бұл құбылыстардың белсенділі төмен. Осы себептен де климат жағдайларына топырақтың химиялық және минералдық құрамдары тікелей байланысты.
Күні жылы, ылғалы мол аймақтарда топырақ минералы негізінен қатты үгілген, балшықты екінші минералдан, ал кұн райы ыстық, немесе суық, ылғалы өте аз аймақтар топырақ құрамындағы минералдардың басым бөлігі жөнді үгілмеген алғашқы минералдардан тұрады.
Ылғалы мол аймақтың топырағында суға ерігіш тұздар аз кездессе, керсінше құрғақ шөл аймақтар топырақ құрамы суға ерігіш тұздарға бай келеді. Ауа райының жиі желді болып келуі де топырақтағы құбылыстарға, оның құнарына көп әсер етеді.
Үгілу
Топырақтың түзілуі үшін, ең алдымен қатты тау жыныстары майда ұнтақталған, кеуекті тау жыныстарына айналуы керек. Жер бетінде қатайған тау жыныстары табиғат күштерінің ғасырлар бойы үздіксіз әсерінен бірте - бірте қирап, бұзылып қопсыған жыныстарға айналады. Бұл құбылысты үгілу деп атайды.
Үгілудіңфизикалық, химиялық және биологиялық түрлері бар. Тау жыныстарының физикалық жолмен үгілу деп - оның химиялық құрамы өзгермей тек әртүрлі механикалық бөлшектерге бөлінуін айтады.
Физикалық үгілулерге қатысатын негізгі күштер : температура, жел күші, тасқын сулар мен көшпелі мұздар жатады.
Химиялық үгілу - тау жыныстары құрамындағы әртүрлі тұздардың немесе басқа қосылыстардың суд, қышқыл мен сілтіде еруінен және ауадағы оттегімен тотығуынан пайда болатын құбылыс. Мұның нәтижесінде химиялық құрамы жағынан жаңадан минералдық заттар пайда болады.
Биологиялық үгілу - қатты тау жыныстарынан қопсыған, ылғал сіңіргіштік, су өткізгіштік қасиеті бар ұнтақталған жыныстар пайда болады. Әдетте физикалық және химиялық үгілу кезінде босаған, суға ерігіш, өсімдіктерге қоректік минерал заттар ауқымды геологиялық заттар айналымына түседі де әртүрлі су ағыстарымен, өзендерге, теңіздерге тіпті мұхиттарға қосылып шөгінді жыныстарға айналады. Топырақ түзуге негізгі алты фактор : ауа - райы, тау жынысы жоғарғы және төменгі сатыдағы өсімдік пен жәндіктер, жер бедері, аймақтың геологиялық жасы және қоғамның өндіргіш күші қажет.
Аналық жыныстар
Жер бетіне шыққан тау жыныстары топырақ түзуші негізгі материал ретінде қызмет етеді. Топырақ түзуші тау жынысын- топырақ түзуші аналық жыныс деп атайды. Аналық топырақ түзуші тау жынысы өзі түзген топырақтың көптеген химиялық, физика- химиялық, физикалық қасиеттерін анықтайды. Тіпті кейбір аймақтарда топырақ түзуші тау жыныстарының химиялық құрамы бұл аймақтарға тән емес, құрамы басқа топырақ түзеді. Тау жыныстарының өзі түзген топыраққа әсері әсіресе шөлді аймақтарда айқын байқалады. Себебі бұл аймақтарда ауадан түсетін ылғал аз болғандықтан топырақ түзілу белсенділігі өте төмен болып тау жыныстарына оның әсері аз тиеді. Көп жағдайларда аналық жыныстарға ыза суларының деңгейі, топырақтың батпақтануы, тіпті оның жоғарғы қабаттарының тұздануы тәуелді. Топырақтың ылғал сыйымдылығы да аналық жыныстарға байланысты болады.
Жер бедері
Жер бедерінің әртүрлі болуына қарай, оған судың келуі, сумен бірге қоректік заттың ілесе келуі, тіпті күн сәулесінің түсуі түрліше болады. Тегіс жерлерде ауа ылғалды жақсы сіңеді, ал беткейлі, дөңесті жерлерде ылғал дұрыс сіңбей, су ойпатты жерлерде жиналады. Жерге жылудың таралуы да жер бедеріне байланысты болып келеді. Ол желдің бағытына, күшіне топырақ бетінің жарықпен қамтамасыз етілуіне, өсімдік жамылғысының түзілуіне үлкен ықпал жасайды. Топырақ түзілуге рельефтің макроформалары ғана емес, сонымен қатар микроформалары тіпті наонормалары да өз әсерін тигізеді. Әрбір шұқырдан және төмпешіктен қоршап жатқан топырақтардан өзгеше топырақтың кішкентай учаскесін оңай байқауға болады. Рельефтердің ұсақ формалары жер бетінде әр түрлі себептермен пайда болуы мүмкін. Топырақ түзілу процесінде беткейлердің формалары айырықша роль атқарады. Беткейдің бағытына және ылдилығына топырақтың температурасы және ылғалдылығы тәуелді болады. Оңтүстік беткейлер жылы, құрғақ ал солтүстік беткейлер суық, ылғалдылығы жоғарылау келеді. Эрозиялық процестер оңтүстік ылдилығы жоғары беткейлерде күштірек жүреді. Солтүстік беткейлер жазық келеді, оларда көктемде қар ұзақ жатады, сөйтіп топырақ түзу процесіне әсер етеді.
Уақыт
Белгілі бір топырақ пайда болу үшін миллиондаған жыл қажет. Бұл жерде топырақтың абсолютті және салыстырмалы жасын айырып тану қажет. ТМД елдерінің солтүстігі салыстырмалы түрде алғанда жақында ғана мұз жамылғысынан босағаны белгілі. Сонымен қатар Ресей және Қазақстан далалары, Түркіменстан шөлдері, Сібір мен Қиыр Шығыстың бір бөлігі мұздануға ұшырамағаны белгілі. Осындай жағдайларда топырақ түзілу процестерінің ұзақтығы ір түрлі болады. Мысалы тундра топырақтары ең жас топырақтар, шымдық топырақтарды орта ал қара және қоңыр топырақтарды кемелденген деп санайды. Топырақтың абсолюттік жасы осы топырақтың орналасқан құрлықтың көлден, теңізден және мұхиттан босану сәтінен басталады.
Адамның әсері
Қалған барлық факторлардан топыраққа адамның, дәлірек айтсақ адам қоғамының ықпалы күрт ерекшеленеді. Табиғаттың топыраққа әсері кездейсоқ түрде болса, адам өзінің шаруашылық әрекетінің барысында топыраққа бағытты түрде әрекет етеді, оны өзінің қажетіне қарай өзгертеді. Ғылым мен техниканың дамуына байланысты, қоғамдық қарым-қатынастардың дамуына байланысты топырақты пайдалану және оны қайта құру күшейе түсуде.
Соңғы онжылдықтар барысында анықталғандай, топырақтүзілу факторларының өзара әрекеттесуі заттың зор массасын қозғалысқа әкеледі. Тау жыныстары мен тірі ағзалардың әрекеттесуінің нәтижесінде өзіндік зат алмасу - химиялық элементтердің заңды түрде таралуы жүреді. Дәл сондай құбылыс тірі организмдер - атмосфера, тау жыныстары - түскен атмосфералық су, т. с. с. жүйелерде де жүреді. Топырақта бұл үрдістер ерекше кернеулі жүреді, өйткені топырақтүзілудің барлық факторлары бірдей бір мезгілде қатысады. Басында химиялық элементтердің қозғалысы белгілі мөлшердегі тұйық айналымшеңберлер (кругооборот) түрінде жүреді деп болжанған. Кейінірек топырақтағы заттың айналымы көптүрлі, ал негізгі мәнге миграцияның тұйықталмаған циклдері ие екені анықталған. Топырақтүзілу кезінде өтетін миграция үрдістері өз кезегінде бүкіл биосфераны қамтитын жалпыпланетарлық циклдерге кіреді.
2. 2 Топырақтағы қара шірінді
Қарашірінді (Гумус; лат. humus - жер, топырақ) - өсімдіктекті және жануартекті қалдықтардың биохимиялық ыдырауы нәтижесінде түзілетін, топырақтың жоғары қабатында жиналатын топырақтың қарақоңыр түсті органикалық заттегі. Топырақ құнарлылығы осыған байланысты. Қарашірінді органикалық қосылыстардың екі тобынан тұрады. Бірінші топ өсімдіктекті және жануартекті қалдықтарда (топырақтағы органикалық заттектің барлық массасының 10-15%-ы) болатын қосылыстар: белокгар, көмірсулар, майлар, шайырлар, лигнин және т. б. Екінші топ қарашіріндінің негізгі қорын құрайды. Органикалық қалдықтар (гумин, гумин қышқылдары, фульвоқышқылдар және т. б. ) синтезделген кезде түзілетін қарашірікті заттектерден тұрады.
Топырақтың белдемдік типіндегі қарашірінді мөлшері физикалық-географиялык жағдайлармен тығыз байланысты. Қарашірінді мөлшері (тайгадағы) күлгін топырақтан (4-5%) даладағы қара топыраққа (10-15%) қарай артып, шөлдегі сұр топырақта 1-2%-ға дейін төмендейді. Жер шарының әр түрлі биоклиматтық өңірлерінің топырағы Қарашірінді қоры бойынша айтарлықтай ерекшеленеді; топырақтың 1 м-лік қабатындағы т/га есебімен алғанда бұл көрсеткіштер мынадай: тундрадағы топырақтағы Қарашірінді - 73, күлгіндеу топырақта - 99, орманның сұр топырағында - 215, орманның құба топырағында - 263, қара топырақта - 500, қоңыр топырақта - 160, сұр-құба сұр топырақта - 40, қызыл және сары топырақта - 282, қошқыл топырақта - 253, ферралитті, тропиктік қара топырақта - 300 т/га.
Қарашіріндінің жиналуының ең үлкен мөлшері қара топырақта орташа 500 т/га, ең аз мелшері сұр топырақта - 40 т/га болады. М. М. Кононовтың есептеулері бойынша дүние жүзіндегі топырақтағы Қарашіріндінің жалпы қоры (1 метрлік қабатта) 2561 • 10® т (немесе 2561 млрд т) құрайды. Алайда топырақты өңдеу процесінде Қарашіріндінің мөлшері кемиді. Сондықтан оның орнын толтыру үшін өңделетін жерге минерал жоне органикалық тыңайтқыштар сіңіріледі.
Гумус , қара шірінді - топырақ құрамындағы шіріп ыдыраған қара қоңыр түсті органикалық заттар; гумус қышқылдарынан (гумин қышқылы және фульвоқышқылдар), гуминнен, т. б. заттардан тұрады. Гумус қышқылдары сілтілі ортада жақсы ериді. Суда нашар ериді, ал басқа қышқылдарда мүлде ерімейді. Топырақтан бөлінген гумин қышқылдарын құрғатқанда, одан қара қоңыр немесе қою түсті препарат алынады. Оның құрамында көміртек (50 - 62%), сутек (2, 8 - 6, 6%), оттек (31 - 40%) және азот (2 - 6%) болады.
Фульвоқышқылдар - гумин қышқылдарын тұндырып алғаннан кейін ерітіндіде қалатын гумус қышқылдарының бір тобы. Бұлар да гумус қышқылдары тәрізді жоғары молек. азоты бар органик. қышқылдар. Гумин қышқылдарынан айырмашылығы - түсі ашық, көміртек мөлшері аздау (41 - 46%), қышқылда жақсы ериді. Гумус құрамында бұлардан басқа гидролизденбейтін қалдық гуминдер де болады. Гуминдік заттар микробиол. жолмен де түзілетіні белгілі. Органикалық қалдықтар ыдырағанда, пайда болған көмірсулар мен амин қышқылдарының біраз мөлшері, микроорганизмдер клеткасындағы ферменттер көмегімен қара қоңыр түсті зат - гумус қышқылдарына айнала алады. Топырақтың 90%-ы Гумустың үлесіне тиеді. Жер бетіндегі Гумустың қоры (2, 4 - 2, 5) •1012 т-дай. Табиғат аймақтарында тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарының хим. құрамы әр түрлі болуына байланысты топырақтағы .
Гумустың құрамы да әр түрлі келеді. Топырақ түзілуде Гумустың алатын орны ерекше. Ол өсімдіктер үшін қоректік заттар көзі ғана емес, топырақ құрылымын жақсартып, оның құнарлылығын арттырады. Сондықтан егіншілікте қолданылатын барлық шаралар топырақтағы Гумус қорының артуына бағытталған.
Әр түрлі зонаға байланысты топырақтағы қара шірінді мөлшері әр түрлі болады:
Қара топырақты зона- қара шіріндінің мөлшері ең жоғары болатын зона болып есептеледі. Мұнда гумустың мөлшері 8-6% болады. Бұл жерлер Қазақстанның солтүстік өңірлерде кездеседі. Бұл аймақта көбіне астық дақылдары өсіріледі.
Қара қоңыр топырақты зона- бұл топырақ зонасы Орталық, Шығыс өңірлер мен Солтүстік батысты алып жатыр. Гумустың мөлшері 4, 5-3 % құрайды.
Қоңыр, сұр қоңыр топырақты зона - Қазақстанның оңтүстік бөлігінде кездеседі. Бұл жерлерде тек суармалы егіншілікпен айналысуға болады. Топырақтағы гумустың мөлшері 2-1 % құрайды.
Түрлі топырақтардағы қарашірік қоры (т/га есебімен) .
2. 3 Қара шіріндіні сақтау шаралары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz