Кәсіби деңгейдің дамуы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.АУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

Жеке тапсырма
Тақырыбы: Қазақстанның білім беру жүйесі

Орындаған: Құрманова.А
Тобы: ТП-20-2К
Қабылдаған: Нуридинова Г.А.

Шымкент 2021

Жоспары
І- бөлім. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
ІІ- Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.ҚР-дағы білім беру жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..3
2. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
3. Кәсіби деңгейдің дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .8
ІІІ-Қорытынды бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...14

І- бөлім. Кіріспе.
Мемлекеттік білім беру мекемелерін немесе олардың жекелеген сатыларын бітірген адамдарға білім беру министірлігі белгілеген үлгіден олардың білім алғандығын куәландыратын құжат беріледі. Мемлекеттік емес білім беру мекемелерін бітірген адамдарға мұндай құжат осы мекемелер берген білім мемлекеттік стандартқа сай болған жағдайда беріледі. Білім беру мекемелерін бітіргені туралы құжаттарды (атестаттар, дипломдар және басқалар) нострификациялау және білім беру министірлігі белгілеген тәртіп бойынша жүргізіледі.
Білім жүйесінде қалаған деңгейдегі басқару қатынастары тәрбиелік қызметті де атқарады. Тәрбиленушілерді басқарушы болып есеп беретін педагог - тәрбиелешілер оларға жетекшілік етеді, ал, тәрбиеленушілер осы жетекшілік қатынастарды пайдалы ұғымдар ретінде игереді, яғни тәрбиелік қызметтің орындалып жатқаны. Осыдан, да басшының, тәрбиешінің мұғалімнің моралдық, әдептілік кейпіне жоғарғы талаптар қойылады. Кәсіби іс - әрекетті әр қилы деңгейде тең басқару - бұлда педагогикалық жүйелердің өз алдына ерекшелігі. Өз тұлғасын қалыптастыру барысындағы оқушы іс - әрекеттің тәрбиешінің бір өзі басқармайды, бұған бірнеше пән мұғалімдері, сынып жетекшісі, басқада ықпал жасайтын қызметткерлері араласады. Сондай - ақ, пән мұғалімдердің, сынып басшыларының қызметтеріне мектеп директордың оқу, тәрбие және сыныптан тыс жұмыстар бойынша орынбасарлары әкімшілік басқару жүргізеді. Мұғалімдер бір уақытта бірнеше қызмет атқарады ол - сынып басшысы, пән мұғалімі, әдістемелік бірлестік мүшесі. Мектеп көп тарапты байланысқа ие. Оның жұмысы ата - аналар мен қоғамдық ұйымдармен мемлекеттік мекемелер мен қатынастар негізінде атқарылып барады.

ІІ- Негізгі бөлім.
ҚР-дағы білім беру жүйесі
Қазақстан Республикасын әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикалы мемлекет ретінде таныды. Тәуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде еліміз әлемдік қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткізді.
Осы орайда, қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің, адам ресурстарының рөлі мен маңызы арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнің болмысына барабар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіліктеріне сай болуды талап ете отырып әсерін тигізеді.
Жедел өзгеріп отыратын әлем мен ақпарат легінің ұлғаюы жағдайында іргелі пәндік білім міндетті, бірақ ол білім берудің жеткілікті нысанасы болып табылмайды. Қазақстандық білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық базасы, құрылымы мен мазмұны жағдайында дамуын жалғастыруда. Білім беру мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр және оқитындарды қоғам өміріне құзіретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қарастыра отырып даярлауға бағдарланбаған. Өңірлік деңгейде білім беруді басқарудың біріздендірілген жүйесінің болуы, білім беру бөлімдерінде мамандардың штат санының жетіспеушілігі білім беруді басқарудың тиімділігіне кері әсер етеді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Көптеген дамыған елдер мектепке дейінгі білім беруге тең қол жеткізу үшін мүмкіндіктер жасайды. Ал, Қазақстанда 2000 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі ұйымдардың саны 12 бірлікке (1%), ал олардағы балалардың контингенті 25 421 балаға (18,7%) өсті, бұл мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту сұранысының өсуі мен осы сұраныстарды қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы теңсіздікті айғақтайды (1 кесте). Нәтижесінде мектепке дейінгі ұйымдардағы 100 орынға 105-тен 130-ға дейін баладан келді. Тұтастай алғанда, республика бойынша 22 мыңға жуық бала мектепке дейінгі ұйымға орналасу үшін кезекте тұр, бес-алты жастағы 127 мың бала мектеп алды бағдарламамен қамтылуға тиіс.
Бастауыш және орта кәсіптік білім беру. Дамыған елдердегі кәсіптік білім беру жағдайына жасалған талдау кадрларды даярлау процессіне қатысу үшін жұмыс берушілерді көтермелеу тетіктерінің, сондай-ақ кәсіптік білім берудің сапасын реттеудің институтционалдық негізінің бар екенін және кәсіптік бағдарламалардың аса ұтқырлығы мен кірігуін айғақтайды
Педагок кадрларды даярлау, кайта даярлау және біліктілігін арттыру.
Педагог мамандықтары бойынша базалық даярлықты оқитындар контингенті 167 мың адамнан астам және жылына 22 мыңнан астам мұғалім шығаратын 34 жоғарғы оқу орны 19 педагогикалық мамандық бойынша жүргізді. Педагогтерді даярлауға арналған мектепттік білім беру тапсырысы: 2001 жылғы 5655 грант пен кредиттен 2004 жылы 6075-ке дейін өсті.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп - үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі - педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.
Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.
Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы білікті адамға бағытталған білімнен мәдениет адамына бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.
Француз қайраткері Адамға оқып - үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру.
Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық - коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін үнемі оқып - үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты - мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну - қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы алғанда құзырлылық ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова Құзырлылық ұғымы - соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.
Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы сомпетенсбелгілі сала бойынша жан - жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді деп көрсетеді. Бұл жайлы Б.Тұрғанбаева ... өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын - құзырлылықтар деп атаймыз деп анықтаса, Ресей ғалымы Н.Кузьминаның көзқарасы бойынша, Құзырлылық дегеніміз - педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы .
Латын тіліндегі компетенссөзін ғалым К.Құдайбергенова Құзырлылықты білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез- құлқын , ең бастысы тұлға мүмкіндігін бағалаудың критерийі мақсатында қарастыру құзырлылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагог-психологтың өзін-өзі тәрбиелеуі және кәсіби шеберлігін қалыптастыруы
Индивид - биологиялық жеке тұлға
Қаншалықты деңгейде
Қаржы нарығының қалыптасуы мен дамуы
Қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық негіздері
Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері
Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби даярлауда көпсатылы жоғары білім беруді ұйымдас-тырудың педагогикалық шарттары
Мұғалім портфолиосы
Педагогикалық инновациялар тәрбие мен оқыту үдерісін өзгертуі немесе жетілдіруі
Қашықтан оқыту теориясы
Пәндер