Жұқпалы аурулар мен ветеринариялық санитария әдістері


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
коммерциялық емес акционерлік қоғам
«Ветеринария» факультеті
«Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасы
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ:
Індеттанудың зерттеу әдістері
тақырыбына орындалған
Орындаған:
Өткізген күні:
Тексерген:
Тексерген күні:
Оқытушының қолы:
Алматы, 2021
Мазмұны
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2. 1. Індеттанулық зерттеуге сипаттама және оның мақсаты
2. 2. Індеттанулық зерттеу кешенінің әдістері
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Індет (эпизоотия; латынша ері - арасында, zооп - жануар/ індет процесінің орташа дәрежедегі қарқынмен дамуы. Індет кезінде жұқпалы аурудың мал арасында кең таралуға бейім тенденциясы байқалады. Ауру бара-бара сол отарды ғана емес кең алқапты қамтып, аудан, облыс масштабына, тіпті бүкіл елге жайылуы мүмкін . Індет тек қана ауырған малдың санының көптігімен ғана ерекшеленбейді. Індет кезінде барлық ауырған малдың ортақ бір инфекция қоздырушының бастауы және ортақ берілу жолы болады. Індет кезінде жаңа індет ошақтары пайда болады. Бұндай дисперсиабельділік - жұқпалы аурудың кең таралуына ықпал жасайды. Сонымен қатар індет кезінде аз уақытта көптеген жануарлар ауруға шалдығады. Бұны індеттің тұтануы (эпизоотическая вспышка) деп атайды. Індет ретінде көп аурулар тарайды. Мысалы, аусыл, топалаң, құс пастереллезі, шошқа обасы т. б.
Індеттану - індет процесін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым.
Індеттану екі түбірден тұратын қазақтың төл сөзі: індет - жұқпалы аурудың кең ауқымды таралуы, ал тану - білу, яғни ғылым деген мағына береді. Індеттану батыс тілдерінде "эпизоотология" деп аталады. Ол да екі ұғымның жиынтығы: эпизоотия (грекше ері - арасында, zoon - жануар) және logos - ғылым. Эпидемия (грекше ері - арасында, demos - халық) жұқпалы аурулардың адамдар арасында кең таралуы.
Негізгі бөлім
Нақтылы жұқпалы ауру кезіндегі індет процесін зерттегенде оның биологиялық құбылыстармен ғана емес, табиғи-географиялық, әлеуметтік-экономикалық (шаруашылық) жағдайлармен де байланысты екенін ескеру қажет. Сондықтан да індеттану ғылымы өзінің зерттеулерінде басқа да ғылымдардың үрдістері мен әдістерін кеңінен пайдаланады. Індеттанудың басты әдісі - індеттанулық зерттеу. Оның мақсаттары:
1. Бір немесе бірнеше, қала берді барлық жұқпалы ауруларға қатысты індеттік ахуалды зерттеу.
2. Нақтылы жағдайдағы ауру қоздырушысының бастауы мен таралу жолдарын айқындау.
3. Індет процесінің нақтылы жағдайдағы кейбір бағыттары мен заңдылықтарын (таралу қарқыны, ұзақтығы, т. б. ) анықтау.
4. Індетке қарсы жүргізілетін шаралардың нәтижелерін бағалау.
Індеттанулық зерттеу кешені төмендегідей әдістерден тұрады:
Шаруашылықты індеттанулық талдау мен бақылау - індеттанудың негізгі зерттеу әдісі. Жұқпалы ауру байқалған сәтте індеттанулық талдау арқылы ауруға нозологиялық диагноз қоюмен қатар індеттанулық диагноз қойылады. Ауруға диагноз қою дегеніміз (нозологиялық диагноз) қай ауру екенін анықтау болса (мысалы аусыл немесе топалаң), індеттанулық диагноз байқалған жұқпалы ауруға індеттану тұрғысынан толық сипаттама беру болып табылады. Яғни індет тізбегінің әрбір буынын, індет ошағының ерекшеліктерін анықтау. Бұл әдіс арқылы:
- аурудың себептері,
- таралу жолдары,
- індет ошағының қалыптасу жағдайлары айқындалады.
Осындай талдау жүргізу барысында клиникалық, патологиялық-анатомиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, серологиялық, аллергологиялық зерттеулер жүргізіледі. Барлық алынған мәліметтер індеттанулық талдау актісінде қорытындыланады. Соған сүйеніп індетке қарсы шаралар белгіленеді.
Індеттанулық талдау мен бақылау жұқпалы ауру байқалған кезде ғана
емес, бұрыннан жұқпалы аурудан таза емес шаруашылықта да, жұқпалы
аурудан таза шаруашылықта да жүргізіледі. Бұндай зерттеудің мақсаты аурудан таза емес шаруашылықта жүргізілген індетке қарсы сауықтыру шараларының нәтижелілігін анықтау болса, аурудан таза шаруашылықта сақтық шараларына баға беру.
Салыстырмалы тарихи сипаттау белгілі бір жұқпалы аурудың бұрын-соңды байқалуын анықтайды, бұрынғы болған жұқпалы аурулардың қазіргі індеттік жағдайға әсерін зерттейді.
Жұқпалы аурулар туралы өткендегі деректерді мынандай ақпарат көздерінен алады:
- ауырған жануарларды тіркеу журналы,
- індетке қарсы шараларды тіркеу журналы,
- ауданның індет ахуалын тіркейтін журнал,
- актілер,
- есеп-қисаптар мен ресми статистика материалдары.
Аталған құжаттарды пайдалана отырып ретроспективалық (өткендегіні) талдау жасалынады. Оның нәтижесінде:
- аурудың динамикасы,
- маусымдылығы,
- кезеңділігі анықталынады.
Жалпы алғанда салыстырмалы тарихи сипаттау - індеттік ахуалға уақыт тұрғысынан хронологиялық талдау жасау болып табылады.
Салыстырмалы географиялық сипаттау аурудың таралу ауқымын және індет ошағының қалыптасуына әсер ететін табиғи ландшафтық факторларды зерттейді. Нәтижесінде жұқпалы аурулардың белгілі бір әкімшілік аймақта (аудан, облыс) тексерілетін территорияның табиғи белдеулерінде таралуы туралы тұжырым жасалады. Салыстырмалы географиялық сипаттауды іске асыру үшін сол территорияның індеттік картасы мен нозогеографиялық картасы пайдаланылады. Індеттік картада жұқпалы аурулардың әрқайсысының байқалған жерлері белгіленеді де (картада қазба байлықтарын белгілеген тәрізді), нозогеографиялық картада нақтылы бір аурудың таралу шекаралары көрсетіледі. Аурудың таралған аймағын нозоареал деп атайды.
1-сурет. Ресей Федерациясының еуропалық бөлігіндегі жабайы қабандар (оң жақ) мен үй шошқалар арасында ( сол жақ) таралған африкалық шошқа обасының анықталған кластерлері
2-сурет. ҚР сібір жарасының қайта өршу қауіп қатерін аймақтарға үлестіру
3-сурет. Сібір жарасының қайта өршу мүмкіндігін ескере отырып ҚР аймағын әкімшілік аумақтар бойынша зоналарға бөлу
4-сурет.
А. Модельды аймақтың шекарасындағы дәл қазіргі климат жағдайларына байланысты нодуллярлы дерматиттің потенциальды нозоареалының картасы
Б. Климат өзгерген жағдайдағы нодуллярлы дерматиттің болжам ретіндегі нозоареалының картасы В. Климат өзгерген жағдайдағы Евразиядағы нодуллярлы дерматиттің болжам ретіндегі нозоареалының Б суретімен салыстырмалы картасы
Осындай зерттеулер жұқпалы аурудың таралуына картографиялық талдау жасау болып табылады. Сонымен салыстырмалы сипаттау географиялық сипаттау арқылы белгілі бір аурудың кеңістіктегі моделі жасалынады.
Індеттанулық эксперимент - тәжірибе ретінде қолдан жұқтыру арқылы жануарлардың арасында жұқпалы ауру таратып, індет процесіне бақылау жасау. Бұл бір ғана жануарға ауруды жұқтырып биологиялық сынама (биосынама) жасау емес, ауруды жасанды түрде жануарлардың арасында тарату. Мұндай тәжірибенің індеттану ғылымына індеттің таралуы туралы аса құнды мол мәліметтер беретіндігі даусыз. Індеттанулық эксперимент жасанды індет ошағында, аурудың одан тысқары тарап кетпеуін мұқият қадағалаған жағдайда өткізіледі.
Бірақ бұл әдісті іс жүзінде пайдалану мүмкін бола бермейді. Сондықтан да
практикада мұндай эксперименттен гөрі экономикалық шығын келтірмейтін,
қоршаған ортаға қауіпсіз математикалық моделдеу мен індеттанулық болжау
қолданылады.
Математикалық моделдеу деп абстракциялық жолмен індет процесінің әртүрлі көрсеткіштері арқылы індет процесінің моделін жасауды айтады.
Індет процесінің математикалық моделі уақыттық және кеңістіктік деп екі түрге бөлінеді.
- Індет процесінің уақыттық (хронологиялық немесе динамикалық) моделі індеттің басталу, даму, аяқталу кезеңдерін қарастырады.
- Кеңістіктік модель болса, ол індеттің жайылу ауқымын анықтауға бағытталады.
Індеттанулық болжау - індет процесінің пайда болуына, оның өршу кезеңдеріне ғылыми болжам жасау. Нақтылы жұқпалы аурудың табиғаты туралы ғылымға белгілі мағлұматтарды, осы аурудың белгілі бір территорияда пайда болуына ықпал ететін табиғат пен шарушылық жағдайларын ескере отырып індеттанулық болжам жасалады.
Індеттанулық болжамның дұрыс болуы үшін екі бірдей шарттың
сақталуы керек.
- Аурудың табиғаты мейлінше терең зерттеліп, ол туралы ғылыми мағлұматтар толық болуы шарт.
- Ветеринариялық есеп-қисап жұмысы дұрыс жолға қойылып, статистикалық көрсеткіштерде қате болмауға тиіс.
Болжамның қысқа, орта жэне ұзақ мерзімді түрлері болады.
Күнделікті практикалық қажеттілікті өтеу үшін жан-жақты математикалық модельмен індеттанулық болжам болмаған жағдайдың өзінде де індет
жағдайын
статистикалъщ талдау
арқылы қолда бар мәліметтерді бір жүйеге түсіріп, індетке қарсы шараларды жоспарлау мен ұйымдастыру ісін нақтылап отыру қажет.
Жұқпалы аурулар мен ветеринариялық санитария әдістері.
Жоғарыда қарастырылған әдістер індеттанудың өзіне қатысты болып табылады. Осы ғылымның екінші бір саласы Жүқпалы аурулар курсына келетін болсақ, оның өзіндік әдістері ауруды балау, емдеу жэне дауалауга байланысты үш топқа бөлінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz