Қазақстанда күштеп ұжымдастырудың зардаптары



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
Еуразия гуманитарлық институты

Уисенбаев Досхан Иембергенұлы

1930-1933 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚТЫҢ СЕБЕП-САЛДАРЫ МЕН
ЗАРДАПТАРЫ

Дипломдық жұмыс

Мамандығы: 5В020300 - Тарих

Астана, 2015
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
Еуразия гуманитарлық институты

Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
_______________________
_______________
қолы
___ __________________ 2015 ж.

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

1930-1933 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚТЫҢ СЕБЕП-САЛДАРЫ МЕН
ЗАРДАПТАРЫ

Мамандығы: 5В020300 – Тарих

Орындаған: ________________ __________________
қолы

Ғылыми жетекшісі
аға оқытушы ________________ _________________
қолы

Астана, 2015
Еуразия гуманитарлық институты

Факультет__________________________ ___________
Мамандық___________________________ __________
Кафедра____________________________ ___________

Кафедра меңгерушісі
Бекітеді
___________________
__ ________ 201__ж.

Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау
ТАПСЫРМАСЫ

Студент____________________________ _______________________________
аты-жөні
___________________________________ _______________________________
курс, тобы, мамандығы
1. Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы__________________________
___________________________________ ________________
Ректордың бұйрығымен бекітілді __ __ 201_ ж. № ____
2. Студенттің аяқталған жұмысты өткізу мерзімі ___ __201_ж.
3. Жұмысқа қажетті мәліметтер (заңдар, әдебиеттер, лабораториялық-
өндірістік мәліметтер)
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________
4. Дипломдық жұмыста (жобада) қарастырылатын сұрақтар
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ _
5. Графикалық мәліметтер (сызбалар, кестелер, диаграммалар, т.б)
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ _____________________
6.Негізгі пайдаланылған әдебиеттер___________________________________ _
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ _____________________
7. Жұмыс жөніндегі консультация (жұмысқа қатысты тарауларды көрсетумен)

Нөмір, тараудың, Ғылыми Тапсырманы Тапсырма Тапсырма
тармақшаның аты жетекшісі, алу мерзімі бердім алдым
консультант (қолы) (қолы)








8. Дипломдық жұмыстың (жобаның) орындалу графигі
№ Жұмыс Ескерту
Жұмыстың кезеңдері кезеңдерінің
орындалу мерзімі
1 Дипломдық жобаның
тақырыбын бекіту
2 Дипломдық жұмысқа
байланысты мәліметтерді
жинақтау
3 Дипломдық жұмыстың Практикаға кетуден
теориялық бөлігін дайындау бұрын
(1 тарау)
4 Дипломдық жұмыстың Практика кезінде
аналитикалық бөлігін
дайындау (2-3 тарау)
5 Дипломдық жұмыстың алғашқы Практика аяқталғаннан
түрін аяқтау кейінгі бірінші апта
6 Дипломдық жұмысты алдын Жалпы лекциялар кезінде
ала қорғау (консультация)
7 Дипломдық жұмысты
сараптамаға ұсыну
8 Дипломдық жұмыстың
аяқталған нұсқасын ғылыми
жетекшінің пікірі мен
сараптамамен бірге көрсету
9 Дипломдық жұмысты қорғау МАК кестесі бойынша

Тапсырманың берілу мерзімі _____ ___________________ 201_ж.
Ғылыми жетекші ___________________________________ _________

қолы, аты-
жөні, ғылыми дәрежесі, қызметі
Тапсырма алдым: студент ___________________________________ __

қолы, аты-жөні
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6

I ТАРАУ
ҚАЗАҚСТАНДА 1930 ЖЫЛДАРЫ ОРЫН АЛҒАН АШАРШЫЛЫҚТЫҢ БАСТЫ СЕБЕПТЕРІ
1. 1930 жылдардағы Қазақстанда күштеп ұжымдастырудың
зардаптары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2. Ұлы жұт жайлаған азалы
жылдар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

II ТАРАУ
ҚАЗАҚСТАНДА XX ҒАСЫРДЫҢ ЕҢ ІРІ ДЕМОГРАФИЛЫҚ АПАТТЫҢ СИПАТЫ
2.1. Аштыққа қарсы күрес және қазақстандағы жаппай
босқыншылықты тоқтатуға бағытталған
шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
2.2. Күштеп ұжымдастыру жылдарындағы Қазақстандағы
демографиялық апаттың
зардаптары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.51

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .68

ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...74
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі:
Еліміздегі екінші ашаршылық 1930-33 жылы болды. Оның себебі -
Қазақстанда жүргізілген сталиндік-голощекиндік реформа, содан туындаған
шаруалардың жекеменшігін тәркілеу мен жою, бас көтертпес ет, астық т.б.
ауыл шаруашылығы өнімдері салықтары, көшпелі және жартылай көшпелі Қазақ
шаруаларын жаппай және күшпен отырықшыландыру науқандары болып табылады.
Тәуелсіздігімізді алғаннан бері халқымыздың басынан кешкен зұлматты
кеңестендіру жылдарының ақиқаттарын ашық айтуға мүмкіндік алдық. Тарихшы
ғалымдарымыз, зерттеушілеріміз бен ізденушілеріміз, әсіресе ұжымдастыру
арқылы келген отызыншы жылдардың басындағы аштық нәубеті жөнінде бірқатар
құнды-құнды зерттеулер жасап, осы зұлматтың ақиқаттарына жету үшін жан-
жақты ізденістер жасауда. Сол зерттеулердің әсерінен көптеген шындық беті
ашылуда. Мысалы, өткен ғасырдың 20-жылдарының соңы мен 30-жылдарының
басындағы Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру арқылы келген ашаршылық қолдан
жасалған, идеологияға негізделген саясатты көзсіз жүзеге асыруға
ұмтылушылықтың нәтижесі еді. Коммунистік партияны қазақтарға, одан кейін,
белгілі бір дәрежеде басқа да көшпелі халықтарға әкеліп жапсыру оларды сан
апат пен қайғы-қасіретке душар етті. Сөйтіп, 1931-1933 жылдар қазақ
халқының ең бір қасіретті жылдары болып тарихызмызда қара әріптермен
жазылып қалды.
Аталған ашаршылық салдарынан қазақ халқы өз жерінде күні кешеге дейін
саны жағынан азшылыққа ұшырап, өзгелерге жол берумен келді. Халықтану
демография ғылымының сол ашаршылық апаттың қыр-сырларын зерттей отырып
болашақта оның қайталанбауы үшін өз тұжырымдарын алға тартады. Міне, осы
тұрғыдан қарағанда, Қазақстандағы кеңестендіру жылдары қолдан жасалған
ашаршылықтан қазақ халқының саны мен үлесіне қалай әсер еткенін 1926,1937
және 1939 жылдары жүріп өткен Бүкілодақтық халық санақтарының қорытынды
нәтижелерін қолдана отырып, оларды өзара ғы¬лыми түрде салыстыру арқылы
үлкен дәлдікпен есептеп шығара аламыз.
1926-шы жылғы халық санағынан кейін құрбан болған адамдарының санын
1937-ші жылға дейін қалпына келтіре алмаған қазақстандық төрт ұлт туралы
мынандай ресми деректер келтіруге болады. Мысалы, 1926-1937-ші жылдар
аралығында қазақтар – 3,627,6 мыңнан 2,181,5 мыңға дейін: украиндер – 860,2
мыңнан 549,6 мыңға дейін, ұйғырлар – 63,4 мыңнан 33,4 мыңға дейін, өзбектер
– 129,4 мыңнан 110,0 мыңға дейін кеміп кетті. Олар осы он жыл аралығында
барлығы 1,816,2 мың адамын жоғалтқан екен. Бұл санақтардың он жылдық
кезеңінде олар 15-17 пайыз өсудің орнына 40 пайызке көшіп отырған. Сонда
барлық жиыны демографиялық есеп бойынша 55-57 пайыз азайған 3. Тіпті,
осынау апатты жылдардағы халықтың өсімін қоса есептегеннің өзінде бұл төрт
ұлттың кем дегенде тең жартысы келмеске кетіпті. Рас, украиндар мен
өзбектердің және ұйғырлардың көпшілігі Қазақстанмен жапсарлас жатқан, не
Сібірге, не Орта Азияға, не Қытайға тиісінше көшіп кетіп, аман қалып
үлгерді.
Ал басқа ұлттарға келетін болсақ (орыс, неміс, татар, беларус), олар
ашаршылықтан кейін қаңырап бос қалған Қазақстан жеріне күштеп
қоныстандырылды. Сөйтіп, олар бұрынғы олқылықтарының орнын толтырып қана
қоймай, онан сайын қаулап өсе түсіпті. Алайда, біздің қоғамтанушыларымыздың
күні бүгінге дейін білмей жүрген бір нәрсесі – ол орталықтың жасанды жолмен
бір мезгілде ерікті ұжымдандыру арқылы және екінші жағынан жедел
индустрияландыру саясатының кесірінен Қазақстандағы байырғы халықтың
мүлдем азшылыққа айналғандығы, яғни бұл бірінші бесжылдықта (1929-34)
қазақты өз жерінде құрбандыққа шалу есебінен келімсектерге социалистік
бақыт орнату әрекеті болды.
Сталин мен Голощекин бір халықтың мәдениеті мен ұлттық шаруашылығын
құрту арқылы екінші халықтың өркендеуіне ашықтан ашық жол салды. Мысалы,
қазақтың малын тартып алып, ауқаттыларын тәркілеп жіберді де, бүкіл Орта
Азияны отырықшыландырып, тұрақты егіс алқабына айналдырды. Немесе үшінші
біреулерін қалалы жерлерге шоғырландырды. Сөйтіп, жоғары индустрияны
жеделдете дамытудың салдарынан ұлттардың бір-бірімен жақындасқаны сондай,
жойылып кетуге шақ қалды. Қазақтың тәркілеумен тартып алынған малы ірі
өндіріс орындарында, аға халықтың қолында бесжылдықтың балғасы
солқылдата соғылуы үшін құрбандыққа шалынған болса, ал қазақтардың өзі
малдан айырылған соң аштықтан қырылып қалған.
1926-1959 жылдардың арасында жүргізілген санаққа зер салсақ,
ұжымдандыру, индустрияландыру науқандарын айтпағанның өзінде, кейін күшпен
жер аударылғандар (депортация) мен соғыс кезінде көшіп келгендердің
(эвакуация), тың игерушілердің Қазақстан жеріне жаппай ағылуы ұлт саясатын
өрескел бұрмалауға әкеп соқтырды. Егер республикамыздағы ең көп екі ұлт –
орыс пен қазақтың арасалмағын, салыстырар болсақ, Орталық ретінде билеп-
төстеуші Мәскеудің күштеу саясатының бет-бейнесі айқындала түседі. Тек 1926-
1959 жылдары ғана қазақтардың саны 58,7 пайызтен 29,8 пайызке қатты
құлдыраса, ал орыстардың, саны 20,5 пайызтен 42,7 пайызке бірақ
көтерілген.3 Осы көрсеткіштің өзінен-ақ біраз шындықты айқын байқауға
болады емес пе?
Сөйтіп, қазақтар жеке халық болып ұлттық белгісі жағынан, ал Қазақстан
Республикасы болып құрамы жағынан бұрынғы КСРО-ның Орта Азиядағы одақтас
республикаларының бірі емес, Ресейдің Федеративтік құрамындағы автономиялық
республикалармен бірдей болып қалды.
Сондықтан Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясы
Қазақстандағы ұлттық қасіреттің себеп-салдарын түбегейлі зерттеп, оған
кінәлілерді анықтау мақсатында арнайы комиссия құрды. Республикамыздағы
1931-33-ші жылдардағы зұламатқа нақты саяси баға беру үшін бұл комиссияның
құрамына білікті тарихшылар мен демографтар, заңгерлер мен саясатшылар де
енді. Сөйтіп, Голощекиннің құрығынан құрбан болған жазықсыз жандардың
бейнесін мәңгілікке есте тұту мүкіндігі енді ғана туды.
Қорыта айтар болсақ, біздің қоғамтанушылар тікелей голощекиндік геноцид
салдарынан, тағы басқа әміршіл зұламаттың зардабынан күні бүгінге дейін
қазақ халқының ұлттық дамуы демографиялық детерминизм, яғни амалсыз санға
тәуелділік жағдайында қалып қойғанын әлі біле алмай келе жатқан сияқты. Сол
демографиялық кәріптікті жеңіп, сол ауыр дертті бір жола жазбайынша қазақты
ұлт ретінде ұшпаққа шығара алмаймыз.
Зерттелу деңгейі.
Диплом жұмысының мақсаты. Қазақстанда XX ғасырдың 30-шы жылдардағы
күштеп ұжымдастырудың салдарынан туыцндаған ашаршылық зардаптарына
сипаттама беру.
Зерттеу әдістері. Зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес
салыстырмалы, талдау, ғылыми-танымдылық әдістер қолданылды.
Отанымыздажарияланған деректерден тақырып бойынша мәліметтерді талдау және
көрсету.
Зерттеу деректері. Тарихшы мамандардың осы тақырып бойынша еңбектері,
мақалалар, арнайы басылымдар, оқу-әдістемелік және құжаттар болып табылады.
Тәжірибелік құндылығы. Диплом жұмысының нәтижелері мен ұсыныстары тарих
ғылымының дамуына, болашақтағы тарихи-саяси қызметтерді ұйымдастыруды
жетілдіруге көмектеседі.
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, 2-тараудан, қорытынды,
пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде тақырып көкейкестілігі негізделіп зерттеудің мақсаты мен
міндеттері анықталып, оның теориялық және тәжірибелік маңызы көрсетілген.
І тарауда 1930 жылдардағы Қазақстанда күштеп ұжымдастырудың зардаптары
мен ұлы жұт жайлаған азалы жылдар айтылған.
ІІ тарауда аштыққа қарсы күрес және қазақстандағы жаппай босқыншылықты
тоқтатуға бағытталған шаралар, сондай-ақ, күштеп ұжымдастыру жылдарындағы
қазақстандағы демографиялық апаттың зардаптары, қазақ халқы үшін ең ауыр
жылдарындағы тағдыры жөнінде айтылған.
Қорытындыда зерттеу нәтижесінің негізгі тұжырымдамалары шығарылған
тиісті ұсыныстар берілген.
Пайдаланған әдебиеттер тізімінде диплом жұмысында қолданылған
әдебиеттер мен басылымдар жүйелі түрде көрсетілген.

І ТАРАУ
ҚАЗАҚСТАНДА 1930 ЖЫЛДАРЫ ОРЫН АЛҒАН АШАРШЫЛЫҚТЫҢ БАСТЫ СЕБЕПТЕРІ

3. 1930 жылдардағы Қазақстанда күштеп
ұжымдастырудың зардаптары

Ашаршылық - саяси-әлеуметтік процестер мен табиғаттағы қолайсыз
ахуалдар салдары болып табылатын әлеуметтік апат. Оның ашық және жабық түрі
бар. Біріншісі - мүлдем үнемсіз қалу да, екіншісі - үнемі шала құрсақ болып
жүру. Екеуі де ауруға, індетке, өлімге әкеліп соқтырады. Ашаршылық жеке
адамның не отбасының ашығуы емес, бүтін бір аймақтың, халықтардың, мемл-
тердің басына түсетін нәубет. Оның соңы адамдардың жаппай қырылуына алып
келіп, халық санын күрт азайтып жібереді. Адамзат баласы өзінің ұзақ
тарихында әр түрлі себептерден: қуаңшылықтан, жұттан, соғыстан, қолдан
жасалған дағдарыстар мен күйзелістерден және геноцидтен соң күшті
ашаршылықтарға жиі ұшырап тұрған. Қытайда, Үндістанда, Ресейде, Африка
елдерінде болған ғаламат Ашаршылықтар тарихтан белгілі. Жер бетінде адамзат
баласы санының демографиялық дүмпуінен кейін, ХХІ ғасырда экономикасы,
әсіресе, ауыл шаруашылығы артта қалған кейбір дамушы елдерде ашаршылық
жайлауы мүмкін деп болжанады. Дегенмен, болашақта өркениетті елдердің өзара
халықар. ынтымақтығы нәтижесінде ондай қауіптің алдын алуға болады [1].
Кеңес дәуірінде тарихи оқиғаларға берілетін баға жалған мәліметтермен
бұрмаланып берілгендігі бәрімізге аян. Тәуелсіздік алғаннан кейін терең
зерттеуге жол ашылған тақырыптардың бірі Қазақстандағы кеңестік ұжымдастыру
саясаты.
Қазақстандағы ұжымдастыру бүкіл елдегі науқанның құрамдас бөлігі бола
тұрса да, одан қазақ халқының басқа ұлт өкілдеріне қарағанда аяусыз
қырғынға ұшырағанын көрсетеді.
Кеңес қоғамындағы өзгерістер халықтың белгілі бір бөлігін құрбан ету
арқылы іске асырылды. Бұл әсіресе ауыл шаруашылығын ұжымдық негізде күштеп
қайта құру саясатында айқын көрінді. Қазақ даласында жүргiзiлген жаппай
ұжымдастыру, отырықшыландыру және кәмпеске науқанының салдары қазақ жерiне
үлкен қоғамдық - экономикалық және әлеуметтiк өзгерiстер әкелді.
Күні бүгінге дейін ашаршылық геноциді тәуелсіз Қазақстан тарихында
обьективті бағасын ала алмай келеді. Кеңестік ұжымдастыру зардаптарының
бірі болған осы ашаршылық жылдары ел тарихының тұтас кезеңі ретінде арнайы
зерттеуді және ашаршылық кезінде құрбан болғандардың жалпы саны әлі де
болса терең зерттеп, анықтай түсуді қажет етеді.
Қазақ байларының малдарын тәркілеу науқаны қазақ даласындағы дәстүрлі
мал шаруашылығын күйретуге әкелді. Ашаршылық Кеңес өкіметінің Қазақстандағы
мал атаулыны тәркілеу туралы шешімінен бастау алды. Бұл кезде қазақ жұртын
бар тіршілігі малдан айырған жағдайда аштан өлуден басқа жол жоқ еді.
Сонымен қолындағы барынан айрылған қазаққа біржолата жойылу қаупі төнді.
1931-1932 жылдары болған қуаңшылық жағдайды мүлдем шиеленістіріп жіберді.
1932-33-ші жылдардағы ашаршылық – ел тарихындағы ең қасіретті
оқиғалардың бірі болып саналады. Қазақ даласындағы ашаршылық туралы қазақ
зиялылары Тұрар Рысқұлов, Смағұл Сәдуақасов, Нығмет Нұрмақов, Ораз Исаев,
Сұлтанбек Қожанов және т.б. Мәскеуге ресми хаттар дайындады. БК(б)П ОК-нiң
Бас хатшысы И.В. Сталин мен Қазақ өлкелiк партия комитетiнiң бiрiншi
хатшысы Ф.И. Голощекинге жолданған Т.Рысқұловтың Сталинге хаттары,
Ғ.Мүсiрепов, М.Ғатаулин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышев жазған
Бесеудiң хаты және т.б. хаттарда қазақтың аштықтан қырылуы мен шетел
асуының негізгі себептерiн, экономикалық және демографиялық шығынды
айғақтайтын нақты мәлiметтер берілдi.
Ашаршылыққа душар болғандарға көмек беру ол бастан дұрыс
ұйымдастырылмады. Оған республика басшыларының, әсіресе, Ф.И. Голощекиннің
көзқарасы да әсер етті. Алматы, Шымкент, Семей, Әулиеата, Қызылорда, Ақтөбе
және басқа да қалалардың көшелерінде аштан өліп жатқандар көп болды. Оларды
жинап, көмуге арнайы жасақтар құрылды. Алыс ауылдардан елді пункттерге жете
алмаған аналар балаларын суға лақтыруға, тастап кетуге мәжбүр болған..
Облыстық мұрағат қорындағы осы кезең барысына шолу жасасақ, 1932 жылы
28 ақпанда өткен Қызылорда аудандық атқару комитеті мәжілісінің күн
тәртібінде көшіп - қоныстанушылар мен панасыз балаларды орналастыру
мәселесі қаралып, панасыздықпен күрес бөлімінің жұмысы сынға алынған. Онда
азық - түлікпен қамтамасыз етудің дұрыс жолға қойылмағандығы, есебі
жүргізілмегендігі, желтоқсан айында берілетін азық - түлік қаңтар айының
соңында үлестіріліп, талан - таражға түскендігі айтылып, кінәлілерді
жауапқа тарту ұсынылған [2].
Ақтөбе облысынан және Қарсақпай ауданынан келіп жатқан көшпенділер мен
панасыз балалар саны күннен-күнге көбейген. Бұл көрсеткіш ақпан айында 835
болса, наурыз айының басында 928-ге жеткен. Осы айдың ортасында тағы да
Қарсақпайдан - 630, Батпаққарадан - 510, Қостанайдан - 47, Торғайдан - 14,
Ырғыздан - 2 адам, 1665 панасыз балалар келген. Олардың 1500-і балалар
үйіне, 150- сәбилер үйіне орналастырылған, 10- оқуға, 5-кәсіпорындарға
жұмысқа жіберілген, балалар үйіне және сәбилер үйіне жіберілгендер арасында
109 бала аштықтан өлген. Азық-түліктің жетіспеушілігіне байланысты үнемдеу
мақсатында адам басына 1 айға 1 килодан дән бөлінген. Осыдан кейін жиналған
панасыз балалар Қазалы, Қармақшы, Тереңөзек, Түркістан балалар үйіне
жіберілген [1.23].
1933 жылдың 1 қаңтары мен 20 ақпаны аралығында панасыз балалардың саны
1311 болса, оның 44-коопкомбинатқа жұмысқа жіберілген, 2- кәсіпорынға, 20
адам овцевод кеңшарына жіберілсе, 105 бала сәбилер үйіне орналастырылған.
315 бала қайтыс болған. Ескертпеде берілген мәліметте балалардың
көпшілігінің өліміне аштық себеп болғандығы көрсетілген [2.2]. Ал енді бір
деректе 1933 жылдың 10-20 наурызы аралығында 1759 панасыз баланың 1660-
балалар үйіне, ал қалған 99- сәбилер үйіне орналастырылған. 59 бала балар
үйінде, 38 бала сәбилер үйінде барлығы 97 бала қайтыс болған. Ғ.Мұратбаев
балалар үйіндегі мәлімет бойынша 1933 жылдың 1 қаңтары мен 20 ақпаны
аралығында 5 баланың қайтыс болғандығы айтылған, оның 1- туберкулез, 4 -
өкпесіне салқын тиген. Ал қазан революциясы балалар үйінің хабарлауынша осы
жылдың қаңтары мен ақпаны аралығында 26 бала аштықтан өлген. Сәбилер үйінің
дерегі бойынша 1933 жылдың 21 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында 45 бала, 15
ақпан - 20 ақпанда 50 бала, 20 ақпан - 11 адам, оның 5- қыз бала, 6 - ұл
бала, 25 ақпаннан -20 бала, оның 9- қыз бала, 11 - ұл бала, 26 ақпанда 2
ұл, 7 қыз қайтыс болған [3.3,5]. Балаларды қабылдап бөлетін балалар үйінде
1933 жылдың 1 қаңтары мен 20 ақпаны аралығында 46 бала аштан өлгендігі
көрсетілген. Ал қаңтар - наурыз аралығында барлығы 61 баланың аштықтан
өлгені туралы мәлімет бар [4]. Қызылорда қаласындағы барак ішіндегі балалар
туралы 1933 жылдың 7 - 20 маусымы аралығындағы мәліметтер берілген. 7
маусымда болған балалар саны - 1532, келгені - 219, кеткені - 76, өлгені -
28, бары - 1581, ал 20 маусымда балалар саны - 1390, келгені 79, кеткені
-71, өлгені - 14, бары 1386 болған [3.18]. Бұл мәліметтен 13 күн ішінде 42
баланың аштықтан өлгенін көруге болады.
1933 жылдың 20 қаңтар - 20 ақпан аралығында панасыздықты жою айлығы
жарияланып, барлық ұжымдарда жедел жиналыстар өткізіліп, қаржы жинау,
панасыздар пайдасына 10 тиындық талон маркасын енгізу ұсынылған.
Панасыздықпен күрес штабының Халық ағарту комиссариатының төрағасы
С.Меңдешевтің қатысуымен 1933 жылы 28 маусымда өткен кеңейтілген
мәжілісінде 25 маусымнан 25 шілдеге дейін тағы да айлық өткізу, аудандық
оқу бөлімінде кеңестік бюро құрып, балалар коммунасы қызметкерлеріне
тұрақты түрде әдістемелік көмек көрсету, семинарлар мен мәдени шараларға
ағарту қызметкерлерін жұмылдыру керектігі айтылды. Балаларды әдеби
кітаптармен, ойыншықтармен қамтамасыз ету жұмыстарын бақылау,
жасөспірімдерді егіндікке жұмысқа шақырып, еңбекке баулу тәрбиесі қаралды.
[1]
Үкіметтің жергілікті ауыл және село мұғалімдерінің тұрмыстық жағдайын
жақсарту жөніндегі шығарған бірқатар шешімдері орындалмады, айлық
жалақылары берілмеді, азық - түлік айына бір рет қана бөлінді. Ауылдық
партия және қоғам қайраткерлерінің де тұрмыстық жағдайлары айтарлықтай
болмады. Олар ешқандай азық - түлік пайын алмады. Алматы қаласында Қаскелең
ауылдық кеңесіне жіберген хатында ашыққандарды тамақтандыру орны мәлімет
бойынша ашылғанымен бұл пункттерде адамдардың жоқтығы, жоғарыдан берілген
директивалардың орындалмағандығын айта отырып, үкіметтік шараларға
салғырттық танытқандар жауапкершілікке тартылатындығы айтылған [4.32].
Қазақ АКСР Халық комиссарлар Кеңесі мен өлкелік комитетінің 1933 жылдың
3 қыркүйегіндегі Панасыздарға қарсы күрес жағдайы туралы қаулысында
Алматы облысы Қаратал- Аягөз ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс,
Қызылорда аудандарындағы орын алған кемшіліктер, атап айтқанда балалардың
өліміне апарып соқтырған жағдайлар, медициналық көмектің берілмейтіндігі,
балалар қорына бөлінген қаржының жымқырылуы т.б. жағдайлар қатты сынға
алынды. Осыған байланысты балалар үйіндегі 8-10 жас аралығындағы балаларды
мектепке оқыту, 3-7 жастағы балаларды балалар бақшасымен - интернаттармен,
3 жастағы балаларды сәбилер үйімен қамтамасыз ету, қиын балалар үшін 1100
балаға арналған 8 балалар коммунасын құру міндеттелді. [2.8].
Қазалы ауданында шаруашылықтарды жаппай жою және малдарды құрту
салдарынан халықтың да саны азайды. Мәселен, Қазалы ауданында 1932 жылдың 1
қаңтарында 29896 адам болса, 1933 жылдың 1 қаңтарында 14840 адам болған.
Сонда 15000 адамға азайған [5.3]. 1932-1933 жылдардағы аштық салдарынан
көптеген көшпелілер туған жерлеріне - Арал бассейніне оралды. Қысқа уақыт
ішінде көшпенділердің 3500 шаруашылықтары Қазалы ауданына келген. Олардың
көпшілігі аштық жағдайында, араларында жалғыз бастылар, ата - анасыз
балалар көп болған. 1932 жылдың қазан айында Жосалы станциясына келген 300
- 400 жанұяның ішінде 100 адам өлген. [3]
Қазақстандағы күшпен ұжымдастырудың және зорлап отырықшыландырудың алып
келген ауыр зардаптарының бірі- демографиялық апат еді. Тарихи зерттеулерде
Қазақстандағы 1931-33 жылдардағы ашаршылыққа байланысты әртүрлі пікірлер
мен деректер айтылып жүр. Қазақстандық тарихшы демограф ғалымдар осы
жылдардағы ашаршылық құрбандарын 1,5 миллионнан 3 миллионға дейін жеткізіп
жүр. Академик М.Асылбеков бір зерттеуінде 1926 жыл мен 1939 жыл аралығында
республикамыздың өз ішіндегі қазақтар 1 миллион 180 мың адамға немесе 33,0
пайызға азайғанын нақты деректерге сүйене отырып, шығарады [6.50].
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi Төралқасының осы мәселелердi
зерттеген комиссиясы (төрағасы – академик М.Қ. Қозыбаев) өзiнiң
қорытындысында тарихшы демографтардың жүргiзген алдын- ала талдауларында
Қазақ елi аштықтан және соған байланысты iндеттерден, сондай-ақ табиғи
өлiм деңгейiнiң үнемi жоғары болуынан 2 млн. 200 мың адамынан яғни барлық
қазақ халқының 49% айырылғанын атап көрсете отырып, сонымен қатар қасiрет
құрбандарының саны туралы мәселе әзiрге ашық қалып отырғанын да ескертедi.
Республика мұрағаттарында ауылдық жерлерден, аудандардан қанша мал, астық
дайындалғаны туралы мәлiметтер баршылық болғанымен, аштан өлген адамдар
жөнiнде нақты деректер табыла бермейдi. Әлiби Жангельдиннiң 1918 жылдың
көктемiнде Халық Комиссарлары кеңесiне жазған бiр хатында қазақ даласында
10 миллион адам тұрады. Оның 6 миллионы байырғы тұрғындар да, қалған 4
миллионы орыс және басқа ұлттар шашырандылар деген дерек бар. Арада 21 жыл
өткеннен кейiн, 1939 жылы жүргiзiлген санақта Қазақстан ғана емес, бүкiл
Одақ бойынша үш миллионнан сәл - ақ асатын қазақ бар екенi анықталды. 1918
жылғыдан тең жарымы кемiп кеткен [7.3 ].
Сталиндiк режим күштеп ұжымдастыру жылдарында орын алған, алапат
аштықтан туындаған демографиялық апатты анықтауға мүдделi болған жоқ. Мұның
өзi ауыл шаруашылығын социалистiк жолмен қайта құру деген атпен
жүргiзiлген шын мәнiнде шаруаларға орасан зор қасiрет әкелген кiнәсiздердi
жаппай жазалау саясатын әшкерелеу болар едi. Көршiлес қырғыз, өзбек,
түркмен, тәжiк республикалары мұндай нәубетсiз, апатсыз, шығынсыз-ақ
ұжымдастыру қайшылықтарын жеңе бiлгенде Қазақстанның мұндай трагедияға
ұшырауы өкiнiштi. Сонау нәубет жылдары 2 млн-ға дейін азайып кеткен қазақ
бүгіннің өзіне 9 млн-ға әзер жетіп отырмыз. Бұл демографиялық регресс
жалғыз ғана 1932 жылғы аштықтың ғана емес, 1921 жылғы аштықтың да және
көшпендi халықтың республикадағы асыра сiлтеуге шыдамай туған жерден
кетуiнiң де салдары.
Тәуелсіздігімізді алғаннан бері халқымыздың басынан кешкен зұлматты
кеңестендіру жылдарының ақиқаттарын ашық айтуға мүмкіндік алдық. Тарихшы
ғалымдарымыз, зерттеушілеріміз бен ізденушілеріміз, әсіресе ұжымдастыру
арқылы келген отызыншы жылдардың басындағы аштық нәубеті жөнінде бірқатар
құнды-құнды зерттеулер жасап, осы зұлматтың ақиқаттарына жету үшін жан-
жақты ізденістер жасауда. Сол зерттеулердің әсерінен көптеген шындық беті
ашылуда. Мысалы, өткен ғасырдың 20-жылдарының соңы мен 30-жылдарының
басынағы Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру арқылы келген ашаршылық қолдан
жасалған, идеологияға негізделген саясатты көзсіз жүзеге асыруға
ұмтылушылықтың нәтижесі еді. Коммунистік партияны қазақтарға, одан кейін,
белгілі бір дәрежеде басқа да көшпелі халықтарға әкеліп жапсыру оларды сан
апат пен қайғы-қасіретке душар етті. Сөйтіп, 1931-1933 жылдар қазақ
халқының ең бір қасіретті жылдары болып тарихызмызда қара әріптермен
жазылып қалды [8].
Қазақ қалай қырғынға ұшырады? Қазақтың басынан қаншама нәубет өтті? 31
мамыр - қуғын-сүргін құрбандарын еске алатын күн. Ал биыл алапат аштықтың
болғанына 82 жыл толады. Біз сол бір зұлмат кезеңнің ащы шындығын
қаншалықты аша алдық? Кеңестік режим өзіне қараған халықтарды атып-асып,
қуғындап қана қойған жоқ, сонымен бірге қолдан жасалған аштықпен де ауыр
зұлматтар жасады. Бұл қырғын Ресейдің Поволжье аймағын, Украина мен
Қазақстан халқын жайлады. Осы бір зұлмат кезеңдердің ащы шындығын ашық
айтып, Ұлы аштық қырғынын халықаралық деңгейге дейін көтерген, аштық
құрбандарына арнап, кесене тұрғызып, оны жыл сайын Азалы күн ретінде атап
өтіп жүрген украин халқы екен. Бұл да болса, украин халқының өткен тарихқа,
өз халқының басынан өткен зұлматты кезеңге жасаған ерекше тағзымы болса
керек. Сол украиндықтар 2010 жылы өздерінде шығатын Наше слово газетінде
қазақстандық саясаттанушы Данила Бектұрғановтың Ұлы жұт немесе қазақ
даласындағы Ұлы аштық қырғыны жайлы мақаласын жариялайды. Әрі бұл мақала
украин тілінде жарық көреді. Ол мақаласында автор қазақ даласында болған
Ұлы жұттың, яғни Ұлы аштық қырғынының себебі мен салдарын анықтауға
тырысқан. Автор: Қазақстандағы Ұлы аштық қырғыны жайлы әңгімені екі өте
маңызды ескертуден бастаған жөн болар: кеңес заманында Қазақстанда екі рет
аштық қырғыны болғанын айтуға тиіспіз. Әрине, ең үлкен аштық қырғыны өткен
ғасырдың 30-шы жылдары орын алды. Ол тарихта Ұлы жұт Ашаршылық жылдары
деген атпен аталады. Бірақ сонымен бірге 1919-1922 жылдары орын алған
ашаршылықты да ұмытпаған жөн болар. Осы кездері Қазақстанда миллионнан
астам адам аштан өлген деген деректерді алға тартады.
Алғашқы аштық кезінде қазақтың көбі аштан қырылды. Деректерге сүйенсек,
1919-1922 жылдардағы аштық кездерінде бір миллионнан астам қазақ аштан
өлген. Бұл сол кездегі қазақтың санының шамамен 20-22 пайызын құрайды деген
сөз. Алаш арыстарының көсемі Ахмет Байтұрсынов 20 жылдардағы аштық жөнінде
1922 жылғы Қазақ календарына жазған Тәні саудың - жаны сау атты
мақаласында: ...Өткен қыста аштық болды. Ашыққан адам бірінің етін бірі
жеді. Өліктің етін жегені былай тұрсын, өлмеген тірі адамдарды малша ұрлап,
малша сойып жеді. Қалаларда түн болса, көшеде жүруге болмады. Мезгілсіз
уақытта көшеде жүрген адамдарды жылқы сияқтандырып бұғалық салып, буындырып
ұстап, сойып жейтін болды. Анасы баласының етін жеуге жетті... Аштықтан
адамның тәні азып еді, жаны да азып, ес кетіп, адамгершілік жоғалып, адам
хайуаннан да жаман болып кетті... деп жазған екен [8].
Ал нағыз қасапты қырғын қазақтың басына 30 жылдары келгені белгілі. Бұл
жылдардағы нәубет қазақ халқының тең жарымын қырып кетті. Аш-жалаңаш, үй-
күйсіз қырылған қазақтың жартысы жер ауды, қашты, босып кетті. Сол
жылдардағы Ұлы аштық жайында жазылған шығармаларды оқып көрсеңіз, жан
түршігеді. Мәселен көрнекті ғалым Мекемтас Мырзахметовтың балалық шағы
аштық жылдарымен тұспа-тұс келіпті. Анасы туралы жазылған естелігінде
Мекемтас аға: ...Ашаршылық жылы сен үш жаста едің. Емшекте нәресте қызым
бар. Аштықтан өлетін болған соң түс кезінде Кемербаcтаудағы жездем
Құрманбектің үйіне қарай жолға шықтық. Сені қолыңнан жетелеп, қызымды
бауырыма алып, аштықтан бұралып, әрең жүріп келемін. Жол өнбей, ауылға
жақындаған шақта қас қарайып кетті. Сарттар еккен қауындыққа жеткенде ұялы
қасқыр қамап, топырақ шашып, қаумалай бастады. Таяғымды көтеріп, айбат шеге
айғайласам да қаймығар емес. Есім шыға, не істерімді білмей ораулы қызымды
жерге қойып, сені арқалап сытылып шықтым. Сол-ақ екен, топ қасқыр қызға
қарай бас салды. Шар еткен нәрестенің даусын естідім... Тура осылай
болғандығын шешемнің аузынан естігем. Біз атадан 17 едік. Кейін ашаршылық
басталып, бірі cоғыста өліп, бірі халық жауы боп айдалып, ақырында үшеу-
ақ қалдық. Егер соның он жетісі де тірі болғанда бүгін санымыздың қанша
болатынын Құдай білсін. Кейін бала боп үйдің бетін көрмей, ұзап кеткенімде
анам қатты қиналса керек. Бір сөзінде сол кезде қасқырға қызымды
тастағанша, сені бермеппін... дегені бар дейді. [5]
Ал марқұм академик Салық Зимановтың балалық шағы туралы жазылған
деректерді оқысаңыз жаныңыз ауырады. Азаттық радиосына берген аштық
жылдары туралы айтқан пікірінде академик: Аштан қырылғандарды арбамен
тасып, қазылған шұңқырларға апарып тастап жататын. Олардың арасында тірілер
де бар болатын. Әлі құрып, орнынан тұра алмай қалғандарды да өлілермен
бірге шұңқырға тоғытатын. Үлкендер жұмыстан қайтып келісімен, әлгі шұңқырға
барып, ашық-шашық шыбын үймелеп жатқан өліктердің бетін жауып қайтатын.
Кемпір, шалдар әр жерде қалатын. Ол кезде негізінен 35-40 жастағылар
қырылып жататын. Тіпті, Атырауға Арқадан бала әкеліп сатып жатыр екен деп
те еститінбіз. Қаладағы біреулер астыққа айырбастап алатын болуы керек.
Базарда тышқанның, иттің етін сатқандар да болды. Жергілікті қазақтар
өздері әрең күн көріп отырса да, аштарды қолдан келгенше паналатуға
тырысатын деген екен балалық шақтағы қиын күндер туралы [10].
Ұлы аштық қырғыны туралы жазылған шығармалардың кез келгенiн қарасаңыз
да, жан түршігерлік оқиғалардың тізбегі көз алдыңыздан шығатыны даусыз. Бұл
біздің білетініміз ғана, ал білмейтініміз қаншама. Белгілі ақын Ақұштап
Бақтыгереева өзінің ой толғамдарының бірінде еліміздің батыс өңіріндегі
әрбір үйіліп жатқан дөңбектердің астында қандай белгісіз зираттардың
жатқанын жазады. Біз табанымызбен басып жүрген төбешіктердің астында
қаншама боздақтардың сүйегі жатқанын кім білсін?!
Жоғарыда өзіміз мысалға келтірген Данила Бектұрғановтың мақаласында
жазылған деректерге тағы назар аударып көрелік. Мал жоқ жерде, тамақ жоқ,
тіршілік жоқ. Қазақтар тұратын ауылдар жаппай қырыла бастады. Тарихшы А.Н.
Алексеенконың айтуынша ...әртүрлі есептеулер мен түзетулерге сүйенгенде
1930 жылғы қазақ халқының қырылуы 1 млн. 840 мың адам немесе жалпы қазақтың
47,3 пайызын құрайды. Бәрінен ең көп қырылған республиканың шығысының
қазақтары болды. Бұл жақта 379,4 мың адам немесе 1930 жылғы халықтың 64,5
пайызын құрады. Бұл аймақтың халқы көрші елдерге Ресей мен Қытайға жаппай
ауып көше бастады. Солтүстік Қазақстан аймағы қазақтардың жартысының
көбінен - 410,1 мыңнан немесе 52,3 пайызынан айрылды. Батыс Қазақстан 394,7
мың немесе 45,0 пайыз, Оңтүстік - 632,7 немесе 42,9 пайыз қазақтан айрылды.
Аздау өлім Орталық Қазақстанда - 22,5 мың немесе осы аймақтың 15,6 пайызы
орын алды. Басқа халықтарда да шығын аз болған жоқ: украиндер - 200 мың (23
пайыз), өзбектер - 125 мың (54 пайыз), ұйғырлар - 27 мың (43 пайыз). Тек
қана 1931 жылда 1 млн. 30 мың адап көшіп кетті, оның 616 мыңы қайтқан жоқ.
Жүздеген мың қазақ Қытай жағына қашты. Олардың көп көшкендігі сонша Қытайда
1954 жылы Іле-Қазақ автономиялық округі құрылып, орталығы болып Құлжа
қаласы белгіленді, - деп жазады саясаттанушы [11].
1 миллионнан астам халық аштан қырылды. Кеңестік режимнің қолдан
жасалған саясатының құрбаны болды. Қазақ халқының елу пайызға жуығы көмусіз
қалыпты. Көмусіз қалған мәйіттер қаншама?! Қаншама бала мен ананың сүйегі
далада шашылып қалды. Ерте кезде әжем бізге аштық жылдарына қатысты мына
бір аңызды жиі айтатын еді. Ерлі-зайыпты екі адам балаларын арқасына асып,
азық іздеп жолға шығады. Аш-жалаңаш бұратылған еркек пен әйел аш құрсақ
күйде қаншама жолды жүріп өтеді. Жол-жөнекей кездескен мәйіттерден аяқ алып
жүргісіз. Тіпті, жан-жақта шашылған балалардың сүйегіне бет қарау да мүмкін
емес. Аштықтан әбден қалжыраған ерлі-зайыпты ақырында өлуге айналған
балаларын сойып жеуге мәжбүр болады. Іштен шыққан шұбар жылан. Баласын өз
қолдарымен союға қай ата-ананың дәті шыдасын. Баласының өлімін көзбен
көруге шыдамаған Ана бет албаты айдалаға жүгіре жөнеледі. Жүгіріп келе
жатса, алдарынан екі бұғы кездесіпті. Бір-бірімен мүйіздері айқасып қалған
арқарларды көргенде, Ананың көзі шырадай жаныпты. Жалма-жан екі өкпесін
қолына алып, күйеуіне жанұшыра жүгіреді. Қайта келсе, баласын алдына алып,
әкесі тізерлеп, жылап отыр екен. Осылайша, ерлі-зайыпты жандарды Алла
Тағаланың қасіреттен қалай аман алып қалғанын аңыз қып айтатын әжеміз.
Отызыншы жылдардағы қолдан жасалған аштықтың салдарынан қазақтардың
үштен бірі ғана аман қалды. Үштен бірі. Сол зұлматты кезеңде бірде-бір
қазақ қырылмаған болса, бүгінгі қазақтың саны қанша боларын көз алдыңызға
келтіре беріңіз...
Еуразиядай алып құрлықтың жүрегінде орналасқан, өз аумағына бес Франция
еркін сиятын Қазақстанның арғы-бергі тарихында жан алысып, жан беріскен
алапат соғыстар мен алмағайып оқиғалар аз болған жоқ. Бірақ солардың бірде-
бірінде қазақ халқы ашаршылық жылдары орын алғандай аса зор адам шығынына
ұшыраған емес. Сондықтан ашаршылық қазақ тарихындағы ең қасіретті оқиға
болды.
Коммунистік идеология үстемдік еткен кешегі Кеңес Одағы сияқты
тоталитарлық мемлекетте ашаршылық тақырыбы мүлде зерттелмеді, ақиқатын
айтар болсақ – оны зерттеуге тыйым салынды. Сондықтан ашаршылық туралы
шындық Кеңес Одағы тарихындағы ақтаңдақтар там-тұмдап ашыла бастаған өткен
ғасырдың 80-ші жылдарының соңында ғана айтыла бастады. Сол кезде көрнекті
қазақ тарихшысы, академик Манаш Қабашұлы Қозыбаев бастаған, академиктер
Кеңес Нұрпейісов, Мәлікайдар Асылбеков, профессорлар Мақаш Тәтімов, Жұлдыз
Әбілғожин, Қайдар Алдажұманов, Мәмбет Қойгелді, Бүркітбай Аяған, Хангелді
Әбжанов, Талас Омарбековтердің мақалалары мен ғылыми-зерттеу еңбектері
қазақстандық тарихнама ғылымында жаңа тақырыпты қалыптастырып, бұдан
кейінгі зерттеулерге кеңінен жол ашты [11].
Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев 1995 жылдың 24 наурызының өзінде, Қазақстан халықтары
Ассамблеясының бірінші сессиясында: Кеңес Одағының барша тарихы
халықтардың құқықтарын аяққа басушылық пен тікелей қырып-жою секілді
көптеген келеңсіз жайлардан тұрады. Бұл 1920-1930 жылдардағы миллиондаған
адам қырылған аштық. Қазақтардың саны жартысына дейін қысқарса, орыстар мен
басқа халықтар миллиондаған адал еңбеккерлері мен жігерлі жандарынан
айырылды. Көптеген ұлттардың генофондына орасан зор зиян келді, – деп
нақты саяси баға берді.
Міне, осындай ашық та айқын саяси бағадан кейін ғана отандық ғалымдар
түрлі архивтердегі алуан түрлі құпия деректерді қарауға мүмкіндік алып,
нақты фактілер мен ақиқатқа негізделген ашаршылық трагедиясына арналған
ғылыми еңбектердің тұтас сериясы жасалды.
Дүниежүзінің әр елінен келген, Қазақстандағы ашаршылық тақырыбын арнайы
зерттеумен айналысатын ғалымдар оның қалай пайда болып, қандай зорлық-
зомбылықтармен жүзеге асырылғанын, қаншалықты орны толмас қасіреттерге
әкелгенін жан-жақты талдайтын болады. Сондықтан мен кейбір концептуалды
мәселелерге ғана тоқтала кетуді жөн көрдім [12].
Біріншіден, ашаршылық бүкіл Кеңес Одағының қасіретіне айналды.
Қазақстанмен қатар, Украина, Беларусь және Ресей Федерациясының Еділ бойы,
Орталық қаратопырақты аймақ, Орал, Батыс Сібір мен Солтүстік Кавказ
өлкелерін қамтыды. Бірақ ашаршылықтан ең көп зардап шеккен Қазақстан болды.
Екіншіден, жаппай ұжымдастырудан қазақ, украин, орыс халқының
өкілде¬рімен қатар жоғарыда аталған өлкелердегі басқа да көптеген ұлттың
өкілдері қасірет шегіп, құрбан болды. Сондықтан ол бір ғана ұлттың емес,
бүкіл мемлекеттің трагедиясына айналды.
Үшіншіден, күштеп, зорлық-зомбылықпен жүзеге асырылған ұжымдастырудан
Ресей, Украина және Қазақстанда 7 миллионнан астам адам құрбан болды.
Ашаршылықтан ең көп қырылған қазақтар еді.
Төртіншіден, ұжымдастыру науқаны халықтың ашу-ызасын туғызып, бүкіл
Кеңес Одағы бойынша 6000-нан аса түрлі толқулар мен көтерілістерге ұласты.
Және оның бәрі аса зор қаталдықпен, репрессивті машинаның күшімен басып-
жаншылды. 1933 жылы белең алған қуғын-сүргін біртіндеп, 1937-38 жылдардағы
сталиндік жаппай репрессияға ұласты.
Бесіншіден, күштеп ұжымдастыру ауыл шаруашылығын жүргізудің ғасырлар
бойы қалыптасқан тәжірибесін талқандап, ел экономикасының, әсіресе, ауыл
шаруашылығының тұралауына әкеліп соқтырды [13].
Міне, осы жоғарыда аталғандарды саралай келе, Кеңес Одағында 30-шы
жылдары орын алған ашаршылық трагедиясына ешбір қарусыз, соғыссыз,
то¬талитарлық жүйенің қолымен жасалған адамзат тарихының XX ғасырдағы ең
үлкен, ең қасіретті гуманитарлық апаты деп баға берген жөн.
Ұжымдастыру мен ашаршылықтың салдарынан болып жатқан апаттың алдын
алмауы, қажетті шаралар қолданбауы, әрине, Мәскеудің үлкен кінәсі.
1930-33 жылдардағы аштық Қазақстандағы тұтас қоғамның көбесін сөкті.
Алайда, бұл қасірет жайлы сырт елдер көп біле бермейді. Ресей мен Украинада
күштеп ұжымдастыруды ғылыми тұрғыда арнайы зерттегенімен де, аштықтың ең
ауыр жағдайын бастан өткерген қазақ қасіретін айналып өткен. Аштық пен
геноцидке арналған ғылыми еңбектер мен монографияларда қазақ даласындағы
аштық туралы сөз болмайды, тіпті, ол туралы ақпарат бергеннің өзінде, сараң
ғана, сипай қамшылап өтеді. Мәселен, сталиндік геноцидке арналған, жақында
ғана жарық көрген кітаптардың бірінде қазақ даласындағы аштық туралы бар
болғаны бір жарым бет қана дерек берілген.
Батыста қазақ даласындағы аштық туралы әңгіме Кеңес архивтеріндегі
деректерді оқуға мүмкіндік туған 1991 жылдан, алайда Кеңестер Одағы құламай
тұрып-ақ басталды.
Отырықшылдыққа көшу қажеттігі туралы әңгіме қазақ интеллигенциясының
арасында ХІХ ғасырдың аяғында – ХХ ғасырдың басында айтыла бастады. Ол
қазақ даласының ең шұрайлы жерлерін шаруалардың басып алуына байланысты
туындаған аграрлық дағдарысты сын тұрғысынан талдауға, сондай-ақ, осы
кезеңдегі Россия мен Еуропадағы саяси ойлауға тән қоғамдағы білім беру және
жаңғырту идеалына негізделді. Отырықшылдыққа көшудің нақты жағдайлары
интеллигенция арасында қызу пікірталас туғызды.
Қазақстанда Кеңес өкіметінің нығаюына байланысты көшпенді және жартылай
көшпенді халықты отырықшылдыққа күштеп көшіру жобасы тағы да күн тәртібіне,
бұл жолы барынша батыл қойылды. Маркстік теорияға сәйкес көшпенділіктің
кеңестік қоғамдық идеалмен үйлесімсіздігі алға тартылды. Большевиктер
отырықшылдыққа көшпенділердің экономикалық базасын, рулық құрылымын кезең-
кезеңмен немесе бір мезгілде талқандау арқылы қол жеткізуге болады деп
санады. Компартияның 1928 жылғы ХХ конференциясында Ф.И. Голошекин рулық
құрылымдарды әлсірету мақсатында бірінші кезекте байлар мен жартылай
феодалдарды қуғын-сүргінге ұшырату науқанын жүргізуді ұсынды. Сөйтіп,
большевиктер седентаризация идеологиясын – қазақтардың дәстүрлі
шаруашылықтарын түбірінен трансформациялау саясатын жүзеге асыруға көшті.
Олар үшін мал шаруашылығынан егіншілікке көшу, болмаса бері салғанда, мал
шаруашылығын халықтың тұрғылықты жерінде дамыту, рулық құрылымдарды жою,
қазақ жерінде шаруашылықты өркендетудің прогрессивті формасы деп саналды
[9].
Осындай көзқарастарға сәйкес мал өсірумен айналысатын тұрғындарды
құрғақшылық жайлаған Орталық Қазақстаннан сан салалы ауыл шаруашылығын
дамытуға қолайлы жерлерге ауыстыру туралы шешім қабылданған. Нәтижесінде
отырықшылдыққа көшіру жөніндегі алғашқы науқанның барысында жүз мыңнан аса
көшпенді және жартылай көшпенді отбасы уақытша болса да күштеп көшіруге
ұшырады. Сөйтіп, олар киіз үйлерден тұратын жаңа қоныстарға орналастырылды.
Алайда, әкімшілік аппараты өздерінің іс-қимылдарын үйлестіруде елеулі
қиындықтарға тап болды. Отырықшылдыққа мәжбүрленген отбасыларын
материалдармен, азық-түлікпен қамтамасыз ету өте нашар ұйымдастырылды.
Тіпті, табиғи ресурстар ескерілмей, қонысқа жер таңдаудың өзі қалай болса
солай жүргізілді. Содан да көптеген адамдар салып жатқан үйлерін тастап,
көшіп кетті. Мұның өзі аштыққа ұласқан күштеп ұжымдастырудың сәтсіздікке
ұшырағанын көрсетеді.
Ауылшаруашылығын күштеп ұжымдастыру, көшпенді халықты зорлап отырықшыға
айналдыру әрекеті қазақ елін ашаршылыққа алып келгенін біз білеміз. Бұл
саясатқа кімнің жауапкер екені де түсінікті: Мәскеу мен Алматының жетекші
кеңестік саясаткерлері. Белсенді большевиктер міндеттелген астық пен азық-
түлік жоспарын қалай да орындауға кірісіп кетті. Ал халықтың басына түскен
қайғы-қасіретті шыбын шаққан құрлы көрмеді [1].
Қазақ көшпенді және жартылай отырықшы халық ретінде құм мінезімен етене
таныс еді. Одан келетін апатты да жақсы білетін. Сондықтан құрғақшылық
немесе жұттан келетін нәубетке қарсы тұрарлық қауқары, дайындығы,
тәжірибесі бар болатын. Егер жағдай қиындай бастаса, ауыл жұртын тастап,
сулы өңірге уақытша қоныс аудара тұратын. Оған қоса, қазақы салт-дәстүр мен
дала заңы бойынша ауқатты туыстары кедейленген жақын-жұратына көмек қолын
созатынын да білетін.
Алайда, 1932-33 жылдардағы ашаршылық әбден меңдеген тұста қазақтардың
жұтпен күресетін бұрынғы әдісі өзінің маңыздылығын жоғалтып алды. Оның
бірнеше себебі бар-тын. Бірінші, қазақтың ішкі қоғамындағы бір-біріне көмек
қолын созу дәстүрі осы ашаршылықта, яғни нағыз керек кезінде,
большевиктердің кесірінен жойылып кеткен еді: өйткені, байлардың
көпшілігінің мал-мүлкі кәмпескеленіп кеткен. Иә, өзінің бір уыс бидайын
көршісімен, туысымен бөліскен жағдайлар ол кезде болды, бірақ ол ауқатты
туысының берер көмегінің қасында түк те емес еді. Қазақтар өз туыстарына
ғана емес, танымайтын жандарға да қолдан келген көмегін аямады. Туған-
туысқандарын ашаршылықпен күресте жалғыз қалдырмаймын деп солармен бірге
өмірмен қош айтысқандар көп болды [3].
Әбден ашыққан халықтың әлеуметтік мінез-құлқы түбегейлі өзгерді.
Ашыққандар өзінің соңғы күш-жігерін тағам іздеуге жұмсағандықтан, өзге
адамдардың тағдырына деген жауапкершілігі кеміп, аштан өлетін болған соң,
заң мен норманы аттап өтіп кеткендері де табылды. Ашыққан қазақтар талғажау
ету үшін талғау мен таңдаудан айырылды: мысық пен итке шабуылдап, сабан мен
ағаш қабығын асып жей бастады. Тіпті, адам етін жеген оқиғалар да тіркелді.

Бұл жолғы ашаршылық ешкімді аяған жоқ.
Голощекин ауылды кеңестендіру жүмысы әлі де әлсіз, оны күшейту керек
деп есептеді. Бұл істегі, яғни кеңестендірудегі кемшіліктерді қазақ
байларына, рулық қатынастарға жапты. Оған жергілікті ерекшеліктерді ескере
отырып жүргізілетін шаралар ұнамады. Кеңестендіру ісінде де таптық тұрғыда
қарау кажет дегенді желеу етіп, ауылдағы ауқаттыларға қарсы күресті
күшейтуді ұсынды. Оның бұл солақай бағыты да қазақ басшылары мен
зиялыларының қарсылығына кезікті. Оларды оңшылдар, солшылдар деп
топтарға бөліп, қудалады. Ақыры, Сталиннің тікелей қолдауымен 1927 жылы
Қазақстандағы ауылдык кеңестерге жаңа сайлау өткізуді ұйымдастырды. Ол
бойынша байлар деп есептелгендер сайлау құқынан айырылады. Ауылдарда
кедейлер жиналыстары өткізілді. Сайлау науқанын жүргізу үшін аудандарға
арнайы уәкілдер жіберілді.
1928 жылғы 1 қазанда Қазақстандағы барлық кеңестердің 2199-ы қазақ
шаруаларының, 1209-ы орыс-украин шаруаларының кеңестері болды. Бірақ бұл
жаңа сайланған кеңес органдары да өздерін жетекші күш ретінде көрсете
алмады. Сондықтан да Голощекин жергілікті ұйымдар мен одақтарға, әсіресе
Қосшы одағына көбірек арқа сүйеуді талап етті. Жергілікті кеңестердің
белсенді органдарға айналуына жоғарыдан жіберілген уәкілдер де көптеген
кедергілер келтірді. Олар жергілікті кеңестермен санаспай, басшылық жұмысты
өз қолдарына алуға ұмтылды. Бұл кеңестердің беделін түсірді. Оның үстіне
қазақ ауылдарындағы ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан рулық-туыстық
жүйеге қарағанда көптеген мәселелерді шешуде кеңестер қауқарсыз еді.
Мұнымен бірге қазақтар келімсек еуропалықтардың үкімет тарапынан өздеріне
карағанда біршама жеңілдіктер алуына әрқашан наразы болды. Мұның өзі
қазақтар тарапынан үкіметке, оның жергілікті органы деп танылған кеңестерге
сенімсіздікті қалыптастырды.
Ал селолық кеңестер жиналыстарында кулактар мен ауқатты шаруалар өз
ұсыныстарын өткізуге тырысып отырды. Әсіресе орыс қазақтары сословиелік
қалдықтар мен атамандық ықпалды сақтап калды. Бұлар да кеңес жұмыстарының
жандануына кедергі келтірді. Партиялық өктемдік пен тоталитарлық тәртіптің
орнай бастауы вертикалды басқару жүйесін қажет етті. Сол себепті де кеңес
ұйымдары демократиялық сипаттағы емес, әкімшіл-әміршіл басқарудың өзіндік
сатысына айнала бастады.

Астық пен ет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықтың жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылығы
Ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың көлеңкелі жақтары
Ауылшаруашылығын ұжымдастыру және оның қайшылықтары мен кемшіліктері
1930 жылдардағы Қазақстанда күштеп ұжымдастырудың зардаптары
Ауыл шарушылығын күштеп ұжымдастыру
Қазақ даласындағы 1920-1930 жылдар арасындағы өзгерістер
Ашаршылық
Қазақстандағы Кіші Қазан төңкерісі
Қазақстан шаруалары тарихының деректік негізі және тарихнамасы
Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы бұзылуының салдары
Пәндер