Компания Бағлан ЖШС


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. Жалпы бөлім . . . 5
1. 1 Ұйымның шаруашылық қызметімен танысу . . . 5
2 Қаржылық есеп . . . 8
2. 1 Қысқа мерзімді активтер: ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері . . . 8
2. 2 Қысқа мерзімді активтер: сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешектер және өзге де дебиторлық берешектер. 11
2. 3 Қорлардың есебі . . . 12
2. 4 Ұзақ мерзімді активтер: негізгі құралдар және материалды емес активтер есебі . . . 14
2. 5 Міндеттемелер есебі . . . 17
2. 6 Еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысу есебі . . . 18
2. 7 Капитал және инвестициялар есебі . . . 20
2. 8 Кірістер мен шығыстар есебі . . . 21
2. 9 Қаржылық есептілікті ұсыну . . . 22
3 Басқару есебі . . . 24
3. 1 Өндіріс шығындарының есебі . . . 24
3. 2 Дайын өнімді өндіру мен өткізудің есебі . . . 25
4Жеке тапсырма . . . 27
4. 1 Негізгі құралдардың есебі 16 ХҚЕС . . . 27
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. ……32
КІРІСПЕ
Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бергі уақытында басқа да ТМД елдерімен салыстырғанда барлық жағынан да ілгерілеу процестері жүруде. Соның ішінде ең бастыларының бірі елдің экономикасын жақсартуда тауарлар мен қызметтер өндірісі кеңінен дамуда. Осы сипаттағы қызметтер бухгалтерлік есепті жүргізусіз, талдаусыз және оның дұрыстығын тексеру үшін қолданылатын аудитсіз мүмкін емес.
Бухгалтерлік есептің Халықаралық стандарттарын зерттеудің жолдарын таңдау жөнінде, ұлттық заңдылықтың өтпелі экономикасынының және еспті жүргізудің қалыптасқан тәжірибесінің ерекшеліктерін есепке ала отырып ұлттық стандарттар жүйесін құру туралы шешім қабылданды.
Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр
түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды қамтамасыз ететін есеп саясатын таңдап, соны басшылыққа ұсынуы керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп айтарлықтай кеңейеді.
Жалпы өндірістік тәжірибенің мақсаты теориялық білімді күнделікті қолдана отырып одан әрі жетілдіру болып табылады. Осы мақсатта мен бірінші күннен бастап өз жұмысымды дұрыс тәжірибе бағдарламасына сай жоспарлауға тырысып, алдыма келесі міндеттерді қойдым:
1. «Компания Бағлан» ЖШС бухгалтерия бөлімінде қызмет атқаратын әрбір бухгалтердің қызметі, құқығы, жауапкершіліктерімен танысу;
2. «Компания Бағлан» ЖШС бухгалтерлік есепті жүргізуге негіз болып табылатын есеп саясатының негізгі шарттарымен танысу;
3. «Компания Бағлан» ЖШС бухгалтерия бөлімінде болып жатқан шаруашылық операциялардың құпиялылығын сақтауды;
4. «Компания Бағлан» ЖШС қаржылық есептілікті даярлауда қойылатын талаптарды өндірістік.
Іс-тәжірибеде алдымен өндірістің технологиялары мен тарихы, жарғысы, ережелері мен және нормативтік құжаттар мен танысу жайлы болады. Қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жүргізілді.
«Компания Бағлан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі капитал есебі, негізгі құралдары мен материалдық емес активтерінің есебі, қорлар есебі, ақшалай қаражаттарының есебі, дебиторлық қарыздарының есебі, міндеттемелердің есебі, еңбектің және оған ақы төлеудің есебі, шығындар мен кірістерінің есебі және өндіріс шығындарының есебі жайлы олардың теориялық мазмұны, есептерінің жүргізілу тәртібі туралы жазылған.
Кәсіптік біліктілікті дамытуды жетілдірумен қоса, ең алдымен мен этикалық нормаларды сақтай отырып рұқсат етілген нормада компецетиялы қызметкерге қойылатын талаптарды игердім.
Іс тәжірбие барысында берілген мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер алдымызға қойылады:
- Кәсіпорынның шаруашылық қызметімен танысу;
- Бухгалтерлік есепті құру негіздерімен танысу;
- «Компания Бағлан» ЖШС қаржылық есебін, міндеттемелер есебін, еңбек және еңбек ақы есебін ұйымдастыру.
Зерттеу объектісі ретінде «Компания Бағлан» ЖШС алынды.
1 Жалпы бөлім
- Ұйымның шаруашылық қызметімен танысу
«Компания Бағлан» ЖШС-і ҚР заңдары бойынша, заңды тұлға болып табылады. Серіктестік кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы Заңда белгіленген үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын орта кәсіпкерлік субъектілері ретінде болып табылады.
Серіктестіктің қатысушысы:
Серіктестіктің мемлекеттік лицензиясы, куәлігі, статистикалық карточкасы бар.
Серіктестіктің фирмалық атауы:
Мемлекеттік тілінде: «Компания Бағлан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Қысқаша: «Компания Бағлан» ЖШС
Қазақстанның Халықаралық қаржылық есеп стандарттарына өтуіне байланысты «Компания Бағлан» ЖШС де өзінің есеп беруін осыған сәйкес етіп тапсырады.
Халықаралық қаржылық есеп стандарты және ол бойынша жасалған әдістемелік ұсыныстарында басқарушылық пен қаржылық есебін жүргізудің қоғамдық тұрғысынан танылған тәсілдері мен әдістері, ережелері мен қағидалары белгіленген, онда әрбір кәсіпорындардың техникалық базасына, олардың шешетін міндеттемелерінің күрделілігіне, басқарушы қызметкердің біліктілігіне қарап нақтыланған.
Серіктестікті қызметінің негізгі мақсаты: жарғысы бойынша қызметінен таза табыс алу болып табылады.
Серіктестіктің қызметінің мәні болып табылатындар: электірлік жылжымалыларды жөндеу; автокөлік жөндеу және шаруашылық тауарлар өндіру және сату; ауыл және мал шаруашылығы, мал өнімдерін және халық тұтыну тауарларын өндіру, қайта өңдеу және сату; қоғамдық тамақтану пунктері, фирмалық дүкендердің жүйесін ашу; қара және түрлі түсті металдардың сынықтары мен қадықтарын жиау, айынау, сақтау, қайта өңдеу және сату және тағы басқа Қазақстан Республикасының Заңдарымен тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлері жұмыс атқарады.
Серіктестік кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы Заңда белгіленген үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын орта кәсіпкерлік субъектілері ретінде болып табылады.
Серіктестіктің қызмет мерзімі шектелмеген.
Серіктестіктің негізгі қызметтері:
Автокөлік және экспедициялық қызметі;
Құрылыс материалдарын және шаруашылық тауарлар өндіру және сату;
Жөндеу - құрылыс жұмыстары, күрделі құрылыс, монтаждық, және электромонтаждық жұмыстары;
Қара және түрлі түсті металлдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау, дайындау, сақтау, қайта өңдеу және сату;
Құрылыс ұйымдарына жобалар дайындау;
Қамтамасыз ету, өткізу, сауда саттық және коммерциялық қызметі;
Автотұрақтар көлік жуу, техникалық қызмет станциясын ашу;
Жалпы құрылыс жұмыстары, жөндеу құрылыс жұмыстары, монтаждық және эклектромонтаждық жұмыстары, күрделі құрылыс;
Медициналық және фармацевтикалық қызметі;
Ауыл және Мал шаруашылық, мал өнімдерін және халық тұтыну тауарларын өндіру, қайта өңдеу және сату;
Мақта шикізаты және мақта талшығын өндіру, сатып алу, қайта өңдеу және сату;
сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асыру, соның ішінде құрылыс заттарын, азық-түлік өнімдерінің, шикізаттар, материалдар, қосалқы заттар мен машиналар, құрал-жабдықтар, халықтың тұтыну тауарларының, ауыл шаруашылық өнімдерінің және т. б. экспорты мен импорты;
Өзінің іс-әрекетін жүзеге асыру үшін өзінің қарамағында негізгі, айналмалы және басқа да қорлары, ақша қоры, оның көлемі заңға сәйкес қаржылық органдармен келісілген. Айналым қорлары кәсіпорынның толық қолданылуына берілген және оны жоюға болмайды. Өзінің меншігіндегі айналым құралдарының жетіспеушілігі ұжымның шаруашылық табысынан толықтырылып отырады. Кәсіпорын айналым құралдарын сақтауға, оны ұтымды қолдануға және оның айналымын жылдамдатуға міндетті. Тоқсандық және жылдық есепті бекітілген мерзімдерде тиісті мекемелерге тапсырады. «Компания Бағлан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өзінің мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап дербес заңды тұлға болып табылады, өзінің мөрі, аты және өзіне сай келерлік сипаты бар.
«Компания Бағлан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің есеп саясаты.
Қазақстанның бухгалтерлік есеп стандарттарында және ол бойынша жасалған әдістемелік ұсыныстарында басқарушылық пен қаржылық есебін жүргізудің қоғамдық тұрғысынан танылған тәсілдері мен әдістері, ережелері мен қағидалары белгіленген, онда әрбір кәсіпорындардың техникалық базасына, олардың шешетін міндеттемлерінің күрделілігіне, басқарушы қызметкердің біліктілігіне қарап нақтыланған.
Кәсіпорынның бастапқы бақылауын жүзеге асыру үшін таңдап алынған тәсілдер жиынтығы құндық өлшемдері, ағымдағы топтастыруы және бухгалтерлік есептегі шаруашылық қызметіне жасалған қорытынды шолу фактілері кәсіпорынның есептік саясатында көрініс табуы тиіс. Басқаша айтқанда, есептік саясат - бұл бухгалтерлік есептің әдісін жүзеге асыратын тетігі.
«Компания Бағлан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылығын директор жүргізеді. Кәсіпорынның басшылығын директор дара басшылық негізінде коллективтің өзін-өзі басқаруы жағдайында жүзеге асырады, заңмен және жарғымен айқындалған құқығы және міндеті бар. Серіктестіктің құрылу негізі ретінде қызмет ететін ақшалай, материалдық-мүліктік, есептік-несиелік сипаттағы барлық құжаттарын бухгалтермен толтырылып мекеме басшысы мен бас бухгалтердің қол қоюмен бекітіледі.
«Компания Бағлан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі іс-әрекетін бақылау, қаражаты және есебі.
Есеп саясатын негіздеу және таңдау кезінде барынша жалпы танылған талаптар мен қағидалар басшылыққа алынады және оны сақтаған жағдайда кәсіпорын үшін де, жалпы республика бойынша да шаруашылық жағдайына бейімделген есеп саясатын қалыптастыру мүмкіндігі туады.
Кәсіпорынның есеп-қисап бөлімінде, қаржы экономикалық бөлімінде есептер, қаржылық-экономикалық талдаулар және аудиті жаңа қазіргі заманның талаптарына сай жүргізіледі. Есеп-қисап бөлімі және қаржылық-экономикалық талдау бөлімдері жұмыс жүргізеді.
Кесте 1. «Компания Бағлан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржы-шаруашылық қызметін талдау. 2015 ж.
«Компания Бағлан» ЖШС қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерiн қарастыратын болсақ, кестеде көріп тұрғанымыздай кәсіпорын зиян шегіп түр. Өткізуден түскен табыс 2014 жылға қарағанда 2015 жыл 12299, 7 мың теңгеге өсті. Жалпы табыс 2014 жылы-363, 9 мың теңгенi құраса, 2015 жылы -733, 8 мың теңгенi ауытқу сомасы - 369, 9 мың теңге болды.
2 Қаржылық есеп
- Қысқа мерзімді активтер: ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері
Қысқа мерзімді активтер деп бұл қоғамның қысқа мерзімді айналымға тез түсетін өтімді активтерді айтады. Оған: қолда бар ақшалай қаражаттары мен дебиторлық берешектері, қаржылық инвестицияларын айтуға болады немесе мобильдік қорлары қысқа мерзімді активтер болып табылады. Осымен қысқа мерзімді активтерге серіктестік көп көңіл бөлуі қажет.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп - деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының бірінші бабында: «Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни субъектілердің ақша - қаражаттарының қозғалысы туралы есебі осы деректі пайдаланушыларды түрлі операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша-қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды тұлғаның, яғни субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауына: мүмкіндік береді» делінеген. Ал осы стандарттың екінші бабында: «Заңды тұлғалар, субъектілер ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сай жүргізіледі және есепті кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің құрамында тапсырады» делінген.
Жалпы ақша қаражаттары «Қысқа мерзімді активтер» деген алғашқы бөлімнің бірінші тобына кіреді. Бұл бөлімнің шоттары қысқа мерзімді ретінде жіктелетін ұйымның активтерін есепке алуға арналған.
Актив егер:
Оны іске асыру болжамдалса, немесе ұйымның қалыпты операциялық циклінің барысында ол сату немесе пайдалану үшін ұсталынады;
Ол негізінен сауда мақсатында немесе қысқа мерзімге және оны іске асыру баланстың күнінен кейін он екі айдың ішінде күтілсе;
Пайдалануда шек қойылмайтын ақша немесе оның баламасында болса, қысқа мерзімді актив ретінде жіктеледі. Қысқа мерзімді активтердің ішінен ақшалай қаражаттары мен эквиваленттер есебіне төменгідей шоттар арналады;
1000 - «Ақша қаражаттары» кіші бөлімі - ақша қаражаттарын есептеу үшін қолданылады және өзіне мына топты кіргізеді:
1010 - «Кассадағы ақша қаражаты», онда кассадағы ұлттық валютамен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады. Жалпы касса операцияларының есебі 1010 «Кассадағы ақша қаражаты»; 1020 «Жолдағы ақша қаражаты» - деп аталатын шоттарда жүргізіледі. Кәсіпорындар мен қаражаты, яғни шаруашылық субъектілердің кассадағы ұлттық валюта түріндегі (теңге түріндегі) нақты ақша қаражаттарының кірісі мен шығысының (қозғалысының) есебі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мекемесі бекіткен кассалық операциялар есебін жүргізудің тәртібіне сәйкес жүргізілуі тиіс.
«Компания Бағлан» ЖШС-де 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» және 1020«Жолддағы ақша қаражаты» - деп аталатын шоттар бойынша жүргізілетін операциялардың есебі: кредиті бойынша нөмері бірінші журнал - ордері, ал дебеті бойынша осы журнал - ордердің ведомосында жүргізіледі. Яғни кассаның кірісі бойынша операциялар №1 санды журнал - ордердің ведомосында, ал шығысы бойынша операциялар №1 санды журнал - ордерде есептеліп жүргізіледі.
1020 - «Жолдағы ақша қаражаты», бұл жерде жолдағы ақша қаражаттар қозғалысы көрсетіледі. Бұл шот аударылған, бірақ әлі кәсіпорынның шотына келіп түспеген, яғни кіріске алынбаған ақша қаражаттары жолдағы ақшалай қаржылар болып саналады.
1030 - «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты», онда банктік шоттардағы ұлттық валюта түріндегі ақша қаражаттар қозғалысының есебі көрсетіледі.
Кәсіпорындар мен ұйымдар және мекемелер өздерінің ақша қаражаттарын өздері таңдаған яғни өздеріне қызмет көрсететін банк мекемелерінде сақтауға міндетті. Бір кәсіпорынның немесе субьектінің тиісінше әрбір банк мекемесінен бір ғана есеп айырысу шотын ашуына болады. Осыған сәйкес «Компания Бағлан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ағымдағы шоты 01047186 «БанкЦентрКредит» АҚ филиалда ашылған. РНН 582100244762 «Компания Бағлан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде ақша қаражаттарымен жұмыс жасалатын негізгі құжат формалары: Кассалық кіріс ордері № КО-1 нысаны.
Кіріс кассалық ордер №20
13 тамыз 2015ж
Дебет
Кімнен қабылдады: «Арнат»ЖШС
Негіздемесі: №7 25. 03. 2015ж. келесімшарт бойынша аванс
Соммасы: 1312000 (Бір миллион үш жүз он екі мың тенге 00 тиын) . Соның ішінде ҚҚС 21518. 10 қабылданды.
Кассалық кіріс ордерін және оның квитанциясын бухгалтерлік сала қызметкері бір дана етіп толтырады және ол сиямен немесе шариктік қаламның пастасымен дәл де анық толтырылуға немесе компьютермен терілуі тиісті. Қолма-қол ақшаны қабылдау кезінде ақшаны өткізуші тұлғаға бас бухгалтердің немесе солар уәкілеттік берген тұлғаның және кассирдің қолдары қойылып, кассирдің мөрімен (штампымен) куәландырылған квитанция беріледі. Кассалық шығыс ордері № КО-2а нысаны.
«Компания Бағлан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Шығыс кассалық ордері № КО-2 нысаны төмендегі кестеде көрсетілген.
Шығыс кассалық ордер №74
10 наурыз 2015ж
Дебет
Берілсін: Аманбек Саят Батырұлына
Негіздемесі: іс-сапар шығындары
Соммасы: 47600, 0 (Қырық жеті мың алты жүз тенге 00 тиын)
Кассадан қолма-қол ақша беру үшін қолданылады. Кассалық шығыс ордері бюджет ұйымы басшысының, бас бухгалтердің немесе шарикті қаламмен нақты да анық етіп бір данада толтырады немесе компьютермен басылады. Кассаға беру үшін ордерді бухгалтер қызметі журналда (№ КО-3а нысаны) тіркеуден өткізуге тиісті. Ақша алынғаннан кейін ордер мен оған тіркелген құжаттар күні, айы, жылы көрсетіле отырып «Төленді» деген штамппен дереу өтеледі.
Кесте 2. «Компания Бағлан» ЖШС жолдағы ақшалар бойынша жүргізілетін операциялар
Кәсіпорындар мен ұйымдардың бағамдық айырмашылықтан алатын табысы «Бағамдық айырмашылықтан алынатын табыс» деп аталатын шотта, ал бағамдық айырмашылықтан шеккен шығыны «Бағамдық айырмашылық бойынша шығын» деп аталатын шотта есептелінеді. Бағамдық (курстық) айырма кәсіпорындар мен ұйымдар үшін оң (жағымды) нәтижелі болған жағдайда кәсіпорындардың бухгалтериясында:
Д-т: Валюталық шоттағы ақшалар
К-т: Бағамдық айырмашылықтан алынатын табыс корреспонденциясы жазылатын болса, бағамдық (курстық) айырма кәсіпорындар үшін теріс (жағымсыз) нәтижелі болған жағдайда:
Д-т: Бағамдық айырмашылық бойынша шығын
К-т: Валюталық шоттағы ақшалар түрінде бухгалтерлік жазу жазылады. Меншік түріне қарамастан барлық шетел ақша бірлігімен (валютамен) операциялар жасайтын кәсіпорындар мен ұйымдар тиісті органдарға (үлгілі түрі №1-валюта) валюталық қорлардың қозғалысы жайлы (туралы) есеп беріп отыруы тиіс.
2. 2 Қысқа мерзімді активтер: сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешектер және өзге де дебиторлық берешектер
Қазақстан Республикасы Бухгалтерлік есеп және аудит жөніндегі Ұлттық комиссияның 1996 жылғы №2 “Қаржылық есепті дайындау мен ұсынуға арналған тұжырымдамалық негіздер туралы ”деп аталатын қаулысына сәйкес “Дебиторлық борыш иелік ету құқықтарымен қоса, заңды құқықтарына бай-ланысты актив болып табылады. Яғни “Дебиторлық борыш”-дегеніміз, бұл- иелік ету құқын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған болашақтағы экономикалық тиімділік болып табылады.
Мысалы: американдық FASB-пен (қаржылық eceптің стандарттарын жасау бойынша құрылған кеңесі) сәйкес, дебиторлық борыштьң активі маңызды үш сипаттамаға ие:
- ол, ақша қаражаттарының тікелей немесе жанама өсуіне мүмкіндікті қамтамасыз ететін (немесе басқа активтермен бipre) болашақтағы тиімділікті қамтиды;
- активтер дегеніміз - шаруашылық субъектісі басқара алатын ресурстар болып табылады. Tиiмдiлiккe деген немесе потенциалдық қызметтерге деген хұқтар, заңды болуы немесе оларды алудьң заңды дәлелдемелері болуы кажет.
Бip жылдан астам уақыт бойы алынбаған дебиторлық борыштар ұзақ мерзімді активтердегі "Ұзак мерзімді дебиторлық борыштар" бабына енгізілуі мүмкін.
Дебиторлық борыштардың шоттарында есептелетін сомалардың дұрыстыгы мен олардың толықтығын бақылау үшін түгендеу жургізшуі қажет, ол кұжаттар бойынша шоттарды шоттар- мен салыстыру арқылы жүргізледі. Мұндағы басты мақсат - әpбip шоттағы сомалардың сәйкестігі мен дұрыстығын, толықтығын анықтау болып табылады. Сонғы жылдары бyxгaлтepлiк ақпараттарды ендеудің барлық техникалық-экономикалық параметрлерінің жақсарғандығы байқалып отыр. Болып отырған ақша "дематерилизациясы", яғни акшалар -дың электрондық формаларға ауысуы, әртурлі есеп айырысулар бойынша (оның ішінде, дебиторлык борыш бойынша есеп айырысу) бухгалтерлік ecenтi енгізудің тәрпптерін түбейгелі қайта түсінуге мәжбүр eтіn отыр. Сондықтан дебиторлық борыштың әлемдік тәжірибесінде бipшaмa жақсы тәжірибе жиналғандығы жайлы ұмытпаған дұрыс.
Дебиторлық борыш - деп белгілі бір қарым - қатынасқа байланысты заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық субъектісінің алдындағы сатып алған тауарлары, субъектінің оларға көрсеткен қызметтері үшін, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметкерлердің субъектіден аванс ретінде алған немесе несиеге қарызға алған тауарлары мен материалдары үшін қайтаруға тиісті борыштарын айтады. Осы субъектіге берешек борышы бар кәсіпорындар мен ұйымдар сондай-ақ жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады.
«Компания Бағлан» өзінің дебиторлық борыштар есебін келесі шоттарда жүргізеді:
1210-Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі
1250- Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі
1610- Берілген қысқа мерзімді аванстар
2. 3 Қорлардың есебі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz