Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы халықтың қоныстану жүйесі


Тақырыбы: Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы халықтың қоныстану жүйесі
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І тарау
. Батыс Қазақстан аймағының тарихи-географиялық тұрғыдан
зерттелуі . . . 8
1. 1 Ежелгі дәуірден XVI ғасырға дейінгі алғашқы зерттеулер мен
ізденістердің деректері . . . 9
1. 2 Маршруттық және арнайы жинақылы зерттеулер (ХVІ-ХХ ғғ. ) . . 18
1. 3 Батыс Қазақстан аймағының ландшафттарының зерттелуі . . . 27
І-тарау . Қоныстану жүйесінің дамуында географиялық, әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың алатын орны және шаруашылықтың аумақтық құрылымы . . . 8
1. 1. Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы халықтың қоныстануына әсер ететін физикалық-географиялық жағдайлар . . . 8
1. 2 Маршруттық және арнайы жинақылы зерттеулер (ХУІ-ХХ ғғ. )
1. 3 Батыс Қазақстан аймағының экономикалық-географиялық,
әлеуметтік жағдайлары . . . 22
ІІ-тарау . Батыс Қазақстан аймағының қоныстану жүйесінде орын алған әлеуметтік-экономикалық факторлар мен алғышарттар . . . 34
2. 1 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы өндіріс тораптары мен кешендерінің дамуы . . . 52
2. 2 Оралмандарды қайта қоныстандыру мәселелері . . . 65
Қорытынды . . . 75
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 78
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Өтпелі кезеңде елімізде экономикалық дағдарыстың туындауы, әлеуметтік-экономикалық, демографиялық қиындықтар республикамыз үшін өткір мәселе. Экономиканы тығырықтан шығаратын алғышарттардың бірі ретінде дүниежүзілік өркениетті елдердің талаптарына сай келуі үшін қоғамдық географияда географиялық заңдылықтарды зерттей отырып, оның экономика мен әлеуметтану элементтерін тоғыстыратындықтан әр түрлі зерттеу әдістерін кеңінен қолдандық.
Зерттеулердің негізі экономикалық құрылымдардың кейбір салаларын қайта құру, жаңарту арқылы экономикамызды нығайту үшін аймақтың тарихи-әлеуметтік, экономикалық ерекшеліктеріне сүйенді. Себебі жас мемлекеттің қалыптасуымен бірге қоғамдағы экономикалық жағдайдың өзгеруі әлеуметтік жағдаймен байланыстырыла отырып жүйелі түрде қаралды. Егеменді еліміз тәуелсіздік алған жылдары ішінде саяси, әлеуметтік-экономикалық ірі өзгерістерді басынан өткерді.
Қоғамның өркениетті дамуына орай еліміздің дүниежүзілік қауымдастықтарда, экономикалық рыноктарда сыбағалы салмағы арта түсіп, әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына байланысты негізгі бағыттары өзгеру үстінде. Осыған сай барлық экономикалық жүйелердің даму ерекшелігі қалыптасты.
Қазіргі кезеңде қалалық және ауылдық елді-мекендер құрылымындағы ерекшеліктерін, қоныстану жүйесіндегі қарама-қайшылықтардың шиеленісуін және қоныстану процесін зерттеу ең өзекті мәселе болып табылады.
Сондықтан Қазақстан қоғамын қайта құруға, ірі әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыруға негізделген Елбасының 2030 - жылға дейінгі даму стратегиясын айқындаған халыққа жолдауында тұрғындарды жергілікті жерлерге тұрақтандыру, олардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту үшін бірнеше міндеттер қойылған.
Республикамыздың аумағы көлемді болғандықтан, көптеген өзіндік сипатына қарай ұқсас факторларға, физикалық-географиялық, экономикалық-географиялық ерекшеліктерге орай бес ірі экономикалық аймаққа (Орталық, Солтүстік, Шығыс, Оңтүстік, Батыс Қазақстан) аудандастырылған.
Экономикалық аудан дегеніміз елдің аумақтық еңбек бөлінісі негізінде қалыптасып, бір-бірінен шаруашылықтың мамандануы мен кешенді дамуы жағынан ерекшеленетін бір бөлік. Әрбір ауданда шаруашылықтың бірнеше маманданған салалары қалыптасып, жан-жақты дамиды.
Географиялық тұрғыдан алып қарағанда қарастырылып отырған аймақтың көлемді бөлігі шөлейтті, шөл табиғат белдеуінде орналасқандықтан, экономикасы негізінен ауыл шаруашылығы оның ішінде мал шаруашылығының өркендеуімен ерекшеленіп келді. Кеңес үкіметі кезінде де аймақта аграрлық өнеркәсіптің дамығанын, табиғат байлықтарына байланысты дамыған өндіріс орындар үлесінің төмен болып, балық шаруашылығының ауыл шаруашылығының көлеңкесінде қалғандығын айта кету керек.
Демографиялық, әлеуметтік-экономикалық процестер табиғи, тарихи-саяси, әлеуметтік жағдайларға байланысты халықтың сирек қоныстанған мұнайлы аудан үшін де өзекті. Маңғыстау, Атырау облыстарында халық тек теңіз жағалауларында тығыз қоныстанғандығы белгілі. Мұның көкейтестілігі - өндірістік кешендердің түпкі нәтижеге негізделмей, тек шикізат көзі ретінде қалыптасқандықтан қалалар мен қтп-лердің даму деңгейі төменгі дәрежеде болып келгендігі, моноорталықтану процесінің белең алып келгендігінде (мәселен, Атырау облысы) болып отыр. Қазіргі кезеңде өндіріс тиімділігінің, аймақтық өндіріс тиімділігінің артуы, аймақтың өндіріс кешендерінің қалыптасуы, өңдеуші өндіріс салаларының дамуы, білім мен қызмет көрсету сапасының өсуі - өндіріс пен халықтың белгілі бір аймаққа шоғырлану процесін күшейтуге септігін тигізеді.
Қоныстану мәселесінің өзектілігінің тағы бір жағы Батыс Қазақстан экономикалық ауданы маманданған еңбек ресурстарымен толық қамтамасыз етілмегендіктен, шөлейт белдеудегі тұрғындардың әлеуметтік ахуалының төмендегіден туындайды. Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы қоныстанудың қазіргі жағдайы нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты түрліше сипат алуда. Ауыл тұрғындарының қалаларға, қала маңындағы елді-мекендерге жылыстауы, соның салдарынан көптеген елді-мекендерде халық санының азаюы, бірер елді-мекендердің елсіздену, яғни тұрғынсыз қалу процесі белең алып отыр.
Әрбір мемлекет, әрбір халық дүниежүзілік экономикаға, ғылым мен мәдениетке өз үлесін қосады. Әсіресе, әлеуметтік жағдайдың тұрақталуына жол аша отырып, зерттелінетін Батыс Қазақстан аймағының экономикалық және әлеуметтік саясатының қалыптасуын да қарастырамыз.
Қоныстану процесінің әлеуметтік, экономикалық-географиялық мәселелерін ашып көрсетуге арналған диссертациялық жұмыста бұрын жүйелі түрде зерттелмеген Батыс Қазақстан экономикалық ауданы басты нысанаға алынып зерттеледі.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Қоныстану процесі жайындағы ғылыми, әдіснамалық еңбектерді талдау нәтижесінде осы мәселеге арналған елеулі зерттеу жұмыстарының бар екендігі көрінді. Қала мен ауыл елді-мекендеріндегі халықтың қоныстану процесін теориялық тұрғыдан қарастырып, мәселелерді шешуде экономгеографтар Н. Н. Баранский, Ю. Г. Саушкин, Б. С. Хорев, Б. Я. Двоскин және басқа ғалымдар жан-жақты үлес қосты. Жұмыстың теориялық-әдіснамалық бөлімінде қоныстану процесіне қатысты күрделі мәселелерді зерттеп, ғылыми-теориялық тұжырым жасауға үлес қосқан отандық және ТМД елдерінің белгілі ғалымдары: Г. М. Лаппо, Ж. А. Зайончковская, Е. М. Арынов, М. М. Тажин, Қ. Ғ. Ғабдуллина, М. Б. Тәтімов, М. Н. Сыдықов және т. б. экономгеограф, экономист, әлеуметтанушы, тарихшы-демограф ғалымдардың еңбектері басшылыққа алыңды. Қоныстану жүйесінің ұйымдастырылу мәселелері қарастырылғанда Ү. М. Ысқақов еңбектері негіз болды. Сондай-ақ Ә. С. Бейсенова, Ю. К. Шокаманов, А. Ғ. Ғалымов, М. А. Ғалымов және т. б. ғалымдардың еңбектері пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының мақсаты . Диплом жұмыстың мақсаты - Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы халықтың қоныстану жүйесін, экономикалық-географиялық мәселелерін зерттеп, тұрғындарды елді-мекендерде тұрақтандыру процесін ұйымдастырудың жолдарын айқындау.
Диплом жұмысының міндеті.
Жұмыстың алдына қойылған негізгі міндеттер ауқымы төмендегідей:
- Батыс Қазақстан экономикалык, ауданындағы халықтың қоныстануына әсер ететін физикалық-географиялық жағдайлар;
- Батыс Қазақстан аймағының экономикалық-географиялық, әлеуметтік жағдайлары;
- Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы өндіріс тораптары мен кешендерінің дамуы;
- Оралмандарды қайта қоныстандыру мәселелері;
Зерттеу нысаны Батыс Қазақстан экономикалық ауданының қоныстану
жүйесі, қоныстанудың экономикалық-географиялық, әлеуметтік аспектілері.
Зерттеу пәні ретінде қоныстану процесінің қоғамдағы орны, қазіргі кездегі өзекті мәселелері, заңдылықтары мен ұғымдарының мәні, мазмұны қамтылды.
Зерттеудің эмпирикалық базасына және теориялық-әдістемелік негіздеріне қалыптасқан ой-тұжырымдар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламалары, көші-қон заңдары, нормативтік құжаттары, қоныстану мәселелерін шешуде отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері алынды. Қоныстану мәселелерін зерттеуде географиялық саралау, картографиялық, математикалық модельдеу, демографиялық статистиканың дәстүрлі және жаңа әдістері, хронологиялық (аймақтық зерттеу), эклектикалық (аралас) саралау әдістері, әлеуметтік-экономикалық бағалау тәсілдері қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы дипломдық жұмысқа қойылған мақсат пен міндеттердің орындалуына орай анықталады:
- Батыс Қазақстан экономикалық, ауданындағы халықтың қоныстануына әсер ететін физикалық-географиялық жағдайлары;
қоныстану жүйесін тиімді ұйымдастырудың ұстанымы ретінде
жергілікті жағдайлар мен шарттардың жан-жақты ескерілуі арқылы қоныстану процесінің даму бағытына әсер ететін факторлар айқындалды;
қалалық елді мекендерді дамыту, ауылдық елді мекендерде
тұрғындарды тұрақтандыру, сондай-ақ экономикалық аймақтағы халық санын оралмандар есебінен арттырудың әлеуметтік-экономикалық негізі ұсынылды.
Диплом жұмысының құрылымы ғылыми жұмыстардың мақсаттары мен міндеттеріне сай түзілген. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АЙМАҒЫНЫҢ ТАРИХИ-
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕЛУІ
- Ежелгі дәуірден XVI ғасырға дейінгі алғашқы зерттеулер мен
ізденістердің деректері
Географиялық орны жағынан Еуропа мен Азия арасындағы елшілік және миссионерлік маршруттардың, керуен жолдарының қақпасы болған Батыс Қазақстан аймағының табиғат жағдайлары мен оның ресурстары саяхатшылар мен ғалымдар назарын ерте кезден-ақ өзіне аударған. Бұл аумақ арқылы Қытай мен Монғолиядан шығып, Жоңғар қақпасы, Жетісу жерімен Тянь-Шань тауының солтүстік бөктерін жағалай отырып, Бұхар асқан, сол сияқты Орта Азиядан Хиуа арқылы немесе Сырдарияны бойлай Каспий ойпаты арқылы Еуропаға бағытталған, кейінірек Орта Азиядан орыс қалаларына қатынайтын керуен жолдары өтетін болған. Аймақ арқылы VІІІ-Х ғасырларда славяндардың Қара теңіз арқылы Византиямен сауда қатынасын жасайтын үлкен теңіз жолының бір тармағы (Каспий теңізі арқылы Еділді бойлап жүретін «Араб теңіз» жолы) өтті [1] . Батыс Қазақстан аймағын географиялық тұрғыдан танып-білудің ұзақ тарихы бар. Өлкенің батыс және оңтүстік бөліктерінің табиғат жағдайлары туралы алғашқы мағлұматтар, көне деректерде - парсы жазбаларында, грек және рим ғалымдары мен жазушыларының, қытай және араб саяхатшыларының шығармаларында ұшырасады (Сурет 1) .
Ежелгі дәуірден бастап қазіргі заманға дейін Батыс Қазақстан географиялық тұрғыдан жете зерттелгенімен, осы зерттеу жұмыстарын саралап, бір жүйеге келтіру мен баға беру мақсатында арнайы еңбек жазылмаған. Сондықтан біз аймақ табиғатының зерттелу тарихын А. П. Горбунов, Ә. С. Бейсенова, Ә. Б. Бірмағамбетов, И. П. Магидович, В. И. Магидович еңбектері негізінде үш кезеңге бөліп қарастырамыз: [2]
1. Батыс Қазақстан аймағының ежелгі дәуірден XVI ғасырға дейінгі аймақтық қарапайым тарихи зерттеулер мен ізденістер.
2. Батыс Қазақстан аймағының Ресейге қосылуының бастапқы мен екінші кезеңіндегі маршруттық және арнайы барлама жинақылы
тарихи зерттеулері (XVI ғасырдан XX ғ. дейін) .
3. Батыс Қазақстан аймағы ландшафттарының зерттелуі.
Батыс Қазақстан аймағында мәдениет атауларының ерте дами бастағанын түрлі тарихи дәуірлерде өмір сүрген зерттеушілердің (Гомер, Геродот, Страбон, К. Птоломей, В. Рубрук, Ибн Батутта, А. Никитин, А. Харузин, Г. Карелин және т. б. ) Орта Азия мен Қазақстан жері туралы географиялық тұрғыдан мағлұматтар берген айтулы еңбектерінен көре аламыз [3] .
Антикалық дәуірде Батыс Қазақстан аймағының ірі табиғи объектілері туралы сан алуан тарихи-географиялық мәліметтер жинақталды. Әсіресе «Тарих атасы» деп аталған саяхатшы ғалым Геродоттың біздің заманымызға дейінгі V ғасырдың 40-жылдарының соңы мен 30-жылдардың басында жазылған тоғыз кітаптан тұратын «Тарих» атты еңбегі ежелгі қолжазбалар
Сурет 1. Батыс Қазақстан аймағының географиялық орны
ішіндегі аса құндыларының бірі болып саналады. Мұнда Геродот Дарийдің скифтерге қарсы жорығын баяндаумен қоса, Ойкуменді мекендеген тайпалар және олар жайлаған аймақтар туралы мағлұматтар келтіреді. Геродот бірінші болып Каспий теңізінің басқа сулармен жалғаспайтын тұйық су алабы екенін, оның солтүстіктен оңтүстіке қарай созыла біткен жалпы пішінін дұрыс тұжырымдайды. Сонымен қатар, «Тарихта» мынадай деректер келтірілген: «Каспий басқа теңіздерге ұқсамайды, себебі теңіздің басқа теңіздермен байланысы жоқ, оның ұзындығы ескекті кемемен 15 күндік жол, ал енінің ең жалпақ жеріне небәрі 8 күнде жетуге болады. Каспий теңізінің батыс жағы таумен қоршалған, шығыс жағы - қараса көз жетпейтін ұлан-байтақ жазық дала, ал Орал өзенінен әрі қарай «ойлы-қырлы тастақты жерлер», одан өтсең адам өтпес «заңдарғар таулар бар». Саяхатшы аймақтың ірі табиғи географиялық обьектілеріне дұрыс түсінік береді. «Ойлы-қырлы тастақты жерлер» - Жалпы Сырт, ал «заңдарғар таулар» Орал тауы болса керек [ 4 ] .
Геродот «заңдарғар» таулардың бөктерлерінде (Орал тауының оңтүстік-шығыс беткейі) агриппей тайпалары мекендейтін, одан әрі «алуан түрлі ну ормандар өскен» жерлерде (Қазақстанның солтүстік-батысы) будин тайпалары тұратынын атап көрсетеді. Будиндердің оңтүстігінде жеті күн жолдық шөл дала жатыр, ал бұл шөл даланың шығысында фиссагеттер орналасқанын баяндайды. Сөйтіп, ежелгі көшпенділер дәуірінде Батыс Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың тұрағын сипаттай отырып, саяхатшы Каспий теңізі мен оның төңірегіндегі аймақтар туралы түңғыш географиялық деректер қалдырған. Осы деректердің бәрі «Геродот салған жер пішіні» атты картада көрсетілген [4, 509б] .
Каспий теңізін Солтүстік мұхиттың шығанағы деп есептеген Страбон жалпы алғанда, құрлықты өзін қоршаған теңізбен немесе мұхитпен ұласып жатқан арал ретінде түсінеді. Ал мұхитты құрлыққа сұғына еніп жатқан төрт үлкен шығанақ деп санады. Гиркан (Каспий) теңізін солтүстік шығанаққа жатқызады.
Аймақ туралы географиялық деректерді сан ғасыр бұрын бір арнаға түсіріп, айқындап берген Клаудий Птоломей өз еңбектерінде ежелгі дүниені танып-білуді дамытып қана қоймай, еуропалықтардың қазақ жері туралы географиялық ұғымының деңгейін көрсетті. Онда Қазақстан шамамен солтүстік ендіктің 49°-60° аралығында орналасқан. Мұның өзі солтүстік ендіктің 41° мен 55°3 көрсететін осы заманғы картаға деңгейлес келеді. Ендік бойынша Қазақстан аумағы 3°3 сыйғызылып, К. Птоломей картасында 11°-қа теңеледі . Скифияның оңтүстік шекарасын К. Птоломей Яксарт (Сырдария) өзені бойымен жүргізеді, ал оңтүстік-батыстағы Оксит тауларының (Үстірт қыраты) етегі мен Окс (Амудария) өзенінің жоғарғы сағасы солтүстік ендіктің 43° тұспа-түс келеді, ол осы күнгі Амударияның жоғарғы сағасына сәйкес келеді. К. Птоломей картасында бойлық бойынша көп алшақтық бар; бұл картада Скифия аумағы шығыс бойлықтың 88° мен 140° аралығын алып жатыр, ал осы күнгі картада (Қазақстанның физикалық картасы. Масштаб 1:15) Қазақстан шығыс бойлықтың 49°-87° аралығында орналасқан. Шығысқа қарай мұндай алшақтық тіпті молая түседі: Ра (Еділ) өзенінің жоғарғы сағасы шығысқа қарай ығысып кеткен. К. Птоломейдің картасы бойынша Гиркан (Каспий) теңізі шығыстан батысқа қарай созылып жатыр [ 5, 450б] .
VI ғасырда Орта Азия мен Қазақстанда көшпенді басқыншылардың жаңа империясы - Алтай түріктерінің қағанаты шаңырақ көтерді. Бұл империя аз уақыт ішінде Тынық мұхиттан бастап, Қара теңізге дейін мекендеген барлық халықтарды өзіне бағындырып алды. Түріктер Жоңғарияны қақ жарып өтіп, Жоңғар қақпасы арқылы Жетісуға баса көктеп кірді. Қаратал, Іле, Шу өзендерінен өткен Истамир қаған басқарған Түркілер Мойынқұмды оңтүстігінен орағытып, мидай дала арқылы Қаратау жотасына бағыт алды. Сырдария өзені арқылы Арал (өз сөздерімен айтқанда «Батыс») теңізіне жеткен Түркілер одан әрі Батыс Қазақстан даласын басып өтіп, Мұғалжар арқылы Еділ өзеніне асты.
Батыс Қазақстанның кең даласында б. з. бұрын 1-мыңжылдықтың ортасында сарматтар тұрса, б. з. басында алаңдардар мекендеді. Батыс Қазақстан тайпалары Еділ-Кама бұлғарларымен, орыстармен экономикалық саяси қатынаста болды; IX ғасырда көпестер Еділ мен Каспийдің солтүстік-шығыс, шығыс жағалауларына да келе бастады. VII ғасырдан бастап Батыс Қазақстан аумағын зерттеуде арабтар көрнекті роль атқара бастады. Бұл тұрғыда араб географтары Ибн Хордадбектің, әл-Мақдисидің, Ибн Хаукальдің, Ибн Рустенің, әл-Истахридің, әл-Масудидің, ол-Идрисидің, Ибн Фадланның және басқа ғұламалар еңбектерінің маңызы айрықша зор [15] .
Ибн Фадлан Бағдадтан 921 жылы 21 маусымда аттанып, Хамадан, Рей, Нишапур, Мерв, Бұхар маршрутымен жүрген (2-сурет) . Содан соң Амудария мен Арал теңізінің жиегіндегі Хорезмге дейін, Үстірт пен Жайық (Орал) арқылы Поволжьеге өткен. Саяхатшы жүріп өткен аймақтардың жер бедері, климаты, өзендері мен көлдері, топырағы туралы мағлұматтар келтірген [15, 646б] . Ибн Фаддан басып өткен Батыс Қазақстан аймағының жер бедерін сөз ете келіп, жолының дені шөлейт құм арқылы өткенін және ішінара «тастақ жерлердің» де кездесетінін айтады. Тастақтар Үстірттің сол жақ беткейінен асқан тұста ұшырасқан. «Он бес күн жол жүргеннен кейін біз қаптаған тастары бар үлкен тауға келдік» деп жазды ол. сірә, саяхатшының бұл айтып отырғаны Солтүстік Шың (Чинк) сияқты (Сурет 2) .
Осы тастақ жерлерге дейін жол Үстірт арқылы өткен, ал жотаның үсті шөлейт жазық, «бір де бір тауы жоқ жазық дала» екені баяндалған.
Ибн Фадлан өзі өткен өзендердің аттарын атайды: Яганда (Шаған), Жем (Ембі), Жахыш (Сағыз), Озіл (Ойыл), Ердем (Қалдығайты), Барыш (Бұлдырты), Анхаты Атил (Итиль/Еділ/Волга), Ирхыз (Ырғыз) және Жайқ (Жайық) . Саяхатшы өз жазбаларында әлгі атауларды оңтүстік-шығыстан бастап солтүстік-батысқа қарай белгілі бір жүйемен келтіреді, соған қарап оның жолсапарының бағдарын анықтау қиын емес.
Сурет 2. Батыс Қазақстан аймағының зерттелуі (Орта ғасырларға дейін)
Сонымен бірге, өзен атаулары X ғасырда Батыс Қазақстанда су жүйесі қандай болғанын айқындауға мүмкіндік береді. Ол кездегі су жүйесі негізінен осы күнгідегідей болғанымен, қазір кейбір өзендерінің суы тартылғанын немесе мүлдем құрғап кеткенін көреміз. Ибн Фадлан «үлкен өзендердің бәрінің» суы мол болғанын және олардан өтерде «құрбан шалып» отырғанын мәлімдейді [15, 221-б] . Саяхатшы Жайық (Жайық) өзені жөнінде ол «біз көрген өзендердің ең үлкені, әрі ағыны да өте қатты» деп жазды. Саяхатшы Шалқар көлінде болып, оны аумағы үлкен «суы нағыз теңіздікі секілді» көл ретінде сипаттайды. Хорезмге қыстаған кезде саяхатшы қыстың ызғарлы болғанын, қар жауып, жиі-жиі ұйтқып жел соғып тұратынын айтқан. Солтүстікке жол шеккенде: « . . . Біз күннің бір бөлігінде ғана жол жүре алдық - ұзақ күн бойы жүруге суық мұршамызды келтірмеді . . . » - деп жазады. Болған аймақтарының климаты туралы сөз еткенде Ибн Фадлан оны өз елінің климатымен салыстырып отырады.
Ибн Фадлан Оғыз мемлекетінің астанасы - Янгикент қаласында болған. Ал ол мемлекет Орта Азияның егіншілікпен айналысатын ірі алқаптарының Хорезммен және Мауреннахрмен шектескен тұсында орналасқан. Саяхатшы Үстірт арқылы ылдиға түсіп, Шың (Чинк), төңірегіңде құздарға келгенін, одан соң өзеннен өтіп, ұзақ жол жүріп, башқұрттарға кезіккенін, және Жем, тағы бірнеше өзеннен өткесін ғана теңіз секілді үлкен тұйық судың жиегін мекендеген печенегтерге жолыққанын мәлімдейді. В. Бартольдтің жорамалы бойынша, бұл арада өңгіме Батыс Қазақстан облысындағы Жамансор көлі туралы болып отыр [15, 187-б] .
Ибн-Батутта Еділ атырауы мен Каспий маңы ойпатын, Үстіртті зерттеп, бүкіл араб олеміне Каспий аймағының шығыс шеті екенін және объектІнің жер бедері биік жалпақ дөңес екенін зерттейді, бүкіл араб әлеміне осы өңір туралы танымал болған еңбек қалдырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz