Батыс Қазақстан экономикалық, ауданындағы халықтың қоныстануына әсер ететін физикалық - географиялық жағдайлар
Тақырыбы: Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы халықтың қоныстану
жүйесі
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3
І-тарау. Қоныстану жүйесінің дамуында географиялық, әлеуметтік-экономикалық
жағдайлардың алатын орны және шаруашылықтың аумақтық құрылымы

... ... . 8
1.1. Батыс Қазақстан экономикалық, ауданындағы халықтың қоныстануына әсер
ететін физикалық-географиялық жағдайлар ... ... ... 8
1.2. Батыс Қазақстан аймағының экономикалық-географиялық, әлеуметтік
жағдайлары

... ... ... ... ... .. 22
ІІ-тарау. Батыс Қазақстан аймағының қоныстану жүйесінде орын алған
әлеуметтік-экономикалық факторлар мен алғышарттар
... ... ... ... ... ... 34
2.1 Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы өндіріс тораптары мен
кешендерінің дамуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... 52
2.2 Оралмандарды қайта қоныстандыру мәселелері
... ... ... ... ... ... ... ... 65
Қорытынды

... ... ... ... ... 75
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 78
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Өтпелі кезеңде елімізде экономикалық
дағдарыстың туындауы, әлеуметтік-экономикалық, демографиялық қиындықтар
республикамыз үшін өткір мәселе. Экономиканы тығырықтан шығаратын
алғышарттардың бірі ретінде дүниежүзілік өркениетті елдердің талаптарына
сай келуі үшін қоғамдық географияда географиялық заңдылықтарды зерттей
отырып, оның экономика мен әлеуметтану элементтерін тоғыстыратындықтан әр
түрлі зерттеу әдістерін кеңінен қолдандық. Зерттеулердің негізі
экономикалық құрылымдардың кейбір салаларын қайта құру, жаңарту арқылы
экономикамызды нығайту үшін аймақтың тарихи-әлеуметтік, экономикалық
ерекшеліктеріне сүйенді.Себебі жас мемлекеттің қалыптасуымен бірге
қоғамдағы экономикалық жағдайдың өзгеруі әлеуметтік жағдаймен
байланыстырыла отырып жүйелі түрде қаралды. Егеменді еліміз тәуелсіздік
алған жылдары ішінде саяси, әлеуметтік-экономикалық ірі өзгерістерді
басынан өткерді. Қоғамның өркениетті дамуына орай еліміздің дүниежүзілік
қауымдастықтарда, экономикалық рыноктарда сыбағалы салмағы арта түсіп,
әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына байланысты негізгі бағыттары өзгеру
үстінде.Осыған сай барлық экономикалық жүйелердің даму ерекшелігі
қалыптасты. Қазіргі кезеңде қалалық және ауылдық елді-мекендер
құрылымындағы ерекшеліктерін, қоныстану жүйесіндегі қарама-қайшылықтардың
шиеленісуін және қоныстану процесін зерттеу ең өзекті мәселе болып
табылады. Сондықтан Қазақстан қоғамын қайта құруға, ірі әлеуметтік-
экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыруға негізделген Елбасының 2030 -
жылға дейінгі даму стратегиясын айқындаған халыққа жолдауында тұрғындарды
жергілікті жерлерге тұрақтандыру, олардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту
үшін бірнеше міндеттер қойылған.
Республикамыздың аумағы көлемді болғандықтан, көптеген өзіндік
сипатына қарай ұқсас факторларға, физикалық-географиялық, экономикалық-
географиялық ерекшеліктерге орай бес ірі экономикалық аймаққа (Орталық,
Солтүстік, Шығыс, Оңтүстік, Батыс Қазақстан) аудандастырылған. Осылай
экономикалық аудандастыру мемлекеттің жекелеген аймақтарының шаруашылығын
жоспарлы түрде дамытуда, келешегін анықтауда маңызды орын алады.
Экономикалық аудан дегеніміз елдің аумақтық еңбек бөлінісі негізінде
қалыптасып, бір-бірінен шаруашылықтың мамандануы мен кешенді дамуы жағынан
ерекшеленетін бір бөлік. Әрбір ауданда шаруашылықтың бірнеше маманданған
салалары қалыптасып, жан-жақты дамиды.
Географиялық тұрғыдан алып қарағанда қарастырылып отырған аймақтың
көлемді бөлігі шөлейтті, шөл табиғат белдеуінде орналасқандықтан,
экономикасы негізінен ауыл шаруашылығы оның ішінде мал шаруашылығының
өркендеуімен ерекшеленіп келді. Кеңес үкіметі кезінде де аймақта аграрлық
өнеркәсіптің дамығанын, табиғат байлықтарына байланысты дамыған өндіріс
орындар үлесінің төмен болып, балық шаруашылығының ауыл шаруашылығының
көлеңкесінде қалғандығын айта кету керек.
Демографиялық, әлеуметтік-экономикалық процестер табиғи, тарихи-саяси,
әлеуметтік жағдайларға байланысты халықтың сирек қоныстанған мұнайлы аудан
үшін де өзекті. Маңғыстау, Атырау облыстарында халық тек теңіз
жағалауларында тығыз қоныстанғандығы белгілі. Мұның көкейтестілігі -
өндірістік кешендердің түпкі нәтижеге негізделмей, тек шикізат көзі ретінде
қалыптасқандықтан қалалар мен қтп-лердің даму деңгейі төменгі дәрежеде
болып келгендігі, моноорталықтану процесінің белең алып келгендігінде
(мәселен, Атырау облысы) болып отыр. Қазіргі кезеңде өндіріс тиімділігінің,
аймақтық өндіріс тиімділігінің артуы, аймақтың өндіріс кешендерінің
қалыптасуы, өңдеуші өндіріс салаларының дамуы, білім мен қызмет көрсету
сапасының өсуі — өндіріс пен халықтың белгілі бір аймаққа шоғырлану
процесін күшейтуге септігін тигізеді.
Қоныстану мәселесінің өзектілігінің тағы бір жағы Батыс Қазақстан
экономикалық ауданы маманданған еңбек ресурстарымен толық қамтамасыз
етілмегендіктен, шөлейт белдеудегі тұрғындардың әлеуметтік ахуалының
төмендегіден туындайды. Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы
қоныстанудың қазіргі жағдайы нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты
түрліше сипат алуда. Ауыл тұрғындарының қалаларға, қала маңындағы елді-
мекендерге жылыстауы, соның салдарынан көптеген елді-мекендерде халық
санының азаюы, бірер елді-мекендердің елсіздену, яғни тұрғынсыз қалу
процесі белең алып отыр.
Әрбір мемлекет, әрбір халық дүниежүзілік экономикаға, ғылым мен
мәдениетке өз үлесін қосады. Әсіресе, әлеуметтік жағдайдың тұрақталуына жол
аша отырып, зерттелінетін Батыс Қазақстан аймағының экономикалық және
әлеуметтік саясатының қалыптасуын да қарастырамыз.
Қоныстану процесінің әлеуметтік, экономикалық-географиялық мәселелерін
ашып көрсетуге арналған диссертациялық жұмыста бұрын жүйелі түрде
зерттелмеген Батыс Қазақстан экономикалық ауданы басты нысанаға алынып
зерттеледі.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Қоныстану процесі жайындағы ғылыми,
әдіснамалық еңбектерді талдау нәтижесінде осы мәселеге арналған елеулі
зерттеу жұмыстарының бар екендігі көрінді. Қала мен ауыл елді-
мекендеріндегі халықтың қоныстану процесін теориялық тұрғыдан қарастырып,
мәселелерді шешуде экономгеографтар Н.Н. Баранский, Ю.Г. Саушкин, Б.С.
Хорев, Б.Я. Двоскин және басқа ғалымдар жан-жақты үлес қосты. Жұмыстың
теориялық-әдіснамалық бөлімінде қоныстану процесіне қатысты күрделі
мәселелерді зерттеп, ғылыми-теориялық тұжырым жасауға үлес қосқан отандық
және ТМД елдерінің белгілі ғалымдары: Г.М.Лаппо, Ж.А.Зайончковская,
Е.М.Арынов, М.М.Тажин, Қ.Ғ.Ғабдуллина, М.Б.Тәтімов, М.Н.Сыдықов және т.б.
экономгеограф, экономист, әлеуметтанушы, тарихшы-демограф ғалымдардың
еңбектері басшылыққа алыңды. Қоныстану жүйесінің ұйымдастырылу мәселелері
қарастырылғанда Ү.М.Ысқақов еңбектері негіз болды. Сондай-ақ Ә.С.Бейсенова,
Ю.К.Шокаманов, А.Ғ.Ғалымов, М.А. Ғалымов және т.б. ғалымдардың еңбектері
пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Диплом жұмыстың мақсаты — Батыс Қазақстан
экономикалық ауданындағы халықтың қоныстану жүйесін, экономикалық-
географиялық мәселелерін зерттеп, тұрғындарды елді-мекендерде тұрақтандыру
процесін ұйымдастырудың жолдарын айқындау.
Диплом жұмысының міндеті.
Жұмыстың алдына қойылған негізгі міндеттер ауқымы төмендегідей:
- Батыс Қазақстан экономикалык, ауданындағы халықтың қоныстануына әсер
ететін физикалық-географиялық жағдайлар;
- Батыс Қазақстан аймағының экономикалық-географиялық,әлеуметті к
жағдайлары;
- Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы өндіріс тораптары мен
кешендерінің дамуы;
- Оралмандарды қайта қоныстандыру мәселелері;
Зерттеу нысаны Батыс Қазақстан экономикалық ауданының қоныстану
жүйесі, қоныстанудың экономикалық-географиялық, әлеуметтік аспектілері.
Зерттеу пәні ретінде қоныстану процесінің қоғамдағы орны, қазіргі
кездегі өзекті мәселелері, заңдылықтары мен ұғымдарының мәні, мазмұны
қамтылды.
Зерттеудің эмпирикалық базасына және теориялық-әдістемелік негіздеріне
қалыптасқан ой-тұжырымдар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік
бағдарламалары, көші-қон заңдары, нормативтік құжаттары, қоныстану
мәселелерін шешуде отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері алынды.
Қоныстану мәселелерін зерттеуде географиялық саралау, картографиялық,
математикалық модельдеу, демографиялық статистиканың дәстүрлі және жаңа
әдістері, хронологиялық (аймақтық зерттеу), эклектикалық (аралас) саралау
әдістері, әлеуметтік-экономикалық бағалау тәсілдері қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы дипломдық жұмысқа қойылған мақсат пен
міндеттердің орындалуына орай анықталады:
- Батыс Қазақстан экономикалық, ауданындағы халықтың қоныстануына әсер
ететін физикалық-географиялық жағдайлары;
қоныстану жүйесін тиімді ұйымдастырудың ұстанымы ретінде
жергілікті жағдайлар мен шарттардың жан-жақты ескерілуі арқылы қоныстану
процесінің даму бағытына әсер ететін факторлар айқындалды;
қалалық елді мекендерді дамыту, ауылдық елді мекендерде
тұрғындарды тұрақтандыру, сондай-ақ экономикалық аймақтағы халық санын
оралмандар есебінен арттырудың әлеуметтік-экономикалық негізі ұсынылды.
Диплом жұмысының құрылымы ғылыми жұмыстардың мақсаттары мен міндеттеріне
сай түзілген. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Батыс Қазақстан экономикалык, ауданындағы халықтың қоныстануына әсер
ететін физикалық-географиялық жағдайлар.
Батыс Қазақстан экономикалық ауданы Қазақстан Республикасының
батысында көлемді бөлікті алып жатқан үлкен аумақта орналасқан. Аймақтың
ауданы — 729,6 мың шаршы км-ге жетеді, бұл Қазақстан аумағының 26,6%-ын
алып жатыр. Аумағының үлкендігі жағынан Қазақстанның ірі экономикалық
аудандары арасынан бірінші орынды иемденеді. Аудан халқы 2 млн-дай, бұл
республика тұрғындарының 13,2%-ын құрайды. 1 шаршы км. жерге орташа 2,8
адамнан келеді. Бұл көрсеткіштер республиканың басқа аймақтарымен
салыстырғанда ең төменгі деңгейді көрсетеді. Батыс Қазақстан аймағы
солтүстігіндегі жалпы Сырт үстірттерінен бастап оңтүстіктегі
Түркіменстанның құмды шөлдеріне дейін 1200 км-ге созылса, ал батысында
Еділдің төменгі ағысынан Торғай қолатына дейін 1300 км жерді алып жатыр.
Батыс Қазақстан аймағына Каспий теңізінің солтүстік, солтүстік-шығыс
жағалаулары кіреді (Бозащы және Маңғыстау түбектерін қоса алғанда).
Физикалық-географиялық және экономикалық-географиялық жағдайы жағынан
Батыс Қазақстан аймағының мынадай ерекшеліктерін атап көрсетуге болады:
а) аймақтың сейсмикалық салыстырмалы тұрақты болып келуі;
ә) аймақтың жер бедерінің басым бөлігінің жазықты және ойпаңды болып
келуі;
б) Еуропа мен Азияның аралық шекарасында орналасуы;
в) Еуразия құрлығының ішкі ауданында, Атлант мұхиты мен оның
теңіздерінен 2,5 мың км қашықтықта орналасқандықтан, климаты қатаң,
шұғыл континетті болып келетіндігі;
г) бұл аймақтың дала, шөл және шөлейт табиғат белдеулерінде
орналасқандығы;
д) аймақтың дамыған экономикалық аудандармен шекаралас болуы (Еділ
бойымен, Оралмен, Каспий теңізі арқылы Кавказ елдерімен,алыс шет
мемлекеттермен );
е) кен байлықтарының дүниежүзілік және жергілікті жер масштабындағы
мол қорларының болуы;
ж) аймақтың орталық, әсіресе оңтүстік бөлігінде гидрографиялық
желісінің өте нашар дамуы [1].
Шаруашылықтың дамуының табиғат байлықтары мен табиғат жағдайларына
тығыз байланысты екендігі белгілі жәйт. Сондықтан да аймақтың солтүстік-
батысының қоңыржай, шұғыл континентті климаты мен жазық жер бедері халықтың
қоныстануына, тұрмыстық және шаруашылық іс-әрекетіне барынша қолайлы болып
келеді.
Батыс Қазақстан — республика экономикасында маңызды орны бар және
бірден-бір мұнай мен газ, көмірсутек, хром мен никель кен тастарын, тұз,
сол сияқты борат, фосфор және т.б. өндіретін, балық шаруашылығымен
айналысатын аудан.
Ол, республика экономистерінің жобалауы бойынша, стратегиялық
сипаттағы минералдық ресурстардың бірегей қорына ие болған, ғылыми-
өндірістік күш-қуатты қарқынды дамытуға, республика экономикасын жедел
екпінмен әлемдік шаруашылыққа интеграциялауға толық мүмкіндігі бар
экономикалық ауданға жатқызылған.
И.М.Айзинова мен В.В.Пацирковскийлердің [2] пікірлері бойынша, аймақ —
әкімшілік-аумақтық ол халықтың саналы тәртіптегі тұрақты еңбегімен қатар
әлеуметтік-мәдени қатынастарымен қалыптасқан өндірістік, көліктік,
әлеуметтік инфрақұрылым бірлігі және оның салыстырмалы жоғары даму
деңгейімен сипатталады.
Аймақ ұғымын анықтау тұрғысында П.Я.Бакланов [3] аймақтық оңашалықты
ескеруді жөн деп біледі, атап айтқанда, ресурстық және тұтыну жүйелерінің
белгілі бір аумақ көлемінде топтасу мүмкіншілігіне мән беру керектігін
айтады.
А.И.Добрыниннің [4] пайымдауынша, аймақ-ұдайы өндірістік процестің
бірлігімен және тұтастығымен сипатталатын шаруашылық салаларының аумақтық
арнайы бағытталған бөлігі болып табылады.
Жоғарыда атап көрсетілген анықтамалардың қай-қайсысы да аймақ ұғымының
әрбір мәселеге байланысты айрықша ерекшеленетін белгілерін нақтылы және
толық сипаттайды. Бұл белгілердің синтездік процесін мынадай байланыстармен
көрсетуге болады: экономикалық-географиялық бірлік, әкімшілік-аумақтық
бірлік және біртұтастық, табиғаттың біркелкі ресурстарын пайдалану, олардың
бөліктері мен элементтері арасындағы тұрақты байланыстарының қалыптасуы,
ұдайы өндірістің барлық циклдерінің қажеттілік жағдайының бар болуы т.с.с.
Қазіргі нақтылы жағдайларға байланысты, әсіресе экономикадағы
аумақтық ерекшеліктер мен олардың функциялық маңыздылықтарын
айқындауда аймақтық инфрақұрылымның экономикалық тиімділігін
дәлелдеу аса маңызды болып отыр.
Қазақстанның басқа аймақтарына қарағанда (Оңтүстік, Солтүстік, Шығыс,
Орталық аймақтары) физикалық-географиялық тұрғыдан аймақ факторларын
қолайлылығы және қолайсыздығы тұрғысынан сипаттау үшін 4 (төрт) балдық жүйе
қолданылды .
Балдық жүйені:
қолайлы — төрт балл
салыстырмалы қолайлы — үш балл
салыстырмалы қолайсыз — екі балл
қолайсыз - бір балл деп аламыз.
Жер бедері факторлары халықтың қоныстануына айтарлықтай дәрежеде әсер
етеді. Аймақтың жер бедері, республикамыздың басқа аймақтарының жер
бедерімен салыстырғанда, теңіз деңгейінен төмен жатқан ойпаттар мен
үстірттерден, төбелерден тұратындығымен ерекшеленеді. Гидрографиялық желісі
де белгілі дәрежеде халықтың қоныстану жиілігіне әсер етуші фактор болып
табылады. Бұл тұрғындардың шаруашылық әрекеттері үшін қоныстанып отырған
жергілікті жерінің жайлы болуына септігін тигізетін маңызды фактор.
Батыс Қазақстан аймағының өзендер желісі нашар дамыған, өте сирек
болып келеді. Өзендері Каспий теңізіне құятын тұйық алапқа жатады әрі аумақ
бойынша біркелкі таралмаған. Сулы болып келетін аймақтың солтүстік
бөлігінде жүз шаршы километр аумаққа 10-12 километрден, оңтүстікке қарай 2-
4 километрден келеді. Үлкен және Кіші Борсық құмдарындағы алып
кеңістіктерде, Үстірт пен Маңғыстауда өзендер жоққа тән. Батыс Қазақстан
аймағында солтүстіктен оңтүстікке қарай бірнеше табиғат белдеулері
жолақтана алмасады. Салыстырмалы тұрғыдан ауқымы аздау солтүстік бөлікті
ғана дала белдеуінің аумағы алып жатыр[5].
• Қоныстануға қолайлы деп табылған балдың көрсеткіші 4-ке тең жүйеге
Жалпы Сырт қырқасына ұласып жатқан жеріне дейінгі аралық енеді. Ең жоғарғы
биіктік көрсеткіші 80-150 метрге дейін жетеді. Ірі әрі суы біршама мол
өзені - Жайық. Өзен өзінің бастауын Орал тауының 600 м биіктігінен алады.
Негізгі арнасына бірнеше салалары - Ор, Елек, Шыңғырлау, Барбастау, Ащы,
Шаған, Емболат, Деркөл өзендері мен өзеншелері қосылады. Жайық өзені
жағасының табиғи кешені халықтың қоныстануына жайлы. Өзеннің орта бөлігінде
тасқын судың артығы қолдан қазылған Көшім каналы арқылы төрт бөгенге
құйылып, шабындық пен жайылымдық жерлерді суғаруға пайдаланылады. Қара,
қара-қоңыр топырақты бұл өлкеде боз, ақселеу, қылқансыз арпабас кең
тараған. Астық тұқымдас өсімдіктердің ішінде құрғақшылыққа төзімді атқонақ,
мыңжапырақ және перха жусаны сияқты т.б. шөптесін өсімдіктер таралған. Елек
және тағы басқа ұсақ өзендердің шаруашылық салаларына тиімділігі мен
топырағының қара-қоңыр болып келуі егіншілік пен мал шаруашылығымен
айналысатын тұрғындар үшін қолайлы. Балдық көрсеткіші төртке жатқызылған
осы аймақтың климаты төмендегідей сипаттарға ие:
көлемді бөлігі далалық табиғат белдеуінде орналасқандықтан, осы белдеу
климатының белгілері басым;
климатқа батыстан Атлант мұхитынан келетін ауа массалары әсер
етеді, бұл ауа массалары жылдың қай мезгілінде де климатты жүмсартып,
ылғал әкеледі. Қыс кезінде батыс және оңтүстік-батыс ауа массаларының
ағыны ауа райын жылытады, жаз кезінде Атлант мұхитының ауа массалары
ыстықты бәсеңдетіп, ылғалды арттырады. Жауын-шашынның мол түсуі мамыр,
маусым, қазан айларына сәйкес келеді. Жауын-шашынның түсу мөлшері
солтүстіктен (300-350 мм-ден астам) оңтүстікке қарай азая береді;
- Жалпы Сыртта қыстың ең суық айы қаңтардағы орташа
температурасы -14°С, Ақтөбе облысының солтүстігінде -15°С. Қыстың ең
суық абсолютті температурасы —37°С;
- ең ыстық жаз айы шілдеде орташа температура 24°С — 25°С; жазда
ауаның абсолютті температурасы 40°С-ге дейін жетеді.
Қоныстану үшін салыстырмалы түрде қолайлы деп табылған балдық
көрсеткіші үшке (3) тең аймақтағы жер бедері бірнеше өзен аңғарларымен
тілімделген, орташа биіктігі 110-235 м аралығындағы Ембі үстірті және
шығысында меридиан бағытында 400 км-ге _ созылып жатқан Мұғалжар таулы
бөктері жатады. Таудың солтүстігінде Орскіге дейінгі аралықты Кемпірсай
массиві алып жатыр. Гидрография желісіне шаруашылыққа қолайлы Ор,
Шыңғырлау, Барбастау, Аіцы, Емболат, Қобда өзендерінің жағалаулары мен
Жайықтың сол жақ бетінде қалыптасқан бірнеше кіші өзендер жүйесі, яғни
Үлкен Кіші Аңқаты, Өлеңті, Бұлдырты, Қалдығайты, Жақсыбай кіреді. Сондай-ақ
Каспий теңізінің шығыс бөлігіндегі жағалауларын ендіруге болады. Шөлейт
белдеуіне жатқызылатын бұл аймақтың бірқатар ерекшеліктері бар. Сирек
өсімдік жамылғысында дала белдеуіне тән шымдық дақылдар (көдеу мен селеу)
және шөл белдеуіне тән жусан, изен және т.б. кездеседі. Шөптесін өсімдіктер
мен бұталшықтар тұтасып өспей, олардың араларында ашық жер қалып отырады.
Сұр құба қоңыр топырақтың, ойпаңдағы қара топырақтың және сортаңның үнемі
алмасып отыратындығы байқалады. Топырақ жамылғысы салыстырмалы қолайлы
кешенді жүйені қалыптастырады. Климаты тым континенттілігімен және
құрғақшылығымен сипатталады. Қыс айларында Азия антициклонының ішкерілей
енуі нәтижесінде ауаның температурасы төмендейді, сөйтіп айтарлықтай суық,
бірақ ашық ауа райы қалыптасады. Жаз айларында ауа райы ыстық болады. Ал
көктем мен күз айларында салқын ауа кенеттен келіп жетеді. Қаңтардағы
орташа температура -15°С. Мұғалжар тауы бөктерінде -16°С. Аумақта -35-36°С-
ге баратын аяздар жиі болып тұрады. Шілде айының орташа температурасы +35-
36°С-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның көпжылдық орташа мөлшері 250-300
мм. Қардың қалыңдығы 30 см-дей, көп жағдайда 15-20 см-ден аспайды. Жердің
беткі қабаты солтүстікте 1,5 м-ге дейін тоң болып қатады. Қыс айларында
желдің соғу екпіні 4,5-5 мсек жетеді. Желдің орташа соғу екпіні 5-15 мс.
Қоныстану үшін салыстырмалы түрде қолайсыз деп табылған балдық көрсеткіші 2-
ге тең, орографиялық жағынан жайпақ, теңізге қарай еңкіш Каспий ойпаты
кіреді. Ойпаттың батысында биіктігі орташа есеппен 5-6 м, кейде 15 м-ге
жететін құмды төбелер, шағылдар, қырқалар, өзге де құмды бедерлер бар.
Жазықтыққа шағын төбелер ғана өзгерістер енгізеді, сонымен қатар ойпат
көптеген кіші өзендердің аңғарларымен, тұйық бөгендермен тілімделген.
Ойпаңдардың тереңдігі 0,3-2 м-ге, диаметрі 10-100 м-ге дейін барады. Жер
бедеріне бірнеше сорлар, тұз күмбездері тән. Ойпаттың оңтүстік батысындағы
көлемді бөлігін Орда, Нарын, Теңіз құмдары алып жатыр. Ойпаттың жер
бедерінің бір ерекшелігі тұз күмбездерінің көптеп кездесуінде болып отыр.
Жем өзенінің сағасынан бастап бэр төбешіктері деп аталатын ендік бағытқа
созылып жатқан төбелер бар. Өзендердің көпшілігі Жем, Ойыл, Сағыз, Өлкейек,
т.б. Өзендерінің тасуы мен су мөлшерінің молаюы қардағы су қорына, оның еру
жылдамдығына, топырақтағы тоң қабатының қалыңдығына байланысты. Бұл аймақ
өзендерінің суы республикамыздың басқа өзендеріне қарағанда суы аздау болып
келеді. Су ресурстарынсыз экономика дами алмайды, өйткені су үлкен табиғи
ресурс ретінде сипатталады. Көптеген ірілі-ұсақты көлдер бар. Көлдері
тұйық, ағынсыз. Шалқар, Әйке, Мелдекөл, Қамысты-Самар, Балықты, Аралсор,
Ащыкөл, Қаңбақты, және т.б. көлдердің шаруашылық салаларында маңызы зор.
Балық аулау шаруашылығы мен теңіздің су көлігі шаруашылығында Каспий теңізі
үлкен рөл атқарады.
Халық сирек қоныстанған аймақтың топырақ, өсімдік жүйесі шөл табиғат
белдеуіне тән. Топырағы қоңыр. Шалғынды қоңыр топырақты ойыстарда жусанды —
астық тұқымдас өсімдіктер көптеп кездеседі. Сортаң топырақты биіктеу
жазықтарда, негізінен жусан, итсигек сияқты өсімдіктер тараған. Климаты тым
континентті: қысы қатаң, жазы ыстық. Ауасы құрғақ, ылғалы жеткіліксіз,
алайда батыстан келетін циклондардың әсерінен кейбір кездерде жылылыққа
ауысып отырады. Көктем кеш шығады, қысқа болады. Көктем мезгілі тез өтеді.
Ауа температурасы күн өткен сайын көтеріледі. Бірақ, кейде салқындық
қайталанып, қар аралас жауын-шашын жиі түсіп тұрады. Суық ауа массасының
қайталанып кіруінің әсерінен мамыр айының аяғына дейін үсік болып тұрады.
Жауын-шашын мөлшерінің өте аздығы Жем, Ойыл, Сағыз өзенінің бойында
байқалады. Кейде бұл аймақтарда 150 мм-ге дейін көлемде ғана жауын-шашын
болады. Қаңтар айының орташа температурасы — 13-16°С аралығында ауытқып
отырады. Абсолюттік температура —45°С-ге дейін дейін барады; шілде айының
орташа температурасы 25°С. Ең ыстық температура 46°С-ге дейін байқалады.
Қоныстану үшін қолайсыз деп табылған балдың көрсеткіші 1-ге тең
аймақтың оңтүстігіндегі Маңғыстау үстірті мен Маңғыстау тауларының
аңғарлары, Сам, Өлі Қолтық соры, Үлкен Борсық, Кіші Борсық құмдары, Үстірт,
Матай, Бозанай, Баспайсағыр, Қосдәулет құмдары жатады. Маңғыстау таулары
батыстан шығысқа қарай 150 км-ге созылады, олардың бір-біріне бойлас
бағытта сағаланатын үш тау жоталарынан тұрады. Оның арасындағы ең ірісі —
Қаратау жотасы. Қаратау жотасына екі кішігірім бүйрат жатады, Бұлар
Солтүстік және Оңтүстік Ақтау деп аталады. Бұл тау жоталарының оңтүстігінде
жер бедері ойпаңды, ойыс шұнқырлы болып келетін Маңғыстау үстірті- бар.
Маңғыстау тауларынан шығысқа қарай құмды Үстірт орналасқан. Аймақтың жер
бедері халықтың жиі қоныстануына қолайлы емес. Климаты құрғақ континентті
бұл аудандар үшін жер асты суы маңызды роль атқарады. Жерасты суының
орналасу тереңдігі, оның ащылық дәрежесі т.с.с. сипаты аймақтың
орографиялық аудандарының геологиялық құрылым ерекшеліктеріне байланысты
өзгеріп отырады. Маңғыстау сусыз аудандардың бірі. Халықты сумен
қаматамасыз етуде Сауысқан, Басқұдық, Түйесу, Сам, сондай-ақ Солтүстік
Ақтау атырабындағы жерасты суларының маңызы зор. Басқұдық, Түйесу, Сауысқан
құмдары өңірінде шамамен 15-20 м тереңдіткен тұщы су шығады. Халықты ауыз
сумен қамтамасыз етуде Каспий теңізінің ащы суы да пайдаланылады. Құрамында
атом реакторы (ЖН-350), су тұщыту қондырғылары бар Маңғыстау энергия
комбинаты электр энергиясын өндіруді, ауыз сумен қамтамасыз етуді жүзеге
асырады. Бұл аймақтың тым континентті құрғақ климатты болуына байланысты
оның топырағы сұр құба. Мұнда бұйырғындармен қатар ақ жусан, күйреуік,
баялыш басым келеді. Маңғыстау өңірі көлемінің 4%-ға жуығын тақырлар алып
жатыр. Олардың барлығы да сазбалшық құрамды болып келеді және де олардың су
сіңіргіштік қабілеті нашар. Өсімдіктер бұл жерде кездеспейді. Сорлардың
жалпы белгісі — топырағында ерімейтін тұздар мөлшерінің көп болуы. Шөл мен
шөлейт табиғат белдеулерінде орналасқандықтан, бұл жерлерге көбінесе күн
сәулесінің молдылығы, қар жамылғысының жұқалығы, буланушылықтың жоғары
мөлшерде болуы және екпіні қатты желдердің етек алуы тән. Жаз өте ыстық та
құрғақ болып келеді. Бұл мезгілде жылу мөлшерін жер тропиктегі аудандардан
кем алмайды. Бірақ жауын-шашынның өте аз мөлшерде түсуі егіншілікпен
айналысуға мүмкіндік бермейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын күшті желдер
құрғақ аңызақ қалыптастырады. Сәуірдің соңы мен мамыр айының басында
түсетін радиацияның күшейуіне, оңтүстік аудандардан жылы ауаның мол келуіне
байланысты температура біршама тез көтеріледі. Ең ыстық айы — шілде, орташа
температурасы +19-25°С. Абсолюттік максимумы —38-46°С. Қаңтардың орташа
температурасы —8°С. Маңғыстау түбегі мен Үстіртке қыс айларындағы жылы ауа
ағынын оңтүстік ауа массалары әкеледі.
Балдық жүйеден басқа экономикалық ауданды халықтың қоныстануына
байланысты А — ішкі белдеу; В — сыртқы белдеу; С -Каспий маңы белдеуіне
бөлеміз.
А — ішкі белдеуге Ақтөбе облысының оңтүстік орталығы, оңтүстігі, Батыс
Қазақстан облысының Атырау облысына шектес оңтүстік бөлігі, Атырау мен
Маңғыстау облыстарының көп бөліктері енеді;
В — сыртқы белдеуге Батыс Қазақстан облысының солтүстігі, Ақтөбе
облысының солтүстік, шығыс бөліктері кіреді;
С — Каспий маңы белдеуі теңіз жағалауын құрайды.
Бұл белдеулердің ішінде халықтың қоныстану жиілігі В, С белдеулеріне
тән. А — белдеуі шөл мен шөлейт табиғат белдеуінде орналасқандықтан, осы
жерлерде халық сирек, өте сирек тіпті қоныстанбаған жерлер бар. Климаттың
қатаңдығы, топырақтың құнарсыздығы да Бұған үлкен ықпал етіп отырады. Нақ
осы аймақтарда табиғат ресурстарының, оның ішінде кен байлықтарының мол
қорының болуы елді-мекендердің дамуына әкеледі.
Табиғат ресурстары Н.Н.Баранскийдің көрсетуінше [6], табиғат
тұрғындардың қоныстануы мен шаруашылықтарын дамытуы үшін белгілі жағдайлар
мен мүмкіншіліктер тудырып отырады. Сол мүмкіншіліктердің жүзеге асырылуы
әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты болып келеді. Табиғи
жағдайлар мен ресурстар барлық аймақтардағы шаруашылықтардың дамуына бірден-
бір ыңғайлы жағдайларды жасап отырады. Осы түпкі негіз қоныстану
процестеріне әсерін тигізе келе, өнеркәсіптің дамуына жағдайлар жасайды.Ол
өнеркәсіптерді аймаққа орналастыра отырып, ауданның дамуындағы маңызды
әлеуметтік-экономикалық факторлардың туындау нысанына айналдыруға болады.
Аймақтық жүйені экономикалық-географиялық тұрғыдан танып-білудің логикасын
зерттей отырып, бұл жұмысты сол жүйелер эволюциясының бағытын айқындаушы
базистік табиғи-шикізат факторларын саралаудан бастау қажеттілігі
туындайды. Бұл орайда, бірінші кезекте қарастырылып отырған мұнайлы
ауданның аймақтық-өндірістік құрылым ретінде маңызды ерекшеліктерінің бірі
болып табылатын елдің және шаруашылықтың орналасуындағы аймақтық әртектілік
мәселелері қарастырылады. Бұл мәселе пайдалы қазбалар көзінің орналасу
ерекшеліктеріне тікелей байланысты, оның ішінде халықтың қоныстануына
шешуші мүмкіндіктер жасайтын мұнай кендерінің, әр түрлі металл кендерінің
орналасу ерекшелігі айтарлықтай роль атқарады.
Аймақтың пайдалы қазбаларының көптүрлілігі, көмірдің, металл
кендерінің жаңа көздерінің ашылуы бұл экономикалық ауданда қоныстану
мәселесін ұйымдастыруға өте зор ықпалын тигізеді. Осы жағдай көп ретте
қалалық елді-мекендердің ерекшеліктеріне әсер етеді. Пайдалы қазбалардың
орнын анықтау сол жерде өнеркәсіптің өркендеуі қалалардың дәуірлей дамуының
негізгі факторларының бірі. Бұл фактордың маңызының айқындала түсуі көлік
магистралі салынуымен тығыз байланысты.
Батыс Қазақстан аймағы — республикадағы кен байлықтарының қоры, алуан
түрлілігі жөнінен ірі аудандардың бірі. Кен байлықтарының ірі кен орындары
көбінесе Каспий ойпатының оңтүстік және шығыс бөлігі мен Кемпірсай алабы,
Мұғалжар тауы, Маңғыстау үстіртінде шоғырланған. Кен қазбаларының ішіндегі
ең көп таралғаны отын-энергетика байлығы, яғни мұнай мен газ кендері.
Мұнай, газдың ірі алаптары — Маңғыстау мен Атырау, Батыс Қазақстан
облыстарында. Газ қоры көп жағдайда мұнаймен серіктес түрде кездеседі.
Экономикалық аудан аумағында кен байлықтарының алуан түрлілігі,
маңыздылығына орай мынадай сипатта топтастыруға болады.
Соңғы кезде Батыс Қазақстан облысында өндіріске қажетті мол қоры бар
Қарашығанақ және Батыс Тепловка мұнай-газ конденсат кен орындары ашылды.
Дүние жүзіне әйгілі бұл кеніш Ақсай қаласынан 30 км-дей қашықтықта
орналасқан. 1984 жылдан бастап осы кеніш шаруашылық мүддесіне игеріле
бастады. Көмір қоры көп емес, жергілікті жердің ресурстарына жатады.
Негізгі қоры 150 млн. тоннадан астам.
Батыс Қазақстан экономикалық ауданының минералды шикізат ресурстарының
ішінде маңызды орын алатындары — хром, никель, алтын, титан, цирконий
кентастары және әр түрлі тұздар. Мұғалжар тауының қойнауы кен байлықтарына
бай. Мұнда хромның, никельдің мол қоры, сонымен қатар кобалъттың, темірдің,
мыстың, молибденнің, марганецтің,бораттың,алтынның қорлары бар. Құрылыс
материалдарының шикізат көзі өте мол. Әсіресе әктастың, құрылысқа қажет
құмның, құм аралас саздың, аса сапалы саздың, жүмыр тастар мен малта
тастардың, гипстің, мергельдің, керамзит жасайтын шикізаттың қомақты
қорлары кездеседі [7]. Осындай әр алуан жер қойнауының байлықтары
өнеркәсіптің өңдеуші және өндіруші салаларын қамтитын күрделі өнеркәсіп
кешенінің қалыптасуына және тез арада дамуына септігін тигізеді.
Халық тығыз қоныстанған аумақ жұмсақ климатымен, өзге де жағымды
табиғат жағдайларымен, өзендер желісінің жиілігімен, т.б. ерекшеленетіні
белгілі. Батыс Қазақстан аймағының халқы аумақта біркелкі жиілікпен
орналаспаған. Халық әсіресе солтүстік және батыс аудандарда, атап айтқанда
Ақтөбе облысының солтүстігімен Батыс Қазақстан облысының солтүстік,
солтүстік-шығыс аудандарында, Жайық өзенінің атырауында тығыз орналасқан.
Мысалы, Ақтөбе қаласына жақын аймақтарда бір шаршы км жерге — 8,7 адам,
Мәртөк ауданында — 6,2,Алға ауданында — 5,1, Қарғалы ауданында - 4,3,
Хромтау ауданында — 4,9 адамнан келеді
Қоныстанудың қос типтік көрсеткіштері (1999 ж.) мың адам
1-кесте
Облыстар Ауыл халқының Қала халқының Ауыл халқының
тығыздығы саны саны
Ақтебе а) орташа 383,7 298,9
Атырау о) төменгі 256,1 184,2
Батыс Қазақстан б) жоғары 251,8 365,0
Маңғыстау в) өте төмен 246,8 67,8
1999 жылғы статистикалық деректерді пайдалана отырып құрастырылған.
Жоғарыда Батыс Қазақстан аймағының жер бедері, климаты, жалпы табиғат
жағдайлары мен табиғат ресурстарына сипаттама берудегі негізгі мақсатымыз,
аймақ халқының қоныстануына әсер ететін физикалық-географиялық және т.б.
факторларды ашып көрсету. Ауданның солтүстік, солтүстік-шығыс бөліктерінде
табиғат жағдайларының қолайлығы бұл аймақтарда адамдардың тығыз
қоныстануына, өсіп-өнуіне кең мүмкіндіктер туғызады. Мұның өзі аталған
аймақтарда ауыл шаруашылығының жақсы дамуына септігін тигізеді. 1-кестеден
ауыл халқының жоғары көрсеткіші Батыс Қазақстан облысында екендігі
байқалады. Батыс Қазақстан облысының табиғат жағдайларының тиімділігі
халықтың қоныстануына қолайлы, жақсы әсер беретінін көруге болады.
• Батыс Қазақстан аймағында ауыл шаруашылығының әр аудандарда түрлі
деңгейде дамуы елді-мекендерде халықтың әр қалай қоныстануына әсер етеді.
Бұл орайдағы ерекшеліктер төмендегідей:
- негізінен егін шаруашылығымен айналысатын қосымша мал
шаруашылығы бағытындағы аймақтар — Батыс Қазақстан облысының
Бөрілі, Теректі, Зеленов, Ақжайық; Ақтөбе облысынан — Алға, Қарғалы,
Мәртөк аудандары. Осы аудандарда елді-мекендер жиі орналасқан және
тұрғындарының саны жылдан-жылға арта түсуде;
негізінен мал шаруашылығы қосымша егіншілік бағытта дамыған
аудандарға: Батыс Қазақстан облысынан - Казталов, Сырым, Жәнібек
аудандары; Ақтөбе облысынан - Әйтекеби, Мұғалжар, Қобда, Ойыл,
Темір аудандары жатады. Бұл аймақтарда жекелеген шаруашылықтардың орталығы
мен орта есеппен 20-30 елді-мекендер орналасқан;
мал шаруашылығы бағытындағы аудандарда елді-мекендер ауыл шаруашылығы
өнімдерін өндіруге жарамды ауқымды мал жайылымдарына, шабындық жерлерге
жақын орналасқан. Бұл бағытта маманданған шаруашылықтарға Ақтөбе мен Батыс
Қазақстан облыстарының оңтүстігіндегі және Атырау, Маңғыстау облыстарының
аудандарындағы елді-мекендер кіреді.
Ауыл халқының орналасу ерекшеліктеріне ауыл шаруашылығының табиғи
жағдайларға байланысты мамандануы да үлкен әсер етеді.
Қорыта келгенде, тұрғын дегеніміз белгілі бір жер көлемінде өмір
сүретін адамдар жиынтығы. Бұл жиынтық сандық және сапалық
көрсеткіштермен сипатталады. Халық белгілі бір табиғи және жасанды (адам
еңбегі нәтижесінде туындаған) орталарда қызмет етіп, өмір сүреді.Әдетте,
қоршаған орта деп табиғат аясы түсініледі. Шындығында, бұл ұғым өз құрамына
жасанды ортаны құрайтын элементтерді де енгізеді: тұрғын үй құрылыстары,
өндіріс орындары және басқа инженерлік құрылымдар.
Бірқатар еңбектерде [2] табиғатты таза, адам әрекеті
өзгертпеген, яғни антропогендік әрекеттерсіз ешбір өзгеріске түспеген
күйінде ұғынуды ұсынады. Мұндай түсінік, біздің ойымызша табиғат
деген ұғымды тар мағынада түсіндіреді. Табиғат бұдан гөрі кең мағынада,
яғни тұрғындар табиғатты құрайтын бөлік оның ішінде ұйымдастырушы
бөлік бола отырып өзінің экономикалық қызметі барысында табиғатқа
әсер етуші күш болып табылады. Бұл негізгі ұғымдар тұрғын мен
табиғаттың өзара сабақтасуы нәтижесінде туындайтын демографиялық
мәселелердің негізі ретінде танылады. Кең тұрғыдан алғанда, адамды
қоршаған орта дегеніміз сол адамнан тыс тұрған нәрсенің барлығы, яғниоған
барлық заттар мен тірі ағзалар, климат, атмосфера, т.б. жатады. Қоршаған
орта макро-микроорта болып бөлінеді. Мұндағы микроорта түсінігіне барша
адам қолымен жасалынғандар жатқызылады. Мәселен, тұрғын үйлер, әкімшілік
ғимараттар, т.б. Бұл ортаны халықтың барлығы пайдаланады. Макроорта
дегеніміз табиғи түрдегі қоршаған ортаны айтамыз. Нақтылы мағынасында
айтатын болсақ, адам табиғаттың құрам бөлігі. Бұл бөлік жалғыз ғана саналы
бөлік болып табылады. Сондықтан да оған табиғаттың қалған бөліктерімен
өзара қарым-қатынасын саналы түрде құру міндет болып бекітіледі. Адам мен
табиғаттың өзара байланысы қоғамдық өндірістерді реттеуші, ондай алмасусыз
адам өмірі мүмкін емес.
Табиғат халықты айнала қоршап тұрады, адамға қажеттінің барлығын
шикізат ресурстары түрінде қамтамасыз етеді. Сөйтіп табиғат пен барлық
қоршаған орта адам үшін оның қажеттіліктерін қанағаттандыратын таусылмайтын
қойма болуы керек.
Жерге, табиғат байлықтарына жеке меншік иеліктің болмауы халыққа
табиғат сыйын өлшеммен, саналы жұмсай білуді үйрену міндетін жүктейді.
Халық табиғат ресурстарының көзі бітеліп қалмауын әрдайым қадағалап отыруы
тиіс. Бірақ ол үшін маманданған кадрлардың саны жеткілікті, табиғаттың даму
заңдылықтарына кең танымы болуы қажет. Біздің жерімізде, яғни қоңыржай
белдеуде дамудың қазіргі кезеңіндегі халық та, оны қоршаған табиғат та
ерекше назар аударуды қажет етеді. Адамды қоршаған орта көптеген
компоненттерден тұрады: гидросфера мен литосферадағы барлық тіршілік
иелері, а.уа мен климат және т.б. Адамның бірқалыпты, дұрыс дамуы үшін осы
көп түрліліктің өзі, тіпті қоршаған ортаның көзге көрінбейтін түрі де азбай-
тозбай, сапасы төмендемей әрдайым жақсы дамуы аса маңызды.
Тұрғындар үшін шаруашылық та, табиғат та аса қажет әрі маңызды болып
табылады. Бірақ бұл айтылғанмен адам, экономика және табиғаттың қарым-
қатынасы шектелмейді. Белгілі бір қарым-қатынастар, сонымен қатар тікелей
экономика мен табиғат арасында да өмір сүреді. Ол қатынастар мынадай
қағидаға негізделеді: табиғат экономикасыз өмір сүре алады, ал экономика
табиғатсыз, тұрғынсыз болуы мүмкін емес.
1.2 Батыс Қазақстан аймағының экономикалық-географиялық, әлеуметтік
жағдайлары.
ЭГЖ - қалалық елді-мекендердің дамуында ерекше роль атқаратын арнайы
жағдай. Басқа жағдайлар мен факторлардың аумақ көлемінің шағындығынан
маңыздылығы аз болады.
Шаруашылықтың аумақтық құрылымын жасау, үлкен көлік
жолдарын салу, жаңа ресурстарды пайдалану, қалалардың құрылысы
қаланың экономикалық қарым-қатынастарын өзгертіп, қалыптасқан
экономикалық жүйеге әсер етеді. Осы себептерден ЭГЖ-дың жергілікті-
уақыттық қатынастарының жүйесі ретінде өзгеріп, шеңбері де кеңейе
береді.
ЭГЖ-дың негізінде көптеген физикалық-географиялық жағдайлар жатады.
Сондықтан ЭГЖ-ды бағалауда оеы жағдайларға байланысты ЭГЖ мен ФГЖ әсер
етпейтін қаланы атау мүмкін емес. Қалалардың ФГЖ-ы сол қаланың шетіндегі
кеңістіктермен және шекаралас облыстармен, морфақұрылымдық байламдармен,
өзен-көлдердің сағаларымен, сол сияқты аумақтың басқа да физикалық-
географиялық құрылымына байланысты болады. Таулы, қыратты жер бедері
формасы мен жазықтықтың байланысқан жері, теңіз, көл, өзен жағасына
орналасқан қалалардың жағдайы ерекше келеді [8].
ЭГЖ-ды бағалау барысында географиялық геометрия аясының, яғни
әлеуметтік-экономикалық кеңістіктің, түрлі сипаттағы экономикалық жолдардың
және белгіленген нақты шекаралардың маңызы зор. Қалалардың орналасуында
алдымен бір-бірімен көршілестік жағдайлар анықталуы тиіс. Қалалардың
іріленіп ұлғаюына экономикалық, әлеуметтік жағдайлардан басқа қандай
экономикалық аудандармен іргелес, көршілес болуының маңызы ерекше. Осы
жағдайлардың сан алуан түрлілігімен қатар сипаты да түрліше қалыптасады.
Негізінен қалалар белгілі бір .міндеттер, мақсаттарды өтеу үшін, саяси
бағыттардың әрекеттерінен, қоғам қажеттілігінен туындайды. Сондықтан ЭГЖ
қалалардың қызметтерінің неғұрлым жақсы орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.
Батыс Қазақстан аймағындағы Ақтөбе, Орал, Атырау, т.б. қалалар бекініс қала
ретінде қалыптасып, дамыған. Бекініс қалалар стратегиялық маңызы айырықша
жолдарды қадағалау үшін немесе бір орталыққа барар жерді тасалау үшін қажет
болды. Жерді таңдау осы факторларға байланысты туындады. Ауданның орталық
базасы болып қалыптасуы үшін қала барлық мүмкіндіктер туатын жерде
орналасуы қажет.
Әрбір жеке нысандағы ЭГЖ-ды бағалау мынадай екі бағытта жүруі мүмкін:
1. Жеке баға белгілі бір алдын-ала берілген нысанға байланысты;
2. Құрылымдық бағалау барлық нысандарды есептей отырып, көліктік
жолдарға қатынасын анықтайды.
Экономиканың нарықтық қарым-қатынас жағдайына көшуінен ЭГЖ-дың
халықтың және шаруашылықтардың орналасуына орай сандық есептеудің
қажеттілігі туындайды. Нарықтық экономикалық қатынастар шаруашылықтарды
тиімді экономикалық байланыстар жасауға итермелейді. Мұның әсіресе
Қазақстанның мұнай өндіру шаруашылығында маңызы зор. Себебі осы сала жедел
қарқынмен дамып келе жатқан өнім экспорттаушы сала болғандығы ерекше болып
отыр. Республикамызды экономикалық дағдарыстан шығаруы тиісті негізгі сала
да осы мұнай өндіру кәсіпорындары болып табылады. Бұл Қарашығанақ пен Теңіз
мұнай өндіру өндірістерінің жұмыстарымен, мұнай мен газ өндіру саласына
байланысты машина жасау өнеркәсібін жетілдірумен, Теңіз — Новороссийск,
Батыс Қазақстан - Құмкөл, Павлодар — Шымкент МӨЗ-на мұнай құбырларын салу
жобаларымен нақтыланды.
ЭГЖ мен КГЖ тығыз байланысты. ЭГЖ-ды сипаттауда ауданға орай болатын
КГЖ-дың түрлерін, сипатын айтып кету керек.
Ауданаралық КГЖ мен көліктік экономикалық байланыстарды зерттеу үшін,
біріншіден, ауданаралық тасылымдардың мұнай өңдеусаласындағы маңызын
анықтап алу шарт. Ал, екіншіден, негізгі шаруашылық-көліктік байланыстарды
аудан көлемінде орналастырып алу қажет. Бұл шара ауданаралық және аудан
ішіндегі мұнай өндіру саласында көліктік-экономикалық байланыстардың көлемі
мен құрылымын анықтап алу үшін керек [9].
Кешенді шаруашылықтағы өндірістік-көліктік байланыстардың рөлі:
1) ірі өнім өндіруші орталықпен бірнеше жан-жақты қатынастарының болуы осы
ауданда өндірістік-көліктік тораптардың түзілуін, қалыптасып дамуын
қамтамасыз етеді;
өндірістік-көліктік тораптар арқылы ауданаралық және облысаралық көлемді
жүк тасымалдары жүзеге асады;
кешенді шаруашылықтың көліктік маңыздылық деңгейі шаруашылық салаларына
байланысты болады (мәселен, мұнай өндіру саласы).
А.Ғ.Ғалымовтың анықтағанындай [10], өндірістік-көліктік торап
дегеніміз өндірістік және көліктік шаруашылықтардың бір-бірімен құрылымдық
қарым-қатынаста болуы.
Өндірістік-көліктік тораптарды түрлі ерекшеліктерге орай
анықтаудың негізгі ұстанымдары төмендегідей:
1) өндіріс пен көліктің өзара байланыстылығын реттеу, яғни
өндірістік-көліктік тораптарда өнеркәсіп орталықтарын, ірі темір жол
станцияларын, теңіз порттарын ауданаралық ауыр жүк алмасу ісін жеңілдету
мақсатында топтастырады;
2) көліктің жұмыс көлемін анықтау, яғни жүк тасымал айналымы келу
және кету кезіндегі көліктің жұмыс көлемін және аумақ шеңберін сипаттайды,
сондай-ақ ерекшеленген өндірістік-көліктік байланыстың маңыздылығын
анықтайды;
3) КГЖ-дың байланыстылығын талдау көліктің көп түрлілігіне орай
сипатталады;
ауданның басқа да өндірістік-көліктік байланыстарға қашықтығы әрі қолайлығы
есепке алынады;
. 5) көліктің жұмыстағы өндірістік-көліктік қатынастарының өзіндік
ерекше шаруашылық мәселелері анықталады.
Осы ұстанымдар негізінде М.А.Ғалымов [9] Батыс Қазақстанда 9
өндірістік-көліктік тораптарды ерекше топтастырған. Бұл тораптар арқылы
мұнай-газ өндірісінің ауданаралық, облысаралық, көліктік-экономикалық қарым-
қатынастары жүзеге асады:
1) Ақтөбе Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы ірі
өндірістік-көліктік торап. Бұл тораптың қалыптасуына темір жол
көлігінің қолайлы орналасуы үлкен рөл атқарады. Ол Орынбор—Ташкент
темір жолының бойында және халықаралық, республикалық маңызы бар
автомобиль жолдарының бойында орналасқан көліктік-өндірістік торап арқылы
Кеңқияқ — Орск мұнай құбыры және Бұхара — Орал газ
құбырының бір бөлігі өтеді. Облысаралық, ауданаралық және аудан
ішіндегі көліктік-экономикалық байланыстарды жүзеге асыруда темір жол
көлігінің маңызы зор. Алға ауданының Бестамақ елді-мекенінд мұнай құю
эстакадасы салынған. Бұл цистернамен темір жол арқыл Кеңқияқ мұнайын
Шымкент МӨЗ-на өңдеуге жіберуді жүзеге асырады. Мәселен,1997 ж.
Ақтөбемұнайгаз АҚ-ның өндірген мұнайының 26%-ы Шымкент МӨЗ-на
жөнелтілген;
Қандыағаш өндірістік-көліктік торап. Бұл Мұғалжар ауданының
темір жол бойындағы елді-мекендерін қамтиды. Қандыағаш темір жол
торабы республикалық маңызы бар ірі тораптардың бірі. Осы өндіріс
торабынан Орскіге, Ақтөбеге, Атырау, Оңтүстік Қазақстан экономикалық
ауданының ірі қалаларына төрт ірі жол байланысы таралады. Әрбір
тораптардың ауданаралық, облысаралық жүк тасымалында маңызы орасан
зор. Сондай-ақ торап өткінші жүк тасымалында да үлкен рөл атқарады.
Осы торапқа жақын жерде Кеңқияқ мұнай кен орындары мен Жаңажол газ кен
орындары бар. Бұл өндіріс орындары да Қандыағаш торабының қызметін
пайдаланады. Келешектегі Атырау - Кеңқияқ - Құмкөл мұнай құбырының
салынуына орай Батыс Қазақстан мұнайын Павлодар мен Шымкент МӨЗ-на
жеткізуде тораптың маңыздылығы арта түспек;
Шалқар өндірістік-көліктік торабы Орынбор - Ташкент темір
жолының бойында орналасқан. Ақтөбе облысының шалғай аудандарының бірі
Ырғыздың өндірістік-көліктік байланысы республикалық Ырғыз—Шалқар
автомобиль магистралі арқылы жүзеге асады.Шалқар қаласының үстімен Бұхара —
Орал газ құбыры өтеді. Облысаралық, ауданаралық жүк тасымалында негізінен
темір жол көлігінің маңызы зор.Келешектегі Атырау — Кеңқияқ — Құмкөл мұнай
құбырының салынуы,ол магистральдың Шалқар өндірістік-көліктік торап арқылы
өтуі ауданның КГЖ-ын жақсартады;
Атырау өндірістік-көліктік торабы мұнай өңдеу және балық
шаруашылықтарына негізделіп, бір қаланың базасында құрылған. Бұл
жүк тасымалына қолайлы ірі темір жол базасы, Астрахань - Атырау -Қандыағаш
темір жол магистралінің түйісетін жері. Жайық өзені арқылы
теңіз жолымен Каспий теңізіне еркін шығуға болады. Торапқа республикалық
маңызды Астрахань - Атырау, Ақтөбе - Қандыағаш, Атырау - Орал автомобиль
жолдары ұласып жатыр. Жаңаөзен - Атырау - Самара және Атырау - Астрахань
мұнай құбырлары да осы торап арқылы өтеді;
Мақат өндірістік-көліктік торабына Мақат қала типіңдегі
поселкесі мен Доссор әкімшілік орталығы, Кенбай, Шығыс Мақат,
Ботахан, Досмұхамбет, Тереңөзек, Қисымбай кен орындары кіреді.
Атырау облысының аумағында (Атырау, Мақат өндірістік-көліктік торап)
Ембімұнайгаз АҚ, Теңізмұнайгаз АҚ және ТеңізШевройл бірлескен
кәсіпорындары мұнай өндіреді;
Маңғыстаудың мұнай кен орындарын игеру нәтижесінде Маңғыстау өндірістік-
көліктік торап жүйесі қалыптасты. Мұнда Бейнеу -Маңғыстау — Жаңаөзен темір
жолының бойында Маңғышлақ темір жолстанциясы салынып, өндіріс орталығы
Ақтау қаласы бой көтерді. Нақ осыжерде республикалық маңызы зор үш
автомобиль жолдары қиылысады. 1966 ж. танкерлерге мұнай айдау мақсатында
қашықтығы 142 км Жаңаөзен — Шевченко — Ақтау мұнай құбыры салынды.
Қашықтығы 227 км Қаламқас — Шевченко мұнай құбыры да осы мақсатта салынған;
Жаңаөзен өндірістік-көліктік торап. Бейнеу — Шевченко —
Жаңаөзен сызықтық бағытта тұйық жолда орналасқан. Тораптың қалыптасу мәні
Өзен, Жетібай мұнай өндіру орындарының және Теңгедегі газ өндіру
жұмыстарының алға басуы негізінде болып отыр.Жаңа өзен қаласында Қазақ газ
өңдеу зауыты жұмыс жасайды. Барлық мұнай теңіз жолы арқылы және құбыр
арқылы сыртқы экспортқа шығарылады.Мұнайдың 90%-нан көбі ұзындығы 1467 км
Жаңаөзен – Атырау Самара мұнай құбыры магистралі арқылы жәнелтіледі;
Батыс Қазақстан облысындағы өнеркәсіп, әкімшілік орталық-
Орал өндірістік-көліктік торабы. Бұл тораптан желілік сипатта Озинки -
Орал, Соль-Илецк темір жолдары, мемлекеттік, халықаралық маңызы бар:
Саратов - Орал — Ақтөбе; Атырау - Орал - Самара; Орал 4-
Орынбор автомобиль жолдары өтеді. Темір жол арқылы негізінен
ауданаралық және ауданішілік байланыстар жүзеге асырылады. Бұл желінің
экономикадағы маңыздылығы Қарашығанақ кен орнын Атырау—Самара мұнай
құбырына қосатын конденсат құбырының құрылысы және Самара МӨЗ-нан
Переметное темір жол станциясына (Орал қаласынан30 км) мұнай өнімдерін
тасымалдау құбырының құрылысы іске асқанда артуы ықтимал; :
9) Ақсай өндірістік-көліктік торабы Орал — Соль-Илецк темір жол
желісінің бойында түзілген. Ақсай қаласы арқылы республикалық
маңызы бар екі магистраль өтеді. Ақсай тек Батыс Қазақстан
экономикалық ауданында ғана емес, бүкіл республиканың газ өндіру
орталығы болып табылады. Қарашығанақ мұнай газ конденсаты кен орны
орналасқан осы жерден Орынбор ГӨЗ-на газ және конденсат құбырлары
салынған. Ақсай қаласынан ГӨЗ-ын салу, Қарашығанақ пен Атырау —
Самара мұнай құбырларын жалғастыруды жоспарлау республика
экономикасындағы өндірістік-көліктік желілердің маңызын күшейтеді.
Көліктік-өндірістік тораптарға бөліп ашып көрсетудегі негізгі
көзделген мақсат тораптардағы қалалар мен елді-мекендерді сипаттау.
Қоныстану жүйесінің қалыптасуы мен дамуында қалалық, ауылдық елді-
мекендердің өсу процестері тұрғындардың өмір сүру қабілетіне, тұрмыс
жағдайына, әлеуметтік жағдайына үлкен ықпал етеді. Осыдан келіп
тұрғындардың қоныстануында әлеуметтік жағдайлардың үлесін анықтау
қажеттілігі туындайды.
Батыс Қазақстан экономикалық ауданы халқының құрамы мен оның
қоныстануы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуынан, ішкі және сыртқы
жағдайлардың әсерінен қалыптасады. Олардың ықпалы тарихи, саяси,
әлеуметтік, демографиялық, экономикалық жағдайларда қалыптасқан барлық
өзара қарым-қатынастар мен тәуелді байланыстарда қарастырылуы керек. Осы
жағдайлар мұнайлы аудандардағы халықтың қоныстану ерекшеліктерін анықтайды.
Аудан экономикасының дамуына, халықтың қоныстану жүйесіне әсер еткен
ішкі фактор бұл аймақтағы бай мұнай көздерінің болуымен байланысты. Ал
экономикалық аудандағы халықтың тығыз қоныстануына әсер ететін басқа
фактордың бірі аймақтың жер бедері мен қатаң табиғат жағдайлары екендігін
атап көрсеттік.
Республикамыздың аймақтық құрылымы саралаудың жоғары деңгейімен
ерекшеленеді. Бұл жайтты ірі өнеркәсіп орындарының басым болуы, ауыл
шаруашылығы мен халық тұтынатын тауарлар өндіру, қызмет көрсетуге
жұмсалатын материалдық шығындар, халықтың саны, олардың жұмыспен қамтылуы,
т.с.с. факторлардың ықпалымен түсіндіруге болады.
Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы адам дамуының түрлі
көрсеткіштері ұлттық статистикалық деректер мен Ақтөбе, Атырау, Батыс
Қазақстан, Маңғыстау облыстарының статистикалық мәліметтері
бойынша сараланды. Осы кезде корреляциялық әдісті пайдалана отырып
аймақ облыстары бойынша ЖАӨ, АТИ, АШИ, ЖЕЕ, УДД, КШИ
индекстері салыстырмалы түрде талданды. Мұның нәтижесі облыстардың
экономикалық, әлеуметтік әлеуетін анықтау болды. Жан басына шаққандағы
ақшалай табыс, ақшалай шығын, жалданып еңбек еткендер, жалпы аймақтық өнім
(ЖАӨ), ең аз күнкөріс шамасы, урбандалу деңгейінің дамуы сияқты
көрсеткіштер шамасы Батыс Қазақстан экономикалық аудан облыстарының халқына
түрлі деңгейде әсер етеді.Бұл көрсеткіштердің бәрі әлеуметтік жағдайды
анықтаушы факторлар болып табылады. ЖАӨ индексі ауданның төрт облысында
мынадай сипатта: I
Ижаө = 0,159х, + 0,370х2 + 0,115х3 + 0,320х4, (1)
мұнда, ИЖАӨ — жан басына шаққандағы ЖАӨ;
х, — Ақтөбе облысы;
х2 — Атырау облысы;
х3 — Батыс Қазақстан облысы;
х4 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz