Сырдария өзенінің тармағы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

ТАҚЫРЫБЫ: ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ КЕШЕНДІ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І тарау. Шиелі ауданының физикалық-географиялық жағдайы . . . 7

1. 1. Ауданның қазіргі географиялық орны . . . 7

1. 2. Жер бедерінің қалыптасу тарихы . . . 8

1. 3. Геологиялық құрылымы мен пайдалы қазбалары . . . 12

1. 4. Климаты және ішкі сулары . . . 20

1. 5. Топырақ жамылғысы, өсімдік пен жануарлар дүниесі . . . 24

ІІ тарау. Шиелі ауданының экономикалық

географиялық жағдайы . . . 27

2. 1. Ауданның әкімшілік-аумақтық бөліктері . . . 27

2. 2 . Аудан халқы және еңбек ресурсы . . . 27

2. 3. Аудан шаруашылығына жалпы сипаттама . . . 41

ІІІ тарау. Шиелі ауданының табиғи ресурстары,

оларды қорғау және экологиялық жағдайы . . . 55

3. 1. Жер ресурсы және оны қорғау . . . 55

3. 2. Ауданның су ресурстары және оны қорғау . . . 58

3. 3. Ауданның атмосфера тазалығын қорғау . . . 59

3. 4. Өсімдік және жануарлар ресурсы және оларды қорғау . . . 60

3. 5. Ауданның радиациялық жағдайы . . . 61

3. 6. Уран кенін өндірудің экологияландырудың

негіздері және экологиялық мәселелері . . . 64

Қорытынды . . . 70

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 74

Кіріспе

Дипломдық жұмысымның тақырыбы «Шиелі ауданының кешенді географиялық сипаттамасы». Сыр өңірі - халқымыздың заманнан береке, құт дарыған қасиетті ата қонысы, халқымыздың күнкөріс, тіршілігінің таусылмас көзі, белгілі мекен-жайы демекші, Шиелі ауданы да осы Сыр өңірінің аса көрікті де киелі мекенінің бірі саналады. Осы мекеннің географиялық орналасуының оның экономикалық жағдайына қолайлығын анықтап, ауданда тіршілік ететін халықтардың денсаулығы, яғни бүгінгі күннің басты мәселесіне айналып отырған экологиялық жағдайын, өндіріс саласындағы қазба байлықтарын игеру кезінде туындап отырған өндіру технологиясының өрескел бұзылуына жол беріліп келе жатқан жағдайлар, сонымен қатар табиғат ананың экологиялық қалпы нашарлап, уақыт өткен сайын Сыр бойының халқы жойылып кету шегіне қарай кетіп бара жатқандығы.

Тақырыптың өзектілігі: Бұрынғы кезде мұндай кішігірім аудандарды зерттеуге аса көңіл бөлінбесе керек, сол себепті Шиелі ауданының Қазақстанның экономикасы мен саяси жағдайына байланысты қазіргі кездерде осындай кішігірім ауданға көп көңіл бөлінуде. Сонымен қоса Қызылорда облысының дамуында Шиелі ауданының атқаратын ролі және облыстағы 9 ауданнан өзінің халық санының көптігі, экономикалық жағдайының жоғарылығы мен өндіріс ошақтырының көп болуымен ерекшеленуі тақырыптың басты өзектілігі болып табылады.

Тақырыптың мақсаты мен міндеті:

Шиелі ауданының тарихи жағдайы және қазіргі физикалық географиялық, экономикалық географиялық және экологиялық жағдайлары мен оларды сақтау шаралары тақырыптың басты мақсаты. Сондықтан берілген жұмыстың міндеттері төмендегідей:

  • Шиелі ауданының тарихи-географиялық жағдайы;
  • Ауданның физикалық географиялық жағдайы;
  • Ауданның экономикалық географиялық жағдайы;
  • Экологиялық жағдайымен жете танысу

Тақырыптың жаңашылдығы: Шиелі ауданының қалыптасу тарихы, физикалық, экономикалық және экологиялық жағдайы, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелерін іске асырудағы іс-шараларды айқындау.

Тақырыптың практикалық маңызы: Шиелі ауданының тарихи-географиялық, физикалық, экономикалық және экологиялық жағдайымен толық танысып, зерттеу барысында жасалған тұжырымдамалар, ұсыныстар, мәліметтер уран өндіретін өндіріс орындарында, жергілікті әкімшіліктерде, қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мекемелері, статистикалық бөліміне т. б. мекемелер үшін қажетті материал. Сонымен бірге жалпы қызығушыға өз өлкесіне деген сүйіспеншілігін арттыруға септігін тигізеді.

Зерттеу обьектісі: Шиелі ауданының тарихи - географиялық, физикалық, экономикалық және экологиялық жағдайы.

Жұмыстың мақсаты: Шиелі ауданының тарихи қалыптасуын, физикалық, экономикалық жағдайын жете танып, тереңірек зерттеп, туған өлкемнің қазіргі таңдағы экологиялық жағдайын бақылау және оларды болдырмау жолдарын қарастыру.

Зерттеу әдісі: Тақырып бойынша ғылыми әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, физикалық географиялық, экономикалық және экологиялық географиялық тұрғыдан кешенді зерттеу, арнайы мекемелер құжаттарына талдау жасау.

Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы: Шиелі ауданының жаңа тарихи-

географиялық жағдайы.

Жұмыстың құрылымы мен қысқаша сипаттамасы. Жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

Бірінші тарауда - ауданның географиялық орналасуы жайлы жазылады. Мұнда ауданға жалпы физикалық - географиялық сипаттама беріледі.

Екінші тарауда - ауданның экономикалық жағдайы жазылады, яғни ауданның әкімшілік-аумақтық бөлінісі, халқы мен еңбек ресурстары және шаруашылығы.

Үшінші тарауда - ауданның экологиялық жағдайы, табиғат ресурстары мен оларды қорғау шаралары және аудандағы уран өндірісінің экологияландырудың негіздері мен мәселелері жөнінде сипаттама беріледі.

Осы жазылған төрт тарау бойынша ойлар түйінделіп, қорытынды жасалады.

№1 сурет [1] Шиелі ауданының карта үлгісі

І тарау. Шиелі ауданының физикалық-географиялық жағдайы

1. 1. Ауданның қазіргі географиялық орны

Шиелі ауданы - Қызылорда облысының шығысында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. Жер көлемі 34, 3 мың км 2 . Аудан ежелгі Сырдария өзенінің орта ағысына орын тепкен киелі мекен. Шығысында алты алашқа белгілі Сығанақ, Бестам шахары, теріскейінде Оңтүстік өңірге етене сұғына жатқан қарт Қаратау жатыр. Одан әрі Арқадан бастау алып Шиелі жеріне келіп тірелетін Сарысу өзені бар. Батысы облыс орталығының шекарасына иек артқан, түстігінде байырғы сары жел өлке -Қызылқұм, ауданның карта үлгісін №1 суреттен көреміз.

Ауданның жер бедері негізінен, жазық дала. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 345 км-ге созылып жатыр. Оңтүстігін Қызылқұм құмды алқабы, солтүстік-шығысына Қаратау жотасының қиыр солтүстік-батыс бөлігі кіреді.

Қаратау, Тянь-Шаньның солтүстік-батысындағы таулы жота. Талас Алатауынан басталып, солтүстік-батыс бағытқа қарай 420 км-ге созылып, бірте-бірте аласарып, Сарысу мен Шу сағасындағы жазыққа ұласады. Биік жері Бессаз тауы (2175 м) Қызылорда облысындағы (Жаңақорған, Шиелі аудандары) биік жері - Бесарық өзенінің бастау алатын жері (1419 м) . Ауданның ең биік жері де (873м) осында. Жота аласа келген бірнеше сілемдерден (Қарамұрын, Дәуіт) т. б. тұрады. Жотаның солтүстігіне батпақты-сазды Ащыкөл ойысының батыс бөлігі кіріп жатыр. Оның қиыр батысында Қатыншоқай құмы орналасқан. Қызылқұм атырабында мал жайылымына қолайлы қыстаулар (Қарақшытөбе, Әмірбек, Үрмеқұм т. б. ) мен құдықтар (Әбдірахман, Әндіжан, Шекара, Ноғайқұдық және т. б. ) бар. Орталық бөлігін Сырдария өзенінің аңғарлық жайылмасы және Сырдария синеклизасы алып жатыр [1] . Сырдария синеклизасы - эпигерциндік Тұран плитасының бөлігі. Аумағы 120 мың км 2 . Солтүстік шегі бор тау жыныстарынан құралған Жосалы күмбезімен, батыста Арал ойпаңының, Қызылорданың меридианынан бойлаған палеозой жарылыстарымен бөлінеді. Табан үстінде девонның қызыл түсті, жоғарғы девон-төменгі карбон бөлімдерінің әктасты, жоғарғы палеозойдың моласса формациясы дамыған.

1. 2. Жер бедерінің қалыптасу тарихы

Жер бедерінің қалыптасу тарихына келер болсам, ауданның жер бедері ұзақ уақыт бойы жердің ішкі және сыртқы күштерінің нәтижесінде қалыптасып отырған. Жүздеген миллион жылдар бойына бірнеше рет теңіз суы басып, су астында қалып отырды. Сонымен бірге, жер бетінің көтеріліп, керісінше төмен түсуі сияқты күрделі процестер жүріп отырды. Кайнозой эрасының басында аудан жері біржола құрлыққа айналды. Биік жерлердегі бұзылған тау жыныстарының ойыстарға жиналуынан аккумулятивті жазықтар пайда болды. Неогеннің басында жер қыртысында бірнеше дүркін жер қозғалыстары болды, бірақ жер бедері ешқандай өзгерістерге ұшыраған жоқ. Жазық жерлерде денудациялық процестердің әсерінен саздақты, құмдақ, әр түсті саз балшық қабаттары жиналды. Неогеннің аяғында аридтік климат үстем болып, соған байланысты бұрынғы сирек орманның орнына шөл және қуаң далалы өңір қалыптасты. Төрттік дәуірдің орта кезінде Сырдария немесе Қызылорда ойпаты басталады және ол шығыста Түркістан қаласы тұсына дейін созылады. Сырдарияның оң жағалаулық аңғарын Дариялықтақыр жазығы алып жатыр. Қызылқұм жазығының солтүстік-шығысы ғана Қызылорда аумағына енеді, яғни Сырдария өзені аңғары мен Жаңадария өзені аңғары аралығы. Мұндағы тұтас құмды алқаптың біразы өсімдіктермен бекіген [1. 15 б. ] . Облыс және аудан жер бедерінің басым бөлігі тегіс, кей жерлері белесті, адырлы болып келеді. Әр жерлерде көзге алыстан көрінетін оқшау төбелер, шоқылар кездеседі. Жазықтың абсолюттік биіктіктері Сырдария өзенінің ағысымен біртіндеп төмендейді. Ол оңтүстік-шығыста 200 м-ден Сырдарияның төменгі атырауына Арал теңізі жағалауында 50-53 м-ге дейін төмендейді. Облыстың қиыр оңтүстік-шығысына Қаратау жотасының солтүстік-батыс шеті кіреді. Оның беткейлері тар шатқалды, тек көктемде ғана су жүретін көптеген өзен аңғарларымен тілімделген. Облыс аумағының жер бедерін жалпы үш геоморфологиялық ауданға бөліп қарастыруға болады. Олар:

а) аллювийлі жазық және Сырдария аңғары;

б) эолды-құмды жазықтар;

в) Арал теңізі жағасы және бұрынғы теңіз табаны.

Бірінші геоморфологиялық ауданға Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы аудан орталықтары мен Қызылорда қаласының жерлері жатады.

Эолды-құмды жазықтарға Сырдария өзенінің сол жағалауындағы Қызылқұм құмдары кіреді. Оның жер бедерінің құрылымы негізінен, құм төбелі аккумулятивтік эолды-аллювийлі жазық болып келеді. Құм төбешіктер аралығында тақыр жерлер кездеседі.

Жазықтар мен ойпаттар.

Облыс және Шиелі ауданы жері Тұран ойпатының жазықтау келген кең-байтақ алқабын алып жатыр. Жазықтың басым бөлігі Сырдария, Сарысу өзендері, ежелгі Қызылқұмды кесіп өткен Іңкәрдария, Қуаңдария, Жаңадария өзендерінің ертедегі атырау жазығы болып табылады.

Тұран ойпаты немесе Тұран жазығы, Қазақстан мен Орта Азия жерінде, Солтүстік бөлігі Қазақстанның бірталай жазық өңірлерін (оның ішінде Қызылорда облысы толығымен кіреді) қамтиды. Шығысында Бетбақдала-Шу-Іле таулары мен батысындағы Каспий теңізі аралығында, солтүстігінде Мұғалжар, Торғай үстірті, Сарыарқаның батыс бөлігімен, оңтүстік-шығысында Тянь-Шань сілемдерімен шектеседі. Оңтүстік жағы Орта Азияда. Тұран ойпатының көпшілік жері Тұран плитасына сәйкес келеді. Бұның палеозойлық негізі (тұғыры) жалпы 1-6 км тереңдікте жатыр, сонымен бірге Маңғыстаудағы Қаратау сияқты құрылым ретінде жер бетінде байқалатын бөліктері де бар. Плитаның төменгі қабаты құрылысынан көршілес Орал, Тянь-Шань және Сарыарқаға ұқсастық байқалады. Ойпаттық жер бедерінде ойыстар көп кездеседі. Құрлық бөлігіндегі ең терең жері - Қарақия ойысы (-132 м) . Биік жерлері (300 м-дей) аса көп емес, керісінше беті шөгінді жыныстардан түзелген жазық аймақтар (Каспий ойпаты, Арал Қарақұмы, Мойынқұм т. б. ) бар. Ойпат өңірі тым континенттік, қуаң, климаты шөлейттік. Ауаның орташа температурасы шілдеде 24 0 С, қаңтарда солтүстігінде -8-12 0 С, оңтүстігінде 2-4 0 С. Жазда құм беті 80 0 С -қа дейін қызады. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 80-200 мм, ауаға булану мөлшері 1500 мм-ге жетеді. Сәл карбонатты сұр, бозғылт қоңыр топырақ басым таралған жерлерінде жусан-эфемерлі өсімдік өседі. Сазды, құмды ойдым-ойдым тастақты шөлдік өңірлер сор, тақырлы жерлермен алмасып жатады. Арал теңізі суының тартылуы Тұран ойпатының табиғатының қуаң шөлдік сипатын күшейте түсуде. Тұран ойпатынан жер асты суларының мол қорлары анықталды. Тұран ойпаты еліміздегі маңызды мұнайлы-газды өңірлердің біріне саналады. Ойпаттың облыс аумағы орналасқан орталық бөлігін Шу-Сарысу мұнайлы-газды провинциясы алып жатыр. Ойпаттың өн бойында мал шаруашылығы, суармалы егіншілік дамыған [3] .

Облыс аумағынан ағып өтетін Сырдария өзенінің бойында геологиялық деректер бойынша екі үлкен қазаншұңқыр болған. Оның бірі - Қызылорда қазаншұңқыры. Ол Сырдария, Сарысу өзендірінің таудан ағызып келген шөгінділерімен толған. Қызылорда қазаншұңқыры сумен келген шөгінді жыныстармен толып, қазіргі жер бедері пішіні қалыптасқан. Бұл аймақ оңтүстік-шығысында Қаратау, оңтүстік-батысында Қызылқұм төбелерінің аралығын ала Сырдария өзенінің арналық бағытымен кең жайылып жатыр. Қазаншұңқыр ұсақ тас аралас құм мен саздан, құмдақ пен құм аралас шөгінділерімен толған. Облыстың солтүстік-батысында екінші қазаншұңқырда Арал теңізі орналасқан. Қазаншұңқырдың батысы және солтүстік жағалауы тік, ал шығысы мен оңтүстік жағалауы қайраңды, құмды және тайыз. Желдің әрекетінен өзгеріп тұратын құмдар аралығында эолдық шұңқырлар кездеседі, олар кейде жауын-шашын, еспе суларға толып, уақытша көлшіктер түзейді.

Жер бедерінің кейінгі өзгерістеріне ауыл шаруашылығы үлкен әсер етті. Он мыңдаған гектар жерлер тегістеліп егістікке айналдырылды, ол жерлерге су жеткізу мақсатында жасанды каналдар қазылды. Оған 1966-68 жылдары салынған Шиелі-Телікөл каналын жатқызуға болады. Облыс аумағында салыстырмалы түрде бірнеше ірі жазықтар орналасқан. Бикесары жазығында шаруашылық мәні біршама, жеткілікті өсімдік жамылғысы бар ежелгі төбешік құмдар кең таралған.

Бикесарыға қатарласа Дариялықтақыр жатыр. Дариялықтақыр - Сырдария өзенінің оң жағалық аңғарындағы тегіс жазық. Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандары жерінде. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 230 км-ге созылған, ендірек жері 50 км. Теңіз деңгейінен 110-145 м биіктікте жатыр. Жазық жерлерінде құдықтар (Доңыз, Табаққабыл, Қатын, т. б. ) және қоныстар (Жайсаң, Қаракемер, т. б. ) көп. Жер қыртысы бор шөгінділерінен түзілген. Оның үстін ысырынды құмдауыт балшық жапқан. Тақырдың сор, сортаң топырағында бұйырғын, тасбұйырғын, күйреуік, жусан басым өскен. Оңтүстік-шығысындағы құмды алқабында және құрғақ арналарда жыңғыл, жүзгін, сексеуіл шоғырлары кездеседі. Қаракемер - Дариялықтақыр жазығының солтүстігіндегі жазық дала. Даланың солтүстігін плейстоцен-бор кезеңдерінен түзілген Саралаң қыратты өңірі және Телікөл көлі аралығында жазық далаға ұласады [2] .

Төбелер мен қыраттар

Облыс және ауданның жазық өңірінде әр жерде жатаған жусан өскен шағыл құм төбелер мен жал-жал бұйраттар ұшырасады. Мұндай бұйрат құмдар Қуаңдария мен Жаңадария өзендері аралығында үлкен аумақты алып жатыр. Кей жерлерде жазық бетінде жалғыз төбелер кездеседі, олар: Аққыр, Қарақ, Жосалы, Жетітөбе, Қостөбе, Көксеңгір, т. б. Бұл төбелердің биіктігі 60 м-ден 80 м-ге жетеді. Кейбіреулері желдің үру әсерінен тік жарлы шоқылар құрайды, ауданның жер бедері картасын №2 суретте көрсетілген.

1. 3. Геологиялық құрылымы мен пайдалы қазбалары

Аудан жері Тұран тақтасы шегінде орналасқан ерекше жазық аймақ. Тұран плитасы - Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанның Арал-Каспий алаптарын қамтыған эпигерциндік платформалық құрылым. Батысында Каспий теңізінен басталып, солтүстік-шығысында Сарыарқа, шығысында Бетпақдала шөлі арқылы Тянь-Шаньның қатпарлы өлкелеріне тіреледі; солтүстігінде Торғай ойысы арқылы Батыс Сібір плитасына ұласады. Аумағы 2 млн км 2 . Тұран плитасының жабыныш қат-қабаты жоғарғы триас пен юраның сұр түсті терригендік (қалыңдығы 1000-2000 м), палеогеннің карбонаттық-терригендік, неоген, антропоген жүйелерінің құмкесекті моласса формацияларынан құралған. Орталық Қарақұм, Қарабұғазкөл-Бозащы, Төменгі Сырдария сияқты көтерілімдерде жыныстардың қат-қабаттары 500-1000 м-ден аспайды, ал Солтүстік Үстірт, Сырдария, Сарықамыс секілді синеклизалардағы қалыңдығы 3500-5000 м-ге жетеді. Юра-бор шөгінділерінде ірі мұнай-газ кен орындары (Бұхара-Хиуа, газды провинциясы Шу-Сарысу газ-гелий облысы, Тұран және оңтүстік Торғай мұнай-газ облысы, т. б. мұнайлы-газды провинциясы, Маңғыстау-Бозащы мұнайлы-газды облысы, т. б. ), аздаған тас көмір мен фосфориттер, марганец кендері, күкірт (Қарақұм), көптеген тұзды көлдер мен шығанақтар кездеседі [1. 17. б] . Солтүстік Қызылқұм синеклизасы Қаратау-Есіл ойпаңының девон-карбон әктастары бетінде орналасқан. Ойыстың ортаңғы бөлігі төменгі бордың континенттік кесекті жыныстарынан құралған. Ауданның оңтүстік бөлігі бор шөгінділерінен тұрады. Сырдарияның сол жағалауындағы Қазалы массивінің тұсы палеогендік жыныстардан түзілген. Ал қалған аумақ түгелімен дерлік антропоген шөгінділерінен тұрады. Төменгі протерозойда өңір жерін теңіз басып жатты. Венд шөгінділері каледон антиклинорийлерінің осьтік бөліктерінде дамыған. Жыныстарының құрамы әртүрлі. Қаратауда конгломерат-құм-саз құм қабаттары, орта және қышқыл құрамды вулканиттер, туффиттер, карбонатты-кремнийлі жыныстар қалыптасқан. Палеозой тобының жыныстары бүкіл ел аумағында өте кең тараған. Тұран тақтасында палеозойлық іргетасын мезо-кайнозойлық шөгінділер жауып жатыр. Төменгі кембрий жыныстарындағы фосфоритті және ванадийлі горизонттар Қаратау жотасында кездеседі. Девон кезеңінің басы теңіз аумағының кішіреюімен сипатталады. Сонымен неогеннің соңында аудан жері қазіргі келбетіне келеді, облыстың геологиялық картасын №3 суретте көрсетілген.

Ауданның пайдалы қазбаларына келсек, мұнда құрылысқа қажетті ұсақ қиыршық тастар, әйнек және шыны бұйымын жасайтын кварц құмы, қыш, құм және уран кендері пайдаланылады. Жер қойнауынан алтын, ванадий, уран кентастары және құрылыс материалдарының кен орындары барланған.

Ауданның оңтүстік-шығыс шекарасында Қаратау сілемдерінде түсті металлдардың барлық түрлері, сонымен қоса Сырдария өзенінің бойынан жер өңдейтін тыңайтқыш табылды. Аудан орталығынан солтүстікке қарай

40 км шамасында ас тұзының таусылмас мол кендері пайдаланылып келеді.

Бұл аймақтың геологиялық құрылымы қалыптасуының ерекшелігі сонда, оның пайдалы қазбаларының орналасуы мен сипаттамасы әлі де болса толық зерттелмеген. Сонымен қоса ауданда Менделеев кестесінің 26-шы элементі табылды. Жер асты кенін игеруге деген бетбұрыстың арқасында алтыннан бастап, түрлі құнды заттардың отаны - Қаратау қойнауынан ванадий қазылатын болды. Шиелі аудан аймағынан табылған Менделеев кестесінен 26-шы болып орын алған химиялық элементті қазып-өндіру үшін «Балауса» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі зауыт құрылысын жүргізуде. Қазір осы ванадий элементін табумен әрі қарай айналысуда. Сонымен қатар 60 жылдардың екінші жартысында жерасты ұңғымалық шаймалау әдісімен инфильтрациялық қабатты кен орындарындағы нашар рудалардан уран өндіру мүмкіндігі АҚШ-та дәлелденді. Бұл Қазақстанның шикізат базасындағы жағдайды түбегейлі өзгертіп жіберді. 70 жылдардың соңына таман Ыңғай, Мыңқұдық, Мойынқұм, Қанжуған, Солтүстік және Оңтүстік Қарамұрын сияқты тағы басқа бірегей кен орындары табылды. 1980-1982 жылдары Қазақстанда уран өнімдерін шығару ең жоғары деңгейге жетті. Дерлік 30 кен орнында уран өндірілді. Атом өнеркәсібі кәсіпорындарында еңбек ететін жұмысшы-қызметкерлер саны 70 мыңнан асып жығылды.

1953 жыл мен 1999 жылдар аралығында республика аумағында уран өндіру көлемі 225 миллион фунт U 3 O 8 жетті. 90 жылдардың басында өндірістің кәдуілгі әдіс-тәсілдері кең қолданылып, ол жалпы өнімнің 70% құрады. Алайда жоғарыдан басқарылатын экономикадан нарықтық қатынастарға ауысуы бірыңғай жерасты шаймалау технологиясы қажеттігін көрсетті. Алғаш рет уранға деген мемлекеттік тапсырыстың төмендеуі 1983 жылы тіркелді. Өндіріс 25-30%-ға құлдырап, одан кейінгі жылдарда да сол деңгейде қалып қойды. 80 жылдардың ортасына қарай басталған қарусыздану саясаты салдарынан және атышулы Чернобыль оқиғасынан кейін (әсіресе 1988 жылдан бастап) атом энергетикасын дамыту бағдарламасы кейінге ысырылды да, Целинный мен Прикаспийск өндірістік кеніштерінде және қайта өңдеуші комбинаттарда уран өндіру көлемі одан әрі қысқартыла берді. Шахталық және карьерлік өндірудің тиімсіздігінен және әлемдік рыноктағы бағаның төмендігінен Қазақстанда 6 кен басқармасы жабылып, 2 басқармада өнім өндіру мүлдем тоқтатылды. 2002-2004 жылдары геологиялық барлау жұмыстары толығымен Қазатомөнеркәсібінің тапсырысы бойынша орындалып, Ақдала кен орнында толық ауқымдағы технологиялық тәжірибеден өткізуге және жұмыс істеп тұрған уран өндіруші кәсіпорындар аумағында жаңа кендерді табуға жіберілді. Қанжуған кеніші аумағында екі жыл бойы жүргізілген және 2004 жылдың қазан айында Уанас кенді ауданында басталған геологиялық барлау жұмыстарының барысында осы нысандарда уран қорының көлемін елеулі дәрежеде ұлғайтатын жаңа нәтижелерге қол жеткізілді. «Волковгеология» АҚ өткізген Ақдала кен орнындағы 2, 5 жылдық тәжірибе кезінде 1027 тонна уран өндірілді. Бұл Ақдала кен орнын түбегейлі барлау бойынша есепті 2003 жылдың соңында Қазақстан Республикасының қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясында сәтті қорғап шығуға негіз болды [26] . Аудандағы уран өндіру көлемі жөніндегі мәліметті (1- кестеден) ал, кеніштері мен олардың қорлары жөнінде (2- кестеден) көруімізге болады.

Кесте 1. Өндіру көлемі

( [27] мәліметі бойынша құрастырған )

Кеніштер
2005
2006
2007
2008
2009
2010
Жоспарланған өндірістік қуат
Кеніштер: Солтүстік Қарамұрын
2005: 700
2006: 750
2007: 800
2008: 980
2009: 980
2010: 1000
Жоспарланған өндірістік қуат: 1000
Кеніштер: Оңтүстік Қарамұрын
2005: 214
2006: 200
2007: 200
2008: 150
2009: 250
2010: 250
Жоспарланған өндірістік қуат: 250
Кеніштер: Иіркөл
2005: -
2006: -
2007: 100
2008: 250
2009: 500
2010: 750
Жоспарланған өндірістік қуат: 750
Кеніштер: Қорасан
2005: -
2006: -
2007: 100
2008: 300
2009: 600
2010: 1000
Жоспарланған өндірістік қуат: 2000

Кесте 2. Ауданның уран өндіру кеніштері мен қорлары.

( [27] мәліметі бойынша құрастырған )

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сырдария өзенінің гидроэкологиялық жағдайы
Ұлы жібек жолы туралы мағлұматтар
Ұлы жібек жолы Қазақстан жерінде
ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕ. Ұлы Жібек жолының бағыттары мен тармақтары
Ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаның ластануы
ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕ. ҚАЛА МЕН ДАЛА
Қазақстанның Қызыл Кітабына енген балықтар
Ұлы жібек жолының тарихи маңызы
Сырдария өзенінің мекен ететін балықтар
Ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаның ластануы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz