Ақпараттық технологияның артықшылықтары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Географияны оқытуда жаңа техникалық оқу құралдарын пайдалану

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ҚОЛДАНЫЛАТЫН

ТЕХНОЛОГИЯЛАР

1. 1 Географияны оқыту процесіндегі жаңа педагогикалық

технологиялар . . . 7

1. 2 Оқушылардың география пәніне деген танымдық

қызығушылықтарын арттыру . . . 10

2 ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ

ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

2. 1 География пәнін оқытуда ақпараттық технологияны қолдану . . . 15

2. 2 География сабағында компьютерлік технологияларды қолдану . . . 21

2. 3 Географиядағы ақпараттық технология элементтеріне талдау . . . 23

2. 4 Географияны оқыту процесіндегі геоақпараттық технологиялар . . . 26

3 ҚАЗАҚСТАН КАРТОГРАФИЯСЫНДАҒЫ ГЕОАҚПАРАТТЫҚ

ЖҮЙЕЛЕР

3. 1 Виртуалды картографиялау . . . 39

3. 2 Картографиялық бейнелеудің электронды тәсілдері . . . 43

3. 3 Электрондық карталар . . . 45

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 56

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 61

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қоғамды ақпараттандыру - бұл глобалды әлеуметтік процесс, өйткені қоғамдық өндіріс саласында қазіргі заманғы микропроцессорлық және есептеуіш техника, сонымен қатар ақпаратты алмасудың әртүрлі құралдары базасы негізінде жүзеге асатын басты қызмет түрі ақпаратты жинау, жинақтау, өңдеу, сақтау, тасымалдау және пайдалану болып табылады. Қоғамды ақпараттандыру қамтамасыз етеді: баспа қорында, ғылыми, өндірістік және басқа да қызмет түрлерінде шоғырланған, үнемі дамудағы қоғамның интеллектуалды потенциалын, қоғам өндірісінің барлық саласының дамуын көрсететін ғылыми, өндірістік ақпараттық технологияларын интеграциялау, еңбек қызметін интеллектуалауды белсенді түрде пайдалану; ақпараттық қызмет етудің жоғарғы деңгейі, қоғамның кез келген мүшесінің шынайы ақпаратты алу мүмкіндігі, көрсетілетін ақпаратты визуалдау, пайдаланылатын мәліметтер маңыздылығы. Ақпараттық жүйенің қандай да бір саласындағы, белгілі бір уақыт кезеңінде қоғамға қолайлы болатын, ақпараттың барлық массивін пайдалануға негізделген ашық ақпараттық жүйелерді пайдалану, қоғамды адамтершілікке және демократияландыруға жетелейді, оның мүшелерінің әл-ауқатының деңгейін көтереді.

Қоғамды ақпараттандырумен байланысты өтетін процестер тек қана ғылыми - техникалық прогрестің қарқынды дамуы мен адамның қызметінің барлық түрлерін интеллектуалдауға әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар индивидтің шығармашылық потенциалының дамуын қамтамасыз ететін социумның сапалы жаңа ақпараттық ортасын жасауға мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы ақпараттану процесінің басты бағыттарының бірі оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық, педагогикалық мақсаттарын дамытуға бағытталған білімді ақпараттандыру - бұл білім саласын методология, зерттеу тәжірибесі мен қазіргі заманғы жаңа ақпараттық технологияларды (НИТ) оптималды пайдалануды қамтамасыз ету процесі. Бұл процесс ғылыми - педагогикалық ақпараттардың автоматтандырылған мәліметтер базасы ақпараттық - әдістемелік материалдар, коммуникациялық желілерді пайдалану негізінде білім жүйесін басқару механизмін жетілдіру; қазіргі заманғы ақпараттандыру кезеңінде оқитын жеке адам дамуы мәселелеріне сәйкес келетін оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен ұйымдастырушылық формасының мазмұны стратегиясын іріктеу мен методологисын жетілдіру; білімтерлердің интеллектуалды потенциалының дамуына, білімді өз бетінше алуды қалыптастыру, ақпараттық оқу, эксперименталды - зерттеу қызметін жүзеге асыру, ақпаратты өңдеуде әртүрлі жеке әрекеттерге бағытталған оқытудың әдістемелік жүйелерін жасау; оқушы білімінің деңгейін бағалау мен бақылауды жүзеге асыратын компьютерлік тестілеу әдістемелерін жасау және пайдалану. Өндіріске автоматтандырылған жүйелерді, программалық басқарудың микропроцессорлық құралдар мен құрылғылар, роботтар және өңдейтін орталықтарды ендіруге негізделген ғылыми-техникалық прогрестің дамуы қазіргі заманғы педагогикалық ғылым алдына маңызды мақсат қоюда - ақпараттандырумен байланысты қазіргі заманғы қоғам дамуының жаңа сатысына белсенді түрде қатысатын жас ұрпақты тәрбиелеу және дайындау. Жоғарыда айтылған мақсатты жүзеге асыру - қоғамның әлеуметтік тапсырысын орындау - түбегейлі түрде оқу орындарының перифериялық құрылғылары, оқу, демонстрация құрылғылары бар электронды есептеуіш техникасымен қамтамасыз етілуіне байланысты .

Қоғамның еңбекке жарамды халқының жоғары кәсіптік бөлігінің интеллектуалды қызметінің өнімі болып табылатын, ақпараттық ресурстарды барлық жерде пайдалану, жас ұрпақтан творчес белсенді резервті дайындау қажеттілігін анықтайды. Сондықтан жаңа ақпараттық технологиялар құралдарын пайдалану оқыту дамытудың, оқушының жеке дамуына әсері мол. Сонымен қатар индивидтің шығармашылық потенциалын дамыту, оқушының өз қызметінің нәтижесін талдай білуін қалыптастыру, қойылған мақсаттарына жетудің жолдары мен әдістерін таңдау стратегиясын жасау болып табылады.

Қазір картография ғылымы жаңа заманауи технологиялар мен бағдарламалардың пайда болуымен өзінің зерттеулеріне ғарыштан түсірілген әуесуреттерді, сондай-ақ сандық карталар жасуға мүмкіндік ашқан әртүрлі компьютерлік бағдарламаларды қолдануда. Осы жұмыста картография ұғымы мен оның қалыптасу тарихына, картография ғылымының бүгінгі міндеті мен іске асыру тетіктері қарастырылған. Сондай-ақ, тақырыпқа сай, өз еліміздегі картография ілімінің тарихы мен қалыптасу жолы сипатталып, оның даму мүмкіндіктері мен осы саладағы кейбір мәселелерді шешу жолдары көрсетіледі.

Диплом жұмысының зерттелу деңгейі: Технологияны қолдану В. П. Сухов, В. Я. Ромм және В. П. Дроновтың оқулықтарында және журналдардың бірқатар мақалаларында жақсы ашылып көрсетілген.

Геоинформатика ғылым ретінде XX ғасырдың 60-жылдармнда Швеция және Канада елдерінде жер кадастрын жаса> жәнс табиғи қорларды зерттеу үшін дүниеге келді. Сонда бірінші геоақпаратгық жүйелер құрылды.

Геоинформатика ғылым ретінде XX ғасырдың 60-жылдарында, ақпараттық технологиялардың негізінде Пентагон қойнауларында географиялық ақпараттарды әскери мақсатта ЭЕМ көмегімен өңдеу қажеттілігінен пайда болған, кейіннен географиялық ақпараттық жүйелер (ары қарай ГАЖ) деп аталған бағыт батыс елдерде, Канадада, Швецияда пайда болды. Ол өзінде кеңістіктегі ақпараттық өңдейтін және оны қолданушыға, монитор экранына, басылым құралдарына немесе байланыс каналдарына жеткізетін есептеуіш машиналар және әдістемелік құралдарды адамның мүмкіншіліктерін қажет ететін қолданбалы мәселелерді шешуді біріктірді. Осылай алғашыңда қарапайым түрдегі ГАЖ көптеген функциялармен және мүмкіншіліктермен толықтырылып, осының негізінде сандық картография мен автоматтандырылған картография пайда болды.

Зерттеу проблемасы бойынша ғылыми әдебиеттерге, статистикалық мәліметтер мен ғылыми мақалаларға талдау беру, алынған нәтижелерді сұрыптау, математикалық тұрғыда өңдеу.

Тақырыптың жаңашылдығы: Оқу процесін интенсификациялау, оның тиімділігі мен сапасын көтеру мақсатында жаңа ақпараттық технологиялар құралдарын тиімді пайдаланылуын анықтауға бағытталған, психологтік-педагогикалық және әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілу маңызды мәселенің бірі.

Орта оқу орнының негізгі мақсаты - жаңа ақпараттық кеңістікте актуалды педагогикалық міндеттерін шешу мен қажетті біліммен қаруланған, инновациялық процестерді басқару үшін компьютерлік техниканы пайдалана алатын жаңа типті мамандарды дайындау. Бұл мақсатқа жету төмендегі міндеттерді орындаумен байланысты:

  • педагогикалық оқу орнында оқу - тәрбие процесінің интеллектуалды ақпараттық жүйесін жасау, яғни жоғары оқу орнының ақпараттануының мақсаттары мен міндеттерін түсіну, әдістемелік, ұйымдастырушылық және техникалық жасақталуын қамтамасыз ету;
  • келесі сұрақтар бойынша барлық мамандықтардың педагогикалық мамандарының біліктілігін жоғарылату мен дайындау; компьютерлік техниканы пайдалану, математикалық модельдеу мен программалауды, жаңа ақпараттық технологиялар негізінде магистранттар, аспиранттар, докторанттарды дайындау, жоғары оқу орнынан кейінгі біліктілігін көтеру;
  • программалық құралдар жасау, стандартты қолданбалы программалар пакетін меңтеру, эксперттік жүйелерді жасау, педагогикалық міндеттерге қатысты білімтерлерді дайындауды қамтамасыз ететін оқыту материалдарын жасау;
  • жоғары оқу орны сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі негізінде үздіксіз бағалау мониторингін ұйымдастыру; оқыту сапасын бағалау жүйесін жасау және жоғары оқу орын рейтингісін анықтау(лицензиялау, аттестация, мемлекеттік аккредитация, рейтинг) ; білім сапасын бағалаудың жоғары оқу орын жүйесін жасау;
  • ақпараттану құралдарын жоғары оқу орнында, жатақханада және мекен-жайында тәрбиелеу процесінде пайдалану;
  • қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар мен телекоммуникация құралдарын білімтерлер мен оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмысында қолдану; білімтерлердің шығармашылық ой санасын дамыту;
  • оқу, педагогикалық, дипломдық практикаларында білімтерлер болашақ педагогтарды дайындауды басқаратын жүйелер жағдайында жұмыс істеуді үйрену;
  • үнемі компьютерлер паркін, видеотехника және байланыс құралдарын жаңарту; материалдық техникалық қамсыздандыру мен ақпараттық технологиялар орталығын сервистік қызмет етуді ұйымдастыру;
  • сырттай оқитын білімтерлер үшін ара қашықтықта оқытуды енгізу;
  • жоғары оқу орын сайтын ұйымдастыру .

Ақпараттық қоғамда сапалы оқыту мәселесі бар және үздіксіз білім беру әрбір адам өмірінің бөлігі болып табылады. Базалық ақпараттық технологиялар актуалды. Оларға ақпаратты сақтау мен өңдеу технологиялары, офистік технологиялар, мультимедия технологиялары, геоақпараттық технологиялар, ақпаратты қорғау технологиялары, CASE - технологиялары, телекоммуникациялық технологиялар. Оқытудағы жоғарыда көрсетілген технологиялар ғылыми-техникалық прогресс этапында кең тараған:

  • электронды оқулықтар, оқу пособиялары, тренажерлер, зертханалық практикумдар, білімді тестілеу жүйелері түріндегі оқытушы жүйелер.
  • видеотехника, CD-ROM - ды пайдалану арқылы құрылған мультимедиа-технология базасы негізгі жүйелері.
  • оқыту процесі мен оқыту зерттеулерінде практикалық мәні бар интеллектуалды оқытудың экспертті жүйелері.
  • ақпараттық ресурстарға тікелей және қашықтықтағы мәліметтер базасы мен білім негізіндегі ақпараттық орталар;
  • электронды үстелді типография;
  • электронды кітапханалар;
  • геоақпараттық жүйелер;
  • әртүрлі қызметтегі ақпаратты қорғау жүйелері;
  • электронды поштамен жұмыс істеуді қамтамасыз ететін телекоммуникациялық жүйелер, телеконференция және әлемдік коммуникациялық желілерге шығу.

Ақпараттық қоғамның құрылу және оны құрайтын білімді ақпараттандыру мәселелері цивилизацияның тұрақты дамуы мәселелерімен тығыз байланыста қарастырылуы қажет. Білім беру жүйесінің моделі цивилизацияның тұрақты дамуы моделіне білімнің бейімделуін ескере отырып, қалыптасуы қажет, осыған байланысты болашақ ақпараттық қоғамның қажеттілігін өтеуге бағытталған білім беру жүйесінің дамуы мәселесі пайда болады. Тек қана білім жаңа ақпараттық мәдениеттің негізі бола алады; қазіргі кезде педагогтің, тәрбиешінің, мектеп мұғалімінің және жоғарғы оқу орнының оқытушысының ақпараттық мәдениетіне ерекше көңіл аудару керек .

Білімді ақпараттандыру мәселелері информатиканың қазіргі заманғы жетістіктерімен және олардың білім саласында пайдалану методолгиясымен анықталады. Осы жерде информатиканың үш деңгейін көрсетуге болады:

  • есептеуіш техниканың физикалық - программалық - ақпараттық құралдары және байланыс техникасы;
  • логикалық технологиялар;
  • қолданбалы-пайдаланушы ақпараттық жүйелер.

Диплом жұмысының мақсаты: географияны оқыту процесіндегі экологиялық білім мен тәрбие жүйесінің маңызын ашып көрсету.

Диплом жұмысының міндеті: орта және жоғары оқу орындарындағы география сабағындағы экологиялық білім мен тәрбие беру процесі.

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ҚОЛДАНЫЛАТЫН

ТЕХНОЛОГИЯЛАР

1. 1Географияны оқыту процесіндегі жаңа педагогикалық

технологиялар

Қазіргі таңда жалпы орта білім беру мақсаты өзгерді. Жаңа үрдістік іс- әрекеттерге негізделген мазмұнымен қатар оқыту нәтижелеріне де талап қойылған білім берудің жаңа концепциялары, стандарттары жасалуда.

Барлық педагогикалық жүйе құрамы бөліктерінде“инновациялық”, “жаңалық тану” үрдісі іске асуы үшін төмендегідей жұмыстар істелуі тиіс. Біріншіден, өсіп келе жатқан ұрпақтын білім алуын жаңа бағытқа салу үшін оқытудың дәстүрлі емес сабақ түрлері мен жаңа әдіс - тәсілдерден қолдану. Екіншіден, жалпы білім беретін мектептегі оқу жүйесінің мазмұнына өзтерістер енгізу. Үшіншіден, оқушылардың ойлау қаблеті жаңалықтарды тез қабылдауды қалыптастыру және ол жаңалықтарды өмірде қолдана білуге үйрету. Бірақ оқыту технологиясын енгізу оқытудың дәстүрлі әдістерін алмастыру емес, қатарластырып қолдану, себебі ол да пәннің әдістемелік құрамдас бөлігі болып табылады [1] .

“Технология” термині шетел әдістемесінен алынған. “Технология - оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан- жақты ойластырылған үлгісі”. Педагогикалық технология-практикада іске асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы. Ал, педагогикалық жүйе дегеніміз- белгілі бір қабілеті бар дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық әсерді ұйымдастыруға қажет құралдар, әдістер мен тәсілдердің өзара байланысқан бірлігі.

Педагогикалық технология ұғымы 3 деңгейде қолданылады: жалпы педагогикалық-педагогикалық жүйе ұғымының синонимі. Оған: мақсат, мазмұн, оқытудың құралдары мен әдістері, оқыту процесінің субъектілері мен обьектілерінің әрекет алгоритмі кіреді; салалық (пәндік) - бір пән шеңберіндегі оқыту, тәрбие мазмұны жүзеге асыруға негізделген әдістер мен құралдар жиынтығы; локольдік (модульдік) - жеке әрекеттер технологиясы, ұғымды қалыптастыру; дара қасиеттері қалыптастыру және дамыту сабағының технологиясы; жаңа материалды меңтерту технологиясы; қайталау және бақылауды ұйымдастыру технологиясы; жеке жұмысты ұйымдастыру технологиясы. Технология әдістемеден оқыту әрекеттерінің өңдеуге болатындығымен ерекшеленеді [2] .

Оқыту технологиясы - оқытудың тиімді жолдарын зерттейді, ғылымда оқыту процесіне қолданылатын әдістер, тәсілдер мен қағидалар. Ол оқыту процесінде нақты жүйе қызметін атқарады

Технологияның екі түсінігі бар: а) тиімді оқыту әдістемесін жасауды білдіретін оқыту технологиясы ; б) оқыту барысында технологияны пайдалану. Соңғы оқыту технологиясы технологиялық құралдарды оқыту үрдесінде пайдалану деп түсіну керек. (ЭВМ, компьютер бағдарламалары, оның ішінде географиялық жаңа мультимедиалық оқулықтары және т. б. ) . Бірақ екі жағдайда технологияны қолдану- дидактикалық есептерді шығару кезінде оқушыларға әсер ету тәсілдерін жетілдіруге бағытталған .

Оқыту технологиясының негізгі белгілері:

  • оқушылар алдында оқудың мақсатты мен міндеттерін айқындап беру, олардың әрқайсысы үшін оқытылатын материалдың маңыздылығын түсіндіру, оқушылардын белсенділігін арттыру;
  • оқытудың белгілі бір құралдары арқылы, оқушылардың әрекетін ұйымдастырудың формалары мен қарқынды әдістері көмегімен қойылған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізетін процедураны құру;
  • үлгілер бойынша оқыту (оқу дәптерлері, практикумдар, оқулықтар бойынша, мұғалімнің нұсқауларын орындау) ;
  • оқу міндеттерін шешуге бағыталған оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру;
  • оқыту нәтижелерін тексеру үшін тест тапсырмаларының әртүрлі формаларын кеңінен қолдану;

Географияны оқыту әдістемесінде оқыту технологиясын қолданудың едеуір тәжірбиесі жинақталған. Оның ішінде ең танымалы оқыту технологияларының бірі -оқу жұмысы әрекетерін қалыптастыру технологиясы. Оқу жұмысы әрекетерін қалыптастыру технологиясында ережелер, үлгілер, алгоритмдер және географиялық обьектілердің жазбалары мен сипаттамаларының жоспары келтіріледі. Бұл технгология бірқатар география оқулықтарында, әдістемелік нұсқауларда жеткілікті түрде орын алған және көптеген география мұғалімдері жұмысында жақсы итерілген [3] .

Географияны оқыту процесінде бұрыннан бері Шаталовтың тірек - сигналдары технологиясы (логикалық тірек конспектілері - ЛОК ) жеткілікті түрде қолданылып келе жатыр. Географияны оқытудағы логикалық байланыстар схемасының ролі туралы Н. Н. Баранский былай деп жазған! «схемалар басты және негізгіні айыруға үйретеді, логикалық байланыстарды іздеуге, анықтауға және сабақты итеруге оқушыларға едеуір көмек береді». Байланыс схемаларын мұғалімдер үнемі пайдалануда. Жасалынған тірек конспектілер, оқушылардың танымдық әрекетін басқаруда мұғалімдерге көмек береді, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілетін дамытады, және де оқу жұмысы нәтижелерін өз бетімен бақылауды іске асыруда тіреу болады. Практикум мұғалімдер бұл технология жақсы меңтерген. Бұл технологияға байланысты бір қатар мақалалар және кітаптар жарық көрді.

Көптеген география оқулықтарына енгізілген, журнал беттерінде жарық көрген оқытушылардың жұмыс тәжірибесінен және мақалаларда жарияланған технологияларының бірі -оқушылардың оқу әрекетін қалыптастыру технологиясы. Бұл технологияда оқу әрекеті оқушылардың дәрістегі белсенділігінің ерекше бір түрі ретінде қарастырылады. Олар оқу тапсырмаларын шешу көмегімен білім алуға бағытталған. Етер қалыптасқан әдістеме мұғалімге не істеу керек екенін жазса, оқу әрекетін қалыптастыру технологиясы оқушы оқу тапсырмасын қалай шешу керек екеніндігін түсіндіреді. Сабақ алдында сыныпқа оқу тапсырмалары таратылады, ол сабақ барысында шешіледі де сабақ соңында нәтижесіне тесттің көмегімен диагностикалық тексеру жүргізіледі. Оқу әрекетін қалыптастыру технологиясы, оқу тапсырмаларының жүйесін мұғалім қандайда бір курс, тарау немесе тақырып бойынша құрастырады. Өз қызметінің және соған байланысты оқушылар әрекетінің өзара байланысын ұйымдастыру жобаларын жасайды және де тест тапсырмаларын дайындайды. Оқу тапсырмалары мен тесттер жүйесін әдістемелік құралдардан (практикум, мектеп түлектерін дайындау сапасын бағалау жинақтары және т. б. ) алуға болады. Бұл технологияны қолдану В. П. Сухов, В. Я. Ромм және В. П. Дроновтың оқулықтарында және журналдардың бірқатар мақалаларында жақсы ашылып көрсетілген.

Дифференциалдық оқыту технологиясы да география әдістемесінде жақсы белгілі. Оны қолдану кезінде сынып оқушыларының типологиялық ерекшеліктері ескіріліп, шартты топтарға бөлінеді. Топтарды жинақтау кезінде, оқушылардың оқуға деген жеке көзқарасы, білімділік деңгейі, пәнді оқуға қызығушылық деңгейі ескеріледі. Тапсырманы орындау мазмұны, көлемі, күрделілігі, әдісі мен тәсілдері бойынша және де оқыту нәтижелерін диагностикалау үшін әртүрлі деңгейлестірілген бағдарламалар жасалады.

География мұғалімдері жұмысы практикасында ойын сабақ әрекеті технологиясы кеңінен тараған. Бірақ оны іске асыру бір сәтті ғана (эпизод), болады онда танымдық әрекетті ұйымдастыру жүйесі жоқ. Ойынмен оқыту ұзақ дайындық жүргізгенде ғана оң нәтиже береді. Оқу тапсырмаларында ойынның әрбір позициясы айқын белгіленген, күрделі жағдайдан шығудың мүмкін болатын әдістемелік тәсілдерді анықталған және нәтижелерді бағалау тәсілдері жоспарланған ойын сценарийі ерекше орын алады.

Коммуникативтік оқыту технологиясы мұғалімнен оқу процесін ұйымдастыруға творчестволық дайындықты, эвристикалық сұхбаттың тәсілдерін итеруге, оқушылар арасында пікірталас тудыру үшін жағдай жасауды талап етеді. Мектепте оқытылатын географияның коммуникативтік оқыту технологиясын қолдануға үлкен мүмкіндіктері бар. Курстың әрбір тақырыптарында оқу тартысын ұйымдастыру үшін проблемалар тудыруға болады. Мысалы: «Жел- адамның жауы ма, досы ма?», «Атом энергетикасының дамытудың болашағы бар ма?» және т. б. Мұғалімге технологияның осы түрін қолдануға көптеген география оқулықтарының бай әдістемелік аппараты көмек береді.

Модульдік технология географияны оқытуда да кеңінен қолданылуды. Модуль деп- оқыту материалының мазмұны мен оны оқушылардың итеру технологиясын біріктіретін ерекше функциялық түйінді атайды. Мұғалім берілген оқу материалын итеру мақсаты айқын көрсетеді, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі үшін арнайы нұсқаулар жасайды, ақпарат көздерін пайдалануға дәл нұсқалар береді және оны ақпаратты итеру тәсілдерін түсіндіреді. Осы нұсқаларды тексеру тапсырмаларының үлгілері келтіріледі.

Соңғы жылдары практикада оқытудың үмытылған әдістеріне көңіл бөлінуде. География мұғалімдері оқушылардың жобалық іс-әрекетінің технологиясы деп аталатын жобалар әдісіне жирек көңіл бөле бастады. Бұл технологияның мағынасы, өлкетану жұмысы негізінде зерттеу қызметін ұйымдастырудан тұрады.

1. 2 Оқушылардың география пәніне деген танымдық

қызығушылықтарын арттыру

Қазіргі кезде әлемнің барлық елдерінде оқытудың сапасын көтеруге айрықша көңіл бөлініп отыр. Біздің елімізде де бәсекеге қабілетті түлек тәрбилеп шығаруға көп мән беріледі.

Американдық педагог Филип Шлекти өзінің ХХI ғасыр мектебі атты еңбегінде мектеп бағдарламасын жақсы меңтеріп, бірақ әртүрлі жағдайларда ары қарай жетілдіріп қолдана алмайтын түлектің қоғамда өзінің орнын табуы екі талай деп есептейді.

Оқушылардың география пәніне деген танымдық қызығушылығын анықтау үшін педагогикалық іс-тәжірибе барысында сыныптардың географиялық біліміне сараптама жүргіздім. Олардың нәтижелері бойынша сұрақтарға жауап берген оқушылардың география пәніне деген қызығушылығы 26% жоғары, 33% орташа, 41% төмен деңгейде екендігі анықталды. ЖБДД анықтау үшін өткізілген бақылау тілігі оқушылардың тек 51% ғана «анализ», 38 % «синтез» 35% салыстыру жасай алады. 29% логикалық ойлау, ал 34 % қорытынды жасау қабілеттері дамыған [4] .

Сабақта әртүрлі білім көздерімен жұмыс істеу үрдісінде 8-сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерінің қалыптасу динамикасы анықталды. Бұл диагностиканың нәтижелерін келесі кестеден көруге болады.

1 кесте

Шығармашылық қабілеттерінің қалыптасу динамикасы

Қабілеттер
Зерттелген оқушылар саны
Барлық балалар санынан %
№: 1
Қабілеттер: Тапсырманы тиімді шешу жолдарын іздестіру
Зерттелген оқушылар саны: 8
Барлық балалар санынан %: 24
№: 2
Қабілеттер: Тізбек жасау
Зерттелген оқушылар саны: 9
Барлық балалар санынан %: 26
№: 3
Қабілеттер: Қосымша ақпарат көздерін таба білу
Зерттелген оқушылар саны: 15
Барлық балалар санынан %: 44
№: 4
Қабілеттер: Қажетті ақпарат табу және жеткізе білу
Зерттелген оқушылар саны: 13
Барлық балалар санынан %: 38
№: 5
Қабілеттер: Тез ойлау
Зерттелген оқушылар саны: 8
Барлық балалар санынан %: 24
№: 6
Қабілеттер: Өз ойын анық жеткізе білу
Зерттелген оқушылар саны: 8
Барлық балалар санынан %: 24
№: 7
Қабілеттер: Тапсырманы тиімді орындау
Зерттелген оқушылар саны: 21
Барлық балалар санынан %: 61

Нәтижесінде оқушылардың 61% тапсырманы тиімді орындай алатыны көрінді. Ал тапсырманы тиімді шешу жолдарын іздестіру, тез ойлау, өз ойын анық жеткізе білу қабілеттерін дамыту үшін жұмыс жүргізу қажет.

Зерттеудің нәтижелерінен оқушылардың танымдық қызығушылық қабілеттерінің орташа деңгейден төмен екіндігі анық болды

География сабағын өту барысында мынадай міндеттер туындап отыр:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беруді ақпараттандыру қоғам дамуының факторы ретінде
Педагогикалық технологиялардың анықтамасы
Оқудың педагогикалық технологиялары жайында
Бизнеске арналған бұлттық технологиялар
Оқушы белсенділігін арттыру негізіндегі педагогикалық технологиялар
Компьютерлік технологияларды пайдаланудың артықшылықтары
Тестілеуге арналған ақпараттық жүйелер
Бастауыш сынып білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану
Жаңа ақпараттық технологияны оқу процесінде қолдану
Кәсіптік оқытуда жаңа оқыту технологияларын пайдалану ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz