ЕРТІС ӨЗЕНІ АЛАБЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

Ф-УК-052/2014

«Сырдария» университеті

Қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі

а. ш. ғ. к., доцент Дошманов Е.

«» 2013 ж.

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: «Геоэкологиялық жағдайдың Ертіс өзені алабына әсері»

5В011600- «География» мамандығы бойынша

Орындаған: Фазилов Э.

Ғылыми жетекшісі: Сариева Ш.

аға оқытушы

Жетісай, 2013

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ЕРТІС ӨЗЕНІ АЛАБЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

1. 1 Территорияның географиялық орналасуы және геологиялық құрылымы

мен геоморфологиясы . . . 6

1. 3 Климат жағдайы . . . 18

1. 4 Гидрография жүйесі . . . 23

1. 5 Территорияның топырақ жамылғысы, өсімдіктері мен

жануарларына сипаттама . . . 25

2 ЕРТIС ӨЗЕНI АЛАБЫНЫҢ ЛАНДШАФТТАРЫНЫҢ АНТРОПОГЕНДIК ЛАСТАНУЫ

2. 1Кешендердiң табиғи даму тенденциясы . . . 31

2. 2 Ертiс өзенi алабының ландшафттарының, жер бетi және жер асты суларының анропогендiк ластануы . . . 33

2. 3 Атмосфераның, топырақ жамылғысы мен биотаның ластануы . . . 36

2. 4 Ертiс алабының беткi суларын ластайтын негiзгi көздер . . . 39

2. 5 Қоршаған ортаға ядролық полигонның әсерi . . . 50

3 АНТРОПОГЕНДІК ӘСЕРДІҢ ТИГІЗЕТІН САЛДАРЫ МЕН ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЖАҚСАРТУ ШАРАЛАРЫ

3. 1 Медициналық жағдайы . . . 52

3. 2 Ертiс өзенi алабының табиғи кешендерiн жақсарту шаралары. . 55

3. 3 Қоршаған ортаны қорғау заңдары. 57

3. 4 Атмосфералық ауа және су ресурстарының жағдайы . . . 57

3. 5 Экологиялық заңнама. 60

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 64

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 66

КIРIСПЕ

Дипломдық тақырыптың өзектілігі. Iрi өзен алаптарының техногендiк қалдықтармен ластану қарқындылығының артуы, соңғы уақытта, негiзi мәселелердің бiрi болып отырғаны белгiлi. Қазақстанда осындай iрi өзен алаптарының бiрi болып табылатыны Ертiс бойының табиғи кешендерде де әр түрлi антропогендiк өзгерiске ұшырап отыр. Қарастырылып отырған Ертiс өзенi алабы, Қазақстан Республикасының солтүстiк-шығысында орналасқан территорияларды кесiп өтедi.

Зерттеуден алынған нәтижелер Ертіс өзені алабының территориясында экологиялық зерттеу жұмыстарында аймақтың антропогендік ластану заңдылықтары анықтауға септігін тигізді.

Зерттеу жұмысында өнеркәсіптік және шөлдену процесі мен полигон зардаптарының әсері қарастырылды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ертiс өзенi, солтүстiк жарты шардың үлкен он өзенiнiң санына кiретiн, Солтүстiк Мұзды мұхит алабына жататын, Обь өзенiнiң ең үлкен саласы. Ол - Қазақстанның ең негiзгi су артериясы. Ертiс өзенiнiң бiздiң Республикамыздағы алатын орны да ерекше. Өзен Қытайдағы Моңғол Алтайының оңтүстiк-батыс беткейiндегi мұздықтардан басталып, Зайсан көлiне келiп құяды. Қытайдағы Қара Ертiс деген атқа ие болса, Зайсан көлiнен ағып шыққаннан кейiн Ертiс деп қана аталады. Ертiс өзенi сөйтiп, Қытай жерiнен басталып, Шығыс Арқа мен Батыс Сiбiр арасындағы кең алқапты алып жатқан құтты өлкенiң, күре тамыры тәрiздi. Асау толқынды, ағыны күштi Ертiс өзенi-Шығыс Қазақстан облысының жақпарлы да, жартасты тауларын кесiп өтiп, Семей Павлодар аймақтарының жерiн қақажара, Омбыдан өтiп, Ханты-Манси Республикасына жақын жерде Обь өзенiне құяды.

Бiздiң республикамызда Ертiс өзенiнiң алабы оңтүстiк-шығыстан, солтүстiк-батысқа қарай созылып жатыр. Ол солтүстiгiнде Обь өзенiмен, оңтүстiгiнде Балқаш-Алакөл көлдерiмен және Сарыарқа, Алтай тауларымен шектесiп жатыр. Өзеннiң сол жағынан Саур-Тарбағатай, Қалба, Сарыарқа тауларынан алқап өзендерi келiп құйса, ал оң жағынан Қазақстанның Алтай тауынан, Батыс сiбiрдiң орталығы Белағаш, Құлынды және Бараба жазықтарынан ағатын өзендер келiп құяды.

Халық шаруашылығының әр түрлi саласында пайдаланғандықтан Ертiс бойының табиғи кешендерi өзгерiске ұшырап отыр. Ертiс өзенi алабында ең iрi қалалар мен өнеркәсiп орталықтарына қоса, ауылшаруашылығы жақсы дамығандықтан, су көзi әр түрлi петицидтермен, химиялық қалдықтармен ластанған.

Ертiс өзенi алабының су жүйесiнiң ластануына негiзгi үлестi металлургиялық және тау-кен байыту кешендерi, қалалар мен жұмысшылар ауылының коммуналдық шаруашылықтық кәсiпорындары қосады.

Ертiс өзенi алабының қазіргі экологиялық жағдайы, яғни ластану себебiне, ластаушы көздерге, ең көп таралған химиялық элементтерге және де осылардың әсерiнен қалыптасатын жағдайларға жеке-жеке тоқталып, сипаттама жасалынды. Бұған қоса медициналық жағында қарастырылды. Бұл тақырыпта көтерілген мәселе - қазiргi кезде қоршаған ортаны қорғау, оны ластанудан сақтау, табиғи тепе-теңдiктiң бұзылуы, табиғи ресурстарды экономикада ұтымды қолдану, бүкiл дүниежүзi елдерiнiң өзектi мәселесi болып табылады.

Қазақстан территориясында су қорларының аз таралуына байланысты, басты өзендердiң бiрi Ертiстiң және оның салаларының ластануы көп көңiл аудартады.

Тақырыптың бастапқы материалдары . Ертiс өзенiнiң тарихы терең, ежелден қоныс тепкен тайпалармен тығыз байланысты. Ертiс атауының тарихы кем дегенде екi мың жылдан асары сөзсiз.

Белгiлi саяхатшы П. П. Семенов Иртиш (Ир-қырғыз тiлiнде жер, тыш-қазу) деп жазса, В. Бартольд Артуш(Эртюш), А. П. Дульзон Кет тiлiнде ’’Ир-сес’’(өзен) Ирчис сөзiнен өзгерген деген пiкiр айтты. Э. М. Мурзаев гидроним түбiрi ’’Ир-иiрiм’’, түрiкше Ирмак (өзен) . В. П. Попова өзiнiң ’’Гидронимы Павлодарской области’ деген еңбегiнде ’’Ир’’және ’’Тыш’’ екi компоненттен құралған деп қарайды. Ертiс-Алтайдың мұздықтарынан басталатын Қара Ертiс, Қу Ертiс, Бала Ертiс, Бұлғын-Шыңғыл, Қыран, Бұршын қаба өзендерiнiң суын қосып алып, тасқынды тау өзенiне айналып қазақстан шекарасына шығады. Бұл жерде Алқабек саласы құйып, Марқакөлден ағып шыққан “Қалжыр”өзенiн қабылдап, ”қара Ертiс” деген атпен “Зайсан” көлiне келiп құяды. ”Ертiс” елiмiздiң ең iрi өзен артериясы.

Ертiс өңiрiнiң “Кендi Алтайын” зерттеуге 1 Петр басшылық еттi. 1715ж. Ямышево (Тұзқала) 1717ж. Железинск, 1718ж. Семей, 1720ж. Семияр, Коряков, Өскемен бекiнiстерi салына бастады. Павлодар қаласының маңындағы көлдер тұзды болғандықтан тұз өндiрiлiп, Ертiс арқылы Сiбiрге, Ресей қалаларына жiберiлiп отырған.

1771-1772 жылдары Академик П. С. Паллас Ертiстi Омбыдан Алтайға дейiн жағалай жүрiп, географиялық тұрғыдан зерттеп, өсiмдiктер, жануарлар түрлерiн ашып, халқымен танысты. Сонымен қатар П. П. Семенов-Тянь-Шанский 1856-1857ж, 1856, 1959ж., Ш. Ш. Уалиханов, 1862, 1864ж., Г. Н. Потанин, И. П. Пржевальский, И. П. Кириллов, Е. П. Михаэлис, В. А. Обручев зерттеуге өз үлестерiн қосқанымен, де әртүрлi саясатта жүргiздi.

1896-1902 жылдары Ф. А. Шербинаның басқаруымен санақшылар экспедициясы солтүстiк өңiрлерде көшпелi, жартылай көшпелi шаруашылықтарына зерттеу жүргiздi.

Бұл аймақтың геологиясы мен геоморфологиясын В. П. Нехорошев, Е. Д. Шлыгин, А. А. Абдуллиннiң еңбектерiнен таба алатын болсақ, Корабаев Рахымбектiң және де Омаров Тауанның жұмыстары көбiне, физгеографиялық жағынан сипаттама беруге арналған. Бұдан басқа да соңғы жылдары экологиямен айналысып жүрген ғалымдар: К. К. Дускаев, Ш. Шенбергер, Н. А. Амиргалиев, Б. А. Беремжанова, М. С. Панин, В. В. Иванов, С. К. Бейсембаева, Е. Ж. Жаркинов, В. Н. Голдобин, Ш. Д. Дюсопов, Н. А. Ибраев және т. б еңбектерін пайдландық.

Тақырыптың жаңашылдығы.

  • Аймақтың физикалық-географиялық жағдайы және халық шаруашылығында игерілуіндегі жалпы кеңістіктегі антропогендік әсердің таралуы.
  • Медициналық сараптамалардан өткен нәтижелерге аймақтың зардап шеккен тарриториясының үлесі туралы мәліметтер жинақталды.
  • Ертіс өзені алабының территориясындағы антропогендік ластану аймақтарының карталары құрастырылды.
  • Ертіс өзені алабының табиғи кешендерін жақсарту шаралары негізделді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Антропогендік процесс нәтижесінде қазіргі табиғи ландшафтардың көп өзгеріске ұшырауын және табиғи ресурстардың экологиялық жағдайы тиімді боларлықтай мөлшерде пайдалану барысында аймақтың үйлесімін зерттеу арқылы бағалап қадағалау.

Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттер қарастырылды:

1. Ертіс өзені алабының табиғи факторларына кешенді сипаттама беру.

2. Ертіс өзені алабын зерттеген ғалымдардың еңбектерімен, статистикалық мәліметтерге сонымен қоса бақылау орталықтарының мәліметтеріне сүйене отырып ластану көлемі мен мөлшерін анықтау.

3. Ертіс өзені алабы территориясында халық санының көп шоғырлануына байланысты сұраныстың өсуі барысында өнеркәсіптің дамуы. Сонымен қатар Ертіс өзені алабы территориясында ластаушы өнеркәсіптердің шоғырлануы.

4. Осы мәліметтерді ескере отырып Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес табиғи ортаны қорғау және қалдықсыз технологияны өңдеу жобаларын қолдану.

Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі. Диплом жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілді

1 ЕРТIС ӨЗЕНI АЛАБЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

  1. Территорияның-географиялық орналасуы

Ертiс өзенi, солтүстiк жарты шардың үлкен он өзенiнiң санына кiретiн, Солтүстiк Мұзды мұхит алабына жататын, Обь өзенiнiң ең үлкен саласы. Ол Қазақстанның ең негiзгi су артериясы. Ертiс өзенiнiң бiздiң Республикамыздағы алатын орны да ерекше. Себебi Ресейдегi Волга өзенi, Египетте - Нiл, Индиядағы - Ганг өзендерi қандай маңызға ие болса, Ертiс өзенiнiнде Қазақстандағы маңызы айтарлықтай ерекше, бұл осы елдiң символы сияқты.

Өзен Қытайдағы Моңғол Алтайының оңтүстiк-батыс беткейiндегi мұздықтардан басталып, Зайсан көлiне келiп құяды. Қытайдағы Қара Ертiс деген атқа ие болса, Зайсан көлiнен ағып шыққаннан кейiн Ертiс деп қана аталады. Ертiс өзенi сөйтiп, Қытай жерiнен басталып, Шығыс Арқа мен Батыс Сiбiр арасындағы кең алқапты алып жатқан құтты өлкенiң, күре тамыры тәрiздi. Асау толқынды, ағыны күштi Ертiс өзенi-Шығыс Қазақстан облысының жақпарлы да, жартасты тауларын кесiп өтiп, Семей Павлодар аймақтарының жерiн қақажара, Омбыдан өтiп, Ханты-Манси Республикасына жақын жерде Обь өзенiне құяды.

Бiздiң республикамызда Ертiс өзенiнiң алабы оңтүстiк-шығыстан, солтүстiк-батысқа қарай созылып жатыр. Ол солтүстiгiнде Обь өзенiмен, оңтүстiгiнде Балқаш-Алакөл көлдерiмен және Сарыарқа, Алтай тауларымен шектесiп жатыр. Өзеннiң сол жағынан Саур-Тарбағатай, Қалба, Сарыарқа тауларынан алқап өзендерi келiп құйса, ал оң жағынан Қазақстанның Алтай тауынан, Батыс сiбiрдiң орталығы Белағаш, Құлынды және Бараба жазықтарынан ағатын өзендер келiп құяды. Ертiс өзенiнiң алабының 97 % Қазақстан мен Батыс Сiбiр территориясында жатса, қалған 3 % ғана Қытайда орналасқан. ТМД -да бұл өзен алабының көлемi тек Енисей, Лена және Амур өзендерiнiң алаптарынан ғана кiшiрек

Ертіс өзені алабының физикалық-географиялық жағдайы көрсетілген (Сурет 1) [1] .

Территорияның геологиялық құрылымы және геоморфологиясы

Архей мен протерозой эралары

(Кембрийге дейiнгi)

Ертiс бойы алабының Дегелең-Шыңғыс ауданының кембрийге дейiнгi құрылымына Колокольников құмды тақтатасты қабатты жатқызады. Ол ауданның Мұржық, Арқалық және Дуана сияқты төменгi таулары жатқан, солтүстiк-батыс бөлiгiнде кездеседi. Мұржық тауының тақтатастарына, мыс

рудаларының кейбiр кен орындары бағынышты. Бұл қабаттың жасы, әлi анықталмаған, бiрақ олар Шыңғыс Тауының орта кембрийiнен ежелгi.

Алғашқы палеозой эрасы

Тек соңғы жылдары ғана, Қазақстанның төменгi палеозой қабатынан, кембрий шөгiндiлерi бөлiндi. Шартты түрде, Кендi Алтайдың кембрий-силур қабаттары геологиялық түсiрiмдердiң нәтижесiнде, келесi территориялардан байқалады:

1. Шарыш өзенiнi алабының солтүстiгiнде;

2. Кембрий-Силур, Кендi Алтайдың шайылатын орта зонасына, солтүстiк-шығыс жағынан қосылатын, Уба және Үлбi өзендерiнiң жоғарғы ағысында;

3. Кендi Алтай опырылымы шегiнде, антиклинорий ядросында кембрий-силур тау жыныстары екi жерде, шамамен Змейнагорск маңы және оңтүстiкке қарай, Шемонайха мен Жоғарғы өзен ауылының орталықтарында;

4. Ең соңғысы Ертiс пен Ертiс маңы зонасының аралығында шайылатын бүкiл бөлiк, кембрий-силур қабатынан немесе одан қалыптасатын, кристалл тақта тастардан тұрады.

Метаморфтық қабаттар, қалбаның Ертiс маңы граниттi массивiнiң солтүстiк беткейiн құрайды. Тау жыныстарының бұл кешенiне, Елисеев сипаттаған, метоморфизмнiң өзiндiк сипатына ие филитолы түрдегi тақта тастармен Кендi Алтайдың шегiнде кең дамыған, эпидотосерициттi-хлорийдтi тақта тастар және құмдар кiредi. Эпидотосерициттi-хлорийдтi тақта тастар және құмдар кварц дала шпаты серицит, эпидот, хлорид, темiрдiң тотығы, карбонат, аппатит, циркон, порфириттiң қатты өзгерген, үшкiр және домалақ қалдықтарынан тұратын, кейде қабаттасып жатқаны анық байқалатын, қою және ашық жасыл түстi тау жыныстарынан тұрады.

Метаморфтық қабаттардың қалыңдығы, изоклиналдық қатпарлық түрiнде анық зерттелмеген, бiрақ олар үлкен көлемiмен кездеседi. Бұл қабаттардың жасы, Қалбадағы тақта айналған өсiмдiктер мен жануарлардың таңбаларының жоқ болуының нәтижесiнен белгiсiз, сондықтан оларды кембрий-силурға шартты түрде жатқызады.

Кембрий құрылымы (жоғарғы және орта бөлiмдерi) Дегелең-Шыңғыс ауданында, солтүстiк беткейдiң алдыңғы тiзбегiн құрайтындықтан, Шыңғыс жотасында анық белгiлi. Олар сұр кремнийлi тақта тастар қабатынан, ашық сұр, ақ деседе болатындай, кристалды-дәндi әк тастардың қалың линза тәрiздi кенiнен тұрады және туфтар мен қатар жүретiн, порфирит жамылғысымен жабылып, бiр қалыпты қою сұр, кварцийттi-сазды тақта тастар мен көрiнiс бередi. Порфириттер мен туфтар қабаттасып, көбiне метаморфтық тақта тастарға айналған. Бұл тақта тастардан, Шаған өзенiне дейiнгi аралықта созылып жатқан және Хан Шыңғыс деген атпен таныс, Шыңғыс жотасының солтүстiк батыс шегi құралады. Осындай метаморфтық тақта тастардан, сондай-ақ Қадыр жотасыда қалыптасқан. Шыңғыс жотасының бүкiл кембрий қабаты порфирлер арасында құрамы мен құрылымы бойынша жақсы қосылған, тек Қарауыл - Өзек пен Тақыр өзендерiнiң аралығында, солтүстiк - батыс бағыттағы созылыңқы жүйектi жасайтын граниттi қабат жатыр. Осы жүйек пен Шыңғыс жотасының опырындысының арасында орналасқан жоталар тау алдын құрайды. Олар кварциттi сазды тақта тастардан, алтынның белгiсi бар кварцтардан тұрады. Ертiс алабының, Семей ауданында кембрий шөгiндiлерiнiң болуы дәлелденбеген, олар Аршалы тауынан солтүстiкке қарай кездеседi. Мұржық жотасының шегiнен, солтүстiк батысқа қарай Горнастаев порфиритойдтың қатты қабаттасқан және метаморфтелеген зонасын кездестiрдi. Осы кездескендердi ескере отырып, шамамен шыңғыс жотасының кембрий жолағының созылып жатқан жерiне дейiнгi аймақты шартты түрде кембрийге жатқызуға болады[2] .

Ортаңғы палеозой эрасы

Силур шөгiндiлерi Никонов бойынша, Алтайдың солтүстiк бөлiгiнде тараған (төменнен жоғарыға қарай) ;

  1. Сазды - әк тасты тақта тастар 2 км.

2. Жасыл, қызғылт көк, қызыл-қоңыр тақта тастармен конгломераттар, 5 км.

3. Сазды - әк тасты тақта тастар 1 км.

4. Құмдар, конгломераттар 1 км.

Осы шөгiндiлер мен төменгi силурдың қимасы бiтедi. Силур қабаты Шарыш өзенi алабы бойынша және Бұқтырма өзенiнiң жоғарғы ағысында, яғни орталық, солтүстiк және солтүстiк-батыс Алтайдың бiраз жерiн алып жатыр. Алтайдан батысқа қарай, силур шөгiндiлерi Қалба, Шыңғыс, Дегелең, Ертiс маңы және Тарбағатайдың көптеген аудандарында кездеседi. Олар бiр-бiрiнен ұқсас. Негiзгi тараған шөгiндiлерде, Шыңғыс жотасынан алынған мына қимадан көруге болады (төменнен жоғарыға қарай) ;

  1. кварциттi малта тастар конгломераттар;

2. туфты құмдар, порфириттi лавалар, туфтар, арениг фаунасына әк тастардың линзасы кездесетiн яшмалық жыныстар, 1000-3000 метр;

3. жоғарыға қарай кварциттi тақта тастар, конгломераттар туфтар, порфириттi лавалар тараған. Бұлардың iшiнде кей жерлерде, төменгi силурдың ең жоғарғы бөлiгiнде, маржанды әк тастардың линзалары кездеседi 1000 метр. Бұдан жоғарыда конгломераттар, порфириттер және альбитофирлi лавалар, кварциттi тақта тастар және туфтардың қалың қабаты таралған 750-1000 метр.

Силурдың едәуiр жоғарғы қабаттары Шыңғыс жотасының оңтүстiк бөлiгiмен одан Шығысқа қарайғы жерлерде кездеседi.

Девонның төменгi қабаты және олардың силурмен байланысы, Алтайда әлi толық анықталмаған. Төменгi девон, негiзiнен порфириттi лавалар, туфтар және конгломераттар сияқты, вулкандық жыныстардан құралады. Алтайдың көптеген жерлерiнде девон мен силур кезеңдерiнiң аралығындағы үйлеспеушiлiк пен үзiлiс анық байқалады. Кендi Алтайдың орта девон қимасының үлкен бөлiгiн эффузивтер және олармен байланысты туфты, үшкiр тасты жыныстар құрайды. Кендi Алтайдың девон шөгiндiлерiнiң жалпы қалыңдығы 4-5 км. болады.

Оңтүстiк Алтайда, көптеген жағдайда құрамында органикалық қалдықтар кездеспейтiн, тақта тасты қабаттың үлкен қалыңдықтары дамыған. Семей ауданының девон қимасы мынандай:

  • девонның төменгi бөлiгiн вулканды жыныстар құрайды.

Олардың негiзi порфириттi жыныстардан, жоғарыда қышқыл-альбитофирлерден тұрады. Бұлардың үстiнде әк тастар және басқа да маржандар жатыр. Әк тастардан жоғары қызыл түстi, тақта тасты-құмды шөгiндiлер немесе ашық сұр және қызыл, сазды, кремнийленген тақта тастар, туфтар тараған. Олар оңтүстiкке қарай вулканды жыныстар мен қатты байыған, яғни көп кездеседi. Оларды Турней құмдары мен әк тастар жауып жатыр /39/.

Сергиополь қаласына және де Батыс қалбаға жақын девон қабаттары да, вулкандық заттарға айтарлықтай бай. Ауданның оңтүстiк бөлiктерiнде (Шар өзенiнiң бастауы) бұл жыныстар, анденизинофирленген және альбитофирленген лавалық жамылғы мен қабаттасады. Жоғарғы девон шөгiндiлерi тақта тастар, құмдар, қышқыл және негiзгi эффузифтер түрлерiмен де байқалады. Олардың арасында кейде, қалыңдығы 500 метр болатын (Даубай) әк тастар да жатады .

Девонның жоғарғы свиталарында туфтар мен құмдардың арасында өсiмдiк қалдықтары да кездеседi. Осы белдеуден оңтүстiк-шығысқа қарай, Зайсан ойпаты мен Сауыр және Маңырақ тау жоталарында девон шөгiндiлерi, жоғарыдағы құрамын сақтайды. Әк тастар орта және жоғарғы девон шөгiндiлерiнде де кездеседi[3] .

Соңғы палеозой эрасы

Тас көмiр немесе карбон кезеңiнiң шөгiндiлерi Алтайдың батыс шегiнiң бiраз жерiн алып жатыр, олар девон шөгiндiлерiмен тығыз байланысты. Карбонның қималары Өскемен мен Риддердiң аралығында толық зерттелген. Негiзiнде, Нехорошев бойынша порфириттiк лавалар мен туфтар жатса, жоғарғы бөлiгiне қарай туфиттер және әк тасты құмдар (қалыңдығы 15-25 метр) тараған. Одан жоғарыда, қалыңдығы 320 метрден жоғары болатын, жасыл сұр, сазды тақта тастар орналасқан. Бұдан да жоғарыда әк тасты қабатты, сұр тақта тастардан құралатын, Бұқтырма свитасы жатыр. Бұның қалыңдығы 250-350 метр. Сипатталған қабаттың құрамы өзгермелi, Бұқтырма өзенi бойында, бұл қабатта, әк тастардың қабатының қалың екендiгi байқалады. Одан кейiн, 1000 метрден жоғары қалыңдыққа жететiн, Үлбi свитасы орналасқан. Ол да тақта тастар мен құмдардан тұрады, соңғысы жоғарғы бөлiктерге тән. Үлбi свитасының шөгiндiлерiнiң жоғарғы бөлiктерiнде, өсiмдiк қалдықтары мен көмiр кездеседi. Карбонның Алтайдағы жоғарғы мүшесi болып, эффузивтi-туфты қабаттар табылады. Бұнда органикалық қалдықтар кездеспеген. Оңтүстiк Алтайда карбон шөгiндiлерiнiң қалыңдығы, Кендi Алтайға қарағанда айтарлықтай көп. Карбонға жататын қалың қабат, сазды тақта тастардан және әк тасты құмдардан тұрады .

Алтайдан батысқа қарай, Семей маңында, төменгi карбон қабаттары, жоғарғы девон шөгiндiлерiмен тығыз байланысады. Семейден оңтүстiкке қарай ұзаған сайын, вулкандық шөгiндiлер көптеп кездеседi. Қалба жотасында, туфтар мен лавалар қышқыл түрiнде де негiз түрiнде де көп тараған. Карбон шөгiндiлерiнiң қалыңдығы, Семей және Қалба аймақтарында анық өлшенбеген, бiрақ олар өте көп және километрлермен есептелiнедi (3-5 км. шамасында) .

Пермь тектоникалық қозғалыстардың шұғыл дифференциясымен ерекшеленедi. Пермь кезеңiнiң климаты, Алтай тауларында ылғалды болды.

Сауыр жотасында төменгi Пермь жасын көрсететiн, балықтардың қалдықтары, ал Зайсан қазаншұңқырында, жоғарғы палеозойдың төменгi бөлiгiнде теңiз фаунасы кездеседi. Қалба жотасы мен Ертiс маңы аудандарының жоғарғы палеозой шөгiндiлерiнде, жоғарғы карбонда пайда болып, Пермьде жақсы дамыған пiшiндерде кездеседi. Жоғарғы Пермьдегi жаңа қабаттардың шөгуi, Сауыр жотасындағыдай, қалың конгломераттардың жиналымы басталды. Осы кезде бүкiл Қазақстан бойынша, төменгi Пермь мен жоғарғы Триас аралығында, өте үлкен алмасулар, көтерiлулер, опырылулар мен орқаш таулар пайда болып, тау көтерiлудiң iрi процесi болғаны байқалады [4] .

Мезазой эрасы

Триас - жердiң пайда болу тарихында, құрлық үлкен болып, ал теңiз ауданы, геосинклинальдың тар ғана жолақтарымен айтарлықтай шектеулi тараған кезеңнiң бiрi болып табылады. Бұл кезде Алтайда, Кендiрлiк сияқты ойпаттар қалыптасты. Бұл ойпаттарда өзендер, одан кейiн көлдер пайда болып, олар кейiннен батпаққа айналды да, бұдан ең соңында тас көмiр қабаты қалыптасты. Триаста ыстық және құрғақ климат, жауынды кезеңдермен алмасып отырды. Сонымен, Пермьнiң соңы мен Триастың бiрiншi бөлiмiнде құрғақ, тiптi кей жерлерi шөлейт климатқа ие болсада, триастың соңында жауын-шашынның сипаты мен өсiмдiктерiне қарап отырып, климаттың ылғалды болғанын байқаймыз. Осы кезде тас көмiр қабаты қалыптаса бастады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қара Ертіс өзені алабының негізгі өзендерінің жылдық ағынды үлестірімі
Күршім өзені алабының өзендері
Ертіс өзеніне физикалық-географиялық сипаттама
Төменгі ағынның қалыптасу факторлары
Азия өзендеріне жалпы сипаттама
Ертіс алабындағы өзен
Ертіс атауының этимологиясы
Балқаш көлінің физикалық-географиялық жағдайы
Ертіс өзені
Ертіс өзенінің табиғи жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz