ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТЕХНОГЕНДІ ЛАСТАНУ КӨЗДЕРІ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы : Шығыс Қазақстан облысының техногенді ластануына ықпал етуші негізгі факторлар

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ. . . . 3

І ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ

1. 1 ШҚО-ның табиғи-климаттық сипаттамасы . . . 5

1. 2 Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық

сипаттмасы . . . 6

2 ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТЕХНОГЕНДІ ЛАСТАНУ

КӨЗДЕРІ

2. 1 Ластануына ықпал етуші негізгі факторлар . . . 8

2. 2 Ертіс өзені алабының техногендік ластануы . . . 16

2. 3 Семей оңірінде техногенді үйінділердің таралуы . . . 18

2. 4 Қоршаған ортаға ядролық полигонның әсері . . . 21

3 ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ АХУАЛЫНА ТАЛДАУ

3. 1 Атмосфераның жай-күйі . . . 27

3. 2 Су ресурстарының жай-күйі . . . 29

3. 3 Жер ресурстарын қорғау . . . 33

3. 4 Өндіріс және тұтыну қалдықтары . . . 38

3. 5 Биоресурстардың жай-күйі . . . 42

3. 6 Радиациялық ластану . . . 47

4 ТАБИҒИ ОРТАНЫҢ АНТРОПОГЕНДІК ЛАСТАНУ ЖОЛДАРЫН ЖАҚСАРТУ ШАРАЛАРЫ

4. 1 Шығыс Қазақстан облысы табиғи ортасының антропогендік

ластанудан жақсарту жолдары . . . 58

4. 2 «Шығыс Қазақстан облысының қоршаған ортасын қорғаудың

2011-2012 жылдарға арналған» өңірлік бағдарламасының

орындалуына талдау . . . 59

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 63

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 66

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы дамуы бойынша алдынғы қатардағы 50 ел қатарына кіру туралы сөзі барлығымызға бағдар болып отыр. Экологиялық қауіпсіздік тұрақты дамудың негізгі бір көрсеткіші болып табылады. Сондықтан республикамыздың экологиялық жағдайын жақсарту жөніндегі сұрақтың маңызы зор болып отыр. Бұл жұмыста Шығыс Қазақстан облысының техногенді ластану көздері зерттеліп, қоршаған ортаны жақсарту мәселелері қарастырылған.

Техногенді ластану біріншіден экологиялық мәселеге жатады, екіншіден антропогенді ландшафттарының қалыптасуының факторы болып табылса, үшінші жағынан адамзаттың өмірінің сапасын төмендететін фактор болып табылады. Сондықтан зерттелген тақырыптың өзектілігін анықтайды.

Ғылыми жаңашылдығы. Бұл жұмыста Шығыс Қазақстан облысының техногенді ластану және оның көздері жүйелі түрде зерттеліп қоршаған табиғи ортаны жақсарту шараларына талдау жүргізіліп ұсыныстар берілген. Жұмыста анықталған ластану ерекшеліктерін пайдаланып қоршаған ортаның ластану деңгейін болжауға мүмкіндік береді және оны реттеу, жақсарту және қалпына келтіру жұмыстарына көмек бола алады.

Практикалық маңыздылығы. Бұл жұмыста Шығыс Қазақстан облысының техногенді ластану көздері қарастырылған және қоршаған ортасының қазіргі заманғы ахуалына талдау келтірілген. Сонымен бірге Шығыс Қазақстан облысындағы қалалардың экологиялық мәселелері, Ертіс өзені алабының техногенді ластануы, Семей өңірінде техногенді үйінділердің таралуы және қоршаған ортаға ядролық сынақ полигонының әсері зерттелген.

Осы экологиялық мәселелерді шешуде облыста өңірлік бағдарлама қабылданған. «Шығыс Қазақстан облысының қоршаған ортасын қорғаудың 2005-2007 жылдарға арналған» өңірлік бағдарламасының орындалуына талдау да бұл жұмыста сөз етілмек. Сондай-ақ жалпы табиғи ортаның антропогендік ластануына ықпал етуші негізгі факторлар және осы мәселелерді шешу жолдары мен жақсарту шаралары да қарастырылған. Бұл жұмыста анықталған мәліметтерді пайдаланып қоршаған табиғи ортаны жақсарту шараларын жоспарлауға пайдалануға болады.

Диплом жұмысның мақсаты. Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының техногенді ластанған аймақтарының бірі болып табылады, себебі бұл жерде республикамыздың ірі өндіріс орталықтары, кен орындары шоғырланаған, сонымен қатар ядролық сынақ полигоны да осы жерде орналасқан. Ядролық сынақтар қазіргі таңда жүргізілмегенімен оның зардабы әлі де таусылар емес.

Бұл жұмыстың мақсаты Шығыс Қазақстан облысының техногенді ластану көздерін зерттеп, оның қоршаған табиғи ортаға тигізетін әсерін ашып көрсету және ластану ерекшеліктерін сандық мәлімет түрінде көрсетіп анализ жасау.

Шығыс Қазақстан облысы республикамыздың шығысында орналасқан ірі өндірістік өңір. Бұл жерде тау-кен өнеркәсібі, метталлургиялық өнеркәсіп, энергетика саласы және т. б. жақсы дамыған аймақ. Өндірістің қарқынды дамуы экологиясының да нашарлануына, сонымен қатар тұрғындарының денсаулығына кері әсерін тигізуде. Сондықтан осы өңірдің экологиялық мәселелеріне ерекше назар аудару қажет. Сонымен қатар облыста жүргізіліп жатқан қоршаған табиғи ортаны қорғау шаралары қарастырылып талқыланады және кейбір табиғи компоненттерін қалпына келтіру мәселелерін де ашып көрсету көзделген.

Диплом жұмысының міндеті. Шығыс Қазақстан облысының техногенді ластанудың негізгі көздерін анықтау, қоршаған табиғи ортаның ластануының факторларын анықтау және олардың кері әсерін бағалау. Шығыс Қазақстан облысының қоршаған ортасының қазіргі ахуалын зерттеп, талдау болып табылады.

Зерттелу объектісі. Жұмыстың зерттелу объектісі ретінде қоршаған табиғи ортаның техногенді ластану көздері болып табылады. Атап айтқанда ауа бассейнінің, су алқаптарының, топырақ жамылғысының, фауна мен флорасының, жер ресурстарының қазіргі жай-күйі және оларға техногенді әсердің ықпалы қарастырылған.

Теориялық және әдіснамалық негізі. Жұмысты жазу барысында көптеген мәліметтер пайдаланды, сонын ішінде түрлі әдебиеттер мен ресми басылымдарда жарияланған статистикалық көрсеткіштер, интернет жүйесі қолданылды. Жұмыс барысында салыстырмалы, салыстырмалы-аналитикалық әдістері қолданылды. Статистикалық мәліметтер қолданып талдау жұмыстары жүргізілген.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе, төрт бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады .

1 ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ

1. 1 Шығыс Қазақстанның табиғи-климаттық сипаттамасы

Шығыс Қазақстан облысы - Қытай және Ресей мемлекеттерімен шекаралас жатқан, Қазақстанның шығысындағы облысы. 1997 жылдан бастап территориясына бұрынғы Семей облысы қосылады. Жер көлемі - 283000 шаршы шақырым. Халқы 1 451 000 жетсе (2004 жыл 1 шілде), бір шаршы шақырымға 5 адамнан келеді. Аймақтың географиялық орналасуы табиғи жағдайының әртүрлілігімен ерекшеленеді. Шығыс Қазақстанның оңтүстік - батыс аймағы түгелдей ұсақ шоқылы, ал орталығы жазықты болып келеді. Қазақстан Республикасының шегіне, Алтай таулы аймағының батыс бөлігі ғана кіреді де және ол таулы үстүрттің абсолюттік биіктіктерінің көтерілумен, яғни оңтүстік - шығысқа қарай биіктігінің үлкеюімен сипатталады.

Шығыс Қазақстан 283, 23 мың шаршы шақырым аумақты алып жатыр, Қазақстанның барлық аумағының 10 % аз ғана астамын құрайды, тұрғындарының да үлесі ұқсас. Облыс шекарааралык басты күретамыр - Ертіс өзенімен дамыған өзен желілерімен сипатталады.

Облыстың аумағы орташа және нашар ылғалды аймаққа жатады (жауын-шашынның мөлшері жылына 100-ден 1000 мм дейін, биік тауларда жылына 2500 мм дейін жетуі мүмкін) . ШҚО климаты континеттіктен қоңыржай континентікке ауысады, жылдық температураның ауыткуы 43-30°С құрайды, Күрделі таулы бедерге байланысты климаттық жағдай тік белдеу заңына бағынады, Күн радиациясыньң қосындысы жылына 4525, 2 бастап 6565, 5 МДж/м 2 шегіңде солтүстіктен оңтүстікке ауысады. Радиациялык баланс (радиациялардың қосьндысы арасындағы айырмашылық және оның шағылудағы жоғалтулары мен сәулеленуінің тиімділігі) жылына орта есеппен оң және жылына 1815 МДж/м 2 құрайды

Аумақтардың өнеркәсіптік-ауыл шаруашылықтық тегіс игерілмеуі және Шығыс Қазақстан облысының қалалар мен ауылдық елді-мекендерін орнату өзіндік табиғи шартқа - тігінен мүшеленген жоғары деңгейлік, ландшафттық құрылымының уатылуы мен біртекті еместігінің жоғарылығына негізделген. Облыстың солтүстік, солтүстік-шығыс және шығыс аудандары ауыл шаруашылық қатынасында жерді пайдалану ауданы, ал батыс және онтүстік аудандары - жайылымдық пайдаланудағы аудандар болып келеді Аграрлы-өнеркәсіпті кешеннің дамуы табиғи ландшафттардың антропогендік әсерге әлсіздігінің және ауылдық аумақтардың экологиялық ахуалға тұрақсыздық деңгейінің жоғарылылығын алдын ала анықтады. Ауыл шаруашылығына тағайындалған жерлердегі қазіргі заманғы ландшафттың-экологиялық ахуал табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен қалыптасады, олардың ішіндегі маңыздысы тау-кен өндіру және өнеркәсіптің кен өңдеу салалары мен энергетика болып табылады. Пайдалы қазбаларды өңдіруді үдете түсу (кенді, кенсіз, кұрылыс материалдарын), алынатын және өңделетін шикізаттың агрессивтілігінің артуы лаңдшафттың құрауыштарыньң барлығының қарқынды ластану үдерісіне әсер етеді (атмосфераның ауасы, жер үсті, жер асты, ыза сулары, топырақ және өсімдік жамылғысы), Қоршаған ортаның қазіргі заманғы ахуалы кейбір шамада Семей ядролық сынақ полигонының кызметіне негізделген.

1. 2 Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық

сипаттамасы

1) ШҚО әлеуметтік-экономикалық сипаттама.

2010 жылдың 1 желтоқсанындағы ШҚО статистикалық басқармасы мәліметі бойынша облыстағы тұрғындар саны 1443, 5 мың адамды құрайды.

Облыста 15 аудан және 9 қалалар 27 поселкілер, 857 ауыл және ауылдық тұрғындар пункті бар. Қала тұрғындары - 854, 7 мың адам (59, 2%), ауыл тұрғындары 588, 8 мың адам (40, 8%) .

2010 жылғы облыстағы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері тұрақты экономикалық өсу тенденциясының сақтаулуы байқалады. 2003 жылмен салыстырғанда өндіріс орындары көлемі 4, 9%-ке өскен. Оңды тенденциялар айналдыру өндірістің 7, 8 %, ұйымдар мен электр жарығы, газ бен суды жеткізудің 2, 8 %-ға өсу қарқынына негізділінген.

2000 жылдан бері ШҚО өнеркәсіп көлемінің өсуінің жалғасу жағдайына байланысты өнеркәсіп қалдықтарын орналастыру, ластанушы заттардың қалдықтары мен шығындыларын төмендету тенденциясы аталып өтті. Бұл өнеркәсіпті модернизациялау, шаң-тозаң сорғыш жүйесін жетілдіру, тазарту қондырғыларының әсерлілігін жұмыстарын инспекторлық бақылауды іске асыру ұйымдардың (қаржыландыру) инвестициясын қосу есебінен мүмкіндік алды. 1 суретке сәйкес өнеркәсіп өндірісі өнімдерінің физикалық көлемі мен облыстағы атмосфераны ластаушы заттардың қоқыс-қалдықтарының индексінің өзгеруінің өзара байлынысы облыстық статистика басқармасы мәліметінде графикпен көрсетілген.

Сурет 1 Өнеркәсіп өндірісі өнімдерінің физикалық көлемі мен атмосфераны ластаушы заттар қоқыс-қалдықтарының индексінің өзгеру динамикасы

Облыстағы қоршаған ортаның ластану дәрежесін төмендету «ШҚО 2011-2012 жылдарда табиғат ресурстарын рационалды пайдалану мен қорғау туралы» аймақтық бағдарламасын орындауға сәйкестендірілді. Семейдегі сынама ядролық полигонының мүмкіндіктеріне байланысты тұрғындар денсаулығы мен қоршаған ортаның қазіргі жағдайы тарихи кезеңдегідей біршама қалыпта келгенін, сонымен қатар кеңес дәуірінен соң экономиканың экстенсивті дамуын атап өткен жөн. ШҚО өндірістің негізгі саласында қоршаған орта жағдайына жағымсыз әсер тигізетін болып тау-кен, түсті металлургия, жылу энергетикасы табылады. Өнеркәсіп өндірісінің құрылымы 2 суретте көрсетілген.

Сурет 2. ШҚО-ның өндірістік құрылымы

Еліміздің президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында экспорттық потенциал өсуі үшін бірінші кезекті тапсырма қатарына металлургия және металл өңдеуді дамыту қойылды. Республика экономикасының бірден-бір алдыңғы негізгі салалары түсті металл индустриясы болды, бірақ оның дамуы қоршаған ортаны қорғау мен табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және 2014-2015 жылдарда ҚР экологиялық қауіпсіздігі концепциясы талаптары ұлттық стратегияға қарама-қайшылық көрсетпеуі қажет[1] .

Бұл 2011-2012 ж. ШҚО-ның қоршаған ортаны қорғауда аймақтық бағдарламасын жасау кезінде ескерілген.

ШҚО-ның тау металлургия кешенінде, ядролық жағармай, Семейдегі сынама ядролық полигоны зардаптары сияқты өнеркәсіп күштерінің өлшеусіз концентрациясы барлығы жинақтала Шығыс Қазақстан, әсіресе оның ядролық полигонға жататын өндірістік аудандары мен территорияларында өте жоғары дәрежелі экологиялық қауіп-қатер мекені болып табылады.

2 ШҚО-НЫҢ ТЕХНОГЕНДІ ЛАСТАНУ КӨЗДЕРІ

2. 1 Ластауына ықпал етуші негізгі факторлар

Шығыс Қазақстан облысының экономикасында түсті металлургия алғашқы орында тұрады. Алтай - Шығыс Қазақстанның ең ірі кен орны болып табылады. Мұнда полиметалдық кендер шоғырланған ірі кен орны (Белоусовск, Риддер, Тишинск, Зыряновск, Малеевск және тағы басқалары) . Оларды өңдеу арқылы: мыс, қорғасын, мырыш, алтын, күміс, алынады. Бұл кен орындарының негізінде тау - кен байыту және тау - кен металлургиялық кәсіпорындар мен комбинаттар келесі салаға: қорғасын мен мырыш - Өскемен қорғасын мырыш, Лениногорск полиметаллдық, Зыряновскідегі қорғасын, Ертіс полиметалл комбинаттары; мыс - Ертіс мыс балқыту завоты; титан-магний - Өскемен титан-магний комбинаты және тағы басқаларына бөлінеді. Бұл кәсіпорындар қоршаған ортаның ластануына себепші болып отыр. Ең ірі ластаушы кәсіпорындар 5 өндірістік-территориялық тораптарда: Ертіс маңы, Риддер, Зыряновск, Шемонаиха және Серебрянск - Белогорскіде шоғырланған. Бұл кәсіпорындар мен комбинаттардың жұмысының нәтижесінде тау-кен геологиялық кешендерде ауданы 20 шаршы шақырымға жуық ірі техногендік биохимиялық провинция пайда болған. Олардың маңындағы қоршаған орта компоненттерінің бәрі қарқынды ластану үстінде. 1991 - 1992 жылдары Өскемен қаласында өткізілген тәуелсіз экология экспертизасының мәліметі бойынша, тұрғындардың ауруға шалдығуы қоршаған ортаның экологиялық жағдайына тікелей байланысты екенін анықтады.

Х. С. Беспаев, Г. Д. Ганженко, Б. А. Дьячков және тағы басқалар Шығыс Қазақстан облысы маңында келесі металогендік белдеулерді бөледі: Кенді Алтай, Қалба - Нарым, Батыс Қалба, Жарма-Саур мен Шығыс Тарбағатай.

Солтүстік - батысқа созылып жатқан Кенді Алтай поллиметалды белдеуі сына пішімдес Таулы Алтай құрлымдарымен шекаралас орналасқан. Солтүстік-батыс қанаттағы оның құрлымдары 175 шақырымға дейін жайылып, Құлынды ойпатының борпылтақ жыныстарымен көмкерілген, оңтүстік-шығыста олар Жоңғар тақтасының әсерінен қысылып, ендігі 5-10 шақырымдық тар тақталар құрайды. Олар 3 металлогендік зоналарға бөлінеді: кенді Алтай, Белоубинск-Сарымсақты, Ертіс.

Кенді Алтайдағы көптеген сульфитті-поллиметалдық кен орындары түсті металлургиялық дамуындағы шикізат базасы бола отырып, оған тығыз байланысты салалары энергетика, машина жасау, құрлыс индустриясының да базасы болып отыр.

Поллиметаллургиялық кен орындарындағы кеннің құрамында шашыранды сульфитті минералдарды мынадай минералдар құрайды: темір, мырыш, мыс, магний, күміс, барий, алтын, кадмий, тантал, сынап, селен және тағы басқалар. Гумиттік климаттық жағдайда сульфитті кен орындардағы тотығу зоналарында сульфиттердің тотығуы жүріп және кен қалдықтары жер асты суларымен қоршаған ортаға тасымалдануда.

Сульфитті минералдың тотығу процесі температураның жоғарылануында жүріп көп мөлшерде күкірт қышқылының жинақталуына әкеп соғады. Су ерітінділерінде қышқылдану реакциясы және жоғары агрессивтену пайда болады.

Рудалар мен аралас жыныстарды сілтісіздендіру кезінде жер асты суларының минералдануы көп мөлшердегі сульфаттың араласуымен иондары 1-3 г/литрге және одан жоғары көтеріледі, судың тұздануы 15-20 мг-экв. /литрге өседі, рудаларды құрайтын металдардың топталуы мен олардың серіктері (спутниктері) ондаған, жүздеген есе фонынан асып түседі.

Поллиметалдық кен орындарындағы өндіріс кезінде пайда болған техногендік факторлардың әсерінен элементтердің қышқылдану процесі мен сілтілену айтарлықтай жоғарылайды. Осыған байланысты, біздің көз қарасымыз бойынша, ең жоғары дәрежеде қоршаған ортаға әсер ететін кен орындарындағы өндіріс тәсілдері - ашық, карьерлі немесе жер асты, шахталық болып бөлінеді.

Бұлардың ішіндегі өте қолайсыз тәсіл - ашық тәсіл, онда баланстық рудалар мен минералданған жыныстар өте көп мөлшерде жер бетіне шөгіп ондаған, жүздеген жылдар бойы топырақ пен судың ластануының қуатты көзіне айналды. Денелерде жинақталған қалдықтар атмосфераның ылғалдануымен, шашыранды металдармен қоса күкірт қышқылына айналады, олар өз бетінше дренаждық сулар мен топырақта, жер асты суларымен ары қарай бұлақтар мен өзендерге шөгіп қалады.

Қоршаған ортаға үлкен қауып төндіретін кен-байыту фабрикаларының үйінділері, оның ішінде су ресурстарының кен орындарымен тау-кен өнеркәсібінің орналасу аудандарында шахталар мен карьерлі-рудалық суларды дренаждық, ағын сулар және оларды зиянсыз ету мен тазалау, арнайы тазалау құрылыстарын салуды қажет етеді [2] .

Кенді Алтайдағы поллиметалдық кен орындарында жүргізілген жұмыс осы саладағы кен өндіру кәсіпорындары мен апатты жағдайларда жобалау құрылыс пен эксплуатация кезіндегі экологиялық талаптарды ескермеу қазіргі уақытта және болашаққа айтарлықтай кері әсерін тигізудің басты себепшісі болып отыр.

Шығыс Қазақстан облысы қалаларының экологиялық жағдайын осы тарауда жеке әр қалаға тоқталып қарастырайық.

Шығыс Қазақстан облысының қалаларының ауасына шығарылған ластаушы заттардың үлесі (%) . Ал шығарылған ластаушы заттардың ингредиенттер бойынша шығарындылары (%) .

Өскемен қаласы кенді Алтай тау бөктерінде 1720 ж. салынған. Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласы. 01. 01. 2010 ж. санақ бойынша Өскемен қаласында 305 мың адам тіркелген. Өскемен кәсіпорындарында қорғасын, мырыш, титан, магний, күкірт қышқылы, асыл және сирек кездесетін металдарды өндіретін тау-кен жабдықтары мен басқа да өнімдерді өндіретін өнеркәсіптік қала. Облыс бойынша өндірілетін өнеркәсіп өнімдерінің 55-і Өскемен қаласына тиесілі. Өскемен қаласы аймағында облыс орталығының қоршаған ортаға әсерін тигізетін 398 өнеркәсіпті объектілері бар. Шығыс Қазақстан облысының статистикалық мәліметтері бойынша Өскемен қаласында 3217 ұйымдастырылған және 2484 ұйымдастырылмаған стационарлы көздер бар. Облыс орталығы бойынша ластаушы заттардың жалпы көлемінің 1997-2003 жж. бойынша динамикасы 3 суретте келтірілген.

Сурет 3. 1997-2003 жж. -дағы Өскемен қаласындағы ластаушы заттардың жалпы көлемі, мың тонна

Өскемен қаласының ауасын ластайтын кәсіпорын “Казцинк”, оның үлесіне cтационарлы көздердің зиянды қалдықтарының 73, 4 % тиесілі, ал электр энергетикалық кәсіпорындарының үлесіне 20, 5 % келеді. Қалған кәсіпорындардаға (ААҚ “ӨМЗ”, ААҚ “ӨКА-ТМК”) - 6, 1 % тиісті.

Облыс орталығында амосфералық ауаның ластануына жылжымалы көздердің үлесі де қосылады. Шығыс Қазақстан облысының автомобиль көлігімен жүк тасымалдау 80 % құрайды. Автомобиль парктерінің көбеюіне себеп болады. Облыс орталығында жылжымалы ластану көздерінің динамикасы өскен.

Шығыс Қазақстанның гидрометеорологиялық орталықтарының мәліметтері бойынша Өскемен қаласының атмосфера ауасының ластану көзі 1991 жыл мен салыстырғанда біршама азайғанын төменгі кестеден көруге болады. Бұл жағдайды немен түсіндіруге болады: егемендігімізді алғаннан кейін өнеркәсіптің дамуы айтарлықтай төмендеп кетті, себебі бұрынғы экономикалық байланыстар шетелдікке айналды, содан соң 90-шы жылдары республикамызда экономикалық тоқыраумен де байланыстыруға болады. Қазіргі кезде өнеркәсіптің дамуы дұрыс жолға қойылып жатыр, бірақ бұрынғы деңгейіне жеткен жоқ. Сонымен қатар қазіргі кезде өнеркәсіптердегі тастандыларды тазалау фильтрлері де ескіріп, бүгінгі заманның талабына сай емес, оның бәрін жаңалау қомақты сомаға айналады( кесте 1) .

Кесте 1

Өскемен қаласы бойынша атмосфера ластануы индексінің өзгеру динамикасы .

Жылдары: Жылдары
Атмосфера ластануының индексі: Атмосфера ластануының индексі
Жылдары: 1991
Атмосфера ластануының индексі: 21, 7
Жылдары: 1992
Атмосфера ластануының индексі: 14, 2
Жылдары: 1993
Атмосфера ластануының индексі: 13
Жылдары: 1994
Атмосфера ластануының индексі: 9
Жылдары: 1995
Атмосфера ластануының индексі: 8, 6
Жылдары: 1996
Атмосфера ластануының индексі: 13
Жылдары: 1997
Атмосфера ластануының индексі: 14, 3
Жылдары: 1998
Атмосфера ластануының индексі: 14, 4
Жылдары: 1999
Атмосфера ластануының индексі: 17, 6
Жылдары: 2000
Атмосфера ластануының индексі: 17, 8
Жылдары: 2001
Атмосфера ластануының индексі: 14, 2
Жылдары: 2002
Атмосфера ластануының индексі: 15, 9
Жылдары: 2003
Атмосфера ластануының индексі: 8, 9

Өскемен қаласы бойынша атмосфераның ластану индексінің 1991-2003 жж. аралығындағы динамикасын 4 суреттен көруге болады.

Сурет 4. Өскемен қаласы бойынша атмосфераның ластану индексінің 1991-2003 жж. өзгеру динамикасы

Облыс орталығының физикалық-географилық орны мен климаттық жағдайының әсерімен ластаушы заттар тарап кетпейді де, Өскемен қаласының атмосфералық ауасы ластанады. Соңғы жылдар автотранспорт қоршаған ортаға зиянын көптеп шектіруде. Атмосфералық ауаның ластаушы заттарының ішінде күкіртдиоксидінің ПДК - 1, 6 - 3 дейін, формальдегид - 1, 2 - 1, 8 ПДК дейін өсті.

Өскемен өнеркәсібіндегі қорғасын, мырыш, титан, магний күкірт қышқылы, асыл және былғары металдар, тау-кен өндірісі және басқа өнімдер шығарылатын ірі өндіріс және ғылыми орталық болып табылады. Облыстың экономикалық потенциалының барлық өндіріс өнімдерінің 55% Өскеменге тиесілі [3] .

Өскемен территориясында облыс орталығында қоршаған ортаға әсерін тигізетін 398 ден аса өндіріс объектілері орналастырылған.

ШҚО статистика басқармасы мәліметтеріне сәйкес Өскеменде 3 217 ұжымдасқан және 2 484 ұжымдастырылмаған стационарлы көздер тіркелген. Өскемен қаласы бойынша ластаушы заттардың жалпы шығарындылары туралы мәліметтерден алынған. Ал 1996-2012 жж. аралығында атмосфераның ластану болғанын келтірілген.

Жалпы алғанда стационарлы көздерден қоқыс-қалдықтар көлемінің төмендеу тенденциясы анықталған. Оны 5 суреттен көруден болады.

Сурет 5. Өскемен қаласы бойынша стационарлы көздерден ластаушы заттардың қоқыс-қалдықтары (статистикалық басқару мәліметі)

Өскемен қаласының атмосфералық ауасын ластаушылардың бастыларының бірі «Қазцинк ӨҚ МҰ АҚ оның үлесіне стационарлы көздерден шығатын зиянды қалдықтардың 73, 4% тиеді, электроэнергетикалық өндіріс ұйымдары (ЖШС, АЭС ОҚ Согринск ЖЭО; «УКТС» ААҚ, ОҚ ЖЭО АЭС ААҚ) 20, 5% құрайды. Қаланың басқа ұйымдары: «УМЗ» ААҚ, УК ТМК» ААҚ 6, 1% құрайды. Облыс орталығындағы жылжымалы көздерден атмосфералық ауаның ластануы өсуде.

ШҚ автомобильді транспорттың 80% жүк тасымалдау көліктері құрайды. Қалдықтардың өсуі автомобильдік парктер мен төменгі сапалы жанармайды қолдану көлемінің артуына негізделген. Автотранспорт санының динамикалық өзгерістері графикте көрсетілген.

ШҚ гидрометерологиялық орталық мәліметіне сүйенсек Өскемен қаласында атмосфералық ауаның ластану индексі төмендеді .

Сурет 6. Өскемен қаласы бойынша АЛИ динамикалық өзгерістері.

(ШҚ ГМО мәліметтері)

Жекешелендірілген Өскемен қаласындағы жылжымалы көздердің динамикалық саны (ШҚО МІІБ жол полициясы басқару мәліметтері бойынша) 3 қосымшада келтірілген.

Өскемендегі атмосфераның ластануы ластаушы заттардың ыдырауына метеожағдайдың қолайсыздығы, облыс орталығының географиялық орналасуына және климат жағдай негізізнде жоғарғы дәрежеде болуына байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығыс Қазақстан облысының экологиялық жағдайы
Топырақ экологиясы туралы
Радиациялық ластану
Радияциядан қорғау
Радиацияның тірі ағзаларға әсері және радиациялық қауіп
Нұра өзенінің негізгі гидрологиялық сипаттамаларын есептеу
Жабық радионуклидтер көздердің классификациясы
Жер бетінің радиоактивті ластануы (семей ядролық полигоны)
Өскемен қаласының атмосфералық ауасы және агроценоздарының ластануын бағалау туралы ақпарат
Маңғыстау облысының ауыр металдармен ластануы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz