Орманды даланы мекендеуші жануарлардың бәрі даланың немесе орманның немесе көлдің батпақтың жануарлары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

«Сырдария» университеті

Қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі

х. ғ. к., доцент Қобланова О. Н.

«» 2014 ж.

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: «Антропогендік факторлардың Қазақстан фолорасы мен фаунасына әсері»

5В011600- «География» мамандығы бойынша

Орындаған гео-19/с

тобының студенті: Саттаров Ә.

Ғылыми жетекшісі:

а. -ш. ғ. к., доцент: Дошманов Е.

Жетісай 2014

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . . . . 3

1 ҚАЗАҚСТАН ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІНІҢ ТАБИҒАТ

ЗОНАЛАРЫ БОЙЫНША ТАРАЛУЫ . . 6

  1. Қазақстанның зоогеографиялық аудандастырылуы жануарлардың

орманды дала және дала зонасы бойынша таралуы . . . 6

1. 2 Жануарлар дүниесінің шөлейт, шөл зонасында таралуы . . . 12

1. 3 Таулы аймақтардағы жануарлар мен су қоймалардың

жануарлар дүниесі . . . . . . 16

2 ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІНЕ АНТРОПОГЕНДІК

ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІ, БИОЛОГИЯЛЫҚ ТҮРЛІЛІГІ

МЕН ТАРИХЫ, ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ . . . 27

2. 1 Биологиялық түр және оның тарихы . . . 27

2. 2 Жануарлар дүниесінің антропогендік факторлардың әсері……… . . . 28

2. 3 Суда тіршілік ететін жануарлар дүниесіне антропогендік

факторлардың әсері . . . . . . 34

2. 4 Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарлар, өсімдік

түрлері және Қазақстан жануарлар дүниесін қорғау . . . 39

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 61

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . . 64

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Жануарлар дүниесі - табиғаттың құрамдас бөліктерінің бірі. Олардың табиғат зоналары бойынша таралу заңдылықтары табиғи жағдайларға байланысты болғанымен антропогендік факторлардың әсерінен күрделі өзгерістерге түседі. Жануарлар дүниесінің кейбір түрлерінің жер бетінен жойылып кетуі бір қарағанда табиғат заңдылығы.

Себебі, эволюциялық даму барысында бір түр жоғалып екінші түр пайда болады. Дегенмен соңғы жүз жыл ішінде Қазақстанның жануарлар дүниесінің саны мен сапасы жағынан көп өзгеріске ұшырауы оған антропогендік фактор-лардың әсері диплом жұмысының өзектілігі болып табылады.

Қазақтың шөл даласында қаптаған құландар қазір жоқтың қасы оның себебі есепсіз аулау. Біржолата құрып кетудің алдында тұрған қар барысы құдыр, қызыл қасқыр, арқар, үстірт қойы, тау ешкі, қабылан, дала мысығы, сілеусін, қа-рақал, сабаншы жойылып кету қаупі төнген жануарларға қорғау шаралары не-гізгі өзектілігі болып табылады.

Жер бетіндегі хайуанаттар мен өсімдіктер миллиондаған жылдар бойы даму барысында қалыптасты және геологиялық дәуірлердің алмасуына сәйкес баяу өзгеріп отырды. Ал қазір адамдардың шаруашылық әрекетіне байланысты жер бетіндегі организмдердің тіршілік жағдайы тез өзгере бастады.

Әсіресе жабайы жануарлар көп қырылды, себебі адам баласы аң аулаудың неше түрлі тәсілін қолданды.

Ормандағы ағаштарды қырқып, өртеп, шалғындарды жыртып, орнына егіс екті, жабайы аңдар мен құстардың бұрынғы табиғи жағдайы күрт өзгеріп, мекені ауысып, кейбір түрлері құри бастады. Бүгінгі ғалымдар ластанған ауа мен суды тазартуға болатынын дәлелдегінімен, бірақ жойылған биологиялық түрлерді қайта дүниеге келтіру мүмкін емес екен.

Мысалы, ХІХғасырда жер бетінен жануарлардың 10 түрі жойылып кеткен болса, ХХғасырдың бірінші жартысының өзінде-ақ 40 түрі құрып кетті. Қазіргі уақытта тек омыртқалылардың 600-ден астам түрінің жойылып кету қаупі төніп отыр. Айталық, Хғасырдың басында Еуропа жерінде қаптап жүрген жабайы «тур» сиырларының Польша жерінде ең соңғысы 1627жылы өліп бітті. Витус Беринг экспедициясы құрамында болған зоолог Стеллер ашқан су сиыры бар-жоғы 28 жыл ішінде жер бетінен мүлдем жойылған.

Қазір оның қаңқасы Харьков университетінің табиғат мұражайында сақталулы тұр. XVIIIғасырға дейін дала зонасында үйір-үйірімен жайылып жүретін жабайы жылқы тарпаңның ең соңғы тұяғы 1879жылы құрып біткен. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Осындай жағдайларды ескеріп, өсімдік пен жануалар дүниесін қорғау мақсатында 1962жылы Халықаралық табиғат және табиғи ресурстарды қорғау одағы құрылды. Сирек кездесетін және жойылып кету қауіп бар, айырықша қорғау шараларын қолдануды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктер түрлері тіркелген арнайы кітапты «Қызыл кітап» деп атайды. Алғаш рет халықаралық «Қызыл кітап» 1966жылы басыпыл шықты. «Қызыл кітапқа» енген түрлер екі топқа бөлінеді. А тобына жойылып кету қаупі төнген түрлер, Б тобына сирек кездесетін түрлер тіркелді. «Қызыл кітапқа» тіркелген өсімдіктер мен жануарларды қорғап, қорын молайтып отыру жауапкершілігі солар өсетін елге жүктеледі. Сол себепті соңғы кезде әр елде өздерінің ұлттық «Қызыл кітаптары» шығарылуда.

Тақырыптың мақсаты: Қазақстан ғалымдары да халықаралық деңгейде табиғатты қорғау шараларына белсене ат салысып, республикамыздың «Қызыл кітабын» жазды. Бұл «Қызыл кітап» екі бөлімнен тұрады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі 1978жылы «Қайнар» баспасынан жарық көрді. Кітапқа кең-байтақ даламызды мекендейтін, саны сирек, жойылып кету қаупі бар сүтқоректілерді, құсттарды, балықтарды, бауырымен жорғалаушылар енгізілген.

Қазақстан жерінде алуан түрлі жануарлар тіршілік етеді. Бұлардың көбі әлі зерттелмеген, сондықтан зоологтар жыл сайын олардың жаңа түрін зерттеп, сипаттап жазуда. Қазақстан ғалымдарының зерттеуі бойынша, біздің респу-бликамыздың жерінде омыртқасыз жануарлардың 50мыңға жуық түрі тіршілік етеді. Бұлардың ішінде дене мөлшерінің кішілігіне қарамай адам өмірі үшін маңызы зор түрлері де бар.

Республикамыздағы негізгі ландшафт аймақтарында мекендейтін кейбір жануарлармен оның ішінде: сирек кездесетін, “Қызыл кітапқа” енген, жоғалу қауіпі бар жануарларды қорғау. Міне сол үшін жануарлардың әр түрлі класы-ның сүтқоректілер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қос мекенділер, балық-тар, жәндіктердің маңызды өкілдерін таңдап алдық.

Жануарлар дүниесінің кейбір түрлерінің жер бетінен құрып кету фактор-лары жиі кездесуде. Кей жағдайда мұндай факторларға әсер ететін антропоген-дік факторлар.

Мысалы: Адам баласы жануаралар дүниесін өз игілігі үшін пайдаланады. Соның салдарынан олардың жойылып кету қаупі туындайды.

Ауыл шаруашылығында зиянкесті құрту мақсатында түрлі химиялық улар-ды пайдаланады. Сол себепті кейбір ағзалардың тіршілігі жойылады.

Тың және тыңайған жерлерді игеру кезіндегі қателіктер орасан зор дәре-жеде зиян келтірді. Қазақстанның биологиялық әртүрлілікті сақтау мәселесі биологиялық түрді жоғалту экономикалық мүдделерге нұқсан келтіруде.

Антропогендік факторлардың әсері ең ауыр мемлекет аралық соғыстар.

Тақырыптың міндеті:

- Қазақстанның жануарлар дүниесінің табиғат зоналары бойынша тара-луына антропогендік факторлардың әсеріне сипаттама беру;

- антропогендік факторлардың әсерінен жойылып кеткен, жойылу қаупі бар жануарларға сипаттама беру;

- апатты жағдайлардың алдын алып қорғау шараларын ұйымдастыру;

- жануарлар дүниесі жайлы Біріккен Ұлттар Ұйымы ұйымдастырған “Қы-зыл Кітап” туралы мәселелерді қамту.

Тақырыптың зерттелу деңгейі . Қазақстанның жануарлар дүниесі туралы ғалымдар еңбектері ертеден-ақ жазылған. Ш. Уәлихановтың саяхат күнделікте-рінде өзі шыққан аймақтардың жануарлар дүниесіне толық сипаттама берген.

Мысалы, Іле өзені жазбаларында қазір жойылып кеткен жолбарыстарды сипаттап жазды. А. А. Афанасев “Зоогеография Казахстана” еңбегінде Қазақ-станның жануарлар дүниесінің зоогеографиялық аймақтарына сипаттама берген.

А. Ковшарь, В. Ковшарь сынды ғалымдар бұл салаға зор үлес қосты. Еңбектеріне тоқталсақ, 2003жылы шыққан “Животный мир Казахстана”, 1989 жылы шыққан “Заповедники Казахстана”, 2004жылы жарық көрген “Союз охраны птиц Казахстана”сияқты Қазақстанның жануарлары туралы көптеген еңбектер жазған.

М. Мұқановтың “Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесі”, “Си-рек кездесетін хайуанаттарды қорғау” еңбектерінде жойылып бара жатқан хайуанаттар туралы көп мәліметтер береді. Қазақстанның жануаралар дүние-сінің таралуына сипаттама беретін Қазақстанның жануарлар дүниесі туралы шығармалардың орны ерекше.

Зерттеу пәні мен объектісі. Жұмыстың бірінші тарауы Қазақстанның жануарлар дүниесінің табиғат зоналары бойынша таралуы деп аталып, онда Қазақстанның зоогеографиялық аудандастырылуы, жануарлардың орманды дала және дала зонасы бойынша таралуы, жануарлар дүниесінің шөлейт, шөл зонасында таралуы және таулы аймақтар мен су қоймаларының жануарлар дүниесі жайында қарастырылса, екінші бөлімі жануарлар дүниесіне антропо-гендік факторлардың әсері, оларды қорғау шаралары деп аталып, онда жануар-лар дүниесіне антропогендік факторлардың әсері, суда тіршілік ететін жануар-лар және Қазақстан жануарлар дүниесін қорғау жөнінде қарастырылған.

Ғылыми жаңалығы . Тақырыпта жануарлар мен өсімдіктердің жойылып бара жатқан түрлері енгізілетін халықаралық Қызыл кітаптың шығарылуынан басталып, оған енгізілген тіршілік әлемінің жойылып кету қаупі, неліктен жойылуда деген сұрақтарға жауап беруге тырысып, сонымен бірге жануарлар мен өсімдік әлемінің жойылмауына қарсы іс-шаралар мен гипотезаларды қарастырылып, бұл диплом жұмысының ғылыми жаңалығы болып табылады.

Зерттеудің ғылыми әдістері. Жұмыста картографиялық, географиялық, лингивистикалық, жүйелік талдау, этимологиялық арқылы жүргізілген зерттеу-лердің нәтежиелері қорытындыланады.

Дилом жұмысының құрылымы. Кіріспеден, екі тараудан және қорытын-ды, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1 ҚАЗАҚСТАН ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІНІҢ ТАБИҒАТ

ЗОНАЛАРЫ БОЙЫНША ТАРАЛУЫ

1. 1 Қазақстанның зоогеографиялық аудандастырылуы жануарлардың орманды дала және дала зонасы бойынша таралуы

Қазақстан фаунасы түрге бай. Оның құрамына сүтқоректілердің 158 түрі, құстардың 845 түрі, жорғалаушылардың 52 түрі, қосмекенділердің 12 түрі, балықтардың 150 түрі, бунақ денелілердің бірнеше мың түрі кіреді.

Зоогеографиялық аудандастыру бойынша Қазақстан аумағы Голарктика облысының Палеоарктика бөліміне жатады. Палеоарктиканың өзі екі кіші облы-сына бөлінеді.

1. Орталық Азия кіші облысы, Алтай тауы, Еуропа Сібір кіші облысы Еліміздің Солтүстігі мен Солтүстік Батысы (орманды дала, дала зоналары), (шөлейт, шөл зоналары)

2. Жерорта теңіз және алдыңғы Азия кіші облыстары Қазақстанның Оң-түстігіндегі шөлдердің бірқатар жануарлар дүниесі енеді.

Қазіргі фаунаның түп негізі палеогенге жатады. Жануарлар әлемінің палео-гендік, неогендік, төрттік дәуірдегі даму тарихы өсімдік жамылғысының даму тарихына ұқсас. Неогенде қазақ жерінде ежелгі үнді және Африка фаунасымен тығыз байланысты тропиктік және субтропиктік түрлері мекендеген.

Төрттік мұз басу кезінде бұл ежелгі жылу сүйгіш түрлердің көпшілігі жойылып кеткен, біразы Оңтүстікке қарай шегінген. Сақталып қалған түрлер мұзбасудан кейін қайтадан бұрынғы орнына қарай жылжыған. Мұндай түрлерге жалбағай, аққұтан, орман қарақасы, жайра, қабан, марал, жолбарыс жатады.

Жылу сүйгіш түрлер Оңтүстікке қарай шегінген максимум мұз басу кезінде суық жақтың өкілдері Оңтүстікке қарай алысқа өткен. Кейбір түрлері таулы аудандарда сақталған. Мысалы, Тундра құры, терістік бозыржанкасы Алтайда және Сауыр Тарбағатайда оқшау Аралдар құрайды.

Мұзбасудан кейін суық, әрі құрғақ кезеңде тундраның және Монғолияның және суық шөлдерінің жануарлары бір-бірімен қатар өмір сүрген. Оған дәлел Тундраның өкілі тұяқты алақоржынмен шөл дала өкілі сары алақоржынмен, алақоржын сүйектері бірқабаттан табылуы.

Орман өкілдері Оңтүстікке қазіргі шөлейт және шөл зоналарына дейін барған. Торғай өзенінің алабымен Балқаш маңына дейін ақ қоян, шіл, үш сау-сақты тоқылдақ, шырша торғай, жүнді балақ байғыз Тянь-Шаньға дейін жеткен.

Сол кезеңнің куәсі Каспий теңізінің Солтүстікпен байланысын дәлелдейтін фаунаның бірі ақбалық пен итбалықтың жергілікті түрі. Каспий итбалығы Солтүстік мұзды мұхит теңіздерінде мекендейтін нерпаға өте жақын. Сонымен кайназойдың геологиялық даму тарихында Қазақстан фаунасында күрделі өзгерістер жүрген.

1. Арктикалық түрлер (Алтай мен Сауыр Тарбағатайда) ;

2. Еуропалық түрлер (Орманды дала зонасының батыс бөлігі) ;

3. Монғолдық түрлер (Сазды, қиыршық тасты шөлдер) ;

4. Тибет және үнді малай өкілдері (Оңтүстік шығыстағы биік таулы алапта) ;

5. Жерорта теңіздік және алдыңғы Азиялық түрлер (тау етегіндегі шөлейт пен бұталы аймақта) ;

6. Сібірлік түрлер (Алтайдың тау тайкасында) ;

7. Тұрандық түрлер (құмды шөлдер) ;

Табиғат зоналарының таралуы географиялық ендік, жер бетіне жылу мен ылғалдың таралуына байланысты.

Әрбір зона өзіне тән климатымен, топырағымен, өсімдік және жануарлар дүниесімен ерекшеленеді. Кейде бір зонаның ішінде басқа зонаға ұқсас жеке үлескелер де кездеседі.

Қазақстанның жазық бөлігінде солтүстіктен оңтүстікке қарай бірте-бірте орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары ауысып отырады. Сонымен бірге бұл зоналарда топырақ және өсімдік жамылғысы батыстан шығысқа қарай да өзгереді. Өйткені осы бағытта климаттың континенттігі артады [1] .

Қазақстанның солтүстігінде орналасқан. Батыс Сібір ойпаты мен Жапы Сырт қыратының аз ғана бөлігін алып жатыр. Қазақстан жеріндегі орманды дала зонасының жер бедері тегіс келеді. Батыстан шығысқа қарай ені 150-200 шақырымға созылып жатыр. Жалпы алып жатқан жер көлемі Қазақстан территориясының 7 пайызы.

Орманды дала зонасының климаты дала зонасына қарағанда біршама жұмсақ. Қаңтар айындағы орташа температура - 19°C. Қыста тұрақты қар жа-мылғысы бар. Қардың қалыңдығы 40см жетеді. Ақпан, наурыз айларында қатты дауыл соғып, кейде қалың қар жауады. Көктемде, кей сәттерде мамыр айының соңғы күндерінде үсік түсіп, ауыл шаруашылығына зиянын тигізеді. Жазы жылы. Шілде айындағы орташа температура +18°C. Жауын - шашын мөлшері 300 - 400мм.

Орманды дала жануарлары дейтін жануарлардың түрлері болмайды. Мысалы, біз сарышұнақты дала жануарлары, бұлғынды тайга жануарлары деп атаймыз. Орманды даланы мекендеуші жануарлардың бәрі даланың немесе орманның немесе көлдің батпақтың жануарлары.

Орманды дала зонасының, орманды жерлерінде орманның сұр топырағы мен далаларында құнарлы қара топырақ кездеседі. Орманның сұр топырағы республикамыздың солтүстігіндегі көк теректі, қайыңды орман астында қалыптасқан. «Қайыңды орман» деген осыдан шықса керек. Осындай қайыңды - теректер шоқ орманда онша көп емес. Ойпаттарда ғана өседі. Олардың арасынан шөптесін өсімдіктер: жалбызды, қымыздықты және т. б кездестіруге болады. Қарағайлы орманның типі мүлдем басқаша. Мұндай дала ормандары Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында жиі кездеседі.

Олардың ең оңтүстігі Қазақстандағы ескі қорықтардың бірі аталған «Наурызым» орманы. Құмдауыт бөлігінде өсетін қарағайлар қалың орманды құрамайды. Олар орманды дала ландшафтысына тек мыңдаған көлдер кіреді. Олар су маңы өсімдіктерімен қоршалған, сөйтіп көптеген жануарларға пана болып отыр.

Әсіресе құстардың қайту кезеңі мен суда жүзетін құстардың түлеуі кезінде пайдасы зор. Сонымен қатар орманды дала және дала зонасында КСРО-ның бірінші бес жылдығы жұмысында еліміздің Азия бөлігінде үлкен дала қорығын ұйымдастыру жоспары қойылды. Жануарлары мен өсімдігін жетік білетін мамандар жер-жерден қарастырылды. Кейін И. И. Спрыгин әдебиет көздерін қа-рап, оқып көріп Наурызым ауданын ұсынды. 1929жылы мұнда ғылыми қызметкерлер жіберілді. Олар жер таңдаудың дұрыс екенін мақұлдады. Сөйтіп РСФСР халық кеңесінің комиссарының №826 қаулысымен қолданып, онда 1930 жылы аумағы 19138га келетін «Наурызым қорығы» құрылды.

Жануарлар әлемінің көптүрлілігі ландшафтының алуантүрлілігіне байла-нысты. Қорық жерінде омыртқалы жануарлардың 351 түрі, яғни аңдардың 44 түрі, құстың 290 түрі кездеседі. Фаунада солтүстік және оңтүстік түрдің бір-біріне сіңісуі байқалады. Мұнда сирек кездесетін құстардың 59 түрі бар. Оның 36 түрі Қызыл кітапқа, 23 түрі табиғи қорғаудың халықаралық одағының Қызыл кітабына енген.

Ал, дала зонасы - Қазақстанның солтүсік бөлігін, негізінен далалы аймақ құрайды. Ол батысты Еділ - Жайық өзендері аралығынан Алтай тауларына дейін созылып жатыр.

Дала зонасы Қазақстан жерінің 7облысын немесе 26 пайызын (648 мың шаршы шақырым) құрайды.

Құрлық ішінде 48°C пен 50°C белдеу аралығында орналасуына байланысты далалы аймақ үшін ауа райы қатаң, континентальді, қысы суық, ұзақ, аяз - 30° және одан жоғары (ауаның қаңтардағы орташа темперетурасы -18°), қардың қалыңдығы 20см болып, ал 140-160 күн жатады. Жазы керісінше ыстық, құрғақ, ауаның температурасы +35°-ке көтеріледі. Ал жылдық ылғалдылық 230-310мм, яғни топырақ бетінің жылдық булануынан аз.

Құлпырған кілемдей түрлі шөпті көгалда бозторғайлар мекендейді. Кейде биікке самғаған бүркіт пен жер бауырлап шыр айналған құладындар да кездеседі. Кемірушілерден: үлкен сарышұнақ, күзен, дала тышқаны, сұр тыш-қан, шолақ сұр тышқандар егістікке зиян келтіреді. Қосаяқтар мен атжалмандар да дала зонасының құстары.

Бұл аймақтың солтүстік жартысынды орналасқан мыңдаған көлдер далалық ландшафтыны байыта түседі. Көп шұңқырларында өсімдіктің алуан түрлілігіне сай, жануарлар да көптеп таралған. Көктемнен күзге дейін далалы көлдер мен олардың жағалаулары сулы-батпақты жерлерді мекендеуші жан-жануарларға лық толы.

Жануарлар әлеміне қатты қысымшылық туып, кейбір дала жануарлары - дуадақ, безгелдек, ақбас тырналардың жойылып кету қаупі туды. 90-шы жыл-дардың басында Қазақстан егемендік алуына байланысты, жыртылған жерлер-дің саны күрт азайып, көптеген егін шаруашылықты жерлер игерілмей қалды. Осылайша далаларды қалпына келтірудің табиғи процесін жүргізудің зор мүмкіндігі болды. Кезінде мекенін тастап кеткен жануарлар қайта оралды. Қазіргі кезде безгелдекті бұл жерден жиі кездестіруге болады. Дуадақ мекеніне қайта оралып жатса, ақбас тырна осы жердің кәдімгі түріне айналып отыр.

Орманды далада қайыңды, көк теректі шоқ ормандар ашық даланың әр жерінде кездеседі. Виталий Бианки бұл орманды былай суреттейді: «Мұнда біз жасыл бұйра жапырақты ақ қайың, күмістей жылтыраған көк терек жайдары сыбдырымен қарсы алды. Олардың жапырақтарының арасынан әнші құстардың құйқылжыта салған әуендері естіледі.

Зәулім ағаштар арасынан күн нұры төгіліп тұр, ормандағы ауаның өзі жүз құбылып тұрғандай: ағаштың теп-тегіс діңдері, шағылысқан күн сәулесі алуан түрлі құбылып, біресе әр түрлі оюлы кестені, біресе түрлі жәндіктер бейнесін көз алдыңа елестетеді. Жерде қалың өскен аласа шөптер, иелерінің жасыл шатырының саясында көңілі жай тапқандай тұнып тұр.

Самал жел шалып өтсе болғаны бұл тамаша тыныштық бұзылып, орман іші сырлы дыбысқа бөленеді. Желсіз тұнық күннің өзінде күндіз де, түнде де сыб-дыр еткен дыбыстар, көк теректің жайқалған жапырақтарының сырлы сыбды-ры еш уақытта тынбайды.

Шоқ ормандар ішінде бұғы тұқымдасына жататын сымбатты елікті де көріп қаларсыңдар. Оның жотасы жирен, төсі, бауырымен аяқтары қаңыр сары болып келеді. Жас еліктің бүкіл денесі - сұрғылт, сауырынды теңбіл дақтары болады».

Еліктер шөп және бұталардың бүршіктерімен, ағаш қалдықтармен және қынамен қоректенеді. Күннің аптап ыстық кезінде еліктер бұталардың не биік қаулап өскен шөптердің араларын паналап дем алады. Кешкісін және түнде жайылады.

Аталығының ең жоғарғы салмағы 37кг, аналығы сәл кішілеу болады. Ата-лығының мүйізі кішілеу, бірақ өте әдемі, үш өсіндісі бар. Жүні қоңыр-сұр түсті. Артқы жағында ерекше ақ дағы болады, оны «айнасы» деп атайды. Күйлеу уақыты шілде - қырқүйек. Күйлеу кезінде аталығы қатта бөкірелі, оны біл-мейтін адамдар аюдың ақыруымен шатастырады. Тоғыз айлық буаздықтан кейін аналығы бір немесе сирек екі өте әдемі төлдерін туады. 12жыл өмір сүретін еліктер аң аулаудың нысаны. Қазақстанда 18-20мың елік бар [2] .

Тарғақ- дене мөлшері орташа, салмағы 200-250грамдай келген балықшы-ларға жататын құс. Тарғақтың арқасы мен кеудесі қоңыр сұрғылт, басының үсті мен көзінің үстіңгі жағы ақ, құрсағы жирен аралас қаралау келеді (Сурет 1) .

Сурет 1. Тарғақ

Қызғыштан тарғақтың айырмашылығы оның аяғы ұзындау, басында ай-дары жоқ. Бірақ мұндай өзгешелігіне қарамастан, тарғақты кейде дала қыра-ны деп те атайды.

Тарғақтар дүние жүзінде біздің елімізде ғана таралған. Тек Солтүстік Шы-ғыс Африкада, Пәкістанның оңтүтігінде жәнеҮндістанның солтүстік-батысын-да олар қыстаған кезде ғана кездеседі. Бұрын бұл құстар Украинаның, Қазақ-станның далалық аймақтарында кең таралған болса, қазір олар Семейден Орал-ға дейінгі аралықта аздаған көлемді жерлерде, көбінесе жусан мен бидайық өс-кен құрғақ далада мекендейді.

Тарғақтың таралған аудандарының қысқаруы негізінен, тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты деуге болады. Сөйтіп, тарғақтар да безгелдектер секілді бұл мекендерді тастап кетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның табиғи зона ерекшеліктері
Қазақстанның табиғат зонасы
ТМД-дің көлемі, географиялың орны мен шекарасы
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының табиғат қорғау ісіндегі рөлі
Өр Алтайға хош келіпсіздер!
Қазақстанның дала зонасы
Дала өсімдіктері
Қазастан Республикасының өсімдіктері
Аустралияның табиғат зоналары
Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесі. Жануарлар ресурстарын қорғау шаралары. Қорықтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz