Алма шаруашылығына сипаттама
Жоспар
1.Кіріспе( қазіргі ауыл- шаруашылық жағдайы)(маңызы, проблемасы)
2.Негізгі бөлім
2.1.Алма шаруашылығына сипаттама
2.2.Алманы өсіру технологиясы (егуден-өнім жинауға дейін)
2.3.Алма ағашын бұтау шаралары
3.Қорытынды
1.Кіріспе (қазіргі ауыл шаруашылық жағдайы, маңызы, проблемасы(
Ел экономикасының қуаттылығы оның қазба байлықтары мен минералдық ресурстар базасының көлеміне емес, алысты аңғаратын экономикалық реформалар стратегиясының бәсекелестікке қабілетті жоғарғы технологиялық тауар мен сапалы қызмет жасауға жағдай туғызуға негізделген жөн.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары мен реформаның іске асуын бағалай келе былай деген еді... жүргізіліп отырған саясат пен мемлекеттің нарықтық экономикаға көшу тәжірибесіндегі нақтылы қызметте тиімділігінің төмен болуы обьективті түрдегі кедергі факторлардан басқа кейбір жағдайларда ойланбай қабылданған шаралар мен шешімдердің әсер етуінен, тактикалық қателерден болды. Сондықтан аграрлық өнеркәсіптік саладағы экономикалық ахуал үнемі жан-жақты талдауды қажет етеді.
Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына дейін және одан кейін қабылданған бәсекелестікке қабілетті тауар шығарып, қызмет көрсетуге бағытталған теориялық алғышарттарды экономикалық нақты көрсеткіштерге ұластыру қажет және ол бүгінгі күннің көкейтесті талаптарының бірі. Ол үшін, экономистердің пайымдауынша, әр ел әлемдік шаруашылықта өз тауарымен және қызметімен өз орнын табуы тиіс. Десе де, белгілі бір ел ішкі азық-түлік және киім-кешек сұранысын мейлінше өзі қамтамассыз еткен жағдайда ғана ұлттық экономика бәсекелестікке қабілетті болмақ және ол тұрақты экономикалық даму кепілі.
Ауыл шаруашылық кәсіпорындары негізінен астық өндірісіне мамандандырылған. Бұған қалыптасқан егістік алқаптарының құрылымы да ықпал етеді, басқаша айтқанда азық дақылдарына арналған аумақтар мал шаруашылығы саласының дамуына сәйкес емес, олар бар болғаны орташа есеппен 550-600 шартты басты қамтамасыз ете алады. Мұндай фактор, шағын көлемдегі жер аумағы ретінде, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы шоғырландыру деңгейінің өте төмен екендігін анықтап отыр: 1 кәсіпорынға орташа МІҚ 300 басқа дейін және қой мен ешкі 1500 басқа дейін. Осы жағдайда оның жартысынан астамы 30-35 бас МІҚ және 100-250 қой мен ешкі келеді. Жалпы өнімдер көлемдері бойынша ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының негізгі бөлігі шағын көлемді өндіріспен сипатталады: орташа республика бойынша бұл көрсеткіш 1 шаруашылыққа 34 млн. теңгені құрайды.
Тек солтүстік өңірде ғана аздап өзгешелеу -- 1 шаруашылыққа жалпы өнім көлемі 64 млн. теңге құрайды. Бірақ мұндай жағдай астық өндіруші кәсіпорындар есебінен қалыптасып отырғандығын айтуға болады. Оңтүстік және батыс өлкелерде көбінесе жалпы өнім көлемдері бойынша, барынша ұсақ ауыл шаруашылығы кәсіпорындары құрылып отыр, сондай-ақ жер көлемі, мал басы саны, жұмыскерлер саны да өте аз.
Шаруа қожалықтары бойынша жыртылған жер аумағы негізгі массада орташа 10 га келеді, сонымен қатар мал шаруашылығы да өте ұсақ көлемде көрініс тапқан: МІҚ 20 басқа дейін және 110-ға дейін қой мен ешкі. Бұл жағдайда мал шаруашылығымен 10% ғана шаруашылық айналысады. Қалыптасқан ауыл шаруашылық кәсіпорындарының ұсақ көлемді болып келуі жер көлемі бойынша да және мал басы бойынша да үздіксіз технологиялық процесті қалыпты жағдайда қамтамасыз ете алмайды, ол ақырында өңдіріс тиімділігінің төмендеуіне келіп жеткізеді. Бәсекеге қабілетті және экономикалық жағынан пайдалы шаруашылықты құру ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының көлеміне айрықша талаптар қояды., оның өзі сол жергілікті аграрлық сектордың дамуына сәйкес болып келуі жөн.
Ауыл шаруашылық кәсіпорындары көлемдерінде, жер аумағы бойынша үлкен айырмашылықтар байқалады, бір облыс ішіндегі өлкелерде ұтымды өндіріс ұйымдастыру барлық уақытта да дәлелденген болып саналмайды. Көп кездесе бермейтін ірі кәсіпорындармен қатар, онша көп болмаса да, өте шағын көлемдегілер де жиі кездеседі. Шағын кәсіпорындарға қарағанда ірі шаруашылықтардың басымдығы байқалады онда барлық өндіріс факторлары тиімді сәйкестік тапқан және көп пайдаланылады, және соның негізінде жақсы қорытындыларға жетуге мүмкіндік мол.
Орташа және ірі тауарлы өндірістік қуаттары мен инфрақұрылымдары дамыған кәсіпорында қызмет етіп жатыр, ауыл шаруашылық өндірістік технологиясы жер көлемдері орташа және ірі және материалдық техникалық базалары ұтымды пайдалануға мүмкіндігі бар мал шаруашылығы объектілеріне ыңғайланған. Атап өтетін нәрсе, жақын болашақта орташа және ірі тауарлы өндірісі бар табиғи-экономикалық жағдайларға сәйкестілер тұрақты дами алады деуге болады.
Орташа және ірі шаруашылықтардың басымдылықтары, жоғары деңгейлі мамандандыру, өндірісті шоғырландыру, рынок бойынша интеграциялау мүмкіндіктері сияқты факторлармен анықталды. Ірі және орташа кәсіпорын, әсіресе өсімдік шаруашылығы салаларында, шағынмен салыстырғанда басымдықты иеленеді. Оларда күрделі қаржыны тиімді пайдалануға мүмкіндік бар, олар ғылыми- техникалық прогресске барынша икемді. Астық өндіруші кәсіпорын, егер жыртылған жері 15-18 мың га шамасында иеленген жағдайда өте жоғары пайдалылық деңгейін көрсетеді.
Шаруашылық қызметінен алынатын таза табыстың негізгі массасын шағын кәсіпорындар тобы алады, мәселен ірінің үлесіне барлық кәсіпорынның 15,4% құрайды, барлық ауыл шаруашылық кәсіпорындарынан алынған таза кірістің 72%-не келеді.
Интенсификациялау деңгейінің көтерілу жағдайында ауыл шаруашылық кәсіпорындарының көлемі, өндіріс күштерінің өсуі өзгермейтіндей болып қалмайды. Олар өздерінің өндіріс күштерінің әрбір нақты деңгейі шаруашылықтың интенсифтілік деңгейі және оны мамандандыру жағдайы үшін өздерінің оңтайлы шекараларын иеленеді.
Әртүрлі ауыл шаруашылық салалары үшін, өндірістің түрлі экономикалық жағдайларының қызмет етуі жағдайында оңтайлы көлемдер шамалары бірдей емес. Сондықтан ауыл шаруашылық кәсіпорындарының көлемдері жалпылама емес, белгілі бір мамандандырылған өндіріске ыңғайластырылады. Мамандандыру өндірісті интенсификациялаумен тығыз байланысты, оның өзі бір тектес өнімдер өндірісінің оңтайлы шоғырлануын қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның оңтайлы көлемдері белгілі бір шаруашылықтың мамандандырылуы және интенсифтілік жағдайында еңбек ресурстары саны бар болса, барлық негізгі өндіріс факторларын пайдалану жэне ең бір тиімді сәйкестікті қамтамасыз етеді. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының оңтайлы көлемдерінің критериі-бұл барлығынан бұрын жоғарғы өндірістің нәтижелері, жоғарғы еңбек өнімділігі және өндірістің рентабельдігін қамтамасыз етеді.
Болашақтағы ең бір маңызды мәселелердің бірі құрылымдық өзгерістер жасау болып табылады, яғни мал шаруашылығын қалпына келтіріп және оны одан әрі дамыту, ол азық-түлікпен қамтамасыздық талаптарымен анықталады, жэне ауыл шаруашылығын жүргізу жүйесіндегі мал шаруашылығының өз ролін қамтамасыз ету, сонымен қатар етті мал шаруашылығы, қой шаруашылығы жылқы шаруашылығын қайта дамытуды қарастырады.
Қазіргі кезде экономикалық қатынастар мен өндіріс жағдайының өзгеруіне байланысты нарықтық қатынастарға көшу кезіндегі ауыл шаруашылығы өңдірісінің экономикалық тиімділігін анықтау қажетті деңгейде дей алмаймыз. Бұл жағдай ең алдымен бағалаудың теориялық және әдістемелік аспектілерін нақтылауды кажет етеді.
Республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары мен реформаның іске асуын бағалай келе былай дегенді. ... жүргізіліп отырған саясат пен мемлекеттің нарықтық экономикаға көшу тәжірибесіндегі нақтылы қызметті тиімділігінің төмен болуы объективті түрдегі кедергі факторлардан басқа кейбір жағдайларда ойланбай қабылданған шаралар мен шешімдердің әсер етуінен, тактикалық қателерден болды. Сондықтан ауыл шруашылығындағы экономикалық ахуалды жан-жақты талдау қажет. Қазір реформалау үдерісіндегі ауыл шаруашылығы жағдайы мәнде деңгейде өзгерді.
Қазіргі жағдайда тұтастай республика ауылшаруашылық кәсіпорындары бойынша салықтар мен төлемдердің мөлшері жоғары болып отыр. Әртурлі зерттеулер мен шетел тәжірибелері көрсеткеніндей салықтар мен төлемдер жалпы табыстың 20-25%-тінен аспауы керек. 25-50%-тің салық. мөлшері тек жай ұдайы өндірісті қамтамасыз етеді, ал одан жоғары болса өндірістің қысқаруына әкеліп соғады.Аграрлық салада салық салу жүйесінен жол қорына, т.б. түрлі даму қорларына аудары-латын салықтар мен төлемдерді шығарып тастау жөн болар еді.
Мемлекеттің инвестициялық саясатына келетін болсақ, құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруда шетел инвестицияла-рының маңызы зор. Ауыл шаруашылығындағы инвестициялық саясат, барлық меншік түріндегідей, кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасының сапалық жақсаруын, өнімді өңдеу, сақтау және өткізу базаларының дамуын қамтамасыз етуі керек болады. Ал, әлеуметтік салада, бюджеттік қорлармен қатар, шетел инвестициялары да келесі бағыттарды қаржыландыру үшін аса қажет:
мемлекеттік маңызы бар табиғатты қорғау шаралары мен
мелиоративтік жұмыстар;
жолдардың, электр қуатын беру жүйелерінің, магистральды
газ және су құбырларының, телефон коммуникациясының, ка-
нализация жүйелерінің құрылысы;
-- ауылдың денсаулык, сақтау, білім беру, мәдениет, бала-
бақша (және қарттар үйі) объектілерінің құрылысы мен оларды
қамтамасыз ету;
-- жоғары білімді мамандар дайындау, күрделі ғылыми зертте-
улер жүргізу және т.б.
2. Негізгі бөлім
Алма шаруашылығына сипаттама
Алма (лат. malus) -- раушангүл тұқымдасына жататын, өте кең тараған ағаштарының жемісі. Табиғи алманың жер шарында бізге 36 түрі белгілі, олардың 10-12-сінің шаруашылықтық маңызы бар. Қазақстанда, негізінен, Сиверс алмасы, Недзвецкий, қырғыз алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сұрыптары бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20 -- 100 жыл, биіктігі 4 -- 10 м болады. 3 -- 12 жылда жеміс береді, әр гектардан шамамен 100 -- 300 ц өнім алынады. Тұқымынан және өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. Тұқымынан көбейту бұлама алуда және селекцияда қолданылады.Алманы көбейту кейде ұластыру арқылы да жүзеге асады.
Қазақстанда алманың 40-тан астам сұрыптары аудандастырылған, оның 20-сын (Салтанат, Іле, Алатау шапағы, Алматы т.б.) қазақ селекционерлері өсіріп шығарған. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай, дәмді келеді, әрі жақсы өңделеді. Алма құрамында 83 -- 88 % су, 7,5 -- 16 % қант, 0,2 -- 0.8 % қышқыл, 9,5 -- 18,5 % құрғақ қалдық, 0,28 -- 1,0 % илік заттар, А, В1, В2, В6, С, РР витаминдері, көптеген минералды заттар бар. Шырынынан шарап, сусын дайындалады, жемісін емдік дәрі ретінде де, адам организмін ауыр металл заттардан тазалауға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданады.
Негізгі бөлім
Қазақстанда өсетін алмалар және олардың көптүрлілігі
Қазақстанда негізінен, Сиверс алмасы, Недзвецкий, қырғыз алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сорттары бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20-100 жыл, биіктігі 3-10 м болады. 3-12 жылда жеміс береді, әр гектардан шамамен 100-300 ц өнім алынады. Тұқымнан және өсімді (вегатативті) жолмен көбейеді. Жаздық сұрыптары еккеннен кейін 3-4 жылдан соң жеміс бере бастайды. Толық жеміс беру мезгілі 15-20 жыл. Ал, 30-35 жыл өткен соң мұндай сұрыптардың жеміс беруі нашарлай бастайды. Жаздық, күздік, қыстық сұрыптарды іріктеп алу тәртібін орындамау, қандай да болсын бір түрін көбейтіп жіберу - әсіресе, өнімді жинаған, сақтаған, өңдеген кезде көптеген қиыншылықтар туғызады. Бақшада мейлінше көп сақталатын қыстық сұрыптарға едәуір орын берілгені дұрыс.
Алманы көбейту кейде ұластыру арқылы да жүргізіледі. Қазақстанда алманың 40-тан астам сорттары будандастырылған, оның 20-сын (Салтанат, Іле, Алатаушапағы, Алматы т.б.) қазақ селекционерлері өсіріп шығарған. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай, дәмді келеді, әрі жақсы өңделеді.
Алманың түрлері
Алманың түрлері:
:: Антоновка - дәмі қышқыл, хош иісті, 3-4 айға дейін сақталады.
:: Багайлық мальт - фарфор түсті, орташа, шырыны көп, қышқыл-тәтті, дәмі кермек.
:: Сұрғылт анис - жемісі шырынға бай, қышқыл дәмді, 2 айға сақталады.
:: Мичуриндік бессемянка - жемісі ірі (120-130 г), түсі сарғыш - жасыл, нәзік шырынды, дәмі қышқыл тәтті, хош иісі бар.
:: Мичурин естелігі - жемісі ірі (100 - 110 г). Түсі ашық қызыл, шырынды, қышқыл дәмді сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай. Қысқы сұрып.
:: Жас натуралист - жемісі ірі (110 - 120 г), Түсі жасыл-сары, құрамында минералды заттары бар, шырынды, дәмі қышқыл-кермек.
:: Күздік шаттық - жемісі ірі (100-110 г), дәмі қышқыл - тәтті, хош иісті, сұрғылт түсті. Тасымалдауға, сақтауға жарамды.
:: Жазғы алтын - жемісі орташа жемісі (100-115 г.) Дәмі қышқыл-тәтті, тағамдық заттарға бай, әрі жақсы өңделеді.
:: Ерте пісетін қызыл алма - жемісі орташа (70-90 г), нәзік шырынды, қышқыл-тәтті.
:: Россошан алмасы - жемісі орташа және ортадан жоғары мөлшер. Етті, түсі ашықжасыл, шырынды, қышқыл емес тәтті дәмі бар.
:: Мелба - шырынды оңтүстік алмасы, дәмі қышқыл-тәтті дәмді, хош иісі бар. Жемісі тамыз айының ортасында піседі.
:: Шілделік черненко - жас ағаш жемісінен салмағы (80-100 г.) алма алынады. Дәмі қышқыл-тәтті, бұл жазғы сұрып. Тамыз айының ортасында жеміс береді
:: Кинга - жемісінің салмағы 115 г. Түсі жасыл-сарғыш, сақталған сайын сары түске айналады. Еті тығыз, шырынды, дәмі тәтті.
Алманың зиянкестері
Алманың зиянкестері: алма жегіші, алма биті, шие бізтұмсығы, гүл жегіші. Алма аурулары: алма қотыры, ақ ұнтақ, жеміс шірігі, т.б.
Қазіргі таңда Түлкібас өңірінде Апорт сортын өсіріп жүрген шаруашылықтардың саны аса көп емес. Өйткені, бұл сорт қысқа мейлінше төзімді болғанымен, 7-8 жылдан кейін ғана өнім береді. Десек те, түлкібастық бағбандар апорт өсіруден қол үзбепті. Бүгінде ауданда апорт алқабы 200 гектарға жетіпті.
Жеміс өсіру шаруашылығында алма сортының ерекше маңызы бар. Сондықтан, бау ағаштарын еккенде сорттарды дұрыстап іріктеп алу мәселесіне ерекше назар аудару қажет екен.
Биыл Көктал шаруа қожалығы 230 га алма бауынан 5 мың 100 тонна өнім жинапты. Оның 2 мың тоннасы қоймада сақтаулы тұр екен. Алдағы уақытта қожалық барлық өңірді экологиялық тұрғыдан таза, жергілікті сапалы өніммен қамтамасыз етіп, мол табысқа қол жеткізбекші. Негізгі өнімді облыс аумағында саудалайды екен.
2004 жылы құрылған шаруа қожалығы 220 га алма бауын алғашқыда тамшылатып суару әдісімен жайқалтса, қазір кәдімгі арықпен суаруды қолға алыпты. Өйткені, алма дарақтарының діңгегі үлкейіп кетіпті.
Ал Сарытөр ауылындағы Зерде Агро шаруа қожалығы 2011 жылы құрылыпты. Қожалық меншігінде тамшылатып суару әдісімен өсірілген 180 га алма бағы бар. Серіктестік 2012 жылы 48 га жерге, 2013 жылы 107 га алқапқа алма көшетін отырғызыпты. Негізінен, алма сортының Голден Делишес, Ределишес, Заилиское, Семиреченское түрлерін егіпті. Мұнда қазір 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Маусымдық жұмыстарға 30 адам тартылады екен.
Кен-тау шаруа қожалығы болса, алма бау өсірумен қарқынды айналысады екен. 2012 жылы құрылған шаруашылықтың жалпы аумағы 285 гектарға жеткен. Мұндағы алма сорттары да ерекше. Атап айтсақ, Голден Делишес, Голден Рейндерс, Грани Смит, Стар Кримсон, Голден Делишес, Гала, Фуджи, Ренет Бурхарде, Айдаред.
Қазақстанда агрохимия саласы ақсап тұрғаны жасырын емес. Елімізде өсімдікке арналған дәрі-дәрмек пен тыңайтқыштар мүлде өндірілмейді. Шетелдік химиялық өнімдердің құны аспандап кеткелі түлкібастық бағбандардың шығыны да артып отыр екен.
Бүгінгі таңда Түлкібас ауданында жеміс ағашының алқабы 3115 гектарға жетіпті. 2007-2015 жылдар аралығында мемлекеттік бағдарламаға сәйкес алма бау мен жүзімдік көлемі ұлғайтылып, жаңа 1429 га жер алқабына алма бау егілген. Жергілікті билік 2020 жылға дейін алма бағын 3 600 гектарға жеткізуді жоспарлап отыр.
2.2. Алма ағашын өсіру технологиясы
Әр өсімдік жеке болып табылады, бұл адам өміріне көптеген пайдалы заттарды әкелуге мүмкіндік береді. Алма ерекше жағдай емес, олар көптеген себептер бойынша ересектерге де, балаларға да ұсынылады. Алма ағашын отырғызудың бірнеше жолдары бар, олардың бірі тұқымдарды пайдалану. Барлығын дұрыс жасау және қажетті нәтиже алу үшін сіз осындай өсіру технологиясын білуіңіз керек. Толығымен ағашты таспен алуға болатындығын, бәрі де жеміс беретінін біле бермейді. Егер алма ағашы туралы айтатын болсақ, онда бұл өте нақты. Бұл өсімдікті үйде өсіру үшін алдымен қамқорлық қажет нәрсе - жоғары сапалы тұқым таңдау. Жақсы тұқым таңдау үшін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz