Жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағдарына тұлғалық ерекшеліктерінің әсерін қарастыру


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ …… . . . 3
І ТАРАУ. ЖОҒАРҒЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУЫ МЕН ТҰЛҒАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
1. 1. Кәсіптік бағдарлау ұғымына теориялық талдау . . . 6
1. 2. Жоғарғы сынып оқушыларының кәсіптік бағдар мотивтерін талдау . . . … . . . … . . . 13
1. 3. Жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағдарына тұлғалық ерекшеліктерінің әсерін қарастыру . . . 19
ІІ ТАРАУ. ЖОҒАРҒЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КӘСІБИ БАҒДАРЫ МЕН ТҰЛҒАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫН ЭКСПЕРИМЕНТТАЛДЫ ТҮРДЕ ЗЕРТТЕУ
2. 1. Зерттеудің мақсаты, міндеттері, болжамы…… . . . ……… . . . 31
2. 2 Зерттеу мәліметтерінің сандық өңдеуі мен сапалық талдау . . . 32
2. 3 Оқушыларының кәсіби бағдарына негізделген бағдарламма құрастыру олардың нәтижелері . . . 45
ҚОРЫТЫНДЫ
. . . 63
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
……… . . . 65
ҚОСЫМША
……… . . . 68
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бүгінгі таңда қоғам алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазіргі жаңа кезеңдерде ғылымдар жүйесінде, кәсіби өзіндік анықталу мәселесін зерттеу өзектілігі қоғам талаптарына орай еңбек сипаты мен мазмұнының аумақты, жылдам өзгеруіне байланысты кәсіби бағдар мен мамандық таңдауға психологиялық дайындықты қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық өңдеулерін жүзеге асыру мәнді сұрақтардың бірі. Кәсіби бағдарлану мен кәсіби анықталу, соған байланысты іс-әрекетті саналы өзіндік реттеу мәселелерінде дәстүрлі және диагностикалық зерттеуді қолдану, психологиялық, педагогикалық, практикалық кеңес беруді, мамандыққа дайындауды, еңбек субьектісі ретінде болашаққа бағыт бағдар беруді кеңінен қолдануды күшейтіп негіздейді.
Қазіргі қоғамда жоғарғы сынып оқушыларының кәсіби іс-әрекет пен мамандық таңдауға саналы дайындығының ішкі субьективті факторын зерттеу қажеттілігі психология ғылымы үшін әрқашан маңызды болып табылады.
Алайда, кәсіби бағдарлану жүйесінің білімдер сферасында жетіспей жатқан жайттардың бірі оқушылардың ішкі әлемін, олардың қызығуын, білімділігін, қабілеттерін зерттеу және өзіндік бағалауларын, мамандық таңдауға байланысты зерттеу мәселелері әлі де жеткіліксіз. Сондықтан да біздің зерттеудің негізгі мәселесі, кәсіби өзіндік анықталу процесіндегі оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін, өзіндік реттеу жүйелерінің қалыптасу ерекшеліктері, тұлғаның кәсіби өзіндік анықталуының позитивті жақтарын дұрыс ашып көрсете алады.
Оқушылардың кәсіби бағдар себептерін арнайы зерттеген Петербург университетінің профессоры В. И. Ковалев пен Дружинин В. Н. болды [1] . Оның жұмыстарында жастардың мамандық таңдаудағы түсініктері төмен, және олар болашақ мамандықтың айналасындағы адамдардың ақылымен таңдайды деп көрсетілген. Кәсіби бағдар себептерін тереңнен зерттеген Климов Е. А. болды [2], ол себептерді дифференциалды қарастырды, яғни жасына, жынысына, тұрмыс жағдайына, ата-анасының мамандығына т. б. байланысты.
Мамандықтардың сан алуан түрлері бар болғандықтан, адамның өзінің қабілетіне, не тілегіне қарай таңдауы оңай мәселе емес. Көптеген психологтардың пікірі бойынша (Э. Гинберг, И. Кон, Е. А. Климов және т. б. ) жоғарғы сыныптық кезеңде негізгі жаңа білім болып өмірлік және кәсіби өзіндік анықтау, болашақта өз орнын табу болып табылады. Кәсіптік бағдар туралы жұмыстарға Ф. И. Иващенко, Л. И. Божович, А. Г. Спиркин, А. М. Кухарчук, О. П. Мешковская, В. В. Ярошенко, және т. б. ғалымдардың еңбектерін, ал Қазақстандандық ғалымдар С. М. Жақыпов, А. Т. Изақова, Г. М. Кәрібаева, Ж. Т. Түрікпенұлы, Ж. Ы. Намазбаева, Р. Ш. Сабырова, И. А. Әбеуова, Ж. Ж. Бейсенова, З. Д. Өтепбергенова, С. Ж. Өмірбекова және Л. С. Пилипчуктың жұмыстарында жасөпірімдер мен жеткіншектердің өзіндік бағалау ерекшеліктерімен жасөспірім шақтағы өзіндік сана сезімдер жайлы олардың тұлғаның даму сатыларындағы әсері көрсетіліп, зерттелінеді.
Жоғарғы сынып оқушыларының, жалпы жастардың мамандықты саналы таңдауға дайындау үлкен әлеуметтік психологиялық мәні бар сұрақтың бірі. Мамандықты дұрыс таңдау кәсіби өзіндік анықталудың нәтижесі болып табылады.
Кәсіби бағдар тұлғаның кәсіп таңдау жөніндегі ой-көзқарасының пайда болуынан басталады. Белгілі бір мамандық иесі болу - әр қалыпты тұлғаның өмір жолының басты мәні, мағынасы деу артық болмас. Осы өмір мағынасының «ірі компоненті» десе де болады, яғни мамандық таңдау тұлға дамуының жасөспірімдік кезеңінде басталады. Жасөспірімдік жас - бұл мінездің құралу уақыты. Көп жағдайда жасөспірімдер қандай мамандық жақсы екенін, құрбыларының не үлкендердің айтуына қарай шамалайды. Олар кейде мамандықты жақсы дегенде оның несі жақсы және оған өзінің шамасы келе ала ма, осыны жөнді біле бермейді. Ал, осы орайда жасөспірімдердің дара психологиялық ерекшеліктерінің мамандық таңдауға қаншалықты әсері бар екені бізді терең ойландырады.
Кәсіптік бағдар - адамның қоғамда қалыптасуының негізгі және өмірде қабылдаған маңызды шешімдерінің бірі. Кәсіптік бағдар ұғымын анықтайтын түлі жолдар бар, бірақ олардың барлығы бұл ұғымды субьектінің мамандық таңдаудағы ішкі ресурстарын талдау негізінде жасалатын таңдау деп түсіндіреді, сонымен қатар, оларды мамандықтың талаптарымен байланыстырады.
Анықтама мазмұны мамандық таңдау құбылысының екі жақтылығын айқындайды. Біріншіден, мамандық таңдаушы (таңдау субьектісі), ал екіншіден, таңдалатын мамандық (таңдау обьектісі) . Субьектіге де, обьектіге де бірнеше сипаттамалар тән, ал бұл мамандық таңдаудың бір жақты құбылыс емес екендігін аңғартады.
Кәсіби бағдар - ең алдымен, тұлғалық таңдау. Сондықтан да, мамандықты тұлғалық ерекшеліктерді негізге ала отырып таңдау керек екенін ескере отырып, біз зерттеу жұмысымыздың тақырыбын « Жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағдары мен тұлғалық ерекшеліктерінің өзара байланысы » деп алдық.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Жоғары сынып оқушыларының кәсіби айқындалуына тұлғалық ерекшеліктерінің әсерін анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Психология ғылымындағы кәсіптік бағдар мәселесінің зерттелуін теориялық талдау.
- Жасөспірімдердің мамандық таңдауы мен тұлғалық ерекшеліктеріне ғылыми-теориялық зерттеулер жүргізу.
- Жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағдары мен тұлғалық ерекшеліктерін анықтауға бағытталған диагностикалық зерттеулер жүргізу және интерпретациялау.
- Жасөспірімдердің кәсіби бағдарына негізделген арнайы бағдарлама ұсыну.
Зерттеу жұмысының пәні: жоғары сынып оқушыларының кәсіптік бағдары мен тұлғалық ерекшеліктерінің өзара байланысы.
Зерттеу жұмысының объектісі: жоғары сынып оқушыларының кәсіптік бағдары.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағдары мен тұлғалық ерекшеліктерінің арасында өзара байланыс бар: жасөспірімдердің тұлғалық ерекшеліктері кәсіби өзіндік анықталуына негіз болады және мәнді әсер етеді.
Жеке болжам: егер, оқушылардың тұлғалық ерекшеліктеріне сәйкес, арнайы ұйымдастырылған кәсіби бағдарлану жұмыстары оқушылардың өзінің мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сай мамандық таңдауына негіз бола алады.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізін: Зерттеудің теориялық негізі ретінде, Л. С. Рубинштейн, Б. Г. Ананьев, Л. И. Божович, А. И. Липкина, И. И. Чеснокованың [3], оқушылардың мамандық таңдау мәселесі туралы Е. Кон, Д. Съюпердің, Д. В. Демина, З. В. Кузьмина, А. Е. Соловьеваның [4], сонымен қатар жасөспірімдердің өзіндік бағалау ерекшеліктері мен өзіндік сана сезімдер жайлы Ж. Ы. Намазбаеваның, С. М. Жақыповтың, Р. Ш. Сабырованың еңбектері құрайды [5] .
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы: Психология ғылымындағы кәсіби бағдар ұғымы, жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағдарына байланысты қызығулары, кәсіби бағдар мотивтері теориялық тұрғыда зерттеліп, жан-жақты талдау жасалынды. Сондай-ақ, оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері мен кәсіби бағдарының арасындағы байланыс тәжірибелік тұрғыда зерттеліп, сапалық әрі сандық талдау жан-жақты сипатталды.
Зерттеу жұмысының практиклық маңызы: Жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағдарын айқындауға әдістемелік көмек бола алатын арнайы дамыту бағдарламасы құрастырылды. Бағдарламаны білім беру мекемелерінің педагог-психологтары, оқытушылары кеңінен қолдана алады.
Зерттеу жұмысының әдісі : 1. О. Г. Филимоновтың жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағдарлануын анықтауға арналған сауалнамасы.
2. Жоғары сынып оқушыларының типологиялық ерекшеліктерін анықтауға арналған Д. Голланд тесті.
3. Н. И. Рейнвальдтың тұлғалық сауалнамасы «ҰЕҰӘЭ».
4. Темпераментті анықтауға арналған Айзенк сауалнамасы.
Зерттеу жұмысының базасы: Алматы қылысындығы №182 жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушылары.
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
І ТАРАУ. ЖОҒАРҒЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУЫ МЕН ТҰЛҒАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
1. 1. Кәсіптік бағдар ұғымына теориялық талдау
Теориялық талдауды құрайтын жұмыстың бұл бөлімінде шет елдік және кеңестік психологиядағы мамандық таңдау процесі және мамандық таңдау мотивтерінің ерекшеліктері және өзіндік бағалау мәселелері зерттелінеді.
Көптеген уақыттар бойы философия мен психологияда адамзатты қоғамдық құбылыс ретінде түсініп келді. Бұл адамзаттың қоғамдық өзгерістерге байланысты жеке тұлғалық дамудың бастамасынан тұрады.
Сондықтан, қоғамнан тыс қоғамның дамуынан өзгешелеп тұлғаның өзгеруін қарастыру кез-келген зерттеудің өзектілігін тудырады.
Адамның мамандық, кәсіп таңдауы оның қоғамдық, жекелік тәжірибесіне байланысты.
Мамандық таңдау адамның жеке тұлғалық құрылымының қайта құрылуы мен субъективті тәжірибесін терең қарастыруды қажет етеді.
Мектеп бітірушілердің болашақ мамандыққа қатысты психологиялық дайындықтары мен кәсіби өзіндік анықтау механизімдеріне өзіндік бағалаулары әсер ете ме? Осы сұрақтар әрқашан да өз маңыздылығын жоймайды. Жоғары сынып оқушыларының мамандықты таңдауға саналы қатынастарын қалыптастыруда олардың кәсіби қызығулары мен ниеттерінің құрылуымен дамуы негіз болады. Жоғарғы сынып оқушыларында еңбекке деген шығармашылық қатынасты орнату, оларға дұрыс психологиялық бағдар беру оқушылардың индивидуалды-психологиялық жеке бастық ерекшеліктерімен тығыз байланысты.
Психологтар мен педагогтар үшін негізгі мәселе - жоғарғы сынып оқушыларында еңбекке деген психологиялық дайындықты қалыптастыру және оқушылардың әлеуметтік-психологиялық кемелдену сипатын негіздеу. Осы жағдайларға байланысты жасөспірімдік кезеңді зерттеуде маңызды кезеңдерді ескеру керек:
- сенімділіктерді (ғылыми, моральдық, эстетикалық, танымдық) зерттеу, яғни жеке адамның мотивациялық сферасын қалыптастыру: жеке адамға әсер ететін сыртқы әсерлерді, әрекетті реттеу мен басқарудың ішкі тәсілдеріне айналдыру немесе олардың интериоризациясы;
- жасөспірімдік кезеңдегі негізгі құндылықтарға бағдарлану мен өмірлік болашақтарды анықтау;
- жасөспірімдердегі жеке бастық әлеуметтік-психологиялық кемелденудің қалыптасуын зерттеу;
- жасөспірімдердің танымдық процестерін зерттеу;
- жасөспірімдердің жеке бастық даму ерекшеліктері мен өзіндік және кәсіби қызығулары мен мамандық таңдауға байланысты өзіндік бағалау сипатын зерттеу [3] .
Осы мәселелерді зерттеу мақсатында жасөспірімдік кезеңдегі өзіндік бағалау, өзіндік сана сезімдер, өмірлік анықталу, мамандық таңдау мен кәсіби өзіндік анықталу сұрақтарына теориялық талдау қаралады. Л. С. Выготский [4] көрсеткендей «әлеуметтік мәдени қалаптасу» қоғамдық тарихи орта шартында «жеке адамның құрылу» процесі. Жасөспірімдердің әлеуметтенуі мен өзіндік анықталу процесінде олардың әрекеттерінің сәтті болуы субъективті ұстанымдарының қалыптасуынан, өздерінің меншікті белсенділіктеріне байланысты болады. Осы ұстаным және онымен байланысты тәжірибе жоғары сынып оқушыларына мақсатты бағытталған, саналы, белсенді және шеберлікпен мамандықты дұрыс таңдауға және соған психологиялық дайындықты қалыптастыруға негіз болады. Басқаша айтсақ, кәсіби өзіндік анықталуда оқушылардың белсенділігі іс-әрекет субъектісі ретінде қаншалықты дайын соған байланысты және бұл белсенділік «өзіндік бағдарланған» оқушы, өзіндік анықталудың алғашқы сатыларын зерттеуде оқушылардың субъективті белсенділіктерінің қалыптасуын бағалауды зерттеу мәнді болып табылады.
Мамандық таңдау - жасөспірім кезеңдегі қабылданатын маңызды шешімдердің бірі. Мамандық таңдаудың маңыздылығына байланысты бірнеше психологиялық себептер бар. Әр бір адам қоршаған ортаның оны қабылдағандығын, оны бағалай және мақұлдай білгендерін, тәуелсіздікті және махаббатты қалайды. Бұған қол жеткізудің бір тәсілі оған эмоциялық қанағаттандыру алып келетін, қоршаған адамдардың арасынан оны бөліп көрсететін мамандықты таңдай білу болып табылады. Қазіргі психология ғылымда жеке адам және оның дамуының ерекшеліктерін анықтауда түрлі бағыттарда (Б. Г. Ананьев, Л. И. Анцыферова, Л. И. Божович, А. Н. Леонтьиев, А. В. Петровский, С. Л. Рубинштейн, Е. В. Шорохова және т. б. ) неғұрлым эвристикалық тұжырымдамасын А. Н. Леонтьев [5] берген, ол бойынша, тұлға - ерекше жүйені құрайды және индивидтің игерген сезімнен жоғары қасиетімен жеке адам болып дами отырып өзінің іс-әрекетімен көп жақты әлеуметтік қатынастарға түседі. Шет ел психологиялық мектептері мамандық таңдау мәселесін тұлғаның психологиялық ерекшеліктерімен ұштастырады. Мамандық таңдау мәселесі тұлғаның әлеуметтік даму сатысына немесе формасы ретінде түсіндіріледі. Бұл мәселелер А. Г. Здравомыслов, М. Х. Титма, А. Е. Голомшток, В. И. Журавлев, Л. А. Йовайша және т. б жұмыстарында зерттелінген [6] .
Американдық психолог Д. Сьюпердің «Мен концепциясының конгруэнттілігі мен мамандық» деп аталатын концепциясы осыны негіздейді. Бұл теория бойынша кәсіби жолдың негізгі детерминанты адамның өзі жайлы түсініктері жатады. Автор жеке бастық өзіндік анықталу процесі кәсіби өзіндік анықталу сұрағымен өте тығыз байланыстырады [7] .
Шетелдік әдебиеттерде мамандық таңдау мәселесін тұлғаның мотивациялық жүйесімен байланыстыра зерттеген.
Жеке адамның мотивациялық сферасының иерархиялық құрылымы оның бағыттылығын анықтаушы негізгі фактор болып табылады.
Мамандық таңдау белгілі бір талаптар, ниеттер негізінде жүзеге асады. Әрбір кәсіби іс-әрекет - жеке адамның қиындықтарды жеңу қабілеттілігін, әрекеттерді орындауға байланысты жеке бастық кәсіби бағдарды, іскерлікті, кәсіби сана қалыптастыруды, білімділікті талап етеді.
Жалпы мамандық таңдау бұл адамның қоғамнан белгілі бір орын алуымен, өмірлік шешімімен, сана сезімімен байланысты. Және де кім боламын? Қандай әлеуметтік топқа қараймын? Қайда жұмыс істеймін? т. б. сұрақтармен байланысты.
А. М. Кухарчуктің пікірінше, кәсіби өзіндік анықталу - мамандықты тәуелсіз таңдау және талдау нәтижесінде ішкі ресурстарды жүзеге асыру болып келеді. Осы сұрақтың маңыздылығын түсінсе де жас өспірімдер бұл сұраққа немқұрайлықпен қарайды. Олар үшін бастапқы кезеңде өз қатарынан қалмай, жоғарғы оқу орнына түсу маңызды болады [8] .
Және мамандық таңдау мәселесін адамның қабілетімен байланыстырады. Өйткені мектеп бітірушілер мамандық таңдау барысында осы факторларды басшылыққа алуыда мүмкін. Осыған сәйкес автор мамандықтың үш типін бөледі:
1) Кез-келген адам қызмет ете алатын немесе орындай алатын мамандық;
2) Кез-келген адамның қолынан келе бермейтін, өзіндік талаптары бар мамандық;
3) Жоғары іскерлікті, қабілеттілікті талап ететін мамандық.
Мамандық таңдау іс-әрекеттің күрделі түрі болғандықтан, ол ұзақ саналы ұғындырылатын мотивті қажет етеді
Себебі, бұл тұлғаның таңдап алынған мамандықты игеру жолындағы тұлғалық бағдарларымен қатар, оның жекелеген бөліктеріндегі оқыту белсенділігін ұйымдастыруға себепші болуы тиіс.
Қазіргі кезде адамның белгілі бір кәсіп түрін таңдау және осы мамандықты игеруге деген ұмтылысы мен болашақ кәсіпке деген жағымды қатынастық мәселелері алғаш рет жеке бағыт ретінде Н. В. Кузьмина еңбектерінде қарастырылған.
Масгутова С. К. кәсіпті таңдау мәселесін кәсіби бағыттылықпен байланыстыра қарастырады: мамандық таңдау мотиві, мамандықа қызығушылық пен қанағаттану дәрежесі, мамандық шарттары мен мазмұны туралы түсінік деңгейі, маманның рөлдік қызметі, кәсіби іс-әрекеттің құндылық құрылымы [9] .
Климов Е. А. кәсіби бағыттылықты таңдап алынған мамандыққа байланысты іс-әрекетке деген жағымды қатынасты анықтайтын ішкі талпыныстар мен түрткілер жүйесі ретінде түсінеміз.
Мұндай жүйеге жеке адамның жалпы бағыттылығына кіретін және жеке адамның мотивациялық жүйесін қалыптастыратын құрамдас элементтердің барлығын (қажеттілік, мотив, бағдар, құндылық бағдары, қызығулар, дүниетаным, идеал, сенім-наным) жатқызуға болады [10] .
Кеңес психологиясында өзіндік бағалау мәселесі теориялық эмпирикалық деңгейде көп зерттелген.
Адамның тарихи дамуындағы өзіндік сана сезімдердің пайда болу процесін Крутецкий В. А. [11], И. С. Конның [12] жұмыстарында талданды.
Авторлардың пікірінше адамдар еңбек іс-әрекетінде қоғамның басқа мүшелерімен өзара әрекеттесе отырып, өзін белгілі бір қауымдастықта ұғынады және сананың ұжымдық формасын меңгереді.
Соңғы жылдары көптеген зерттеулер өзін өзі бағалауды өз беттілік, жеке тұлғалық феномен, адамның мінезін реттеуші ретінде қарастырады (Т. В. Демина, А. И. Липкина, М. И. Лисина, В. Ф. Сафин) .
Өзіндік бағалау өзіндік сана - сезімдердің неғұрлым көп зерттелген элементтерінің бірі.
Ресейлік психологияда (Б. Г. Ананьев [13], Л. И. Божович [14] және т. б. ) өзіндік бағалау екі жоспарда қарастырылды:
1) өзіндік сана сезімдердің компоненті ретінде;
2) өзіндік реттелудің маңызды механизмдері ретінде.
С. Л. Рубинштейн өзіндік сананың мәнін түсіндіруге тырысады. Ол өзіндік бағалауға әсер ететін фактор ретінде адамның басқа адамдармен өзара қарым қатынасын бөліп шығарады.
Өзіндік бағалау мәселесін зерттеуде үлкен үлес қосқан К. Роджерс пен оның шәкірттерінің зерттеулері болып табылады.
Ғалым өзіндік бағалау теориясын және өзіндік бағалауға психотерапиялы әсер ету курсын ұйымдастырады. Ол бойынша өмір жағдайларына ең оңай бейімделу өзіндік бағалаудың икемділігін дамыту болып табылады.
Өзіндік бағалау өзін өзі сыйлау, басқа адамдарды сыйлау, өзінің қабілеті, жетістіктері негізінде қалыптасып, өзгеріп отырады.
К. А. Абульханова өзіндік бағалауды өзіндік реттеу ерекшелігімен байланыстырады. Ол тұлғаның болашақтағы міндеттерін, қоғамдық белсенді субъект ретінде өзінің мүмкіндіктері мен позициясын анықтай отырып, тұлғаның белсенділігінің маңызды факторы ретінде көрсетеді [15] .
Және де автор мамандық таңдау мәселесін тұлғаның өзіндік анықталуымен тығыз байланыста қарастырады.
Ғалымның ойынша өзіндік анықталу қатынастар жүйесінде ішкі кординаторда қалыптасатын тұлғаның өзіндік позициясын саналы ұғынуы.
Осыған орай, ол қатынастар жүйесінің қалай қалыптасатындығы өзіндік тұлғаның анықталуымен қоғамдық белсенділігіне байланыстылығын көрсетеді.
В. С. Мерлин өзіндік бағалау мен өзіндік сананы байланыстарды. Өзіндік бағалау өзіндік сананың негізгі құрылымы.
А. И. Липкина өзіндік бағалаудың екі түрін ұсынады: тұлғаның өзіндік жалпы дифференцияланбаған сипаттамасы бойынша өзіндік бағалау және тұлғаның қасиеттерін және оның рөлдік қызметтерін орындаудың әртүрлі деңгейлеріне қатысты өзін бағалау ретінде түсінетін жеке бағалау [16] .
Чеснокова И. И. өзіндік бағалауды: тұлғаның бірліктегі тұтастай өзіндік бағалауы және психикалық құбылыстарының жеке жақтарын өзіндік бағалау деп түсіндіреді [17] .
А. А. Филипов және М. Л. Кондратьева маманды таңдау мен кәсіби бағдар мәселесін байланыстыра отырып қарастырады.
Олардың айтуы бойынша, өзіндік анықталу тұлғаның өзіндік мүмкіндіктерін саналы ұғынуға байланысты тұлғаны әлеуметтендірудің бір формасы [18] .
И. С. Кон өзіндік бағалаудың негізгі механизмдерін бөліп шығарады [19] : басқа адамның субъектіге берген бағасын қабылдау; әлеуметтік салыстыру - бұл жерде тұлға өзін басқа адамдармен салыстырады; өзіндік атрибуция - мұнда индивид өзінің құлықтарын әртүрлі ситуацияларда бақылай және бағалай отырып өзі туралы, өзінің ішкі күйлері туралы мәселені қамтиды.
Бірнеше зерттеулердің көрсеткеніндей өзіндік бағалау тұлғаның мотивациялық - эмоциялық сферасымен тығыз байланысты, тұлғаны іс-әрекетке бағыттайды, оны өзіндік реттеулері жағдайлары негізі болады, тұлғалардың тартымдылығының негізгі бөлігі болып табылады.
Л. И. Божовичтің пікірнше, жоғары өзіндік бағалау және тартымдылық қандай да бір іс-әрекеттің шындық жетістігі негізінде қалыптаспайды, оған айналасындағылардың берген қате, жоғары бағасы негізінде қалыптасады [20] .
Мамандық таңдау мәселесі ғылыми тұрғыдан өткен ғасырдың ортасынан басталады. Жалпы мамандық таңдау тұлғаның бойында кәсіби бағыттылықтың қалыптасуына негіз болады.
Бұл туралы ой қозғаған АнцыфероваЛ. И., ол былай дейді: «Теорияның негізінде үш факторды бөлу жатады: мамандыққа үміткердің психологиялық жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерделеу; мамандыққа қойылатын талаптарды зерделеу; кәсіптің талаптарына адамның ерекшеліктерінің сәйкес келуіне негізделетін алғашқы екі факторлы салыстыру». Аталған теория кәсіби кеңес беру және кәсіби бағдарлау әдістеріне әсер етті [21] .
Аталған ұстаным өкілдерінің ойынша, кәсіби оқытудың тиімді әдістерін дұрыс таңдай отырып, кез-келген адамды әртүрлі мамандыққа үйретуге болады.
Чистяков С. Н. көзқарасы бойынша, кәсіби қалыптасу процесінің өзіндік ерекшелігі бар және ол оның қалыптасуы шарттарының қайталанбастығы көрінеді. Ғалым тұлғаның өзін кәсіби жұмысшы ретінде өзіндік түсіну процесіне ерекше мән береді [22] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz