Жастардың бос уақытын ұйымдастыру технологияларыпәні


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекетттік университеті
«Мәдени және әлеуметтік жұмыс» кафедрасы
Ақылбаева А.
5В090600 - Мәдени - тынығу жұмысы мамандығының студенттері үшін
«Жастар мен балалардың бос уақытының теориясы
мен технологиясы» пәнінен
ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ
Оқу формасы: күндізгі, кешкі және сырттай
Шымкент - 2018 ж.
ОӘЖ 99. 6
ҚБЖ 77. 2
Құрастырған Ақылбаева А. «Жастар мен балалардың бос уақытының теориясы мен технологиясы» пәнінен дәрістер жинағы. - Шымкент: М. О. Әуезов атындағы ОҚМУ, 2018. -80 б.
Дәрістер жинағы оқу жоспары мен «Жастар мен балалардың бос уақытының теориясы мен технологиясы» пәнінің оқу бағдарламасына сай құрастырылған және пәнді меңгеруге қажетті мағлұматтарды қамтиды.
Дәрістер жинағы 5В090600 - «Мәдени - тынығу жұмысы» мамандығы студенттеріне арналған.
Дәрістер жинағында «Жастар мен балалардың бос уақытының теориясы мен технологиясы» пәні бойынша студенттердің мамандық бойынша теориялық білімдерін қалыптастыруға негіз болатын материалдар беріледі.
Пікір берушілер: Сапарова Ю. А. - «Мәдени және әлеуметтік жұмыс» кафедрасының доценті, п. ғ. к.
«Мәдени - тынығу және әлеуеттік қызмет» кафедрасының мәжілісінде (Хаттама №__, «__ » __. 2018 ж. ) және Педагогика және мәдениет факультетінің әдістемелік комиссиясы қарап (Хаттама №__, «__ » __. 2016 ж. ) баспаға ұсынды.
М. О. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің әдістемелік кеңесі баспаға ұсынды, Хаттама №__, «__ » __. 2018 ж.
© М. О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекетттік университеті, 2018 ж.
Шығаруға жауапты: Ақылбаева А.
Дәріс 1. Кіріспе
Дәріс түрі: шолу дәріс
Дәріс мақсаты: Студенттерге «Жастар бос уақытының технологиялары» пәнінің мақсаты, міндеттері жайлы жалпы түсінік беру.
Дәріс міндеті:
- «бос уақыт», «жастар», «инновациялық технологиялар» ұғымдарына түсінік беру;
- студенттердің жалпы пәннің мақсаты мен міндеттері жайлы түсініктерін қалыптастыру;
Негізгі ұғымдар: бос уақыт, инновация, мәдени-тынығу жұмысы, ұйымдастыру.
Жоспар:
- Жастардың бос уақытын ұйымдастыру технологияларыпәні.
- Жастардың бос уақытын ұйымдастыру технологияларыпәнінің мақсаты мен міндеттері.
- Жастардың бос уақытын ұйымдастыру технологиялары пәнінің ғылыми және оқу пәні ретіндегі мәні мен әлеуметтік негізі.
Ұсынылатын әдебиеттер:
- Омар Е. О. Қосымша білім беру ұйымдары тәрбие жұмыстарының негізі. - Түркістан, 2007.
- Воловик А. Ф., Воловик В. А. Педагогика досуга. -М., 1998
- Жарков А. Д. Организация культурно-просветительной работы. Москва, Просвещение, 1989 г.
- Камалова Н. К. Мәдени-шұғылданымпаздылық педагогикасы. -Шымкент, 1998
- Шулунова Л. И., Уалиханова А. Бос уақытты ұйымдастырудың көркемдік-педагогикалық әдістемесі. -Шымкент, 2013
- Шулунова Л. И., Уалиханова А. Бос уақытты ұйымдастырудың көркемдік - педагогикалық әдістемесі. Электронды оқулық-Шымкент, М. Әуезов атындағы ОҚМУ, 2012
- Жастардың бос уақытын ұйымдастыру технологияларыпәні
«Жастардың бос уақытын ұйымдастырудың инновациялық технологиялары» пәнінен бағдарлама 5В090600 - «Мәдени -тынығу жұмысы» мамандығы студенттеріне арналған. Аталған пән жалпы кәсіптендіру бағыты бойынша білім беріп, жастардың бос уақытын ұйымдастырудың теориялық негіздері, мақсаты мен мазмұны, технологиясы жайлы студенттерге жан - жақты білім беруге және алынған теориялық білімдерін мәдени - тынығу мекемелерінде қолдану бағытталған. Жастардың бос уақытын ұйымдастыру технологиялары негіздерін, түрлерін, мазмұны мен технологиясынмеңгеру арқылы бос уақытты ұйымдастырушы білім мен ақпараттық анықтама жинақтап, бос уақыттың әдістемесі тұрғысынан мәселелерін ұйымдастыру бейімін қалыптастыру міндеттері қойылған.
Жастардың бос уақытын ұйымдастыру технологиялары пәні әлеуметтік-гуманитарлық, жалпы кәсіби оқыту пәндері: педагогика, психология, әлеуметтану, мәдени-тынығу жұмысының тарихы мен теориясы, бос уақытты ұйымдастырудың көркемдік-педагогкалық әдістемесі пәндерімен өзара тығыз байланысты.
- Жастардың бос уақытын ұйымдастыру технологияларыпәнінің мақсаты мен міндеттері
Жастардың бос уақытын ұйымдастыру технологияларыпәнінің мақсаты жастардың бос уақытын ұйымдастыру технологияларытуралы ғылыми білімді жинақтау болып табылады.
Жастардың бос уақытын ұйымдастыру технологияларыпәнінің міндеттері:
- студенттерге міндеттері қазіргі уақытта қалыптасқан жастардың бос уақытын ұйымдастыру жөніндегі әдебиеттерге шолу арқылы меңгеру. Осы курсты меңгеру нәтиежесінде студент мынаны меңгеруі қажет:
- қоғамдағы жастардың орнын анықтау;
- жастардың бос уақыттын ұйымдастырудағы мәдени-тынығу жұмысының мәнін айқындау;
- бос уақытты дұрыс ұйымдастырудың жастарға тәрбиелік мәнін қарастыру.
- Жастардың бос уақытын ұйымдастыру технологиялары пәнінің ғылыми және оқу пәні ретіндегі мәні мен әлеуметтік негізіПәнбелгілі жас тобындағы балаларды тəрбиелеу ерекшеліктері жөніндегі кəсіби білімдермен қаруландырып, əрқилы жағдайлардағы оқу-тəрбие процесін болжастыруға, жобалауға жəне іске асыруға, оның тиімділігін бағалауға үйретеді. Тəрбие процесін ұдайы жетілдіріп отырып қажет, себебі адамдардың өмір жағдайлары өзгермелі, ақпараттар көлемі ұлғаяды, осыдан мұғалімге қойылатын талаптар жыл сайын күрделеніп баруда. Қоғамның мұндай талаптарына педагогтар өсіп келе жатқан əулетті оқыту, тəрбиелеу жəне оған білім берудің жаңа технологияларын құрастырумен жауап береді.
Оқу процесінде студенттерге қойылатын негізгі талаптар оқылатын курстың міндеттері мен мақсаттарынан шығады. Студент пәнді оқу барысында оқылатын дәріс мазмұнын қысқаша дәптерге жазып отыруға, сабаққа кешікпеуге, сабақ үстінде сөйлеспеуге, газет және журналдар оқып немесе басқа жұмыспен айналысып отыруға, ұялы телефонын өшіріп қоюға, оқу үрдісіне белсенді қатысуға, бақылау жұмытарын және емтиханды дер кезінде тапсыруға міндетті.
Өзін - өзі бақылау сұрақтары:
- «Жастар бос уақытын ұйымдастыру технологиялары» пәнінің мақсаты не?
- «Жастар бос уақытын ұйымдастыру технологиялары» пәнінің өзге қоғамдық пәндер
арасында алатын орны қандай?
Келесі дәріс тақырыбына дайындалу: «Бос уақыттың мәні мен мазмұны»
Дәріс 2. Бос уақыттың мәні мен мазмұны
Дәріс түрі: миға шабуыл
Дәріс мақсаты: Студенттергебос уақыт ұғымы мен мәні, мазмұны, босуақытты жайлы жалпы түсінік беру.
Дәріс міндеті:
- «бос уақыт», «тынығу» ұғымдарына түсінік беру;
- студенттердің бос уақыт туралы түсініктерін қалыптастыру;
- жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуында бос уақытты алатын орнын анықтау.
Негізгі ұғымдар: бос уақыт, тынығу, мәдени-тынығу жұмысы, ұйымдастыру.
Жоспар:
- Бос уақыт ұғымы және бос уақыт түсінігінің мәні.
- Бос уақытты ұйымдастырудың типологиясы.
- Жеке тұлғаның бос уақытты өткізуінің белсенді және енжар түрлері.
Ұсынылатын әдебиеттер:
- Омар Е. О. Қосымша білім беру ұйымдары тәрбие жұмыстарының негізі. - Түркістан, 2007.
- Воловик А. Ф., Воловик В. А. Педагогика досуга. -М., 1998
- Жарков А. Д. Организация культурно-просветительной работы. Москва, Просвещение, 1989 г.
- Камалова Н. К. Мәдени-шұғылданымпаздылық педагогикасы. -Шымкент, 1998
- Шулунова Л. И., Уалиханова А. Бос уақытты ұйымдастырудың көркемдік-педагогикалық әдістемесі. -Шымкент, 2013
- Шулунова Л. И., Уалиханова А. Бос уақытты ұйымдастырудың көркемдік - педагогикалық әдістемесі. Электронды оқулық-Шымкент, М. Әуезов атындағы ОҚМУ, 2012
- Бос уақыт ұғымы және бос уақыт түсінігінің мәні
Бос уақыт дегеніміз не?Адамдарбос уақыт жайлы сөз қозғағанда, оған жұмыстан тыс уақыт деген анықтама береді. Дегенмен, халықтың мәдени бос уақытын ұйымдастыру саласында қызмет істейтін зерттеуші ғалымдар мен менеджерлер бұл аталған қағидалар тек қана бір ғана бөлшегі ретінде ғана қабылдап, басқа да анықтамаларды береді.
Қазіргі заманда адамның бос уақытына адамның қоғамдық өндіріс саласына жұмсайтын еңбектен, сонымен қатар, адамның үй шаруашылығы және әлеуметтік қатынастар барысында өндіретін өмірлік функцияларынан (қызметтерінен) тыс уақытты жатқызады.
Жеке адамның бос уақытын анықтау үшін оның тәуліктік уақыт бюджетінен келесі іс - әрекеттерге жұмсалатын уақыт мөлшерін шегеріп тастау қажет:
- өндірістік - еңбектік қызметтерге, сонымен қатар, жұмысқа (оқуға ) бару және жұмыстан ( оқудан ) қайту уақытын есептегенде;
- физиологиялық дем алу (ұйқыға кететін уақыт) ;
- сауықтыру және санитарлық гигиеналық қажеттіліктер (таңғы гигиеналық іс - әрекеттер, физикалық жаттығулар жасау, ыдыс жуу және т. б. іс - әрекеттерді қосқанда) ;
- азық - түлік сатып алу мен ас ішу және дайындау;
- ұзақ мерзімді қолданыстағы және күнделікті қажетті заттарды, тауарларды алу;
- жас балаларын тәрбиелеу, туысқандарына жедел жәрдем беру (мысалы, науқас адамға күтім көрсету) және т. б. жағдайлар.
Жоғарыда аталған іс - әрекеттерден кейін адамның өз игілігінде қалатын уақыт - оның бос уақыты немесе күндізгі сергектік уақыты аралығындағы адамның «таза» бос уақыты ретінде анықталады. Сондықтан, нақты осы аталған уақыт мөлшерін адам өзінің қалауынша өткізуі тиіс.
Бос уақытта әр адам өз шығармашылығын жалпы мағыналы мақсаттарға жетуге, өмірлік бағдарламаларын іске асыруға, өз мүмкіншіліктерін дамытуға бағыттай алуынан көбіне адамның әлеуеттік ортада сезінуі және өз бос уақытымен қанағаттануы көрініп тұрады.
Сонымен қатар, бос уақыт түсінігінің мәнін зерттеуде әлі күнге дейін толыққанды анықтама көрсетілмеген және бір мезгілде үш позиция қарастырылады:
1) уақыт мөлшерін жұмыс уақыты және жұмыстан тыс уақыт деп белгілеу және «бос уақыт» және «жұмыстан тыс уақыт» түсініктері бір - бірімен пара - пар.
2) «бос уақыт» және «тынығу» түсініктерінің байланысы
3) тынығу - тұлғаның дамуымен байланысты бос уақыттың, дем алудың және сауығудың бөлшегі және т. б.
Қазіргі таңда энциклопедиялар мен анықтамалық әдебиеттерде «бос уақыт» және «тынығу» түсініктерін бір деңгейде қарастырады.
«Ұлы орыс тілінің анықтамалық сөздігінде» В. И. Даль тынығуға байланысты адамға келесі мінездемелерді береді: «досужий», яғни, іскер, еңбекке қабілетті, ынталы, ширақ. ХХ ғасырдың басында «тынығу» ұғымына адамның жұмыстан тыс уақытында өзін - өзі көрсету, мүмкіншіліктерін жүзеге асыру мүмкіндігі, қабілеті, дәрежесі деген анықтама қолданылып келді.
Бос уақыттың құрылымында келесі компоненттерді ерекше көрсетеді: белсенді шығармашылық әрекеттері, білім алу, өзін - өзі тәрбиелеу, мәдениетті тұтыну, спорт және т. б. Сонымен қатар, әуесқойлық іс - әрекеттер, балалармен ойын ойнау, өзге адамдармен араласу.
- Бос уақытты ұйымдастырудың типологиясы
Қазіргі таңда бос уақыттың әр түрлі типологиясы анықталған. Солардың ішіндегі ең маңыздылары: шығармашылық, күнделікті, апта сайынғы, мерекелік, үйдегі, үйден тыс, жеке ұйымдастырылған және ұжыммен ұйымдастырылған.
Күнделікті жұмыс күндері жұмыс басты адамның бос уақытының мөлшері салыстырмалы түрде аз, 1 - 3 сағат, ал, кейбір жағдайларда - бірнеше минут десе де болады. Ал, бұл уақытты адам кейбір белсенділіктің жеке түрлері арқылы ұзартады немесе қысқарта да алады. Мысалы, көбіне әйел адамдар өзінің бос уақытын үй шаруасына жұмсайды: кейбіреулер негізгі қызмет саласындағы туындаған мәселелерді шешумен айналысады, ал кейбіреулері, тіпті ештеңемен айналыспайды.
Осы тұрғыда, адамдар өз бос уақыттарын өздері қадағалап отыра алады - ұзарта алады немесе тынығуға қатысы жоқ іс - әрекеттермен шұғылданып, керісінше, қысқарта алады. Дегенмен, бұл мүмкіншіліктер де шексіз емес. Егер, өндірістегі еңбек және үй шаруасындағы таусылмайтын жұмыстар шектен тыс орын алатын болса, адам өзінің бос уақытына да шектеу қояды, ал, ол, өз кезегінде, шаршау салдарынан болатын күйзелуге әкеп соқтырады. Ал, өз бос уақыттарын пассивті өткізетін адамдарда даму болмайды және олардың өмірі бір сарынды мазмұнға ие болады.
- Жеке тұлғаның бос уақытты өткізуінің белсенді және енжар түрлері
Бос уақыт бұл жеке адамның жалпы уақытының отбасылық, қоғамдық міндеттері мен үй шаруасын анықтауға, сондай-ақ физиологиялық қажеттіліктерін \ұйықтау, тамақтану және т. б. \ өтеуге кеткен уақытының қалған бөлігі.
Әдебиеттерде «шұғылданымпаздылық» адамдардың демалыс пен ойын сауыққа, өздігінен білім алуға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған ақыл-ой, эстетикалық қимылдық іс-әрекеттері деп түсіндіріледі.
Шұғылданымпаздылық ұғымына берілетін түсініктерді төмендегідей төрт түрге бөлуге болады.
Бірінші, шұғылданымпаздылық- қол бос уақыт, сайрандау, іс бастылықтан бос кеңістік: \Даль бойынша\
Екінші, шұғылданымпаздылық эрекетсіздік, демалыс, жұмысістеуге қарама -қарсы ұғым;
Үшіншіден, шұғылданымпаздылық - сапа, қасиет - қабілеттілік, шеберлік;
Төртінші, шұғылданымпаздылық- адамдардың жұмыс пен оқудан бос қалыптағы жағдайы.
Француз социологы Дюмазадьенің, айтуынша; шұғылданымпаздылық- жеке адам өмірінің демалысы мен сауығуы үшін немесе адамдармен араласа отырып білімін кеңейтуге және өзінің шығармашылық қабілеттерін еркін дамытуға арналған, үйірмеліе жұмыс пен қоғамдық міндеттерді атқаруға қарама қарсы ұғымдағы әрекет болып саналады.
Әдетте социологияда шұғылданымпаздылықты міндетті жұмыстан тыс, оқу мен қоғамдық міндеттерден, демалыстың әр түрлі түрлерінен, тұрмыстық тіршіліктен бос уақыт бөлігі деп түсіндіріледі. Бос уақыттың қызметі көп қырлы. Жалпылама алғанда оның біріншіден, рекрациялық қызметін \ дене, психикалық қажыр қайратты, энергияны қалпына келтіру мақсатындағы демалыс \, екіншіден, дамушы\ жеке адамның физикалық, интлектуалдық, көркемдік, адамгершілік қырларының дамуы\, үшіншіден, шұғылданымпаздылық пен шұғылданымпаздылық қам-қарекеттері түрлерінің айқындалуы \ спирттік ішімдіктер ішу, құмарпаздық ойындар, бұзақылық, жәй ғана ештеңе бітірмеу\ оның шұғылданымпаздылыққа кереғар құбылыс ретіндегі бұзылған функцияны қалпына келтіру қызметін атқарғандықтарын жатқызуға болады.
Жеке адамның шұғылданымпаздылығы оның уақыт өткізуінің әртүрлі әдістері мен түрлеріне байланысты қалыптасады. Бірақ бұл жерде адамбойындағы дағды мен белгілі бір кезеңдерде қалыптасқан айырмашылығы жоқ қызметтері бірде конструктивті күрделі дамуға бейімделген немесе днконструктивті кері ықпал етуші \ болып келуі мүмкін.
Шұғылданымпаздылықтың түрлері бір-бірінен көлемі жағына\ ұзақтылығы\; мазмұндылығына \ шұғылданымпаздылық қызметтің өзіндік іріктелуі арқылы\;
Белсенділіктілігіне, әрекетшілділігіне немесе немқұрайлылығына, суырып салмалылығына; жоспарлануы мен жоспарлауына келмейтін стихиялығына;
кеңістікке қатысты шектелушілікке\ отбасылық немесе қала аралауға қатысты\; қарым -қатына жасайтын ортасына; .
Бос уақытта айналысатын іс-әрекет түрлері кітап оқу, театрға, концерттерге бару, спортпен айналысу шұғылданымпаздылық элементтері деп аталады. Элементтің кейбір түрлері бос уақыттың жалпы бөлігіндегі өздерінің «үлес салмағына» орай және мәдени құндылығына қарай ерекшеленеді. Нақты белгілі-бір әлеуметтік топқа тән элементтер жиынтығы, оның шұғылданымпаздылық құрылымын жасай отырып, адамдардың әлеуметтік-экономикалық жағдайына, оның мәдени деңгейіне байланысты болып келеді де қоғамдағы өзгерістерге қатысты өгеріп отырады.
Өзін - өзі бақылау сұрақтары:
- Бос уақыт дегеніміз не?
- Тұлға дамуында бос уақыттың алатын орны қандай?
- Бос уақыттың қандай түрлері бар?
- Бос уақытты тиімді ұйымдастыру дегенді қалай түсінесің?
- Бос уақыт теориясын зерттеуші қандай ғалымдарды атай аласыз?
Келесі дәріс тақырыбына дайындалу: «Бос уақыттың функциялары, мақсаттары, міндеттері және оның ерекшеліктері»
Дәріс 3. Бос уақыттың функциялары, мақсаттары, міндеттері және оның ерекшеліктері
Дәріс түрі: ақпараттық
Дәріс мақсаты: Студенттергебос уақыттың атқаратын қызметтері, мақсаты мен міндеттері, бос уақыттың жеке тұлғаны дамытуда алатын орны туралы білім беру.
Дәріс міндеті:
- «бос уақыттың атқаратын қызметі», «жеке тұғаны дамыту» ұғымдарына түсінік беру;
- студенттердің бос уақыттың атқаратын қызметтері, мақсаты мен міндеттері, бос уақыттың жеке тұлғаны дамытуда алатын орны туралы түсініктерін қалыптастыру;
Негізгі ұғымдар: бос уақыт, бос уақыттың мақсаты, міндет, жеке тұлға.
Жоспар:
- Адам өмірінде дем алу мен рекреацияның алатын орны.
- Жеке тұлғаның тынығу қажеттілігі.
- Бос уақыттың атқаратын қызметтері.
- Бос уақыттың мақсаты мен міндеттері.
Ұсынылатын әдебиеттер:
- Омар Е. О. Қосымша білім беру ұйымдары тәрбие жұмыстарының негізі. - Түркістан, 2007.
- Воловик А. Ф., Воловик В. А. Педагогика досуга. -М., 1998
- Жарков А. Д. Организация культурно-просветительной работы. Москва, Просвещение, 1989 г.
- Камалова Н. К. Мәдени-шұғылданымпаздылық педагогикасы. -Шымкент, 1998
- Шулунова Л. И., Уалиханова А. Бос уақытты ұйымдастырудың көркемдік-педагогикалық әдістемесі. -Шымкент, 2013
- Шулунова Л. И., Уалиханова А. Бос уақытты ұйымдастырудың көркемдік - педагогикалық әдістемесі. Электронды оқулық-Шымкент, М. Әуезов атындағы ОҚМУ, 2012
- Адам өмірінде дем алу мен рекреацияның алатын орны
Демалу - нәтижесінде ағзаның әл-қуатын қалпына келтіру және жұмысқа қабілетін қайтару үшін пайдаланатын тыныштық күйі.
Лажсыздан әрекетсіздік - демалысқа жатпайды.
Демалу процесі бірнеше кезеннен тұрады:
- шаршау
- босанысу
- әл-қуатын қалпына келтіру
- көңіл көтеру.
Бүгінгі таңда қоғам алдында балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру мәселесі тұр. Бос уақытты тиімді өткізу бала тұлғасының қалыптасуына үлкен ықпалын тигізеді. Баланың бос уақытын қызықты, пайдалы әрі мазмұнды өткізу міндеті педагогтар мен ата-аналарды да толғандырады. Осы мәселені шешу бағытында мемлекеттік балаларға қосымша білім беру ұйымдары да өз міндеттерін атқаруда. Мектеп жанындағы және қала сыртындағы лагерлер балалардың жазғы демалысын ұйымдастырып келеді.
Осы тұрғыда «бос уақыт» дегеніміз не? Оның қандай өлшемі бар? - деген орынды сұрақ туындайды.
«Бос уақытты ұйымдастыру» - бірнеше әлеуметтік ғылымдардың зерттеу обьектісі болып табылады. Олар: әлеуметтану, философия, педагогика т. б.
«Бос уақыт» - әлеуметтік категория. Әлеуметтануда «бос уақыт» және «демалыс уақыты» синоним түсініктер болып табылады. Жалпы қоғамда уақыт жұмыс уақыты және жұмыстан тыс уақыт болып бөлінеді. Жұмыс уақыты бұл белгілі бір өндірістегі нақты жұмыс жасауға арналған уақыт. Жұмыстан тыс уақыт, жұмыс уақытын бөліп алғаннан (тәулік, ай, жыл) қалған уақытты айтамыз.
Жұмыстан тыс уақыттың өзі:
- Жұмысқа дайындық уақыты (оқушыларда сабаққа дайындық уақыты)
- Адамның физиологиялық қажеттерін өтеуге арналған уақыт (ұйқы, тамақтану т. б. )
- Үй шаруашылығына, жұмыс қажеттіктеріне жұмсалатын уақыт.
Бос уақыт- жеке тұлғаның мәдени деңгейіне, қызығушылықтарымен қабілетіне сәйкес іс-әрекет таңдап өткізетін, қажетті істерді орындауға бөлінген уақыттан тыс уақыт.
Балалардың бос уақытын дұрыс анықтау үшін тәуліктегі24 сағаттан төменгі жұмыстарға пайдаланатын уақытты алып тастау қажет:
- Балалардың үйде сабаққа дайындалуға жұмсайтын уақыты;
- Физиологиялық тынығу уақыты ( ұйқтау, тынығу) ;
-Санитарлық-гигиеналық және сауықтыру қажеттіктерді қанағаттандыру уақыты (таңертеңгі жуыну, жаттығу, ыдыс жуу, киімдерін тазалау т. б. ) ;
- Тамақтану;
- Үй шаруашылығына көмектесу.
Осы аталған істерден қалған уақыт балалардың бос уақыты болып саналады.
Педагогикалық зерттеулерде «бос уақыт» ұғымын анықтауда және оған теориялық негіздеме беруде үлкен үлес қосқан М. Г. Бушканец, А. Ф. Воловик, В. А. Воловик, И. А. Новикова, Э. В. Соколов, В. Я. Суртаев, Б. А. Титов, С. А. Шмаков т. б. Осы педагогтардың зерттеулерінде «бос уақыт» - жеке тұлғаның рухани-адамгершілік және физиологиялық даму, бос уақытты белсенді демалыс сауықтыру уақытына айналдыру, мәдени деңгейін көтеру, өзін-өзі дамыту, жетілдіру, өз мүмкіншіліктерін іске асырудың факторы болып табылады.
Бос уақытты ұйымдастыру педагогикасының негізгі ұғымдары: «босуақыт», «демалыс уақыты», «іс-әрекет», «бос уақыттағы іс-әрекет», «рекреация».
Э. В. Соколовтың ойынша: «Қажетті демалыссыз адамның күш-қуаты төмендеп, жоғары деңгейдегі іс-әрекетті орындауға мүмкіншілігі болмайды. Бала өмірінде сауықтыру шараларымен, ойын болмаған жағдайда бос уақыт көңілсіз, қызықсыз өтеді».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz