Агроөнеркәсіптік кешеннің құрылымы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

Агроөнеркәсіптік кешендерді дамытудың қаржылық тетіктерін жетілдіру механизмдері

Жоспар:

Кіріспе
3
Кіріспе: 1 Агроөнеркәсіптік кешендерді дамытудың ғылыми-теориялық негіздері
3: 5
Кіріспе: 1. 1 Агроөнеркәсіптік кешен экономиканың аса маңызды саласы ретінде
3: 5
Кіріспе: 1. 2 Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды болжаудың және жоспарлаудың мәні мен маңызы . . .
3: 9
Кіріспе: 1. 3 Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеудің отандық және шетелдік тәжірибесі . . .
3: 14
Кіріспе: 2 Агроөнеркәсіптік кешендерді дамытудың қаржылық тетіктерін талдау
3: 25
Кіріспе: 2. 1 Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығының ағымдағы жағдайы . . .
3: 25
Кіріспе: 2. 2 Агроөнеркәсіптік кешендерді дамытудың қаржылық жағдайын талдау
3: 31
Кіріспе: 2. 3Агроөнеркәсіптік кешендерді дамытудағы Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметінің ерекшеліктері . . .
3: 40
Кіріспе: 3 Агроөнеркәсіптік кешендерді дамытудың қаржылық тетіктерін жетілдіру жолдары . . .
3: 47
Кіріспе: 3. 1 Қазақстандағы ауыл шаруашылығын дамытудағы қаржылық мәселелер . . .
3: 47
Кіріспе: 3. 2 Агроөнеркәсіптік кешендерді дамытудың қаржылық тетіктерін жетілдіру бағыты . . .
3: 51
Кіріспе: Қорытынды . . .
3: 62
Кіріспе: Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .
3: 65

Кіріспе

Диплом жұмысының өзектілігі. Агроөнеркәсіптіктың негізгі мәселелерінің бірі саланы - терең экономикалық дағдарыстан шығару, қайта жаңарту және мемлекеттің халқын отандық азық-түлік өнімдерін қамту қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында агроөнеркәсіптік тиімділігін арттыру.

Агроөнеркәсіптік жүргізуде экономикалық тетіктерінің тиімділігін жетілдіру қажеттілігі бүгінгі кезеңдегі даусыз, өте керекті қозғаушы күштердің бірі болып отыр. Өндірістің негізгі саласының бірі азық-түлік мәселесін шешетін, агроөнеркәсіптік өнімдерін өндіретін өндірістің өсімі әліде болса төмен жағдайда. Қалыптасқан жағдайды талдай отырып экономиканың ауылшаруашылығындағы шешілмей жатқан мәселелерді қарастырып, агроөнеркәсіптік өндірісін ынталандыратын іс-шараларды жүзеге асыру қазіргі кезеңдегі маңызды мәселердің бірі.

Әлемдік экономикаға ықпалдасу біздің еліміз үшін маңызы зор өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру біз үшін - әлемдік бәсекелеске қатысу, бұл жерде ең бірішші тұтынушылардың мүддесі сақталынады - сатылатын зат неғұрлым сапалы, бағасы тиімді болса, соғұрлым өтімді болады.

Нарықтық қатынастарға өту нақты алғанда экономиканың әлдеқайда жаңа сапалық күйіне көшуді білдіреді. Мұның өзі тұтастай бірқатар объективті факторлардан көрінеді.

Нарықтық экономиканың тиімді жұмыс істеуінің, негізгі шарты нарықтық іс басындағы субъектілердің толық өзін-өзі басқаруы мен олардың экономикалық жауапкершілігіне негізделетін тәуелсіздігі болып табылады.

Кез-келген шаруашылық жүргізу нысаны немесе меншік нысаны өздігінен өндірістің дамуына, өрістеуіне, өнім сапасын, тиімділігін арттыруына, жұмыскерлердің әл-ауқаты жақсарту мәселелерін шешіп бере алмауда. Бір мезгілде өндірістік қатынастар, экономикалық ынталандыру мен тұтқалар жетіліп отырмаса, қомақты күрделі қаржылар да агроөнеркәсіптік нәтиже бермеуі мүмкін.

Осыған орай, ғылыми негізделген жалпы шаруашылық жүргізу тетіктерін, және атап айтқанда, ұжымдық кәсіпорындарының шаруашылық тетіктерін де, жетілдіру аса маңызды мәселе болып табылады. Өндірістің әрбір тәсіліне, кәсіпорынның әрбір ұйымдық-құқықтық нысанына өзіндік ерекшелігі бар шаруашылық жүргізу тетіктері сай келуі тиіс. Осыны ескере отырып, шаруашылық жүргізу тетіктерінің нақгы мазмұны мен оның негізгі элементтері күрделі түрде өндірістің сол кезеңдегі өсу дәуіріне лайықгы өзгеріске ұшырауы керек.

Қалыптасып қалған шаруашылық жүргізудің моделі, ең алдымен, негізгі өндірістік буын болып саналатын агроөнеркәсіптік кәсіпорындарын жетілдіруді қажет етеді. Бұлай болудың себебі, қазіргі кезде агроөнеркәсіптік өнімнің өндірісі (өткізу, өңдеу) саласында шаруашылық жүргізу тетіктерін жетілдіру өте ерекше өзекті және маңызды мәселеге айналуда.

Егер де, жалпы экономика нарық жағдайында қалыпты дамуына қарай бет бұрсын десек, онда қалыптасқан нақтылы дәлелдемелер негізінде шаруашылық жүргізудің өндіріске қабілетті экономикалық тетіктерінің негізін қалап, оның өндіріс тиімділігімен үздіксіз байланыста өмір сүруін болжамдау қажет. Агроөнеркәсіптік кәсіпорындары деңгейінде бұл процесс шаруашылық жүргізудің экономикалық тетіктер мәнінің өзгермелі болуы мен осы тетіктердің ерекшеліктерін анықтау жағдайында жүзеге асырылуы шарт. Бұл жағдайда нақты кездегі мемлекеттің даму дәрежесін көтеру мақсатында өткен жылдардағы даму тәжірибесі мен шетел серіктестерінің тарихи даму тәжірибесін талдау.

Дипломжұмысының мақсаты. Агроөнеркәсіптік өндірісінде нарық қатынастарының қалыптасуы жағдайында меншік пен жұмыскерлердің мүдделерімен байланысты біраз өзекті мәселелерін қамтитын, агроөнеркәсіптік өндірісінің тиімді экономикалық тетіктерін ұсынып, нарық экономикасы жағдайында оның жетілу жолдары мен формаларының жоғарғы варианттарын таңдап, жетілдіру жолдарын ғылыми түрде негіздеу болып табылады.

Қойылған мақсатка сәйкес талдау барысында келесі міндеттер шешіледі:

- агроөнеркәсіптік кешен экономиканың аса маңызды саласы ретінде қарастыру;

- агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды болжаудың және жоспарлаудың мәні мен маңызын анықтау;

- агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеудің отандық және шетелдік тәжірибесін талдау;

- Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығының ағымдағы жағдайын талдау;

- агроөнеркәсіптік кешендерді дамытудың қаржылық жағдайын талдау;

- агроөнеркәсіптік кешендерді дамытудағы Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметінің ерекшеліктерін зерттеу;

- Қазақстандағы ауыл шаруашылығын дамытудағы қаржылық мәселелерін қарастыру;

- агроөнеркәсіптік кешендерді дамытудың қаржылық тетіктерін жетілдіру бағыттарын ұсыну.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, үлкен үш таруадан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Агроөнеркәсіптік кешендерді дамытудың ғылыми-теориялық негіздері

1. 1 Агроөнеркәсіптік кешен экономиканың аса маңызды саласы ретінде

Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығының осындағы экономикалық процестерге және ауыл шаруашылығы өнімдерінің рыногіне үлкен бизнестің әсері күшейген шақтағы аралас салалармен тығыз топтасып кетуі ауыл шаруашылығындағы аралас салалардың әсерінен бөлек қарастыру терең зерттеуге мүмкіндік бермейтіндіктен, агробизнесті жүзеге асырудың теориялық - әдістемелік негіздерін дамыту және практикалық әдістерді оқып үйрену қажеттілігі туады.

70 - жылдардың отандық ғылымында ауыл шаруашылығын аралас салалармен бір кешенде зерттеу дами бастады. Тиісінше «агроөнеркәсіптік кешен» атауы пайда болып, ғылыми және практикалық сөз қолданысына енді. Оның үш саласы - қор шығаратын салалар, ауыл шаруашылығының өзі және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, тасымалдау, сақтау және өткізумен айналысатын салалар кешені. Осы салалармен байланысты іскерлік қызмет өзінің айрықша ерекшеліктеріне қарамастан өзара тәуелділік және өзара әсер етушіліксіз табысты жұмыс істей алмайды және дамымайды. Сондықтан да агробизнестің салалары да төрт негізгі сфераға бөлінеді[1, 92 б]

Агробизнес комплексінің басқа сфераларды байланыстырып тұратын ұйтқысы ауыл шаруашылығы болып табылады. Бірінші сфераға ауыл щаруашылығын техникамен, жем - шөппен, тұқыммен, тыңайтқышпен, өсімдіктер және малды қорғайтын дәрі - дәрмекпен, яғни өңдірістің материалдық факторымен қамтамасыз ететін салалар жатады. Міндеті жағынан бұл сфераға шаруа өндірісін дамытуға мүмкіндік беретін қаржылық ресурс - несие де кіреді. Бұл сфера ауыл шаруашығы үшін ресурстар рыногін қалыптастырып, оның техникалық және технологиялық деңгейін анықтап, ауыл шаруашылығындағы өндіріс шығынының көлеміне несие алуға баға мен шарт арқылы әсер етеді. Ауыл шаруашылығы үшін ресурстурды тауып, жеткізуші ретінде бұл сфераның өнеркәсіптік салалары нарықтық құрылым, өндірісті жинақтау және мамандандыру сияқты барлық көрсеткіштер бойынша ерекшеленіп, өңеркәсіптің басқа салаларымен тығыз өндірістік байланыста болады.

Сфералардың үшінші тобы егіс даласынан өнімдерді тұтынушыға жеткізумен айналысатын салалардың жұмысын қамтамасыз ететін маркетингтік сфераны құрайды. Дәстүрлі барлық салаларға қатысты маркетингтік арналарға (көтерме және бөлшек сауда, қойма, биржа, аукцион жүйелері және т. б) қарағанда агробизнестің бұл саласы өз бетінше жұмыс істейтін өндірістік сала - тамақ өнеркәсібінің болумен ерекшеленеді. нарықтық экономикасы дамыған елдерде маркетингтік сфераның орны ерекше және тұрғындар қажеттілігінің өсуі мен азық - түлік сервисінің дамуына байланысты ол онан сайын өсе түсуде.

Төртінші сфера агробизнесті толықтай және оның жекелеген салаларының қызметін жақсарту ды қамтамасыз ететін агросервистен тұрады. Мұнда қызметтің көптеген түрлері, оның ішінде агробизнестің басқа сфераларына мамандандырылған қызмет көрсету, ғылыми зерттеулер мен жобалар, кадрларды дайындау мен біліктілігін арттыру, жаңа технологияларды енгізу, коммуникация, мемлекеттік реттеу және басқару бар. Оның негізгі ерекшелігі сонда, агросервис мемлекеттік құрылымдар: ауыл шаруашылығын басқару, рыногті реттеу ұйымдары, ғылыми - зерттеу, мамандандырылған білім беру және тағы басқа мемлекеттік құрылымдар тұрақты түрде жұмыс істейтін, агробизнестің бірден - бір сферасы болып табылады [2, 103 б] .

Сондықтан да, міндеттерді шектеуден басқа жағдайда бұл сфераны мемлекеттік және жеке деп екіге бөледі. Жеке сферада агроөндірістік кешеннің сервистік қызметінің техникалық қызмет көрсету, агротехникалық және агрохимиялық қызметтер, жерді суландыру, қолданбалы зерттеулер және ғалымдармен мамандардың консултациясы, материалдық - техникалық жабдықтау мен қамтамасыз ету және басқа қызметтің түрлері көрсетіледі. Агросервистің ұйымдары мен кәсіпорындарына сондай - ақ шаруа және фермерлік ұйымдар, одақтар мен бірлестіктер кіреді. Олар өздерінің алдарына шаруашылық, экономикалық және әлеуметтік мақсаттарды қойған.

Құрылымдарға талдау жасау көрсетіп отырғанындай, агробизнес және агроөнеркәсіптік кешендер сандық жағынан болсын, сапалық жағынан болсын өздерінің құрамы бойынша бір - бірінен ерекшеленеді. Өздерінің қарауындағы салалар немесе қызмет түрлерінің даму деңгейіне байланысты бұл айырмашылықтар онан сайын айқынырақ байқалады.

Бір қарағанда дәстүрлі қабылдауға үйренген біздерге таңқаларлықтай болып көрінетін бір жайт, агросервис құрамында мемлекеттік реттеуші жүйенің болуы әлгі маңызды айырмашылықтардың бірі болып табылады. Агроөнеркәсіптік кешеннің отандық схемасында мемлекеттік басқару әдетте әдейі көрсетілген жоқ. Өйткені, әкімшіл - әміршіл жүйеде мемлекеттік реттеу бүкіл экономикалық жүйенің басынан аяғына дейін экономикалық дамудың қозғаушы факторы болғаны айтпаса да түсінікті. Ал, нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік реттеу агробизнес жұмыс істеуінің тегерішіне қосылған экономиканың аграрлық секторындағы өндірістік және экономикалық процестерді қамтамасыз етудің басқарушы және үйлестіруші элементі ретінде көрінетіні рас.

Агроөнеркәсіптік өндіріс пен агробизнесті жекелеген сфераларға бөлу процесінің экономикалық мазмұны, біріншіден, агроөнеркәсіп кешенінің түпкі өнімін жасаудағы олардың әрқайсысының орнын анықтауда, екіншіден, тұтастай алғанда, агроөнеркәсіптік кешеннің тиімді және қарқынды дамуы жекелеген салалар мен сфералардың рациональді арақатытысынан айқындалатын болғандықтан, бұл кешендердің ішкі тепе - теңдік құрылымының қажеттілігіде жатыр. Біздің Республикамызда маркетингтік сфераның (өнімді өңдеу, сақтау, тасымалдау және өткізу) дамымай артта қалуының басты себебі ауыл шаруашылығы шикізаты мен азық - түлігінің көп ысырапқа ұшырауы болып табылады.

Кейбір жылдары жалпы өнімнің 25 - 35 проценті ысырап болған. Біздің еліміздегі агроөнеркәсіп кешені түпкі өнімінің құрылымын Америка Құрама Штаттарындағымен салыстыру көрсеткеніндей, бұл жердегі айырмашылық бізді аса қуанта қоймайды . АҚШ - та агроөнеркәсіп кешені түпкі өнімінің 70 проценттен астамы маркетингтік сфераның, тек 10 процентке жуығы ауылшаруашылығының үлесіне тиеді. Ал, біздің Республикамызда ауыл шаруашылығының үлесі 50 проценттен асып кетіп отыр. Оның үстіне АҚШ-та ІІІ сфераның өзінде сауда жүйесі басым, ал бізде бұл жұмыстарды тамақ өнеркәсібі атқарады.

Дәл осындай жағдай нарықтық экономикасы дамыған басқа елдерде де қалыптасқан. Мысалы, Францияда азық - түлік құнының 75 проценттен астамы ауылшаруашылығынан тыс жерлерде жасалады. Скандинавия елдерінде түпкі өнімдегі тамақ өнеркәсібінің үлесі 65 процент құрайды.

Батыс елдері агроөнеркәсіп кешені құрылымының қозғалысына тән бір жайт, мұнда азық - түлік өндірумен айналысатын жұмысшылардың жалпы санын қысқарту байқалады. Мысалы, АҚШ-та 1960-1985 жылдар аралығында мұндай қысқарту 30 процентке жуық болды. Мұның өзі негізінен ауыл шаруашылығы өндірісі есебінен жасалып отыр. Ал, өңдеу саласындағы және саудадағы қызметкерлердің саны өсе түсуде. Айталық, АҚШ-та соңғы он жыл ішінде агроөнеркәсіп кешенінің маркетингтік сферасында жұмыс істейтіндердің саны бір жарым есе өсті.

Қорды қажет ететін салалар (агроөнеркәсіп кешенінің бірінші сферасы) мен шығарылған техника мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясының бір - бірімен сәйкес келмеуі, егін шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы көптеген технологиялар үшін машиналардың жетілдірілген жүйесінің болмауы қалыптасқан ауыл шаруашылығы өндірісінің (агроөнеркәсіп кешенінің ІІ сферасы) үлес салмақтарын салыстыру отандық агроөнеркәсіп кешенінде салааралық және ішкі салалық сәйкестіктің жоқтығын аңғартады. Шығарылатын техниканың сапасы да айтарлықтай емес.

Қазіргі заманғы жағдайда экономиканың аграрлық секторын реформалау ауыл үшін ұсынылып отырған техниканың сәйкессіздігін қатты сезініп отыр. Кезінде ұжымшарлар мен кеңшарлардың кең ауқымда жүргізілетін өндірісне ыңғайланып жасалынған техника қазір шағын шаруа қожалықтарының қажеттілігі мен сұранысына жауап бермейді. Ауыл шаруашылығының өз ішінде мал басына арналған жем - шөп өңдірудің көлемі мен сапасы, малды азықтандыру технологиясы мен күту процесінің сәйкессіздігі байқалады.

Бұрынғы КСРО-да, оның ішінде Қазақстанда агроөнеркәсіп кешеніндегі құрылымдық сәйкессіздіктерді жою әрекеті 80 - жылдардың өзінде бірнеше рет бой көрсеткен.

Агроөнеркәсіп кешенінің құрылымын ретке келтіру мақсатында Азық-түлік бағдарламасы қабылданып, агроөнеркәсіптік өндірісті басқару қайта құрылды. Бірақ, шамадан тыс орталықтандырылу мен әміршіл-әкімшіл экономика шеңгелінде бұл міндетті орындау мүмкін емес еді. Агроөнеркәсіптік кешен сияқты кең көлемді жүйеде тиімді құрылымдық өзгерістерді тікелей нарықтық байланыстар негізінде жүйенің өз-өзін реттеу жолымен ғана жасауға болады.

Экономика сферасында, оның ішінде аграрлық секторда бірдей бастау алғанына қарамастан, бұрынғы одақтық республикаларда көзге ілмей кетуге болмайтын өзіндік ерекшеліктер бар. Мұның өзі КСРО тарағаннан кейін пайда болған барлық жаңа мемлекеттерге, оның ішінде Қазақстанға да теңдей қатысты [3, 47 б] .

Сонымен, жалпы агроөнеркәсіптік кешен салаларының тұрақты дамуы, отандық өнімнің ұлттық бәсекелестікке қабілетті басымдылықтарын дамыту, мемлекеттің азық- түлік қауіпсіздігін және мемлекеттік қаржылар мен материалдық активтерді басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету, экономиканың құрамдас салаларын үйлестіруді жоғары деңгейге жеткізу.

Қазіргі уақытта республиканың агроөнеркәсіптік кешендегі жай-күйі өндіріс тиімділігінің өсуімен, ауылда қаржылық қызметтер нарығын дамытумен, ауыл халқының тіршілік сапасын жақсартумен сипатталады. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп қоюдын, өзі жеткіліксіз. Оны сақтап, сапалы түрде өңдегеннен кейін халыққа уақытында жеткізу керек. Ауыл шаруашылығы бұл мәселелерді басқа салалардың көмегінсіз шеше алмайды. Сондықтан оның қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп өндірістері мен ауыл шаруашылығының арасында тікелей байланыс қалыптасқан. Басқаша айтқанда, агроөнеркәсіп кешені (АӨК) пайда болды.

Агроөнеркөсіптік кешеннің негізгі мақсаты - халықты азық-түлікпен, ал өнеркәсіпті қажетті шикізатпен қамтамасыз ету.

АӨК құрамында үш негізгі буын бар [4, 58 б] :

1. АӨК-ке қызмет көрсететін, оны техникамен, тыңайтқыштармен қамтамасыз ететін салалар құрайды;

2. Ауыл шаруашылығы;

3. Тамақ және жеңіл өнеркәсіптері (сурет 1) .

Олар ауыл шаруашылығы өнімдерін халық тұтынатын тауарларға айналдырады.

Сонымен, агроөнеркәсіптік кешенінің құрамына тек өндіріс процесінде, әрі соңғы өнімді тұтынушыға жеткізуге қатысатын технологиялық және экономикалық жағынан өзара байланысты салалар кіреді. Азық-түлік өнімдерін өндіруге және азықтық емес тұтыну заттарын жасауға қатысатын салалар сәйкестігі агроөнеркәсіптік кешенінің салалық құрылымын құрайды.

Жоғарыда айтылғандарды түптеп келе, агроөнеркәсіптік кешен дамуының негізгі әлеуметтік- экономикалық мақсаттарын атап көрсетуге болады:

- ауыл шаруашылық өндірісінің тұрақты өсуіне қол жеткізу;

- елдің азық-түлік мәселелерін шешу мен азық-түлік өнімдерін тұтыну деңгейін ғылыми негізделген нормаларға таяу;

- халықтың ауыл шаруашылығы шикізатынан жасалған азықтық емес тауарларына деген сұранысын қанағаттандыру;

- аграрлық өнеркәсіпті интенсивті формаға көшіру, соңғы өнім өндірісінің қарқынды өсуін қамтамасыз ету;

- ресурстарды әлуетті пайдалануды жақсарту және осы негізде өндіріс тиімділігін жоғарылату;

- бірте-бірте азық-түлік өнімдерін экспортқа шығарушы елге айналдыру мақсатында сыртқы сауда айналымының құрылымын өзгерту.

Сурет 1 - Агроөнеркәсіптік кешеннің құрылымы

Қорытындылай келе, агроөнеркәсіптік кешен ауыл шаруашылығының дамуымен байланысты, оның өндірісіне қызмет ету мен ауыл шаруашылық өнімін тұтынушыға жеткізу сияқты халық шаруашылығының салалар жиынтығы болып табылады.

1. 2 Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды болжаудың және жоспарлаудың мәні мен маңызы

Агроөнеркәсіптік кешенінің негізгі сфералары тек салалық құрамымен, технологиялық ерекшеліктерімен, өндірілген өнімнің түрі және мәнімен ғана емес, сонымен бірге нарықтық параметлерімен де айқындалады. Ауылшарушашылық кешені нарықтың әр түрлі үлгілерінің үйлесімі мен өзара іс-қимылын білдіреді, соның нәтижесінде фирмалардың бәсекелестік бейімділігінің әр түрлі үлгілерін танытады.

Ауылшаруашылығы өндірісі нарығының бірқатар өзіндік ерекшеліктері бар. Оның ең бастысы мынадан көрінеді: агроөнеркәсіптік - рыноктік құрылым мен қарым-қатынас жүйесі әлі де сақталған, ерікті бәсекелестік нарығыне барлығынан жақын тұрған ұлттық масштабтағы жалғыз және соңғы сала. Оның негізгі белгілері төмендегідей:

Біріншіден, агроөнеркәсіптік нарығында тәуелсіз өндірушілердің саны өте көп. Айталық, АҚШ-тың агроөнеркәсіптік кешені 1997 жылғы соңғы халық санағына сәйкес фермерлік шаруашылықтардың саны 2 млн. 176 мың құрады. Бұл - олардың барлығын сөздің толық мағынасында фермерлік шаруашылықтарға жатқызуға болмаса да, аз сан емес.

Екіншіден, ерікті бәсекелестік нарығы болып саналатын агроөнеркәсіптік нарығының белгісі ретінде әрбір жекелеген өндірушінің бағаға әсер ете алмауын айтуға болады. Өйткені, ешқандай фермер жекелей алғанда нарықтық бағаға әсер ете алатындай өнімнің көлемін ешқашан да өндіре алмайды.

Ерікті бәсекелестік нарығының үшінші маңызды белгісі - өнімнің біртектілігі және қалыптандырылуы. Өндіруші тек қана өз тауарын жарнамалап, тек өз өнімінің сапасын бөліп көрсете алмайды. Іс жүзінде бір фермердің астығы сорты мен сапасы жағынан басқа фермердің астығынан ерекшеленуі мүмкін, бірақ бұл астық бір сорттағы және сападағы қалыпқа түсірілген астық болса, онда одан ешқандай айырмашылықты табу мүмкін емес.

Ерікті бәсекелестік нарығының төртінші ерекшелігі - бәсекелестікке бейімсіздеу жаңа фирмалардың рынокке; келуі үшін кәдімгідей қолбайлау болатын барьердің жоқтығы [5, 101 б] .

Нарыққа кіру барьері әр түрлі болуы мүмкін. Олигополиялық және монополиялық құрылымдағы салаларда оларға ең алдымен масштабтың жағымды тиімділігі жатады, басқаша айтқанда жоғары қуаттылықтағы өндірісте шығындарды азайту және өнімнің бәсекелестікке бейімділігін арттыру. Жоғарыда айтылғандарға орай көптеген фермерлік шаруашылықтарда мұндай барьер агроөнеркәсіптікнда жоқ. Рас, ауылшаруашылығы өндірісі дамыған батыстық елдердің агроөнеркәсіптікнда өндірістің концентрациялық өсуіне қарай бағыт байқалады және ірі фермалар ұсақ, әсіресе қаржы көп кететін агроөнеркәсіптік салаларымен салыстырғанда экономикалық басымдылығы бар екенін анық көрсетуде. Сондықтан да, жақын уақыттарда мұндай кіру барьерлері агроөнеркәсіптікның дамуымен болуы мүмкін, бірақ қазір ол жоқ немесе өзін жеткілікті дәрежеде көрсетіп үлгерген емес.

Монополияландырылған нарыққа тән басқа кіру барьері пайдаланылатын техникаға патент алу болып табылады. Барьердің мұндай түрінің ерекше маңызы ғылымды керек ететін жоғары технологиялық өндіріс салаларында өте жоғары. Агроөнеркәсіптік те өндіріс ғылыми негізделеді, алайда олар әдетте агробизнестің басқа салаларында пайдаланылады. Жаңа ғылыми ұсыныстар туралы ақпараттар мемлекеттік қызметтермен жаппай масштабта таратылады. Сондықтан да агроөнеркәсіптік өндірісінде барьердің мұндай түрі де іс жүзінде болмайды. Монополистік бәсекелестік нарығында тағы бір кіру барьерінің түрі - интенсивті жарнама, оған орасан зор қаржы жұмсалады. Барьердің мұндай түрінің агроөнеркәсіптікнда шектелуі жоғарыда айтып кеткеніміздей, өндірілетін өнімнің біртектілігі мен қалыпқа түсірілгендігі болып табылады.

Ерекше кіру барьерінің белгілі бір салада болуы заңдық шектеу немесе өндірістік ресурстарды еркін сатып алу және сатуға тыйым салуға байланысты. Дей тұрғанмен, агробизнесі дамыған елдерде агроөнеркәсіптік ресурстарының нарығы көп болуына сәйкес агроөнеркәсіптік кешені бұндай да барьер жоқ.

Осы айтылғандардың барлығы агроөнеркәсіптік кешенінің еркін бәсекелестік сферасына жақын тұрғанын аңғартады. Бірақ, соған қарамастан олай деп түсінуге де болмайды. Біріншіден, агроөнеркәсіптік мемлекеттік реттеуді керек ететін аймақ болып табылады. Мемлекет белсенді қаржылық және несиелік саясат жүргізіп, салық жүйесін анықтайды және проценттік үстемеге ықпал етеді. Бұдан басқа, қазіргі жағдайда агроөнеркәсіптікндағы мемлекеттік реттеудің маңызды жағы агроөнеркәсіптік өнімдерінің ұсыныс деңгейіне, ал сол арқылы нарықтық бағаға әсер етуі болып табылады [6, 98 б] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Агроөнеркәсіптік кешенін несиелендіру мәселелерінің теориялық негізі
Агроөнеркәсіптік кешеннің құрамы
Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Қазақстан агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың экономикалық-құқықтық мәселелері
Агроөнеркәсіптік кешенді қаржы-несиелік реттеу мәселелері
Аграрлық өнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу
Ауыл шаруашылығы салаларын дамыту үшін инфрақұрылымның рөлі
Агробизнес және агроөнеркәсіптік интеграция
Ауыл шаруашылығының басқарудың мәні
Ауыл шаруашылығына қызмет көрсететін салалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz