Мұхит түбі рельефі және геологиялық құрылымы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе 2

І - тарау Мұхит түбі рельефі және геологиялық құрылымы

1. 1 Су асты беткейлері 4

1. 2 Өтпелі зона 9

1. 3 Мұхиттың орталық жоталары және мұхит табаны 11

ІІ - тарау Тынық мұхитының климаттық жағдайлары мен сулары

2. 1 Тынық мұхитының климаттық жағдайы 16

2. 2 Жер бетінің су айналымы 19

2. 3 Мұхиттың тұздылығы, тығыздығы, мұздану процестері 23

2. 4 Тынық мұхитының су массалары 24

ІІІ - тарау Тынық мұхитының табиғи ресурстары мен оны тиімді пайдалану.

3. 1 Тынық мұхитының биологиялық ресурстары. 25

3. 2 Тынық мұхиттың ластануы. 26

Қорытынды 28

Кіріспе.

Тынық мұхит - ең ірі және ең терең мұхит. Ол дүние жүзілік мұхиттың ауданы бойынша 49, 5% - ін, су көлемі бойынша 53% - ін алып жатыр. Ол бүкіл жер бетінің үштен бір бөлігін құрайды. Батысында Евразия мен Австралия, шығысында Солтүстік және Оңтүстік Америка, оңтүстігінде Антарктида материктерінің аралығында орналасқан. Тынық мұхитының Солтүстік Мұзды мұхитпен арасындағы шекарасы Беринг бұғазындағы Пээк ( Чукот түбегіндегі ) және Принц Уэльс ( Сьюард түюегінде ) мүйістері аралығымен, Үнді мұхитымен - Малакка бұғазының солтүстік бөлігімен, Суматра аралының батыс жағалауы, Ява, Тимор және Жаңа Гвинея аралдарының оңтүстік жағалауы, Торрес және Басс бұғаздары, Оңтүстік мүйіс ( Тасман аралы ) арқылы, Атлант мұхитымен - Дрейк бұғазының батыс бөлігіндегі Осте аралымен ( Отты жер архипелагындағы ), Чарлз мүйісі ( Грейам жері ) аралығымен өтеді. Тынық мұхиты солтүстіктен оңтүстікке 15, 8 мың км - ге, шығыстан батысқа 19¸5 мың км - ге созылып жатыр. Ол бес континентті бөліп, сонымен қатар байланыстырып жатыр. Бұл жағдай оның физико - географиялық және экономикалық - географиялық маңызын анықтайды.

Теңіздерімен қоса жалпы ауданы 179679 мың км², орташа тереңдігі 3984 м, суының көлемі 723699 мың км³. Ең терең жері

Мариана науасы - 11022 м. Жер бетінің үштен бірі немесе Дүниежүзілік мұхит ауданының жартысы Тынық мұхиттың үлесіне тиеді.

Жағаның абразиялық және фьордтық типі басымырақ кездеседі. Мұхиттың Чилоэ аралынан ( Оңтүстік Америка ) Пьюджет - Саунд

( Солтүстік Америка ) шығанағына дейінгі шығыс бөлігінің жағалауы абразиялық типке, оңтүстігі ( горн мүйісіне дейін ) және солтүстігі

( Алеут аралдарына дейін ) фьордтік типке жатады және батыс бөлігіндегі тропиктік белдеуде, Австралия - Азия теңіздерінен Тасман теңізңне дейінгі аралықта маржанды жаға дамыған. Аралдарының жалпы ауданы 3, 6 млн. км². Аралдарының басым көпшілігі орталық, шығыс және батыс бөлігінде орналасқан. Орталық және оңтүстік батыс жағындағы аралдары Мұхит аралдары деп аталады. Геологиялық құрылысы жөнінен Тынық мұхиты аралдары материктік және мұхиттық болып бөлінеді. Материктік аралдардың геосинклиналдық және платформалық түрлері болады. Геосинклиналдық аралдарға Алеут, Куриль, Сахалин, Жапон, Рюкю, тайвань, Филиппин, Калимантанның шығыс бөлігі, Молукка, Зонд, Мариана, Жаңа Гвинеяның солтүстік бөлігі, Адмиралтейство, Соломон, Жаңа Каледония, Фиджи, Тонга, Жаңа зеландия т. б аралдар, платформалық аралдарға Прибылов, Әулие Лаврентий, Цусима, Хайнань, Тасман т. б. жатады.

Суасты беткейлері.

Мұхит түбі ауданының 10% жуығын алып жатқан материктік қайраңдарға жалпы материктік қайраңдардың геологиялық құрылымдары мен бедер пішіндері тән. Материктік қайраңда, егер ол үлкен ауданды қамтыса, субаэральді реликтілі рельефті трансгрессиялы жазықтар байқалады ( мысалы, Ява қайраңындағы және Беринг теңізінің қайраңындағы суасты өзен аңғарлары ) . Корея қайраңында және Шығыс Қытай теңіздерінде толысу ағындарының әрекетінен қалыптасқан қырқалы бедер пішіндері таралған. Экваторлық тропиктік аудандардағы қайраңды маржанды құрылымдар кеңінен таралған. Антарктикалық қайраңның өзіне тән белгілері бар. Оның үлкен бөлігі 200 м тереңдікте жатыр беткі бөлігінде тектоникалық көтерілімдермен қатар грабеньдер байқалады. Тынық мұхиттағы материктік беткейлер суасты каньондармен қатты тілімденген. Солтүстік Американың материктік беткейіндегі суасты каньондарының үлкен бөлігі көбірек зерттелген. Австралия мен Жаңа Зеландияның жағалауында материктік беткей өте айқын байқалады, мұнда да беткей суасты каньондармен тілімденген. Беринг теңізінің материктік беткейінде де ірі суасты каньондары бар. Калифорния штатының батысындағы материктік беткейдің құрылымы ерекше. Бұл морфоқұрылымның

ерекше типі: суасты көтерілулері ( горст) мен олардың арасындағы ойыстар - грабендермен сипатталады.

Шұңғымалар түбін қалыңдығы 1000 метрдей шөгінді қабаттар құрайды; қызыл саздан, фораминифера және радиолярия қалдықтары аралас құмды лайдан түзілген. Мұхит шарасында темірлі - марганецті конкреция кеңірек таралған.

Жер қыртысының құрылысына, рельеф ерекшеліктеріне, магматизмі мен шөгінді жиналу сипатына қарай Тынық мұхиты үшке

( материкиер платформасы, мұхит шарасының платформасы және бұлардың аралығындағы неоген - төрттік геосинклинальдарының өипелі зонасы ) бөлінеді. Эпимезозойлық және одан да көнерек материктер платформасы құрылымындағы шөгінді жабын тым қалың келеді. Қыртысының жалпы қалыңдығы 30 км - ге жетеді. Мұхит шарасының платформасы жұқа шөгінді қабатымен жабылған. Қыртысының жалпы қалыңдығы 6 - 10 км. Неоген төрттік геосинклинальдарының өтпелі зонасындағы қыртыстың жалпы қалыңдығы 80 км - ге дейін. Су асты тау шыңдарынан табылған бор дәуірінің маржан қалдықтары бор дәуірінде қазіргі Тынық мұхитының орнында терең сулы мұхиттың болғандығын дәлелдейді. Шөгінді қабаттың қалыптасу қарқындылығына қарай Тынық мұхиты төменгі палеозой немесе протерезойда пайда болды деп қорытындылануда.

Антарктиданың материктік беткейі өзінің үлкен енімен, рельефінің алуан түрлілігімен және суасты каньондарымен тілімденгендігімен ерекшеленеді.

Материктік таған солтүстік Американың суасты маңында айқын көрінеді.

Жаңа Зеландияның су астындағы бөлігі өзіндік материктік құрылымымен ерекшеленеді. Оның ауданы Жаңа Зеландия аралдарының ауданынан 10 есе үлкен. Бұл екі жазық шыңды төбе ( Кэмпбелл және Чатам ) мен олардың арасындағы ойыстардан ( Баунти ) тұратын Жаңа Зеландия су асты үстірті.

Ол барлық жағынан материктік беткеймен қоршалған. Бұл морфоқұрылымға кейінгі мезозойлық Норт - Хау су асты жотасын жатқызуға болады.

Тынық мұхитының түбінің рельефі мұхит шарасы және бұны қоршап жатқан су асты материк жиектерінен қалыптасады. Су асты материк жиегін материктік қайраң ( шельф ) және материктік беткейге ұқсас өтпелі зонаны құрайды. Тынық мұхитының ауданының 10% - ке жуығы, су асты материк жиегінің

90% - тен астамы мұхит шарасына үлесіне тиеді. Батыс жиегімен

( Аляска түбегінен Антарктидаға дейін ) созылып жатқан аралдар доғасы ашық мұхиттан шеткі теңіздер ( Беринг, Охота, Жапон,

Шығыс Қытай, Оңтүстік Қытай, Сулу, Сулавеси т. б. ) шұңғымаларын бөліп тұрады. Мұхиттың орталық жағында Солтүстік Батыс

( 6671 м ), Солтүстік Шығыс ( 7168 м ), Орталық ( 6555 м ) шұңғымалар жайласқан. Мұхиттың оңтүстік бөлігіндегі шұңғымалар тереңдігі 3000-4000 м - лік вулкан аралық көтерілімдермен ( Оңтүстік Тынық мұхиттық, Шығыс Тынық мұхиттық, Чили, Альбатрос ) бөлінген. Батыс бөлігі түбінің рельефі күшті тілімденген. Мұндағы шұңғымалар биік жоталармен алмасып отырады. Мұхиттың солтүстік шығыс бөлігі мен ендік бағытта мұхит түбімен жарылыс сызығы

( Мендосино Пайониль, Клиппертон т. б. ) өтеді. Терең сулы науалары негізінен ( Алеут 7822 м, Куриль - Камчатка 9717 м, Жапон 8412м, Мариана 11022 м, Филиппин 10265 м, Тонга 10882 м ) аралдар доғасының мұхиттық жағында және материктік беткейде орналасқан.

Өтпелі зона.

Тынық мұхиттың батысын бойлай тұтас белдеу болып өтпелі облыстар орналасқан:Алеут, Курил - Камчатка, Жапон, Шығыс Қытай, Индонезия - Филиппин, Бенин - Мариан, Меланезия, Витязь, Тонга - Кармадек, Маккуори. Бұл жерде ең терең шұңғыма - Мариан шұңғымасы орналасқан ( тереңдігі 11022м ) . Мұхиттың шығысында

екі өтпелі зона орналасқан: Орталық Америка және Перуан - Чили. Бұлардың ерекшелігі олар тек терең шұңғымалармен сипатталады, мұнда шеткі теңіздер жоқ, ал аралдық доғалардың орнына шұңғымаларды бойлай Орталық және Оңтүстік Америкалық жас қатпарлы таулары орналасқан.

Тынық мұхиттың өтпелі зоналары дамудың әртүрлі кезеңінде және олардың құрылым дәрежелері де әр қилы. Бұл айырмашылықтар 1- ші кестеде көрсетілген. Кестеге өтпелі зонаның Жерортатеңіздік типі де енгізілген. Кестедегі мәліметтерден барлық өтпелі зоналарға магматизм тән екенін байқауға болады. Олардың барлығы сейсмикалы және бірігіп жағалық Тынық мұхиттық жер сілкіну мен жанартау белдеуін құрайды. Дамудың бір сатыдан келесі сатысына өтумен материктік жер қыртысының өтпелі облыс түзуіндегі маңызы артады.

Өтпелі облыстардың салыстырмалы сипаттамасы.

Өтпелі облыс типтері

Қазаншұң

қырдың сипаттама

сы

Арал доғаларының сипатамасы
Терең шұңғымалардың сипаттамасы
Өтпелі облыстардың түзілуіндегі материктік қыртыстың қатысы
Вулкан
Сейсмикалығы
Өтпелі облыс типтері: 1. Витязь
Қазаншұңқырдың сипаттамасы:
Арал доғаларының сипатамасы:
Терең шұңғымалардың сипаттамасы: Науа мұхиттық қыртыста орналасқан. Тереңдігі орташа (6−6, 5 км)
Өтпелі облыстардың түзілуіндегі материктік қыртыстың қатысы: Жоқ
Вулкан:

Жас базальт

тық

Сейсмикалығы: Жоғары
Өтпелі облыс типтері: 2. Мариан
Қазаншұңқырдың сипаттамасы:

Өте терең, мұхиттың жер қыртысы, шөгіндісі

нің қалыңдығы 1км −ге дейін

Арал доғаларының сипатамасы: Базальтты қыртыстың көтерілуі басым, ұсақ вулкандық аралдар
Терең шұңғымалардың сипаттамасы:

Максималды тереңдігі

( 9, 5− 11 км)

Өтпелі облыстардың түзілуіндегі материктік қыртыстың қатысы: Жоқ
Вулкан:

Жас базальт

тық

Сейсмикалығы: Жоғары
Өтпелі облыс типтері: 3. Курил
Қазаншұңқырдың сипаттамасы:

Терең субмұхит

тық қыртыс, шөгінді қабатының қалыңдығы 1 − 3км

Арал доғаларының сипатамасы:

Субконти

ненттік қыртыс, вул

кандық аралдар, салыстырма

лы түрде ірі

Терең шұңғымалардың сипаттамасы:

Тереңдігі

(8−9, 5 км )

Өтпелі облыстардың түзілуіндегі материктік қыртыстың қатысы: Байқалады
Вулкан:

Макси

малды интен

сивті,

жас, ан

дезитті −база

льтты

Сейсмикалығы: Өте жоғары
Өтпелі облыс типтері: 4. Жапон
Қазаншұңқырдың сипаттамасы:

Терең субмұхит

тық қыртыс, шөгінді қабатының қалыңдығы 3 − 5 км

Арал доғаларының сипатамасы: Материктік жер қыртысы
Терең шұңғымалардың сипаттамасы:

Тереңдігі

(6 − 8 км) шөгінді қабаттарының қалыңдығы брнеше км

Өтпелі облыстардың түзілуіндегі материктік қыртыстың қатысы: Біршама
Вулкан:

Интен

сивті, жас, андезитті дацито

липарит

ті

Сейсмикалығы: Өте жоғары
Өтпелі облыс типтері: 5. Жерорта теңіздік
Қазаншұңқырдың сипаттамасы:

Терең субмұхит

тық қыртыс, шөгінді қабаты 5 − 15 км

Арал доғаларының сипатамасы: Материктік жер қыртысы таулы массивтер
Терең шұңғымалардың сипаттамасы:

Қалдық, таяз

(5 − 6 км)

Өтпелі облыстардың түзілуіндегі материктік қыртыстың қатысы: Жер қыртысының материктік типі басым
Вулкан:

Қалдық, андезитті, дацито

липарит

ті

Сейсмикалығы: Жоғары

Мұхит орталық жоталары және мұхит табаны.

Мұхит орталық жоталары Тынық мұхиты түбінің алып жатыр және олардың өзіне тән түзілу ерекшеліктері бар. Оңтүстік Тынық мұхиттың және Шығыс Тынық мұхиттың жоталары енді, салыстырмалы түрде аз тілімденген көтерілімдер болып табылады. Көлденең жарықтар зонасымен терең тілімденудің ірі формалары ─ енсіз көлденең депрессиялары немесе мұхиттың трогтар байланысты. Мұхит орталық жоталардың фиангалық өте кең, рифтік зона тек жекелеген учаскілерде таралған. Тынық мұхитындағы мұхит орталық жоталардың айрықша белгісі - негізгі жүйеден

жан - жағына Ушей көтерілімінің жән Галапагосс рифті зонасының таралуы. Мұхиторталық жоталар жүйесіне сонымен қатар Горда, Хуан- Дя - Фука және Элспифер суасты жоталары кіреді.

Тынық мұхитының мұхиторталық жоталары сейсмикалық белдеу құрайды, бірақ өтпелі зоналарға қарғанда мұнда жер сілкінулер тек беткі қабаттарда болады.

Белсенді вулкандық әрекет негізінен рифті зонада байқалады. Онда лава, металл тасығыш шөгінділер табылған.

Оңтүстік Тынық мұхиттық және Шығыс Тынық мұхиттық көтерілімдер мұхит табанын құрылымы әр түрлі ені бөлікке бөледі. Шығыс бөлігінің құрылымы аса күрделі емес. Мұхит орталық

жоталар жүйесінің тармақтары - Чили және Галапагосс осы бөлікте орналасқан. Чили көтерілімінен басқа мұнда Наска, Сана - и -

Гомес, Карнеги және Кокос жоталары бар . Бұл суасты жоталары мұхит табанының оңтүстік - шығысын Гватемалл, Панама, Перуан

және Чили қазашұңқырларына бөледі. Олардың барлығы қатты тілімденген бедерімен сипатталады.

Галапагосс аралының аймағында рифті зона қалыптасқан.

Мұхит табанының Шығыс - Тынық мұхиттың көтерілімнен батысқа қарай орналасқан қалған бөлігі құрылымы жағынан өте күрделі және мұхит табаны ауданының 4/5 бөлігін алып жатыр. Ондаған суасты жоталары мұхит табанын көптеген қазаншұңқырларға бөліп тұр. Мұхит табанының батыс және орталық бөлігінің

ірі жоталары ортақ бір заңдылықпен орналасқан: олар батыстан басталып, оңтүстік -шығыста аяқталатын доға тәрізді жоталар жүйесін құрайды. Осындай доғаның біріншісі Гавай жатады. Шамамен оған параллель екіншісі доға созылып жатыр. Ол Картографтар тауларынан басталып, Маркус - Неккер тауы, Лайн аралдарының суасты жотасы арқылы Туамоту аралдарының суасты негізінен аяқталатын ең ірі доға . Келесі доға Маршалл, Кирсебати, Тувану аралдарының суасты негіздерінен құралған.

Самоа аралдары да осы доғамен байланысты болуы мүмкін. Төртінші доға басқаларға қарағанда қысқа. Оған Каромин

аралдары, Капингамаранги суасты төбешігі жатады. Бесінші доға Оңтүстік Карамен аралдарынан құралған. Кейбір жоталар мен қыраттар өздерінің орналасуымен бірден ерекшеленеді. Олар Императорский немесе Солтүстік - Батыс жотасы Шатский, Магеллан, Хесс, Манихини қыраттары. Соңғылары тегістелген шыңдармен ерекшеленеді.

Гавай және Самоа аралдарында сөнбеген вулкандар бар. Олар вулкандық заттарының құрамы жағынан өтпелі зоналардың вулкандарынан ерекшеленеді.

Тынық мұхиттың түбінде көптеген вулкандар кездеседі. Олардың көбісінің шыңдары жалпақ келеді. Олар гайот деп аталады.

Кейбір гайоттардың шыңдары 2−2, 5 мың метр тереңдікте болады. Болжам бойынша гайоттардың шыңы бұрын су бетіне әлдеқайда жақын болған, тіпті аралдар да болған. Кейін денудациялық не абразиялық әрекеттерден тегістеліп, су астына кеткен.

Тынық мұхитының батыс немесе орталық бөліктеріндегі аралдардың басым көпшілігі маржандық аралдар. Егер ол таза вулкандық аралдар болса, онда әрқашан олар маржан политтерінен жиектеліп тұрады.

Мұхит табаны мен орта мұхиттық жоталардағы айқын бедер пішіні мен тектоникалық құрылым − мұхиттық жарық. Ол жер бетінде грабендер мен горсттар түрінде көрінеді. Ірі жарықтардың өз аттары болады. Мәселен, мұхиттың солтүстігіндегі Сервейор, Мендосино, Меррей, Кларшен, Клиппертон жарық зоналары.

Тынық мұхиттың қазаншұңқырлары мен көтерілімдеріне жер қыртысының мұхиттық типі тән, бірақ әркелкі.

Ортамұхиттық жоталардың жер қыртысы жоғары тығыздығымен ерекшеленетін рифтогенальды типке жатады.

Өтпелі зоналардың жер қыртысы әркелкі, мозаикалы болып келеді. Терең қазаншұңқырлар мен шұңғымаларға тән субмұхиттық және мұхиттық жер қыртысымен қатар, аралдарда субконтиненттік, типті континенттік жер қыртысы байқалған. Дәл осы мозаикалық құрылым өтпелі зоналардағы жер қыртысын айрықша геосинклиналды типке жатқызуға негіз болады.

Тынық мұхитындағы шөгінділердің маңызды ерекшелігі қызыл балшықтың әсіресе солтүстік жарты шарда кеңінен таралуы. Бұл Тынық мұхитының қазаншұңқырларының өте тереңде орналасуына байланысты. Тек Тынық мұхитта мыс белдеуі ажыратылған. Тынық мұхитта сондай − ақ кремнийлі радиолярийлі шөгінділердің экваторлық белдеуі байқалады. Мұхит түбінің оңтүстік батыс

бөлігінде өтпелі зонада маржанды балдырлы биогенді шөгінділен таралған.

Әктасты шөгінділердің тағы бір түрі − фораминиферлер Тынық мұхитта негізінен экватордан оңтүстікке қарай таралған. Коралл теңізінде птероподты шөгінділер тараған.

Тынық мұхит темір, марганец конкрецияларына бай. Олардың жалпы қоры 17•10 11 т. Олар ең көп таралған аумақ − мұхиттың солтүстік бөлігі, сондай − ақ Оңтүстік және Перуан қазаншұңқырлары, жалпы Тынық мұхитындағы марганец қоры 7, 1•10 10 т, никель 2, 3•10 9 т, мыс 1, 5•10 9 т, кобальт 1•10 9 т құрайды.

Климат және ішкі сулары .

Климат жағдайлары.

Тынық мұхитының солтүстіктен оңтүстікке қарай өте үлкен аймақты қамтуына байланысты климаттың біренше түрі байқалады. Мұхиттың көп бөлігі экваторлық, тропиктік және субтропиктік климат зоналарында орналасқан. Тынық мұхитының үстіндегі қалыптасатын атмосфералық циркуляциясы негізінен

Алеут минимумы, Солтүстік Тынық мұхит және Оңтүстік

Тынық мұхит максимумдары және Антарктика минимумымен сипатталады. Қысымның бұлай таралуы тропиктік және субтропиктік ендіктердің солтүстігінде тұрақты, солтүстік шығыс, оңтүстігінде, оңтүстік шығыс, қоңыржай ендіктерде күшті батыс желдерінің басымдығын туғызады. Тропиктік зонаның батысында июньнен ноябрьге дейін тропиктік дауыл - тайфун үстемдік етеді. Тынық мұхиттың солтүстік батыс бөлігіне муссондық циркуляция тән. Ауа температурасы февраль айында экваторлық бөлігінде 26 − 27° С, Беринг бұғазында - 20° С, Антарктидада

−10° С. Августың орташа температурасы экваторда 26 −28° С, Беринг бұғазында 6 - 8° С, Антарктидада - 25°С. Орташа жылдық жауын − шашын мөлшері экваторда 3 мм, қоңыржай ендіктерінің батысында 1000 мм, шығысында 2000 - 3000 мм, субтропиктік облыстың шығыс бөлігінде 100 -200 мм.

Тынық мұхитының климаты − Күн радиациясы таралуының зоналық заңдылықтарына, атмосфера циркуляциясына және Азиялық мезгілдік әсеріне байланысты. Қыста солтүстік қоңыржай өңірде алеут минимумы маңызды барикалық орталық болып табылады, жазғы мезгілде оның әсері азаяды. Оңтүстікке қарай жоғары қысым аймағы − Тынық мұхиттық максимум орналасқан. Экватордың айналасында төмен қысым таралған, оңтүстікте ол екінші барикалық максимум оңтүстік Тынық мұхиттық максимумымен ауысады.

Негізгі барикалық облыстардың таралуымен сәйкес жел алаңдары қалыптасады. Солтүстік жарты шардың қоңыржай белдеуіне қыста күшті батыс желдер, жазда әлсіз оңтүстік желдер тән.

Солтүстік жарты шардың субтропигі және тропигінде солтүстік шығысында пассат желдері қалыптасқан. Экваторлық аймаққа жыл бойына штильді ауа райы тән.

Тынық мұхиттың солтүстік батысында қысқы мезгілде солтүстік және солтүстік шығыс муссонды желдер басым болады. Олар жазғы мезгілде оңтүстік муссондармен ауысады. Оңтүстік жарты шардың тропиктік және субтропиктік зоналарында тұрақты. Оңтүстік шығыста пассат басым. Оңтүстік жарты шардың қырқыншы ендіктерінде күшті және тұрақты батыс желдер соғады. Оңтүстік жарты шардың полярлық және қоңыржай

ендіктерінде жиі пайда болады. Циклонды дауылды желдердің тууына әкеліп соғады.

Ауа температурасының таралуы жалпы ендік зоналыққа бағынышты. Дегенмен мұхиттың шығыс және батыс бөліктеріндегі температурада біршама айырмашылықтар байқалады. Жалпы тропиктік және экваторлық зоналарда ауаның жылдық орташа температурасы 27, 5°C - тан 25, 5°C дейін, бірақ жазда мұндай температура зонасы батыста солтүстікке қарай біршама жайылады. Жалпы мұхиттың батысында климат шығысқа қарағанда жылырақ.

Мұхит үстінен жылжып отырып, ауа массалары ылғалмен қанығады. Экватор маңында экватор сызығының екі жағында да жауын − шашын мөлшері 2000 мм құрайды. Ал экватор бойы салыстырмалы түрде құрғақ.

Экваторлық зонадағы жауын − шашын мөлшері шығысқа қарай азаяды. Дәл осы бағытта тропиктік зонада құрғақтық артады. Аса құрғақ аймақтар солтүстік жарты шарда Калифорнияға жақын облыстар, Оңтүстік жарты шарда Перуан әне Чили қазаншұңқырлары аймағы.

Судың беткі циркуляциясы.

Жалпы атмосфера циркуляциясының заңдылықтары Тынық мұхиттағы ағыстардың схемасын анықтайды.

Солтүстік жарты шарда солтүстік шығыс пассат мұхитты Орталық Америка жағалауынан Филиппин архипелагына дейін кесіп өтетін күшті Солтүстік Пассат ағысын тудырады. Архипелагтың шығыс жағалауында ағыс екі тармаққа бөлінеді: бірі оңтүстікке қарай ағып, экваторлық қарсы ағысқа ұласады; солтүстік тармағы Шығыс Қытай теңізіне қарай бұрылып, одан Кюсю аралының оңтүстігінен шығып, Куросио жылы ағысына бастама болады. Бұл ағыс Жапония жағалауымен солтүстікке қарай ағып, Жапон аралдарының климатының жылынуына әсер етеді.

40° с. е. солтүстікке қарай Куросио Солтүстік Тынық мұхит ағысына ауысып, ендік бағытта Солтүстік Хонсю жағалауынан Орегон жағалауына қарай ағады. Солтүстік Америка жағалауына жақындағанда ағыс екіге бөлінеді: солтүстік тармағы Аляска жылы ағысын тудырады. Оңтүстік тармағы Калифорния суық ағысын тудырады. Ол оңтүстікке қарай ағып, Калифорния түбегінің оңтүстігінен Пассат ағысына жалғасады, сөйтіп Тынық мұхиттың беткі суларының солтүстік тропиктік айналымын аяқтайды.

Оңтүстік жарты шардың антициклондық облысында пассаттар Оңтүстік Пассат ағысын тудырады. Ол мұхитты Колумбия жағаларынан бастап Иолукия аралдарына дейін кесіп өтеді. Лайн және Туалиету аралдарының ортасында одан бір тармақ оңтүстік батысқа қарай ағып, Коралл теңізіне құяды. Одан әрі бұл ағыс оңтүстікке Австралия жағалауымен жылжып, Шығыс Австралия жылы ағысын тудырады. Монукио аралдарының шығысында солтүстік пассаттың оңтүстік тармағымен қосылып, экваторлық қарсы ағысын тудырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Геоморфология пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Геоморфология оқу - әдістемелік кешен
Деңгейдің ауытқуы
Теңіз жаға бойы рельефі
Каспий теңізіне жалпы сипаттама
Географияны оқытудың көрнекі әдісітерінің мәні
Шығыс Еуропа және Сібір платформалары
ТМД-дің көлемі, географиялың орны мен шекарасы
Европаның жер бедері мен пайдалы қазбалары
Каспий теңізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz