Реактивтілік және организмнің резистенттілігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті
Филология және көптілді білім беру институты
С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

СӨЖ тақырыбы: 1. Акселерация мен ретардация, организмнің реактивтілігі мен резистенттілігі.
2. Орталық жүйке жүйесінің әр түрлі бөлімдерінің құрылысы мен қызметі.
3. Невроздар. Олардың пайда болу себептері және алдын алу..



Орындаған: Н.М. Хибатова
Тобы:110
Тексерген: М.Қ.Сейдехан

2020-2021 оқу жылы

Жоспар:
1. Акселерация мен ретардация, организмнің реактивтілігі мен резистенттілігі.
2. Орталық жүйке жүйесінің әр түрлі бөлімдерінің құрылысы мен қызметі.
3. Невроздар. Олардың пайда болу себептері және алдын алу.

1. Акселерация мен ретардация, организмнің реактивтілігі мен резистенттілігі.
Акселерация; латынша (accelarae) - жылдамдық деген сөзден шыққан. Акселерация қазіргі замандағы адамдардың биологиясындағы жалпы
қарқындылықты көрсетеді, табиғаты көп факторлы болып келеді. Көптеген гигиенистердің пікірлері бойынша балалар мен жасөспірімдердің
қызмет функцияларының үйлесімді дамуын бұзатын болғандықтан және қызмет қаблетін азайта-тындықтан акселерация балалар организмі үшін қолайсыз болып табылады. Сондықтан, өсіп келе жатқан балалардың дене
бітімінің дамуын бақылауға ерекше көңіл бөлінуі керек.
Акселерация терминінің өзіне жетпіс жылдан астам уақыт болды - оны 1935 жылы неміс дәрігері Е.М. Кох ұсынған болатын. Бұл сөзбен (латын тілінен жылдамдату дегенді білдіретін) балалар мен жасөспірімдердің құрдастарымен салыстырғанда бойының, салмағының және кейбір басқа
өлшемдерінің ұлғаюы аталған болатын. Акселерация құбылысы АҚШ-та, Европада, Азияда, Россияда байқалады, қалаларда ауылдық жерлермен салыстырғанда күштірек көрініс береді. Оның кеңінен таралуы ғалымдарға
акселерация құбылысын қазіргі заманғы адамның дамуына тән қақын ретінде қарауға мүмкіндік береді.

Акселерацияның басты мысалдары ретінде:
- жаңадан туған балалардың салмағы мен бойының өсуін (зерттеу кезіне (1979 ж.), орта есеппен 1-2 кг-ға және 4-5 см-ден жоғары (сол жүз жылдықтың 30жылдары).
- тістерінің уақытынан бұрын шығуын және олардың тұрақты тіске ауысуын (1-2 жылға)
- скелеттің мерзімінен бұрын сүйекке айналуын (20ғасырдың 20-30 жылдарымен салыстырғанда 2-3 жылға ерте)
- өткен ұрпақтармен салыстырғанда жалпы бойының 810 см.-ге өсуін.
- мектеп жасындағы балалардың бойының өсуі, ерте жыныстық жетілуін (ұлдарда 11-12 жаста) мысалға келтіруге болады.

Ретардация (лат. Retardatio - баяулау) қарама-қарсы үдеу процесі болып
табылады және балалар мен жасөспірімдердің өсу қарқынында, 1-2 жастағы құрдастарынан физиологиялық жүйелердің дамуы мен қалыптасуындағы
артта қалушылықты білдіреді. Акселерация сияқты, ол үйлесімді және
үйлесімсіз болуы мүмкін. Көптеген қасиеттердің даму қарқыны мен соңғы
деңгейі әрқашан өзара байланысты бола бермейді.

Реактивтілік және организмнің резистенттілігі
Реактивтілік латынша (reactio)- қарсы әсер деген сөзден шыққан. Реактивтілік - организмнің тіршілік әрекетінің сыртқы орта әсеріне жауап қайтару қасиеті;ол да бүкіл тіршілік атаулының зат алмасу ,өсу көбею т.бмаңызды қасиеттері секілді. Организмнің резистенттілігі - оның патогендік факторлар әсеріне төзімділігі, яғни қарсы тұру қабілеті. Екі термин де тірі организмнің негізгіқасиеттерін айқындайды, әрі бірімен бірі байланысты. Организмнің реактивтілігі мен резистенттілігі аурудың пайда болуында,дамуында,патологиялық процестердің өту барысында мәні бар. Сондықтан ,ауру патогенезін түсіну үшін организмнің осы қасиеттерін зерттеу қажет.

Реактивтілік және резистенттілік туралы түсінік көне медицина дәуірінде қалыптаса бастады. Бұл жөніндегі мәліметтерді көне қытай және көне үнді медициналарынан табуға болады. Алайда ол көне грек медицинасында неғұрлым нақты формада қалыптасты. Сол кездің өзінде ақ дәрігерлер әр түрлі адамдардың ауру тудыратын әрекетті түрліше сезінетіндігін білді. Мұны гиппократ организм сөлінің біркелкі араласпауынан - дискразиядан деп түсіндірді. Реактивтілік туралы ілімнің жаңа бағыты XVII ғасырдың аяғында басталды. Глиссон тұңғыш рет бүкіл жанды организмді тітіркендіргіштік қасиетімен сипаттады.

Төзімділік (резистенттілік) - деп аурутуындататын ықпалдарға
организмнің тұрақтылығын айтады.Төзімділік пен реактивтілік өзара бірімен-бірі тығыз байланысты және екеуі де тірі организмнің негізгі
қасиеттерінің бірі болып есептеледі.
Төзімділік спецификалық және бейспецификалық болып ажыратылады.
Реактивтіліктің түрлері
Организмнің реактивтілігі:
● түрлік;
● топтық;
● даралық - болып ажыратылады.
Даралық реактивтілік:
● спецификалық;
● бейспецификалық - болып
ажыратылады

Спецификалық даралық реактивтілікке организмнің иммундық реактивтілігі жатады. Физиологиялық спецификалық даралық реактивтіліктің көрінісі иммунитет кезінде байқалады. Дерттік спецификалық даралық реактивтілік аллергия, иммундық тапшылықтар және иммундық тежелулер түрлерінде көрінеді. Сыртқы орта ықпалдарына организмнің иммундық жүйесінің
қатысуынсыз жауап қайтаруының барлық түрлерін бейспецификалық реактивтілік - дейді.Мәселен, ашығу, жарақат, қансырау, гипоксия, температуралық, химиялық
және сәулесоқ әсерлер кездерінде реактивтіліктің бейспецификалық көріністері байқалады.

Дерттік реактивтілік - деп әртүрлі экзогендік және эндогендік ықпалдардың әсерлеріне организмнің қалыптыдан ауытқыған, өзгерген түрде жауап қайтару қабілетін айтады. Ол гиперергия, гипоергия, анергия, дизергия түрлерінде көрінеді. Дерттік реактивтілік мына жағдайларда:
● тұқым қуалаушылыққа бейімділігі бар және аллергиялық болмысы
болуы кезінде;
● жаңа, әсіресе шала, туған балалар мен кәрі адамдарда;
● сүлде аурулардың болуы нәтижесінде;
● организмнің ұзақ немесе сапалы ашығуы кезінде;
● организмнің ұзақ гиподинамиясы кезінде;
● қоршаған ортаның химиялық заттармен, иондағыш сәулелермен
ластануларының әсерлерінен - байқалады.

Қорыта келгенде әртүрлі ықпалдарға организмнің бейімделуін арттыру арқылы оның реактивтілігіне әсер етуге және ауру туындататын
қоздырғыштарға төзімділігін көтеруге болады. Бұл кезде назар аударатын бір жәйт ол организмнің төзімділігі адаптация туындатқан ықпалға ғана көтеріліп қоймай, көптеген басқа ауру туындататын ықпалдарға да жоғарылайды. Мәселен, организмнің гипоксияға бейімделуінің нәтижесінде оның төзімділігі жүрек, ішек-қарын, жүйке ауруларына, кейбір жұқпаларға, өспе өсуіне т.б. ықпалдарға артады.

2. Орталық жүйке жүйесінің әр түрлі бөлімдерінің құрылысы мен қызметі.
Жүйке жүйесі (нервная система) - адам мен жануарлар организмдерінің қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін гр. neurologia (грек, neuron -- жүйке, жүйке жасушасы; logos -- ілім) деп атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады. Рефлекс -- сыртқы, немесе ішкі орта әсерлеріне организмнің жауап қайтару реакциясы. Жүйке жүйесі мүшелерін негізінен жүйке ұлпасы құрайды. Жүйке жүйесі организмдегі орналасу орындары (топографиясына) мен құрылысына сәйкес: орталық және шеткі бөлімдер болып екіге бөлінеді. Жүйке жүйесінің орталық бөліміне ми және жұлын, ал шеткі бөліміне -- мидан және жұлыннан организмнің шеткі аумақтарына таралатын мүшелер: жүйке түбіршіктері, жүйкелер, жүйке тораптары, жүйке түйіндері (ганглийлері) және жүйке талшықтарының ұштары жатады. Организмдегі қызметтеріне байланысты жүйке жүйесін үш бөлімге бөледі. Олар: сомалық (денелік), парасимпатикалық (ішкі мүшелік), симпатикалық (тамырлық). Жүйке жүйесінің сомалық бөлімі - дене, яғни тірек-қимыл аппараты және тері жабыны мүшедерінің, парасимпатикалық бөлімі -- ішкі мүшелер мен бездердің, симпатикалық бөлімі -- тамырлар жүйесі мүшелерінің қызметтерін реттейді. Парасимпатикалық және симпатикалық бөлімдерді біріктіріп, жүйке жүйесінің вегетативтік бөлімі деп атайды.
Вегетативтік немесе автономдық жүйке жүйесі (вегетативная, или автономная нервная система); (systema nervosum autonomicum; грек, systema -- жүйе, бөліктерден құралған бүтін; лат. nervus -- жүйке; грек, autos -- өзім, өздігінен; nomos -- заң) -- барлық ішкі мүшелер жүйелері мүшелерінің (асқорыту, тыныс алу, зәр бөлу, аталық және аналық көбею мүшелер жүйелері), тамырлар мүшелері жүйелерінің (қанайналым, лимфаайналым, қан жасау мүшелер жүйелері), сыртқы және ішкі секреция бездерінің, бірыңғай салалы ет ұлпасының қызметтерін реттейтін жүйке жүйесінің бөлімі. Вегетативтық жүйке жүиесі де, жүйке жүйесінің басқа бөлімдері сияқты нейроциттерден және жүйкелік глиядан (нейроглиядан) құралған. Вегетативтік жүйке жүйесі - организмдегі орналасу орындары мен атқаратын қызметтеріне байланысты симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерге бөлінеді. Олар өз кезегінде жүйке орталықтарынан және шеткі бөлімдерден құралады. Вегетативтік жүйке жүйесінің жүйке орталықтары жұлын мен мида орналасқан: қыртыстық, қыртысасты және өзіндік жүйке орталықтарына бөлінеді. Вегетативтік жүйке жүйесінің шеткі бөлімін: преганглионды (ганглионалды) миелинді (үлпекті) жүйке талшықтары, экстрамуральды (қабырғадан тыс) және интрамуральды (қабырғалық) жүйке ганглиондары (түйіндері), постганглионды (ганглионсоңы) миелинсіз (үлпексіз) жүйке талшықтары қүрайды.
Жұлынның өрлеу жолы, немесе орталыққа тепкіш жолының қызметімен жіктелуі.
1. Үлкен ми жарты шарлары қыртысының қызметі.
2. Сопақша мидың қызметі.
3. Артық ми құрлымдарының қызметі.
4. Мишық оның құрлысының ерекшелігі.
5. Аралық ми таламус әр түрлі эфферентті жүйелердің импульстер коллекторы.
6. Ортаңғы ми құрлымдары және олардың қызметі.
ОЖЖ-сі дегеніміз адам мен омыртқалы жануарлар жүйкесінің жұлын мен мидан құралған бөлімі. Ол жеке торшалардың, ұлпалардың, мүшелердің қызметін реттеп, оларды өзара үйлестіріп, организмнің біртұтастығын қамтамасыз етеді. ОЖЖ-сі ішкі және сыртқы әсерлерді қабылдап, оған жауап беру арқылы организмді қоршаған ортаның құбылмалы жағдайларына бейімдейді, жеке мүшелер мен бүкіл организмнің күрделі әрекетін басқарып, түрлі физиологиялық процестердің үйлесімді жүруін қамтамасыз етеді.
Орталыққа тепкіш өткізгіш жалдар сыртқы немесе ішкі орта әсерін қабылдайтын рецепторлардан импульстерді мидың әртүрлі құрылымдарына жеткізеді. Оларға жіңішке және сына тәрізді шоғыр, латеральдық және вентральдық жұлын-таламустық жол, дорсальдық және вентральдық жұлын-мишық жолы жатады.
Жіңішке және сына тәрізді шоғырлар (Голл және Бурдах жолы) жұлындық түйіндердің сезімтал нейрондарының өсінділері болып табылады, үлпекті талшықтардан құралады, Қозу импульсін 60-100 нсек. жылдамдықпен өткізеді. Бұл шоғырдын қысқа аксондары өз сегменттерінің мотонейрондарымен және аралық нейрондарымен синапстық байланыс түзеді де, ұзын аксондар сопақша миға бағытталады. Жол жөнекей ұзын аксондар жұлынның жоғарырақ орналасқан сегменттеріне тармақтар бере отырып, сегментаралық байланыс түзеді.
Жіңішке шоғыр талшықтары арқылы дененің артқы бөліктері мен
аяқтардан, ал сына тәрізді шоғыр арқылы- дененің алдыңғы бөліктері
мен қолдардан (алдыңғы аяқтардан) келетін импульстер өткізіледі
Аталған шоғырлар талшықтары жұлынды бойлай өз жақтауымен сопақша мидағы Голл және Бурдах ядроларында аяақталады. Осы жерде
олар екінші нейронмен синапс түзеді. Ал, екінші нейрон аксондары
осы сопақша ми деңгейінде айқасып қарсы бетке өтеді де, таламустың арнаулы ядроларында аяқталады. Осы жердегі үшінші нейрон
өсінділері үлкен ми жарты шарлары қыртысының IV-қабатының
нейрондарында аяқталады. Жалпы бұл жол арқылы тітіркендіргіштердің әсер еткен аумаған, олардың мерзімдік сипатын ажыратуға мүмкіндік беретін айқын сигналдар өткізеді.
Латеральдық жұлын-таламус жолы ауырсыну және температуралық әсерлерді, ал вентральдық жұлын-таламус жолы - тактильдік (жанасу) әсерді өткізеді. Кейбір деректерге қарағанда бұл жолмен проприо- және висцерорецепторларда туындаған импульстер де өткізіледі. Қозу толқынының өту жылдамдығы 1-30 мс құрайды. Бұл жолдың бастапқы талшықтары не өздері енген сегментте аяқталады, не айқасып, қарсы бетке өтіп, не өздері жұлынға енген жағымен бірнеше сегментті бойлай өрлеп, қарсы беттегі нейрондармен жалғасады. Бұл нейрондардан басталған аксондар көру төмпегінде (таламуста) аяқталады. Таламус нейрондарының аксондары үлкен ми жарты шарлары қыртысыңда аяқталады. Жұлын-таламус жолы арқылы тітіркендіргіштердің сапалық сипаты жайлы ақпарат алынады.
Дорсальдық жұлын-мишық жолын немесе Флексиг шоғырын, жұлынның дорсальдық мүйізінде орналасқан нейрондар аксоны құрайды. Бұл жол талшықтары айқаспай өз беткейімен мишыққа барады, қозу импульсін 110 мс жылдамдықпен өткізеді. Бұл жолмен аяқ - қол еттері мен буын байламдары рецепторларынан тарайтын импульстер өткізіледі.
Вентральдық жұлын-мишық жолы, немесе Говерс шоғыры, жұлынның дорсальдық мүйізіндегі нейрондар аксондарынан құралып, импульстерді 120 мс жылдамдықпен мишықтың дененің қарсы беткейіндегі жартысына жеткізеді. Бұл жол сіңірден, тері мен ішкі рецепторлардан тараған импульстерді өткізеді, дене қимылдарын қамтамасыз етіп, дене кейпін бақылауға мүмкіндік береді.
Ми жарты шарлары мидың ең жоғары және филогенездік тұрғыда ең жас бөлімі. Сыртынан ол жалпы қалыңдығы 1,5-4,5 мм шамасын құрайтын сұр затпен қапталады. Оны үлкен ми қыртысы деп атайды. Ми қыртысы мидың ең күрделі құрылымы, ол түрлі сенсорлық тітіркеністерді қабылдап, өңдеп, әрекеттерді қалыптастыратын сигналдарды тудырады, организмнің күрделі мінез-қылығын үйлестіріп, бағыттап отырады.
Морфологиялық тұрғыдан ми қыртысы орасан көп (12-18 млрд.) нейрондардан, олардың өсінділері мен синапстардан, нейроглия торшаларынан құралған. Ми қыртысын құрайтын нейрондар пішімі мен қызметіне байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Олардың бірін пирамидалық торшалар құрайды. Олар ми қыртысы беткейінде вертикаль (тігінен) орналасады және үшбұрыш пішіндес келеді. Бұл торшалардан жоғары қарай Т-тәрізді тармақталған дендрит, ал төменгі табанынан аксон басталады да, ол ми қыртысының басқа аймақтарына бағыталатын, немесе қыртыстан басталатын, төмендеу жолына қосылады.
Қыртыс нейрондарының келесі тобын майда жұлдызша торшалар құрайды. Олардың өсінділерінен қыртыстық байланыстар түзеледі.
Нейрондардың үшінші тобын шүйкелі (ұршық тәрізді) торшалар түзеді. Олардың аксондары горизонтальды не тік бағытта жайылады. Аталған нейрондар топтарының денесі мен өсінділері белгілі ретпен орналасады да, ми қыртысын алты горизонтальды қабатқа бөледі. Олар сыртқы молекулалық қабат, сыртқы дәнді қабат, сыртқы пирамидалық торшалар қабаты, ішкі дәнді, ішкі пирамидалық торшалар қабаты және әртекті (полиморфты), немесе шүйкелі, торшалар.
Анатомиялық тұрғыдан ми қыртысы төрт бөлікке - маңдай, төбе, шүйде және самай, бөлінеді. Бұл бөліктердің әрқайсысы сезімтал, (проекциялық) және жалғастырушы аймақтарға бөлінеді. Ми қыртысының арнаулы афференттік жолдар тірелетін жерлерін сезімтал (проекциялық, сенсорлық) аймақ дейді. Оларға соматосенсорлық (төбе бөлігінде), көру (шүйде бөлігінде), есту (самай бөлігінде) дәм сезу (төбе бөлігінде) аймақтары жатады.
Жалғастырғыш (ассоциативтік) аймақтар үлкен ми жарты шарларының маңдай, самай, төбе, шүйде бөліктерінде орналасады. Бұл аймақтар импульстерді не сезімтал аймақтардан, не басқа жалғастырғыш аймақтардан қабылап отырады.
Ми қыртысының қозғағыш аймақтары бұлшық ет әрекеттерін басқарады. Олар алдыңгы орталық иірімде және ми қыртысынын медиальдық беткейінде орналасады.
Сопақша ми - ми сабағының (бағанының) маңызды құрылымдарының бірі. Ми сабағы деген атпен сопақша ми, көпір, ортаңғы және аралық ми құрылымдарын біріктіреді. Ми сабағының ішінде тармақталған тор түрінде торлы құрылым, немесе ретикулярлы формация, орналасады.
Адам мен барлық омыртқалы жануарларда сопақша ми жұлынының жалғасы болып табылады, сондықтан онда жұлынға тән қарапайым сегменттік сипат сақталады, Сопақша миға да жұлын тәрізді рефлекстік және өткізгіштік қызмет тән.
Сопақша мида нейрондар шоғырланып, ерекше құрылым - ядролар пайда болады. Ядролар әр түрлі рефлекстік қызметтердің орталығы болып табылады. Сопақша ми жұлын мен өз ядроларынан басталатын ми жүйке тамырлары арқылы дененің барлық бөліктерімен байланысады. Он екі жұп ми жүйке тамырларының сегіз жұбы (V-ХІІ) осы сопақша мидан бастау алады. Олар үштармақ, әкеткіш, беттік, есту, тіл-жұтқыншақ, кезеген, қосымша және бұғақтық (тіл асты) жүйке тамырлары. Сопақша мида тыныс алу, жүрек қызметін реттеу орталықтары, тамыр қозғағыш орталық, көмірсулар алмасуын реттеу, ему, шайнау, сілекей бөлу, жұту, қарын, ұйқы безі сөлін бөлу орталықтары, жөтелу, тушкіру рефлекстерінің орталықтары, Дейтерс ядросы және басқа тіршіліктік маңызы зор орталықтар орналасқан. Сонымен қатар, сопақша мида бас еттерінің, көздің, ішкі құлақ шытырмағының (лабиринтінің) афференттік жүйкелерінің орлалықтары орналасады.
Сопақша ми вегетативтік қызметтер мен қаңқа еттері тонусын реттеуге қатысады. Бұлшық ет тонусын реттеуде Дейтерс торшалары маңызды рөл атқарады. Сопақша ми мен ортаңғы ми арасын тіліп, Дейтерс торшаларының қызыл ядромен байланысын үзсе, жануарларда децебрациялық сіреспе (ми сіреспесі) деген атпен белгілі құбылыс байқалады. Мұндай жағдайда жазғыш еттердің тонусы күрт жоғарлайды да, жануарлардың денесі керіліп, аяқтары сіресе жазылады, басы кекшиіп, құйрығы қайқая көтеріледі. Мал қимылдау қабілетінен айырылады. Сопақша мн тонустық рефлекстерді реттей отырып, организмнің қиымыл-әрекетін (жүру, түру) қамтамасыз етуде маңызды рол атқарады.
Сопақша мидың өткізгіштік қызметінің арқасында мидың жоғары бөлімдері жұлынмен байланысады, шеткі мүшелерге, вегетативтік қызметтерге ықпал етеді. Жұлынның барлық өткізгіш жолдары сопақша ми арқылы өтеді.
Артқы миға көпір мен мишықты жатқызады.
Көпір - негізінен өткізгіштік қызмет атқарады. Ол мидың алдыңғы, соңғы бөлімдері мен мишықты байланыстырады. Көпірдің сұр затында ми жүйкелерінің Ү-ҮІІІ-жұптарының ядролары, торлы құрылым ядролары және көпірдің өзіндік дербес ядролары орналасады. Ми жүйкелерінің сезімтал талшықтарымен көпір дәм сезу рецепторлары мен көз еттері және бас терісінің рецепторларынан сигналдар қабылдап, осы жүйкелердің эфференттік талшықтарымен бассүйек еттерінің қимылдарын реттейді. Көпірдің рефлекстік қызметі сопақша мидың қорғаныстық және қоректік рефлекстерін толықтырып отырады.
Мишық - көпір мен сопақша мидың үстіңгі жағында орналасады. Ол көлемді бүйір бөліктерден - жарты шаралардан, және соларды біріктіретін құртшадан тұрады.
Мишық алдыңғы жол арқылы ортадғы мимен, ортаңғы жол арқылы- көпірмен, артқы жол арқылы- сопақша мимен, ал көпір арқылы үлкен ми жарты шараларымен байланысады. Мишық рецепторлармен және эффекторлармен тікелей байланыс түзбейді, бірақ оған өте көп афференттік импульстер жетіп отырады.
Мишық дене қимылдарының үйлесімі дене кейпш және дененің тепе-теңдігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Оның әсерімен бұлшық ет тонусы өзеріп, қимыл-әрекет кезінде жеке ет топтарының жиырылу күші реттелініп, артық, ебетейсіз қимылдар байқалмайды. Мишықты сылып тастаса бұлшық ет тонусы бұзылады (атония), қимыл үйлесімдігі, атқарылатын қимыл мен бұлшық еттің жиырылу күшігін арасындағы сәйкестік бұзылады (атаксия), теңселмелі қимылдар пайда болады (астазия), бұлшық еттердің жиырылуындағы үйлесімдік бұзылады (асинергия),организм тез қажиды, әлжуазыдық байқалады (астения).
Мишық организмнің вегетативтік қызметіне де әсер етеді. Мишықты тітіркендіргенде көздің қарашығы үлкейіп, артерия қысымын жоғарылайды, тамырдың соғуы жиілейді, бұлшық етте биохимиялық қалыптастыру процесі күшейеді. Мишықты алып тастаса қорыту жолының қимылы баяулап, қарын мен ішек сөлінің бөлінуі азаяды, қуат шығыны артады, бұлшық еттің нәрлену процесі бұзылады. Осыдан мишықта сипатикалық және парасимпатикалық нервтену орталығы орналасады деген болжам жасалған.
Филогенез процесінде мишықтың дамуы ауырлықты жеңу және кеңістікте қозғалу сияқты рефлекторлық реакциялармен байланысты жүреді. Ең бірінші рет мишық дөңгелек ауыздыларда байқалады, себебі онда денетеңдігін сақтауға арналған вестибулярлық аппарат бар. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Акселерация және ретардация, реактивтілік және организмнің резистенттілігі
Организім реактивтілігі және оның патологиядағы мәні
Реактивтіліктің түрлері мен дәрежелері: сезімталдылық, резистентті-лік, төзімділік
Диплококтық септицемия ауруының патолого - анатомиялық өзгерістері
Ірі қара мал кетоз ауруының патологоанатомиялық өзгерістері
Қоянның хлорорганикалық қосылыстардан улануының патанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Қоянның фосфорорганикалық қосылыстардан улануының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Қойдың инфекциялық энтеротоксемия ауруының патологоанатомиялық өзгерісі мен диагностикасы
Тауықтың сары уыздық перитонит ауруының патологоанатониялық өзгерістері мен диагностикасы
Қойлардың гранозаннан улану ауруының клиникалық белгілері мен диагностикасы
Пәндер