Закавказьелік депутат


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТ

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

№ 1 С Е М Е С Т Р Л І К Ж Ұ М Ы С

Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні

Тақырып: Ресейдегі І-ІІ Мемлекеттік Дума қызметіне қазақтардың қатысуы

Мамандығы: Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Орындаған: Тобы:. (Аты-жөні)

Тексерген:. (Аты-жөні, атағы, қызметі)

«» 2020ж. . (бағасы) (қолы)

Алматы, 2020

Жоспар

Кіріспе . . . 3

І Қазақтардың Ресей мемлекеттік Думасына қатысуы . . . 5

ІІ Қазақстандағы аграрлық-шаруа мәселесі . . . 7

Қорытынды . . . 13

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 14

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. XX ғасырдың бас кезінде Ресейдің қоғамдық саяси өмірінде күрделі оқиғалар мен елеулі өзгерістер болды. Соның ішінде назар аударарлық әлеуметтік мәселе - буржуазиялық демократиялық даму жолына бағытталған өзгерістер болатын. Әсіресе соның ірі әлеуметтік оқиғасы Мемлекеттік Думаның шақырылуы еді. Жоғарғы заң шығарушы органның 12 жыл тари хы, 1905-1917 ж. ж. арасындағы қызметі Ресей тарихында, оның құрамына кірген халықтардың өмірінде айтарлықтай із қалдырған демократиялық идеалдың көрінісі болды. Дума Ресейде құрылған партия фракцияларының және ұлт аймақтардағы ұлт азаттық қозғалыстардың өкілдерінің бас қосқан маңызы зор мәселелерді талқылайтын бірден бір өкілетті форумға айналды. Ол Ресей Империясының алғашқы парламенті ролін атқара бастады. 1917 ж. Ақпан төңкерісінің әзірлігіне мұрындық болумен қатар оның идеялық бастамасының негізі болды.
Кеңес дәуірі кезінде Мемлекеттік Думаны буржуазия мен помещик тердің біріккен таптық ұйымы, саяси - қоғамдық сілкініске қарсы, халықты алдау-арбау, оларды революциялық қозғалыстан тыс теріс бағытқа сілтейтін реакцияшыл қауымдар ортасы деп қарады. Осының салдарынан бұл органға қазақ сахарасынан делегат болып сайланған Дума фракцияларына, соның ішінде саяси топтарға белсенді қатысып, ұлт мүддесін қорғаған зиялы азаматтардың аттары аталмай келді. Шын мәнісінде олардың ұлтының азат тығы мен бостандығына еңбегі сіңірген еңбектері айрықша.
Бүгінде өз тарихымызды жаңалай зерделеуге қол жеткен кезде, аты ұмыт қалған ұлт зиялыларын архив құжаттарының шаң тозаңдарынан тазалап, тарихи шындықты көтеруге қол жетіп отыр.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстандық тарихнамада Ресейдегі болған төңкерістің дала өлкесіне әсері, I -II-ші Мемлекеттік Думаның пайда болуымен қызметінің кейбір мәселелері Б. С. Сүлейменов, П. М. Пахмурный, Ш. Я. Шафиро еңбектерінде зерттелген. Қазақстан тарихында Мемлекеттік Дума мәселесін зерттеудің негізін қалаған белгілі тарихшы Б. С. Сүлейменов болды. 1949 жылы Б. С. Сүлейменов «Бірінші орсы революциясы жылдарындағы Қазақстан» деген монографиялық еңбегі баспадан шықты. Бұл еңбектің бір кемшілігі автор онда Ә. Бөкейханов, Бақытжан Қаратаев сияқты қазақтың біртуар ұлдарының есімдері туралы ешнәрсе жазбаған.
Осы мәселені зерттеуге үлесін қосқан тағы бір тарихшының бірі Я. Шафиро. Оның «Первые группы РСДРП и начало профсоюзного движения в Казахстане (1905-1907 г. г. ) » атты еңбегі таптық тұрғыдан жазылған еңбектің бірі. Шындықты бұрмалаған ол, тоталитарлық жүйенің ықпалына көніп, коммунистік партияның мүддесіне орай халық тарихын жазуда оларды «надан», «өркениетсіз» деп көрсетуге тырысқан. Диплом жұмысы 1905-1907 және одан кейінгі жылдардағы қазақтың ұлт зиялы- ларының қызметін прогресті құбылыс ретінде бағалаған М: Қойкелдиевтің «Алаш қозғалысы», Г. Сафаровтың «Колониальная революция» атты еңбектері, Ә. Бөкейханов, Т. Рысқұловтың мақалалары тағы басқа да көптеген еңбектерге сүйене отырып жазылды.

Менің семестрлік жұмысымның мақсаты I -ші және II-ші Ресей Мемлекеттік Думасында депутат болған қазақтардың саяси-қоғамдық қызметтерін туралы мәлімет алу, Думаға депутат болған қазақтарды халқымызға сіңірген еңбегін жайлы жазу.

Соған сәйкес мынадай міндеттерді шешемін:

- Ресейдегі І-ІІ Мемлекеттік Дума қызметіне қазақтардың қатысуына тоқталу;

- І және ІІ Думаның (1906, 1907 жж. ) қазақ депутаттарының алдында тұрған міндет талдау;

-Қарастырылған міндеттерінің қорытындысын қарастыру.

Қазақтардың Ресей мемлекеттік Думасына қатысуы

Қазақтардың саяси сана-сезімінің елеулі түрде өскенін қазақ зиялы қауым көшбасшыларының Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысуынан көруге болады.

1905 жылғы тамызда II Николай патша Ресейдегі революциялық күштердің қысымымен империяның заң шығарушы және өкілетті органы ретінде Мемлекеттік Дума құру туралы манифеске қол қойды.

Бірақ ол манифест бойынша Ресей империясының бірқатар халықтарының, соның ішінде Орта Азия мен Қазақстан халықтарының да сайлауға және сайлануға құқығы жоқ болып шықты. Жергілікті билік органдарына сайлау науқанының алғашқы күнінен бастап-ақ қазақтарды «көшпелі және қаңғыбас бұратана халық» ретінде сайлауға үзілді-кесілді қатыстырмауға айрықша нұсқау берілді. Мұның өзі қазақтардың арасында бұрқ ете қалған наразылық пен ашу-ыза тудырды. Жергілікті халық өздерінің өкілдерін Ресейдің Мемлекеттік Думасына қатыстыруды батыл талап етті. Өлкенің бүкіл аймағын түгел қамтып өткен қуатты наразылық толқыны патша үкіметін халықтың талабына құлақ асуға мәжбүр етті. Сонымен қазақтар сайлауға қатысатын болып шықты.

1906 жылғы I Мемлекеттік Думаға қазақтардан Торғай облысынан - Ахмет Бірімжанов, Уфа губерниясынан - Сәлімгерей Жантөре, Орал облысынан - Алпысбай Қалменұлы, Астрахан губерниясынан - Бақтыгерей Құлманов, Ақмола облысынан - Шәймерден Қосшығұлұлы, Семей облысынан - Әлихан Бөкейхановтар сайланды. Бұлардың барлығы да сауатты, халықтың сый-құрметі мен сеніміне бөленген зиялы азаматтар еді. Бірақ Ресейдің I Мемлекеттік Думасы небары 73-ақ күн жұмыс істеді. Депутаттардың көтерген бастамалары көңілінен шықпай, риза болмаған II Николай Думаны таратып жіберіп, қайтадан сайлау туралы жарлыққа қол қойды.

Ресейдің 1907 жылғы II Мемлекеттік Думасының құрамына бұл жолы Қазақстаннан мына азаматтар сайланды: Ақмола облысынан - Шәймерден Қосшығұлұлы, Торғай облысынан - Ахмет Бірімжанов, Семей облысынан - Темірғали Нүрекенов, Сырдария облысынан - Тілеулі Алдабергенұлы, Жетісу облысынан - Мұхамеджан Тынышбаев, Орал облысынан - Бақытжан Қаратаев, Астрахан губерниясынан - Бақтыгерей Құлманов. Алайда бұл Думаның да қызметі ұзаққа созылмады, небары 104 күн ғана жұмыс істеді.

II Мемлекеттік Думада қазақ депутаттары кадеттермен жақындасып, мұсылмандар фракциясының тобына кірді. Ресейдің ұлттық шет аймақтарындағы басқа да халықтардың өкілдерімен бірге, ішкі Ресейден шаруаларды Қазақстанға қоныс аудару үрдісін тоқтатуды талап етті. Б. Қаратаев II Мемлекеттік Думада Ресейден шаруаларды Қазақстанға қоныс аудару саясатының қазақтар үшін өте жағымсыз, ауыртпалықты болып отырғаны туралы арнайы баяндама жасады. Ол өзінің жалынды сөзінде былай деп атап көрсетті: «Сіздер мынадай сұмдық жағдайды түсінуге тиіссіздер: бүгінгі таңда қоныс аударушы орыс шаруаларына жер телімдерін беру үшін қазақтарды өздерінің ежелгі ата қоныс жерлерінен ғана емес, жеке меншік баспаналарынан да қуып шығарып жатыр» .

Қазақ депутаттар өз халқының заңды құқығын қорғап жоғары билік орындарына бірқатар үндеулер де жазды. Мәселен, Мемлекеттік Думаның депутаттары Б. Қаратаев, А. Бірімжанов, Т. Нүрекенов, Ш. Қосшығұлұлы 1907 жылғы наурызда өздерінің жасаған мәлімдемесінде былай деп жазды: «Көшпелілердің бірден-бір күнкөріс көзі - мал шаруашылығы, ал олардың Азияның шетсіз-шексіз кең даласында бір жерден екінші жерге үздіксіз көшіп-қонып жүруі әлдебір жанға жайлы, қызығы мол бос серуен құру емес, табиғаттың қиындықтарын жеңе отырып, өмір сүру болып табылады» .

Дума депутаттарының арасында көрнекті қоғам қайраткері Сәлімгерей Жантөренің есімі ерекше аталады. Ол Санкт-Петербург университетінің заң факультетін және Мәскеу мемлекеттік университетінің физика-математика факультетін бітірген болатын. Алғашқыда судья болып қызмет етті, кейін бірнеше жыл бойы уездік және губерниялық земствоны басқарды. 1903 жылы Уфа губерниясынан Думаға мүше болып сайланды. Сәлімгерей Жантөре өзіндік ұлттық ерекшеліктері ескерілетін халық мектептерін ашу мәселесіне көп көңіл бөлді. Ол Мемлекеттік Думада кеңінен танылды. Башқұрт халқының атынан депутат болып сайланса да өзінің туған халқы қазақтардың проблемаларын да ешқашан есінен шығарған емес.

1905-1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы жеңіліске ұшырады. Бірақ ол қазақ халқының қоғамдық сана-сезімін арттыруға, өлкедегі демократиялық қозғалысты дамытуға орасан зор ықпал етті. Ресейдегі революциялық оқиғалардың әсерімен қазақ халқының көрнекті перзенттері саяси сахнаға көтерілді. Халықтың таңдаулы өкілдерінің Ресей Мемлекеттік Думасына қатысуы Қазақстан тарихында аса маңызды рөл атқарды. Қазақ халқының көшбасшыларына айналған зиялылар Ресей империясының өкілетті органының мінберінен ең маңызды проблемаларды, жерге қатысты мәселелерді принципті түрде батыл көтере білді.

Бірінші орыс революциясы жылдарындағы оқиғалар қазақ халқымен Қазақстандағы басқа да ұлыстардың саяси белсенділігін арттырды. Қазақ жұмысшылары өз алдына дербес саяси күш ретінде көріне білді. Солай бола тұрса да ол жылдардың оқиғалары Қазақстандағы ұлттық-демократиялық және жұмысшы қозғалысының әлсіз, әлі де жетілмегенін көрсетті

Бірінші орыс революциясы қатаңдықпен басып тасталғаннан кейін патша үкіметі елде қуғын-сүргін шараларын жүзеге асыруға кірісті. 1907 жылы реакцияшыл сайлау заңы шықты. Ендігі жерде бұратана ұлттар, соның ішінде қазақтар да сайлау құқығынан айырылды. Патша үкіметі Қазақстанның байырғы халқы сайлауға қатысуға әлі дайын емес деп санады. Сондықтан да 1907-1917 жылдарда қазақтар Ресейдің Мемлекеттік Думасына сайланған жоқ. Патша үкіметінің бұл шарасы қазақ халқының ашу-ызасын туғызды. 1907 жылғы маусымда Ақтөбе, Петропавл, Костанай сияқты тағы да басқа қалаларда наразылық митингілері болып өтті. 1908 жылы Ә. Бөкейханов Выборг үндеуіне қол қойды. Ол үндеу II Мемлекеттік Думаның таратылуына қарсылық ретінде қабылданған болатын.

Келесі шақырылған Мемлекеттік Думаларда қазақ халқының мүдделерін Т. Седелъников, В. Недоносков, Н. Бородин, И. И. Космодемияновский, А. Виноградов, Н. Скалозубов сияқты орыс депутаттары белсене қорғады. Орынбор губерниясынан сайланған депутат Т. И. Седельников Мемлекеттік Дума мәжілісінде былай деп ашық айтты: «Жүздеген мың қырғыздар . . . мүлде жерсіз қалып отыр, ұлтарақтай ғана болмашы жері бар қырғыздардың саны кем дегенде миллионға жетеді». Қазақтардың жерге қатысты құқығын башқұрт Ш. Сыртланов, татар депутаты С. Максудов қорғады.

Закавказьелік депутат X. Мамедов III Мемлекеттік Думаның мінберінен бүкіл мұсылман фракциясының атынан сөйлеген сөзінде Ресейдің ішкі аймағынан шаруаларды Қазақстанға қоныс аударуды онда қазақтардың жерге қатысты занды құқықтары шешілгенге дейін тоқтата тұруға шақырды. Қазақтың белгілі саяси қайраткерлердің бірі Мұстафа Шоқай Думаға депутат болмаса да, III және IV Мемлекеттік Думалардағы мұсылман фракциясының құрамына кіріп, ондағы мұсылман депутаттардың назарын қазақтардың бастан кешіріп отырған ауыр халіне аударды.

Қазақстандағы аграрлық-шаруа мәселесі

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезінде Ресей империясының қоғамдық-саяси өмірінде аграрлық мәселе маңызды орын алды. Оның нақты шешімін таппауы Ресейдегі халықтардың үнемі наразылығын тудырып отырды. Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы және 1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерістерінің басты себептерінің бірі де аграрлық мәселеге тіреледі.

Бұл ретте Мемлекеттік Думаның да Қазақстандағы аграрлық-шаруа мәселесімен айналысқанын айта кетуіміз керек. Мысалы, ІІ-ші Мемлекеттік Думада сөйлеген сөзінде депутат Б. Қаратай қордаланған мәселені турасынан қояды. Ол "қырғыз-қайсақ халқы атынан бұл мінбеден ешкім сөйлеген жоқ. Біздің мемлекетіміз шиеленіскен аграрлық мәселені шаруаларды Дала облыстарына, дәлірек айтсақ: Орал, Торғай, Ақмола, Семей және Жетісуға қоныс аудару арқылы шешпекші болады"- деп сөзін бастады. Әрі қарай патшалық Ресейдің қоныс аудару саясаты нәтижесінде сол кездегі Қазақстанның солтүстік аудандарындағы туындай бастаған геосаяси ахуалды жан-жақты талдады. Онда ол "қоныс аударуда Орта Азиялық облыстар ішінде қоныс аударатын бос жер бар ма, жоқ па ол туралы жергілікті халықпен келісілмеген, табиғи, шаруашылық, статистикалық, топырақ және ауа райы тұрғысынан зерттелмегенін "ашып айтты" - оны зорлық жасау деп есептеу керек" -деді.

Қазақстан отар ел ретінде XIX ғасырдың алғашқы ширегінен бастап Ресей империясының әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірімен тығыз байланысты болды. Әкімшілік-аумақтық ереже, 1867-1868 және 1886-1891 жылдардағы реформалар Қазақстанның отар ел ретіндегі метрополиядағы рөлін нығайта түсуге бағытталды. Империяның саяси үстемдігі нәтижесінде бүгінгі Қазақстан алып отырған сол кездегі барлық аумақтарда жерді иелену мен жерді пайдалануды реттеудің қажеттігі мейлінше айқын да өткір қойылды.

1886-1891 жылдардағы Түркістан және Дала өлкелері жөніндегі реформалар бойынша Орынбор және Батыс-Сібір генерал-губеранторлығы жойылып, оның орнына орталығы Омбы қаласы болып табылатын Дала генерал-губернаторлығы құрылды. Оның құрамына Ақмола, Семей, Орал, Торғай және Жетісу облыстары енді. Осылардың ішінен Жетісу облысы 1897 жылы Түркістан генерал-губернаторлығының қарамағына берілді.

Дүркін-дүркін жүргізіліп отырған әкімшілік-аумақтық бөліністер Қазақстанның отарлық жағдайын орнықтыра түсті, бұлар тікелей жергілікті халықтың дәстүрлі әлеуметтік-шаруашылық және саяси құрылысының іргесін ірітуге бағытталды.

Реформа барысындағы жер - құқықтық нормалар ең алдымен отарлаушы халықты артықшылыққа ие ететін құқықтар беру арқылы қазақтар шеттегі қолдануға жарамсыз, шұрайсыз жерлерге ығыстыру бағыты ұсталды. 1867-1868 жылдардағы реформа жер қазына меншігі деп жариялап, қазақтарға жерді пайдалану құқығын ғана берді. Мұның өзі оларды бұл жерлерден шеттетуге заңды негіз жасады. "Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарын басқару жөніндегі "Уақытша ереженің" 210-бабында айтылғанындай, қазақ көшпенділері иеленіп отырған жерлер мемлекеттік деп танылады және олардың қоғамдық пайдалануына уақытша берілетін болды.

Патша өкіметі орталық аудандардан шаруаларды Қазақстанға көшіріп, империяның шығысына жаппай қоныстандырудан, салықтық жеңілдік беруден және банкі арқылы шаруалардың қосымша жер үлесін алуын қамтамасыз еткен аграрлық реформасы жөніндегі бағдарламасының бір бөлігі болғандығын айту қажет. Алайда, жерді қауымдасып пайдалану жүйесі тұтастай алғанда империядағы аграрлық қатынастарды реформалауға мүмкіндік бермеді. Оның жолы шаруаларды жаппай көшіріп, жаңа жерлерге қоныстандыру арқылы табылды, сөйтіп, Қазақстанға көшіп келгендерді орналастыру үшін нақты учаскелерді анықтау жөніндегі жұмыстар басталды. XIX ғасырдың 80-жылдарының соңғы кезінен бастап негізгі міндеті орталық аудандардан қоныс аударушылар үшін қазақтардың жерлерін тартып алу болып табылатын органдар мен ұйымдар құрылды. Тұтас алғанда, 1917 жылдың қарсаңында қазақтардың пайдалануынан Дала өлкесі, Бөкей ордасы және Маңғыстау приставтығы бойынша қазақтардан 40 млн. десятина жер алынды: казак әскерлеріне (Орал, Сібір, Орынбор) 18, 1 млн. десятина, қоныс аударушылар учаскелер үшін - 16 млн. десятина, орман саяжайлары, қазыналық-оброктық мақсаттар, помещиктік имениелер, монастырлық т. б. учаскелер үшін - 5, 9 млн. десятина, қалалар мен темір жолдарды оқшаулау алаңқайлары үшін - 0, 42 млн. десятина жер алынды. Жетісуда 4 млн. десятинадан астам жер: оның ішінде казак жерлері мен қалалар үшін - 0, 7, күзетші селолар үшін - 0, 2, қоныс аудару учаскелерінің тығыз болғандығы үшін - 0, 7, адамдар орналаспаған учаскелер үшін - 0, 55, қазыналық-оброктың мақсаттарға 0, 47 млн. жер күшпен тартып алынды. 1917 жылға дейін тұтас алғанда Қазақстан бойынша 45 млн. десятина жер тартып алынды. Бұл бүкіл жер қорының 0, 25 процентіне жақындады. Бұлар ең құнарлы жерлер еді.

Сөйтіп, қазақтар шөлейт және жартылай шөлейт, сортаң жерлерге қарай тықсырылды. Жермен бірге барлық су көздері де алынып қойды, мұның өзі сайып келгенде дәстүрлі шаруашылық жүйесін ауыр жағдайда қалдырды.

XX ғасырдың бас кезінде казақ халқы күрделі өзгерістерге ұшырады. Бұрынғы шаруашылық жүргізу тәртібі келмеске кетіп, оның орнына көшпелі, жартылай көшпелі және шаруашылық жүргізудің мал өсіруге бейімделген отырықшылық түрі дами бастады. Әсіресе мұнда экстенсивті жартылай көшпелі мал шаруашылығы кең өріс алды. Мұның басты сипаттары - малды жайылымда және жартылай қорада ұстап бағу, егіншілікпен, шөп шабумен айналысу, қыстыгүні малды бір жерде отырып бағу және қысқы жайылымдардың да болуы еді. Сонымен бірге бірте-бірте тауарлық сипат ала бастаған егіншілік негізі кеңейе түсті. Бұл реттегі егіншілік әрқашанда көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен тығыз байланысты болып отырды. Осы жағдайдағы ең өткір де, ең күрделі мәселе - жер иелену мен жерді пайдалану мәселесі болды. Шаруашылықты өрістетудің мейлінше эволюциялық нысандарын іске асыруға жердің жаппай күшпен тартып алынуы өлшеусіз нұқсан келтірді. Мұның ақыры кейде баяу, кейде белсенді түрде етек алған аграрлық толқуларға соқтырып отырды.

Отар ретінде Қазақстан бұл кезде империяның бастырмалатқан ресми идеологиясының әсеріне душар болды. Мұнда жаппай орыстандыру саясаты жүргізілді. Соған байланысты шаруашылық пен әлеуметтік уклад нысандары өзгеріске түскен қазақ халқы рухани бастауларын өздері білдірудің жолдарын табуға ұмтылды. Мұның өзі империяның мәдени орталықтарында байсалды білім алу, білім беру саласында беріле жұмыс істеу, Ресей баспасөзінің беттерінде ғылыми және публицистикалық шығармалар бастырып шығару мен жариялау, өлкетану жұмыстарына араласу, жалпыресейлік саяси қозғалыстарға қатысу және т. б. арқылы жүзеге асты. Мейлінше табанды және зерделі тұлғалар бірте-бірте Ресей зиялыларының санаткерлік мүдделері аясына тартыла түсті. Еуропалық білім алған және саны жағынан өте-мөте аз қазақ зиялылары негізінен әкімшілік мекемелерінде, халыққа білім берудің төменгі салаларында жұмыс істеп, екінші дәрежелі лауазымдармен әр түрлі ведомстваларда қызмет етті. Мұның өзі "бұратана" халықтар, оның ішінде санаткерлік еңбек саласында әр түрлі қысымға ұшырап жатқан да, сол тұстағы жағдайға тән сипаттар еді. Сөйтіп, қоғамның дәл осы әлеуметтік тобы қазақ халқының саяси көзқарастарын жеткізуші және оның жаршысы болды. Бұл кезеңде олар еуропалық саяси ойды енді ғана қабылдай бастаған болатын. Олардың сан жағынан аздығы мен тәжірибесіздігі XX ғасыр басында өздерін кеңінен көрсетуге мүмкіндік бермеді, бұл тек Қазан төңкерісі карсаңында жүзеге асты. Бірінші шақырылған Мемлекеттік Думада қазақтар шағын ғана топ болды және олар империяның 1-парламентінің жұмысында қазақ халқының мүддесін қорғауға ұмтылғанымен, сол кездегі саяси жағдай оларды ондай мүмкіндіктен айырған еді. Бұл кезеңдегі Қазақ халқының мүддесін білдірушілер қатарында, негізінен Қазақстанмен көршілес қоныстанған аудандардың кейбір депутаттары, сондай-ақ, Қазақстанда тұратын орыс халқының жекелеген өкілдері де кездесті.

Ресей империясындағы аграрлық қатынасқа көзқарас туралы сол кездегі Ресейдің барлық саяси партиялары мен қозғалыстарының назарында болды. XX ғасырдың бас кезіндегі Ресейдегі жалпы саяси өрлеумен дағдарысты жағдаяттар кейбір тұста көзқарастар мен пікірлерге мүлде ымырасыз қараған әр түрлі күштерді саяси аренаға шығарды. Олар белгілі бір дәрежеде Қазақстанға да ықпалын тигізді. 17-қазанда Манифест пен Мемлекеттік Думаға сайлау туралы заңның жариялануы Қазақ зияларының қызметін де жандандыра түсті. Нәтижесінде қазақтардан Мемлекеттік Думаға: Торғай облысынан А. Бірімжан, Орал облысынан А. Қалменұлы, Семей облысынан Ә. Бөкейхан, Бөкей ордасынан Б. Құлман депутат болып сайланды. Ақмола облысынан сайланған Ш. Қосшығұлұлы орыс тілін білмейтіндігінен оны облыстық комиссия Думаға жібермеді. Бұл, әрине, жергілікті халықтың жай-күйімен санаспай адамзат құқын аяқасты ететін факторлардың бірі болатын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бірінші орыс революциясы
Бірінші орыс революциясының қазақ өлкесіндегі қоғамдық-саяси өмірге әсері және Қарқаралы петициясы
Бірінші орыс революциясының қазақ халқына тигізген ықпалы
Кавказдың қола дәуірі
Күрдістан және күрдтер мәселесі (хіх ғ. 90 ж.– 1917)
Қазақстан тәуелсіздікке барар жолда: даму фазалары мен ұлттық құрылыс идеялары
Сенат құрамына екі депутат сайланып енді
Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының құқықтық мәртебесі
АТҚАРУШЫ БИЛІК ОРГАНДАРЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасындағы атқаратын Парламенттің конституциялық құқықтық мәртебесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz