Медициналық құқық бұзушылықтардың объективтік белгілері
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
М.Өтемңсов атындағы Батыс Қазақстан Университеті
Тарих, Экономика және Құқық факультеті
Құқықтық пәндер кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар
6B04201 Құқықтану
Орындаған: Тыныштыбай А.С
Тексерген: Досжанов Қ.М.
Орал, 2021 ж.
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 12 тарауы Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар
1.1. Медициналық құқық бұзушылықтардың объективтік белгілері.
1.2. Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар субъектісі
2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары
2.1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлері
2.2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын үзарту, өзгерту және тоқтату
3. Халыққа медициналық қызмет көрсету саласындағы қатынастың мәні
3.1. Фармацептика бағытында қылмыстық құқық бұзушылық
3.2. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік қызметін тиісінше орындамауына байланысты қылмыстық жауаптылығы
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Қылмыстық құқық саласында өзекті құқыққа қайшы іс-әрекет ретінде, медицина қызметкерлері тарапынан жасалған қандай қылмыстық құқық бұзушылықтарды кәсіби құқық бұзушылықтарды жатқызуды анықтау мәселесі өзекті болып қалуда. Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңнамасы медицина қызметкерлері тарапынан жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жеке қылмыстық құқық бұзушылықтар тобына жатқызады. Медицина қызметкерлерінің қылмыстық жауаптылығының ерекшеліктері олардың субьектісінің ерекше мәртебесімен және кәсіби қызметінің әлеуметтік мәнімен анықталады. Отандық қылмыстық құқықтың доктринасына сәйкес, ҚК Ерекше бөлімінің баптарында субъектінің ерекше белгілері көзделсе арнаулы субъект болып танылады. Қылмыстық құқық бұзушылықтың арнаулы субъектісі болып, жалпы субъектінің қажетті белгісінен басқа (есі дұрыстық, белгілі бір жасқа толу), сияқты белгілерден басқа нақты қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін басқа тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа тарту мүмкіндігін шектейтін ерекше қосымша белгілерді де иеленуі қажет. Медицина қызметі саласында қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісінің белгілерін анықтауда анықтаушы фактор ретінде заңмен белгіленген медициналық көмек көрсетудің болуы танылады. Медицина қызметкерлері әлемдегі ең ізгілікті мамандық иелері бола отырып, Гиппократ антының негізінде азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі жүктелген ізгі міндеттерді мүлтіксіз орындауы тиіс. Бірақ біздің шынайы өмірімізде, медицина қызметкерлері өзінің кәсіби міндеттерін бұзатын көптеген фактілер орын алуда, ол өз кезегінде бұл саладағы қылмыстылықтың өршуіне алып келуде.
Қылмыстық істерді алдын ала тергеу және сот істерінде қарау тәжірибесі көптеген күрделі жағдайларға байланысты әрқашанда заңдылық талаптарына сәйкес келе бермейді. Медицина қызметкерлеріне қарсы қылмыстық істерді қозғауда, өздерінің кәсіби міндеттеріне қылмыстық-немқұрайдылықпен қарау немесе орындау нәтижесінде өлімге ұшыратуда, науқас адамдардың денсаулығына елеулі зиян келтіретін медицина персоналының ішінен өз ісіне адал қарамайтын тұлғаларды анықтауда дәрменсіздік танытуда.
Медицина қызметкерлерінің науқас адамдармен қатынасында туындайтын даулы жағдайларды дұрыс шешуде қылмыстық заң тарапы тұрғысынан бағалаудың күрделілігі, медициналық кәсіби міндеттері, құқықбұзушылығының ерекшелігі жөнінде терең түсінігі болмағандықтан сот-тергеу қызметкерлері көбінесе шарасыздыққа ұшырауда.
Қарастырылып жатқан мәселе медициналық проблемалар жайлы теория және іс тәжірибесінде туатын пікірталасқа байланысты монографиялық зерттеудің пәні болып танылады. Құқықтық мәселе тұрғысынан медицина саласындағы құқықбұзушылыққа тиісті баға бере отырып, бұл проблеманы шешудегі қиындықтар медицина сарапшылары тарапынан корпоративтік пиғылдың туындайтындығын айтпай кетуге болмайды.
Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі. Денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін ұзақмерзімді жаңғырту аясында біз елдің барлық аумағында медициналық қызметтер сапасының бірыңғай стандарттарын енгізуге, сондай-ақ медицина мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуын бірыңғайландыруға тиіспіз. Негізгі басымдықтар: Сапалы және қолжетімді медициналық қызметтер көрсетумен қамтамасыз ету. ..., - делінген
1.Қазіргі кезде халыққа медициналық қызмет көрсету саласында қылмыстық жауапкершілікке тартылу мәселесі мен медицина қызметкерлерінің жауапкершілігін қарастыратын Қылмыстық кодекстің нормаларын игеруге көп көңіл бөлінуде. Бұл Қазақстан Республикасының 2014 жылғы жаңа Қылмыстық кодексінде өз көрінісін тапты, алғаш рет ТМД-да Медициналық қылмыстық құқық бұзушылық туралы 317-323- ші баптардан тұратын арнайы 12-тарау бөлінді. Қылмыстарды өзара топтарға біріктіру үшін қылмыстың құрамындағы барлық элементтерден біртұтастылықты табу қажет. Бұл қарастырылып отырған қоғамға қауіпті іс-әрекет пен оның құқыққа қайшы қызметінің өзіндік субъектісі болып табылады. Қылмыстың құрамындағы аталған элементтердің біртұтастығы халыққа медициналық қызмет көрсету саласындағы қылмысты топтастыруға мүмкіндік береді. Қылмыстық кодекстің 12-тарауындағы баптардың диспозицияларында медицина немесе фармацевтика қызметкерлері: медицина немесе фармацевтика қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы (317- бап), клиникалық зерттеулер жүргiзудiң және профилактиканың, диагностиканың, емдеудiң және медициналық оңалтудың жаңа әдiстерi мен құралдарын қолданудың тәртiбiн бұзу (318- бап); заңсыз аборт жасау (319-бап), науқасқа көмек көрсетпеу (320-бап); дәрігерлік құпияны жария ету (321-бап), заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет және есірткі немесе психотроптық заттарды алуға құқық беретін рецептерді немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау (322-бап), бұрмаланған дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техниканың айналымы (323-бап) осы құқық бұзушылықтардың арнайы субъектісі ретінде қарастырылады [1]. Алайда медицина қызметкерлері басқа тұлғалармен бірдей жауапкершілікке тартылатын да құқық бұзушылықтар бар. Мұндай ісәрекеттерге төмендегілерді жатқызуға болады: денсаулыққа абайсызда зиян келтіру (114- бап), медицина қызметкерін лауазымды тұлға ретінде жұмысына немқұрайлылық танытты деп тапқан жағдайда (371-бап), пара алу (366-бап), есірткілік, психотропты немесе улы заттарды қолдану ережелерін бұзу (303-бап), гигиеналық нормативтерді немесе санитарлық тәртіп бұзу (304-бап), микробиологиялық немесе басқа да биологиялық агенттермен немесе уытты заттармен жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптарды бұзу (326-бап), сот - тергеу тәжірибесінде қызметтік жалғандық жасау ретінде сараланатын медициналық құжаттарды қолдан жасау (369-бап) және т.б. Біз медицина қызметкерінің кәсіптік немесе қызметтік міндеттерін бұзуын, қасақана немесе абайсызда жасалған құқыққа қайшы қоғамдық қауіпті іс-әрекетін немесе халықтың денсаулығын сақтау саласына және қарапайым халыққа, жеке тұлғаға айтарлықтай зиян келтіретін немесе зиян келтірген басқа тұлғамен сыбайлас болуын медициналық қылмыстық құқық бұзушылық деп түсінеміз. Мәселен, ТМД елдеріндегі қылмыстық заңнамаға жүргізілген шолу мынадай көрсеткіштер көрсетті: Ресей ҚК-де ҚР ҚК-де кездеспейтін басқа құрамдар бар: 233-бап (жалған рецептілер немесе есірткілік және психотроптық заттарды алуға құқық беретін құжаттарды қолдан жасау немесе заңсыз беру); 247-бап (экологиялық қауіпті заттар мен қалдықтарды пайдалану тәртібін бұзу); Қырғызстан ҚК-де: 115-бап (трансплантациялау оталарын жүргізу тәртібін бұзу) (Белоруссия ҚК-де 261-1 бап, Тәжікстан ҚКде 121-бап); 120-бап (ауруды емдеуді заңсыз тоқтату); 122-бап (заңсыз емшілік); 253-бап (Ресей ҚК 233-бабына ұқсас); Өзбекстан Республикасының ҚК-де: 133-бап (адам тінін немесе мүшесін алу); Литва Республикасы ҚК-де: 129-бап (науқастың дене мүшесін трансплантациялау мақсатында қасақана өлтіру); 134-бап (өзін-өзі өлтіруге жәрдемдесу); Эстония Республикасы ҚК-де: 9-тарауда - (адам эмбрионымен заңсыз айналысу; жүктілікті заңсыз тоқтату); Грузия ҚК-де - адамды өтініші бойынша өлтіру; Молдавия ҚК жобасында - 139-бап (заңсыз клондау); 144-бап (эвтаназия), 155 бап (трансплантациялауға мәжбүрлеу), 157-бап (хирургиялық стерилизацияны заңсыз жүргізу); 158-бап (эбрионды имплантациялауды немесе жасанды ұрықтандыруды заңсыз жүргізу); Әзірбайжан Республикасының ҚК-де - 135-бап (эвтаназия); 136-бап (эбрионды имплантациялау және жасанды ұрықтандыру, медициналық стериализациялау); 137-бап (трансплантациялау үшін алуға мәжбүрлеу және сату-сатып алу); 138-бап (биомедициналық зерттеулерді заңсыз жүргізу немесе тыйым салынған емдеу мен диагностикалаудың әдістерін және дәрі-дәрмектерді пайдалану) [2]. Украинаның ҚК-де ТМД елдерінің ешбірінің Қылмыстық Кодексінде кездеспейтін нормалары бар: 131-бап - кәсіби міндеттерінін атқармауы нәтежесінде тұлғаны ЖҚТБ немесе басқа да жазылмайтын инфекциялы ауруға шалдықтыру туралы; 132-бап - медициналық тексеру кезінде анықталған ЖҚТБ немесе басқа да жазылмайтын аурулар туралы мәліметті жария ету; 138-бап - емделушіге ауыр зардап келтіретін заңсыз медициналық қызмет туралы; 141-бап - емделуші құқығының бұзылуы туралы; 142-бап - адамға заңсыз сынақ жүргізу туралы; 143-бап - адам тінін немесе мүшесін трансплантациялауда бекітілген тіртіпті бұзу туралы, оның ішінде адам тінін немесе мүшесін заңсыз саудалау.
1.1. Бұл нормалардың барлығы өмірде болуы мүмкін, (осылардың кей біреулері медициналық ғылым мен тәжірибе жетістігін құқыққа қайшы қолдануда пайда болады, қалғандары - медициналық қызметкерлердің дәрігерлік ережелер мен медициналық этиканы бұзу себебі бойынша) олардың ең қауіпті айқындалғандары қылмыстық заңмен әділ реттелетін жағдайларға байланысты алынған. Қазіргі кезде дәрігерлік қызмет, бір жағы, негізгі әкімшілік нормативтік актілермен (дәрігерлік нұсқаулық пен бұйрықтар), екінші жағы, кәсіптік ережелермен қатаң реттеледі. Бұл нұсқаулықтар мен бұйрықтарда емдеу қызметіне не жататындығы нақты бекітілген, ауруды қандай әдіспен емдеу керектігі, қандай жағдайда ота (операция) жасау керектігі, қандай жағдайларда емделушінің келісімін алу керектігі, т.б. анық айқындалған. Аса қажеттілік, орынды тәуекел мен жәбірленушінің келісімі жөнінде қылмыстық құқық өндеген принциптер, осы уақытта дәрігерлік біліктілікке сәйкес дәрігерлердің кәсіби нұсқаулығында көрсетілген. Объект қылмыс құрамының негізгі элементтерінің бірі, сондықтан объект жоқ болса, қылмыстық құқық бұзушылық та жоқ. Қылмыстық заңда құқық бұзушылық деп қарастырылған кез-келген қоғамдық қауіпті ісәрекет белгілі бір объектіге тиесілі. Қылмыстық құқық бұзушылық объектісінің белгілері бойынша заң шығарушы қылмыстыққұқықтық нормаларды кодификациялау және жүйелендіру сияқты күрделі жұмысты жүргізеді. Адамдардың мүддесі, нақты игілігі содайақ қоғам мен мемлекеттің мүддесі көрсетілген кез-келген қоғамдық қарым-қатынас барлық қылмыстық құқық бұзушылық объектісі болып табылады. Бұл қарым-қатынастың субъектісі (қатысушысы) әрқашан да адам, сондықтан сөздің кең мағынасында, кез-келген қылмыстық әрекет сол немесе басқа да нақты адамдардың мүддесін бұзып, оларға елеулі зиян немесе сондай зиян тигізу қаупін келтіруі мүмкін. Мүдде дегеніміз - бұл қоғамдық қарымқатынас. Қарым-қатынассыз субъектілер мен олардың мүдделері арасында қоғамдық байланыс болмайды, болуы мүмкін де емес. Қоғамдық қарым-қатынас қоғамдағы адамдар арасында әр түрлі байланыстардың жиынтығын көрсетеді. Қылмыстық құқық-бұзушылықтың арнайы және тектік объектісі болып бұл жағдайда мүдделердің нақты бір тобы болуы мүмкін. Бұл жағдайлар Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің нақты баптарымен бекітілуі тиіс. ҚР 2014 жылғы жаңа ҚК-де олар 18 тарауды құрайды. Олардың ерекшеліктері сонымен қатар біртектес мүдделерді қанағаттандыруға бағытталған. Әлеуметтік маңызды, біркелкі ерекшелік яғни қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделер, жайғана емес, шын мәнінде бар және қоғаммен ұғынылған мүдделер мен айқындалған объективті өлшем негізде анықталуы тиіс. Қылмыстық кодексті одан әрі нақтылауда құқық бұзушылықтар туралы топ бөліктерін көреміз. Бұл үдерісті екі бағыт бойынша жүзеге асыруға болады: мүдде субъектісі бойынша, қорғалып отырған мүдденің мазмұны мен сипаты бойынша. Тектік объект Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің нормаларын жүйелеу үшін негіз болып табылады, ол құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіптілігі мен Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлім жүйесіндегі орнын анықтайды.
1.2. Қазақстан Республикасы Конститутциясының 1 - бабында ең қымбат қазына-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары, - деп жарияланған.
1)Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар субъектісі:
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 15 бабы негізінде қылмыстың субъектісі дегеніміз - белгілі бір жасқа толған есі-дұрыс адам. Қылмыстың субъектісі болып заңды тұлғалар танылмайды. Субъектісіз қылмыс та болмайды. Қылмыстың субьектісі жалпы және арнаулы болып екі түрге бөлінеді. Есі дұрыстық, заңда белгіленген белгілі жасқа толу және жеке адам болу сияқты белгілер қандай да болмасын қылмыстарға тән, ортақ белгілер. Бұл белгілер жалпы субъектінің түсінігін береді. Қылмыстың субъектісін дұрыс анықтау, тергеу сот органдарының тәжірибелік қызметінде үлкен маңызға ие. В.Н. Кудрявцевтің ойынша, кінәлінің жасы, бұрынғы соттылығының болуы және арнаулы субъект сияқты субъектінің бірқатар белгілері қылмысты саралау үшін ықпал етеді.
Медицина саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың субъектісі арнаулы субъект қатарында орын алады. Медицина қызметкерлерінің қылмыстық жауаптылығының ерекшеліктері олардың субьектісінің ерекше мәртебесімен және кәсіби қызметінің әлеуметтік мәнімен анықталады. Отандық қылмыстық құқық доктринасына сәйкес, ҚК Ерекше бөлімінің баптарында субъектінің ерекше белгілері көзделсе арнаулы субъект болып танылады. Қылмыстық құқық бұзушылықтың арнаулы субъектісі деп, жалпы субъектінің қажетті белгісінен басқа (есі дұрыстық, белгілі бір жасқа толу) сияқты белгілерден басқа нақты қылмыстық құқық бұзушылық жасаған үшін басқа тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа тарту мүмкіндігін шектейтін ерекше қосымша белгілер болуы қажет. Медицина қызметі саласында қылмыстық құқық бұзушылық субъектісінің белгілерін анықтау барысында анықтаушы фактор ретінде заңмен белгіленген медициналық көмек көрсету болуы тиіс.
В.С. Орловтың пікірінше, арнаулы субъекті деп ҚК-тің баптарының диспозициясында қосымша белгілері мен ерекшеліктері бар тұлғалар жатқызылады.
В.В. Устименконың пікірінше арнаулы субъекті деп арнайы және қосымша белгілері бар тұлғалар танылады.
Заңи әдебиетте қылмыстың арнаулы субъектісінің ұғымы мен белгілерінің анықтамасына байланысты бірыңғай көзқарас жоқ дей келе, Р.О. Орымбаев, тиісінше арнаулы субъект, субъектінің жалпы қажетті белгілерінен (есі дұрыстық, белгілі бір жасқа толу) басқа аталған қылмысты жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мүмкіндігін шектейтін ерекше, қосымша белгілерді иеленген тиісті адам танылады, - деді.
Қылмыстың арнаулы субъектісін топтастыруда әртүрлі көзқарастар бар. М.Н. Сыздықов арнаулы субъект белгілерін төрт топқа бөлді: азаматтық-құқықтық жағдайын сипаттайтын белгілер, демографиялық белгілер, лауазымдық жағдайын, атқаратын жұмысын және кәсібін сипаттайтын белгілер, бұрынғы әлеуметке қарсы іс-әрекетімен немесе қылмыстарды бірнеше рет жасауымен сипатталатын белгілер.
С.С. Молдабаев және С.М. Рахметов арнайы субъектінің келесідей белгілерін сипаттайды: субъектінің жәбірленушімен өзара қатынасын сипаттайтын белгілер, физиологиялық және демографиялық қасиетін сипаттайтын белгілер, құқықтық жағдайын немесе әлеуметтік рөлін сипаттайтын белгілер.
Арнаулы субъектінің осындай белгілерін көрсете отырып, аталған авторлар келесідей жіктеу береді: 1) құқықтық жағдайымен байланысты, 2) демографиялық факторымен байланысты,әлеуметке қарсы іс-әрекетімен байланысты.
2. Қылмыстық заң есі дүрыс емес күйде қоғамға қауіпті іс-әрекеттер жасаган неме- се мұндай ісәрекеттерді есі дүрыс күйде жасаган, бірақ сот үкімі шыққанға дейін не- месе жазасын өтеген кезде өз әрекеттері жөнінде өзіне есеп беру немесе өзі әрекетін баскару мүмкіндігінен айыратын психикалық аурумен ауырган, сондай-ақ дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуынан зардап шеккен адамдарга медициналык сипаттагы мәжбүрлеу шараларын қолдануды белгілейді. Көрсетілген адамдар жөніндегі медициналық сипаттагы мәжбүрлеу шараларын қолданганда сот олардың жаңадан когамға қауіпті іс-әрекеттерді жасаудан сақтандыруды, ондай азаматтардың жеке басын корғауды және дұрыс емдеуді жүзеге асыру мақсатын көздейді, психикалық ауруға душар болған адамдарга жаза тагайындау ізгілік және әлеуметтік әділеттілік принциптеріне қайшы келеді. Сондықтан да есі дұрыс емес адамдар қылмыстык кұкык бұзушылы істесе, олар қылмыстық жауаптылықтан босаты- лады. Қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді жасағаннан кейін есі ауысқан аурумен ауырған адам- дарга да жаза тағайындау тиімсіз болады. Өйткені мұндай адамдар өзіне-өзі есеп беру немесе өз әрекетін басқару мүмкіндігінен айыратын есі ауыскан аурумен ауыруына байланысты айналада болып жатқан құбылысты қабылдай алмайды, сондыктан да оган тағайындалған жаза өз мақсатына жетпейді. Егер мұндай адамдар дертінен айыкса, олар- ды қылмыстық құқык бұзушылық үшін жауапқа тартудың ескіру мерзімі өтпесе жэне қылмыстық қүқық бұзушылық үшін жауаптылықтан жэне жазадан босататын басқа да негіздер болмаса сот оларға жаза тағайындауы мүмкін. Қылмыстық қүқық бүзушылықтың маскүнемдікпен, нашакорлыкпен немесе уытқүмарлықгіен ауыратын адамдар жасаған ретте сот дәрігерлік комиссияның қоры- тындысы бойынша ондай адамдарға жазамен қатар еріксіз емдеу шараларын қолдана алады. Медипиналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тек сот арқылы мемлекепік шара ретінде тағайындалады. Мүндай шараны жаза деп санауға болмайды, өйткені мұнда жазаға тән белгі - түзеу белгісі жоқ. Керісінше, мұндай емдеу шараларын қолдану қүқық бүзушының мүддесіне сай келеді. Бұл шарт сот үкімімен емес, сот қаулысы бойынша тағайындалады. Сондықтан да мүндай шара тағайындалған адамдар сотталған адам қатарына жатқызылмайды, оған қолданылған шара оларды емдеуге, олардың тарапы- нан қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің қайталанбауына жасалған сақтандыру, олардың құқық қорғайтын мүддесін қорғау болып табылады. Сонымен медициналық сипаттағы мэжбүрлеу шаралары жазадан оны қолданудың негізі мен мақсаты, мазмүны жэне заңдылык зардабы бойынша ажыратылады. Медициналық сипаттағы шараларды қылмыстық қүқык бұзушылықтың маскүнем- дікпен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға колдану бары- сында да жазаның белгісі - түзеу элементі жоқ, сондықтан да мұндай шара жаза бо- лып саналмайды. Бірақ бұл шара қылмыстық құқық бұзушылықтың есі дұрыс күйде істеген адамдарға тағайындалған жазамен бірге оларды емдеу жэне жазаның көзделген мақсатына жету үшін тиісті жағдайлар жасау мақсатында тағайындалады. Медициналык сипаттағы шараларды қолдануда заңдылық, ізгілік, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау принциптері басты басшылыққа алынады. Медициналық сипаттағы шаралар қылмыстық немесе басқа арнаулы зандар негізінде қолданылады. Қылмыстык кодекстің 91-бабы медициналық сипаттағы мэжбүрлеу шара- ларын қолданудың негіздері жайына арналған: 1. Сот медициналық сипаттағы мэжбүрлеу шараларын: а) есі дұрыс емес жағдайда осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі баптарда көзделген іс- әрекеттерді жасаған; б) қылмыстык кұқық бұзушылық жасағаннан кейін психикасы жазаны тағайындау немесе орындау мүмкін емес болып бұзылған; в) қылмыстыққұқык бұзушылықжасаған жэне есінің дұрыстыгын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуынан зардап шегетін; г) қылмыстық кұқық бұзушылық жасаған жэне алкоголизмнен немесе нашақорлыктан не уытқұмарлықтан емдеуге мұқтаж деп танылған адамдарға тагайындауы мүмкін; Осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдарга медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары психикасының бұзылуы бүл адамдардың өзге елеулі зиян келтіру мүмкіндігіне не өзіне немесе басқа адамдарға қауіп төндіруіне байланысты жагдайларға гана тагайындалады. 3. Медициналық сипаттагы мәжбүрлеу шараларын орындаудың тэртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексімен жэне денсаулык сақтау саласындағы заңнамасында айқындалады. 4. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген және өзінің психикалықжағдайы бойын- ша кауіп келтірмейтін адамдар жөнінде сот бүл адамдарды емдеу немесе оларды психо- неврологиялық ұйымдарға жіберу туралы мәселені шешу үшін денсаулык сактау орган- дарына қажетті материалдар жібере алады.
2.1. Медициналык сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлері оны тағайындаудың, өзгертудің жэне тоқтатудың тэртібі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 93- бабында белгіленген. Занда медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының төрт түрі көрсетілген: а) емханалык мәжбүрлеп кадағалау жэне психиатрда емделу; б) жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу; в) мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мэжбүрлеп емдеу; г) интенсивті қадағаланатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационар- да мәжбүрлеп емдеу түрлерін тағайындауы мүмкін. Есі дұрыс күйінде жасалған қылмыстық кұқық бұзушылық үшін сотталған, бірақ ал- коголизмнен, нашақорлықтан (уытқұмарлықтан) емдеуді не психикасының дұрыстыгын жоққа шығармайтындай бұзылуынан емдеуді кажет ететін адамдарға сот жазамен бірге емханалық мәжбүрлеп қадагалау жэне психиатрда емдеу түрінде медициналык сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкін. Осы көрсетілген мэжбүрлеу шаралары ауруларды емдеумен бірге, оларды қоғамнан оқшаулап, медицина мекемелері арқылы мұндай адамдардың денсаулығы мен мінез- құлқына өте мұкият түрде бақылау жасау арқылы жүзеге асырылады. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлерін бөлудің негізгі бел- гілеріне істелген іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігі жэне сот-психиатриялык сарапшының қорытындысымен анықталған ауру адамның психикалық күйі болып табылады. Қылмыстық кодексте соттың медициналық сипаттагы мәжбүрлеу шараларының түрін белгілеуде қандай жағдайларды еске алуы қажетілігі көрсетілген.Алкоголизм, нашақорлык пен уытқұмарлық дертіне шалдыкқан адамдарға қылмыстық құқық бұзушылық жасауына баиланысты қолданылатын медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану (91-бап, І-бөлігі, 4 тармағы). Есі дұрыс емес адамдарға қолданатын медициналық сипаттағы мэжбүрлеу шараларына қарағанда қылмыстық жа- замен бірге емес, онымен қатар тағайындалады жэне оның басқа түрлері болады. Алкоголизммен, нашақорлықпен, уытқұмарлыкпен ауыратын адамдарга қылмыстық құкық бұзушылық істеген ретте медициналық сипаттагы еріксіз шараны қолданудың не- гізгі мақсагы, мұндай аурумен зардап шегетіндерді емдеп, осындай күйде олардың тагы да қылмыстық кұқық бұзушылық істеуіне жол бермеу болып табылады. Қылмыстық заң алкоголизм, нашақорлық немесе уытқұмарлыкпен қылмыстық құқық бұзушылық істегендердің бэріне де медициналық сипаттагы еріксіз шараны қолдануды талап етпейді. Алкоголизм, нашақорлық пен уытқұмарлық дертіне шалдыққан қылмыстық құкық бұзушылық істеген адамга қылмысы үшін тағайындалатын жазамен бірге медициналық сипаттағы мэжбүрлеу шараларын қолданудың басты шарты осы дертке шалдыққан ау- руларды еріксіз емдеуге жіберу қажет деген медициналық қорытындының жэне мұндай емдеу, емделетін адамның денсаулығына зияны жоқ деген тұжырым бар болғанда ғана колданылады. Бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаға сотталған жоғарыда аталған адамдар арнаулы емдеу және емдеу режимін сақтай отырып, медицина мекемелерінде еріксіз емделуі тиіс. Мұндай адамдар бас бостандығынан айыруға сотталған ретте олар жазасын өтеп жүрген кезде еріксіз емделуге тиіс, ал бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін, осындай емдеуді ұзарту кажет болған ретте арнаулы емдеу және емдеу режимі бар медицина мекемелерінде еріксіз емделуге тиіс. Алкоголизммен,нашақорлықпен уытқұмарлық дертіне шалдыққандарга медициналык сипаттагы еріксіз емдеу шаралары сот үкімі бойынша тағайындалады жэне мұндай ретте емдеудің мерзімі жэне оның накты түрі көрсетілмейді. Еріксіз емдеуді токтату сол адам емделіп жаткан емдеу мекемесінің ұсынысы бойын- ша сот арқылы жасалады. Спирт ішімдіктерін, нашақорлық немесе уытқұмарлық заттарын қасақана пайдалана- тын және оның салдарынан өз отбасын ауыр материалдык жағдайда қалдыратын адамдар қылмыс жасаган ретте сот оған жасаған қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза қолданумен бірге оның отбасының, еңбек ұйымының және өзге қоғамдык ұйымның, прокурордың, қорғаншылық пен қамқоршылык органының немесе емдеу мекемесінің өтініші бойынша оны әрекет қабілеті шектелген деп тануга құқылы. Сот үкімінің негізінде мұндай адамға қорғаншылық белгіленеді. Осы айтылған мәселелердің барлығы Қазақстан Республикасы Жогаргы Сотының Медициналык сипаттагы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі сот тәжірибесі ту- ралы 1999 жылғы 9 шілдедегі № 8 қаулысында сараланган' Қылмыс істеуге байланысты емес жағдайда алкоголизмге, нашақорлык пен уытқұмарлық дертіне шалдыққан ауруларды еріксіз емдеу шаралары Қазақстан Респуб- ликасы Президентінің 1995 жылғы 7 сәуірдегі заң күші бар Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады. Қылмыстық құқық бұзушылық істеген адамдарга қарағанда қылмыстык құқық бұзушылық істемеген адамдарды көрсетілген дерттен емдеудің негізі, мерзімі, жағдайы, емдеуді ұйымдастыру тэртібі біркелкі емес, өзара айырмашылықтары бар.
2.2. Медициналық сипаттағы мэжбүрлеу шараларын қолданудың негізі Қылмыстық кодекстің 88бабында тұжырымдалған. Медициналық сипаттағы мэжбүрлеу шараларын ұзарту, өзгерту және тоқтату Қылмыстық кодекстің 96-бабында көрсетілген, осы заң та- лабына сәйкес: 1. Медициналық сипаттагы мәжбүрлеу шараларын ұзартуды, өзгертуді жэне тоқтатуды психиатр-дәрігерлер комиссиясының қорытындысы негізінде мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыратын мекеме әкімшілігінің ұсынуы бойынша сот белгілейді. 2. Медициналык сипаттағы мэжбүрлеу шарасы белгіленген адам сотка осындай ша- раны тоқтату туралы немесе өзгерту туралы ұсыныс енгізу үшін негіздердің бар екені жөніндегі мәселені шешу үшін кемінде алты айда бір рет психиатр-дәрігерлер комиссия- сында куэландырылып отыруға тиіс. Медициналық сипаттағы мэжбүрлеу шарасын қолдануды тоқтату немесе өзгерту үшін негіздер болмаган кезде мэжбүрлеп емдеуді жүзеге асыратын мекеменің экімшілігі мәжбүрлеп емдеуді ұзарту үшін сотқа қорытынды береді. Мәжбүрлеп емдеуді бірін- ші ұзарту емдеу басталған кезден бастап алты ай өткеннен кейін жүргізілуі мүмкін, мәжбүрлеп емдеуді одан кейін ұзарту жыл сайын жүргізіледі. 3. Медициналық сипаттағы мэжбүрлеу шарасын өзгертуді немесе токтатуды адамныңпсихикалық жай-күйі өзгеріп, бұрын тағайындалған шараны қолдану қажет болмай қалған немесе медициналық сипаттағы өзге мэжбүрлеу шарасын тағайындау қажет болған жағдайда сот жүзеге асырады. 4. Психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеуді қолдану тоқтатылған жағдайда сот мэжбүрлеп емдеуде болған адам жөнінде қажетті материалдарды оны емдеу неме- се психиатриялық-неврологиялық мекемеге жіберу туралы мәселені денсаулық сақтау туралы заңдарда көзделген тәртіппен шешу үшін денсаулық сақтау органдарына беруі мүмкін.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылғаннан кейін жаза тағайындау
1. Қылмыс жасаганнан кейін немесе жазасын өтеу кезінде өз іс-әрекеті үшін өзіне есеп беру немесе оларға ие болу мүмкіндігінен айыратын психикалық аурумен науқастанған адамға, егер ескіру мерзімі өтпесе немесе оны қылмыстык жауаптылық пен жазадан босатуға негіз болмаса, ол сауыққаннан кейін сот жаза қолдана алады. 2. Психикасы қылмыс жасағаннан кейін бұзылған адам емделген жағдайда жаза тағайындау немесе оны жаңарту кезінде адамға психиатриялық стационарда мэжбүрлеп емдеу қолданылған уақыт психиатриялық стационарда болған бір күні бас бостандығынан айырудың бір күні есебімен жазалау мерзіміне есептеледі.
Жазаны орындаумен біріктірілген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары
1. Осы Кодекстің 91-бабы 1-бөлігінің 3) тармағында көзделген жағдайларда медициналык сипаттағы мэжбүрлеу шарасы - бас бостандығынан айыру орнында, ал сотталған адам жөніндегі өзге де жаза түрлері денсаулық сақтау органдарының емханалық психиатриялық көмек көрсететін мекемелерінде орындалады. 2. Осы Кодекстің 91-бабы бірінші бөлігінің 4) тармағында көзделген жағдайда, медициналык сипаттағы мәжбүрлеу шаралары - бас бостандығынан айыруды өтеу ор- нында, ал өзге де жаза түрлеріне сотталғандарға қатысты денсаулык сақтау ұйымдарында орындалады. 3. Сотталған адамның стационарлық емдеуді талап ететін психиатриялык жай-күйі өзгерген кезде сотталған адамды психиатриялық стационарға немесе өзге де емдеу ме- кемесіне орналастыру Қазакстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында көзделген тэртіп пен негіздер бойынша жүргізіледі. 4. Аталган мекемелерде болған уакыт жазаны өтеу мерзіміне есептеледі. Сотталған адамның аталған мекемелерде одан әрі емделуі қажет болмай қалған кезде көшірме Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындагы заңнамасында көзделген тэртіппен жасалады. 5. Жазаны орындауға қосылған медициналық сипаттағы мэжбүрлеу шарасының қолданылуын тоқтатуды жазаны орындаушы органның ұсынуы бойынша психиатр- дәрігерлер комиссиясының қорытындысы негізінде сот жүргізеді
3. Халыққа медициналық қызмет көрсету саласындағы қатынастың мәні қоғамдық қатнас, мүдде, немесе игілік ұғымының жалпы теоретикалық зерттеулерді қолдану негізінде ашылады. Мұндай зерттемелерді Е.И. Қайыржанов, Н.И. Коржанский , В.Н. Кудрявцев, А.В. Наумов, Б.Г. Никифоров, Е.А.Фролов және т.б. белгілі заңгерлер мен В.Н. Винокуров, Н.В. Генрих , Г.П.Новоселов сынды жас зерттеушілердің жұмыстарынан көруге болады. Тектік объект пен қатар шағын топтық (түрлік) объект бөлінеді, яғни, тектік қатынас топтарының ішінен біртұтас кешенді қылмыстық - құқықтық қорғауға тұрарлық, аса шағын қатынас топтарын ажыратуға болады. Халықтың денсаулығы мен қоғамдық құлықтылық, алдағы уақытта дербес әлеуметтік құндылық болып саяси, экономикалық, құқықтық, медициналық және өзге сипатта қорғалады. Халық денсаулығы қарастырып отырған топтағы қылмыстардың түрлік объектісі ретінде - бұл мемлекет аумағында орналасқан барлық адамдардың өміріне қауіпсіз жағдайды қамтамасыз ететін қоғамдық қарым-қатынастың жиынтығы. Мұнда Адам тіні мен психикасы қатынасқа жатпайды және қылмыстың зат болып табылады дегенді ескеру қажет [13]. Тікелей объектіге келер болсақ, ол нақты ісәрекет (әрекетсіздік) әсерінен кімнің және қандай мүдденің бұзылғандығы арқылы бекітіледі. Тікелей объект Қылмыстық Кодекс нормасында анықталған құқық бұзушылық объектісі үшін емес, құқық бұзушылықтың әр бір жеке құрамын анықтау үшін алдын-ала тергеу және сот тергеуі барысында бекітіледі. Қылмыстық құқық теориясында негізгі, қосымша және факультативті объектілері қарастырылатыны белгілі. Алайда басқа да пікірлер бар. Біз оларға тоқталмаймыз, себебі бізге көпшілікке танылған пікірлер қолайлырақ. Мұндай қылмыстардың тектік объектісі - қоғамдық қатынаста бар, қатысушы (субъект), биологиялық индивид (homo sapiens) ретінде ғана емес, әлеуметтік жеке тұлға ретінде қарастырылатын жеке адам болып табылады. Денсаулық сақтау қызметкерлерінің қызметін талдау олардың кәсіби құқықық бұзушылықтары медициналық қызмет көрсету кезінде ғана болуы мүмкін екендігін көрсетті. Сондықтан, халықтың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ететін денсаулық сақтау мекемелерінің тиісті қызметіндегі нақты қатынас қана объект бола алады. Демек, біліктілік қағидалары сақталғанда ғана медициналық көмек көрсету бойынша, денсаулық сақтау мекемелерінде тиімді қызмет атқаруы мен азаматтардың денсаулық сақтаудағы құқығының бұзылмауы қамтамасыз етіледі. Шет елдердің медицина саласына қатысты қолсұғушылық әрекеті үшін жауаптылықты қарастыратын қылмыстық заңнама нормаларын талдауда, ТМД елдерінің бұл мәселеге жеткілікті назар аударып отырғандығын көрсетті. Осыған орай, С. Гринчак, Г. Чеботарева сияқты украиналық, М.И. Галюкова, Н.Е. Крылов, С.Растопоров және т.б. ресейлік, молдавиялық ғалым В.Флоря және т.б. авторлардың еңбектерін айта өткен жөн. Жеке тұлғаны қорғау кешенді сипатқа ие болуы қажет. Бұл заңнамада жеке тұлғаның биологиялық және әлеуметтік элементтерін қорғау бірқатар ретке келтірілген. Ең төмен дәрежеде психика қорғалған. Психикалық көмек көрсетуге мемлекет кепіл береді, ол азамат пен адам құқықтарын сақтау және ізгілік, заңдылық қағидалары негізінде жүзеге асырылады. Заң шығарушы Қазақстан Республикасы ҚК 127-бабын Психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру ерекше бөлімнің бірінші тарауына енгізе отырып, психиатриялық ауруханаға заңсыз жатқызуды бас бостандығынан айырудың ерекше жағдайы ретінде қарастырады. Қазіргі талаптарда өзге жағдайлар туындауда, бұл жерде қылмыстық - құқықтық қатнастың субъектісі болып психиатриялық көмек көрсетудің белгіленген ережесін бұзған медициналық қызметкер танылуда. Біз талдаған қылмыс құрылымында медициналық құжаттарды қолдан жасау белгіленген орынды иеленуде. Бұл қоғамдық қауіпті іс-әрекеттің тектік объектісі оны лауазымды немесе лауазымды емес тұлға, жасағанына байланысты ажыратылады. Егер ол лауазымдық қылмыс деп танылса, онда медициналық құжаттарды қолдан жасаудың тектік объектісі лауазымдық қылмыс объектісі болып табылады (369-бап). Медициналық қызметкер лауазымды тұлға емес деп танылған жағдайда, бұл қоғамдық қауіпті іс-әрекеттің тектік объектісі басқару тәртібіне қарсы қылмыстың объектісі болады (385-бап). Медициналық көмек көрсету кезінде кәсіби міндетін атқарып жатқан дәрігер лауазымды тұлға болып есептелмейді, сондықтан да құжатты жалған жасағанда лауазымдық қылмыс объектісіне қолсұға алмайды. Сырқат тарихы, донорды есепке алу картасы, аурухана тіркелімі сияқты және т.б. құжаттарды қолдан жасау халыққа қызмет көрсетуде медициналық мекеменің қызметіне айтарлықтай залал келтірмейді, алайда, қылмыс жасаушының ісәрекетінде қылмыс құрамының барлық белгілері көрінеді. Медициналық құжаттарды қолдан жасау объектісі осындай құжаттарды рәсімдеу және беру кезінде медицина қызметкерін лауазымды тұлға немесе лауазымды тұлға емес екенін дәлелденуіне байланысты анықталады. Жалған құжаттарды қолдан жасаудың тікелей объектісіне халыққа медициналық қызмет көрсетудегі медицина қызметкерлерінің кәсіби және қызметтік міндеттерін орындауы бойынша денсаулық сақтау мекемелері мен ұйымдарында осындай құжаттарды жүргізудің белгіленген тәртібі жатады.
Медицина қызметкері жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағы, -- бұл, қылмыстық заңмен қорғалатын объектіге қауіпті қол сұғушылық мінез-құлқының сыртқы көрінісі болып табылады. Теріс ой мен ниет үшін жауапкершілік қарастырылмайды, қылмыстық жауапкершілікке тартылу үшін медициналық қызметкер қылмыстық құқық бұзушылық жасауы қажет. Осы қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының үш негізгі белгілері бар, iсәрекет (немесе әрекетсiздiк), қылмыстық зардап және олардың арасындағы себепті байланыс. Медицина қызметкері жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағы тек ісәрекет түрінде (заңсыз түсік жасау, құжаттарды қолдан істеу ж.т.б.) немесе әрекетсіздік түрінде (науқасқа көмек көрсетпеу ж.т.б.) жасалуы мүмкін. Зардаптың саралануынан тәуелсіз, қылмыстық зардаптың орын алуын міндет етпейтін құрамдар бар. Бұл жерде қылмыстық ісәрекеттің болуы маңызды. Себепті байланыс - бұл субъектінің еркі мен санасына тәуелді емес, объективтік санат болып табылады. Себепті байланыс пен кінә - қылмыстық жауапкершіліктің қажетті алғышарттары. Бір құбылыстың екі жақты бірлігі болып табылатын бұл екі ұғым оларды бірдей етпейді, алайда, олар бір-бірімен ішкі тығыз байланыста болады. Себебті байланыс пен кінә арасындағы қатынас, адамның психикалық жай-күйiнен туындайтын қоғамға қауіпты әрекет негізінде орнатылады. Я.М. Брайнин өз пікірінде былай деп көрсетеді, себебті байланыстың барлық үш элементінен қылмыстық -құқықтық маңыздылықты, зиянды зардап тудырған адам әрекеті иемденуі мүмкін. Адам әрекетінде кінә болмасада келтірілген зардап онымен себепті байланыста болуы мүмкін, мәселен қажетті қорғануда. Мысал ретінде мынадай жағдайды көрсетсек, операциядан киін перитонит болған науқасқа сәйкес келмейтін 100,0 мл. қан тобы құйылған болатын, нәтижесінде емделуші қазаға ұшырап, марқұм болған науқастың туыстары сәйкес келмейтін қан тобын құйған дәрігерді қылмыстық жауаптылыққа тартуды талап етті. Қылмыстық - құқықтық норма диспозициясы қоғамға қауіпті зардаптың болуын қарастыру кезінде, себепсалдары байланысын анықтау қажет. Алайда, өлім перитонит негізінде болды, сондықтан қан құю мен науқастың қазаға ұшырауы арасындағы тікелей себепті байланысты сот және тергеу органдары анықтай алмады, осыған байланысты сәйкес келмейтін қан құйған дәрігерге қатысты қылмстық іс тоқтатылған. Мәселен, ҚР жаңа Қылмыстық Кодексінің 12-тарауында орын алған медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтардың ішінде жие кездесетін Медицина немесе фармацевтика қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін орындамауы 317-бап құрамының объективті белгілерін жеке қарастыра кетсек. Бұл іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілігі денсаулық пен өмірге содай-ақ өлімге дейін қауп тудыратын сырқаттануына байланысты денсаулық халі нашарлаған жағдайда тиісті ем алу үшін медициналық кәсіби көмек алудағы азаматтың конституциялық құқығының бұзылуы. Азаматтардың денсаулығын сақтау, сонымен қатар адам өміріне байланысты туындаған қоғамдық қатынас осы қылмыстың объектісі болып табылады.
Денсаулық ұғымына заңнамада мынадай анықтама беріледі: Денсаулық - аурулар мен дене кемістіктерінің болмауы ғана емес, тұтастай мәні, рухани (психикалық) және әлеуметтік салауаттылық жағдайы. Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндетін жауапсыз орындау немесе оларға салғырт қарау сонымен қатар медициналық көмек көрсетудің ережесі мен стандарттарын сақтамауы салдарынан адам денсаулығына орташа ауыр зиян келтіруге әкеп соқса, бұл қылмыстың объективтік жағын құрайды. Мұндай іс-әрекетті медициналық көмектің тиісті емес сапасы ұғымымен байланыстырған жөн, яғни бұл көрсетілген медициналық көмек, науқастың жеке ерекшеліктерін ескере отырып осы түрдегі патологияның қажетті денгейі мен көлемінің сондай-ақ нақты медициналық мекеме мүмкіндігінің жалпы жұрт таныған заманауи көрінісіне сай келмеуі. Қылмыстық мінез құлық әрекетсіздік (өз міндетін орындамау) түрінде, сонымен қатар белсенді әрекет (өз міндетін тиісті емес түрде орындау) түрінде де көрінуі мүмкін. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz