Алматы облысы, Медеу ауданында алманы өсіру технологиясы және зиянкестерімен ауруларына кешенді химиялық қорғау жүйелерін пайдалану



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Ауыл Шаруашылық Министрлігі
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Өсімдік қорғау және карантин кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Алматы облысы, Медеу ауданында алманы өсіру технологиясы және зиянкестерімен ауруларына кешенді химиялық қорғау жүйелерін пайдалану

Орындаған:
Қабылдаған:

Алматы 2018ж
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1-Тарау. Алматы облысының табиғи климаттық жағдайына сипаттама
2-Тарау. Алма дақылына сипаттама, өсіру технологиясы
3-Тарау.Қорғауға алынған дақылдың басты зиянкестері, аурулары, және арамшөптерінің биологияс, морфологиясы және таралу аймақтарына, зияндылығына талдау жүргізу.
4-Тарау. Cәбіздің зиянкестері мен ауруларына кешенді химиялық қорғау жүйелерін пайдалану
5- Тарау. Пестицидпен жұмыс істегенде жеке басты қорғау және еңбек
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Қазіргі кезде Қазақстан үкіметінің халықтық әл - ауқатын жақсартудағы негізгі міндеттерінің бірі тұрғындарды сапалы тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету болып табылады. Бұл міндетті іске асыруға өсімдік шаруашылығының барлық салалары атсалысуы тиіс.
Зиянкестер мен аурулардың келтіретін шығындары біздің елде аз емес. Зиянкестер мен аурулар өндірілетін өнімнің 25 - 30% жоюда. Сонымен қатар, жиналып алынған өнімді қоймада сақтау кезінде зиянды организмдердің оған келтіретін шығыны кей кездерде 60 - 70% - ға жетеді.
Ғалымдардың зертеулері бойынша ауылшаруашылық дақылдарының негізгі зиянды түрлерінің көпшілігімен күресуге арналған шаралар жүйесі жете зерттеліп, қазіргі кезде өндіріске енгізілуде. Реформалық кезеңде кенжелеп қалған өсімдік қорғау саласы қайтадан жақсаруда.
Республикада ауылшаруашылық дақылдары мен жайылымдарға көпқоректі зиянкестердің 50 - ге жуық және маманданған зиянкестердің 100 - ден аса түрі, аурулардың 70 - тен аса түрі және арамшөптердің 120 түрі зиян келтіреді. Зиянды организмдер астық қорын және оның өңдеу өнімдерін де зақымдайды.
Қазақстанның түрлі аймақтарында ауылшаруашылық дақылдары көптеген аурулар мен зиянкестер зардабына шалдығып, өсімдік физиологиясы қалыптан ауытқып, олардан алынатын өнім шығымы мен сапасы төмендеп, шаруашылыққа едәуір зиянын тигізеді.
Зиянды организмдерден ауылшаруашылық дақылдарын қорғау жоғарғы сапалы, тұрақты өнім өндірудің кепілі болып табылады. Ал күресу шараларын дұрыс ұйымдастыру үшін зиянды организмдердің биоэколлгиялық ерекшеліктері, таралу ареалы, зияндылығы ескеріледі.
1-Тарау. Алматы облысының табиғи климаттық жағдайына сипаттама
Алматы облысы -- Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 224,0 мың км2.
Облыс аумағында 16 аудан және 3 облыстық бағыныстағы қала (Қапшағай, Талдықорған, Текелі) бар. Тұрғыны 1631,7 мың адам (1998). Әкімшілік орталығы -- Талдықорған қаласы. Алматы облысы батысында Жамбыл, солтүстігінде Балқаш көлі арқылы Қарағанды, солтүстік-шығысында Шығыс Қазақстан облыстарымен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғызстан Республикасымен шектеседі.
Алматы облысының жері ежелден Сақ, Үйсін, Қаңлы тайпаларының, Ұлы жүз қазақтарының атамекені болды. 19 ғ-дың ортасында Жетісуды патшалық Ресей жаулап алды. 1848 ж. 10 қаңтарда отаршылық-әкімшілік құрылым -- Ұлы Орда приставтығы құрылды. Ол 1856 ж. Алатау округі аталды. 1867 ж. Түркістан генерал-губернаторлығы құрылғанда қазіргі Алматы облысының бірталай бөлігі Верный уезі атанып, Жетісу облысының құрамына кірді. Сонымен қатар орталығы Верный (Алматы) бекінісі болып белгіленген жаңа облысқа Жаркент, Қапал, Сергиополь, Тоқмақ, Ыстықкөл уездері енді. 1882 -- 97 жылдары Жетісу облысы Дала генерал-губернаторлығына қарады. 1897 ж. бастап ол Түркістан генерал-губернаторлығының, 1918 -- 24 жылдары Түркістан АКСР-і құрамында болып келді. 1924 ж. Орта Азияда жүргізілген ұлттық-территориялық межелеу нәтижесінде Жетісу облысының қазақ аудандары Қазақ АКСР-іне енді. 1929 -- 32 жылдары Алматы округі аталды. 1932 жылдың 10 наурызында Алматы облысы болып қайта құрылды. 1944 ж. 16 наурызда Алматы облысынан Талдықорған облысы бөлініп шықты. Талдықорған облысы 1959 -- 67 жылдары Алматы облысы құрамында болып, 1967 ж. 23 желтоқсанда қайта бөлінді. 1997 ж. 22 сәуірде Талдықорған облысы таратылып, оның аудандары Алматы облысына қосылды.
Табиғаты
Облыстың табиғаты мен жер бедері ала-құла. Балқаш және Алакөлге ұласатын солтүстігі көлбеуленген құмды жазық алқап. Бұл өңір негізінен антропогеннің аллювийлік және эолдық шөгінділерінен түзілген. Оның басым бөлігін Сарыесікатыраудың, Тауқұмның, Лөкқұмның, Қарақұмның, Қорғанқұмның қырқалы және төбешікті құмды алқаптары алып жатыр. Балқаш маңы жазығының Іле аңғары өтетін атыраулық бөлігі көне құрғақ арналармен тілімделген. Солтүстік шығыста Жетісу Алатауы мен Барлық тауының аралығында Жетісу (Жоңғар) қақпасы орналасқан. Облыстың шығысын Жетісу Алатауының сілемдері толығымен қамтыған. Олар тауаралық ойпаңдар мен қазаншұңқырлар арқылы бөлінген. Осы тұста Жетісу Алатауының ең биік тауы -- Бесбақан (4442 м) орналасқан. Тау сілемдерінде 1300-ден астам мұздық бар, олардың жалпы ауданы 1,0 мың км2-ге жуық. Жетісу Алатауының кейбір сілемдері (Қолдытау, Алтынемел, Малайсары, Тышқантау, Текелі, Сайқан т.б.) өзен маңындағы жазық өңірлерге сұғына еніп жатыр. Облыстың оңт. және оңтүстік-шығысы Іле, Күнгей, Теріскей Алатаулары, Кетпен (Ұзынқара) жотасы және Солтүстік Тянь-Шань сілемдерінің т.б. жоталарынан құралған. Жетісу Алатауы мен Іле, Күнгей Алатаулары және Кетпен таулары аралығында Іле ойысы (аңғары) жатыр. Алматы облысының оңтүстік-батысын және батысын Шу, Іле таулы үстірттері мен далалары қамтыған (Жусандала, Бозой, Қараой үстірттері).
Геологиясы
Облыстағы таулар Тянь-Шань тау жүйесінен бой түзеген және кембрийге дейінгі кристалды тақта-тасты тау жыныстары қабаттарынан түзілген. Сондай-ақ мұнда конгломераттар, туфтар, әктастар, граниттер т.б. палеозой жыныстары кеңінен тараған. Тау етегі және облыстың биіктігі орташа өңірлері плейстоцен мен антропогендік шөгінділерден түзілген. Облыстағы таулардың алғашқы қалыптаса бастау кезеңі герцин қатпарлығымен тығыз байланысты. Одан кейінгі кезеңдерде бұл таулар бірте-бірте мүжіліп, адырлы жазық (пенеплен) қалыптасқан. Плейстоцен кезеңінің басында, альпілік орогенез кезінде пенепленге айналған өңір тектоник. процестер нәтижесінде кәдімгі тауларды түзген. Мұнда осы кезге дейін тектоникалық процестер жалғасуда. Оқтын-оқтын болатын жер сілкінулер -- соның айқын дәлелі. Кен байлықтарынан облыс қойнауында полиметалл (Текелі), вольфрам (Бұғыты), молибден кентасының едәуір қоры, фарфор тастары (Қапшағай), барит, бентонит сазы (Ақсу, Алакөл аудандары), отқа төзімді балшық, кварц құмы, гипс, тас және қоңыр көмір (Ойқарағай, Тышқанбай), шымтезек, тұз кен орындары және минералды жерасты сулары бар.
Климаты
Алматы облысының климаты негізінен континенттік. Қысы қоңыржай салқын. Қаңтар айындағы орташа температура солт. жазық бөлігінде -- 10-16°С, оңтүстікте -- 4-9°С. Жазы ыстық және қуаң. Шілде айының орташа температурасы солтүстігінде 25°С, оңтүстігінде 27°С. Бұл жазық өңірлерде жауын-шашынның орташа жылдық мөлш. 110-250 мм. Тау бөктерінің климаттық жағдайы жұмсақ. Қаңтар айының орташа температурасы -- 5-9°С, жылымық жиі болып тұрады. Шілде айының орташа температурасы тау бөктерінде 21-23°С, тау аңғарларында 19-22°С. Жауын-шашын тау бөктерінде 400-600 мм, тау аңғарларында 700-1000 мм. Облыс жерінде жауын-шашын негізінен көктем мен жаз айының басында жауады. Солт. өңірдің жазығы мен тау бөктерлерінде қар жамылғысының орташа қалыңд. 10-30 см, тау беткейлерінде 40-100 см. Балқаш және Алакөл жағалауларында бриз желі соғады.
Гидрографиясы
Өзендері Балқаш -- Алакөл тұйық алабында жатыр және жер беті ағын суына тапшы келеді. Олар қар, мұздық суларымен толысады. Ірі өзендері: Іле, Қаратал, Ақсу, Шелек, Шарын, Лепсі, Тентек, Жаманты, Ырғайты, Шілікті, Түрген, Есік, Бүйен. Ірі көлдері: Балқаш, Алакөл, Жалаңашкөл, Сасықкөл, (Ұялы) Қошқаркөл. Іле өзен бойында Қапшағай бөгені және СЭС-сі салынған. Тау бөктерлерінде минералды бұлақ сулары көптеп кездеседі.
Топырағы мен өсімдік дүниесі
Облыстың топырақ және өсімдік жамылғылары вертикаль белдемдікке байланысты қалыптасқан. Жазық бөлігінде шөлдің де, даланың да қоңыр топырағы тараған. Онда жусан, өлеңшөп, жүзгін, сораң, сексеуіл, көктемде эфемер өсімдіктер басым тараған. Балқаш, Алакөл к-дерінің батпақты жағалауында, Іле өз-нің аңғары мен атырауында қамыс, құрақ өседі. Тау етегінде сұр және боз, қызыл қоңыр, тау беткейлері мен таулы үстірттерде таулы даланың қызыл қоңыр және қара топырақтары қалыптасқан. Мұндай жерлерде (биікт. 600-1300 м) астық тұқымдас өсімдіктері басым жусанды, бетегелі-боз далаға ауысады. Таулы бөлігінің бұдан жоғары жағында көктерек, қайың, алма ағашы, ал одан да жоғарырақта Тянь-Шань шыршасы, кейде биік таудың шалғыны өседі. Биік таудың альпілік шалғынында өлең шөп, алтай, қоғажайы, тастесер т.б. өсімдіктер басым. Бұл өңір -- облыс малшыларының жазғы жайлауы.
Жануарлар дүниесі
Жазық жерінде қарақұйрық, бөкен, елік, қасқыр, жабайы шошқа, түлкі, борсық, жабайы мысық; кеміргіштерден: ондатр т.б. кездеседі. Таулы бөлігінде: барыс, сілеусін, қоңыр аю, ақкіс, арқар, тау ешкі, марал, аққұлақ, бұлғын; құстардан: дуадақ, үйрек, қаз, қырғауыл, кекілік, аққу, тырна, тау құры, бұлбұл, ұлар, альпілік қарға т.б. мекендейді. Бауырымен жорғалаушылардан: жылан, тасбақа, кесіртке, зиянды жәндіктерден: қарақұрт, бүйі т.б. кездеседі. Өзен-көлдері мен су айдындарында сазан, маринка, алабұға, аққайраң т.б. балықтар бар.

Алма (лат. malus) -- раушангүл тұқымдасына жататын, өте кең тараған ағаштарының жемісі. Табиғи алманың жер шарында бізге 36 түрі белгілі, олардың 10 -- 12-сінің шаруашылықтық маңызы бар. Қазақстанда, негізінен, Сиверс алмасы, Недзвецкий, қырғыз алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сұрыптары бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20 -- 100 жыл, биіктігі 4 -- 10 м болады. 3 -- 12 жылда жеміс береді, әр гектардан шамамен 100 -- 300 ц өнім алынады. Тұқымынан және өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. Тұқымынан көбейту бұлама алуда және селекцияда қолданылады.
Алманы көбейту кейде ұластыру арқылы да жүзеге асады. Қазақстанда алманың 40-тан астам сұрыптары аудандастырылған, оның 20-сын (Салтанат, Іле, Алатаушапағы, Алматы т.б.) қазақ селекционерлері өсіріп шығарған. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай, дәмді келеді, әрі жақсы өңделеді. Алма құрамында 83 -- 88 % су, 7,5 -- 16 % қант, 0,2 -- 0.8 % қышқыл, 9,5 -- 18,5 % құрғақ қалдық, 0,28 -- 1,0 % илік заттар, А, В1, В2, В6, С, РР витаминдері, көптеген минералды заттар бар. Шырынынан шарап, сусын дайындалады, жемісін емдік дәрі ретінде де, адам организмін ауыр металл заттардан тазалауға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданады. Алманың зиянкестері: алма жегіші, алма биті, шие бізтұмсығы, гүл жегіші. Алма аурулары: алма қотыры, ақ ұнтақ, жеміс шірігі, т.б.

1-сурет. Алма (лат. malus)
Алма ағашының сұрыптарына қарай өмір сүру ұзақтығы 20-100 жыл, биіктігі 3-10 м аралығында, 3-12 жылда жеміс береді. Жаздық, күздік, қыстық сұрыптар болады. Жаздық сұрыптары еккеннен кейін 3-4 жылдан соң жеміс бере бастайды. Толық жеміс беру мезгілі 15-20 жыл. Ал, 30-35 жыл өткен соң мұндай сұрыптардың жеміс беруі нашарлай бастайды. Жаздық, күздік, қыстық сұрыптарды іріктеп алу тәртібін орындамау, қандай да болсын бір түрін көбейтіп жіберу - әсіресе, өнімді жинаған, сақтаған, өңдеген кезде көптеген қиыншылықтар туғызады. Бақшада мейлінше көп сақталатын қыстық сұрыптарға едәуір орын берілгені дұрыс.
Адамзат өсімдік шаруашылығымен айналысқаннан бастап, өсімдік зиянкестерімен, ауруларымен, арамшөптермен әр түрлі жолдармен күресуде. Ауылшаруашылық өнімдерін жоғарылату үшін - экстенсивті механикаландыру, топырақ қопсыту тәжірибесін жақсарту, жаңа сұрыптарды алу, т.б. шаралардың кешендері қолданылады. Өсімдікті химиялық әдіспен қорғау негізгісі болып саналады. Ол өзінің биологиялық және экономикалық тиімділігімен ерекшеленеді. Сондықтан өсімдікті қорғайтын химиялық заттардың өндірісі жылдан жылға артуда. Мысалы АҚШ-да 20 мың препарат тіркелген (675 әсер етуші заттар) оның ішінде 470-і ауылшаруашылықта қолданылады. Ресейде (194 әсер етуші заттар) 633 препарат тіркелген, ал Қазақстанда пестицидтер тізімін 249 дана құрайды. Өсімдікті қорғайтын химиялық заттар ауылшарушылық дақылдары өнімін арттырады, механикалық және адам қолымен жасалатын жұмыстарды жеңілдетеді. Өсімдікті химиялық қорғау курсының талаптары - ауылшаруашылық дақылдарын қорғау әдістерін жақсарту үшін, әр түрлі химиялық қорғағыш заттардың зиянды ағзаларға және мәдени өсімдіктерге әсерін зерттеу. Пестицидтерді ауылшаруашылығында қолдану негізгі мәселелердің бірі болғанымен, олардың қоршаған ортаға, адамзатқа кері әсерінің бар екенін ескеру қажет. Пестицидтерді экология жағынан қауіпсіз қолдану өте маңызды. Қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін пестицидтердің көпшілігі табиғатта кездеспейтін синтетикалық улағыш заттар. Пайдаланылған пестицидтердің қалдық мөлшерлері қоршаған орта нысандарында жиналып, пайдалы флора мен фаунаға кері әсерін тигізуі мүмкін. Пестицидтер - химиялық улы заттар, оларды дұрыс қолданбау қоршаған ортаның биологиялық нысандарына, адам өмірі мен жануарлар әлеміне қауіпті. Химиялық заттар - өсімдіктерді қорғауда, олардың сыртқы пішінін, дәм сапасын және азық-түлік құнарлылығын өзгертіп, өсімдік бойындағы зат алмасу процестеріне әсерін тигізеді. Өсімдікті химиялық қорғағыш заттардың барлығы адам ағзасына және жан-жануарларға зиянды болғандықтан, пестицидтермен жұмыс жасау кезінде сақталатын жеке және қоғамдық қауіпсіздік шаралары қарастырылған.

Алманың зиянкестері

2-сурет. Алманың қанды бітесі
Алманың қанды бітесі - теңқанаттылар отрядының бітелер отряд тармағының пемфигиде тұқымдасына жатады. Қазақстанның Орталық қазақстан обл кезд.ішкі карантиндік нысан. Денесін мақта тәр.ақ түк шоғы жауып тұр.басын жаншыған кезде денесінен қызыл қоңыр түсті сұйық зат бөлінеді.ұз.2,5мм. 1және 2 жастағы дернәсілдер, кейде қанатсыз ұрғашылары алма ағашыныың тамырында, діңінде қабықтың сызаттары астында, жапырақтарында қыстайды.15 ұрпақ береді. Партогенездік жолмен көбейеді. Біте мекендеген бөлігінде борпылдақ ұлпалардан тұратын ісік тәрізді буылтықтар, бұтақта ұзын салалы сызаттар пайда болады. Зақ.ағаштар қатты әлсірейді. Еуропала кең таралған. Қазақстанда кездеспейді. Денесі күңгірт сұр түсті. Қанаттары ағаш қабығына ұқсас. Қанаттарының асты күміс - сұр түсті. Қанаттарының өрісі 12-14мм. Ересек жұлд ұз.12-13мм, денесін ұсақ қылшық басқан салғын қызғылт түсті. Қуыршағының ұз. 6-8мм.қоңыр түсті. Пілләсі сопақ, мөлдір ақшыл, ұз.10-12,5мм. Жұлдызқұрт күйінде тығыз пілләдадіңнің көтерілген қабығының астында және қаңқа бұтақтарда, құрғақ жап.да, мумияланған жемістерде қыст.5-6 ұрпақ береді. Шабдали шие алхорының жапырақтарының астына орналасады. Жұлд зақымд.жемістегі жолдары ұзынболады. Тұқымды да залалд.
Күресушарал. ҚР на шығ жем жемірімен зақымд.көшеттер, шыбықтар тасымалд тиым салынады. Зиянкес таб жағд өнім зарарсызд. Зиянкес таралған аймақтарда кешенді шаралар және феромонды ұстағыштарды қолданады. Еркектері ұша бастағанда АЦЕНОЛ феромондық ұстағышын 50дана\га пайд.

Алмұрт қан көбелегі - қабыршақ.отр.қанкөбелектер тұқ.жатады. азияда, жапон, корей қытайда кең таралған. Қаз.да сыртқы карантинді нысан. Түсі: сұрғылт ақшылдау күлгін реңді. Қанатт.өрісі: 14,5-21,5мм 2жастағы жүлдызқұрттары гүл бүршіктерінде жеңіл жібектей ақ піллә ішінде қыст. Қыст шыққан жұлд.гүл бүршіктерімен қоректене бастайды, кейін гүл шоғының түбіне, жас түйін мен жеміске ауыса баст.зақымд жемістің өсуі азаяды.жеміс қарайып, кебеді, бірақ жерге түспей сақталып қалады. Өсімталдығы 120 жұмыртқа. Қытайдың оңт аудан.да, жапониядв 2-3 ұрпақ бреді.куресу шар: зиянкес табылған жерлердегі көшеттер мен шыбықтарды тасымалдауға тыйм салынады. Карантиндік матер.р зарарсыздандырылып карантиндік питомникке отырғызады. Көктемде жұлд.гүлшанақтар мен жеміске ауысқан кезде кеміргіш зиянкестерге қарсы қолд преп өнделеді.
Күрес шаралары: ошақтары табылған аудандарда көшеттерді тасымалдауға тиым салынады.бақтар зиянкес бар жоғына тексеріледі. Фозалон, элсан, метатион препараттарын қоңыз ұшқанда діңді өңдеуге қолданылады.

3-сурет. Алмұрт қан көбелегі
Жер бетінде кең тараған, 1300-дей түрі белгілі. Қазақстанның, негізінен, оңтүстігінде кездеседі. Ондағы жеміс ағаштарының зиянкестеріне алма жапырақ бүргесі (Psylla malі) және алмұрт жапырақ бүргесі (Psylla pyrіcola) жатады. Бұлардың дене тұрқы 1,5 -- 4 мм-дей (Австралияда кездесетін түрінің ұзындығы 6 мм). Басы жалпақ, көздері үлкен, күрделі болады. Қос жұп қанаттары түссіз. Аяқтары қысқа, артқы жұп аяқтары секіруге бейім. Жылына 1 -- 5 ұрпақ береді, топтанып тіршілік етеді. Жұмыртқаларын ағаш бұтағының көзге көрінбейтін жеріне салады да, сол жерде қыстап шығады. Көктемде олардан шыққан дернәсілдері (жылтыр, жалпақ) мен нимфалары (жыныстық жағынан толық жетілмеген аналықтары) жеміс ағаштарының жапырағы, сағағы, гүлтұғыры, бұтағына жабысып алып, өсімдіктің шырынын сорады. Дернәсілдері қоректенгенде, өздерінен бөлінетін тәтті, жабысқақ сұйық затпен өсімдіктің вегетативтік мүшелерін зақымдап, өсуіне кедергі жасайды. Өспеген жеміс ағаштары солып, қурап қалады. Сондай-ақ, Ж. б. -- вирус таратушы жәндіктер. Күрес шаралалары: ағаштар бүршік жарғанда фосфорлы органик. инсектицидтер шашу қажет.
Дақылдың және зиянкестің аты
Қыстайтын стадиясы, қыстайтын жері
Зақым келтіретін стадиясы, зақымның түрі
Зақым келтіретін уақыты және жылына неше ұрпақ береді
Қай стадиясы жоюға ыңғайлы дәрілеу мерзімі
Алманың қанды бітесі
Дернәсілдер топырақтың жоғарғы қабатында пупарийлерде(пілләда),кейде көкөніс қоймаларында, тамыр жемістерінде қыстайды.
Дернәсіл,
зақымдаңған алма ащы, пайдалануға жарамсыз болып калады.
2-3 ұрпақ, жұмыртқадан шыққан дернәсіл 7-14 күннен соң
Жұмыртқа
Алмұрт қан көбелегі
Жұмыртқаларын ағаш бұтағының көзге көрінбейтін жеріне салады да, сол жерде қыстап шығады.
Дернәсілдер, жеміс ағаштарының жапырағы, сағағы, гүлтұғыры, бұтағына жабысып алып, өсімдіктің шырынын сорады
1 -- 5 ұрпақ, көктемде
Дернәсілдер

Алманың аурулары
Ақ дақ
Кесел республикада кең таралған, бірақ шығыс және оңтүстік шығыс аймақтарда оның зияндылығы мол.
Өсімдіктің барлық жер үсті бөлігі ауруға шалдығады. Алманың жапырағында бұрышты немесе дөңгелек, қызыл-қоңыр дақтар пайда болады. Дақтар кейін ағарып, қоңыр-қызыл жиекпен жиектеліп, бір-бірімен қосылады, кейде олардың ортасы үгітіліп түседі. Сағақтарды, сабақты, мұртшаларды бойлап түзілген қоңыр дақтардың ортасы кейін бозарады.
Ауру қоздырғышы - Mycrosphaerelle fragaria Sacc.,ал конидиялы кезеңінде - Ramularia tulasnei Sacc. Саңырауқұлағы.

2-сурет. Алманың ақ дағы.
а - ауруға шалдыққан жапырақ;
б - конидия ммен конидия тасушылар.

Қоңыр дақ
Ауру алма егілетін барлық аймақтарда кездеседі, бірақ республиканың оңтүстігінде аса зиянды.
Кеселге негізінен өсімдіктің жапырақтары, кейде сағақтары мен мұртшалары шалдығады. Жапырақтағы дақтардың түсі қоңыр, қызыл-қоңыр, ортасы сұрлау, көлемі әртүрлі, пішіні дөңгелек немесе бұрышты, жайылған болып келеді. Дақтар кейін бір-бірімен қосылып ұлғаяды.
Ауру қоздырғышы - Fabraea fragariae Kleb., конидиялы кезеңінде Marssonino potentillae Magn. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүзім шаруашылығының дамуындағы ғылымның рөлі
Ауылшаруашылық дақылдарында зиянды организмдердің таралуы мен дамуын болжау
Итальяндық шегірткелердің Қазақстанда кездесуі
Жамбыл обылысы Жуалы ауданы жағдайында күздік бидай дақылының сары тат ауруы
Дәнді бұршақ дақылдары зиянкестерінің энтомофагтары
ШАРУАШЫЛЫҚТА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫН ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Алматы облысы, Жамбыл ауданы жағдайында қиярдың аурулары, арамшөптері және зиянкестерімен кешенді күресу тәсілдерін жүргізу
Т.Рұсқұлов ауданының табиғи климаттық жағдайы
Алматы облысы, Панфилов ауданының табиғи - климаттық жағдайы
Оңтүстік астананың экологиясы
Пәндер