Қант қызылшасын өсіру технологиясы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Қазақ Үлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

«Өсімдік қорғау және карантин» кафедрасы

Семестрлік жұмыс

Тақырыбы : Алматы облысы Сарқанд ауданы жағдайында қант қызылша егісінде кездесетін зиянды нематодалар, кенелер, және кеміргіштердің таралуы, биологиясы, зияндылығы және олармен күресу шаралары.

Дайындаған:

Тобы: ЗР-317

Қабылдаған:Алимкулова М

Алматы 2021

Жоспар

I. Кіріспе

1. 1Алматы облысы Сарқан ауданының табиғи-климаттық жағдайы

II. Негізгі бөлім

2. 1. Қант қызылшасын өсіру технологиясы

2. 2. Қант қызылшасында кездесетін зиянкестер: қызылша бізтұмсығы, қызылша бүргесі және олармен күресу шаралары.

2. 3. Алматы облысы Сарқан ауданында қант қызылшасы егісінде кездесетін зиянкестер мен аурулар динамикасында кездесетін болжау және есептеу жұмыстары

III. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Сарқан ауданы - Алматы облысының солтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. 1928 жылы құрылған. Алғашында аудан орталығы “Лепсинск” (Шұбарағаш) деп аталды. 1935 жылы аудан орталығы Сарқанға көшірілді.

Ауданның оңтүстік-шығыс, шығыс бөлігі таулы келген, солтүстігі, солтүстік-батысы мен батысы аласа қырат, төбелерден тұрады. Басқа бөлігі жазық. Оңтүстік-шығысы Қытаймен шектеседі. Жер қойнауынан бентонит кені (Үлдерсай), құрылыс материалдары, натрий сульфаты бар Қарашаған кен орны барланған.

Тұщысуларында сазан, шармай, алабұға, аққайран, патшабалық(форель), таутанбалықтары кездеседі. Балқаш, Алтайк-ндебекіре, ақсерке, табанбалық, жайын, көксерке бар. Қазақстанның “Қызылкітабына” енгізілген аңдардан: қызылқасқыр, Тянь-Шань қоңыраюы, сусар, қаракүзен, барыс, шағыл құм мысығы; құстардан - қызғылтбірқазан, көкқұтан, бүркіт, қоқиқаз, аққу, шүрегей, тырна, дуадақ, тарғақ, жұртшы, лашын, үкі, т. б. кездеседі. Аудан тұрғындарының басым бөлігін қазақтар (75, 3%) мен орыстар (21%) құрайды. Халықтың орналасу тығыздығы 1 км²-ге шаққанда 5, 2 адамнанкеледі. Іріелдімекендері: Сарқант қ. (15, 3 мыңадам), Қойлық (3, 5), Алмалы (3, 4), Екіаша (2, 7), Қарабөгет (1, 6), т. б. Ауданда 1997 жылға дейін биязы жүндіқой, етті-сүтті мал, жылқы, астық, қант қызылшасы, көкөніс өсіруге және омарта ш-на маманданған 7 ұжымшар, 6 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі болған. 1997 жылдан кейін олар жекешелендірілді.

1. 1Алматы облысы Сарқан ауданының табиғи-климаттық жағдайы

Климаты-континенттік. Қаңтар айындағы ауаның орташа температурасы -7 -10С, шілде айынікі 22С. Жылдық жауын-шашын мөлшері тау етегінде 450-550 мм, таулы өңірде 700-800 мм. Лепсі, Басқан, Теректі, Сарқан, Ақсу өзендері ағып өтеді. Ауданның жазық өңірінде Алтай, Жасылкөл көлдері бар. Жазық келген солтүстік, солтүстік-батыс бөлігінің топырағы сұр, сортаңды сұр, құмды, құмайтты сұр, орталық өңірінде қоңыр, қызғылт қоңыр топырақ қалыптасқан. Тау бөктері мен аңғарларда қызғылт-қоңыр, қара топырақ басым.

1-сурет. Сарқан ауданының картадағы орны.

Ауа-райы тез құбылмалы. Ауаның орташа температурасы +13ºС, +15ºС. Орташа аязсыз күндері 170 күн. Жердің төзімділік қыртысының төзімділік ұзақтығы 202 күн. Күннің ерте суықтығы кырқүйек айының аяғында, арты 20- қарашада. Жер бетінде қар 145 күн жатады. Жер бетінде қар ақпан айының екінші жартысында басталады, наурыз айының үшінші он күндігінің аяғында аяқталады. Жер бетінен қар 38 күнде еріп кетеді.

Көктемде аяққы үсік мамыр айының 10-нан кейін жүреді. Жыл бойына орташа есеппен 350-400мм жауын- шашын түседі.

Сарқан ауданы климаграммасы

Ауданда 537, 8 мың га жер ауыл шаруашылығына жарамды, оның ішінде 69, 0 мың га егістік, 174, 1 мың га шабындық бар . Сарқан ауданында 65, 3 мың қой мен ешкі, 22, 0 мың ірі қара мал, 8, 5 мың жылқы, 6, 4 мың шошқа, 0, 1 мың түйе және 67, 8 мың құс тіркелген .

Ауданымызда ауыл шаруашылық дақылдардың мынандай түрлері өсіріледі. Күздік бидай, жаздық бидай, арпа, сұлы, қарақұмық, қытай бұршағы, мақсары, күнбағыс, жүгері, қант қызылшасы, картоп, көкөніс, бақ, көп жылдық екпе шөптер. Осы өсетін ауылшаруашылық дақылдарында мынандай түрлі зиянкестер мен аса қауіпті зиянкестер кездеседі. Сарышұнақтар, тышқандар, шегірткелер, кеміргіш және жапырақпен көректенетін көбелектер, астық қоңыздары, астық бақашығы, биті бүргесі, сүлікшесі, барылдақ қоңыздары, колорада қоңызы, бізтұмсықтар, күйе көбелектер, алма жемірі тағы сол сияқтылар. Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері мен қатар аурулары кездеседі. Астықтың қара күйесі, ақ ұнтақ, жалған ақ ұнтағы, жапрақтың қоңыр дағы, таз қотыр, церкоспороз, жеміс дақылдарының сұр шірігі, цитоспороз аурулары. Егістік алқабын тек қана зиянкестер мекендеп, аурулар басып кетпейді, сонымен қатар арам шөптермен ластанады.

Көп қоректі зиянкестер жылда егіс алқабында өсірілетін ауыл шаруашылығының барлық дақылдарына, оның шығымдылығына, өнімділігіне, құнарлығына, сапасына әсер ету арқылы үлкен зиян келтіреді. Қант қызылшасына, жүгеріге, көкөніс дақылдарына, жеміс-жидек дақылдарына, бақ жемістеріне сонымен қатар егіс жағалауындағы түрлі ағаштарға зиян тигізеді.

II. Негізгі бөлім

2. 1. Қант қызылшасын өсіру технологиясы

Қант қызылшасы тәтті түбірінің өнімділігін және сапасын жоғарылатуда арнайы ауыспалы егісте дақылдың аурулары мен зиянкестерімен тиімді күресуге мүмкіндік туады. Қазақтың егіншілік ғылыми зерттеу институты қызылша өсіретін аудандарға 7-8 танапты (жоңышқа қызылшалы) арнайы ауыспалы егіс кескіндерін ұсынған болатын.

Image result for свекло

2-сурет. Қант қызылшасы

Қазіргі жағдайда фермерлік шаруашылықтарға арналып, екі үш танапты ауыспалы егістер енгізілуде (Байоразов А., 2006) . Мұндай қысқа ротациялы ауыспалы егісте қант қызылшасына жақсы алғы дақыл ретінде майбұршақ, картоп және мақсары ұсынылады.

Әрине, қант қызылшасынан жоғары өнім алу үшін оны арамшөптерден таза, ылғал мен қоректік заттар жеткілікті танаптарға орналастыру керек.

Қант қызылшасы топырақтан көп мөлшерде қоректік заттар пайдаланатындықтан және оның тамырында көптеген зиянды ұсақ ағзалар орналасуынан қайталама егісті нашар көтереді. Қайта егісте қант қызылшасы зиянкестер мен аурулардан көп зардап шегеді, әсіресе тозған жерлерде.

Қант қызылшасын бәрінен бұрын жақсы өңделген, тыңайтылған ерте екпе сүрі жерден кейін орналастырған дұрыс. Егер күздіктер таза сүрі жерге себілген болса, онда ол танапты бірінші кезекте қант қызылшасына пайдалану қажет.

Ылғал жеткілікті аймақтарда қант қызылшасына, әдетте таза сүрі жерден кейін себілген күздіктер жақсы алғы дақыл болады. Бұршақ дақылдарынан кейін себілсе де қант қызылшасы жақсы өнім береді.

Суармалы жерлерде қант қызылшасының тамаша алғы дақылы жоңышқадан және сүрлемдік жүгеріден кейін себілген күздіктер болып есептелінеді. Бұл жерлерде сүрлемдік жүгері, картоп және көкөніс дақылдары да жаман алғы дақыл болмайды.

Топырақ өңдеу жүйесі. Қант қызылша танабы тереңге жыртылу тиіс, өйткені өсімдік қуатты тамыр жүйесін қалыптастыруы және микробиологиялық үрдістердің белсенді жүруі, ылғал мен қоректік заттар қорының жиналуы топырақты өңдеуге тікелей байланысты.

Қант қызылшасы танабының топырағын өңдеу - негізгі (сүдігер) және тұқым себер алды өңдеулерден тұрады. Сүдігер жырту алғы дақылдар мен топырақ климат жағдайларына байланысты Ол негізінен танапты арамшөптерден тазартуға және топырақта ылғал мен қоректік заттар жинауға бағытталуы тиіс.

Топырақты негізгі өңдеу - аңызды сыдыра жыртқыштармен өңдеу және тереңге сүдігер жыртудан тұрады. Аңызды мүмкіндігінше ерте сыдыра жыртқыштармен өңдеу үшін қант қызылшасын себуге арналған танаптағы сабандарды жиналған астықтармен бірге алып кету керек.

Сыдыра өңдеуді 10-12 см тереңдікке дискілі немесе түренді сыдыра жыртқыштармен, сүдігер жыртуды - мүмкіндігінше ерте, 30-32 см тереңдікке шолақ түренді соқамен атқарады. Ерте жырту топырақта ылғал мен қоректік заттардың мол жиналуына септігін тигізеді, құрғақ ауа райында топырақты соқамен жырту тығыздаумен бірге (шығыршықты таптауышпен бір агрегатта) атқарылады. Ол ылғалдың жақсы сақталуы мен арамшөптердің өсіп шығуына жағдай жасайды.

Тыңайтқыштар жүйесі. Қант қызылшасы егісіне тыңайтқыштар қолданудың негізі, өсімдікке иқажетті қоректік заттардың басым бөлігі оның өсіп дамуының қарқынды кезеңінде берілуі қажет. Сондықтан қант қызылшасы танаптарында органикалық және минералдық тыңайтқыштарды күзде сүдігерді тартарда беру, ал минералдық тыңайтқыштардың қалған бөлігін тұқыммен бірге және үстеме қоректендіру.

Қант қызылшасы топырақтан қоректік заттарды басқа дақылдарға қарағанда көп пайдаланады, сондықтан оның егісін өте құнарлы топырақтарға орналастырады.

300ц тамыржеміс өніміне қызылша дақылы топырақтан гектарына 150-200 кг азот, 45-80 - фосфор, 180-240 кг калий сіңіреді, демек бұл дақыл көп тыңайтқыш бергенді қажет етеді. Тыңайтқыштарды бірнеше мерзімде қолданады: негізгі өңдеуде, тұқым себуде және өсіп даму кезеңінде - үстеп қоректендіруде. Негізгі өңдеуде органикалық және минералдық тыңайтқыштар пайдаланылады. Органикалық тыңайтқыштарды алғы дақылдар немесе жергілікті жердің жағдайына қарай, қант қызылшасына арнап күзде (гектарына 10-30т көң) береді. Минералдық тыңайтқыштарды топырақ климат жағдайларына байланысты гектарына: азот 40-90кг, фосфорды - 30-90, ал калийді 45-100 кг шамасында береді.

Әрине, тыңайтқыштар түрлері мен мөлшері топырақ картограммасына сәйкес бағдарламаланған өнімге есептеліп енгізіледі. Тыңайтқыштардың қант қызылшасына қатарға берудегі қажет мөлшері: азот пен калий - 10-15 кг, ал фосфор 15-20 кг. Топырағы сортаң жерлерге тек қана азот пен фосфор тыңайтқыштарын берген тиімді.

Тұқымды себуге дайындау және себу. Егістік материалы ретінде қант қызылшасының өңірде себуге рұқсат етілген сорттары мен будандары пайдаланылады. Олар өздерінің егістік сапа көрсеткіштері бойынша стандарт талаптарына сәйкес болу керек.

Қант қызылшасы тұқымын егіске қант зауытында даярлайды, онда оларды іріктейді және фракцияларға - 3, 5-4, 5 мм және 4, 5-5, 5 мм - бөледі.

Тұқымның сусып түсуін жоғарылату үшін оны жылтырлатады, яғни жеміс серігінен айырады.

Қант қызылшасы тұқымын себуді ерте дәнді дақылдарды сепкеннен 5-6 күннен кейін, топырақтың 10 см тереңдігінде температура 5-6°C жылынғанда бастай беруге болады.

Тұқым себу тереңдігі ауа райы мен топырақтың механикалық құрамына байланысты өзгереді. Көбінесе тұқымды 3-4 см тереңдікке сіңіреді. Жеңіл топырақ пен құрғақшылықты жағдайда себу 5-6 см-ге дейін тереңдетіледі.

Себу тәсілі - кең қатарлы (қатараралықтары 45 см) . Суармалы жерлерде қатараралықтар 60-70 см. Көптұқымды қант қызылшасы сорттарын себу мөлшері 1 гектарға - 30-32 кг, ал бірөскінді сорттарда -10-12 кг.

Қант қызылшасын арнайы ССТ-12А, ССТ-12Б және ССТ-8А сепкіштерінің бірімен себеді.

Тамыржемісті жинау. Қант қызылшасының тамыржемісінің техникалық пісуі басталғанда жинай бастайды, ол кезде тамыржеміс клетка нәрі ағарып, қызылша қатарлары ашылады, жапырақтар түссізденеді. Төменгі жапырақтар сарғаяды. Тамыржемістің өсуі баяулайды және қанттылығы азаяды.

Республиканың оңтүстік шығысында қант қызылшасын жинауды қыркүйек айының бірінші онкүндігінде бастайды.

Қант қызылшасы тамыржемісін жинауда лекті және танап шетіне үйіп жинау тәсілдерін қолданады. Осы тәсілдер көмегімен жинау операцияларын толықтай немесе жартылай механикаландыруға болады. Лекті әдіс - ең прогрессивті тәсіл, онда қол күшімен істелетін жұмыстарды және шығындарды азайтуға мүмкіндік жасалады. Қант қызылша тамыржемісін лекті әдіспен жинағанда комбайнмен қазылған тамыр жеміс іле машина қорабына салынып бірден зауытқа жөнелтіледі, ал үйіп жинау тәсілімен жиналған тамыр жеміс пен танап жанында жасалынған уақытша қырманға төгіліп, содан соң мүмкіндігіне қарай зауытқа тасымалданады.

2. 2. Қант қызылша егісіндегі зиянкестер: нематодалар, кенелер, және кеміргіштердің таралуы, биологиясы, зияндылығы және олармен күресу шаралары.

Қызылша бізтұмсығы. Свекловичный долгоносик. Germ

Қатты қанаттылар отрядының бізтұмсықтылар тұқымдасына жатады. Қызылша өсірілетін аудандардың барлығында кездеседі. Қоңыздың ұзындығы 13-15 мм жетеді, негізгі түсі қара, үстін түссіз немесе ақшыл-сұр қабыршақтар басып тұрады. Үстіңгі қанаттарында қиғаш орналасқан орналасқан айырмашылығы - алдыңғы табандардағы екінші бунағының ұзындығы соңғы бунағының ½ бөлігіндей. Сонымен қатар бірінші және екінші құрсақ буанқтарнының ортасында кішкене шұңқыр болады. Жұмыртқасы сопақша, сарғылттау ақ түсті, ұзындығы 1, 2-1, 3 мм.

Image result for свекло долгоносик

3-сурет. Қызылша бізтұмсығы.

Жылына бір генерация беріп өсіп-өнеді. Қоңыздар топырақ арасында 10-15 см тереңдікте қыстап шығады. Жер бетіне олар ерте көктемде, қызылша көктемей тұрған кезде шығады. қызылша көктеп шыққанша қоңыздар алабота тұқымдасына жататын жабайы өсімдіктермен қоректенеді де, кейіннен қызылша егісіне көшеді. Қоңыздар көктемде бірден жұмыртқалауаға кіріспейді. Олардың жыныс клеткаларының пісіп-жетілуі үшін қосымша қоректенулері қажет. Қосымша қоректену кезеңі ауа райы жағдайларына байланысты бір айға және одан да ұзағырақ мерзімге созылады. Қоңыздар қызылша көгінің қос құлағын жеп, сабақшасын қырқып тастайды. Ал тұқым жарнағы мен жапырағы шығысымен оларды шетінен бастап кетік жасап кеміріп қояды. Олардың, әсіресе, қызылшаның көктеуінен бастап нағыз жапырақтарының 2-3 жұбы шыққанға дейін зақымдалуы өте қауіпті.

Қосымша қоректенуі аяқталған соң, яғни солтүстік аудандарда мамыр айының басында, зиянкес өсіп-өніп көбеюге кіріседі. Аналық қоңыздар жұмыртқаларын топырақтың үстіңгң бөлігіне бір-бірлеп шашып салады. Орташа өсіімталдығы - әр аналық қоңызға 60-100 жұмыртқадан келеді. Эмбриональдық дамуы 7-10 күнге созылады.

Қызылша сабақ жегіші. Свекловичный стеблеед. Lixus subtitis sturm.

Бұл зиянкесте қатты қанаттылар отрядының бізтұмсықтылар тұқымдасына жатады. Қызылша өсірілетін барлық аудандарда кездеседі. Әсіресе, Жамбыл облысы, Алматы облысы және Талдықорған облысында таралған. Қоңыз ұзындығы 8-11 мм, арқасында ақшыл түсті түк басқан, аяқтар қысқа. Көздерінің астыңғы жағында қалақша тәрізді өсінді болады. Жұмыртқасы сопақша, ұзындығы 0, 9 мм, көлденеңі 0, 7 мм, дернәсілінің түсі ақ, доғаша иілген, цилиндр пішінді.

Сабақ жемірі жылына 2 генерация береді. Қоңыздар арық жағаларында, жоңышқаның және басқа көпжылдық жемшөптік дақылдардың егісінде, бақтар мен орман алқаптарныда өсімдік қалдықтарының астында қыстайды. Қысқы мекендерінен сәуір айның аяқ кезінде немесе мамыр айының басында шығады, қызылшаның тұқымнан шыққан көгімен немесе тұқымдыққа отырғызылған көшеттермен қоректенеді.

Қоңыздардың дернәсілдері өсімдік сабақтарының немесе жапырақ сабақтарының ішін мекендеп, сонда ұзындығы 1-4 см жол сала қоректенеді. Олардың дамуы 25-40 күнге созылдаы да сол қоректенген жерлерінде қуыршақатанады. Қуыршақ кезеңі шамамамен 8 күнге созылады. Екінші ұрпақтың жас қоңыздары шілде мен тамыз айларында шығады да қысқы ұйқыға кеткенше қызылшаның және алабота тұқымдасына жататтын басқа өсімдіктердің жапырағымен қоректенеді. Бізтұмсық қоңыздардың бұл түрі тұқымдық қызылша егісіне әсіресе құрғақшылық жылдары қатты зиян келтіреді.

4-сурет. Қызылша сабақ жегіші

Қант қызылшасының тамыр жегісі. Республиканың қызылша егілетін барлық ауданда-рында кездесетін ауру. Кесел көктемгі созылмалы, суық жылдары қатты дамиды.

Өсімдік өскіні көрінгенен бастап екінші қос жапырағы шыққанға дейін залалданады. Өскіннің ұшында дақтар, сызықшалар пайда болып, қарая бастайды. Дақтар ұлғая келе қосылып, тамырша түгел қараяды. Өскіннің тамыр мойны залалданса, оның ұлпасы қарайып шіриді. Тұқым жарнағының кейде сағағы да шіриді. Ауру өсімдіктер нашар дамып, жансызданып қурайды. Егер өсімдік тамыры ауруға шалдыққан сабағын жаңартатын болса, онда ол кеселден сауығуы мүмкін. Ересек өсімдіктер бұл ауруға төзімді келеді.

Тамыр жегінің қоздырғыштары - әр түрлі саңырауқұлақтар мен бактериялар. Жиі кездесетін саңырауқұлақ түрлері - Fusarium, Pythium, Aphanomyces, Phoma, Rhizoctonia, Penicillium т. б. ал бактериялар - Erwinia, Pseudomonas және басқалар.

Аурудың сыртқы белгілері қоздырғышқа байланысты білінеді. Егер өсімдік саңырауқұлақпен залалданса, онда ауру ұлпада түрлі-түсті (ақ, сұр, қызғылт-сары, қоңыр) торлы несесе киізді жіпшумақ түзіліп, оның үстінде түрлі споралар (зооспора, конидия) мен склероцийлар пайда болады. Бактериялармен залалданса, онда дақ шырыш-танып, сулы шірікке айналады.

Кеселдің дамуына сапасыз тұқым, себуді мерзімінде жүргізбеу, бір дақылдылық, температураның күрт өзгеруі, топырақ бетінің қабыршықтануы, қоректің жетіспеуі, сондай-ақ ауыр сазды топырақ қолайлы жағдай туғызады. Аурудың негізгі қоры - залалданған өсімдік қалдықтары мен топырақ.

Тамыр жегі салдарынан тұқымның өнуі төмендеп, өскін әлсіреп, егістік сирейді. Залалданған өсімдіктердің өнімі кеміп, тамыр жемістер шірік ауруларына төзімсіз келеді.

Қызылшаның тамыр бітесі-Pemphigus Koch . Тең қанаттылар (Homoptera) отрядының пемфигия (Pemphigidae) тұқымдасына жатады. Қырғызыстан мен Қазақстанның қант қызылшасы өсірілетін аудандарының барлығында кең таралғаны. Қызылшаның барлық түрлерімен және алабота тұқымдасына жататын басқа өсімдіктермен де қоректенеді. Жазғы қанатсыз партеногенетикалық ұрғашы бітенің пішіні жұмыртқа тәрізді, денесінің ұзындығы 2-2, 5 мм, сарғылттау ақ түсті, мұртшалары 5 бунақты. Қыстайтын қанатсыз ұрғашыларының мұртшалары 6 буынды. «Кезбе» деп аталатын 1-жастағы дернәсілі жасылдау-сары немесе сарғылт-сұр түсті, мұртшалары 4 бунақты, денесінің ұзындығы 0, 75-0, 78 мм болады.

Ұрғашы бітелердің ерекше «қыстаушы»деп аталатын түрлері қызылша егісінің аңызында немесе алабота тұқымдасына жататын арамшөптер өсетін аудандарда топырақтың 15-75 см тереңдігінде қыстайды. Бітелер қысқы ұйқыдан топырақтың қызуы 7-80С жеткенде оянады. Олардың жыныс мүшелері мен ұрықтары барлығында бір уақытта пісіп жетіледі. Сондықтан дернәсілдер қысқа мерзім ішінде жаппай қаулап шығады.

Ұрғашы бітелердің әрқайсысының табатын дернәсілдерінің саны 17-24 болады. Ең ақырғы дернәсіл туған соң ұрғашы біте жер бетіне көтерілмей топырақ арасында өледі. 1-жастағы дернәсілдер «кезбелер» жер үстіне көтеріліп, қоректік өсімдіктерді іздеп тез таралады. Кезбелердің көктемдегі ең бірінші жаппай шығуы әдетте мамыр айының ортасында байқалады. Қоректік өсімдіктерді тауып алысымен кезбелер топыраққа еніп, тамыр жүйесіне жетеді де, ұсақ тамыршаларға жабысып сора бастайды. Шамалап айтқанда 9-12 күн өткен соң ұрғашы бітелерге айналады. Сөйтіп, жаңа генерацияның және одан кейінгі генерациялардың дамуы жалғаса береді. Ауа райының жағдайларына байланысты тамыр бітесі көктем-жаз айларында 8-10 генерация беріп көбейеді. Тамыр бітесінің жаппай өсіп- өніп көбеюі үшін ең қолайлы жағдайлар вегетациялық кезеңде ауа райы ыстық және құрғақ болған жылдары туады. Зақымданған өсімдіктердің шашақ тамырлары қурап, тамыржемісі солып қалады да қолмен жұла тартқанда топырақтан оңай шығады. Өсімдіктің бұл зиянкеспен зақымданғанын сыртқы белгілеріне қарап та, яғни, оның жапырақтарының солып сарғаюынан да білуге болады. Кейбір жылдары осы зиянкестің зақымдануынан қызылшаның өнімі 30 пайызға дейін, қанттығы 3, 5-4, 3 пайыз, ал қант түсімі 18-20ц дейін кемиді.

Табиғатта бұл түрдің сан мөлшерін реттеуші факторлардың ішінде энтомофагтардың, әсіресе Chloropisca glabra Mg, Syrphus corallae F, Y., S. balteatus Deg, S ribessi L. Деп аталатын шыбындардың личинкаларының маңызы зор. Жауын-шашын мол жылдары бітелердің біразы энтомофторлы саңырауқұлақтардың (Entomoptora thaxteriana Petch. ) әсерінен ауруларға шалдығып қырылып та қалады.

Күресу шаралары . Ауыспалы егісті қатаң сақтау; арамшөптерді құрту; минералдық және органикалық тыңайтқыштарды енгізу; өнімді шығынға ұшыратпай дұрыс жинау; өсімдік қатпарлы тегіс жабыла бастаған кезеңде тамыр жүйесін қарап, топырақ тереңдігі

Қызылша қандаласы-Poeciloscytus cognatus Fieb. Қазақстанда тегіс таралған. Әсіресе Жамбыл, Алматы және Талдықорған облыстарында көп зиян келтіреді. Жартылай қатты қанаттылар отрядының (Hemiptera) мирида (Miridae) тұқымдасына жатады.

Ұзындығы 3, 5-5 мм, денесін қара дақтар мен таңбалар басқан сарғылт-қоңыр түсті қандала. Үстін тез сүртіліп кететін күміс түсті түктер басқан, желке қыры айқын көрінеді. Қалқаншасының түсі қара, тек ұшы ғана сары. Жұмыртқасы ұзын, доғаша сәл иілген, төменгі жағы жұмыр, жоғарғы ұш жағы тура қиылған тәрізді болып көрінеді, ұзындығы 1 мм шамасында. Дернәсілінің арқа жағы дөңгелек қара таңбасы бар жасыл түсті болады. Көздері қызыл, ал мұртшалары, аяқтары және тұмсығы сұрғылт түсті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қант қызылшасын өсірудің озық технологиясы
Қант қызылшасын тұқымға өсіру технологиясы туралы
Мал азықтық қант қызылшасын сақтау
Тұқымды себуге дайындау және себу
Қант қызылшасы басқадай тамыржемістілер сияқты екі жылдық өсімдік
Қант қызылшасының маңыздылығы
Қант қызылшасы тұқымы
Қант қызылшасы бағалы техникалық дақыл
Қант қызылшасының даму тарихы
Қант қызылшасын сақтау және қант алу технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz