Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының технологиясы


Нархоз Университеті
«Қорғауға жіберілді»
«Туризм және сервис» кафедрасының
меңгерушісі, п. ғ. к., доцент
Е. А. Абенова
«___» 2018ж., хаттама №__
«Тамақ өнеркәсібіндегі қызмет көрсету технологиясы және оны жетілдіру» («Ассорти» мейрамханасының мысалында) тақырыбында
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
« 5В090400-Әлеуметтік-мәдени қызмет» мамандығы бойынша
Орындағандар:
«5В090400 -
Әлеуметтік-мәдени
қызмет»
мамандығының IV курс студенттері
Студенттің қолы
Студенттің қолы
Ғылыми жетекші:
э. ғ. к, «Туризм және бизнес» кафедрасының профессоры
Жетекшінің қолы
Алматы, 2018
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАНЫҢ ПАСПОРТЫ
Дипломдық жобаның тақырыбы:
«Тамақ өнеркәсібіндегі қызмет көрсету технологиясы және оны жетілдіру»
Дипломдық жобаның мақсаты:
Кәсіпорынды зерттеудегі негізгі мақсаты : «Ассорти» мейрамханасындағы қызмет көрсету технологиясын зерттеу негізінде қызмет көрсетуді жетілдіруде ұсыныстар беру.
Дипломдық жобаға қойылатын міндеттер:
Мейрамхананы зерттеудегі негізгі атқарылған тапсырмалар:
- кәсіпорынға жалпы зерттеу жүргізу;
- зерттелетін орынның жұмыс құрылымын қарастыру;
- тұтынушыларға қызмет көрсету;
- персоналдың міндеттерін және жұмыс сапасын сараптау;
- өндірістің қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін талдау;
- қызметкерлердің білімін көтеру мақсатында оқыту әдістерін енгізу;
- қызмет көрсетуді жетілдіруде озық технологияларды пайдаланып, ұсыныстар беру.
Дипломдық жобаның сипаттамасы:
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының қызмет көрсету сипаттамасы және жіктелуі. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының технологиясы . Мейманхана қызметтерінің сипаттамалары мен ерекшеліктері. «Ассорти» мейрамханасының ұйымдастыру сипаттамалары. «Ассорти» мейрамханасының қаржылық-экономикалық көрсеткіштері. «Ассорти» мейрамхансының кадр саясаты. Мейрамхана ісін дамытуда жаңа технологияларды қолдануды ұсыну.
Кілт сөздер:
Қызмет көрсету, мейрамхана, технология, автоматтандыру жүйесі, тұтынушылар, өнім сапасы, мотивация, сапаны бақылау, жетілдіру.
Дипломдық жобаның орындалу уақыты:
29. 01. 2018-04. 04. 2018 жж.
Дипломдық жобаның жетекшісі: Нурпеисова М. М., э. ғ. к, «Туризм және сервис» кафедрасының профессоры
Дипломдық жобаның авторлары: «Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету» мамандығының IV курс студенттері Насиева Нұрила Минажқызы, Теберикова Назерке Касеналиевна
МАЗМҰНЫ
ТАМАҚТАНУ КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ
1. 1 Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының өндірістік
және сауда қызметінің технологиясы
2. 2 Мейрамхананың қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін
Талдау
2. 3 Мейрамханадағы кадр саясатын қарастыру және
персоналды басқару
3. 1 Қызметтің жаңа түрлерін әзірлеу және енгізу.
Кейтеринг қызметі
КІРІСПЕ
Тамақтану - бұл адамдардың өмір сүруінің, олардың әлеуметтік және еңбек қызметінің қажетті шарты. Қоғамдық тамақтану әлеуметтік саясатты жүзеге асырудың маңызды факторы мен механизмі болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстандағы қоғамдық тамақтандыру нарығында бәсекелестік өте жоғарғы деңгейде, яғни жай ғана "өмір қана сүріп қоймай", өзінің сегментінде үздік немесе кем дегенде «бір деңгейде» болу керек. Бүгінгі басты тақырып - бұл қызмет сапасы үшін күрес.
Бүгінгі таңда мейрамханалық кәсіптің дамуы өзекті мәселеге айналды. Қазақстандағы қоғамдық тамақтану нарығының көлемі жыл сайын өсіп келеді. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, күнделікті дүкендер мен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары 330 млн. теңгеден асатын тауарлар сатады. Қызмет көрсету ұйымдары 630 қызмет түрін ұсынады. Күн сайын 17 мың шеберханалар, асханалар, барлар 450 мыңнан астам жұмысшы қорымен қала тұрғындарына және қонақтарына қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта әрбір екінші шағын кәсіпорын тұтыну нарығында жұмыс істейді. Еліміздегі жеке кәсіпкерлердің 50 % қызмет көрсету саласында жұмыс жасайды. Қазақстанның ЖІӨ-нің 13, 2 %-ін қоғамдық тамақтандыру саласы қамттиды. Қазіргі таңда 23 мыңнан аса қоғамдық тамақтандыру орындары ашылды. Мейрамхана кешені туристік инфрақұрылымның маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Алайда, кәсіпкерлер туристік қызметтер сегментінің клиенттерін тартуға ғана емес, сонымен қатар басқаларға да қызығушылық танытуға тиіс. Мейрамхананың күнделікті тұтынушылары қаланың тікелей тұрғындары болып табылатады. Көптеген адамдар үшін мейрамхана - қарым-қатынас, ойын-сауық және өмірдің ажырамас бөлігі болып табылады.
«Тугис» (two gis) бағдарламасының соңғы мәліметтеріне сәйкес, мейрамханалардың ең көп саны Алматы қаласында(қоғамдық тамақтандыру орындары-2134 болса, соның 358-і - мейрамханалар. Алматы қаласы көңіл көтерететін орындар саны бойынша республиканың көшбасшы болып тұр және қызмет көрсету деңгейі өзге аймақтарда салыстырғанда, сапасы мен сан алуан мазмұндығы жағынан да жоғары орында. Сондықтан бәсекеге төтеп беру үшін және бұрынғы тұтынушыларды ұстап қалып, жаңа тұтынушы тарту үшін қызмет көрсету сапасын жетілдіру өзекті болып табылады.
Қазақстанда 1990 жылдардан басталған мейрамхана бизнесі 20 жыл ішінде атаулы жеңістерге жетті. Бірақ, 2016 жылы дағдарыс әсерінен мейрамханалардың орташа төлемақысы 30 пайызға дейін қысқарылды. Бұл мейрмахана қонақтарының үнемшілдігінен, 2017 жылы мейрамхана бағасы 10-15 пайызға көтерілді. Бағаны арттырмаса, шығынға батуы әбден мүмкін. Бұл жерде азық-түлікті шетелден алдыртатын импорттық тауарлар өз кезегінде қымбаттап кеткенін ескеру қажет.
Қарастырылатын жұмыстың жаңашылдығы - бұрын зерттеле қоймаған жаңа саланың, яғни мейрамханалық бизнестің даму, қалыптасу, ұйымдастырылу қағидаларының зерттелуі және оның қызметіне талдаудың жасалуы.
Зерттеу объектісі - «Ассорти» мейрамханасы ЖШС. Байланыс көздері: Қазақстан Республикасы, A25D6A5/050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 106г, Абай көшесі қиылысы. Телефоны: +7(727) 313; +7(727) 2322600; +7(700) 9786286. Whatsapp: +7(775) 5299090. E-mail: assorti. kz@gmail. com; Ғаламтордағы сайты: http://assorti. kz/. Әлеуметтік желілерде: vk. com/assorti_almaty; facebook. com/assortikz; instagram. com/assortikz.
Кәсіпорынды зерттеудегі негізгі мақсаты : «Ассорти» мейрамханасындағы қызмет көрсету технологиясын зерттеу негізінде қызмет көрсетуді жетілдіруде ұсыныстар беру.
Мейрамхананы зерттеудегі негізгі атқарылған тапсырмалар:
- кәсіпорынға жалпы зерттеу жүргізу;
- зерттелетін орынның жұмыс құрылымын қарастыру;
- тұтынушыларға қызмет көрсету;
- персоналдың міндеттерін және жұмыс сапасын сараптау;
- өндірістің қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін талдау;
- қызметкерлердің білімін көтеру мақсатында оқыту әдістерін енгізу;
- қызмет көрсетуді жетілдіруде озық технологияларды пайдаланып, ұсыныстар беру.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытынды және пайданылған әдебиеттерден тұрады. Кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі, дипломдық жобаны жазудағы мақсат және тапсырмалары кіреді. Бірінші бөлімде Қазақстандағы қоғамдық тамақтандыру қызмет көрсету жүйесі және мейрамхана бизнесінің сипаттамасы, сонымен қатар, қызмет көрсету мәдениеті қарастырылған. Екінші бөлімінде «Ассорти» мейрамханасының қаржылық-экономикалық көрсеткіштері, кадр саясатын талдау және персоналды басқару, ұйымдастыру құрылымдары көрсетілген. Жұмыстың үшінші бөлімінде қызмет көрсетуді жақсартуға арналған және қызмет мәдениетін көтеруге арналған жаңа жобаларды ұсыну енгізілді. Қорытынды бөлімінде жазылған дипломдық жобаға түйін келтірілген. Жобада 8 кесте және 6 сурет қолданылды, жалпы жоба қосымшаларды есептегенде 36 беттен құралады.
Дипломдық жобада сауалнама, интервью жүргізу арқылы зерттеу жүргізілді. Сауалнаманың нәтижесін талдау үшін және диаграммаларды жасауда «Excel» электронды кестесін қолданылды және SWOT-талдау жасалды.
Зерттелген дипломдық жобаның маңыздылығы - «Ассорти" мейрамханасы жауапкерлігі шектеулі серіктестігінде қызмет көрсету сапасын жақсарту және бәсекеге қабілеттілігін арттыруы үшін ұсынылады.
Жобаға қатысушы топ мүшелерінің үлесі:
Насиева Нұрила - «Ассорти» мейрамханасының ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттамаларына талдау жасау;
Теберикова Назерке - «Ассорти» мейрамханасының қызметін жақсарту мақсатында жаңа жобалар ұсыну.
1 ТАМАҚТАНУ КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы өндірістік қызметтің технологиясы және жіктелуі
Мейрамхана (латын тілінен аударғанда қалпына келтіру, күшейту) - кең ассортиментті тағамдарды, тапсырыспен жасалатын және фирмалық тағамдарды ұсынатын қоғамдық тамақтандыру орны. Мейрамхананың иесі мейрамханашы деп аталады; екеуі де француздың restaurer сөзінен (қалпына келтіру, күшейту, тамақтандыру) шыққан [1] .
Әлемдік нарықтың мейрамханадан түсетін жалпы жиынтық айналымы жылына 800-900 млн долларды құрайды. Халықаралық тәжірибеде қонақ үй және мейрамхана бизнес саласы экономикаға барынша қарқын әкелетін болғандықтан шетелдерде «алтын жұмыртқа әкелуші тауық» деп атайды. Экономистердің айтуынша, мейрамхана бизнесінің табысы мұнай бизнесінен кем түспейді.
Қазіргі уақытта біздің елімізде қоғамдық тамақтандыру қарқынды дамуы байқалады. Мейрамхана бизнесі ұйымдық бірлікті қажет ететін, қызмет көрсетудің жоғары деңгейін ұсынатын және сапалы азық-түлікпен қажеттілікті қанағаттандыру ғана емес, клиенттердің демалысына ерекше көңіл-күй сыйлап, эмоциялық және эстетикалық бағытта қызмет көрсететін нарықтың арнайы ауданы болып табыладыь[2] .
Мейрамханалар ұсынатын қызметіне қарай мынадай кластарға жіктеледі. Кафе, асханалар және т. б кластарға жатпайды ( сурет 1 )
Мейрамханалар ұсынатын қызметі бойынша кластарға жіктелуі
Бірінші
Жоғары
Люкс
ассортименттердің алуан түрлілігімен қамтылуы, бағаның қолжетімділігі, витриналардың қарапайымдылығы, жанға жайлы атмосферамен қамтамасыз етілуі
үйлесімді интерьер, жоғары деңгейдегі жайлалық, өз ісін өте жақсы меңгерген қызметкерлер, ассортименттің алуан түрлілігі, мәзірде көрсетілмеген тағамдарды дайындауы
қымбат декор элементтері бар керемет интерьер, жоғары сапалы қызмет көрсету, жоғары білікті шеф-аспаздар мен қызметкерлер, қатаң бақылаудан өткен тамақ пен алкогольді ішімдіктер
Сурет 1 - Мейрамханалардың қызметі бойынша жіктелуі
Ескерту: [3] әдебиет негізінде жоба авторлармен құрастырылған
Люкс класты мейрамханаларындағы ыдыстар арнайы тапсырыс бойынша (тат баспайтын болат, сапасы жоғары фарфор) жасалады Фарфор ыдыстарда мейрамхананың төл белгісі (эмблемасы) болуы керек.
Жоғары класты мейрамханаларда банкет өткізуге арналған зал, бар, коктейл-холлдар болады. Люкс мейрамханаларда оркестр, аспапты-вокалды ансамбльдер арнайы концерттік бағдарламлар қойылады.
Бірінші кластағы мейрамханадағы жиҺаздардың түрлері: екі, төрт, алты орынды (төртбұрышты, дөңгелек және тағы басқа) орындықтар: диван-орындықтар (банкетке арналған), арқасы бар жұмсақ орындықтар және даяшыларға арналған сервант-үстелдер, гүл салғыштар болады. Үстел жапқыштарында мейрамхананың төл белгісі және аты жазылады. Тат баспайтын приборлар мен металл ыдыстар, фарфордан жасалған ыдыстар, ақ түсті үстел жапқыштар қолданылады [4] .
Қазіргі заманғы мейрамханалардың танымалдығы мен беделі тек интерьерге, жабдыққа, ұсынылатын тағамның сапасына ғана емес, сондай-ақ қызметкерлердің кәсіби дағдыларына байланысты. Кафе, бар, мейрамхана қызметкерлері мейірімділік пен қонақжайлылық атмосферасын құрулары тиіс. Даяшылардың ұқыптылығы, олардың қонаққа жақсы назар аударуы, олардың жоғары кәсіптілігі мекеменің бәсекеге қабілеттілігіне және келушілердің көп болуына тікелей әсер етеді. Егер әрбір қызметкер стандартқа сай жұмыс атқарса ғана, мекеменің табысы жоғары болады.
Тамақтандыру кәсіпорындарының қызметкерлері ұйым басшылығымен әзірленген қызмет стандарттарына сәйкес жұмыс істейді, ол қандай жағдайда не істеу керектігін және сондай-ақ барлық өндірістік процестерді сипаттайды. Бұл қызмет көрсету сапасының қызмет стандарттарына сәйкес келуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Кез келген типтегі және класстағы қоғамдық тамақтандыру мекемелерінде тұтынушылардың өмірі мен денсаулығының сақталуы, олардың мүліктік қауіпсіздігі және қоғамдық тамақтандыру қызметтерін ұсынудың ережелері орындалуы тиіс. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің және атқарушы билік құжаттарының талаптары сақталуға керек.
Жоғарыда айтылғандардың бәрінен мынадай қорытынды шығаруға болады: ұйым басшысы мекемедегі сапалы қызмет көрсету жүйесін ұйымдастырып, әрдайым қадағалап отыруы керек [5] .
1. 2 Мейрамхана бизнесінің қызмет көрсету сипаттамасы және олардың ерекшеліктері
Мейрамхана бизнесі - халықтың жоғары сапалы азық-түлікке деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға ғана емес, сонымен қатар тұтынушыға сапалы қызмет көрсетуге, олардың эмоционалды және эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін қызметтің ерекше түрі. Қазіргі таңда адамдардың өмірін мейрамханасыз елестету мүмкін емес. Мейрамхана бизнесінің дамуы аймақтық факторларға тәуелді болып табылады. Мысалға алып қарасақ, Алматы қаласында адам санының көп болуына және қала тұрғындарының табатын табысына сәйкес басқа қалалармен салыстырғанда мейрамхана бизнесі айтарлықтай дамыған (кесте 1) .
Кесте 1 - Алматы қаласындағы мейрамхана бизнесінің түрлері мен олардың ерекшеліктері
1-кесте бойынша Алматы қаласындағы мейрамханалардың қызмет көрсету бойынша сипаттамасы және олардың ерекшеліктері қарастырылды. Бұл жерде айта кетер бір жәйт, Алматыдағы мейрамхана бизнесінің әлемдік деңгейде екені байқалады.
ТМД елдеріндегі жылдам қызмет көрсететін мейрамханалар нарығы АҚШ пен көптеген еуропалық елдерден айырмашылығы: қарқынды өсу сатысында тұр және қанықтылықтан алыс. Әр континенттегі мейрамхана бизнесінің мақсатты аудиториялары әртүрлі болып табылады. Мысалы, Батыс Еуропа мен Солтүстік Америкадағы тұтынушылар бутербродтарды ұнатады, ал Оңтүстік-Шығыс Азияда дәстүрлі тауықтардың қанаттарын жақсы көреді. Қазақстандағы ең танымал өнім - ащы қанаттар мен ащы емес твистер.
Қазақстандағы Бургер Кинг компаниясының мәліметтер қоры бойынша тез тамақтану нарығында мейрамханаға келген әрбір адамның қалауы - жағымды атмосферада дәмді және жоғары сапалы тағамдарды тұтыну болып табылады. Бұл принцип барлық елдердегі тұтынушыларға қатысты [7] .
Біздің еліміздегі фаст-фуд нарығының ерекшелігі - қонақтар демалыс уақытын мейрамханаларда өткізуді қалауы. Фаст-фуд мейрамханаларында адамдар баяу тамақ жеп, ұзақ уақыт жұмсайды, ал дамыған елдерде адамдар тез тамақтану үшін мейрамханаға келеді. Қазақстандағы мейрамханалар үшін кейбір ингредиенттер Ресей арқылы Еуропадан келетіндіктен санкцияларды енгізу мен логистиканы қайта қарауды енгізу керек.
Ол қолданылған санкциялар жанама түрде жергілікті валютаның әлсіреуіне әкеп соқтырады. Теңгенің өнімдеріне қатысты құн мөлшері төмендеді, бұл сатып алу бағасына кері әсерін тигізді. Осылайша тамақ өндірісінің төмендеуіне ықпал етті. Алайда, бұл нәтиже ұзақ уақытқа созылмайды, өйткені айырбастау құнының айырмашылықтары сәйкестендіріледі.
KFC, Hardee's, Коста Кофені қамтитын Caspian International Restaurants Group компаниясының мәліметі бойынша, қазіргі кезде еліміздегі жылдам тамақтану нарығында KFC мейрамханалардың қатарында көшбасшы болып табылады. Қазіргі уақытта Алматы мен Астанада KFC-дің 25 желісі бар.
2017 жылы KFC оң динамикасын көрсетті. 2014 жылдың деректерімен салыстырғанда, мейрамхана филиалдарының саны 47% -ға ұлғайды. Компания кірістер туралы ақпаратты бермейді.
Ресейде Burger King мейрамханаларының саны 300-ге жетті, 500 мейрамхананы ашу жоспарлануда. Қазақстанда Burger King желісі 2012 жылы ашылған, бүгінгі таңда 23 мейрамханасы бар. Ресей Федерациясына салынған санкциялар Қазақстанда Бургер Кингтің қызметіне әсер етті.
QSR (жылдам тамақтандыру орындары) Қазақстандағы жылдам тамақтану нарығының нақты бағасын берудің қиын екенін түсіндірді. Бірінші кезекте, тамақтандыру орындарының басым бөлігі желілерден ғана емес, жалғыз мейрамханалардан тұрады. Қазақстандағы жылдам тамақтандыру нарығының жыл сайынғы тауар айналымы 150-200 миллион АҚШ долларды құрайды. Соңғы деректер бойынша, компанияның негізгі көрсеткіштері 120% -ға өсті және нарықтағы өз позициясын нығайтты. Таза айналым 10 миллион доллардан асты. Бургер Кинг орталықтарында тұтынушылар саны төрт миллионнан асты. Отандық «Бургер Кинг Қазақстан» агенттігінің хабарлауынша, еліміздегі жылдам тамақтандыру нарығының жылдық айналымы 245- 260 млн долларды құрайды.
Компанияда айтылғандай, нарықтың жыл сайынғы өсімі 10-12% құрайды. Burger King компаниясының берген деректерге сүйенсек, Алматыда 18-35 жас аралығындағы тұрғындардың 20% -ы аптасына бір рет жылдам тамақтану мейрамханаларына барады. Бұл жастағы қазақтардың 47, 4% -ы кафелер мен барларда уақытты өткізуге тырысады. Компания дағдарысқа қарамастан нарықтың өсуіне және желінің мекемелерінің санын көбейтуді жоспарлап отыр, олар сұраныс болатынына сенімді [8] .
Қонақтардың еркін жүруі, тағамдарды тәуелсіз таңдау мүмкіндігі «Free Flow» жүйесі деп аталады. «Free flow жүйесі - ол қонақтардың көзінше, ашық асханада салаттар, хош иісті сорпалар, балық пен еттен жасалған стейктер дайындалатын жүйе болып табылады. Мысал ретінде, Алматыда Тимирязев көшесіндегі «Атакент» территориясындағы «Elephant» мейрамханасын алуға болады. Мекеме өз қонақтарына еуропалық, азиялық, итальяндық және жапон тағамдарының кең ассортиментімен қолайлы бағалармен қуантты. Elephant аспазшылары өз қолдарымен пиццалары жұқа қытырлақ қамырды, үйдің макарон кеспесін дайындайды. Elephant балалармен бірге уақыт өткізуге өте ыңғайлы. Әр апта сайын жас қонақтар үшін мейрамхана тобы қызықты іс-шараларды өткізеді. Мысалы, Elephant - белсенді адамдар қауымдастығымен ұйымдастырылған «Клякса» (KljuchiK) атты жас оқырмандар клубының «штаб-пәтері». Клубтық кездесулерде 4 жастан асқан бүлдіршіндер әртүрлі балалар арналған кітаптар мен ертегілер оқып, оларды смартфондар мен планшеттерден аластатылады [9] .
Премиум-класстағы мейрамханалардың рентабельдігіне келер болсақ, олар көбірек тәуекелге ие және шығынға басқаларына қарағанда көбірек ұшырайды. Элиталық мейрамханаға баратын бай адамдар ресторандарға барып демалуды жай ғана ақшаны жерге шашу деп санамайды, өйткені олар өз мәртебесіне сай демалады. Қымбат декор элементтері бар керемет интерьер, жоғары сапалы қызмет көрсету, жоғары білікті шеф-аспаздар, дайындалған қызметкерлер, қатаң бақылаудан өткен тамақ пен алкогольді ішімдіктер - бұлардың барлығы оңтүстік астананың элиталық мейрамханаларында және сізге өзіңізді маңызды адам ретінде сезінуге мүмкіндік береді.
Элиталық мейрамханалардың барлығы Әл-Фараби даңғылында орналасқан. Бұл жер Алматыдағы миллионерлердің сүйікті орындарының бірі болып табылады. Тамақ дайындайтын өнімдерді аптасына бір рет ұшақпен басқа елдерден жеткізеді. Қызметкерлердің айтуынша, ең танымал және қымбат тағам - американдық стейктер. 100 грамм стейк 6000 теңге тұрады, ал сіздің қарныңыз тою үшін сіз 500 граммдық стейкке, яғни 30 мың теңге тапсырыс беруіңіз керек. Екінші орында - балықтан жасалған тағам-сибас. Орташа алғанда, осындай балықтардың құны 50 мың теңге. Тағамдардың соншалықты қымбат болғандығының себебі - апта сайынғы өнімдер Франция мен Италиядан ұшақ арқылы жеткізіледі. Тіпті қарапайым су Еуропадан жеткізіледі. 0, 7 литр судың бағасы 2500 теңгені құрайды. Мейрамхана бір күнге жалға алуға болады. Жалға алу құны 16 миллион теңге. Бұл сомаға азық-түлік, тірі музыка және қызмет көрсету кіреді. Қонақтар алдына үстелге қойылған гүлдер арнайы Голландиядан жеткізіледі.
Restolife. kz журналы зерттеу жүргізіп, Алматы қаласында орташа чек 15 000 теңгеден асатын элиталық мейрамханалардың тізімін жариялады: «Мирас», «Royal Cafe», «Bosphorus restaurant», «Crudo на Абая», «Samal», «Palladium», «Vista», «Villa dei Fiori», «Line Brew» [10] .
2000 жылдың ортасында біздің еліміз еуропалық мәдениетке қарай, яғни кофе ішуге жақындай бастады. Біртіндеп адамдар мейрамханалар мен кафелерден жайлы кофеханаларға қарай жылжи бастады. Кофеханалар жайлы орынға айналды, өйткені ол жерде іскерлік кездесулер, сондай-ақ бейресми қарым-қатынастағы кездесулер өткізуге өте ыңғайлы. Сонымен қатар кофеханаға көңіл көтеру үшін де баруға болады. Мұнда кітап оқуға, музыка тыңдауға немесе қызықты лекция тыңдаға, фотокөрме көруге болады. Кофеханаларда көптеген іс-шаралар болып тұрады, ол жерде әркім өздері ұнататын және жүрегіне жақын іс-шаралар таба алады. Қазақстанда кофеханалар нарығы жақында өсе бастады. PR менеджерлер мен маркетологтардың айтуынша, кофехана бизнесімен айналысса сәтті болады. . Алматыдағы ең танымал кофеханалар: Gloria Jean's Coffees, Marrone Rosso, Coffeedelia, Costa Coffee, Coffeemania және Cafeteria [11] .
Алматы қаласындағы мейрамхана бизнесінің түрлері және ерекшеліктері қарастырылды. Еуропалық стандартқа сай еліміздегі мейрамхана бизнесінің әлемдік деңгейге жақын екені байқалды.
1. 3 Мейрамхана қызметінің өндіріс процестері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz