Жапырақтардың микроскопиялық талдауы
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫАҚ
Фармакогнозия кафедрасы
Реферат
Дәрілік өсімдік шикізатының өзі екендігін анықтау әдістері. Микроскопиялық талдау.
Орындаған: Ахманова А.Б.
Тобы: В-ФҚА-302-18
Қабылдаған: ф.ғ.к. Өмірәлиев М.Ә.
Шымкент - 2021ж.
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Жапырақтардың микроскопиялық талдауы.
Гүлдердің микроскопиялық талдауы.
Шөптердің микроскопиялық талдауы.
Қабықтары мен бүршіктерінің микроскопиялық талдауы.
Жемістері мен тұқымдарының микроскопиялық талдауы.
Тамырлары мен басқа да жер асты мүшелерінің микроскопиялық талдауы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Микроскопиялық талдау әдісі - кесілген, ұнтақталған дәрілік өсімдік шикізаттың негізділігін анықтау үшін, басқалардан ерекше белгілерін табу үшін қолданылады, бірақ бұл әдіс өсімдіктердің анатомиялық құрылысының ерекшеліктеріне, олардың анатомиялық, диагностикалық белгілерін білуге негізделген. Сыртқы белгілері мен сапалық реакциялары бойынша шикізатты анықтау қиын болғанда микроскопиялық талдау жүргізіледі.
Микроскопиялық талдау әдісі кесілген, ұнтакталған, пресстелген, гранула, брикет - дәрілік өсімдік шикізаттың негізділігін дәлелдеу үшін қолданылады. Бұл әдіс дәрілік өсімдіктердің анатомиялык құрылысының ерекшеліктерін, диагностикалық белгілерін аныктауға негізделген. Талдау әдісі - оптикалык кұралдарды -микроскоптарды, заттық және жабынды шыныларды, препаровальды инелерді және микрохимиялык, гистохимиялык реакцияларды жүргізуді химиялық реагенттерді керек етеді.
Люминесценттік микроскопия әдісі (мақсатына қарай) дәрілік өсімдік шикізатының шынайылығын тексеруде пайдаланылады. Бұл әдістің артықшылығы, қалың кесінділер немесе ұнтақтың препараттарынан жасайтын өсімдік материалын тексеру үшін қолдану мүмкіндігі мол. Люминесценттік микроскоптағы препараттарды алғашқы (өзіндік) люминесценцияны бақылап, ультракүлгін жарықта карайды.
Дәрілік өсімдік шикізатынан микроскопиялык препараттарды дайындау техникасы алуан түрлі және зерттеліп отырған объектінің морфологиялык тобына, шикізаттың күйіне: бүтін, бөлшектелген, кесілген немесе үнтак болуына байланысты болады.
Жапырақтар - Fоliа - Листья
Жұқа жапырақтарын жапырағының кесіндісін жасамай-ақ үстіңгі бетін микроскоп арқылы қарауға болады. Ұлпаларын түссіздендіру үшін құрғақ жапырақтарын сілті ерітіндісінде қайнатады. Жапырақ ұлпаларын 30%-дық хлоралгидрат ерітіндісінде 10-15 минут қайнату арқылы жақсы түссіздендіруге болады. Ұсақ жапырақтарын түссіздендіруге бүтіндей алады, ірі жапырақтарының маңызды диагностикалық бөліктерін: жапырақ шетін, тістерін, бас жүйкелерін, жапырақтың жоғары ұшын алады.
Түссіздендірілген немесе сумен жуылған жапырақтары мен олардың кесінділерін скальпельмен алып заттың шыныға салып глицерин немесе хлоралгидрат тамызып жақсылап жаймалайды. Үстін жабық шынымен жауып, ауаны кетіру үшін қыздырады да суытып алып микроскоппен қарайды.
Бүтін, кесілген және ұсақталған шикізат, жұқа жапырақтардың бет жағындағы жапырағынан препарат дайындайды; қалың және қабықша жапырақтардан қажет болғанда көлденең кесінді дайындайды. Бет жағындағы жапырақтан микропрепарат дайындау үшін ұсақ жапырақтарды бүтіндей қолданады, ірі жапырақтардан маңызды диагностикалық элементтердің ескеретін жеке учаскелерді алады: жапырақ жиегі, жапырақ жиегіндегі кішкене тістер, негізгі талшықтар телімі, жапрыақ ұшы және негізі. Кесілген жапрыақтарды анықтау езінде ірі талшықтардан және жапырақ жиегінен бірнеше тілімін таңдайды.
Бет жағындағы жапырақтың микропрепаратын қарағанда келесі негізгі диагностикалық белгілеріне көңіл аудару керек: эпидермис құрылысына, лептесік типіне, трихомолар (түкшелер, бездеуіттер) сипатына, кристалдық қосындылардың, механикалық тіндердің, әртүрлі орындардың, сүттігендердің, сөлініс каналдарының және т. б. болуына және пішініне.
Жапырақтар эпидермисі жасушалрының белгілі бір пішіндері болады - изодиаметриялық немесе сопақ қабырғалары иректелген тығыз қабысқан болады. Әрбір жасушада сыртқы қабырғасы қалың, бүйір қабырғалары біршама жұқалау, ішкісі - салыстырмалы жұқа.
Лептесіктердің белгілі типтері бар, олар эпидермистегі лептесіктің жанама жасушалар санымен және орналасу ерекшеліктерімен анықталады.
Қос жарнақтыларда лептесік комплексінің төрт негізгі типін ажыратады:
аномоцитті (немесе ранункулоидты) - лептесік эпидермистің қалған жасушаларының пішіні мен өлшемі бойынша ерекшеленбейтін жасушалардың белгісіз санымен қоршалған;
анизоцитті (немесе круцифероидты) - лептесік үш лептесікке жанама жасушалармен қоршалған, оның біреуі басқа екеуінен анағұрлым кіші;
парацитті (немесе рубиацеоидты) - лептесіктің әрбір жағынан, оның ұзындық өсі бойымен бір немесе одан да көп лептесікке жанама жасушалар орналасқан;
диацитті (немесе криофиллоидты) - лептесік екі жанама жасушалармен қоршалған, олардың ортаң қабырғалары лептесік қуысына перпендикуляр.
Кейбір өсімдіктердің жапырақтарында су лептесіктері болады, олар көлемінің үлкен болуымен ерекшеленеді және әдетте жапырақтың немесе тісшенің ұшында гидатоданың үстінде орналасады. Эпидермисте секреция жасушалары немесе құрамында цистолиттер бар жасушалар кездесуі мүмкін. Түкшелерді қоршаған эпидерма жасушлары дөңгелек түзуі мүмкін, ол маңызды диагностикалық белгісі болып табылады.
Сондай-ақ жапырақ бетін жабатын кутикула қабатының сипатына да көңіл аударады. Әдетте кутикула жұқа тегіс, кейде қалың немесе кейбір жерлері қатпарлы қалыңдаған болуы мүмкін. Құрылысының әр түрлі болуына байланысты трихомалардың маңызды диагностикалық мәні бар. Трихомалардың ішіндегі ең көп тараған типі түкшелер. Олар бір және көп жасушалы қарапайым және басты (безді) болып бөлінеді.
Қарапайым түкшелер бір қатарлы, екі қатарлы, көп қатарлы, шоғырлы, тармақталмаған немесе тармақталған (жұлдыз тәрізді, бұтақталған, Т-тәрізді), жұқа немесе қалың қабырғалы болып келеді. Олардың беті тегіс, сүйелді немесе ұзына бойлай қатпарлы болады, бұл қоршап тұратын кутикула ерекшеліктеріне байланысты. Бас тәрізді түктер одан да әртүрлі келеді, олар аяқтарының құрылысымен де (бір-, екі- немесе көп жасушалы), басының формасы мен құрылысымен де (шар тәрізді, сопақша немесе басқа формада, бір-, екі- немесе көп жасушалы, ішіндегісімен немесе онсыз) ерекшеленеді.
Эпидермис түзілістерінің (трихомалардың) басқа бір түрі - бездер. Олар көптеген өсімдіктерге және тұтас тұқымдастарға тән, белгілі пішіні мен құрылымы мен сиаптталды. Әдетте, бездерде эфир майы шоғырланады.
Жапырақтар диагностикасында эфир майы шырыш қара май басқа да су жұқпайтын заттар болатын әртүрлі орындардың маңызы бар: - жапырақ мезофилінде орналасқан схизогенді немесе схизо-лизигенді орындар; - сүттіген жолдары, секрециялы каналдар, олардан әдетте шоғырлар, талшықтар өтеді. Жапырақтарда арнайы жасушалар - құрамында кальций оксалаты кристалдары, цистолиттер және басқа да криталл бар идиобласттар кезедеседі. Кальций оксалаты криталдары әртүрлі формада және өлшемде болады: призмалы, ромб, октаэдр немесе басқа формалы, шоғырланған жеке ұзын ине немесе майда инелер, қосыла өскен кристалдар (друзалар, сферокристалдар), өте майда кристалдардың жинағы түріндегі оңаша кристалдар.
Кристалдары бар жасушалар жасуша ішіндегі мезофиллде орналасқан. Көлденең кесінді дайындау үшін басты талшығы бар жапырақ тілімін алады; майда жапырақтарды бүтіндей алады. Препаратты онда басты талшықтың көлденең кесіндісі мен мезофилл бөлігі көрініп тұратындай етіп дайындайды. Басты талшықтың формасына, талшықта өтетін шоғырдың санына, формасы мен орналасуына назар аудаарды. өткізгіш шоғырларда флоэма мен ксилеманың орналасуын, механикалық тіндердің, кристалл тасымалдайтын жақтаулардың болуы және т. б. байқалады.
Мезофилл құрылысының ерекшеліктерін белгілеуге болады - жапырақ дорсовентралды немесе изолатеральды; аэренхима, кальйий оксалаты криталдарының, бөлінділер орнының, секрециялық жасушалар мен каналдардың, сүттіген жолдарының және т. б. болуы. Жапырақ беттерінде қалың немесе қатпарлы кутикула, түктер, бездер және т. б. жақсы көрінеді.
Ұнтақ. Жапырақ табақшасының жеке көріністері негізінен үстінен көрінеді: онда тұтас жапырақтар үшін көрсетілген барлық диагностикалық элементтерді табуға болады. Жапырақтың көлденең қимасының көріністері кездеседі, онда мезофилл құрылысы және эпидермис құрылысының ерекшеліктері жақсы көрінеді. Ұнтақты тіндер мен жеке элементтердің үзіктері көп: түктер мен олардың үзіктері, бездер, кальций оксалаты кристалдары, кристалл тасымалдайтын жақтаулар, механикалық жасушалар - талшықтар, скелереидтер, секрециялық каналдардың үзіктері, бөлінділер орны, сүттіген жолдары және т.б.
Люминесцентті микроскопия. Ең айқын люминесценция сүректенген әлементтерге жүйке түтіктері, механикалық талшыктарға, сонымен қатар кутикула мен әр түрлі эпидермальдік түзілімдердің (түкшелер, бездеуіттер) қабықшаларына тән. Эпидермальдік жасушаларда коңыр, сары немесе жасыл-сары люминесценцияны тудыратын флавоноидтар жиі кездеседі. Мезофилл жасушаларының қосындылары олардың химиялық құрамына байланысты сары, көгілдір, жасыл-сары және қоңыр түсті болып келеді. Құрғақ өсімдік материалындағы хлорофиллмен кальций оксалатының кристалдары люминесценцияланбайды. Кесінді жасау үшін жапырақты алдын ала ылғалды камерада жұмсартады және кескіш көмегімен 2-3 мм қалыңдыктағы кесінді қияды.
Гүлдер - Flores - Цветки
Бүтін және кесілген шикізат. Микропрепараттарды гүл шоғырының жеке бөліктерінен (гүлдері, орауыш жапырағы) немесе гүл бөліктерінен (гүл күлтесі, гүл тостағаншасының жеке жапырағы), оларды үстінен қарап, дайындайды. Эпидермис құрылысына, түктердің, бездердің, кристалл қоспалардың, механикалық элементтердің (орама жапырақтарында) болуын және құрылысын, тозаң дәндерінің формасы мен көлеміне т. б. назар аударады.
Люминесцентті микроскопия. Құрғақ ұнтақты немесе гүл шоғырының, гүлдің жеке бөліктерін қарастырады, шикізаттың ультракүлгін жарықта өз (біріншілік) флюресценциясы байқалады. Кутикула, әртүрлі трихомалар (түктер, бездер), механикалық элементтер, тозаң дәндері, химиялық құрылымына байланысты жасуша қосындыларының өте ерекше кесінділері бар.
Шөбі - Herba - Трава
Бүтін және кесілген шикізат. Жапырақ микропрепаратын үстінен дайындайды. Кейбір жағдайларда сабақтардың микропрепараттарын дайындайды. Сабақ препараттарында эпидермис жасушасының формасына, жапырақ саңылауларының түріне, әртүрлі трихомалардың (түтіктер, бездердің) болуына және олардың құрылыс ерекшеліктеріне назар аударады. Мұнан басқа механикалық тіндердің, кристалл қоспалардың, бөлінділер орнының, секрециялық каналдардың сүттіген жолдарының болуына назар аударады.
Ұнтақ. Шөптердің ұнтағында жапырақ элементтерінен басқа гүлдердің элементтері, жемістер мен тұқымдар тіндерінің үзіктері, сабақтың фрагменттері - өткізгіш шоғырлардың, ірі тамырлардың, механикалық талшықтардың және т. б. үзіктері кездеседі.
Люминесцентті микроскопия. Шөптің немесе жапырақтың құрғақ ұнтағын қарайды. Шикізаттың ультракүлгін жарықты өз (біріншілік) флюресценциясы байқалады. Ұнтақты жапырақ элементтерінен басқа жарық флюресценция сабақтың өткізгіш шоғырларының үзіктеріне тән; аталық жақсы көрінеді; тұқым эндоспермасының үзіктері әдетте ашық көгілдір сәуле таратады (құнарлы май).
Қабығы - Cortex - Кора
Бүтін шикізат. Алдын ала жұмсартылған шикізаттың көлденең және ұзына бойлай кесінділерін дайындайды. Анықтау кезінде өзекті сәулелер соңынан перифериге орналасқан сыртқы қабыққа және камбийден өзекті сәулелердің соңына дейін орналасқан ішкі қабыққа (флоэмаға) да назар аударады. Сондай-ақ қабықтың сыртқы бетінің қалыңдығына, бояуына және сипатына, колленхиманың болуына, біріншілік және екіншідік қабықтың қалыңдығының қатынасына, өзекті сәулелердің еніне назар аударады. Қабықтың диагностикалық белгілері механикалық элементтер болып табылады - луб талшықтар (стереидтер) және тасты жасушалар, олардың саны, орналасуы және құрылысы. Механикалық элементтер жалғыз немесе тобымен, шашырап немесе белдеуде орналасады. Луб талшықтары немесе тасты жасушалардың қабырғалары әдетте өте қалың келеді және лигнифицияланған. Сондай-ақ кальций оксалат қосындылары, сүттіген жолдары, эфир майлы жасушалардың да диагностикалық мағынасы бар. Кесілген шикізат.
Кесілген қабықты микроскопиялық зерттеу үшін ұзына бойлай немесе көлденең кесінді немесе қырынды дайындайды. Мұндай препараттарда ұзына бойлай кесіндіде барлық элементтер көрінеді. Диагностикалық мағынаға кесіндідегі сол элементтер ие.
Ұнтақ. Ұнтақтың микропрепараттарын дайындайды. Қабық ұнтағындағы маңызды диагностикалық белгілер мыналар болып табылады: механикалық элементтер (луб талшықтар, тасты жасушалар), олардың орналасуы (жалғыз немесе тобымен), кальций оксалаты қоспалары, сүттіген жолдары, бөлінділер орны.
Люминесцентті микроскопия. Қабықтың көлденең кесіндісін немесе ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz