Арамшөптермен алдын ала күресу шаралары


Жоспар
Кіріспе
I. Негізгі бөлім
- Арамшөптердің негізгі түрлері
- Арамшөптерді агробиологиялық жіктеу
- Азжылдық арамшөптер, өкілдері
- Көпжылдық арамшөптер, өкілдері
- Тоғышар (паразитті) арамшөптер
II. Арнайы бөлім
2. 1 Арамшөптермен күресу әдістерін топтау.
2. 2 Арамшөптермен алдын ала күресу шаралары.
2. 3 Арамшөптерді есепке алу, танаптың ластану картасын жасау және күрес
шаралары
2. 4 Арамшөптермен күресудің биологиялық әдістері
2. 5 Арамшөптермен күресудің химиялық әдістері
III. Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау
3. 1 . Арамшөптерге қарсы препараттар мен дәрі-дәрмектер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Ауыл шаруашылығы - халық шаруашылығының маңызды саласының бірі. Ауыл шаруашылығы өндірісі - табиғи, әлеуметтік, экономикалық және техникалық факторлар қатысында энергия өндіретін күрделі біртұтас биологиялық жүйе. Негізгі обьектілері болып топырақ, жасыл өсімдіктер, үй жануарлары саналады. Тек қана жасыл өсімдіктер тобы бейорганикалық элементтер мен күн сәулесінің кинетикалық энергиясын күрделендіріп, органикалық қосылыстар энергиясына айналдыра алады.
Қазіргі кезде ауыл шаруашылығының өнімдері халықтың әл-ауқатын көтеретін, тамақ, жеңіл өнеркәсіптердің негізгі шикізат көзі болып отыр.
Біздің еліміз дүние жүзінің ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін негізгі 25 мемлекеттің қатарына енеді және өзінің ресурстық әлеуеті жағынан қазіргі деңгейден 3-5 есе артық өнім өндіруге мүмкіндігі бар екені белгілі. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның аграрлық секторында шешімін күтіп тұрған күрделі әлеуметтік-экономикалық мәселелер де жоқ емес. Қазақстанның ауыл шаруашылығы, соңғы жылдары дүние жүзіне кең тараған қаржы-экономикалық дағдарыстың күшті ықпал етуі жағдайында дамып отырғаны белгілі.
Қазақстан Республикасының халық шаруашылығындағы ең басты салаларының бірі - ауыл шаруашылық өндірісі. Өйткені, ол халықты жеткілікті мөлшерде азық-түлікпен, мал шаруашылығын жемшөп қорымен, ал өнеркәсіпті шикізатпен қамтамсыз етіп отыр. Бұл міндетті түбегейлі іске асыра беру үшін колхоз, совхоз қожалықтар мен жекеменшілік шаруашылықтары, акционерлік қоғам ұжымдары әрбір гектар жердің құнарлылығын арттырып, одан алынатын өнімдерді молайтуға күшү жұмылдырулары керек. Бұл үшін әр түрлі агротехникалық шараларды, оның ішінде арамшөптерді жою шараларын кең көлемде жүргізу керек. Ал, арамшөптер егістіктің ең басты жауы. Олай дейтін себебіміз, арамшөптер топырақтың қоректік заттары мен ылғалдың ауыл шаруашылық дақылдарынан тартып алып, олардың өніп-өсуіне кедергі келтіреді, жердің құнарын кетіреді. Соның салдарынан әр гектар жерден алынатын өнім де күрт төмендейді.
Бұған дәлел ретінде мынадай бір мысал келтіруге болады. Академик А. И. Бараев атындағы қазақтың астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты деректеріне қарағанда, республиканың ең астықты Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында тек қана қарасұлының кесірінен ғана бір жылдың ішінде 175 млн. пұт астық кем жиналған екен.
Арамшөп - егіс танаптарында өсетін жабайы өсімдіктер. Оның Қазақстанда 300-ден астам түрі бар. Егістік, шалғынды, жайылымды жерлерде, өзен-көл жағалауларында өседі. Арамшөп тамыр жүйесінің жақсы дамуына байланысты ылғалды, қоректік заттарды көп пайдаланады. Сондай-ақ ол егілген дақылды көлеңкелеп, фотосинтез процесінің жүруін нашарлатады, нәтижесінде егілген дақыл бойында органик. заттардың түзілуі нашарлайды, алынатын өнім төмендейді. Арамшөп - егіс зиянкестері мен ауру қоздырғыштардың мекені әрі оларды тарататын ортасы.
I. Негізгі бөлім
1. 1. Арамшөптердің негізгі түрлері
Қазақстанды материалдық қорлардың жетіспеуі кезінде қор үнемдеудің табиғи-экономикалық үрдістерін пайдалана отырып, жоғары сапалы астық өндіруді арттырудың негізі-қор сақтайтын, табиғи қауіпсіз технологиялар. Жоғары сапалы дән қалыптасуына өндіріс орналасқан жердің табиғи -ауа райы жағдайы, жоғары агротехника, ұндық-нандық қасиеттері жоғары, жапырылуға, зиянкестермен ауруларға және егістердің ластануына төзімді сорттарды шығарып, өндіріске енгізу ықпал етеді.
Сондықтан арамшөп қаптап кеткен егістердің жағдайында алынған төмен өнімі белгілі мөлшерде ақуызының көп алынуымен толықтырылуы қажет.
Арамшөптердің ластануын Қазақстанның солтүстік және солтүстік-шығыс аудандарында әр бес жылдың ішінде екі немесе үш жылда байқалып отырады. Сондықтан мұнда арамшөптің ластанғаның стихиялы апат деп қарамау керек, ол бұл аймақтағы қалыпты табиғи жағдай. Оны игеру егіншілердің міндеті болып саналады.
Ол үшін барлық арамшөпке қарсы күрес шаралары, сақтауға және үнемді пайдалануға бағытталуы керек.
Жазғы жауындар топырақты терең суландырмайды, ол жауындар ылғалының үлкен бөлігі тиімсіз. Топырақтың терең қабатында жиналған күзгі-қысқы ылғал арамшөптердің дәндері және тамырларымен жеңіл көтерілетіндіктен тиімді пайдаланылады.
Соңғы жылдардағы зерттеу, егіншілік жүйесін игеру мен егістіктегі арамшөптермен күресу технологиясын, сондай-ақ Солтүстік Қазақстандағы егіншілік жүргізудің экологиялық мәселелерін талдау қазіргі жағдайда егіншілік жүргізуге жаңа, баламалы тәсілдеме қажет екенін көрсетті.
Қазақстан ғалымдарының көбінің пікірі бойынша, егіншіліктегі экологиялық маңызы қолайсыз салдарларды жете бағаламау пайдаланылған топырақ сапасының айтарлықтай нашарлауына, ондағы қарашірік мөлшерінің 20-30 %-ға төмендеуіне, агрохимиялық және агрофизикалық жағдайының нашарлауына, аса тығыздануына, эрозияның өршуіне, сондай-ақ шектес аймақтардағы тұтастай топырақ экологиясының бұзылуына және де ең маңыздысы егістіктердің арамшөппен ластануына әкеп соқтырды. Республиканың ауылшаруашылығы ғылымдарының алдында егіншілікті одан әрі дамыту, оның жоғары өнімділігін қолдаудың балама жолдарын іздестіру проблемасы туындады. Европаның бірқатар елдерінде оқымыстылар мен практиктер биологиялық егіншілікке көшуді ұйғаруда.
Далалық және қуаң далалық аймақтардың құрғақшылық жағдайында арамшөптердің өсуіне мүмкіндік беретін негізгі фактор ылғал болып табылады. Павлодар АШҒЗИ-да көп жылдық ғылыми зерттеулер (1999-2008 жж. ) нәтижесінде жаңа негізді арамшөптерге күресу технологиялары дайындалды және қолданысқа енгізілуде. Жаңа технологияда гербецидтердің тарау құрылғысы көмегімен сақтау және тиімді пайдалану көлемі жыл сайын 9, 8-11, 0 мың га-ны құрайды. Жаңа технологияның өнімділікке қосымшасы механикалық жағынан салыстырғанда көбірек және бұл көрсеткіш тиісінше 5, 5; 5, 0; 4, 8 және 3, 0 ц/га-ны құрады.
Егіншілік саласында арамшөпке қарсы күрес есепке ала отырып міндеттерді анықтау жаңа шығыны төмен технологияларды зерттеп дайындауды және қолданысқа енгізуді талап етеді. Дән өңдірудің мұндай әдістері энергия және капиталы ауқымдыларға қарағанда бәсекеге қабілеттігі жоғары.
Арамшөп - егіс танаптарында өсетін жабайы өсімдіктер. Оның Қазақстанда 300-ден астам түрі бар. Егістік, шалғынды, жайылымды жерлерде, өзен-көл жағалауларында өседі. Арамшөп тамыр жүйесінің жақсы дамуына байланысты ылғалды, қоректік заттарды көп пайдаланады. Сондай-ақ ол егілген дақылды көлеңкелеп, фотосинтез процесінің жүруін нашарлатады, нәтижесінде егілген дақыл бойында органик. заттардың түзілуі нашарлайды, алынатын өнім төмендейді. Арамшөп - егіс зиянкестері мен ауру қоздырғыштардың мекені әрі оларды тарататын ортасы. Кейбір Арамшөптің тұқымы, жемісі (меңдуана, үй бидайық, сарғалдақ) адамды, малды уландырады. Арамшөп қолдан егілген дақылдар сияқты бір мезгілде емес, шұбалаңқы өніп көктейді әрі топырақта тіршілік қабілетін ұзақ мерзім сақтай алады. Мұның үстіне көптеген Арамшөптер сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына (суыққа, ыстыққа, құрғақшылыққа) төзімді келеді. Арамшөп негізінен паразитті Арамшөп және паразитті емес Арамшөп болып екі топқа бөлінеді. Паразитті Арамшөпке арамшырмауық, сұңғыла, т. б. жатады. Ең зияндысы - хлорофилі мен тамыры жоқ сұңғыла . Ол қасындағы дақылдың қоректік заттарын сорып алады. Паразитті емес Арамшөпке бір жылдық өсімдіктер (қара сұлы, итқонақ, қарабидай арпабасы, қара меңдуана, т. б. ) және көп жылдық өсімдіктерден (жатаған бидайық, ермен, шоңайна, кәдімгі түйетікен, т. б. ) болып бөлінеді. Арамшөпті жою үшін агротех. шараларды (себілетін тұқымды жақсы тазарту, көң шашу, Арамшөпті гүл жармас бұрын отау, ауыспалы егісті қолдану, топырақты сапалы өңдеу, дақылдардың қатар аралығын қопсыту, т. б. ) мұқият жүргізу, хим. гербицидтер (авадекс, илоксан, т. б. ) шашу және биол. әдістерді тиімді қолдану.
Арамшөптер - адамдардың қатысуынсыз мәдени дақылдармен бірге өсуге бейімделген ерекше өсімдіктер тобы. Мәдени дақылдарды өсіру үшін адамдар қолданған агротехника жүйесі арамшөптер үшін де қолайлы болды. Арамшөптер топырақтан керекті коректік заттар мен ылғалды бойына сіңіреді, арамшөптер жер өңдеу, егін жинауды ауырлатады, дақылдың өнімі мен сапасын төмендетеді. Олардың ішінде өте зияндылары карантинді шөптер тобы болып саналады.
Арамшөптер - пайдаланатын жерлерде өсіп-өніп, ауыл шаруашылығы дақылдарынан алынатын өнімдердің мөлшері мен сапасын төмендетіп, ауыл шаруашылық өндірісіке зиян келтіретін өсімдіктер.
Арамшөптер шабындықтар мен жайылымдықтарда да кездеседі. Улы, ірі сабақты, малдар жеуге жарамайтын өсімдіктер.
Ластаушылар - егілмеген, бірақ танаптағы дақылмен бірге өсіп-өніп, оны ластап және өнімнің сапасын төмендететін мәдени өсімдіктер.
Маманданған арамшөптер - белгілі бір дақылды немесе олардың тобын ластайтын арамшөптер. Маманданған арамшөптердің кең тарау-ына мәдени есімдіктермен биологиялық ұқсастығы себеп болады.
Агрофитоценоз - экологиялық тұрғыдан біркелкі территори-яда қалыптасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен арамшөптердің егістіктегі жиынтығы.
Арамшөптер ауыл шаруашылық өндірісіне орасан зор зияндар келтіреді. Олардың ішінен мыналарды атауға болады:
- арамшөптер мәдени өсімдіктерге қарағанда ылғалды көп мөлшерде пайдаланады;
- мәдени өсімдіктермен салыстырғанда қоректік заттарды әлдеқайда көп пайдаланады;
- арамшөптер тек топырактағы қоректік заттарды пайдаланып қоймайды, сонымен қатар сіңірілген тыңайткыштардың 30-35% пайдаланады;
- мәдени өсімдіктермен тек ылғал және қоректік заттар үшін ғана емес, сонымен қатар жарық үшін бәсекелестікке түседі;
- ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкес жәндіктері мен ауру қоздырғыштарының мекендейтін және тарататын ортасы болып та-былады;
- кейбір арамшөптердің тұқымдары, жемістері улы болып адамдарды және малдарды уландырады;
- арамшөптердің тамырлары өңдегенде ауыл шаруашылық маши-налары мен құралдарына түсетін кедергіні 30% дейін арттырып, жанар-жағар май көп жұмсалады, ауыл шаруашылық машиналары мен құралдарының жұмыс органдары тез қажалып немесе сынып қалады;
- ошаған, қара сұлы жєне басқада арамшөптер тікенектері, қылқан-дары арқылы малдарға зақым келтіріп, олардан алынатын өнім-дердің сапасын төмендетеді; топырактағы ылғал буланып ұшып, онын қоры азяды;
- арамшөптер алынатын өнімді күрт төмендетеді;
- арамшөптер тек алынатын өнімді ғана кемітіп қоймай, оның сапа-сын төмендетеді.
Арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері:
- арамшөптер өте өсімтал, яғни өте көп тұқым және вегетативтік көбею органын береді;
- көптеген арамшөп тұқымдары әр түрлі икемшілдігі арқасында кеңістікте жел, су, құстар, малдар және басқа жолдар арқылы тез және жеңіл тарайды;
- арамшөп тұқымдары топырақта өнгіштік қабілетін ұзақ уақыт, тіпті ондаған жылдар сақтайды;
- арамшөп тұқымдары бір мезгілде біркелкі көктеп шықпайды, олар шұбалаңқы көктейді, сондықтан оларды егін себер алдында бірден жойып жіберуге болмайды;
- қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына төзімді келеді;
- арамшөп тұқымдары топырақтың беткі (0-5 см) қабатынан жақсы көктеп шығады.
Өсімдік қорғау және карантин департаментінің мәліметі бойынша, карантинді арамшөптер арамсояудың 19 түрі 180 мың гектар жерге таралған. Сондықтан күрес уақытында барлық жерлерде жүргізіліп, агротехникалық, биологиялық және химиялық әдістерді қолдану арқылы ғана жоспарланған, сапасы жоғары өнім алуға болады
Арамсояу - бір жылдық паразит шөп, Қазақстанның барлық жерінде таралған. Дүниежүзілік флорада арамсояудың 274 түрі кездеседі. Қазақстанда тіркелген арамсояудың 19 түрі бар. Қазақстанның барлық облыстарында көп тараған түрі - далалық арамсояу. Бұл шөп 200-ден астам ауылшаруашылық дақылдарына зиянын тигізеді. Мысалы, далалық арамсояу басқан қант қызылшасы өнімінің 80%-ы, пияз-сәбіздің - 85%, жоңышқа өнімдерінің 95%-ы жойылады. Арамсояудың тұқымын жоңышқа тұқымынан ажырату қиын, осы себепті тауар өндірушілердің көп өнімдері сатуға жарамсыз болып жатады.
Арамсояу мәдени дақылдардағы зат алмасуды бұзады. Арамсояу түтікше тамырлары арқылы мәдени дақылға жабысып, ондағы органикалық, органикалық емес заттарды сорып алып, дақылды әлсіретеді, дақыл біртіндеп өсуін тоқтатып, қурайды. Арамсояу тұқымнан өседі, тарайды. Бір тұқымнан өскенде тұқымдағы қоректік заттарды пайдаланып 10-13 см. биіктікке көтерілгеннен кейін, тұқымдағы қоректік зат бітеді. Арамсояу топырақпен байланысын жояды, осы кезде оның сабақтары шыркөбелек айналып, қасында басқа шөптер болса, соған жабысып бүршік тамыршықтары арқылы қоректі заттарды сорып алып, өсіп-дами береді. Арамсояудың улылығы гүлдеген, тұқым пайда болған кезде күшейеді. Осы кезде арамсояуда алколоид-кускутин және глюкозид, конвольвулин көптеп жинақталады. Арамсояу араласқан мал азығы шіри бастайды, өзінің бағалы нәрлілігін жоғалтады. Сонымен қатар, жануарларды ауруға шалдықтырады.
Егістікті арамсояудан арылту үшін агротехникалық шаралардың жиынтығын қолдану керек, яғни ауыспалы егісті дұрыс қолдану (дақыл алмасу), жерді уақытында, сапалы өңдеу, тұқым себу мерзімі, дақылды күтіп-баптау, тиімді гербицид беру қажет. Зерттеу көрсеткендей, арамшөптің көбі зябьке жыртылған жерлерде жазғытұрым жерді тырмалағаннан кейін өседі.
Қаскелең тәжірибе шаруашылығындағы қызылша егістігінде арамсояу және басқа арашөптермен күресу үшін гербицидтер қолданылады. Арамсояу жаңа өсе бастаған кезеңдерінде жас сабақтар гербицидтер әсерімен тезірек жойылады, кейін арамсояу гүлдері сарғая бастағанда, гербицидтер әсері аз болады.
Ермен жапырақты ойран шөп - бір үйлі, бір жылдық шөп, күрделі гүлдер тобына жатады. Өсімдіктің сабағы тік, көп тармақты, жапырағы тарамдалған, жапырағының үстіңгі жағы қою жасыл, астыңғы жағы сұрлау. Өсімдіктің биіктігі 2 метр, тамыры 4 метр тереңдікке дейін жетеді. Құрғақшылық жылдары зияндылығы өте зор. Өсімдік тұқым арқылы таралады, жылу сүйгіш, 8-10 градус жылылықта 5 см. тереңдіктен сәуірдің аяғы, мамырдың басында жер бетіне шыға бастайды. Шөп шілде-тамыз айларында гүлдейді, дәні қыркүйек-қазан айларында толық піседі. Өсімдікті орып алғаннан кейін де шөп өсе береді де ауылшаруашылық дақылдарының өнімін 40-60%-ға дейін төмендетеді. Отаны Солтүстік Америка. Осы жерден Азияға, Еуропаға таралған. Қазақстанда Алматы облысында, Алматы қаласында және басқа аудандарда 6100 гектар жерде өседі.
Өсімдік гүлдеген кезде олардың миллиардтаған тозаң тәрізді ұсақ тұқымдары, ауа, жел арқылы көпшілік жерге тарайды, адамдардың денсаулығына зор зиян келтіретін, аллергия ауруы - полинозға ұшыратады. Ауру түрлері: ринит, конъюктивит, бронхы астмасы, бас ауруы.
Сондықтан егістікті ермен жапырақты ойран шөптен тазарту үшін бірлескен агротехникалық шаралар мен гербицидтер пайдалану керек.
Тікенек алқа-. Біржылдық шөп. Тамыры, сабағы тік, жапырағы кезекпен орналасқан, тарамдалған, тікенекті. Жер бетіне сәуір-мамыр айында шығады, тұқымды тамыз-қазан айларында береді. Әр өсімдік 3-3, 5 мың дән береді. Тұқымның өңгіштігі 1%, топырақта 10 жыл сақталады. Мәдени дақылдарды және басқа шаруашылықта пайдаланбайтын жерлерді ластайды. Химиялық әдістерден бидай егістігінде диален супер, жүгеріде харнес және диален, бюктрил препараттары, картоп, сәбіз егістігінде стомп, рейсер, соя және көкөніс дақылдарында трефлан, стомп препараттарын қолдану керек.
Карантинді шөптердің тұқымы басқа жерлерге тарамау үшін барлық жер иелері төмендегідей карантин тәртібін сақтау керек. Карантинді шөптер, олардың тұқымы бар жерлерге тұқым шаруашылығын орналастыруға болмайды. Себілуге арналған тұқымды мемлекеттің тұқым инспекциясының куәлігінсіз себуге болмайды. Карантинді шөптердің тұқымы араласқан материалдарды жеке бөлмелерде сақтау керек және бұл тұқымдарды басқа шаруашылықтарға беруге болмайды. Жануарларға тұқым қалдықтарын ұсақтап қайнатыңқырап беру керек. Жемге жарамайтын қалдықтарды отқа жағып, не жерге 1 метр тереңдікте көміп актілеу керек. Бұл қалдықтарды далаға, суға тастауға болмайды. Жол жағаларында, бос жатқан жерлерде, арық жағаларында өсіп тұрған арамшөптерді гүлдену кезінде, тұқым беруге жеткізбей құрту керек. Карантинді шөптер басқан жерлерден орып алған егінді таза жерлерден алынған өніммен араластырмай, бөлек жерде сақтау керек. Егін жинауға қатысқан техникалардың барлығын, қоймаларды уақытында тазалап отыру керек.
1. 2 Арамшөптерді агробиологиялық жіктеу.
Қазақстанда арамшөптердің 300-ден, ал ТМД елдерінде 2500-ден аса түрлері өседі, сондықтан оларды жіктеуге тура келеді. Ол мына белгілері бойынша жүргізіледі:
- мекендейтін орнына байланысты арамшөптер қоқыс немесе сы-пырынды, егістік, жайылымдық және шабындық болып бөлінеді. Қоқыс (сыпырынды) арамшөптер қора-қопсы, мал фермасы, үй маңайлары, жол жиектері басқа жерлерде өседі. Егістік неме-се аңыздық арамшөптер ауыл шаруашылық дақылдары егісінде, ал жайылымдық және шабындық арамшөптер жайылымдық пен шабындықтарда өседі.
- биіктігі бойынша - жоғарғы, ортаңғы және төменгі қабат арамшөптері;
- агробиологиялық топтары бойынша - арамшөптер қоректену тәсілі, өмір сүру ұзақтығы, вегетациялық өсу мезгілі, тамыр жүйесінің ерекшеліктеріне қарай жіктеледі.
Қоректену тәсілі бойынша арамшөптер паразитті, жартылай паразитті және паразитті емес деп бөлінеді.
Паразитті арамшөптер өздерінің фотосинтезге қабілетін жоғалтқан, басқа өсімдік-иелері арқылы қоректенетіндер. Олар өсімдік иесінің сабағы (арамшырмауық) немесе тамыры (сұңғыла) аркылы қоректенеді.
Паразитті емес арамшөптер өмір сүру ұзақтығы бойынша азжыл-дықтар - бір немесе екі жыл өмір сүріп, бір рет және көпжылдықтар - екі жылдан артық өмір сүріп, бірнеше ұрпақ беретіндер.
Тамыр жүйесінің ерекшеліктері бойынша көпжылдықтар атпата-мырлылар, тамыр сабақтылар, кіндік, түйнектамырлар, өрмелегіштер, саусақтамырлылар болып бөлінеді.
Арамшөптерді есепке алу тәсілдері. Арамшөптермен тиімді күрес жүргізу үшін ең алдымен оларды есепке алып, содан кейін жоюды жоспарлау керек. Егістіктің, топырақтың арамшөптенуін және арамшөп тұқымдарымен ластануын есепке алу үшін: көзбен мөлшерлеу, сандық, таразылық, сандық-таразылық, зертханалық әдістер қолданылады.
1. 3. Азжылдық арамшөптер, өкілдері
Жаздық арамшөптер көктемде пайда болып, ерте пісетіндері ауыл шаруашылық дақылдарын егін себер алдындағы агротехникалық шара-лармен жойылады, ал кеш пісетіндері егін жиналғанға дейін жиналғаннан кейін немесе пісіп жетіледі де егіске өте үлкен зиян келтіреді. Бұл топқа келесі арамшөптер жатады:
Жаздық ерте пісетін арамшөптер
Алабұта - Марь белая - Chenopodium album. Алабұта тұқымдастарына жататын ерте пісетін жаздық арамшөп. Алабұтаның жапырақтары мен сабағы ұн тәріздес жұқа ақ қабықпен жабылған. Гүлдері өңсіз. Тұқымының сыртында қатты қауашағы бар, сондықтан оларды алдын ала буламаса, жануарлардың асқазанында қорытылмай, олардың қиымен бірге түседі, сөйтіп танаптарды ластайды (2. 1-сурет) .
Барлық ауыл шаруашылық дақылдарына, әсіресе отамалы дақылдарға, өте зиянды. Сабағы тік, бұтақталған, биіктігі құнарлы топырақта 1, 5 м кейде оданда биік болып өседі. Бір өсімдігі орташа 200 мың, ал кейбір өсімдіктері 700 мың тұқымға дейін береді.
Жануарлардың ас қорыту органдарынан өткеннің өзінде де өнгіштік қабілетін жоймайды. Олар полиморфты, өйткені бір өсім-діктің өзінде үш түрлі тұқымдар кездеседі: ірі, жалпақ және қоңыр.
Тұқымдары, піскен жылы өніп-өседі, майдалау, тұқымының қабығы қалың, қара түстілері екінші жылы өседі, ал өте майда, дөңгелек, қара тұқымы тек үшінші жылы ғана өседі.
Тұқымының өнгіштігі 8-жылға, өмір сүру ұзақтығы 38-жылға дейін сақталады. Үсікке төзімді, 8-10 см тереңдіктен көктеп шығады. Қолайлы жағдай болғанда ерте көктемнен күзге дейін өсе береді.
Алабұта жаздың екінші жартысында пісіп жетіледі. Негізінен дәнді (күріштен басқа), бұршақ тұқымдас дақылдарды, жүгері, мақта, қант қызылшасы, картоп егістерін ластайды.
Күрес шаралары: Өңделмейтін жердегі алаботаны гүлдегенге дейін шабады. Ауыл шаруашылық дақылдары егістіктерінде, оны «ақ жіп» фазасында тырмалау жақсы нәтиже береді. Әр түрлі дақылдарда пайдала-натын гербицидтердің көпшілігіне сезімтал, сондықтанда оны топыраққа және көктеген кезінде шашатын гербицидтермен жоюға болады.
Егістік қыша - Горчица полевая - Sinapis arvensis. Айқышгүлділер тұқымдасына жататын, ерте пісетін бір жылдық арамшөп. Сабағы тармақтанған, түкті, биіктігі 100 см-ге дейін жетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz