ГРАММАТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ ГРАММАТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯНЫҢ СИПАТЫ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

СӨЖ

Пәні: - - - Қазақ тілі сөзжасамы
Уәждемесі

Тақырыбы: - - - - - - - - Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты еңбегіндегі сөзжасам теориясы

Орындаған: Тайбекова Қ.
Тексерген:Салқынбай А. -

Кіріспе

Грамматиканың басты объектісі тілдің грамматикалық
құрылысын танып, оның негізгі ерекшеліктерін анықтауда
оған тән басты-басты грамматикалық ұғымдарды ажыратып, олардың
ерекшеліктерін, сипатын айқындап алу қажет. Өйткені
тілдің грамматикалық құрылысы сала-сала жүйелерден
құралады да, олардың тұтастығы сол жүйелерге тән белгілі
заңдылықтардың негізінде болып отырады. Ол жүйені
айқындап, заңдылықтарын ашу үшін, ондағы грамматикалық
әр түрлі амал-тәсілдерді, сөздердің белгілі бір ортақ қасиеттері
арқылы топ-топқа бөлінуін, олардың мағыналары мен сөйлеу
процесіндегі қызметтерін білу қажет. Демек, сөздің сөйлеу
процесіндегі басқа сөздермен әр түрлі қатынастарының
негізінде пайда болатын ішкі мәндері, оның көрінісі болатыны
сыртқы түр-тұлғасы, солардың барлығы негізінде сөйлемдегі,
т. б. тілдің грамматикалық құрылысымен байланысты болса,
оның өзіндік ерекшеліктері тағы да сездің грамматикалық
сипатымен анықталады. Сөйтіп ең басты грамматикалық
ұғымдарға грамматикалық мағына оның берілу тәсілінің
бір түрі грамматикалық форма және осы екеуінің жүйелі
жиынтығы құрайтын грамматикалық категория дегендер
енеді. Бүл үшеуі бір-бірімен диалектикалық бірлікте болып,
тілдің грамматикалық құрылысын құрайды да, қалған жекеле-
ген грамматикалық единицалар мен құбылыстар, жүйелер осы
ұғымдардан туындайды.

§ ГРАММАТИКАЛЫҚ МАҒЫНА ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

Тілдегі әрбір сөздің нақты лексикалық мағынасымен бірге жалпы
грамматикалық мағынасы да болады. Сөздің лексикалық
мағынасы - нақты, ұғымдық мағына яғни бір сөзден екінші сөзді
айыратын реестрлік сөздік мағынасы болса грамматикалық
мағына - сөздің тым жалпы мағынасы, сол сөздің әр түрлі
тұлғалар арқылы түрленуінің нәтижесінде немесе басқа
сөздермен әр алуан қарым-қатынасқа түсу салдарынан пайда
болатын және сөздерді бір-бірінен бөлмей, керісінше белгілі бір
грамматикалық топтарға ортақ қасиеттер арқылы біріктіретін
жалпы мағыналары болып табылады. Грамматикалық мағынаның берілу
тәсілдері деген ұғым белгілі бір мағына типтерінің (түрлерінің) не арқылы
және қалай берілуінің тілдік қабат негізіндегі жиынтығы, тобы
болып табылады да, ол өз ішінде жекелеген түрлерден тұрады.
Міне грамматикалық мағынаның белгілі бір берілу тәсілінің
бірнеше түрлері болуы мүмкін. Сол түрлер ол тәсілдің немесе
мағына берілудің жолдары деп аталады.
Грамматикалық мағынаны білдірудің ең бірінші тәсілі
-семантикалық тәсіл. Ол - сөздің лексикалық мағынасының
абстракцияланып, жалпылануы арқылы іске асады. Сөйтіп,
жалпы грамматикалық мағына пайда болады. Екінші - син-
тетикалық тәсіл. Грамматикалық мағынаның синтетикалық
тәсіл арқылы берілуінің тіл білімінде бірнеше жолы бар. Олар:
қосымша қосылу жолы, яғни грамматикалық тұлғалардың
(формалардың) үстелуі арқылы грамматикалық мағынаның
берілуі, префикс қосылу жолы, яғни сөзге префикс (приставка)
қосылу арқылы грамматикалық мағынаның берілуі; ішкі флек-
сия жолы, яғни сөздің ішкі кейбір дыбыстарының өзгеруі, алма-
суы, қосылуы арқылы грамматикалық мағынаның берілуі; екпін
арқылы, яғни екпіннің өзгеруімен грамматикалық магынаның
берілуі, супплетивті жол, яғни грамматикалық мағынаның
жеке-жеке сөздер арқылы берілуі. Үшінші - аналитикалық
тәсіл.
Грамматикалық мағынаны білдірудің бұл көрсетілген
тәсілдері мен жолдары бір тілде толық кездесе бермеуі мүмкін.
Бір тілде олардың кейбіреулері ғана қолданылуы мүмкін. Қазақ
Тілінле бұл тәсілдердің кездесетіндері мыналар:
Семантикалық тәсіл. Лексикалық мағынаның жалпыланып, абстракңиялануы
арқылы жалпы грамматикалық мағынаның пайда болуы. Мысалы, белгілі
бір топ сөздердің жалпы зат атауын немесе заттың сынын я санын, немесе
жалпы қимыл, іс-әрекетті білдіру, сөйтіп, белгілі бір топтарға
жіктелуі.
Синтетикалық тәсілдің қазақ тілінде ең жиі кездесетіні -- қосымша арқылы
грамматикалық мағынаның берілуі.
Әсіресе форма тудыратын қосымшалар арқылы неше алуан грамматикалық
мағына беріледі: көптік, тәуелдік, жақтық
мағыналар, жіктік жалғау арқылы жақтық, жекешелік-
көпшілік мағыналар, септік жалғаулары арқылы қимыл, іс-
әрекеттің иесі, меншіктілік, тура және жанама объектілік,
мезгілдік, мекендік-бағыттық, қүралдық-амалдық сияқты
мағыналар, шырай жүрнақтары арқылы бір тектес сынның са-
лыстырмалы я күшейтпелі сипаты, етіс жүрнақтары арқылы
қимыл, іс-әрекеттің субъекті мен объекті арасындағы әр түрлі
қатынастарды білдіру, болымсыз етістік жүрнағы арқылы сол
қимылдың болмауы, шақ жұрнақтарц арқылы сөйлеп түрған
сәтпен байланысты қимылдың болып кеткенін, я болып
жатқанын, я әлі болмағанын білдіруі,
рай тұлғалары арқылы қимылдың болу-болмау шартын, тілек-
ниетін, біреуге бұйыруын, т. б. білдіруін көрсетуге болады.
Негізгі (толық мағыналы) сөз бен көмекші сөздің тіркесуі
арқылы да грамматикалық мағынаның берілуі қазақ тілінен
үлкен орын алады. Негізгі сөздерге септеулік шылаулар тіркесу
арқылы мақсат, себеп, арнау, мекендік, мезгілдік, саралау,
ұқсату, жәрдемдік, көмектік, мөлшерлік сияқты мағыналар
үстеледі. Мысалы,
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ- барды, ертегіні термек үшін деген
сөйлемдегі үшін шылауы
тіркескен ермек, термек сөздеріне мақсат мәнін үстеген.
Ал демеулік шылаулар өзі тіркескен сөзге я түгел сөйлемге
әртүрлі күшейткіш, сұрау, болжам, шектілік тәрізді мән
үстейді. Ашаршылық жоқ па? Ақ жағы қалай? Сауыны тәуір
ер бар ма? Осының бәрін қадағалап сүрайды (М. Әуезов). -
Шүғаның белгісін сіз білмейтін шығарсыз-ау! - деді (Б. Май-
лин). Сондай-ақ көмекші етістіктердің өздері қатысты негізгі
сөздерге (етістікке не есім сөздерге) үстейтін грамматикалық
мағыналары сан алуан.
Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі әр тілде әр түрлі
қызмет атқарады. Қазақ тілінде ол (сөздердің орын тәртібі) -
грамматикалық мағына білдірудің негізгі бір жолы болып табы-
лады. Сондықтан да сөйлемде сөздердің (сөйлем мүшелерінің)
белгілі түрақты орын тәртібі бар. Ол орын тәртібінің өзгеруі
белгілі бір мән үстелумен байланысты болады.
Сөздердің орын тәртібінің өзгеруі
олардың грамматикалық мағыналары мен сөздер арасындағы
синтаксистік қатынастардың мүлдем өзгеріп кетуіне де се-
беп болады.

§ ГРАММАТИКАЛЫҚ ФОРМА

Грамматикалық мағына әр түрлі тәсілдер арқылы беріледі..
Грамматикалық мағынаны білдіретін синтетикалық тәсілдің
бір типі - грамматикалық формалар. Яғни грамматикалық
мағынаның белгілі бір түрі, атап айтқанда, категориялық
грамматикалық мағына грамматикалық формалар арқылы
беріледі. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Грамматикалық категория және оның түрлері
Грамматикалық ұғымдар
Грамматикалық категория
Грамматикалық категория туралы түсінік
Септік категориясының мағыналары
Етістік форманттарының қазақ тіліндегі құрылымдық жүйесі
Грамматикалық категориялар
Тілдің грамматикалық құрылысы, оның қызметі
Әр түрлі тілдерде грамматикалық жақ категориясы
Сөздің грамматикалық мағынасы
Пәндер