Ғылымсыз жасалған дүние ойсыз дүние



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

СӨЖ

Пәні: - - - 19 ғасыр әдебиеті
Тақырыбы: - - - - - - - - Абайдың қарасөздеріндегі ғылымға, кәсіп игеруге қатысты тұжырымдар.

Орындаған: Тайбекова Қаракөз
Тексерген: Карбозов Ерхан -

Жоспар
Кіріспе
Абай шығармашылығының мағыналық бейнесі
2) Абайдың қарасөздеріндегі ғылымға, кәсіп игеруге қатысты тұжырымдар.
3)Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Абай өз шығармаларында рухани жұтаңдықты, білімсіздікті, көкірек көзінің мөрлілігін, надандықты, имансыздықты, тоғышарлықты, енжарлықты, жалқаулықты, сөзуарлықты, екіжүзділікті, күншілдікті, мақтанқұмарлықты, мақтансүйгіштікті, дүниеқоңыздықты, мансапқорлықты, көрсеқызарлықты, менмендікті, мақтаншақтықты, еңбексіздікті, әділетсіздікті, сатқындықты және т.б. қай замандарда болмасын адам бойында болатын моральдық-этикалық қасиеттерді сөз ете отырып, адам баласының бойындағы қасиеттерін жақсартуға, жетілдіруге, толықтыруға, жаман қасиеттері болса солармен күресуге, оларды ауыздықтауға талаптануы керектігін түсіндіріп, ғасырлар бойына адамзат баласының ақыл-ойында ұшталып келе жатқан, діни-пәлсафалық, моральдық-этикалық, интеллектуалдық, адамгершілік тұжырымдамасы - толық адам ілімін адамзат қоғамына мұра етіп қалдырды. Абай аңсаған Толық адам - идеалды адам ба? Өмірде толық адам болып өмір сүру мүмкін бе? Абайдың толық адамы тек діни-моральдық бағдарлы ғана адам ба?

Абай шығармашылығының мағыналық бейнесі

Абай шығармаларының құндылығын тек қана діни құндылықтарға алып келіп тіреп қоюға болмайды. Абай дін тақырыбында өте терең білімді ғұлама болғанымен, әсіре діншіл, не діндәр емес. Ол туралы Абай өз қара сөздері мен өлеңдерінде анық айтып кеткен. Ал отарлау езгісіне түсіп, рухани-этикалық тұрғыдан ұсақталып бара жатқан халқына, тура жол мен тура дінді нұсқау барысында ғибратты діннің ілімін түсіндіріп, тәрбиелік, танымдық мақсатта көптеген ойларын қалдырған. Ол тұста дүмше молдалық пен дүмше діншілдіктің кең қанат жайған тұсы болғандықтан, асыл діннің маңызын түсінген ақын, халықты клерекализмнен, соқыр діннен, соқыр діни санадан сақтандырып, діни қажеттілікте де мол оқу мен ізденіс керектігін халықтың санасына сіңдірген. Жалпы адам өмірінің, адамзат тіршілігінің мәнін дінсіз таразылау қандай мәнсіз болса, адамзат өмірінің құндылығын тек дінмен ғана түсіндіру, дінмен ғана шектеу сондай мәнсіз. Дана Абай ұлыларға ғана тән тереңдікпен, діни таным мен қоғамдық сананы, ғылымды, жалпыадамзаттық мәңгілік құндылықтарды сабақтастырып, адамзаттық ілімді, Адам бол қағидатын ұстанып, сол ілімді барша адамзатқа үндейді.

Абайдың қарасөздеріндегі ғылымға, кәсіп игеруге қатысты тұжырымдар

Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпейді, бойды шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады. Қазақтар: Ә, құдай, жас баладай қайғысыз қыла гөр! деп тілек тілегенін өзім көрдім. Онысы - жас баладан гөрі өзі есті кісі болып, ескермес нәрсесі жоқсып, қайғылы кісі болғансығаны. Қайғысы не десең, мақалдарынан танырсың: әуелі - Түстік өмірің болса, күндік мал жи, Өзіңде жоқ болса, әкең де жат, Мал - адамның бауыр еті, Малдының беті - жарық, малсыздың беті - шарық, Ер азығы мен бөрі азығы жолда, Ердің малы елде, еріккенде қолда, Берген перде бұзар, Алаған қолым - береген, Мал тапқан ердің жазығы жоқ, Байдан үмітсіз - құдайдан үмітсіз, Қарның ашса, қаралы үйге шап, Қайраны жоқ көлден без, қайыры жоқ елден без деген осындай сөздері көп, есепсіз толып жатыр.
Сол қиын сәттерде,ел басына күн туған кездегі қазақтардың өмірінің мәніне малдың айналғаны Абай дананың жүрегіне жара болып тиіп,қағазға жазбасқа болмағаны анық байқалады.Мақал-мәтелдердің бекерден-бекер,еш себепсіз туындамайтынын білеміз.
Қара халық білім үшін,ілім үшін емес осы қу дүниенің соңынан сормаңдай болып жүргендігі,мал үшін қам жейтінін,сол малды қалай тапсам,қалай көбейтсем деген ойлары дана Абайды ойландырса керек.Білімсіз адам ештеңе етпес,бастысы бай,малды болуы керек деген ой,сананың қай уақытта қалыптасып үлгергенін түсінбегендей.Бізде мақалға мән беріп қарар болсақ, "Өзіңде жоқ болса,әкең де жат" делінген.Сонда,әкенің қадірінен осы малды,дүниені жоғары қойғаны ма? Білім жолын осы дүние мүліктің басып алғаны ма? . "Малдының беті-жарық,малсыздың беті - шарық".Сонда осы дүние малмен өлшенгені ме,малсыз адам адамғұрлы болмағандығы ма?

Оныншы қара сөзінде Абай қартайған шағындағы өкінішін қағазға түсірген десек тура айтқанымыз:

" Және мал тілейсіңдер, неге керек қылайын деп тілейсіңдер? Әуелі, құдайдан тілеймісің? Тілейсің. Құдай берді, бергенін алмайсың. Құдай тағала саған еңбек қылып мал табарлық қуат берді. Ол қуатты адал кәсіп қыларлық орынға жұмсаймысың? Жұмсамайсың. Ол қуатты орнын тауып сарып қыларды білерлік ғылым берді, оны оқымайсың. Ол ғылымды оқыса, ұғарлық ақыл берді, қайда жібергеніңді кім біледі?.. Ерінбей еңбек қылса, түңілмей іздесе, орнын тауып істесе, кім бай болмайды? Оның саған керегі жоқ. Сенікі - біреуден қорқытып алсаң, біреуден жалынып алсаң, біреуден алдап алсаң болғаны, іздегенің - сол.
Бұл - құдайдан тілеген емес. Бұл - абыройын, арын сатып, адам жаулағандық, тіленшілік. Хош, сүйтіп жүріп-ақ мал таптың, байыдың. Сол малды сарып қылып, ғылым табу керек. Өзің таба алмасаң, балаң тапсын. Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбір ғибадат орнына бармайды. Ешбір қазақ көрмедім, малды иттікпен тапса да, адамшылықпен жұмсаған. Бәрі де иттікпен табады, иттікпен айрылады. Бейнет, күйігі, ызасы - сол үшеуінен басқа ешнәрсе бойында қалмайды. Барында баймын деп мақтанады. Жоғында маған да баяғыда мал бітіп еді деп мақтанады. Кедей болған соң, тағы қайыршылыққа түседі."
Осы сөздерінен ой түйер болсақ жалындап тұрған жастық шақта істелуі керек көптеген істер өз кезегінен қалып,қартайған шақта арманға айналып жатқаны байқалады. Қиналған кезімізде Алладан жәрдем сұрап,мал сұрап, кәсіп сұраймыз.Осы жолда Алла аман берсе де,оны дұрысынан қолданбаймыз.Дайын дүниені күтіп,өзімізді шаршатпаймыз.Алланың еңбек ет,асыңды адалынан жеу үшін берген күшін тиімсіз пайдаланамыз.Керексіз дүниелер бар күш жігерді құртып аламызда,Аллаға келесі бір күні мұңымызды шағып отыратынымз қалай?
Кәсіптен жоғары саты тұратын ғылым жолына дең қоймай,жастықтың буымен білім,ілім іздемеу нағыз ақымақтың ісі екендігін Абай ақын екі сөзінің бірінде айтып отырған.
Жоғарыда айтылып өткендей ғылымсыз ахирет те жоқ,дүниеде жоқ.Ғылымсыз жасалған дүние ойсыз дүние.

Абай Құнанбаев он сегізінші қара сөзін мына бір сөздерімен аяқтайды:
" Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақтық."
Ия,Абай атамыздың осыдан қаншама жыл бұрын айтып кеткен сөздері,дәл қазіргі заманымыздың бейнесі бейнелеп беретінін қайдан білейік.Айналамызға зер салып қарар болсақ бар шындық осы.Адамды келесі бір адамнан ерекшелетіп тұрған қасиеті сол адамның ақылында,ізденісінде,көркем мінезінде.Ғылым мен көркем мінез қатар жүреді.Оқыған адам көркем мінездің қандай болатыннын біледі,ал көркем мінезділер ғылым қуған адамның ертеңінің қандай болатынын біледі.
Ал байлықтың арқасында әлде басқа бір адал емес жолмен озам деуші адамдардың санасына әлі көптеген нәрсені сіңдіру қажет.

Өзінің отыз бірінші қара сөзінде осы ақыл мен ғылымды тоздыратын төрт дүниені саралап жазып беріп,олардан мейілінше алшақ жүруге шақырады:
1) Ең әуелгісінде көкірегі байлаулы берік болмақ керек.Яғни,қалыспау керек.Керек дүниелердің барлығын жанына жақын тартып білуі,көруі қажет.Тайсалмай,білім алудан қорықпау қажет.
2) Екіншіден -- сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек.Қолынан келгенше сол дүниеден сабақ алып,өзіне ғибрат жинай білуі керек.
3) Үшіншіден -- сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек.Яғни,бір рет қана қарап қоя салмай,ой санасынан өткеріп,түбіне түсіп түсінгенше ойлануы қажет.
4) Төртіншіден - ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Яғни,адам нәпсіні жеңе білуі керек.

Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім Құдайбердіұлының діни дүниетанымы
Бастауыш сыныпта Абай шығармаларын оқыту туралы
Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармалары тілінің лексика-грамматикалық ерекшеліктері
Абайдың қара сөздерінің құндылығы
Зейнолла Серікқалиевтің публицистикасы
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОЙЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Абай Құнанбаевтың діни-ағартушылық бағыттағы туындылары
Шәкәрім поэзиясындағы адамгершілік құндылықтар
Қысқаша айтқанда, рухани жаңғырудың бағыттарын айқындайтын өмір сүру философиясы
Жүректің ақыл сауыты
Пәндер