Қаржылық емес агенттерге берілетін несие



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс

Тақырып: Займдар бойынша шығындар есебі

Орындаған:Түймебек А.Е.
Тобы: Эф-19-7к1
Қабылдаған:Атенова К.А.

ЖОСПАР
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Кредиттер мен заемдардың бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың теориялық негіз ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1. Несиенің мәні, мағынасы және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Заемдар ұғымы, олардың жіктелуі мен нормативтік-құқықтық реттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2. Займдар бойынша шығындар есебін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.1. Кәсіпорындағы заемдар бойынша шығындарды тану ... ... ... ... ... ... ... ... .15
3. Кредиттер мен заемдардың бухгалтерлік және салықтық есебін ұйымдастыру ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
3.1. Кредиттер мен заемды алу мен беру операцияларын құжаттық рәсімдеу тәртібі мен есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Қазақстан экономикасының дамуының өзекті мәселерінің бірі, қаржы - қаражат саласындағы нарықтық кезеңге бейімді, тұрақты несие жүйесінің құрылуы болып табылады.
Курстық жұмыс тақырыбының мақсаты. Кәсіпорында несие мен заемдардың бухгалтерлік есебін жүргізу ерекшеліктерін қарастыру.
Курстық жұмыс тақырыбының мақсатына жету үшін келесідей міндеттер қойылады:
- Несиенiң мәнi; мағынасы және түрлерiн анықтау;
- Заемдар ұғымы, олардың жіктелуі мен нормативтік-құқықтық реттелуін қарастыру;
- Кәсіпорындағы заемдар бойынша шығындарды тану ерекшеліктерін қарастыру;
- Кредиттер мен заемды алу мен беру операцияларын құжаттық ресімдеу тәртібін қарастыру;
- Кредиттер мен заемдарды бойынша есеп айырысулардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы қазақстандық кәсіпорын мысалында несие мен заемдар шоттары бойынша операциялардың теориялық зерттеулерін практикалық тәжірибемен салыстырудан тұрады. Сондай-ақ жұмыста кредиттер мен заемды алу мен беру операцияларын құжаттық ресімдеу тәртібі, несие мен заемдардың бухгалтерлік және салықтық есебін жүргізу егжей-тегжейлі зерттелді.
Несие жүйесі ұғымы банк жүиесіне қарағанда кеңірек , яғни мұнда өзге де несиелік мекемелер қамтылады. Әр елдің өзіндік ерекшелігіне қарай несие немесе банк жүйесінің құрылымы қалыптасады.
Ізденіс әдістері мен объектісі. Тасада ЖШС болып табылады. Тасада несие мен заемдардың есебін зерттеу.
Бұл курстық жұмыста несие мен заемдардың бухгалтерлік және салықтық есебі ұсынылған және негізделген, ол Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасының қалыптасуы жағдайында жеткілікті тиімді болып табылады және Қазақстан кәсіпорындарында қолданылуы мүмкін.
Практикалық қажеттілігі. Несие айырбас сатысында пайда бола отырып, қарыз мәмілесінің формасы ретінде құн қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Құн несие қозғалысының ядросы болып табылады. Айырбас процесінде мәміленің екі түрі ажыратылады: қарыз мәмілесі және сатып алу-сату мәмілесі. Несие қарыз мәмілесі ретінде тауарлар айналысы процесінде себепші болады. Қарыз мәмілесі тауар айналысының ерекше формасы және сатып алу-сату кезінде тауарларды өзара ұсыну бір мезгілде жүреді, қарыз мәмілесі кезінде эквиваленттің қайтарылуы кейінге қалдырылады.
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.


1. КРЕДИТТЕР МЕН ЗАЕМДАРДЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1.1. Несиенiң мәнi; мағынасы және түрлерi

Қазақстан Республикасының банк туралы заңдарында қамтамасыз етудiң әр түрлi формалары мен коммерциялық банктерге несие беру қарастырылған.
Кәсіпорындарды және басқа да ұйымдарды өндірістік және әлеуметтік қажеттіліктеріне байланысты банктік несиені беру несиелеу қағидаларын қатаң сақтау негізінде жүзеге асырылады.
Несие - бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несиенің берілу процесі - бұл қоғамдағы экономикалық өзара байланыстарды алып жатқан күрделі құбылыстарды білдіреді. Сондықтан да, несиенің экономикалық категория ретіндегі мәнін тереңдей ұғыну несиелеудің негізгі қағидаларын анықтап білмейінше жеткіліксіз болып саналады. Несиелеуді ұйымдастыру негізі мынадай қағидаларға сүйенеді:
-несиенің мақсаттылығы;
-несиенің мерзімділігі немесе қайтарымдылығы;
-несиенің ақылылығы;
-несиенің қамтамасыз етілуі;
-несиенің сыйақылылығы [1].
Несиелеудің соңғы қағидасы шетелдік банктік тәжірибеде бірінші классты қарыз алушылар үшін жиі қолданылады. Мұндай жағдайда несие сыйақы ретінде ешқандай да қамтамасыз етілмеген түрде беріледі.
Несиенің мақсаттылығы несиелеудің басты қағидасы ретінде, несиенің қандай мақсатқа сұралып отырғандығын сипаттайды.
Мерзімділік - бұл белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне негізделетін несиенің ерекше бір белгісі. Бұл қағида несие берушінің қарыз алушыға берген қаражатының белгілі бір уақыт өткен соң қайтарылуға тиістігімен қорытындалады. Осыдан барып несиенің қайтарымдылық қағидасы туындайды.
Несиенің қайтарымдылық қағидасы оны экономикалық категория ретінде, басқадай тауарлы-ақшалай қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратады. Себебі, қайтарылмайтын несие болмайды.
Несиенің мерзімділігі - несиенің тек қана қайтарылып қоймай, яғни оның қатаң белгіленген мерзімде қайтарылуға тиістігін көздейді. Несиенің мерзімділігі ссуданың берілу жағдайын сипаттайтын басты көрсеткіш. Ол негізінен банк пен клиент арасында жасалатын несиелік келісім-шарт құжатында көрсетіледі. Егер де келісілген уақыт өтіп кетіп, ссуда қайтарылмаса, ол уақыты өткен ссудалардың қатарына жатқызылады. Уақыты өтіп кеткен несиелер көрсеткіші қаншалықты төмен болса, соғұрлым банк қызметі тұрақты және оның зиян шегу ықтималдығы біршама төмен болып келеді.
Несиенің ақылылығы - бұл қарыз берушінің қарыз алушыға берілетін қаражатын қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатындығын білдіреді. Іс жүзінде ақылылық - бұл несиені пайдаланғаны үшін төленетін пайыз түрінде беріледі. Қарыз алушының ссуданы пайдаланғаны үшін төлейтін пайызын несиенің бағасы деп атайды.
Қазіргі банктердің несие үшін пайыз мөлшерін белгілеудегі ескеретін басты факторларына мыналарды жатқызуға болады:
-орталық банктің коммерциялық банктерге беретін ссудалар бойынша белгіленетін пайыздың базалық мөлшері;
-банкаралық несие бойынша орташа пайыз мөлшері;
-өз клиенттеріне депозиттік шоттар бойынша төлейтін орташа пайыз мөлшері;
-банктің несиелік ресурстарының құрылымы;
-несиеге деген сұраныс;
-несиенің сұралатын мерзімі мен түрі;
-еліміздегі ақша айналысының тұрақтылығы.
Несиелеудің келесі бір қағидасы - берілетін несиелердің материалдық жағынын қамтамасыз етілуі. Бұл қағиданың пайда болуы несиенің экономикалық категория ретінде шығуымен бірге келеді.
Бүгінгі күнгі несиенің қамтамасыз етілу формасы ретінде: кепіл, кепілдеме, сақтандыру міндеттемелері, тапсырма қолданылуда.
Кепілге берілетін ссуда - бұл қарыз алушының активтерімен қамтамасыз етілген несие болып табылады. Бірақ, кепілге берілген активтер қарыз алушының иелігінде қалып, оның пайдалануында болады
Қазіргі кезде банк өзінің 1-ші классты қарыз алушыларына қамтамасыз етілмеген, яғни сенім немесе бланктік несие де береді.
Жалпы алғанда, несиелеудің мәнін 1 сызбада мынадай 3 элемент арқылы ашуға болады:

Сызба 1. Несиелеудің мәні

Осы үш элемент несиелік операциялардың, оның тиімділігінің түсінігін анықтайды. Банктің несиелеудегі қызметі осылардың бірін-бірі толықтыруының негізінде алға жылжиды. Ал, оларды біріктірмей, керісінше, ажыратсақ, бұл банк ссудасының қайтарылмауына, барлық жүйенің құлдырауына әкеледі.
Несиелеу субъектісі әрекет қабілеттілігі бар, несиелік мәмілелерді жасауға материалдық немесе басқа кепілдігі бар заңды немесе жеке тұлғалар болып табылады. Оларды келесідей сыныптауға болады:
-мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар;
-кооперативтер;
-акционерлік қоғамдар;
-жеке еңбекпен шұғылданатын азаматтар, жалға берушілер;
-банктер;
-билік органдарын, біріккен кәсіпорындар, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдарды қоса алғанда басқа шаруашылықтар.
Субъектілер бойынша несиелерді бөлу несиелеу жүйесінде тағы бір сыныптама түсінігін тудырады - несие түрлері бойынша бөлу. Ол экономикалық және ұйымдастырушылық қатынаста белгілі-бір нақты несие мәмілесіне тән жиынтық белгілерін көрсетеді. Несиелік мәміленің экономикалық белгілері - бұл несиенің өзінің белгілері, олар бірегей болады. Ұйымдастырушылық белгілер әрбір жеке жағдайларда әр түрлі болуы мүмкін. Осы салалық бағытталушылыққа қарай өнеркәсіптік, сауда, банкаралық несиелерді бөлуге болады. АҚШ-та ссудаларды сыныптаған кезде ауыл шаруашылық несиелерді бөледі.
Заңды тұлғаларға берілетін несие түрлері мыналар: лизингтік, ломбардтық, овердрафт, овернайт, контокорренттік, факторингтік, форфейтингтік, онкольдық, бланктік және т.б. Әрқайсысына түсінік беретін болсақ, лизингтік несие өндіріске керекті құралдарды сатып алушыларға берілетін несие.
Ломбардтық несие - құнды заттарды, бағалы қағаздарды кепілге ала отырып берілетін несие.
Овердрафт - банктің қысқа мерзімді өтімділігін қамтамасыз етуге арналған бір күндік несие.
Овернайт - бір түнге берілетін несие түрі.
Контокоррентік - несиелік желі арқылы активті-пассивті шот бойынша берілетін несие.
Факторингтік - жабдықтаушының дебиторлық қарызын ала отырып берілетін несие. Ол қысқа мерзімге, 180 күнге дейін беріледі.
Форфейтингтік - экспортерға импортердің төлеуге тисті төлем талабын сатып алуын білдіреді. Бұл тек халықаралық қатынаста вексель және чекті пайдаланып жүзеге асырылады.
Онкольдық - банктің 1-ші класты клиенттеріне талап етуге дейін берілетін несие [2].
Бланктік немесе сенім несиесі - қамтамасыздандырусыз берілетін несие түрі.
Несиелеу объектісіне келетін болсақ, бұл - несиенің пайдалану заты, яғни несиенің іске асырылу аясы деп түсінуге болады.
Қазақстанның банктік тәжірибесінде қысқа мерзімді несиелеу объектісіне Экономиканы қысқа мерзімді несиелеу Ережесіне сәйкес, банк несиесі есебінен құралатын өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларының бір бөлігі жатады. Несиелеу объектісі материалды құндылықтар, өндіріс және айналыс шығындары түрінде, сол сияқты, егер несие материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда, банк алдындағы шаруашылық ұйымның міндеттемесі ретінде де болады. Материалды қамтамасыз етілген несиелеу обьектісіне өндірістік шикізат қорлары, негізгі және көмекші материалдары, жанармай, ыдыстар, сатып алынатын жартылай өнімдер, азықтар және басқа да материалды құндылықтардың маусымдық жинағы және өнеркәсіптегі дайын өнімдердің және сауда ұйымдарындағы тауарлардың маусымдық қорлары жатады. Мұндай қорларды жасау өндіріспен және өнімдерді сату процесімен тығыз байланысты. Несиелердің жіктелуі және провизиялар құру 1 кестеде көрсетілген.

1 кесте - Несиелердің жіктелуі және провизиялар құру

Жіктелуге байланысты несиелер тобы.
Жалпы негізгі қарыз сомасы.
Соның ішінде, несие бойынша негізгі қарыз.
Ережеге сай негізгі қарыз сома-н провизия мөлшері,()
Барлық нақты провизия сомасы.
Соның ішінде 2 графадағы несиелер бойынша провизия сомасы.
Қам-тамас-сыз ету құны.

1
2
3
4
5
6
1.стандарты

0

2.күмәнді:

1)1-санатты күмәнді төлемді уақытылы және толық төленген жағдайда.

5

2)2-санатты күмәнді төлемді кешіктіргенде не толық төлемеген жағдайда.

10

3)3-санатты күмәнді төлемді уақытылы және толық төленген жағдайда.

20

4)4-санатты күмәнді төлемді кешіктіргенде немесе толық төлемеген жағдайда.

25

5)5-санатты күмәнді

50

3.үмітсіз

100

Барлығы


Шаруашылық айналысындағы меншікті қаражаттар мөлшері бүгінгі күні берілуге жататын несие мөлшеріне, сондай-ақ несиелік қабілетін анықтау барысындағы клиенттің кластық дәрежесін сипаттайтын көрсеткіштерге әсер етеді.
Бүгінгі таңдағы қалыптасқан жүйе несиенің уақытында қайтармау тәуекелін төмендетіп, клиенттің несиелік қабілетін ескереді. Сондай-ақ, коммерциялық банк қарыз алушыны төлем қабілетінсіз деп жариялай отырып, оны қайта ұйымдастыру және тарату туралы сұрақты қоюға құқылы.
Несиенің қамтамасыз етілу принциптеріне де байланысты өзгерістер болды. Тәжірибе көрсеткендей, ссудалардың тауарлы-материалдық құндылықтар қалдығымен қамтамасыз етілуі олардың уақтылы қайтарылуына кепіл болмады. Сондықтан да қамтамасыз етілмеген ссудаларды бұрынғы тәжірибеде қалыптасуына байланысты түсіну банк тарапынан жіберілмеуге тиіс. Қайтару тұрғысынан алғанда, толық кепілдігі жоқ ссудалар ғана біршама сенімді несиелер болып табылады [3].
Жалпы, кәсіпорындарды несиелеудің өзгерген жүйесі біршама дәрежеде нарықтық қатынастарға сай келетін үлгі ретінде оларды бағалауға мүмкіндік жасайды.
Несиенің түрі -- бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісі.
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің түрі сол күйінде сақталады.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Олар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
Қарыз алушылар категорияларына қарай:
Қаржылық институттарға берілетін несиелер:
- мақсатты қорларға;
- банктерге;
- қаржы-несиелік мекемелеріне.
Қаржылық емес агенттерге берілетін несие;
- өнеркәсіп салалрына;
- ауыл шаруашылығына;
- саудаға;
- дайындау ұйымдарына;
- кооперативтерге;
- жеке кәсіпкерлерге.
Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.
Мерзіміне қарай:
- қысқа мерзімді;
- орта мерзімді;
- ұзақ мерзімді.
Тағайындалу және пайдалану сипатына қарай:
- негізгі қорларға жұмсалатын;
- айналым қаражатына жұмсалатын.
Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
- қамтамасыз етілген: кепіл-хатпен, кепілдемемен, кепілдікпен;
- сақтандырылған;
- қамтамасыз етілмеген [4].
Қайтарылу дәрежесіне қарай:
Стандартты несие -- қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай күмән жоқ несиелер;
Күмәнді несиелер -- қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел тудыратын несиелер. Соңғы қабылданған қабылданған активтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінар бөлінеді: 1,2,3,4,5-санатты күмәнді.
Үмітсіз несиелер -- қайтару уақыты кешіктірілген,мерзімі өткен ссудалар шотына жазылған несиелер.
Валютамен берілуіне қарай:
Тұтыну несиесі -- бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілген несие.
Ипотекалық несие -- бұл қозғалмайтын мүліктерді кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несиені білдіреді.
Овердрафт несиесі -- клиенттің шотынан қаражатты шегеру, дебеттік қалды бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.
Овернайт несиесі -- өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін банкаралық несиенің түрі.
Онкондық несие -- кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа мерзімді несие.
Банкаралық несие -- банктердің бір-біріне берілетін несие.
Ломбардтық несие -- тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепілге алып, берілетін несие.
Лизингтік несие -- құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берілетін несие.
Рамбурстық несие -- шикі заттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат пен дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланылатын несие.
Сенім несиесі -- банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары клиенттерге берілетін несие.
Маусымдық несие -- жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жауға арналған несие.
Консорциялдық несие -- ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердің өзара қосылып беретін несиелері.
Қазақстанның банктік жүйесінде әр түрлі несие түрлері кездеседі. Олар келесі нысандарға бөлінеді:
1) Жұмыс істеу саласына байланысты:
негізгі қорлардың кеңейтілген ұдайы өндіріске қатысатын несиелер;
өндіріс саласына бағытталатын және қызмет қөрсету саласына бөлінген несиелер айналыс қор ұйымына қатысатын несиелер;
2) Қолдану мерзіміне байланысты:
талап етуге дейін;
мерзімді, оның өзі 3-ке бөлінеді:
1) қысқа мерзімді (бір жылға дейін);
2) орта мерзімді (бір жылдан үш жылға дейін);
3) ұзақ мерзімді (үш жылдан жоғары);
3) Мөлшеріне байланысты: ірі -- орта -- кіші;
4) Қамтамасыз етуі бойынша: қамтамасыз етілмеген және қамтамасыз етілген болып бөлінеді. Сипаты бойынша кепілдікті қамтамасыз ету: кепілдеме беру және сақтандырылған болып бөлінеді;
5) Несиені беру тәсілі бойынша:
-- компенсациялы;
төлемді;
6) Төлем әдістері бойынша:
бөліктеп төлеу төлемі;
бір жылғы төлем [4].
Бұл жіктелім толық емес, себебі осының негізінде жеткілікті мақсатты нысанда жатыр.
Несие жалпы мағынасында банктің делдалдық қызметін білдіреді.
Қазіргі несиелеу жүйесінде шаруашылық ұйымдардың меншікті және зайымдық қаражаттар арасындағы шекті қатынасты белгілеуде мемлекет тарапынан қандай-да бір әмір жүргізу жоқ. Шаруашылық ұйымдардың қызметтерінің коммерциялық негізі, экономикалық тұрғыда олардың меншікті қаражаттарын зайымдық қаражаттар үшін толық материалдық жауапкершілікте болуын жүктейді. Мұнда зайымдық қаражаттар ретінде тек қана банктік несие емес, сол сияқты ақшалай және тауарлай формасындағы шаруашылықаралық несие қарастырылады. Кәсіпорындарға кімнің қаражатын және қанша көлемде зайымға алу туралы өздері анықтауға құқық берілген, ал оларды пайдалану шарты келісім-шартта анықталады.

1.2. Заемдар ұғымы, олардың жіктелуі мен нормативтік-құқықтық реттелуі

Меншік нысанына және қызмет түріне қарамастан ұйымдар жылдың жекелеген кезеңдерінде немесе өндірістік және коммерциялық қызметтің ерекшелігі нәтижесінде меншікті ақша қаражаттарында жетіспеушіліктерді бастан өткізе алады. Бұл жағдайда олар тауар-ақша қатынастарының пайда болуына байланысты экономикалық санаттарға жататын кредиттер немесе заемдар алуға мәжбүр. Кредит қарыз қатынастарының дербес түрі болып табылады, оны құқықтық реттеу кредит шарты туралы нормалар ғана емес, сонымен қатар кредит шартының мәніне қайшы келмейтін бөлігінде қарыз шарты туралы нормалар негізінде жүзеге асырылады [5].
Қазіргі заманғы шаруашылық процесте несие пайызының негізі болады, егер несие алмасу санаты болса, онда несие пайызын тарату санаты ретінде қарастыру керек. Коммерциялық ұйымдар ретінде банктер ақша ресурстарын ақылы сатып алуға экономикалық мүмкіндігі жоқ - олар несиені ақылы негізде сатады. Несиенің ақылы сипаты және оның қозғалысын капитал ретінде тудырады, ал осы себепті несие пайызын өндіріп алу қазіргі заманғы несие беру жүйесінің негізгі ережесіне айналады.
Әлбетте, кредиттің негізі ретінде оның материалдық процестерге негізделген қайтарымдылығын құн айналымының аяқталуында дұрыс деп санауға болады. Несиені қайтару босаған қаражаттың болуы несие алушыға уақытша пайдалануға алған ақша қаражатын қайтаруға мүмкіндік туғызған сәтте туындайды. Екі жақты процесс бола отырып, қайтарымдылық кредитор үшін де, қарыз алушы үшін де маңызды. Несие беру түріндегі құнды несие беру кредитор үшін сыйға тарту актісі болып табылмайды: ол ақшаны немесе заемға құндылығын береді, оларды кері алу сөзсіз, тіпті өсіммен.
Қарыз алушы үшін алынған кредит сый болып табылмайды, өйткені несиені пайдалану несие құнын уақтылы босатуды және оны қайтаруды қамтамасыз етуді көздейді [5].
Құнның қайтарымды қозғалысы кезінде заң тарапы белгілі бір мерзімге берілетін кредитке меншік кредитордан заем алушыға өтпегендіктен, яғни қаражаттың меншік иесі кредитор болып қала береді, заем алушы ақшаны немесе құндылықтарды уақытша иелену құқығына ғана ие болады. Бастапқыда заем алушыға берілген кредит заем алушының шаруашылығында айналым жасағаннан кейін банкке қайтарылады. Бұл несиені басқа экономикалық санаттардан ажыратады және тәжірибе үшін принципті маңызы бар: уақытша бос ресурстарды жинақтайтын банктер оларға өз капиталы ретінде билік етуге құқылы емес, өйткені несие негізінде орналастырылатын ақша қаражатының меншік иесі банк клиенттері - заңды және жеке тұлғалар болып қалады.
Сондықтан несие беру туралы шешім қабылдағанға дейін банк несие түрінде заңды және жеке тұлға берген ақша қаражатын кері ала алатындығын талдау қажет. Демек, қайтарымдылық объективті сипат болып табылады, және дәл осы себеп бойынша банктің өтеусіз негізде кредит беруге мүмкіндігі жоқ, әйтпесе оның ақшасын осы иелеріне қайтаруға мүмкіндігі болмайды. Кредит бойынша қайтарымдылықты заңды түрде бекіту кредиттік мәмілеге қатысушылар жасасатын шартта міндетті түрде көзделеді [6].
Кредиттің әлеуметтік-экономикалық негізі оның қоғамдық сипатында қарастырылған. Кредит өзінің мәні бойынша қоғамдық мақсаттарды іске асыруға ықпал етеді, бұл ретте:
-несие құны міндетті түрде қайтарылатын құнды қайтару қамтамасыз етіледі;
-кредитордың да, қарыз алушының да мүдделері сәйкес келеді;
- кредиттік қатынастар тараптарының бірінің мүдделері басым бола алмайды.
Тауар өндірісі мен тауар айналымы жағдайында кез келген ұйымның қызметінде қаражаттың айналым айналымы, тауарлық және тауарлық құнының ақшалай нысанын ауыстыру жүргізіледі [6].
Әрбір айналым ақша айналымынан басталады және ақшамен аяқталады, бұл ретте сатып алу-сату жүзеге асырылады, яғни құнның ақшалай және тауарлық нысандарын ауыстыру. Дайын өнімді сату (өткізу) тауар-материалдық құндылықтарды өндіру үшін қажетті материалдар мен шикізаттың жаңа партиясын сатып алумен уақыт бойынша сәйкес келмейді. Мұндай сәйкессіздік нәтижесінде ұйымда уақыттың бір кезеңінде қаражаттың артық болуы, ал екіншісінде - олардың жетіспеушілігі пайда болады. Осыдан несие немесе заем тарту қажеттілігі пайда болады, яғни қаражаттың жетіспеушілігінің уақытша орнын толтыру. Әрбір ұйымның басқа ұйымдардың айналымымен сәйкес келмейтін айналым қаражатының дербес айналымы болады, осыған байланысты басқа ұйымның уақытша бос ақша қаражаты есебінен бір ұйымның ақша қаражатын уақытша тарту үшін жағдайлар жасалады. Кредиттің екі нысаны экономикалық орынды: банктік және коммерциялық. Банк несиесін банктер жүзеге асырады, ал коммерциялық несиені бір ұйым екіншісіне береді. Банктер өз клиенттеріне қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер ұсынады.
Алайда, банктік несиені дамытумен қатар, елде бір ұйымның (қарыз берушінің - лицензиясы болған жағдайда) басқа ұйымға (заем алушыға) қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді заемдар беру үрдісі бар. Заем алушы ұйымның қарыз шартында көзделген талаптарда басқа заңды және жеке тұлғалардан (қарыз берушілерден) алатын ақша қаражаты немесе басқа да заттар қарыз қаражаты болып табылады. Қарыз қаражатын шетелдік практикада тарту дәрежесі жөнінде әртүрлі пікірлер бар. Меншікті капиталдың үлесі жеткілікті үлкен болуы тиіс деген пікір көп таралған. Өйткені, өз капиталының жоғары үлесі бар ұйымға кредиторлар қаражатты барынша мұқият салады, ол үлкен ықтималдықпен қарызды өз қаражаты есебінен өтеуге болады.
Қарыз қаражаты белгілі бір мүлікпен қамтамасыз ету үшін, үшінші тұлғалардың кепілдігімен немесе берілген вексельдер мен облигацияларға алынуы мүмкін; қайтару (өтеу) мерзімдері бойынша - ұзақ мерзімді (12 айдан астам мерзімге), қысқа мерзімді (12 айдан кем мерзімге), жедел (өтеу мерзімі басталмаған немесе ұзартылған) және мерзімі өтіп кеткен (өтеу мерзімі өтіп кеткен). Бұл ретте қарыз алушы ұйым ұзақ мерзімді берешекті қысқа мерзімді берешекке аударуды жүзеге асыра алады немесе шарт бойынша өтеу мерзімі көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін 12 айдан асатын оның иелігіндегі қаражатты ұзақ мерзімді берешек құрамында есепке ала алады. Бірінші жағдайда берешекті қысқа мерзімге аудару қарыз қаражатын қайтарғанға дейін 365 күн қалған күнге жүргізіледі: валюта алу бойынша - ҚР валютасында, шетел валютасында және шартты ақшалай бірліктерде; заемдар мен кредиттерді алумен және пайдаланумен байланысты шығындар құрамы бойынша. Мұндай шығындардың құрамына келесілер кіреді: а) заем берушілер мен кредиторларға төлеуге тиесілі пайыздар; б) төлеуге тиесілі вексельдер мен облигациялар бойынша пайыздар мен дисконт; в) заемдар мен кредиттерді алуға байланысты жүргізілген қосымша шығындар; г) шартты ақшалай бірліктерде қарыздарды бағалау кезінде проценттер бойынша анықталған сомалық айырмалар.
Заң Қазақстан аумағында бухгалтерлік есеп пен есептіліктің бірыңғай әдіснамалық құқықтық негізін құрайтын негізгі ұғымдар мен ережелерге арналған баптардың әр қатарын бөле отырып, бес тараудан тұрады [6].
Заем алушыға бухгалтерлік есепте ұзақ мерзімді берешекті көрсетудің екі нұсқасының бірін таңдау құқығы берілген.
Бірінші нұсқа заем немесе кредит шарты бойынша өтеу мерзімі көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін ұзақ мерзімді берешек құрамында 12 айдан асатын қарыз қаражатын ескеруді көздейді. Екінші нұсқа қарыз немесе кредит шартының талаптары бойынша борыштың негізгі сомасын қайтарғанға дейін 365 күн қалған кезде ұзақ мерзімді берешекті қысқа мерзімді берешекке аударуға негізделген. Ұзақ мерзімді берешекті есепке алу нұсқасын таңдау ұйымның есеп саясатында бекітілуі тиіс. Заемдар мен кредиттерді алуға және пайдалануға байланысты шығындарды былайша жіктейді:
-олардан алынған қарыздар мен кредиттер бойынша қарыз берушілер мен кредиторларға төлеуге тиесілі пайыздар;
-төлеуге тиесілі вексельдер мен облигациялар бойынша пайыздар, дисконт;
-заемдар мен кредиттер алуға, қарыз міндеттемелерін шығаруға және орналастыруға байланысты жүргізілген қосымша шығындар;
-алынған және көрсетілген заемдар мен кредиттер бойынша төлеуге тиесілі проценттерге жататын, шарт талаптары бойынша проценттерді есептеу сәтінен бастап оларды нақты өтеуге (аударуға) дейін пайда болатын бағамдық және сомалық айырмалар.
Алынған заемдар мен кредиттер бойынша шығындар ағымдағы шығыстар, яғни олар жүргізілген кезеңнің шығыстары болып танылады. Осы шығындарды ағымдағы шығыстарға енгізу көрсетілген төлемдер қандай нысанда және қашан іс жүзінде жүргізілетініне қарамастан, ұйым жасаған қарыз шарттарына және кредиттік шарттарға сәйкес тиесілі төлемдер сомасында жүзеге асырылады. Ұйымның ағымдағы шығыстарына енгізілетін алынған заемдар мен кредиттер бойынша шығындар оның операциялық шығыстары болып табылады және ұйымның қаржылық нәтижесіне енгізілуге жатады. Материалдық-өндірістік қорлар мен негізгі құралдарды сатып алуға алынған кредиттер мен заемдар бойынша шығындар ерекшелігі болып табылады. Егер ұйым алынған қарыздар мен кредиттердің қаражатын материалдық-өндірістік қорларды, басқа да құндылықтарды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алдын ала төлеуді, сондай-ақ оларды төлеу есебіне аванстар беруді жүзеге асыру үшін пайдаланған жағдайда, онда көрсетілген заемдар мен кредиттерге қызмет көрсету жөніндегі шығыстарды қарыз алушы ұйым өзінің дебиторлық берешегін ұлғайтуға жатқызады. Материалдық-өндірістік қорлар мен өзге де құндылықтарды алғаннан, жұмыстар орындалғаннан және қызметтер көрсетілгеннен кейін алынған заемдар мен кредиттерге қызмет көрсетуге байланысты шығыстар операциялық шығыстарға жатқызылады.
Инвестициялық активті сатып алуға немесе салуға жататын алынған заемдар мен кредиттер бойынша шығындар осы активтің құнына енгізілуі және амортизацияны есептеу арқылы өтелуі тиіс. Амортизация есептелмейтін инвестициялық активті қалыптастыруға байланысты алынған заемдар мен кредиттер бойынша шығындар осындай активтің құнына енгізілмейді, ал ұйымның ағымдағы шығыстарына жатқызылады. Алайда алынған заемдар мен кредиттер бойынша шығындарды инвестициялық активтің бастапқы құнына қосу келесідей шарттар болған кезде жүргізілетінін ескеру қажет:
-инвестициялық активті сатып алу немесе салу бойынша шығыстардың туындауы;
-жұмыстардың нақты басталуы;
-заемдар мен кредиттер бойынша нақты шығындардың болуы [7].
Заем және кредиттер бойынша шығындарды инвестициялық активтің бастапқы құнына қосу активті негізгі құралдар объектісі немесе мүліктік кешен ретінде бухгалтерлік есепке қабылдаған айдан кейінгі айдың бірінші күніне дейін қажет. Көрсетілген күннен кейін заемдар мен кредиттер бойынша шығындар ағымдағы шығыстарға жатқызылады. Егер инвестициялық актив пайдалануға берілгенге дейін пайдаланыла бастаса, онда шығындарды пайдалану айынан кейінгі айдан бастап ағымдағы шығыстардың құрамына қосу қажет.
Заемдар бойынша қосымша шығындарды есептен шығару құрамы мен тәртібі туралы;
-бойынша тиесілі кірістерді есептеу және бөлу тәсілдерін таңдау туралы;
-заем қаражатын уақытша салудан түскен кірістерді есепке алу тәртібі туралы.
Ұйымның бухгалтерлік есептілігінде:
-заемдардың, кредиттердің негізгі түрлері бойынша берешектің болуы және мөлшерінің өзгеруі туралы;
-берілген вексельдер мен орналастырылған облигациялардың көлемі, түрлері, өтеу мерзімдері туралы;
-заемдардың, кредиттердің, басқа да заемдық міндеттемелердің негізгі түрлерін өтеу мерзімдері туралы;
-операциялық шығыстарға және инвестициялық активтердің құнына енгізілген заемдар мен кредиттер бойынша шығындардың сомалары туралы ақпарат көрсетілуге тиіс.

2. ЗАЙМДАР БОЙЫНША ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

2.1 Кәсіпорындағы заемдар бойынша шығындарды тану ерекшеліктері

ТАСАДА ЖШС мемлекеттік қайта тіркеу қатысушылар құрамының әзіріне байланысты жүргізіліп оны мемлкеттік тіркеген күні 29.09.1998 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет Департаментімен тіркелген 9374-1958-ЖШС тіркеу номері БСН 9809400007888.
Серіктестіктің қатысушылары:
-Жеке куәлігі 014154079 Қазақстан Республикасының ІІМ 23.04.2003 жылы берілген ОҚО, Шымкент қаласы, Әлімбетов көшесі 45В-37 пәтер мекен жайы бойынша тұратын ҚР азаматы Каттебеков Талгат Алтынбекович.
-Жеке куәлігі 014567921 Қазақстан Республикасының ІІМ 30.06.2003 жылы берілген ОҚО, Шымкент қаласы, Қайтпас-1 мөлтек ауданы, Алматы көшесі15 мекен жайы бойынша тұратын ҚР азаматы Алпысова Кульзабира.
-Жеке куәлігі 021133556 Қазақстан Республикасының ӘМ 20.07.2007 жылы берілген ОҚО, Шымкент қаласы, Қайтпас-1 мөлтек ауданы, Алматы көшесі15 мекен жайы бойынша тұратын ҚР азаматы Каттебекова Сауле Алтынбековна [8].
Қатысушылардың Серіктестіктің міндеттемелері бойынша жауап бермейді және Серіктестіктің қызметімен байланысты шығындарды, өздерінің кұны шегінде тәуекел етеді.
Серіктестік өзінің міндеттемелер бойынша барлык мүлкімен жауап береді. Мемлекет Серіктестіктің карыздарына жауап бермейді. Серіктестік мемлекеттің қарыздарына жауап бермейді.
Серіктестік заңда көрсетілген жағдайлардан өзге кездерде өзінің қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Серіктестік өзінің атынан шарттар жасасуға, мүліктік және мүліктік емес жеке кұқықтарды алуға, сотта талапкер және жауапкер болуға құқығы бар.
Серіктестік мөрі, дербес балансы, банктерде шоттары, өзінің фирмалық атауы бар бланкілері болады.
Серіктестіктің мекен-жайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Сайрам ауданы, нөмерсіз үй.
Серіктестіктердің қызметінің мақсаттары және мәні.
1.Серіктестіктің кызметінің негізгі мақсаты жарғылык қызметінен таза табыс алу болады.
2.Серіктестіктің қызметінің мақсаты болып табылады:
-Саудаделдалдық, көтерме-даналап саудалау;
-Құрылыс материалдарын сату, сатып алу, сақтау, тасымалдау
-Құрылыс және сантехникалық материалдарын сатып алу және сату;
-Қазақстан Республикасы тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлері.
Серіктестіктің лицензияланатын қызмет саласындағы құқықтық қабілеті тиісті лицензия алған сәттен бастап пайда болады және заң актілерімен белгіленген тәртіпте оның алып қойылған, қолданылу мерзімі біткен немесе жарамсыз деп табылған кезінен бастап тоқтатылады.
Серіктестіктің жарғылықты капиталы қатысушылардың салымынан тұрады және 65000 теңге құрайды. Мемлекеттік тіркеу мерзіміне жарғылық капитал толық құралған.
Каттебеков Талгат Алтынбекович-18200 теңге, 28% құрайды.
Алпысова Кульзабира-37050 теңге, 57% құрайды.
Каттебекова Сауле Алтынбековна-9750 теңге, 15% құрайды [8].
Серіктестіктің мүлкі.
Серіктің мүлкін құрайтындар: негізігі қорлар және айналымдағы қорлар, сонымен қатар серіктестіктің қаржылық есебінде көрсетілген мүлік бағалары. Мүлік серіктестікке жеке меншік түрінде жатады.Серіктестік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктерге және үкіметке несиелер беру
Несие- нарықтық экономиканың тірегі ретінде
Банктің несиелік операцияларын басқару және талдау
Коммерциялық банктердің ШЫҒЫНДАРЫ МЕН ТАБЫСТАРЫ
Тұтынушылық несие
Капиталдың шоғарлануын жеделдету
Коммерциялық банктердегі күмәнді несиені басқару
Активті және пассивті операциялардың ерекшеліктерін анықтау
Банктің активтік операциялары
Тұтыну несиесінің түрлерімен мазмұны
Пәндер