Кикілжің мәселесінің теориялық аспектілері


Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасы Ата Заңның 27 бап, 2-тармағында «Балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» делінсе, «Қазақстан 2030» бағдарламаларында, Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілікті күнделікті есте ұстауы делінеді. Бұдан әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да инабатты, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуіне қоғам алдында өз жауаптылығын түсінуі керек [1] .
Отандық білім беру жүйесін реформалаудың қазіргі жағдайларында оқу тәрбие процесінің сапасы мен нәтижелілігін арттыру міндеттері оқушы-жастарды тәрбиелеу міндеттерін іске асыруды жаңа сапалық деңгейге көтеруді талап етеді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принцптері қатарына «оқыту мен тәрбиелеу бірлігі» принцпін қояды. [2] .
Қазақстан Республикасы оқушы-жастарды тәрбиелеудің тұжырымдамалық негіздері жас ұрпақ тәрбиелілігінің маңызды көрсеткіші болып табылатын мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеуді білім беру ұйымдарына оқушыларды тәрбиелеудің негізгі міндеттерінің бірі ретінде атап көрсетеді. [3. 4. 5. ] .
Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылы 27 қаңтарда Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты кезекті жолдауында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажет. Олар - патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тән мен жанның дамуы, заңға мойынұсынушылық ету қажеттігін баса ескертеді. Міне, осы жолдауды іске асыру үшін жоғарыда Президент атаған қадір-қасиеттердің дамып жетілуі кез-келген білім ордасында, тіпті отбасында бастау алуы қажет. Біздер педагогтар өз қызметімізде бұл жолдаудың орындалуын басты мақсат тұтамыз. [6] .
«Кикілжің» термині [10] сөздікте-субьектілердің өзара қарама-қарсы мақсаттары, мүдделері, өмірлік ұстанымдарының қақтығыстары. Кикілжің инциденттен басталады. Кейде бір жақ екінші жақтың мүдделерін кемітуге әрекеттенгенде. Конфликт мемлекетаралық, этностық, әлеуметтік, топаралық түрлерге бөлінеді. Алайда кикілжің конструктивтік түрде болуы мүмкін. Мәселені нәтижелі шешу жолын қарастырады.
Кикілжіңді барлық кезде біріңғай жағымды немесе жағымсыз деп сипаттауға болмайды. Сонымен қатар, адам мен табиғатқа өлшеусіз шығын әкелетін кикілжіңдер, күштеумен байланысты кикілжіңдер, шектелуі қажет, ең дұрысы ескертілуі керек. Соңғы акт кикілжіңді шешуден болмаса тиым салуға қарағанда тиімдірек. Сондықтан да, кикілжіңді алдын алу мәселесіне қоғамдық және де мемлекеттік институттарда көбірек көңіл бөлінеді. Негізінен, азаматтардың өміріне, денсаулығына, қоғамдық қызығушылығы мен жәдігерлеріне қауіп төндіретін криминалды және де мемлекетаралық кикілжіңге байланысты. 90 жылдары біздің елімізде және өзге елдерде де (А. Қ. Ш, Испания, Индия) ұлтаралық кикілжіңнің алдын ала ескертуге БҰҰ қауіпсіздік жөніндегі бас ассамблеясы және де аймақтық саяси-әскери ұйымдар (НАТО және т. б сияқты) маңызды халықаралық ұйымдар үнемі назар аударды.
Айта кететін жайт, ұлтаралық және мемелекетаралық кикілжіңді ескертудің нәтижесі көңіл көншітерлік емес. Кикілжіннің бастапқы кезеңінде өзгелердің араласуы кедергіге тап болуымен түсіндіріледі.
Бір жағынан қарағанда ондай араласу (ертерек ескерту тіптен «араласу») әлеуметтік жағынан пайдалы, себебі шешілуін күтуден қарағанда тиімдірек. Бұл қорытындының әділдігіне көз жеткізу үшін екінші дүниежүзілік соғыстың шығу тарихын еске түсіру де жеткілікті. Ондай араласу екі жақ та ішкі кикілжіңді елді жақтамаса сәтсіз болуы мүмкін. 1999ж. Наурыз айында НАТО-ның қарулы күштері ұлтаралық кикілжіңнің бір жағына әсер етті, ал бұған Ресей мен Қытай, Индияның негативті көзқарасын білдірді.
Екінші жағынан кикілжің (негізсіз емес) көп жағдайларда екіжақтың да жеке ісі ретінде де қарастырылады. Гуманизм тұрғысынан алғанда, өзгеге шешіміңді айту, екіжақты күштеп өз шешіміңді орындату әдепсіздік. Сондықтан да кикілжіңге араласу (ал ескерту-араласудың бір формасы) кикілжің жекелік (таптық) түрінен өзге топтардың (тасқындар, экологиялық апаттар) қызығушылықтарына әсер ететін қоғамдық мәселеге айналғанда ғана нәтижелілі болмақ.
Кикілжіңдер - қазіргі қоғамның әлеуметтік және саясаттық өмірінің маңызды құбылыстарының бірі болып саналады. Адамның қоғамдағы өмірі күрделі және жеке индивидтердің, сонымен қатар үлкен және кіші әлеуметтік топтардың қызығушылықтарының қақтығысынан жиі алып келетін қарама-қайшылықтарға толы екендігі баршамызға анық. Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік кризистік процестер, адамдардың психологиясына кері әсер етіп, олардың бойында кернеулік, ашушаңдық, қатігездік және т. б. жағымсыз қасиеттер тудырады.
Мұндай қасиеттер қоғамымызды көптеген қиыншылықтарға және көптеген кикілжіңдерге әкеп соқтырады. Статистика бойынша мұндай процесс әр түрлі әлеуметтік және демографиялық топтар арасында байқалады. Көбіне жастар немесе жетікншектердің кикілжіңге түскіштігінің көрсеткіші жоғары. Әсіресе, мектеп қабырғасындағы оқушылар арасындағы кикілжің мәселесі өзекті болып саналады. Оқушылардың, әсіресе жеткіншектердің жеке адам болып қалыптасуы барысында, бұл жеткіншек шақты басынан өткізуінде көптеген қиыншылықтарға кездеседі; әлпештеген балалық шақтан өз беттік өмір сүру, ағзаның гармониялық күрт өзгеруі факторлар баланың индивидтық қалыптасуында көптеген қара-қайшылықтар, түсінбеушіліктер туындап, қоршаған ортадағы тітіркендіргіштерге әр түрлі жауап қайтаруда өзгереді. Соған байланысты жеткіншектердің қылығы кикілжіңге жақын болады. Жеткіншектердің кикілжіңдік қылықтарының жаңа түрлері пайда болуда: жеткіншектер саяси ұйымдасқан экстремистер құрамында, бірлескен топтар құрамында болып, көптеген қылмыстық әрекет жасауда (соның ішінде, ішімдікке салыну, нашақорлық, бұзақылық, жезөкшелік, қоғамдық ержелерді бұзу, т. с. с. ), міне осындай факторлар көптеген кикілжіңдерге әкеп соқтырады. Сонымен зерттеудің өзектілігі жоғары сынып оқушылары арасындағы кикілжіңдердің алдын-алу және шешу қажіттілігнен туындап отыр. Кикілжіңді ескерту, бірінші кезекте ашық қарсы тұру басталғанға дейінгі элементтерге әсер етумен қорытындыланады. Сондықтан да кикілжіңнің сипаттамасы мен себебіне байланысты ескерту әртүрлі болуы мүмкін. [33]
Кикілжің мәселесі, көптеген ғалымдарды қызықтырған. Сонау көне грек философтары Гераклит, Эпикурден бері қарай көптеген ғалымдар зерттеген. Қайта өрлеу дәуірінде Т. Мор, Э. Ротердамский, Ф. Рабле, Ф. Бекон, Ж. Ж. Руссо, Д. Дидро, В. Д. Пристли, Ш. Монтескье, Вольтерлер өз үлесін қосты. Х1Х-ХХ ғасырда кикілжіңді зерттеу алға жылжыды. [28] Георг Зиммель, Р. Эзра Парк, Берджесс, А. Вудбери Смолл, ХХ-ғасырдың 50 жылдары Т. Парсонс, Э. Мэйо, В. Джаконини, Р. Дарендорфтар зерттеді. ХХ-ғасырдың 80-90 жылдары конфликтология ғылымына Бурдъе, Гидденс, Мейен, Скотт, Флигстайн, Муча, Михалскийлар өз үлесін қосты.
Ресей ғылымында кикілжің мәселесі қоғамдық ғылымдар үшін тиым салынған мәселе болған. Дегенмен де кикілжің ғылым салаларының нақты бір түрлеріне зерттеу обьектісі болды. Психологтар-ішкі кикілжіңді, философтар-қоғамдық қарсылықтарды, тарихшылар-соғыс және т. б. күрес түрлерін, заң қызметкерлері түрлі дәрежедегі кикілжіңдерді (халықаралық құқыққорғаушылар-мемлекетаралық кикілжіңдерді, криминалистер-қылмыстық әрекеттерді, «цивилистер»-мүліктік айтыстарды) қарастырды. Тек қана 90ж ғана кикілжіңдерді зерттеуге кеңінен жол ашылды. Әлеуметтанушылар Е. И. Степанов, А. Н. Чумиков, және т. б. өтпелі кезең кикілжіңдерін қарастырды. Этноконфликтілер Р. Абдулатипова, Л. М. Дробижевой, А. Здравамыслова және т. б зерттеу обьектісі болды. Сонымен қатар Ю. Г. Запрудский, А. К. Зайцев, В. Н. Кудрявцевалар Ресейдегі кикілжің мәселесінің беймәлім қырларын ашуға өз үлесін қосты.
Дегенмен де, педагогикалық іс-тәжірибе кикілжіңді шешудің психологиялық мәселелері әлі де жеткілікті деңгейде өз шешімін таппағандығын көрсетеді. Зерттеу жұмысы тақырыбы бойынша әдебиеттерді теориялық оқып үйрену және талдау жаңа парадигмалық тұрғыдан тәрбиелеу контексінде кикілжіңдік жағдайлар психологиялық тетіктері ғылыми әдебиеттерде өз дәрежесінде көрініс таппағандығын көрсетеді. Осыған байланысты магистрлік диссертация тақырыбы «Жоғары сынып оқушылары арасындағы кикілжіңді шешудің жолдары» деп алынды.
Диплом жұмысының мақсаты:
- жоғары сынып оқушылары арасындағы кикілжің мәселесін зерттеу.
- жалпы кикілжің ұғымының мәнін және табиғатын ашу;
- жоғары сынып оқушылары арасында туындайтын кикілжіңдердің түрлерін, туындау себептерін көрсету;
- кикілжіңдерді басқару, шешуіне және алдын алуына бағыт беру;
- жоғары сынып оқушыларының кикілжің жағдайларында, оны шешу барысында делдалдық әрекеттесудің маңыздылығын көрсету.
Диплом жұмысының міндеттері:
- кикілжің психологиясы жайлы отандық, ресейлік, шетелдік әдебиеттерге терең талдау жүргізу;
- кикілжің ұғымын аша отырып, теориялық және эмпирикалық тұрғыдан зерттеу;
- жоғары сынып оқушыларының арасындағы кикілжіңдердің маңыздылығын көрсету;
- жеткіншектік жас аралығындағы оқушылардың арасындағы кикілжіңдер, олардың жеке тұлғалық қарым-қатынастарындағы көрсететін жеке бастық қасиеттерінен туындайтынын экспериментальды зерттеу;
- жоғары сынып оқушыларының кикілжіңдерін шешу және алдын-алу мақсатында оқушылардың делдалдық әрекет етуінің маңыздылығын ашу;
- оқушылардың кикілжіңдерінің делдалдық әрекеттесу бағдарламасын ұсынып, соның көмегімен арнайы оқу жүйесін қалыптастырып, оқушылардың кикілжіңдерді басқара білу құнды дағдысын иеленуінің нәтижесінде, оның бүкіл өмірінің жолында жеке адам ретінде дамуына ықпал ету.
Зерттеу обьектісі: жоғары сынып оқушылары арасындағы кикілжіңдік жағдайлар.
Зерттеу пәні: Жоғары сынып оқушылары арасындағы кикілжің мәселесі.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Зерттеу жұмысымның нәтижесінде, жоғары сынып оқушылар арасындағы кикілжіңнің алдын-алу, шешуіне байланысты ұсынылған делдалдық әрекет мектеп оқушыларының кикілжіңді шешуіне көмек береді және мектеп әкімшлігі мен педагогтардың ағартушылық қызметінде маңызды рөл атқарады.
Зерттеу әдістері: Диплом жұмысын орындау барысында келесі псхологиялық зерттеу әдістері пайдаланылды: зерттеу бойынша әдебиеттерге теориялық талдау жасау; бақылау; психологиялық тестілеу; психологиялық эксперимент, консилиум; лонгитюдті әдіс; эксперимент нәтижелерін сандық және сапалық талдау;
Зерттеу барысында келесі әдістемелер қолданылды :
-Э. Хайттың «Сіз кикілжіңге бейімсіз бе?» проективті әдістемесі
-Э Хайт «Сіз кикілжің адамсыз ба?» сауалнамасы.
-К. Томастың «Кикілжіңдерді реттеп басқалардың тәсілін анықтау» тестісі.
- «Тұлғалық ҰЕҰБЕ (ОТКЛЭ) » сауалнамасы.
Зерттеуге қойылған мақсаттарды шешу мен болжамды тексеруде бірін бірі толықтырушы әдістер қолданылды: мектептегі кикілжің мәселесі бойынша еліміздегі және шетелдік әдебиеттерге теориялық талдау әдісі, оқушылардың кикілжіңге түскіш қасиеттерін анықтау және талдауға арналған әдістер; сауалнама, кикілжің жағдайларын болдырмау, алдын-алуға арналған түзету-дамыту жаттығуларының кешені.
зерттеу жұмысының теориялық құндылығы: Аталған проблеманы жан-жақты теориялық және әдістемелік тұрғыдан талдап зерттеу арқылы қазақ тілінде кикілжіңді ескертуде, шешудің психологиялық ерекшеліктерін айқындау жөнінде әдебиеттер қатарын толықтыруына көмектеседі. «Жоғары сынып оқушылары арасындағы кикілжіңді шешудің жолдары» мәселесінің мәнін аша отырып, оны алдын-алу, шешу, басқару мәселелері қарастырылды. Зерттеу барысында алынған мәліметтер мектеп оқушыларының арасындағы кикілжіңдер туралы психологиялық білімнің теориялық ұғымдарын толықтырады.
Диплом жұмысының құрылымы: Жұмыс, кіріспе, екі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады
Диплом жұмысының базасы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, А. Молдағұлова атындағы №29 жалпы орта мектебінің жоғары сынып оқушылары.
1 Кикілжің мәселесінің теориялық аспектілері
1. 1 Кикілжің проблемасының теориялық мәселелері
Кикілжіңдер күнделікті өмірдің бөлігі болып табылады. Әр күн сайын бұқаралық ақпарат құралдары әр түрлі конфликтілер жайлы хабарлайды. Көптеген адамдар күн сайын қандай да бір конфликтіге қатысады.
Кикілжің сөздікте қарама қарсы көзқарастардың соқтығысуы, кикілжіңнің мақсаттар мен қызығушылықтардың бөлінуі - деп түсіндіріледі.
Кикілжің әлеуметтік салада екі жақтың таласы, кикілжің ретінде олардың мүдделерінің, мақсаттарының қарам-қайшылығы болады. Келіссөздер саласындағы белгілі маман Р. Фишердің айтуынша, әлем неғұрлым әр түрлі болған сайын, соғұрлым көп мүдделер қайшылығы ситуацияларына тап болуға тура келеді.
Американ зерттеушісі М. Дойч кикілжің қоғам стагнациясын болдырмауға мүмкіндік береді, оның дамуына әкеледі, мәселелерді шешу ізденісіне себепші болады және т. б. сол сияқты. Сондай-ақ қарқыны аз, бейбіт жолмен шешілген кикілжіңдердің алдын алады. Осы айтылғандарға сүйене отырып, конфликтілердің олардың өршуімен, шешудің күштеу формаларына өтумен және т. с. с. байланысты жағымсыз функциялары ғана емес, сондай-ақ жағымды жақтары да бар екен деген қорытынды жасауға болады. Белгілі адамдардың пікірлерін пайдалана отырып, кикілжіңдер мен келісім бір медальдің екі жағы болып табылады, сондықтан «кикілжіңсіз қоғам бұл өлі қоғам деп айтуға болады». [33, 35, 36]
Мәселе кикілжіңдерді қалай шешуде? Кикілжіңді реттеу жолының немесе тәсілінің үш түрі бар:
- кикілжіңге қатысушы жақтардың біреуі (немесе барлығы)
жеңіске жетуге талпынады (бір жақты әрекеттер) ;
- үшінші жақтың көмегімен немесе олардың қатысуынсыз
қатысушылар өзара тиімді шешім табу үшін кикілжіңді туғызған проблеманы талқыға салады (бірлескен әрекеттер)
Алғашқы жағдайда кикілжіңге қатысушы жақтар ортақ мүдделердің жоқтығына икемделеді. Әрбір қатысушы басқасын күшпен бағындыруға тырысады. Мінез-құлықтың бұл типін өз уақытында Карл фон Клаузевиц егер қарсылас біздің ырқымызеға көнбесе, онда біз оны одан да жаман ситуацияға қалдыруға тиіспіз деп жақсы айтып кетті.
Жеңіске талпыну өз соңынан күштеуді туғызады, ал нәтижесінде, көбнесе мәселе шешімін таппай қалады. Екінші жол кикілжің потенциалының болуын елемеуді жөн көреді, бұл оның жинақталуына, ал кейін «тосыннан», стихиялы түрде шешілуіне әкеледі және көп жағдайда агрессияға ұласады. Үшінші тәсіл - келіссөздер арқылы өзара тиімді шешім табуға бағытталады. Көбнесе тәжірибеде үш тәсілдің бәрі бір мезетте іске асады, бірақ ішіндегі біреуі үстем болады. Тек шешімді бірлесіп іздеуге бағытталған кикілжіңнің жағымды функцияларын іске асыруға болады.
Сонымен, кикілжіңдерді реттеу мақсаты кикілжіңді жою немесе елемеуде емес, қайшылықтарды шешудің деструктивті, күшейту тәсілдерімен байланысты кикілжіңді мінез-құлықты болдырмауда, қатысушыларды өзара тиімді шешім табуға бағыттауда. [57; 35]
Аңыз, ертегілер мен идеяларда философтардың пікірлері өткен ғасырдағы тарихшылары мен жазушыларының кикілжіңінің себептері мен оны жеңудің мүмкін жолдарына тіптен кейде терең үңілген еңбектері кездеседі. Ол кезде кикілжіңді шешудің негізгі жолы көсемдер мен ақсақалдардың киелі билігін пайдалану болған. Дегенмен, ерте мемлекетті жүйенің тұлғаралақ қарым-қатынас барлық кезде тәртіпке шақырған жоқ, керісінше әлеуметтік әлсіздікті күшейтіп, өмір сүруді қиындата түсті. Сондықтан да жүздеген жылдар дүниенің төрт бөлігінде де, соғыс, жауласулар мен айтысулар тоқтаталып жарқын болашақ күтіп тұр деген үміт қана болды.
Кикілжіңді зерттеудің алғашқы әрекеттері грек философтарына тиесілі. Атақты грек философы (диалектик) Гераклит шамамен (530-470 б. з. д. ) өзінің соғыс және әлеуметтік кикілжіңуі жалпы жүйе туралы өз көз қарастарын айта бастаған. Ол үшін барлығы соның ішінде адамаралық қарым-қатынасқа айналады және өзара бірігеді, - әлемді барлығы жауласу мен жазалаудан туады. Космостағы жалғыз жалпы заң бұл. Соғыс бәрінің әкесі де патшасы да, ал біреулерін бай, басқаларын адам, келесілерін құл, өзгелерін еркін етіп анықтады. [27] Гераклиттің бұл сөздері қоғамдық даму процесінде күрестің позитивті жағын негіздеуге алғашқы болып тырысқанын байқаймыз. Кикілжің мұнда қоғамдық өмірдің маңызды және міндетті шарты. Кикілжің туралы Гераклидтің ойын философ және материалист Эпикур (б. з. д. 341-270) бөлісті, бірақ ол әйтеуір бір уақытта қақтығысулар аяқталып адамдар тұрақты өмір сүретініне сенді.
Христиандық философия Евангелия армандарымен бірігіп, әсіресе алғашқы кезеңде бейбітшілік келісім және бауырмалдық сияқты сезімдерді адамдар арасында кеңінен дамытқысы келді. ІІ-ІІІ ғғ шамасында христиан дінін уағыздаушылар қарулы қақтығыстар қарсы бағытталған дәлелдер аргумент келтіре бастады, бірақ тарихтың дамуына өз әсерін тигізбеді. Бірақ IV ғ басында соғыс принципінің «Христос уағызымен» бірікпейтіні күмәнді көрінді.
Батыс және Орта Еуропаның жаңа уақытқа өтуі идеялық және мәдени даму дәуірі қайта өрлеу дәуірінде әлеуметтік кикілжіңге бір-біріне қарама-қайшы және күрделі бағалаулар беріледі. Сол уақытта әлеуметтік қақтығыстар мен қарулы кикілжіңдерді сынаған атақты гуманистер Т. Мор, Эразм Роттердамский, Ф. Рабие, Ф. Бэкон болды.
Эразм Ротердамский (1469-1536) «Соғыс білмейтіндерге тәтті» деген пікірді дәлелдеп қана қоймай, кикілжіңді бір-бірімен жалғасып өз арбитасына халықтың жаңа тобын қосып келе жатыр деді. [57, 61, 66, 69, 70]
Атақты гуманист кикілжіңді қарама-қарсы жақтар жан дүниесі ұқсас позиция ұстанса да қайта табысу қиын екендігіне назар аударады. «Ең таңқаларлығы Христос жауласушы екі лагерде де бар, құдды өзімен айқасып жатқандай» [79]
Ағылшын философ материалисті Фрэнсис Бэконның (1561-1626) кикілжің табиғаты туралы пікірі қызық. Себебі ол ол кикілжіңнің себептерін ерекшеліктерін ел ішінде теориялық анализіне негіздеді, әлеуметтік тәртіпсіздіктің материалдық, саяси, психологиялық шарттарын анализдеп, оларды жеңудің мүмкін жолдарын қарастырады. Ф. Бэконге әлеуметтік тәртіпсіздіктердің пайда болуының материалдық себептерін терең бағалау тән. Олардың бірінде халықтың материалдық жағдайының кедейленуі «мемлекетте қанша кедейленген халық болса сонша бүлікші дайын» деп атап көрсетті.
Кикілжіңнің саяси себептерін қарастырған Бэкон, мемлекет басшылары сославиялар мен сенаттың пікірін де есепке ала отырып, барлық мәселелерді өзі шешуі тиіс. Халық қиындықты көтереді, және де жаңа билікті бектіп өзінше қалыптастырғысы келеді. Бұл құпия жиналыстардан басталады, ал оған жолбасшы табылса халық көтерілісі басталады.
Бэкон бірнеше әлеуметтік тәртіпсіздіктердің психологиялық себептерін көрсетті. Бұл жекелеп айтатын болсақ, «мемлекет басшысының өткір, қисық қыңыр сөздері», «қоғамдық өмір қызғанышы», «өсек аяңдар жиі айтылатын батыл сөздер».
Кикілжіңді ескерту тақырыбын қозғағанда Бэкон әр ситуацияның «өз дәрісі» бар екенін ескертті. «Бірінші дәрі» барлық мүмкіндіктермен әлеуметтік кикілжіңнің материалдық себебін жою, соның ішінде қоғамдағы жеке топтардың жағдайына көңіл толмаушылық ерекше көзге түседі. Бір әлеуметтік топтың наразылығы үлкен қауіп емес деп атап өтті.
Бэкон әлеуметтік қақтығыстарды ескертудің маңызды құралы саяси айла деп есептеледі. «Шындығында - деп жазды ол- халықты мәнерлі және айламен үміттендіру, адамдарды үміттен келесіге жетелеу наразылықтың бірден бір емі. Адамдарды үмітпен бесікжырындай әлдилеген үкімет шынымен ақылды; бұл қиын жұмыс емес, жеке тұлғалар немесе тұтас партиялар өзін үмітпен жұбатуға бейім, немесе өзі сенбесе де дауыстап айтуға шебер». Осы сынды Бэконның тұжырымдамаларына саясаттың мәні туралы пікірін жатқызуға болады.
Бэкон атап өткендей, кикілжіңді ескертудің «ең жақсы шарасы» деп наразыларды біріктіретін көсемнің болмауын қамтамасыз ету. Ал екінші жағынан бір немесе бірнеше тұлғаның халық көтерілісі мен бүлігін қысымға алу қабілетінің болуы үлкен мәнге ие. Ол ондай адамдардың қажеттігін айтып қоймай, қандай қасиетке ие болу керек екенін атап көрсетті. Басында да қажет «әскербасылар адамдар алдында сенімді және силы болуы үшін атақ пен бәле іздемеуі тиіс, бұл басқа да ірі бастылар мен жақсы қарым-қатынаста болуға көмектеседі; болмаса дәрі аурудан да жаман». [18; 242 371 381 382 3885 386]
Жаңа көзқарастар
XVІІІ ғ қарулы кикілжіңге ашық сынмен, зорлауға сыни көзбен қарап, қарсы шыққан ағылшын демократтары және француз ағартушылары В. Д. Пристли, Ш. Монтеське, Д. Дидро, Ж. Ж. Руссо, Вольтер және т. б болды. Қарулы қақтығыстарды олар «варварлық дәуір» қалдығы деп есептеп, феодалдық дәуір қалдығын жойса ғана «мәңгілік бейбітшілікке» жетеді деді.
Түрлі жобалар кеңінен және қызығушылықпен талқыланды. Талқыланған идеялар, пікірлер осы күні де өзекті мәселеге айналып отыр. Осы мәселелер Жан Жак Руссоның (1712-1778) әлеуметтік философиясында нақты көрсетілген. Бүкіләлемдік тарихи процесс оның пікірінше үш құрамнан тұрады. Басты кезде «шынайы қалып», бұл кезде адамдар бәрі бір бірімен тең, одан кейін адамдар теңдігін еркіндік пен бақытын жоғалтып «қоғамдық келісімге» келеді, осыдан кейін барлығы жоғалтқан үйлесімді тауып «мәңгілік бейбітшілікке» жетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz