Жалпы дамыту жаттығулары


Түркістан облысы
Бәйдібек ауданы
«Айсұлу» бөбекжай-балабақшасы МКҚК
Баяндама
Тақырыбы: «Салауатты өмір салты».
Дайындаған: М. М. Сейдуалиев.
2020-2021 оқу жылы
Жоспары:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім. «Салауатты өмір салты».
3. Қортынды
5. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кipicпe
Жас ұрпақтың бойына тазалық пен сергектікті,
салауатты өмір құндылықтарын енгізу − біздің міндетіміз.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев
Қазіргі кездегі тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде. Осы ретте, елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» бағдарламасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі - «Мемлекетіміздегі азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл ауқаты тармағында» және кезекті Жолдауында салауатты өмір салтын қалыптастыруды айрықша көңіл бөлу қажеттілігі көрсетілген.
Бүгінгі таңда егеменді еліміз осы бағытта мектепке дейінгі білім беретін мекемелерде жан-жақты, дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан жеке тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған. Барша азаматтардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтына бағытталған елбасының жолдауын - егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын алтын сүрлеу десе болады.
Бүгінде мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі - жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортаны таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу.
Адамның ақыл-ой интелектісін оның білімділік деңгейінен байқауға болады. Білім - ақыл-ойдың бастапқы түрткісі және негізгі құралы, әрі көрсеткіші болғандықтан, әрбір адам салауатты өмір сүру үшін біріншіден, ақыл-ойын жетілдіру керек; екіншіден, материалдық жағдайын түзеуі тиіс, ол үшін адал еңбек етуі қажет. Балаларды жеке және қоғамдық гигиеналық дағдыларына тәрбиелеу - олардың денсаулықтарын қорғауда тұрмыстық, қоғамдық мінез-құлықтарының дұрыс қалыптасуында маңызды орын алады.
Мектепке дейінгі мекемедегі білім беру процесінде күнделікті салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу дене шынықтыру нұсқаушыларына балалардың денсаулығы мен психоэмоционалдық көңіл-күйінің, денсаулығының, көз жанарларының жақсаруына және тәрбиелеудегі барлық шараларды саналы түрде ұстануы сұранысына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Салауатты өмір салтын бала бойына үйде ата-ана, балабақшаға келген күннен бастап тәрбиешілер ұстануымыз қажет. Салауатты өмір салты дегеніміз бұл әрине денсаулық. Денсаулығың мықты болса сен әлемдегі ең бай адамсың.
Негізгі бөлім. «Салауатты өмір салты».
Мақсаты: мектепке дейінгі жастағы балаларға салауатты өмір салтын ұстануды үйрету.
Міндеті: мектепке дейінгі жастағы балалардың денсаулықтарын нығайту.
Осы мақсат, міндеттеріме жету үшін:
1. Психологиялық сәт:
Буратино созылды
Бір еңкейді, үш еңкейді,
Екі жаққа қол созды
Аяқтарын көтерді
Жүрді, жүрді, жүрді,
Жүгірді, жүгірді, жүгірді.
Балалар! Деніміз сау болуы үшін біз не істеуіміз керек? Әрине, салауатты өмір салтын ұстануымыз керек.
Салауатты өмір салты дегеніміз ол:
• Спорт . Спорт-денсаулық кепілі. Денені шынықтырып, спортпен айналысу арқылы көптеген аурулардың алдын алып, дене сымбаттылығына қол жеткізе аламыз;
• Дұрыс тамақтану. Денсаулыққа зиянды тағамдарды пайдаланбау, түрлі дәрумендерге бай тамақты тұтынып, үнемі иммуниттетті көтеріп отыру;
• Тазалық және гигиена. Үнемі қолымызды жуып, бойымызды таза ұстау арқылы денсаулықты сақтай аламыз.
2. Жалпы дамыту жаттығулары.
Дене жаттығулары:
1. Ағзаны дамытады
2. Денсаулықты нығайтуға көмектеседі
3. Бұлшықеттерді нығайтады
4. Сүйекті нығайтады
Күнделікті осы жаттығуларды жасауға дағдыландыру арқылы балалардың бойына салауатты өмір салтын дағдыландырамын.
3. Сергіту биі: «Хокки-покки».
Мектеп жасына дейінгі балаларға Экраннан биді көрсетіп, би қимылдарын қосыла жасауға шақыра отырып, балалардың қызығушылықтарын арттыруға, көңіл-күйлерін көтеруге жағдай жасаймын.
ҚОРЫТЫНДЫ
Менің осы тақырыпты алу себебім, білім беру процесінде салауатты өмір салтын күнделікті күн тәртібінде қалыптастыруды өзімнің іс-тәжірибемде қолдану арқылы балалардың денсаулығын сақтауға, шынықтыруға және нығайтуға ықпал ететін денсаулық мәдениетін, дене бітімі қасиеттерін тәрбиелеуге, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыруға бағытталған.
Баланың денсаулығы балалармен шынықтыру шараларын сауатты ұйымдастырылуына, мектепке дейінгі ұйымның күнтәртібін тиімді пайдаланылуына байланысты болады. Дене тәрбие нұсқаушысының тиімді жұмысының нәтижесі балалардың денсаулықтарың жақсаруына көмегін тигізеді.
Тек қана дені сау бала жеке және интеллектуалдық даму процесінде, оқуда жетістікке жете алады. Түскі ұйқыдан кейінгі жаттығуды күнделікті жүйелі түрде жүргізу барысында бала дене қимыл-қозғалысын игеріп, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Күн тәртібі белгіленген іс-жоспар уақытымен жүргізіліп отырса, денсаулығы мықты, саналы, салауатты ұрпақ өсіп жетіледі және күнделікті жұмыс процесінде салауатты өмір салтын ұстана отырып, сауықтыру жұмыстарын жүргізу арқылы біз, тәрбиешілер 21-ғасырдың болашағы мол, дені сау, ақыл-ойы дамыған өскелең ұрпақты тәрбиелейміз. Осы аталған шараларды орындау арқылы салауатты дені сау өскелең ұрпақ тәрбиелей алатынымыз сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Дене шынықтыру. А. А. Бишаева
2. Сауқтыруға арналған жаттығулар. Байзақова Н.
3. https://kk. wikipedia. org/wiki сайтынан
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz