Тоғызқұмалақтағы отау атаулары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Тоғызқұмалақтың заманауи дамуы»

Ғылыми жоба

Сынып оқушысы:

Жетекшісі:

Орындаған:

Ғылыми жетекшісі:

МАЗМҰНЫ

АНЫҚТАМАЛАР, БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 5

КІРІСПЕ 6

1 ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ - ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНЫ . . . 8

  1. Тоғызқұмалақ ойыны туралы жалпы мәлімет, шығу тарихы . . . 8
  2. Тоғызқұмалақ ойынының басты ерекшеліктері13

2 ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

2. 1 Зерттеу әдістері . . . 20

2. 2 Зерттеуді ұйымдастыру . . . 20

3 ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ- ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫН . . . 22

3. 1 Тоғызқұмалақ ойынының қағидасы, заңдылықтары . . . 22

3. 2 Жарыстар, жарыс жүйелері . . . 27

3. 3 Жарысқа қатысушының міндеті . . . 32

3. 4 Тоғызқұмалақ ойынының қазіргі кездегі даму деңгейі . . . 49

3. 5 Тоғызқұмалақ -логикалық ойын, дамыту негіздері54

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 58

ӘДЕБИЕТТЕР . . . 59

АНЫҚТАМАЛАР, БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Тұздық- тоғызқұмалақ ойынында құмалақ ұтудан басқа ойында бір рет отау ұтып алуға болады. Бұл ережені «тұздық »деп атайды.

Атсырау- тоғызқұмалақ ойынында ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші тауысып алып, жүріссіз қалуы «атсырау» деп аталады.

Мәдениет - адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибе жинақтау барысында түзілген материалдық және рухани құндылықтарының жиынтығы.

Даму - табиғатта, қоғамда және адамның түйсінуінде төменгіден жоғары сатыларға өтудегі қимыл-қозғалыстардың, құбылыстардың, өзгерістердің жалпылама үдерісі .

Дене дайындығы - таңдап алынған спорт түрінің әдістемелік ерекшеліктерінің талаптарына сай жүзеге асырылатын арнайы мамандандырылған үдеріс .

Үйрету - ең алдымен тәрбие берудің білім беру элементтерін меңгеруге арналған педагогикалық үдеріс .

Әдіс - оқыту-тәрбиелеу үдерісінің маңызды міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған педагогикалық іс-шаралардың ауқымды жүйесінің ұйымдастырулығы мен мақсаттылығын қамтамасыз етудің жолы, амалы.

Әдістемелік амал - педагогикалық үдерістің жекелей мәселелеріне таңдаулы ықпал етуге мүмкіндік беретін әдісті қолданудың жекелей жолы .

Күш - адамның сыртқы кедергілерді жеңе алу қабілеті немесе оған бұлшық ет ширығуы есебінен қарсы тұра алу қабілеті.

Ұлттық мәдениет - халықтың басқа халықтармен өзара байланысы нәтижесінде алынған және өзіндік дамып-жетілуінде (соның ішінде этностық) тіршіліктің барлық салаларында белсенді қолданылатын рухани-өнегелі, материалдық, қоғамдық-саяси, технологиялық, ғылыми, философиялық, этикалық, әсемдік және басқа құндылықтарының барлық тарихи жиынтығы.

Аннотация

Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Халықтың қайнар ойларынан нәр алып, өскелең ұрпақтың игілігіне жараған, адамзаттың ақыл-ой қабілеттерін дамытуға негізделген рухани құндылықтардың бірі - зияткерлік ойындар. Оның - жеке тұлғаның шығармашылық қасиеттерін дамытып, өзін-өзі қалыптастыруында маңызы зор. Шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы және го секілді ойындар - тек қана спорт, өнер, ғалым ғана емес, олар жасөспірімдерді тәрбиелеудің маңызды құралы.

Зерттеу нысаны - тоғызқұмалақ қазақ дене шынықтыруының этностық педагогикасы ретінде.

Зерттеу мақсаты - тоғызқұмалақ арқылы қазақ халқының ұлттық дене мәдениетін дәріптеу.

Зерттеу әдістері: ғылыми және ғылыми-әдістемелік әдебиет сараптамасы мен жинақталуы; сауалнама жүргізу; педагогикалық бақылау.

Зерттеу міндеттері:

1. Тоғызқұмалақтың қазақ елінің жалпы мәдениет құрылымындағы өзіндік орны.

2. Тоғызқұмалақтың заманауи даму деңгейін айқындау.

Зерттеудің әдістемелік негізін тарихи-педагогикалық құбылыстар мен фактілерді зерттеудің жүйелі тәсілі құрайды.

Ғылыми жаңалығы:

  • Тоғызқұмалақтың этностық-педагогикалық мазмұны ашылды;
  • Тоғызқұмалақ негізіндеқазақ халқының дәстүрлі дене шынықтыру құралдарына бүтін әлеуметтік-педагогикалық сараптама жүргізілді. .

Қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойындарының теориялық сараптамасы олардың өскелең ұрпақтың дене тәрбиесінің заманауи жүйесін жетілдіруде қолданылуының үлкен болмысты педагогикалық мүмкіндіктерін көрсетеді.

Тәжірибелік маңыздылығы - алынған нәтижелер тоғызқұмалақтың заманауи теориясы мен тәжірибесін ары қарай жетілдіруге мүмкіндік береді.

Аннотация

Актуальность темы исследования. В рамках акции "Дорога в школу" в школе-гимназии № 7 имени С. Сейфуллина была организована благотворительная акция "Дорога в школу", в которой приняли участие дети из малообеспеченных и многодетных семей, дети - сироты и дети оставшиеся без попечения родителей. Он имеет большое значение в развитии творческих качеств личности и саморазвитии. Игры, такие как шахматы, тогызкумалак, шашки и го - это не только спорт, искусство, ученый, но и важнейший инструмент воспитания подрастающего поколения.

Объект исследования-тоғызқұмалақ как этническая педагогика казахской физической культуры.

Цель исследования-популяризация национальной физической культуры казахского народа через тогызкумалак.

Методы исследования: анализ и обобщение научной и научно-методической литературы; анкетирование; педагогический контроль.

Задачи исследования:

1. место тогызкумалак в структуре общей культуры казахского народа.

2. определение современного уровня развития тогызкумалак.

Методическую основу исследования составляют системный подход к изучению историко-педагогических явлений и фактов.

Научная новизна:

- Открытие этно-педагогического содержания тогызкумалак;

- На базе Тоғызқұмалақ проведена целая социально-педагогическая экспертиза традиционных средств физической культуры казахского народа. .

Теоретическая экспертиза традиционных национальных игр казахского народа отражает большие реалистичные педагогические возможности их использования в совершенствовании современной системы физического воспитания подрастающего поколения.

Практическая значимость-полученные результаты позволяют дальнейшее совершенствование современной теории и практики тогызкумалак.

Annoation

Relevance of the research topic. As part of the "Road to school" campaign, a charity event "Road to school" was organized at the gymnasium No. 7 named after S. Seifullin, which was attended by children from low-income and large families, orphans and children left without parental care. It is of great importance in the development of creative qualities of the individual and self-development. Games such as chess, togyzkumalak, checkers and go are not only sports, art, and science, but also an important tool for educating the younger generation.

The object of research is togyzkumalak as an ethnic pedagogy of the Kazakh physical culture.

The purpose of the research is to popularize the national physical culture of the Kazakh people through togyzkumalak.

Research methods: analysis and generalization of scientific and methodological literature; questionnaires; pedagogical control.

Research objectives:

1. the place of togyzkumalak in the structure of the General culture of the Kazakh people.

2. determining the current level of development of togyzkumalak.

The methodological basis of the research is a systematic approach to the study of historical and pedagogical phenomena and facts.

Scientific novelty:

- Opening of the ethno-pedagogical content of togyzkumalak;

- On the basis of Togyzkumalak, a whole socio-pedagogical examination of traditional means of physical culture of the Kazakh people was conducted.

Theoretical expertise of traditional national games of the Kazakh people reflects the large realistic pedagogical possibilities of their use in improving the modern system of physical education of the younger generation.

Practical significance-the results obtained allow further improvement of the modern theory and practice of togyzkumalak.

КІРІСПЕ

1 ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ - ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНЫ

1. 1 Тоғызқұмалақ ойыны туралы жалпы мәлімет, ойынның шығу тарихы

Тоғызқұмалақты «Қойшылар алгебрасы» деп те атайды. Себебі бұл ойынды алғашында өрісте қойларын жусатып жіберген қойшылар ойнайтын болған. Жерден ұя-шұңқырлар қазылып, құмалақпен ойналған бұл ойын қазір он сегіз отаудан және екі қазаннан тұратын арнайы тақтада жүз алпыс екі таспен ойналады.

Тоғызқұмалақ ойыны - тақ сандар мен жұп сандардың өзара тартысы. Бастапқыда әр отауда тоғыз құмалақтан орналасады. Ойынды солдан оңға қарай кез келген отаудан бастап жүруге болады. Ол үшін жүріс жасалатын отаудан орнына бір құмалақ қана қалдырып, қалған сегіз құмалақты түгелімен аласыз да, келесі отаудан бастап әрбір отауға қолдағы құмалақ біткенше бір-бірден салып шығасыз. Ойыншылардың мақсаты - неғұрлым көп құмалақ алу. Сондықтан ойын үстінде әрбір ойыншы өз отауларындағы құмалақтарды шамасы келгенше жұп ұстауға, қарсы жақтың отауларын тақ жасап отыруға тырысады. Тақ санды отауларға үздіксіз шабуыл жасалады. Қазандарға ойыншылардың ұтыстары жазылады.

«Тоғызқұмалақ» ойыншының жылдам ойлауына, есептеудің түрлі тәсілдерін меңгеруіне ықпал етеді және бабаларымыздың осал адамдар болмағанына көз жеткізеді.

Қазіргі кездері дүние жүзінде зияткерлік ойындарды мектеп бағдарламасына енгізудің бай тәжірибесі қалыптасып келе жатыр. Мәселен, тоғызқұмалақ ойыны Қазақстан Республикасындағы қазақ-түрік лицейлерінің мектеп бағдарламасында орын алған. Жыл сайын тоғызқұмалақпен шұғылданушы жастардың ішінде мектепті алтын белгімен бітірушілердің саны да артып келеді.

Жалпы алғанда зияткерлік ойындар жас ұрпақтың есте сақтау қабілетін арттырып, логикалық және түйсіктік ойлау жүйесін дамытып, оның сабырлығы мен алдына мақсат қою қасиеттерін арттырады. Қиын және анық емес жағдайларда шешім қабылдап, оаған жауап беруге үйретеді. Зияткерлік ойындарда сана-сезімнен басқа, тұлғаның шығармашылық қасиеттері де қатар дамиды. Ол үшін арнайы есептер мен этюдтер пайдаланылады.

Тоғызқұмалақ - әлемдік мәдениетінің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын зияткерлік (интеллектуалдық) ойын, логикалық ойлау өнері. Археолог-ғалымдарының пайымдауынша ойынның пайда болу мерзімі 4000 жыл шамасын қамтиды. Жасөспірім ұрпақтың дене шынықтыру тәрбиесімен қатар, ақыл-ойынын дамуына да зор мән берген бабаларымыз осы ойынды ойлап тауып, зердегілік және зияткерлік даму құралы ретінде қолдан Тоғызқұмалақ ойыны бүгінгі күні елімізде өрлеу, өркендеу дәуірін басынан кешіріп отырғанымен, ұлттық ойынның қыр-сыры толықтай ашылған жоқ. Ұлттық мұраның жас ұрпақтың рухани деңгейі мен ойлау жүйесін дамытудағы орны әлі зерделенбей отыр. Ежелгі көшпенділердің тоғызқұмалақты қандай мақсаттар үшін ойлап тапқаны, оның алғашқы қызметтік мәні де айқындалған жоқ. Сондықтан алдағы уақытта ұлттық ойынның беймәлім қырларын, әсіресе, ұсақ заттарды ұстағанда, оның ми қозғалысына әсерін тоғызқұмалақ ойыны арқылы зерттеу жүргізу - уақыт еншісінде.

Француз тілінен аударылғанда "этюд" - зерттеу деген мағынаны білдіреді. Яғни зияткерлік ойындарда этюдті шешу дегеніміз - ізденудің жолы, шығармашылық қабілеттерді дамытудың таптырмас көзі.

Тоғызқұмалақ ойыны да зияткерлік ойындардың күрделі түрі ретінде мұндай композициялық ерекшеліктерден кенде болмаса да, әлі күнге дейін тек этюд жанры ғана дамып отыр.

Тоғызқұмалақ ойындары - жоғарыдағы зияткерлік ойындардың ішінде ең көп тарағаны және түркі халықтарының кқпшілігінде кездеседі. Тоғызқұмалақ секілді ойындар кездерден әр түрлі пішінде Орта Азия және Қазақстаннан бастап, Индия, Кариб аралдары, Египет, Шри Ланка, Солтүстік Африкаға дейінгі аралықтағы жерлерде таралған. Мұндай ойындар - "Калах", "Мангала", "Овари", "Бао", "Жонглак", "Габата", "Енкешуй", "Вари" және тағы басқа атаулармен көптеген елдерге белгілі болған. Еуропа ғалымдары бұл ойындарға әлемдік зерттеулерде "мангала" деген ат берген. "Мангала" араб тілінен аударғанда "жылжыту", "қозғау" деген мағынаны білдіреді.

Тоғызқұмалақ ойынының ережелері де алғашқы кезде бір ізді болған жоқ. Ұлттық ойынды зерттеген ғалымдардың еңбектерінде бұл ерекшеліктер нақты көрініс тапқан. Тоғызқұмалақ туралы зерттеулер ХІХ ғасырда шетелдік этнограф тарапынан жүргізілді. Бірақ олар тек қана ойынның атауы мен ережелеріне ғана тоқталып, олардың кездесетін өңірлерін айтумен ғана шектелді.

Қазақ халқының ағартушылары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев тоғызқұмалақ ойынын ерекше мадақтаған, әсіресе Абай бұл ойынды сүйсініп ойнаған. Тоғызқұмалақты ойнау үшін Абайдың ауылына көне ойынның шеберлері мен ойыншылары әдейі жиналады екен. Абай бос уақытында ойынды ұйымдастыру үшін үнемі ойын тақтасын алып жүрген.

Тоғызқұмалақ - 4 мың жылдық тарихы бар, қазіргі уақытта әлемге әйгілі зияткерлік ойындардың ішінде ерекше маңызға ие ата-бабамыздан қалған асыл мұраларымыздың бірі. Республикамыздың әр түкпірінен табылған, тасқа қашалып қалдырылған тоғызқұмалақ тақтасының бейнелері де ойынның өте ертеде пайда болғанынан хабар береді.

Өткен ғасырдың 60-жылдарында Орталық Комитетке ашық хат ұйымдастырып, тоғызқұмалақ ойынының ұрпақ үшін қажет екенін дәлелдеп, араша түскен зиялы қауым өкілдері К. Каукетаев, Р. Абдулдин және осы өнерді серік еткен М. Әуезов пен Қ. Қуанышбаевтар ойынның қазіргі заманға аман-есен жетуіне зор еңбек сіңірді.

Тоғызқұмалақ ойыны республикалық деңгейде Қазақстан Республикасы, Қырғызстан, Моңғолия, Ресейде, Алтай мен Қаратай-Шеркессия елдерінде ойналады. Қытайда және Еуропа елдерінде ойынды ақпараттық жағынан насихаттап отырған көптеген жанашырлары бар. Американың Нью-Йорк қаласындағы Аляска Университеті Тоғызқұмалақ ойынын зерттеумен айналысып отыр. Қазақстан Республикасында қазір спорт түрі ретінде Тоғызқұмалақ қанатын қеңге жайып, танымал ойын болып дамуда.

Өте қызық әрі терең ойлауды талап ететін халқымыздың даналығын көрсететін ұлттық ойындардың бірі -тоғызқұмалақ. Халқымызбен бірге жасасып келе жатқан тоғызқұмалақ ойыны қазір кең тарап, дамып жетіліп келеді (1 сурет) .

Көшпелі халықтың өмірінде бүтін сандардың төрт амалын есептеп шығару осы тоғызқұмалақ ойыны арқылы арқылы қалыптасқан. Сондықтан да бұл ойын «малшы математикасы » деп аталған [1, 2] . Шындығында бұрын далада кездесе кеткен екі малшы осы ойындағы «қазан » мен «отаудың» орнын жерді шұқып оя қойып, дорбаларында жүрген қойдың кепкен 81 құмалағын әр отауға тоғыз-тоғыздан бөліп салып, бірден ойнай беретін болған. Тоғыз құмалақ ойыны қай кезде шығып, қалай қалыптасқаны қазірше белгісіз. Ал, негізінде, қазақстан жеріндегі жартастардың немесе төбенің үстіндегі тегіс тастың бетіне

1 сурет - 4 мың жылдық тарихы бар тоғызқұмалақ ойыны

ойып салған тоғызқұмалақ тақтасы бейнесінің қазірге дейін сақталуы бұл ойынды халқымыз көне заманда ақ ойнағанын аңғартады. Мәселен, Қаратау қаласына таяу жердегі Ақшұңқыр деген тастөбенің үстіне тоғызқұмалақтың отаулары мен қазандары қашап ойылған. Бұл тақтаны қай кеэде кім ойып жасағаны әлі белгісіз. Ал жасау мақсаты, әрине, белгілі. Өйткені, малшылар Ақшұңқыр тас жотасынан төңіректегі малды қарай отырып, төбенің үстінде тоғызқұмалақ ойнаған. Тоғызқұмалақ ойынының тақтасы Тарбағатай тауының Сайқан жоталарындағы және Қоржынбай жайлауының етегіндегі жартастарға ойып салынғаны белгілі болып отыр [3, 4, 5] .

Осындай тарихи деректерге сүйеніп, тоғызқұмалақты көшпелі қазақ халқының өмірімен бірге жасасқан, оның ұлттық ойындарының бірі деп толық айтуға балады. Ойын ойлауды ұштайды, есте сақтау қабілетін, математикалық ойлауды дамытады. Ойынның көптеген тәсілдері бар. Ол ойыншыдан аса төзімділікті, қорғану тактикасын шабуыл жасау әрекеттерімен шебер ұштастырып отыруды талап етеді [6, 7, 8, 9, 10] .

Тоғызқұмалақ ойыны әсіресе соғыстан кейінгі жылдары кеңінен дами бастады. Әлемдік өркениеттің дамуына елеусіз үлес қосып, ғажайып құндылықтармен бірге қаншама туындыларды дүниеге әкелген түркі халықтары адамзаттық дамудың көшінен кеш қалып көрген емес. Елбасы атап көрсеткендей: «Тұңғыш рет әлемге өнеге болған ортақ шаңырақ - киіз үйді, темірді, шалбарды, жебені, етікті және өкшені, үзеңгіні ойлап тапты». Сондай-ақ адамзаттың ақыл-ойының жемісі болып табылатын зияткерлік ойындарды ойлап тауып, болашақ ұрпағын ержүректілік, отансүйгіштік сияқты қасиеттермен бірге зиялылыққа, шебер ойлау мен шыдамдылыққа тәрбиелеп баулып отырды. Түркілердің дене тәрбиесі мен ақыл-ой ойындарына қатты мән беріп, дамытып отырғаны жөнінде М. Қашқаридың «Түбі бір түркі тілі» атты еңбегінде де кездеседі. Еңбекте қарастырылатын «қарағұны», «ілекеш», «шөген», «көшүрме» сияқты ойындардың қатарына зияткерлік тоғызқұмалақ ойынын да жатқызуға болады (2 сурет) [11, 12] .

2 сурет - Тоғызқұмалақ - жияткерлік ойыны

Тоғызқұмалақ ойынында қандай бағыт таңдау да, болашақ жеңіс үшін нақты жоспар құру да отауларда орналасқан құмалақтар арқылы шешіледі. Ал құмалақтарды отауларда өз қалауыңызша орналастыру үшін қай отаудан бастап жүру немесе қарсы отаудан жауап беру, қай отауда құмалақтарды көп ұстамау және ойында маңызды боп есептелетін тұздыққа ие болу үшін қай отауды таңдау мұның барлығы отаулар жөніндегі толық түсінігіңізге тікелей байланысты [13, 14] .

Тоғызқұмалақ ойынының басты ерекшеліктері

Тоғызқұмалақ ойынының өзіне тән басты ерекшелігі -ол аса күрделі жабдықты қажет етпейді. Сондықтан да ертеректе ойыншылар кездескен бетте жерден кішкентай шұңқырлар қазып, ойын тақтасын дайындай қойған. Барлық құмалақты салатын шұңқырды-қазан, тоғыз-тоғыздан құмалақ салатын шұңқырды-отау деп атаған [15, 16, 17] .

Тоғызқұмалақ ойынында қарама-қарсы 2 қатар орналасқан барлығы 18 отау бар. Отаулар екі жаққа тоғыз-тоғыздан бөлінген. Алғашқы кезде әрбір отау «а» әрпінен бастап тоғыз отаудан солдан оңға қарай а, б, в, г, д, е, ж, з, и әріптерімен белгіленген. Бұл отауларға әріптік белгілер қойған Ш. Ыбыраев болатын. Алайда ойынды бұлай белгілеп жазу кезінде қиындық туғызғандықтан, 1974 жылдан бастап әріптік белгіден сандық белгіге көшірілген. Оның авторы - С. Тілеубаев. Ойыншының бірінің тоғыз отауына берілген атау екінші жақтың да отауларының аты болып табылады. Калах ойынында отауларға реттік нөмірлеу қойылса, ұлттық ойындағы отау аттары ұзақ жылдар ойнаған шебер ойыншылардың тәжірибесіне сүйеніп қойылған. Әрбір отау атын ойлап тапқан ойыншының аты белгісіз болғанымен, бабаларымыздың бұл қойған аттарынан ойынды терең меңгергені байқалады [18] .
Тоғызқұмалақ ойынындағы отау аттары қазіргі кезде төмендегіше аталады (1 кесте) :

Мұндағы қырғызша аталуының екі нұсқасы да қырғызстандық зерттеушілер Т. Орозобаков пен А. Чылымовтың көрсетуі бойынша беріліп отыр. Белгілі түркітанушы С. Аманжолов отау атаулары және олардың ойын барысындағы қызметі туралы мынадай деректер келтіреді:

«1-отауды «Құйрық» я «Арт» дейді. Себебі, ондағы құмалақтар көпке дейін өзгермей, түгел қалып отырады.

2-отауды «Тектұрмас» дейді. Себебі жүріс көбінесе осы отаудан басталады.

3-отауды «Атөтпес» дейді. Оның себебі, қарсы жақтың аты бұған түспей кете алмайды.

4-отауды «Жаман үй» дейді. Себебі қарсы жақтың адамы бұл жерден үнемі жеп отырады.

1 кесте - Тоғызқұмалақтағы отау атаулары

Отау нөмірлері
Қазақша атауы
Қырғызша атауы
Қарақалпақша атауы
Отау нөмірлері: № 9 отау
Қазақша атауы: маңдай
Қырғызша атауы: ооз
Қарақалпақша атауы: куу моюн
маңлай
Отау нөмірлері: № 8 отау
Қазақша атауы: көкмойын
Қырғызша атауы: көк моюн
Қарақалпақша атауы: Көк моюн
Көк мойын
Отау нөмірлері: № 7 отау
Қазақша атауы: қандықақпан
Қырғызша атауы: эки тишти
Қарақалпақша атауы: эки тишти
қаңлы қақпан
Отау нөмірлері: № 6 отау
Қазақша атауы: белбасар
Қырғызша атауы: ак колтук
Қарақалпақша атауы: ак далы
бел басар
Отау нөмірлері: № 5 отау
Қазақша атауы: бел
Қырғызша атауы: бел
Қарақалпақша атауы: бел
бел
Отау нөмірлері: № 4 отау
Қазақша атауы: атсыратар
Қырғызша атауы: далы
Қарақалпақша атауы: белдин алды
атсыратар
Отау нөмірлері: № 3 отау
Қазақша атауы: атөтпес
Қырғызша атауы: текилдек уй
Қарақалпақша атауы: жаман үй
ат өтпес
Отау нөмірлері: № 2 отау
Қазақша атауы: тектұрмас
Қырғызша атауы: ат өтпес
Қарақалпақша атауы: ат өтпес
тектурмас
Отау нөмірлері: № 1 отау
Қазақша атауы: Арт
Қырғызша атауы: куйрук
Қарақалпақша атауы: куйрук
арт немесе таңлық

5-отауды «Бел» дейді. Бұл екі орталық аса қауіпті емес.

6-отауды «Сары дала» дейді. Себебі бұл жүріске де, «тұздық» алуға да ыңғайлы жер.

7-отауды «Қосан жылаған» дейді. Оның себебі - бұрынғы заманда Қосан деген ойыншыны тағы бір ойыншы дәл осы 7-отауда әлденеше рет «тұздыққа» отырғызыпты, соған ыза болып жылапты-мыс.

8-отауды «Көкмойын» дейді. Себебі мұнда да көптен-көп «тұздық» алынатын көрінеді және бұл жерге көп құмалақ жиналып қала береді.

9-отауды «Аққасқа» дейді. Себебі, бұл шұңқырда құмалақ көп жатады. Ойыншы бұл отаудан өз құмалағын шығарса-ақ, қарсы жақтың отауына түседі, бірден оған аттап түсу ойыншыға пайдалы болмайды. Өзін жауып кетіп барып жүрсе, әрине, тиімді болады», - дейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНЫ
Тұздық алу ережесі
Қазақтың салт-дәстүрлері туралы ақпарат
Түкті кілем
Тоғызқұмалақ ойыны туралы жалпы мағұлмат
Жарнамадағы түс және психолингвистикалық зерттеу
М.Әуезовтiң «Абай жолы» poмaнындaғы әдет-ғұрып, тұрмыс¬-салтқа байланысты лексика
Ақ және қара түр - түс атауларының тұлғалық дамуы
Уық - кереге мен шаңырақты жалғастырып, киіз үйдің төбесін құрайтын сырық ағаштар
Қазақ тіліндегі түр - түс атауларының ұлттық сипаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz