БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі

«Бастауыш оқыту мен әдістемесі» бөлімі

«Қорғауға жіберілді»

« . . . » . . . 2020

Курстық жұмыс

Тақырыбы: «Бастауыш сыныпта сабақты проблемалық оқыту технологиясын пайдалану арқылы ұйымдастыру»

Пәні: Педагогика

Мамандығы: 0105000 - «Бастауыш білім беру»

Біліктілігі: 0105083 - «Бастауыш білім беру мұғалімі»

Тобы: ББ-Б-17

Орындаған: Аманқос Айшолпан

Жетекшісі : Абиева Гульжайна

Бағасы: « . . . »

Қызылорда 2020

МАЗМҰНЫ:

І. КІРІСПЕ . . . 3 ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . . 6 1. ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 1. 1. Проблемалық оқыту технологиясының мақсат - міндеттері, ерекшеліктері. 6 1. 2 Бастауыш сыныпта проблемалық оқыту арқылы білім алушылардың ізденіс дағдысын қалыптастыру . . . 13 1. 3 Бастауыш сыныпта проблемалық оқыту технологиясын оқу-тәрбие процесінде қолданудың маңызы . . . 24 1. 4 Проблемалық оқытуды пайдалануда жаңашыл мұғалімнің іс-әрекеті . . . 25 1. 5 Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағында проблемалық оқыту технологиясын пайдалану жолдары . . . 27

2-ТАРАУ. ТӘЖІРБИЕЛІК БӨЛІМ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАР 2. 1 Бастауыш сынып қазақ тілі сабағында проблемалық оқыту техналогиясын пайдаланудағы тәжірбиелік жұмысымның нәтижелері . . . 3

ІІІ. ҚОРТЫНДЫ . . . 41 ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 42

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі :

Елбасы Н. Назарбаев «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз - білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет. Сонымен бірге, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек. [1]

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 16-бабында «Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен алғырлығын: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған» деп атап көрсеткен. [2]

Бастауыш сыныпта сабақты пролемалық оқыту технологиясын пайдалану арқылы ұйымдастыру қазіргі заманғы білім берудің басты өзекті мақсаты, өйткені мамандарды әлемді шығармашылық тұрғыдан өзгертудің әдістемесімен қаруландыру. Осы тұрғыдан алғанда ғылыми міндеттерді дәстүрлі емес әдістермен шешудің жолы ретінде проблемалық оқыту жүйесі ұсынылуы заңды құбылыс.

Бастауыш сынып оқушыларды оқытудағы проблемалық тәсіл олардың белсенді түрде білім алуына септігін тигізеді. Бұл әдістің басты мақсаты оқушылардың білім алуы кезінде оқу материалдарын тәжірибемен ұштастыру. Проблемалық тәсілдер арқылы бағыттау, ынталандыру, жедел атқарушылық, рефлекстік бағалау секілді оқу қызметінің деңгейлерін іске асыруға болады.

Оқу-тәрбиесінде мынадай өзекті яғни актуальды жерлерінде проблемалар бар: Бастауыш оқушыларының өз бетінше ойланып, әрекет етулері жеткіліксіз. Бір оқу міндетін басқа түрлі жолдармен өзгертіп, шеше білу қабілеттері, сонымен қатар алынған білім-білік дағдыларын қазіргі өмір мен ғылым, техника жаңалықтарымен байланыстырып, салыстырып, зерттеп өз болжамдарын жасау қабілеттері әлі де төмен деңгейде. Ал мұның себебі қайда жатыр және бұл проблемаларды шешу үшін, білім үрдісінде инновациялық технологияларды оқып үйреніп өз іс-әрекетімде енгізу қажет деп ойлаймын. Білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәрбиеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар, сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын «Бастауыш сыныпта сабақты пролемалық оқыту технологиясын пайдалану арқылы ұйымдастыру» деп алдым. Өйткені бастауыш сынып оқушыларының сабақта проблемалық оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқыту өзекті мәселердің бірі.

Тақырыптың зерттеу деңгейі: Бұл зерттеу жұмысында бастауыш сыныпта сабақты проблемалық оқыту технологиясы пайдалану арқылы ұйымдастыру процесінде мәселенің деңгейін анықтап, оны шешу болып табылады.

Зерттеудің мақсаты : Бастауыш сыныпта сабақты проблемалық оқыту технологиясын қолданып, пайдаланудың теориялық - практикалық тұрғыдан негіздеу.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Проблемалық оқыту технологиясына мақсат - міндеттеріне, ерекшелігіне сипаттама беру;
  2. Проблемалық оқытуды пайдалануда жаңашыл мұғалімнің іс-әрекеттеріне мәліметтер беру;
  3. Бастауыш сыныпта сабақта проблемалық оқытудың технологиясының теориялық негіздерін қолдану жолдарын жинақтау;

Зерттеудің әдісі: Тақырыптаға байланысты әдебиеттерге талдау, сұрыптау жасау, озат тәжірбиелерді жинақтау.

Зерттеу обьектісі: Бастауыш сыныпта сабақты пролемалық оқыту технологиясын пайдалану арқылы ұйымдастыру негіздеріалынды.

Зерттеудің пәні: Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа технологиялары пәні болып табылады.

Зерттеудің нысаны : Бастауыш сыныр оқушының ізденімпаздық қабілетін жоғарылату.

Зерттеу болжамы: Егер, бастауыш сыныпта сабақты проблемалық оқыту технологиясын пайдалану арқылы ұйымдастырса; білімдерді оқушыларға меңгертудің проблемалық оқыту технологиясының тиімді әдіс-тәсілдері, амалдар қолданып жүзеге асырылса; онда бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғалық болмысының дамуындағы әрекеттері арқылы олардың әлемді, қоршаған ортаның біртұтастығын меңгеруін жоғары деңгейде қалыптастыруға негіз болады.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Бастауыш сыныпта сабақта проблемалық оқыту техналогиясын пайдалану арқылы оқыту білім мазмұны аясында проблемалық оқыту технологиясы зейіннің дамуына мүмкіншілік жасайды, байқампаздықты танытады, оқушының танымдық іскерлігін белсенді дамытады, жауаптылық, сыншылдық, өзін сынау, бастамашылдық және өзіне баға беру әрекетін дамытады.

Зерттеу көздері: Зерттеу проблемасы бойынша философтардың, психолог, педагогтардың еңбектері, пәндік оқу бағдарламалары, оқулықтар, озық іс-тәжірибелер, автордың зерттеушілік іс-әрекет тәжірибесі.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

- жаңартылған білім мазмұнын беретін оқу бағдарламалары жүйесінде жүзеге асырылатын проблемалық оқыту техналогиясы арқылы бастауыш сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын қалыптастыру негізінде жеке тұлғалық болмысын дамытудың теориялық негіздері ғылыми тұрғыдан дәлелденді.

- бастауыш сыныптардың сабақтарында проблемалық оқыту технологиясы әдіс-тәсілдерін жаңартылған білім мазмұны арқылы оқушы тұлғасын дамытуға бағытталған нобайдың тиімділігін тәжірибелік-эксперименттен өткізілуі, ғылыми-әдістемелік тұрғыдан дәлелденуі.

1. БАСТАУЫШ СЫНЫП САБАҚТА ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Проблемалық оқыту технологиясының түсінігі, мақсат - міндеттері, ерекшелігі

Проблемалық оқыту - мәні проблемалық ситуация туғызу мен оқушылардың оқу проблемасын дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін басқару болып табылатын оқыту түрі. Проблема деп шешілуі оқушылардан білім алу үшін белгілі әрекеттерді талап егетін есептердің, тапсырмаларын, теориялық немесе тәжірибелік мәселелердің әртүрлілігін түсінуге болады.

Проблемалық оқытудың ерекшелігі - мұнда мұғалім білімді дайын түрде баяндап бермейді, оқушылардың алдына проблемалық міндет қояды. Шешімді және шешу құралдарын оқушы өзі іздестіруі тиіс.

Проблемалық оқыту бірнеше сатыдан тұрады: проблемалық жағдайды аңғару, жағдайды талдау негізінде проблеманы тұжырымдау, болжаулар ұсынуды, оларды алмастыру және тексеруді қамтып проблеманы шешу, шешімді тексеру. Бұл процесс ойлау актісінің үш фазасымен ұқсастық бойынша өрістейді (С. Л. Рубинштейн бойынша), ол проблемалық жағдайда пайда болып, проблеманы аңғаруды, оны шешуді және соңғы ой тұжырымын қамтиды.

Проблемалық оқыту оқушылар үшін қиыншылық деңгейі бойынша әртүрлі болуы мүмкін, ол оның проблеманы шешу үшін қандай және қанша іс-әрекеттер жүзеге асырылатынына байланысты. В. А. Крутецкий оқушы мен

мұғалімнің іс-әрекеттерін бөлу негізінде дәстүрлі оқытумен салыстыра отырып, оқытудың проблемалығы деңгейінің сызбасын ұсынды.

Проблемалық оқытудың кемшілігі оның оқу үрдісінде оқушыға қиындықьтуғызатындығы, соның арқасында шешу жолын ізденуге көп уақыттың кетуін жатқызуға болады. сонымен қатар бағдарламаланған оқытуға қарағанда проблемалық оқытудың технологиясын құрастыру оқытушының шеберлігі мен көп уақытын талап етеді. Тап осы жағдайлар проблемалық оқытуды кең қолдануға кедергі келтіреді. Бірақ, оған талпыну керек және

әрбір шебер педагаг оны қолданады, өйткені проблемалық оқыту зерттеумен байланысты және осыған сәйкес дәстүрлі оқытудан ерекшеленеді. Себебі кез келген зерттеу - жаңа білім алу үрдісі, ал оқыту - белгілі білімдерді тарату үрдісі болып табылады. ал проблемалық оқыту зерттей отырып оқытуға, оқыта отырып зерттеуге үйретеді. Міне, тек осылай ғана шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға болады.

Ерекшеліктері:

1. Оқушының жаңа ұғымды өз бетінше ізденуге шығармашылық іс-әрекетке бағыттайды

2. Оқушылар алдына танымдық проблеманы бірізді және мақсатты қоюд көздей отырып мұғалімнің көмегімен жаңа білімді меңгертеді.

3. Ойлаудың ерекше түрін қамтамасыз етеді, оқушылардың білімі берік сондай-ақ алған білімді шығармашылықпен өз тәжірбиесінде пайдалана алады

Кемшілігі

Жетістігі

1. Практикалық білім іскерліктерді қалыптастыруда ұдайы тиімді бола бермейді.

2. Басқа оқыту технологиясымен салыстырғанда бірдей көлемдегі білімді меңгеруге көп уақыт қпжет етеді.

1. Оқушылардың нақты ғылыми дүние танымын қалыптастыруға жағдай жасайды.

2. Оқушылардың өзіндік көз қарасын баулуын қамтамасыз етеді.

3. Оқушының танымдық қызығушылығын қалыптастырады

4. Оқушының ойлау қабілетін дамытады.

5. Оқушыларды шыңармашылық ізденіске жетпейде

1-сурет Проблемалық оқыту технологиясының ерекшеліктері;

Проблемалық оқытудың негізгі психологиялық және педагогикалық мақсаттары:

-Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамыту;

-Оқушылардың белсенді ізденіс нәтижесінде игерген білімдері мен дағдылары дәстүрлі оқыту әдістеріне қарағанда есте тез және берік сақталады;

-Түрлі проблемаларды көріп, қойып, шеше білетін белсенді оқушы тұлғасын қалыптастыру;

Проблемалық оқытудың ең негізгі мақсаты - қазіргі заманғы ғылым жетістіктеріне сүйене отырып, продуктивтік және творчестволық оқу процесінің логикалық жолдарын баяндау. Міндеттер: мұғалімнің проблемалық оқыту процесінің ұйымдастыруының негізгі тәсілдері мен формаларын көрсету, оқытудың ғылымилық дәрежесін жоғарылатып, оқушылардың неғұрлым тиімді жалпы дамуына жағдай тудыру.

Проблемалық оқытудың мақсаты-ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзі де, процесінде меңгеру, оқушының танымдық дербестігін қалыптастырып, оның творчестволық қабілеттерін дамыту.

Проблемалық оқытуда мұғалімнің түсіндіруі мен оқушылардың репродуктивтік қызметті талап ететін міндеттер мен тапсырмаларды орындауы жоққа шығарылмайды.

Проблемалық оқыту әдісін жүргізу дидактиканың заңдылықтарына байланысты мынадай кезеңдерге бөлінеді:

1. Проблемалық ахуалдар туғызу жолын алдын ала дайындау.

2. Проблемалық сұрақтарды грамматикалық және стилистикалық жағынан дұрыс құру.

3. Проблемалық мәселелерді шешу амалдарын күні бұрын дәл белгілеу.

4. Проблемалық сұрақтардың теориялық анықтамасын заңды түрде дәлелдеу.

Дәстүрлі оқыту әдісі бойынша мұғалім сабақ тақырыбын хабарлайды, мазмұнын түсіндіреді, есептер шығартады, талдау жүргізеді, қорытынды жасайды. Ал, оқушылар мұғалімнің әңгімесін тыңдайды, тапсырмаларды орындайды, керекті әдеьиеттермен танысады. Мұнда игеруге тиісті оқу мазмұны күні бұрын дайындалған күнінде оқушылардың қабылдауын талап етеді. Мұндай оқыту жүйесі репродуктивтік немесе дайын білім беру әдісі деп аталады.

Проблемалап оқыту әдісінің екі түрлі айырмашылығы бар. Біріншісі, оқыту мақсатына байланысты, мұнда оқу материалының мазмұны зерттеледі, ол белгілі бір дәрежеде қорытылады. Нәтижесі практикада сыналып, оқу программаларына, оқулықтарға және қосымша оқу құралдарына жазылады.

Екіншісі, педагогикалық процесті ұйымдастыру принципі тұрғысынан қарастырылады. Бұл кезде әдебиеттерде дайындалып көрсетілген білім мазмұнының көшірмесін қайталап өз қалпында түсіну талап етілмейді.

Проблемалық ахуал - оқушылардың игерген білімі мен іскерлікті қалыптастырудағы қажетті ұғымдар мен фактілердің арасындағы сәйкессіздік. Информатика пәнінде оның негізгі көзі берілген есептің математикалық моделін жасау, алгоритмін құру болып табылады. Бұл кезде оқушылардың өзіндік шығармашылық әрекеті орындалады.

Проблемалап оқыту теориясының аумағында әлі де зерттеулерді қажет ететін көптеген мәселелер бар. Бұл маңызды мәселелердің бірі - оқыту процесінде оқушының шығармашылық қабілетін дамыту мәселесі. Оқу-тәрбиесінде мынандай өзекті проблемалар бар:оқушылардың өз бетінше ойланып, әрекет етулері жеткіліксіз. Бұл проблемаларды шешу үшін, білім үрдісінде инновациялық технологияларды оқып үйреніп, өз іс-әрекетімде енгізу қажет деп ойлаймын.

Проблемалық оқыту-ойлау операциялары логикасы (талдау, қорытындылау және тағы басқа) мен оқушылардың ізденіс (проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және тағы басқа) ескере отырып жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Сондықтан да көбінесе мектеп оқушыларының ойлау кабілеттерін дамытады және сенімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Проблемалық оқыту əдісі негізінен екі функциясымен анықталады:

1. Ақыл-ой ізденісінің бағытын анықтау, яғни оқушылардың проблемаларды шешудің амалдарын іздестіруі.

2. Оқушының жаңа білімді меңгерудегі танымдық қабілетін дамыту, оқу əрекеті белседілігін қалыптастыру.

Заманауи білімдендірудің мақсаты мамандарды шығармашылыққа дайындау екені даусыз. Шығармашылық дегеніміз жаңалықты (жаңа нысана, жаңа білім, жаңа проблема, жаңа әдіс) ашу. Осыған орай, проблемалық оқытудың өзі де шығармашыл процесс: бейқалыпты ғылыми-оқу мәселені бейқалыпты әдістермен шешу. Соңғы кезде кең тараған оқу түрінің мәні: мұғалім жаңа білімді дайын түрде баяндамай, оқушылардың алдына проблемалық сұрақтарды қойып, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді.

Аталмыш оқыту жаңадан ғана пайда болған жоқ. Кезінде бұған өз үлес қосқан педагог-ғалымдар: Сократ, Руссо, Дистерверг, Ушинский. Мысалы, Дистервергтің дәлелдеуінше, «жаман ұстаз ақиқатты айта салады, жақсы ұстаз оны іздеп табуды үйретеді».

Мұғалім проблемалық оқытудың барысында оқушы ойына, пікір қайшылықтарына дұрыс бағдар жасай отыра, жауап табу әдістерін үйретеді. Әдетте, оқытудың бұл түрі жаңа оқу материалын түсіндіру кезеңінде қолданылады. Сонымен, проблемалы оқытудың ерекшелігі: оқушыға дайын білім берілмей, одан проблемаларды ізденіс арқылы шешу талап етіледі.

Қазіргі мектептерде түсіндірмелі және проблемалық оқыту түрлері бірге қатар қолданылады. Білім беру - оқытудың тәрбие мен дамытудың үздіксіз үдерісі. Белгілі балалар психологы Д. Б. Эльконин дәлелдегендей, 3-10 жас аралығындағы балалар біріккен мәдени - білім беру саласында ортақ өмірмен дами отырып, ортақ тәрбиеленіп, ортақ оқып үйреніп өмір сүру керек. Яғни бұдан шығатын қорытынды - бұл сабақтастықтың яғни бастауыш сатыда мазалайтын сұрақтар проблемалары біреу ғана. Ол баланың тілін ой-өрісін, қиялы мен шығармашылығын дамыту болып, жаңа заман талабына сай жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде оқытып тәрбиелеу. Көрнекті психолог Л. С. Выготскийдің негізі бойынша «Бала дамуының ең шарықтау шегі - бұл тіл мен ойдың шығармашылығы деген екен.

Оқу-тәрбиесінде мынадай өзекті яғни актуальды жерлерінде проблемалар бар: Оқушылардың өз бетінше ойланып, әрекет етулері жеткіліксіз. Бір оқу міндетін басқа түрлі жолдармен өзгертіп, шеше білу қабілеттері, сонымен қатар алынған білім-білік дағдыларын қазіргі өмір мен ғылым, техника жаңалықтарымен байланыстырып, салыстырып, зерттеп өз болжамдарын жасау қабілеттері әлі де төмен деңгейде. Ал мұның себебі қайда жатыр және бұл проблемаларды шешу үшін, білім үрдісінде инновациялық технологияларды оқып үйреніп өз іс-әрекетімде енгізу қажет деп ойлаймын. Білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәрбиеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар.

Проблемалық оқыту технологиясы жаңа емес: ол 20-30 жылдары кеңестік және шетелдік мектепте таралды. Проблемалық оқыту американдық философ, психолог және педагог Дж. Дьюи (1859-1952), 1894 жылы Чикагода тәжірибе мектебін құрды, онда оқу жоспары ойын және еңбек қызметімен алмастырылды. Оқу, санау, жазу сабақтары физиологиялық жетілу кезеңінде балаларда өздігінен пайда болатын қажеттіліктерге - инстинкттерге байланысты ғана жүргізілді. Дьюи оқытудың төрт инстинктін анықтады: әлеуметтік, құрылыс, көркемдік өрнек, зерттеу. [3]

Проблемалық оқыту теориясын В. Т. Кудрявцев, И. Я. Лернер, М. И. Махмутов, А. М. Матюшкин, М. Н. Скаткин білікті маман жеке тұлғасының қалыптасу тұжырымдамасын Л. А. Волович, Г. И. Ибрагимов, Г. В. Мухаметзянова өз еңбектерінде жан-жақты зерттеген. Проблемалық оқыту теориясының негізін қалаушылар оқудағы ойлану қызметі тек қана жаңа білімді меңгеріп қана қоймай, сол мақсатқа жетудің жаңа тәсілдерін де үйрену деп есептейді. А. М. Матюшкиннің анықтамасы бойынша, «оқытудағы ойланудың негізгі қызметі тек қана жаңа білім алып, жаңаша әрекет етуге мүмкіндік беретіндігінде. Адам өміріндегі барлық білім жүйесі мен іс-әрекеті оның ойлау қабілетінің нәтижесі. Адамның білімі оның ойлануының көрінісі, яғни негізгі танымдық құралы» .

Жоғары білім беретін мектептің міндеттеріне сүйене отырып, оқытудың дәстүрлі типін проблемалық оқытумен салыстырудан шығарылған қорытындылар негізінде проблемалық оқытудың негізгі міндеттерін тұжырымдауға болады. Оларды шартты түрде жалпы және арнайы қызметтерге бөлеміз.

Проблемалық оқытудың жалпы міндеттері:

- оқушылардың білім жүйелері мен ақыл-ой және практикалық қызмет

тәсілдерін меңгеру;

- танымдық дербестігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту;

- оқушылардың өз бетінше ойлау қабілеттерін дамыту.

Бұған қоса проблемалық оқытудың арнайы міндеттері төмендегідей

болып бөлінеді:

- білімді шығармашылық меңгеру дағдыларына тәрбиелеу (логикалық әдістерді немесе шығармашылық қызметтің жекелеген тәсілдерін қолдану) ;

- алған білімді шығармашылықпен қолдану дағдыларына (жаңа ситуацияларда) және оқу проблемаларын шешу шеберлігіне тәрбиелеу;

- шығармашылық қызмет тәжірибесін қалыптастыру және жинақтау (ғылыми зерттеу, практикалық проблемаларды шешу және шындық болмысты көркем бейнелеу әдістеріне ие болу) ;

Проблемалық оқыту технологиясы негізінде оқушылардың білімді меңгерудің ғылыми дәрежесін арттыру екі әдіс арқылы қамтамасыз етіледі:

Бірінші әдіс - оқытушының түсіндіруін күшейту. Әңгіме дәстүрлі оқыту жағдайындағы оқыту материалын сипаттай түсіндіруден проблемалық оқыту жағдайындағы дәлелді түсіндіруге көшу туралы болып отыр. Оқытушының негізгі міндеті - түсіндіру жаңа сапаға ие болады, бұл сапа мыналармен сипатталады, оқытушы:

а) өзі жасаған проблемалық ситуация арасында жаңа ұғымның мәнін түсіндіреді;

ә) түсіндіре отырып, сол ғылым тарихында белгілі бір проблеманы шешуге алып келген ғылыми зерттеудің жолдарын, логикасын көрсетеді.

Меңгерудің ғылыми дәрежесін арттырудың екінші әдісі - сабақ беру мен оқудың жаңа қатынасын белгілеу, атап айтқанда, оқытушының түсіндірушілік міндетін орынды түрде шектеп, оқу проблемаларын шешу жолымен студенттердің ұғымдарды өздігінен ашу және түсіндіру жөніндегі іс-әрекетін кеңейту. Бұл анағұрлым маңызды тәсіл болып табылады. Өйткені проблемалық оқыту процесінде жаңа ұғымдардың мәнін студенттердің өздері продуктивтік шығармашылық қызмет барысында (оқытушының көмегімен және басшылығымен) ашады, оның үстіне қызмет зерттеу әрекеттерінің шеберліктері мен дағдыларын қалыптастырады, ал, білімді бір ғана «зердемен емес, өз ойының күш салуымен» алады.

Проблемалық оқыту - ғылыми дүниетанымды қалыптастырудың негізгі тәсілі, ол адамның танымдық және практикалық қызметін реттеп отыратын белгілі бір жеке бастық субъективтік тұрғы ретінде ұғынылады, дүниетаным теориялық білімнің, практикалық тәжірибенің, идеялық-эмоциялық бағалардың жоғары синтезі ретінде анықталады.

1. 2 Бастауыш сыныпта проблемалық оқыту арқылы білім алушылардың ізденіс дағдысын қалыптастыру

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып математикасында проблемалық технологияны қолдану
Бастауыш сынып ана тілін оқытуда қазіргі технологияларды қолдануға болашақ мұғалімдердің даярлығын қалыптастыру
Бастауыш білім беруде қолданылатын оқыту технологияларына сипаттама
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістеме
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісі
Бастауыш сыныптарында математика оқытуда жаңа технологияларды пайдалану
Оқытудың дамыту функциясы
Бастауыш сыныптарында қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды пайдалану жолдары
Оқытудың қазіргі технологиялары
Бастауыш мектептің дамыта оқытудың таным өрісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz