Сақтандыру жауапкершілігінің деңгейі
НСК Мұнай сақтандыру СК-ның міндетті сақтандыру қызметінің қазіргі жағдайына талдау
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
, Т.А.Ж. )
___ ________ 2020жыл
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІ БАСЫМДЫҚТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.1 Сақтандыру қызметі маңыздылығы және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2 Міндетті сақтандыру мәні және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
1.3 Қазақстан Республикасындағы міндетті сақтандыру ісін жүргізудегі заңнамалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
2 ҚАЗАҚСТАН САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .42
2.1 Қазақстандағы сақтандыру компанияларының міндетті сақтандыру қызметінің қазіргі жағдайына талдау жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .42
2.2 Қазақстандағы міндетті сақтандыру ағымдағы жағдайын анықтау ... ... ... ...49
2.3 НСК Мұнай сақтандырусақтандыру компаниясы мысалында міндетті сақтандыру қызметін талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ ЖЕТІЛДІРУ МЕХАНИЗМІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..67
3.1 Бәсекелестік жағдайындағы міндетті сақтандыру қызметін дамыту перспективасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 67
3.2 Қазақстан міндетті сақтандыру қызметін жетілдіру механизмі ... ... ... ... ... .74
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 81
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .84
ҚОСЫМШАЛАР
Бәсекелестік жағдайда Мұнай Сақтандыру компаниясының міндетті сақтандыру қызметін талдау және жетілдіруКІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Сақтандыру резервтерін және меншік капиталын инвестициялау - сақтандыру компанияларының қаржы-шаруашылық қызметінің маңызды бағыты, жинақтаушы сақтандырудан жиналған сақтандыру сыйақысының бөлігін инвестициялау - сақтандыру шарттарын орындаудың қажетті элементі және сақтандырудың тәуекел түрлері бойынша сақтандыру сыйақысының бөлігін инвестициялау, әсіресе мүліктік тәуекелдерді сақтандыру табыстың қосымша және ауқымды көзі болып табылады.
Сақтандыру операцияларынан кейінгі табыстың екінші басым көзі болып табылатын сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметі әлі күнге дейін дамып-жетілмей келеді. Соған қарамастан, Қазақстандағы сақтандыру қызметі саласындағы күшейіп келе жатқан бәсекелестік және соның салдарынан сақтандыру тарифтерінің төмендеуі, әлуетті сақтанушылардың тәуекелден сақтанудың баламалы тәсілін таңдауы, сақтандырушының инвестициялық белесенділігінің даму мәселесі ең өзекті мәселелер қатарына жатқызады.
Сақтандырудың инвестициялық қызметінің толыққанды дамымауын бірнеше негізгі себептермен түсіндіруге болады.
Біріншіден, Қазақстанда қор рыногы әлі де дамымай отыр, ал сенімді қор құралдарының саны шектеулі. Кепілдемелік табыстылық пен өтімділікті тек ғана мемлекеттің борышқорлық міндеттемесі, табиғи монополиялар мен қаржылық институттардың бағалы қағаздары ғана қамтамасыз етеді.
Екіншіден, еліміздегі тұрақсыз инвестициялық жағдай туғызып отырған инвестициялық үдерістерді мемлекеттік реттеудің жеткіліксіздігі көзге айқын көрініп отыр.
Үшіншіден, шетелдік сақтандыру компанияларымен салыстырсақ, қазақстандық сақтандыру ұйымдарында әлі күнге дейін инвестициялық қызмет саласында қажетті қомақты қаражат көлемі жоқ. Өмірді ұзақ мерзімге сақтандыру және зейнетақыны сақтандырудың аз көлемі инвестициялық қызметтің жоғарылауына септігін тигізбей отыр.
Төртіншіден, осы салада білікті мамандар мен сақтандырудың инвестициялық қызметінің тиімділігін арттыру мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жоқтың қасы. Мысалы, сақтандыру бизнесінің инвестициялық моделінің, инвестициялардың тиімділігін бағалау әдісінің болмауы, сондай-ақ сақтандыру компанияларының инвестициялық саясатын ашу механизміне қатысты ғылыми әдебиеттерде зерттеулердің аздығын және т.б. айтуға болады.
Дипломдық зерттеудің ғылыми жаңалығы. Сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметінің концептуалдық жай-күйін әзірлеу және маңызды бағыттарын негіздеу болып табылады. Ғылыми жаңалықтың негізгі элементтері мыналардын тұрады:
- теориялық аспектілерді ғылыми жүйелендіру мен зерттеудің негізінде инвестициялық портфель ұғымына авторлық анықтама берілген, яғни ол сақтандыру компанияларына тән қаржылық инструменттердің жиынтығы деп түсіндіріледі;
- сақтандыру компаниялары қызметінің ерекше түрі ретіндегі портфельдік инвестициялаудың концептуалдық және ұйымдастырушылық негіздері зерттелген;
- сақтандыру компанияларының қаржылық ресурстарын қалыптастыру жүйесіндегі қаржылық қорғау институты ретінде сақтандыру резервтерін инвестициялық басқару жүйесінің қызмет ету ерекшелігі анықталған;
- сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелінің тәуекелдерін төмендету әдісі ретіндегі сыни сызығы әдісіне ғылыми баға берілді және іс жүзінде мақұлданды;
- сақтандыру компанияларының қаржылық тұрақтылығын бағалау параметрлері, олардың ЕуроОдақ стандартына бейімделуінің қажеттігі айқындалды;
- автормен әзірленген сақтандыру резервтерін орналастырудың экономика-математикалық моделін қолдануда халықтың жинақтарының ағындарын көбейтуге мүмкіндік туғызатын механизмдер ұсынылған.
Зерттеу нәтижесінің практикалық маңыздылығы дипломдағы теориялық жағдайлар мен практикалық ұсыныстарды сақтандыру ұйымдары мен брокерлік компаниялар қызметтерінде, сақтандыру резервтерін басқарушылар кеңінен пайдалануы мүмкін. Ғылыми зерттеудің материалдары Сақтандыру курсы бойынша лекцияда және семинарлық сабақ жүргізуде пайдаланылуы мүмкін.
Тақырыптағы ғылыми мәселелердің ахуалын бағалау. Қазіргі таңда сақтандыру рыногының Қазақстанда дамуы барысында сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметін жақсарту өте маңызды болып табылады. Соңғы жылдарда институционалдық инвесторлардың (бұған сақтандыру компаниялары да жатады) активтерін басқарудың портфельді әдістерін қолдану және теория, практикалық негіздеу саласында үлкен өзгерістер болып жатыр.
Сақтандыру резервтерін портфельді басқару мәселесіне ғана қатысты емес, сонымен қатар бүкіл қор рыногына қатысты, оның ішінде инвестициялық менеджмент, портфельді инвестиция, пайыздық мөлшерлеме және келтірінді құн теориясы туралы Ч.Доудың, Б.Грэхэмнің, Д.Доддтың, И.Фишердің, Р.Элиоттың, Г.Марковицтің, Д.Тобиннің, У.Шарптың, Ф.Розенфельдтің, Р.Эдвардстың, Ю.Фаманың, Дж.Линтнердің, Р.Претчердің және Дж.Мейджидің қомақты, терең еңбектерін жатқызуға болады.
Жалпы инвестициялық қызметтер және портфельді инвестициялар теориясына қатысты үлкен үлес қосқан қазақстандық экономист-ғалымдар: О.Баймуратов, М.Кенжегузин, Ч.Атаниязов, Л.Жексебаева, Г. Абдрахманова, Б.Жұманова, А.Кәрімжанов және т.б.
Сақтандыру резервтерін инвестициялық басқару мәселесіне тікелей қатысты жұмыс жазған авторлар - У.Искаков, В.Мельников, В.Ли, К.Жүйріков, В.Додонов, Н.Нурланова, Ж.Құрманов, А.Назина, А.Құрманғалиева, Н.Батыргожин, Г.Маянлаева.
Дегенмен, Қазақстандық экономика мектебінде инвестициялық портфельдің тәуекелін бағалау және Қазақстанда сақтандыру компанияларының инвестициялық портфельдер жүйесіндегі кейбір инструменттерді бағалауға арналған зерттеулер жоқтың қасы. Сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелінің тиімділігін бағалаудың математикалық әдістері нашар дамыған. Сондықтан, бұл бағытта әлі де болса кешенді талдау жүргізу қажеттігін және зерттеу аясының кеңдігін көрсетеді. Осыған байланысты бұл мәселе бойынша тоериялық, практикалық және әдістемелік тұрғыдан кешенді талдау мен саралау қажеттігі зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттерін анықтауға түрткі болды.
Дипломдық зерттеудің мақсаты және міндеттері. Дипломдық зерттеудің мақсаты - сақтандыру компанияларының инвестициялық погртфелін талдау, сақтандыру компанияларының инвестициясын оңтайландыру әдістерін және осылардың негізінде сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелін жетілдіру бойынша қорытындылар мен ұсыныстар жасау болып табылады.
Аталған мақсатқа жету үшін зерттеудің логикалық тұтастығын қамтамасыз ететін келесі міндеттерді шешу арқылы жүзеге асырылады:
- Қазақстанның экономикалық мектептерінде портфельдік талдауды құру мен даму кезеңдерін қадағалау;
- қазіргі порфельдік теория негізінде сақтандыру компаниясының инвестициялық портфелінің қалыптасуын талдау;
- шетелдердегі инвестициялық ағымдардағы сақтандыру резервтерінің мағынасы мен рөлін нығайту кезеңдерін айқындау;
- Қазақстанның сақтандыру және қор рыноктарының қазіргі кездегі жай-күйі мен даму перспективаларын талдау;
- Қазақстанның сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелінің инструменталдық құрылымына баға беру;
- Қазақстанның сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметінің негізгі бағытын зерттеу, институционалды инвесторлардың портфельдік инвестицияларының көлемін бағалау;
- Қазақстанның сақтандыру компаниясының инвестициялық портфелінің құрылымының перспективалық моделін жасау.
Зерттеу объектісі - Қазақстанның сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметі болып табылады және НСК Мұнай сақтандырусақтандыру компаниясы мысалында міндетті сақтандыру қызметін талданады.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі - отандық және шетелдік сақтандыру рыногының дамуының теориялық және практикалық аспектілерімен айналысатын отандық және шетелдік экономистер мен қаржыгерлердің классикалық және қазіргі таңдағы еңбектерінде ұсынылған және дәлелденген теориялар мен гипотезалар, тұжырымдамалар, қазақстандық ғалымдардың қор рыногының дамуы мен портфельді талдау мәселелері бойынша зерттеу жұмыстары жатады.
Осы зерттеулерде монографиялық зерттеу әдісі, ғылыми-абстрактілік әдісі, байқаулар, зерттеулер, салыстырмалар, жүйелі және факторлық талдау, негіздеу, салыстырмалы көрсеткіштер, баланстық әдіс қолданылды. Жұмыста, сонымен қатар, қаржы рыногына қолданбалы және техникалық талдау жүргізілді.
Зерттеудің ақпаратттық базасы ретінде статистикалық мәліметтер, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің мәліметтері, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің, Қазақстан Республикасының Заңнамалық актілері, Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау бойынша Агенттік, Қазақстан Республикасында қаржы рыногының жекелеген агенттерін реттейтін құқықтық және нормативтік құжаттар, осы проблемалар бойынша басылымдар мен монографиялар болып табылады.
Жұмыста Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің есептері, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногының даму бағдарламасының жүзеге асуы туралы есептер, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы мен сақтандыру рыногын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары кеңінен пайдаланылды.
Диломдық жұмыстың тәжірибелік базасы. Ғылыми-практикалық әзірлемелерді енгізетін сақтандыру компанияларының портфельдік инвестициялау бойынша теориялық жағдайларын, оның тиімділігін арттыру бойынша практикалық тұжырымдамалар қорғауға ұсынылады. Тақырыпты зерттеу барысында жаңа көзқарастар, ұсыныстар мен тұжырымдар жасалған, соның ішінде маңыздылары мыналар:
1) сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелін қалыптастырудың теориялық-әдістемелік жағынан қарастырылуы;
2) тәуекелді басқарудағы талаптарды, тәуекелді бағалаудың кезеңдері мен әдістерін қосатын тәуекел-менеджменттің көпвекторлы жүйесі;
3) Қазақстанның сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелін қалыптастыру механизмін оңтайландырудың экономика-математикалық моделі;
4) Сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметінің тиімділігін арттыру бойынша заңнамалық, нормативтік, ұйымдастырушылық сипаттағы бірқатар ұсыныстар.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломның құрылымы зерттеудің мақсатымен және міндеттерімен анықталып, тақырыпты ашуға негізделген. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады, 7 кесте, 12 сурет 4 қосымшалары қамтиды.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІ БАСЫМДЫҚТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Сақтандыру қызметі маңыздылығы және оның түрлері
Ежелгі заманнан бері адам тағдыр соққысын - су тасқындарын, өрт, жарақат және басқа да оның денсаулығы немесе мүлкіне зиян тигізетін жағдайларды жұмсартудың әдістерін іздеуде болған. Алайда біздің бабаларымыз ешбір адам жалғыз өзі табиғат апаттары мен жазатайым жағдайларға қарсы тұра алмайтынын білетін. Күндердің күнінде адам- зат күштерін жұмылдырып, қиындықтарға қарсы тұру абзал екенін түсінді. Осылайша сақтандыру пайда болды.
Сақтандыру ежелгі заманда туындады. Саудагерлер қарақшылардың шабуылынан қорқып, ақша қорын құратын болған. Олардың жалпы қаражаты (сақтандыру сыйлықақылары) сенімді жерде сақталатын, ал егер біреудің басына сақтандыру жағдайы (қарақшылардың тонауы) түссе, ол осы қордан өтемақы алатын болған. Әрине, қарақшылар құрығына түспегендерге сақтандыру жарналары қайтарылған жоқ. Ал басына іс түскендерге олардың қорға енгізген сомала- рынан едәуір көп ақша берілетін еді. Уақыт өте келе жиналған ақшаларды сақтаумен және сақтандыру өтемдерін (өтемақыларын) сақтаумен айналы- сатын арнайы ұйымдар пайда болды.
Сақтандыру iсі бұл - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиясы негiзiнде не Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес лицензиясыз жүзеге асырылатын қызметi [1].
Сақтандыру ісі ұлттық экономиканың маңызды саласы және тәуекелден қаржылық қорғау институты ретінде әрдайым дамып келеді. Зерттеу тақырыбын таңдап алу осымен байланысты.
Сақтандыру ісін ұйымдастырудың бірінші жағдайлары біздің жыл санауымызға дейін 4 - 3 мың жылдықтарда Шумерде байқалған. Шумерлер танымал әлемнің барлық бөліктерімен, соның ішінде Мысырмен, Финикиямен, Үндістан мен Қытаймен белсенді сауда- саттық жасады. Жүктердің жоғалу шығындарын азай ту үшін шумерлер келісімдер мен шарттар жүйесін ой лап тапты, оларға сәйкес саудагерге капитал ұсынушы тарап егер саудагер ұрлыққарлық жағдайында өз тау арын жоғалтқан болса, қарызын қайтаруды талап ет пеуге келісетін. Осы қызмет үшін саудагер - заем алушы қарапайым және қосымша сақтандыру сыйақысынан тұратын жоғары қарыздық пайыз төлейтін болған. Осылайша саудагер тауарын жоғалтқан жағдайда өз шығындарын азайтқан. Сонымен қатар, несие беруші басқа қатысушылардан қосымша сақтандыру жарна ларын жинап, табыс тапқан, егер олардың арасындағы біреу сәтсіздікке ұшырағанның өзінде - қалған сома қомақты болған.
Шумерлік несие берушілер мен саудагерлер арасындағы келісімнің аталған түрі финикиялықтарға, гректер мен үндістерге белгілі болды, содан соң ежелгі Родоста да кеңінен дамып, қолданыла бастады. Дәл сонда жүкті кеме сыртына тастау немесе ортақ жалпы сан ере желерін қамтитын, Теңіз заңдарының жан-жақты ко дексі жазылған. Аталған ережелердің мәні мынада - егер кемені жеңілдету үшін тауарды суға тастау қажеттілігі туындаса, онда шығынды өтеу өз жүктерін теңіз арқылы тасымалдауды жүзеге асырушы саудагерлердің жарна ларынан құралған ортақ қор есебінен жүзеге асырыл ды. Дәл сол кезде шығындарды бөлу, яғни бір адамның шығынын көп адамдардың ресурстары есебінен өтеу қағидасы туындады. Кейіннен, аталған қағида гректің Солон заңдарында, сондай-ақ ежелгі римдік азаматтық кодексте және Византия империясының заңдарында көрініс тапты. Адамзаттың дамуына байланысты сақтандыру өз қолданысының жаңа формаларына ие болды [2].
Осылайша, Ежелгі Грецияда және Римде шығындарды бөлу қағидасы тікелей адамдарға қатысты қолданыла баста ды. Атап айтқанда, сонда жерлеу қоғамдары құрылды, олар қаза болған адамның жерленуіне байланысты шығындар қорлары есебінен қаржыландырылды. Сақтандыру ісінің даму тарихын парақтап отырсақ, Ии сус туылған соң 1430 жылы сақтандыру қоғам өмірінің әртүрлі салаларында зиянды өтеудің жеткілікті түрде дамыған әрі күрделі жүйесіне айналды. Мысалы, дәл осы уақытта Генуя қаласында сақтандыру ісі босана тын әйелдерге қатысты қолданылды. Сәл кейінірек, 1435 жылы Барселонада сақтандыруға байланысты бірінші Заңдардың жан-жақты кодексі пайда болды.
Мүліктік және жеке сақтандыру орта ғасырлардан бас тап кеңінен дамыды. Біріншісі теңіз қауіп-қатерлеріне байланысты туындаған. Сонымен қатар мүліктік сақтандырудың негізгі түрлерінің бірі - өрттен сақтандыру дамыды. Бұл орайда 1765 жылы құрылған Өрттен өзара сақтандыру Римдік қоғам дәл осыған бай ланысты деуге болады.
Өрттен сақтандырудың туындау тарихына қатысты, Англияда өртке байланысты тәуекелдерді сақтандыру 1666 жылғы лондондық қайғылы оқиғалардан кейін туындағанын атап өту қажет, сол жылы 436 акр аумағында орналасқан 13200 ғимарат өрт құшағына ора нып, күлге айналды. Осы оқиғалардан кейін апат әсерінен есеңгіреген Лондон тұрғыны Николас Барбон Англияда бірінші сақтандыру компаниясының негізін қалады, ол өрттен сақтандыруға маманданған болатын.
Тарихтың барысымен сақтандыру ісі қоғамның әртүрлі зияндарын өтеу қажеттілігін қамтамасыз ете оты рып, адамзаттың ғылым мен техника, өнеркәсіп пен ауылшаруашылық өндірісі, қызметтер мен көлік және т.б. саласындағы жетістіктерімен қатар дамып отыр ды. Бүгінгі таңда қоғамды адамзат тіршілігінің әртүрлі салаларын қамтитын сақтандыру ісінсіз елестету мүмкін емес.
Қазақстанның ұлттық сақтандыру нарығының туын дауы ХІХ ғасырдың екінші жартысына тұс келеді. Бұл ретте осы кезеңнің сақтандыру нарығы акционерлік сақтандыру компанияларымен ұсынылған, бірақ олармен қатар мемлекеттік сақтандыру да болды [3].
1917 жылғы революциядан соң барлық түрдегі және формадағы сақтандыру Қазақстанда мемлекеттік монополия болып жарияланды. Сақтандыру ісінің коммерциялық нарығы Республикада тек ХХ ғасырдың соңында ғана пайда болды. Олардың ұйымдық құрылымы кооперативтерден және серіктестіктерден акционерлік қоғамдарға дейін дамыды.
Сақтандыру қатынастарын реттеуші заңнамалық базаның болмауы сақтандыру нарығының даму процессін тежеді. Тек 1992 жылдың шілде айында Қазақстан Республикасының Сақтандыру туралы Заңы күшіне енді. Бұл ұйымдардың құрылу және сақтандыру нарығына кіру процессін барынша қарапайым еткен либералды заң болатын. Сол кезде Қазсақтанқадағалау - Қазақстанның сақтандыру ісін қадағалау жөніндегі федералды ісі құрылды, оған отандық сақтандыру нарығын бақылау құзыреті берілді. 1996 жылы Қазсақтан қадағалау ҚР Қаржы министрлігінің Сақтандыруды қадағалау де партаменті болып қайта құрылды [4].
1993 жылы Қазақстан Республикасының Сақтандыру туралы заңының қабылдануымен мемлекеттік сақтандыру заңнамаларының негізі қаланғанда, сақтандыру ұйымдарының саны 900-ге жетті, өкінішке орай олардың көбісін сақтандырумен тек атауы байланыстырушы еді.
Заңмен қойылған талаптарды тек 13 сақтандырушы орындай алды. Сол жылы 38 сақтандыру компаниялары ның бастамасымен Қазақстанның Сақтандырушылар Одағы құрылды. Қазақстан Республикасы Президентінің Сақтандыру нарығын құру және дамыту жөніндегі ұйымдастырушылық-құқықтық шаралар туралы 1994 жылғы 19 сәуірдегі жарлығы сақтандыру ісіне мемлекеттік реттеу жүйесін енгізуге құқық берді.
1994 - 2009 жылдар аралығында Сақтандыру туралы жаңа Заң қабылданды және көлік құралдарының иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мін детті сақтандыру енгізілді. Республиканың сақтандыру нарығын дамытудың алғашқы тұжырымдамасы жарық көрді. Осы кезеңде сақтандыру компанияларының саны 70 - 150 аралығында ауытқып тұрды.
Отандық сақтандыру индустриясының қалыптасуы Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік басқару органдарын оңтайландыру бойынша алға қойылған шаралары туралы 2009 жылғы 30 маусымдағы жарлығы арқасында жаңа кезеңге аяқ басты. Аталмыш жарлыққа сәйкес сақтандыру органының қызметтері мен құзыреті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне берілді.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің берген лицензияларына сәйкес 2018 жылдың 12 желтоқсанында республиканың қаржы нарығында 44 сақтандыру компаниялары қызмет етеді.
Сақтандыру қызметтерінің көшбасшыларының бестігіне кіретіндер: Евразия СК, Виктория СК, Қазақсақтандыру ИСК, Альянс-Полис, Казкоммерц- Полис.
Қазақстанда сақтандыру нарығының қалыптасуын үш кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең (1988-1994жж.). Қазақстанда алғашқы жеке сақтандыру ұйымдарының пайда болуы осы жылдары еді. Бұл сақтандыру ісін жүзеге асыру спецификасын ескеретін, сақтандыруға арнайы нормативтік құқықтық актілердің жоқтығы, сақтандыруға мемлекеттік монополия жағдайында болған кез.
Қазақстанның өзінің тәуелсіздігін алуы мен суверенді мемлекет ретінде оның қалыптасуы сақтандыру қызмет нарығын қосатын, нарықтық экономика инфрақұрымының дамуы мен тез қалыптасу қажеттілігін туындатты. Отандық сақтандыру нарығының қалыптасуы, экономиканың жалпы құлдырау мен шаруашылықтың жаңа шарттарында сақтандыру индустриясының әрекет етуін қамтамасыз ететін заңнаманың әлсіздігін қосатын, қиын өтпелі кезең жағдайында болды.
Республикада кооператив формасында туындаған ең алғашқы сақтандыру ұйымының бірі "Үміт" сақтандыру компаниясы (1989 жылы қарашада тіркелген). Кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға бағытталған, республикамен бірнеше заң актілерін қабылдау, көптеген өндіріс пен қызмет сферасына жеке бизнестің келуін ынталандырды. Осылайша, 1991 жылдың аяғында АКСК "Коммеск Өмір", КСК "Авиаполис" қалыптасты.
Ұлттық сақтандыру заңнамасының негізі 1992 жылы маусымның 3 күні "Сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының қабылдаған заңда салынған. Оның басты мақсаты сақтандыру қызмет нарығын қалыптастыру мен кәсіпкерлік қызмет субьектілер мен азаматтарды сақтандыру қорғанысын кеңейту. Аталған заң сақтандыруға мемлекеттік монополияны алып тастады және оны кәсіпкерлік қызмет ретінде анықтады. Заңға сәйкес сақтанушы ретінде орнатылған тәртіпте тіркелген кез келген заңды тұлға. Сақтанушының жарғылық капитал мөлшері, оның меншік және ұйымдық формасынан тәуелсіз, 100,0 мың рубльден кем емес болу керек. Сақтанушыға, сақтандырудан басқа, басқадай кәсіпкерлік ісімен айналысуға рұқсат берілді. Өзінің қаржылық тәуекелін қамтамасыз ету үшін сақтандыру ұйымдары, салыққа жатпайтын, негізгі, резервтік, валюталық қорларды құру тиіс.
Сонымен бірге, Заң мазмұнында сақтандыру шартымен байланысты және сақтандыруды ынталандыруға бағытталған, шарт қатынастарын реттеу бойынша ереже болды. Өйткені кәсіпорынмен сақтандыру төлемдерін төлеу щығындары шығысқа жатқызылып, ал сақтандыру сомалары мен сақтандырылушымен алынған сақтандыру өтемдер табыс ретінде қарастырылмады және табыстан салыққа жатпады.
Нарықтық қатынастардың даму шамасына қарай мемлекет нарықтық құралдарды, әсіресе, халықтың бөлек категориясына әлеуметтік қорғау бойынша өз ісін жүзеге асыруда сақтандыруды белсене қолдана бастады. 1992 жылы Әскери қызметкерлер мүдделерін қорғауға кепілдікті көтеруге бағытталған, әскери қызметкерлерді мемлекеттік міндетті сақтандыру енгізілді.
1993 жылдың сәуірінде "Сақтандыру туралы" заңға бірнеше түзетулер енгізілді. Негізінен онда, шетел азаматтары мен заңды тұлғаларға, шетел қатысуымен бірлескен кәсіпорындарға Қазақстан Республикасы территориясында сақтанушы ретінде өз ісін жүзеге асыруға нормалар енгізілді. Осы енгізілім, өзінің қаржылық аз қуаттылығы мен ұсынатын қызметтердің төмен деңгейінен, шетел сақтандыру мен қайта сақтандыру ұйымдарымен бәсекелесе алмаған отандық сақтанушының мүддесін қорғауға бағытталды. Сонымен қатар сақтанушыларға салық салу салықтық жеңілдіктерді азайту жағына өзгертілді. Сақтандыру ұйымдарының ашылудың қарапайым тәртібі, жарғылық капиталдың аз мөлшері, олардың ісіне қолайлы жағдайлардың қалыптасуы республикада сақтандыру "жарылысын" туындатты. Егерде 1991 жылдың аяғында тіркелген сақтандыру ұйымдарының саны бірлік болса, онда 1994 жылдың сәуірінде олар 500 еді.
Қаржылық қызмет институты ретінде, сақтандыру ісіне талаптардың жоқтығы, мемлекетпен бақыланбауы, реттелмеуі, ары қарай сақтандыру қызмет нарығының дамуына кедергі болды. Және де сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға сақтандыру ісімен айналыспады. Біреулер "Сақтандыру" атын салық салымынан кету үшін қолданса, екіншілері сақтандыру ісін жүзеге асыру үшін қажетті технологиялары мен шартары болмады [5].
Сақтандыру нарығындағы осы жағдайлар мен басқа да проблемалар, сақтандыру ісіне бақылау мен мемлекеттік реттеу жүйесін құруға бағытталған, мемлекеттік шараларды қабылдау қажеттілігін туындатты.
Екінші кезең (1994-2009жж.). Нарықтық экономикаға өтуде сақтандыру секілді кәсіпкерлік қызметтің бұл түрі жеке сала ретінде бөлінеді. Тек сақтандыру ғана тұтынушыны қаржылық және әлеуметтік соқтығыстан, әділетсіз іскерлік тәжірибеден, қаупті өндірістен, әр түрлі табиғат апатынан сақтайды.
Үшінші кезең (2009-2010 жж.).
Отандық сақтандыру нарығының қалыптасуда басты кезең болып, Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік басқару органдарын ұтымды шаралары туралы" 2009 ж 30 маусымынан № 3986 жарлығын қабылдау болды. Соған сәйкес сақтандыру бақылауын жүргізетін орган ісі Ұлттық Банкке берілді, өйткені Ұлттық Банк көптеген параметрлер бойынша халықаралық стандарт талабына жақындайтын, банк жүйесін реформалауда және екінші деңгейлі банктерге бақылау жүргізу бойынша үлкен тәжірибеге ие еді. Бұл потенциалды ұйымдар үшін және басқа қаржы құралдары сақтандыру ұйымдарына бақылау үшін қолдануға болады. 1999 жылы сақтандыру заңнамасында енгізілген түзетулер сақтандыру бақылауын жүзеге асыратын уәкілдік мемлекеттік органның құқығы мен өкілдігін кеңейтті. Негізінен сақтандыруды бақылау органына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құруға рұқсат беру құқығы; пруденциялдық нормативтерді мен басқа да нормалар, лимиттердің міндетті орындалуын орнату; статистикалық, қаржылық, бухгалтерлік есептілік тізімін жасау; сақтандыру ұйымдарының басшысына мамандандыру талабын анықтау берілді. Қазақстандық сақтандыру нарығының құрылымы оған қатысушылар мен сақтандыру салалары арқылы көрсетiлген. Аталған нарықтың қызметi ҚP Конституциясына, ҚP Азаматтық кодексiне, Сақтандыру қызметi туралы Заңға негiзделген нормативтiк-құқықтық актiлермен, сондай-ақ ҚР басқа да нормативтiк-құқықтық актiлерiмен реттеледi.
Сақтандыру ісіндегі ұдайы өндіріс процесінің екінші сатысы - сақтандыру қорларын құру және тарату. Бұл сатыда сақтандырушылар біруақытта сақтандыру қорларын құра отырып, оларды сақтандыру тарифтерінде, бизнес-жоспарда көрсетілген бағыттар бойынша, мемлекеттік нормативтерге (мысалы, сақтандыру қорларын құру және орналастыру ережесіне сәйкес) сай таратады.
Сақтандыру ісіндегі ұдайы өндіріс процесінің үшінші сатысы - сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жолымен, нақты зардап шеккен сақтанушыларға жоғалтуларын өтеп беру үшін сақтандыру қорын пайдалану арқылы сақтандыру қорғанысының жекелей жүзеге асуымен байланысты [7]..
Сақтандыру ісіндегі ұдайы өндіріс процесінің төртінші сатысы - сақтандыру төлемдерінің сақтанушылардың ие болу, басқару, қолдануымен байланысты мүліктік қызығушылығын, олардың үшінші тұлға алдындағы жауапкершілігін қанағаттандыруды қамтамасыз етуімен байланысты. Жоғарыда айтылған тұжырымдарды талдай келе, біз сақтандыру ісі терминіне қатысты үш категорияны береміз. Біріншіден, бұл қатысушылар арасында туындайтын экономикалық қызығушылықтарды қорғау тәсілі болып табылады. Екіншіден, сақтандыру ісі - қоғамдық қатынастар жүйесінің ажырамас бөлшегі болады. Үшіншіден, сақтандыру ісі - бизнес түрі болып табылады. Қазақстандағы мемлекеттік сақтандыруды қадағалау жүйесі әрекет етуші заңдарға сүйенеді, оған жалпы құқықтық актілер, арнайы сақтандыру заңнамалары және ведомстволық нормативтік құжаттар кіреді.
Қазіргі кезде сақтандыру нарығының инфрақұрылымы сақтандыру компаниялары арасындағы бәсекелестікті туындатады.
Сақтандырудың 2 түрі бар:
1) Міндетті сақтандыру
2) Ерікті сақтандыру
Міндетті сақтандыруды жүргізу біздің үкіметіміздің жүргізіп отырған реформаларының бір бөлігі.Міндетті сақтандырудың түрлері енгізілгеннен кейін көптеген сақтандыру компаниялары сақтандыру қорын жинақтап, ол қаржыны банк шоттарына депозитке немесе бағалы қағазына салады.
Нарықтық экономикаға көшу сақтандырудың қоғамдық ұдайы өндірістегі ролінің өсуін қамтамасыз етеді және сақтандыру қызметінің сферасын кеңейтеді.
Міндетті сақтандыру дегеніміз - заңдылық тәртіппен белгіленген сақтандырудың түрі.
Ерікті сақтандыру дегеніміз - екі жақтың өз келісімі бойынша жүргізілетін сақтандырудың түрі.
Сақтандырудың мүліктік қызығушылығын қорғау бойынша материалдық апаттың болуына ескеру жасау және қалпына келтіру бойынша сақтандыруды жүргізу сақтандыру қорының қаражаты есебінен жүргізіледі. Сақтандыру қоры материалдық ақша қаражаттарының резервті формасында қалыптасады. Нарықтық экономика жағдайында сақтандыру қорларының келесі формаларын ұйымдастырған жөн:
1) Орталықтандырылған сақтану қоры
2) Орталықтандырылмаған сақтандыру қоры
3) Өз бетінше сақтандыру қоры
Сақтандыру қорының соңғы түрі орталықтандырылмаған сипат алады және әрбір шаруашылық субъектісі өз бетінше құрады.
Сақтандыру қорлары нарыққа өту кезеңдегі даму үшін аса қажет болып табылады. Олар өндңрңстңк циклдың үзіліссіздігін бұзылған және жойылған материалдық құнды заттарды қайта қалпына келтіруді қамтамасыз етуге мүмкіншілік береді. Осыған байланысты сақтандыру қорына деген қажеттілік бұрынғыдан да арта түседі. Сақтандыру қоғамдық өндірістің үзіліссіздігін қамтамасыз етудің тиімді жүйесі болып табылады. Сақтандырудың белгілі бір түрі бойынша сақтандыру төлемі сәйкес сақтандыру қоры қаражатынан төленеді.Сақтандыру компанияларының барлық ақшалай қаражаттары банкідегі бір есеп айырысу шотына жинақталса да сақтандыру қорларының есебі сақтандырудың әрбір түрі бойынша бөлек жүргізіледі. Сақтандыру компаниялары ҚР қаржы министірлігінің сақтандыруға бақылау жасау департаментіне есебін тапсырады. Бұл есептерде түскен төлемдердің саны жасалған келісім шарттың саны, алынған міндеттемелердің сомасы, төленген сома, қайта сақтандыруға берілген келісім - шарттың саны мен сомасы көрсетіледі.
Сақтандыру терминалогиясымен анықталатын сақтандыру қатынастарының жиынтығын 3 топқа бөлуге болады:
1) Сақтандырудың неңұрлым жалпы жағдайын анықтайтын сақтандыруға қатысушылардың қызығушылығы ерекшелігіне байланысты сақтандыру қатынастары
2) Сақтандыру қорының қалыптасуына байланысты сақтандыру қатынастары
3) Сақтандыру қоры қаражатының шығындалуына байланысты сақтандыру қатынастары
Сонымен қатар сақтандыру қатынастарының өз бетінше топтарын халықаралық терминдер қалыптастырады
Сақтандыру жауапкершілігі. Бұл сақтандырушының сақтандыру оқиғасы туған кезде келісілген тәртіппен сақтандыруды қалпына келтіруді және сақтандыру сомасын төлеуді жүргізуі. Сақтандыру жауапкершілігінің негізін сақтандыру жағдайларымен белгіленген сақтандыру жауапкершілігінің көлемін анықтайтын нақты сақтандыру оқиғасы құрайды. Сақтандыру оқиғасының соңына байланысты сақтандыру жауапкершілігінен кем шектелген көлемдерін бөліп қарастыруға болады. Сақтандыру жауапкершілігінің көлемі сәйкес сақтандыру объектілерін сипаттайтын қауіпсіздіктерден тұрады.
Сақтандыру полюсі. Бұл мүліктік немесе жеке сақтандыру болғанын растайтын құжат.
Сақтандыру бағасы. Бұл тек мүліктік сақтандыру термині болып табылады. Бұл жерде объекті ретінде өзінің белгілі бағасы бар материалдық бағалы заттар қатысады. Сақтандыру жағдайымен байланысты сақтандыру бағасы мүліктің сол кездегі әрекет ететін бағасынан төмен болуы мүмкін және бастапқы мен қалпына келтіру құнынан жоғары бола алмайды.
Сақтандыру қамтамассыздығы. Бұл мүліктің бағасына қатысты сақтандыру бағасының деңгейі. Ол көрсетілген бағадан пайыз ретінде мөлшерленеді.
Сақтандыру тарифы. Бұл сақтандыру сомасының бірлігінен алынатын төлем немесе сақтандыру сомасының жиынтығынан алынатын процеттік ставка. Сақтандыру ставкасының 2 түрі бар:
1) Нетто ставка
2) Брутто ставка
Нетто ставка - бұл сақтандыруды қалпына келтіру төлемі үшін ставка болса, брутто ставка - бұл сақтандыруды жалпы жүргізуде қолданылатын ставка.
Сақтандыру сомасы. Бұл мүлік, өмір, денсаулық, нақты сақтандырылған ақша қаражатының сомасы.
Сақтандыру уақыты. Бұл сақтандырылған объектінің өтетін уақыт мерзімі.
Сақтандыру алаңы. Бұл сақтандыруға мүмкін болатын объектінің жалпы саны.
Сақтандыру портфелі. Бұл сақтандырылған объектінің нақты саны және сол территорияда әрекет ететін келісім - шарттың нақты саны. Сақтандыру портфельнің сақтандыру алаңына проценттік қатынасы сақтандырудың даму деңгейін көрсетеді.
Сақтандыру жасы. Бұл азаматтарды немесе мал басын сақтандыруға алу жүргізілетін жас топтары.
Сақтандыру тәуекелі. Бұл сақтандырудың бағасы және күтілетін зиянның ықтималдылығы бойынша сақтандырудың нақты объектілері. Бұл жерде ірі, орта, ұсақ сақтандыру тәуекелдерін бөліп қарастыруға болады. Сонымен қатар апат болу ықтималдылығына байланысты аса қауіпті жіне қауіпті емес тәуекелдер деп бөледі.
Сақтандыру актісі. Бұл сақтандыру оқиғасының фактісі мен себебін растайтын белгілі бір тәртіппен толтырылған құжат.
Сақтандыру зардабы. Бұл сақтандыру бағасы бойынша толық жойылған мүліктің бағасы немесе бұзылған мүліктің құнсыздалған бөлігі. Келтірілген зардаптың бір бөлігін немесе толық сомасын сақтанушыға төлеу сақтандыруды қалпына келтіру деп аталады.
Сақтандыру рентасы. Бұл сақтанушының зейнетақыны ерікті және міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру қорына төлеген жарнасының есебінен алатын кірісі.
Сақтандыру сомасының зияншылығы. Бұл сақтандыруды қалпына келтіру мөлшері жиынтығының немесе облыс көлемінде төленген сақтандыру сомасының барлық сақтандырылған объектісінің санына сәйкес сақтандыру салалар санына қатынасының ақшалай көрінісі.
Сақтандыру нарығы - бұл сақтанушыға сәйкес сақтандыру қызметін көрсету бойынша сақтандырушы мен қайта сақтандырушының іс - әрекеті сферасын құрайтын экономикалық қатынастар жүйесі.
Сақтандыру операцияларының дамуы сақтандыру облысындағы шетел мемлекеттерінің тәжірибесін оқып үйренуді қажет етеді. Осыған байланысты келесі халықаралық терминдерін қарастырамыз:
1) Андеррайтер - бұл сақтандыру компаниясының сақтандыруға тәуекелді қабылдаушы өкілі. Ол сақтандырушының сақтандыру портфелін қалыптастыруға жауап береді. Оның тәуекел деңгейін, сақтандыру ставкасын, сыйлығы мен жағдайын анықтау үшін қажетті тәжірибесі мен білімі болуы қажет.
2) Андеррайтерлік саясат - бұл сақтандыру компанияларының жүргізетін шаралары.
3) Адендун - бұл сақтандыру немесе қайта сақтандыру келісім - шартына өзгерістер енгізу.
4) Жасыл карта - бұл автокөлік құралдарының иесінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі халықаралық келісім - шарт жүйесінің және сақтандыру куәлігінің аты. Жасыл картасы бар көлік иесі шекарадан қосымша сақтандыру қағазын алмай - ақ өте алады.
5) Сақтандыру Ковернотасы. Бұл сақтандырушыға брокердің беретін сақтандыру келісім шартына отырғанын растайтын куәлігі. Ковернота сақтандырудың толыұтығын куәландырады. Бірақ оның заң күші жоқ. Сондықтан брокер белгілі бір уақыт аралығында сақтанушыға сақтандыру полюсін табыс етуі қажет.
6) Сақтандыру брокері мен маклері. Бұл сақтанушы сақтандырушының арасында делдал қызметін атқарушы компания немесе жеке тұлға.
Сақтандыруды арнайы сақтандыру ұйымдары жүргізеді. Олар мемлекеттік және мемлекеттік емес болуы мүмкін. Олардың іс - әрекетінің сферасы ішкі, сыртқы және аралас сақтандыру нарығын қамтиды. Бұл сақтандырудың ұйымдастыру классификациясы болады. Сақтандыру қарым - қатынасының маңызы оны объектісі және қауіпсіздігі бойынша классификациялаудың көмегімен көрінеді. Сақтандыру сақтанушылардың әртүрлі категорияларын қамтиды. Оның жағдайлары сақтандыру жауапкершілігінің көлемі бойынша ерекшеленеді. Ол заң күшімен және ерікті негізде жүргізіле алады. Сақтандыру қарым - қатынасының көп түрлігінде тәртіп болуы үшін және бір - бірімен байланысқан жүйесін құру үшін сақтандыруды классификациялау қажет. Сақтандыруды классификациялау негізіне 2 критерииі алынады:
1) Сақтандыру объектісіндегі ерекшелік
2) Сақтандыру жауапкершілігінің деңгейі
Осыған байланысты классификацияның 2 түрі қолданылады:
1) Сақтандыру объектісі бойынша классификация
2) Қауіптілігі бойынша классификация
Сонымен классификация дегеніміз - бұл сақтандыруды саласы, сала арасы және түрі бойынша бөлудің жүйесі. Бұның әрқайсысы классификацияның звенолары болып табылады.
Классификацияның барлық звенолары келесі звено оның бір бөлігі болатындай етіп орналасқан. Барлық звено сақтандыруды жүргізудің ерікті және міндетті сақтандыру формаларын қамтиды.
Сақтандыруды салаларға бөлудің негізінде сақтандыру объектісіндегі әртүрлілік жатыр. Сақтандыру қарым - қатынасының жалпы жиынтығын 4 салаға бөледі:
1) Мүліктік сақтандыру
2) Азаматтардың өмір деңгейін сақтандыру
3) Жауапкершілікті сақтандыру
4) Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру
Мүліктік сақтандыру кезінде объекті ретінде тауарлы - материалдық құндылықтар алынады. Адам өмірінің деңгейін сақтандырған кезде объект ретінде олардың өмірі, денсаулығы және еңбекке қабілеттілігі қатысады. Жауапкершілікті сақтандыру бойынша объект ретінде сақтанушылардың 3 - ші бір тұлғаның алдыңғы несиелік бережақты қайтару бойынша материалдыұ немесе басқалай зардапты қалпына келтіру міндеттемесі жатады. Бұған жаңа технологияны енгізген кездегі кірісті жоғалту, келісім - шарт бойынша болмай қалған операциялардың кесірінен кірісті жоғалту, құралдардың істен шығуынан кірісті жоғалту. Мүліктік сақтандыру бірнеше сала арасына бөлінеді. Мұндай бөліну сақтандырушылардың меншік категориясына байланысты болады.
1) Мемлекеттік категориялардың мүлкін сақтандыру
2) Мемлекеттік емес категориялардың мүлкін сақтандыру
3) Азаматтардың мүлкін сақтандыру
Азаматтардың өмір деңгейін сақтандыру бойынша сала арасы бар:
1) Әлеуметтік сақтандыру
2) Жеке сақтандыру
Әлеуметтік және жеке сақтандырудың өзі неғұрлым дәлірек сала арасынан тұрады. Әлеуметтік сақтандыру бойынша жәрдемақы, зейнетақыны сақтандыру. Жеке сақтандыру бойынша өмірді және бақытсыз жағдайдан сақтандыру.
Жауапкершілікті сақтандыру бойынша саларасы болып бережақты сақтандыру және азаматтардың жауапкершілікті сақтандыру болып табылады. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру бойынша 2 саларасы бар:
1) Кірісті тікелей жоғалту тәуекелін сақтандыру
2) Кірісті жанама жоғалту тәуекелін сақтандыру
Сақтандыру түрлері дегеніміз - нақты объектілірді сәйкес тарифтік ставкалар бойынша сақтандыру.
Мүліктік сақтандыру кезіндегі сақтандырудың нақты түрлері болып ғимаратты, мал басын, ауыл - шаруашылығы егінін, көлік құралын, үй мүлкін сақтандыру болып табылады.
Әлеуметтік сақтандыру бойынша түрлері болып мыналар табылады:
1) Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдай
2) Жұмысынан айырылған жағдай
Жеке сақтандыру бойынша сақтандырудың түрлері болып балаларды сақтандыру, адам өмірін сақтандыру табылады.
Жауапкершілікті сақтандыру бойынша сақтандыру түрі болып несиені қайтара алмауды сақтандыру және басқалай бережақтарды сақтандыру табылады.
Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандырудың түрлері өндіріс және қызмет көрсету процесі кезіндегі нақты байланысты анықтайды.
Сақтандыру міндетті және ерікті формада жүргізіледі. Сақтандырудың тиімді формасы болып ерікті сақтандыру табылады. Себебі бұл жерде сақтанушының сақтандырушының таңдауға еркі бар. Ал олардың қарым - қатынасы екеуінің арасында жасалған келісім - шарт негізінде анықталады.
Қауіптігі бойынша мүліктік сақтандыруды 4 түрге бөлуге болады:
1) Өрттен немесе басқа табиғи апаттардан сақтандыру
2) Ауыл - шаруашылығы дақылын құрып кетуден және басқалай апаттардан сақтандыру
3) Малдың өлімінен сақтандыру
4) Көлік құралдарын апаттардан, ұрлаудан сақтандыру
Сақтандыру сыныпталуының қажеттілігі. Сақтандыру сыныпталуының негізі. Қауіп түрі және сақтандыру обьектісі бойынша сыныптау. Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың сыныптамасы: салалары, сыныптары, түрлері. Міндетті әлеуметтік сақтандыру: жүргізу жағдайлары. Әлеуметтік сақтандыру мен жеке сақтандырудың жалпы және өзгеше белгілері. Сақтандыруды жүргізудің нысандары және әдістері.
Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы Заңында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) агент банк - банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, Cақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен агенттік келісім негізінде кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызмет көрсететін банк немесе ұйым.
2) кепілдік төлемі - "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндетті сақтандыру шарты бойынша басталған сақтандыру жағдайлары бойынша Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының осы Заңда көзделген тәртіппен және шарттармен сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) төлейтін ақша сомасы.
3) міндетті сақтандыру шарты - Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрін реттейтін заң актісі негізінде сақтанушының сақтандыру ұйымымен жасасқан шарты.
4) қатысу шарты - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры мен сақтандыру ұйымының арасында осы Заңда белгіленген тәртіппен және шарттармен жасалған сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шарты.
5) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заң актісімен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына міндетті қатысу көзделген міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алуға ниет білдірген, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға не сақтандыру ұйымы.
6) кредитор - мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде кепілдік төлемін алуға құқығы бар сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы).
7) өтемақы төлемдері - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторымен жасалған міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақылары төлеміне орай қатысушы-сақтандыру ұйымына төленетін ақша сомасы.
8) міндетті жарналар - осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысушы-сақтандыру ұйымы төлейтін, Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заң актісінде Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына міндетті қатысу көзделген міндетті сақтандыру түрлері бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақылары бөлігі түріндегі ақша сомасы.
9) міндетті сақтандыру - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына сақтандыру ұйымының міндетті қатысуын көздейтін, Қазақстан Республикасының заң актісінде белгіленген міндетті сақтандыру түрі.
10) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымы - сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын, өзіне қатысты мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген сақтандыру ұйымы.
11) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві - міндетті жарналар, сондай-ақ Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының талаптарын қанағаттандыру тәртібімен ол мәжбүрлеп таратылған сақтандыру ұйымынан алған және кепілдік, өтемақы төлемдерін, сондай-ақ сақтандыру жағдайын, келтірілген зиян мөлшерін анықтауға байланысты шығыстар мен кепілдік және өтемақы төлемдерін және осы Заңда көзделген жағдайларда жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыруға байланысты шығыстарды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын ақша есебінен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қалыптастыратын ақша сомасы.
12) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесі - осы Заңда көзделген, қатысушы-сақтандыру ұйымы мәжбүрлеп таратылған жағдайда міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған ұйымдық-құқықтық шаралар кешені.
13) қатысушы-сақтандыру ұйымы - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен қатысу шартын жасасқан сақтандыру ұйымы.
14) меншікті капитал - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының оның міндеттемелеріне азайтылған активтері мен сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві.
15) уәкілетті орган - сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган.
16) шартты міндеттемелер - қатысушы-сақтандыру ұйымының төтенше жарналарды төлеу үшін ол қалыптастыратын Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры алдындағы міндеттемелері.
17) төтенше жарналар - осы Заңда көзделген жағдайларда қатысушы-сақтандыру ұйымының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қосымша төлейтін ақша сомасы.
1.2 Міндетті сақтандыру мәні және оның түрлері
Міндетті сақтандыру - тараптар арасындағы сақтандыру қатынастары заң талаптарына орай пайда болатын сақтандыру нысаны. Міндетті сақтандырутүрлері заңнамалық актілермен белгіленеді, ал тәртібі мен шартын үкімет заңнамалық актілерде көзделмеген шекте белгілейді. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz