Информатика пәнін оқытуда қолданылатын электронды оқулықтар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Электронды оқулыққа
сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ. Негізгі бөлім
1.Информатика пәнін оқытуда қолданылатын электронды оқулықтар ... ...
2.Электронды оқулықтарды жасауға қолданылатын программалық
құрал-
жабдықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .
3.Информатика пәнін оқытуда электронды оқулықтарды сынып бойынша пайдалану.
Сабақта электрондық оқулықтарды пайдалану тиімділігі ... ... ... .
ІІІ. Жобаның экономикалық бөлімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
IY. Еңбекті
қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...
7.1. ҚР еңбекті қорғау туралы заңды
актілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7.2. Өндірістік санитария және еңбек гигиенасына
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ...
Жұмыс орнын
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..
7.3. Жұмыс орнындағы
жарықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
..
7.4. Өрт
қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ..
7.5. Дербес компьютерді қолданушыларға қойылатын
талаптар ... ... ... ... ... ...
7.6. Компьютермен жұмыс жасау кезіндегі жағымсыз және
қауіпті ... ... ... ... .
Y.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
VI. Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...

І. Кіріспе
Электронды оқулыққа сипаттама.
Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың
қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры
ұстаздардың қолында
Н.Ә.Назарбаев
Қазіргі кездегі жапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік
бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея
ұлттық қағидаға айналған. Сондықтан халықаралық ұйымдар әлем елдерінің
бәсекеге қабілеттілігінің рейтингін анықтауға кірісті. Елбасы
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы
атты жолдауында Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы
қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының
бірі деп атап көрсетті.

Қоғамдағы жаңа өзгерістер және оның тез ақпараттандырылуы мен даму
жылдамдығы білім беруге қойылатын талаптарды да түбегейлі өзгертіп, қоғам
қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласына төмендегідей
міндеттерді қойып отыр:
• Білім сапасын арттыру;
• Әлемдік білім беру кеңістігіне ену;
• Орта білімді ақпараттандыру;
• Интернет жүйесін пайдалану;
• Электрондық оқулықтар;
• Қашықтықтан басқару:
Қай заманда да өркениеттің дамуы интеллектуалдық шығармашылық
қабілеттіліктің негізінде жасалынған, әлі де солай болып келеді.
Шығармашылық адам санасының жасампаздығын және іс-әрекетінің биік
белсенділігін көрсетеді. Адам қабілетінің дәрежесі, оның кәсіби іскерлік
шеберлігі, бизнес пен кәсіпкерліктің нәтижелілігі, жаңалық ашуы тұлғаның
шығармашылық ойлауына қатысты анықталады.
Мұғалім жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға,
зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті, көп оқитын,
көп тоқитын, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін, өзінің
оқушысын өз бетінше білім алуға үйрете алатын болу керек. Бұл өмір талабы.
Мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеті
болуы шарт. Ол сонымен қоса ұлттық құндылықтарды яғни, этнопедагогика,
этнопсихология негіздерін меңгеру қажет. Ғаламдасуға байланысты интернет
жүйесін жетік меңгерген, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары, жеке тұлға
тәрбиелей алатын ұстаз болуы қажет. Осыған қарап ХХІ ғасырда мұғалімге
қойылатын талаптар зор екенін көреміз.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет
дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне
мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының
арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық
бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі мұғалімге
тек пән мұғалімі ретінде қабылдау олқылық көрсетеді. Мұғалім қоғам айнасы.
Ертеңгі күнімізге аттамас бұрын бүгінгі ұстаздың кім екендігіне баға
беріп көрейік. Бүгінгі мұғалім ата-ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері.
Мұғалім – оқытушы, мұғалім – ұстаз, мұғалім – оқулық авторы, мұғалім –
технолог, мұғалім-жаңалықты дәріптеуші, таратушы.
Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық
білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін мектеп тәжірибесі көрсетіп
отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесінде іске асу
үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды
пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын
жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі
мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Жаңа ақпараттық технологияларға (ЖАТ) ғалымдар әр түрлі анықтама
беріп отыр. Мысалы, Н.Макарова ЖАТ – қысқаша компьютер негізіндегі
технология деп тұжырымдайды. М.И.Жильдак бұл терминнің неғұрлым кеңірек
анықтамасын береді. Ол ЖАТ – адамдардың білімін кеңейтіп, олардың
техникалық және әлеуметтік үрдістерді басқару мүмкіндігін дамытатын,
ақпаратты жинау, ұйымдастыру, сақтау, өңдеу, тасымалдау және жеткізудің
техникалық құралдары мен әдістерінің жиынтығы дейді.
Біз жоғарыдағы анықтамаларды өз іс-тәжірибемізге қолдану бағытында
оларды негізге ала отырып жұмыс істеп жатырмыз. Әсіресе ақпаратты оқушыға
компьютер арқылы әзірлеу мен тарату үрдісіне ерекше мән беріп отырамын.
Себебі әр түрлі зерттеулерге қарағанда дәстүрлі оқыту кезінде кез келген
жақсы оқитын оқушы информатика заңдылықтарын тұжырымдайды, мысалдар
келтіреді. Оқушылардың көпшілігі алған білімдерін практикада қолдана алады.
Бұл оқушылардың оқу материалын формальды жағынан да жақсы білетінін
көрсетеді. Кез келген сабақта электронды оқулықты пайдалану оқушылардың
танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін
қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды.

ІІ. Негізгі бөлім
1. Информатика пәнін оқытуда қолданылатын электронды оқулықтар
Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: Оқыту үрдісін үздіксіз
және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін
дамыту.
Компьютерлік оқыту үрдісінің құрылымдық сызбасын қарастырайық:
Сызба 1
Оның құраушы элементтері мұғалім, оқушы, дидактикалық материалдар
мен дербес компьютер (Сызба 1). Осы элементтердің барлығы да бір-біріне
өзара әсер ететін ақпараттар ағынымен байланысқан. Осы құрылымда алғашқы
маңызды аспект ролін мұғалім мен оқушының компьютерлік сауаттылығын
қамтамасыз етуі, яғни олардың компьютермен және оның сыртқы құрылымдарымен
жұмыс істей білу деңгейлері, компьютердің жалпы қызмет ету принциптерін
түсінуі, осы жүйенің жалпы мүмкіндіктерін ұғынуы саналады.
Дәстүрлі оқыту меңгерудің 4 деңгейінің (репродуктивтік, алгоритмдік,
эвристикалық, шығармашылық) тек алғашқы екеуін ғана қамтиды, нәтижесінде
материалдар жеткілікті дәреже меңгерілмейді, білімнің жүйелілігі,
беріктілігі қалыптаспайды. Компьютердің көмегімен тақырыпты оқу, зерттеу
негізінде меңгеруді эвристикалық және шығармашылық деңгейге жатқызуға
болады. Оқушылар электронды оқулықтан оқығанын, көргенін елестете отырып
тақырыпқа берілген тест сұрақтарын шешеді. Ал электронды оқулықта тест
сұрақтары күрделенген тест және жеңілдетілген тест түрінде болады.

Қорыта айтқанда компьютерді сабақта қолдану барысында оқушылар:
1. Қарастырылып отырған тақырыптың мағынасын терең түсінеді;
2. Оқушы жұмысты орындау барысында ғылыми зерттеу жұмысына тартылады,
оның бойында зерттеушілік қабілет пен ынта қалыптаса бастайды.
Кез келген пән мұғалімін компьютерлік кабинетке тартып отырған не?
Ең бірінші кезекте сабақты түрлендіру және оқушылардың пәнге деген
қызығушылығын арттыру. Компьютерлік сыныпта өткен сабақта үйреншікті
тыныштық жоқ. Сабақ кезінде оқушылар проблемаларды талқылайды, сабақтың
барысын қызығушылықпен бақылайды. Бұл кезде мұғалім – оқушы арақашықтығын
ұстау болмайды.

Енді электронды оқулықты пайдаланудың тиімді және тиімсіз жақтарына
тоқталайық.

Тиімді жақтары Тиімсіз жақтары
Оқушының уақытын үнемдейді, оқу Психология-педагогикалық талаптардың
материалын іздеп отырмайды. жоқтығы.
Оқушы оқулықты қажет етпей-ақ Пән аралық байланыстың аздығы.
информатика негіздерінен кез келген Көрнекілік материалдарда бірыңғай
мәліметті алып, оқып үйренуіне таңдау.
болады. Оқып үйренудегі мамандық бойынша
Тақырыптың үлкен, қиын бөліктерін бағыты ескерілмеген.
өткенде қосымша бейнехабар, клиптер,Материалды толық қамтуы немесе
аудиохабарларды пайдаланады. оқулықтарды толық аудару.
Таңдап алған хабарды көшіруге Оқушының жеке ерекшелігі, денсаулық
мүмкіндік бар. жағдайы ескерілмеген.
Сарамандық жұмыстар жылдам Берілген материалдағы
түсіндіріледі. санитарлық-гигиеналық нормалардың
Бағдарламаны меңгеруге арналған тестсақталмауы.
сұрақтармен қамтамасыз етілген. Компьютердің графикалық
Көрнекілік құралдарға деген мүмкіншілігінің қолданылуының
мұқтаждықты азайтады. нашарлығы және әлсіздігі.
Мүғалім әр оқушымен дербес жеке Оқушының тіл мәдениетінің төмендеуі
жұмыс жүргізуіне мүмкіндік туғызады.тірі қарым-қатынасқа түсе алмауы.

Оқушының ой өрісін, дүниетанымын
кеңейтуге, тану үрдісіне ықпал
етеді.
Зерттеушілік қабілеті бар тұлға
қалыптасады.
ҰБТ-ге даярлаудағы тиімділігі жоғары

Жоғарыда айтылған тиімсіз жақтарды болдырмау үшін төмендегідей
ұсыныс жасауға болады:
1. Компьютерді сабақтың белгілі бір кезеңдерінде ғана пайдалану;
2. Компьютерді пайдалану уақытын сақтау;
3. Компьютерді пайдалануда қауіпсіздік ережесін сақтау;
4. Дәстүрлі және электронды оқытуды кіріктіру арқылы жүргізу. Себебі
электронды оқыту – оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын
компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, модельдеу,
тестілеу т.б. бағдарламалар жиынтығы. Электрондық оқулық жай
оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда:
✓ Кері байланысты іс жүзінде тез арада қамтамасыз етеді;
✓ Жай оқулықтағы кездеспейтін қосымша материалдарды электронды
оқулықтардан қысқа уақытта табуға болады;
✓ Гипермәтінді түсіндірмелерге өту барысында уақытты үнемдеуге
көмектеседі.
Кез келген сабақ бойынша ең бастысы электронды оқулықтарды
дайындаудың бір жүйеге келтірілген заңдылығы болуы керек.
Осыған байланысты электронды оқулықтарды дайындауда мынадай
дидактикалық шарттарды ескерген жөн:
✓ Белгілі бір пәнге байланысты дайындалған оқулықтың сол
пәннің типтік бағдарлаиасына сәйкес болуы;
✓ Электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен
тақырыптарға қатысты дәріс конспектісін қамтитын негізгі
сарамандық және тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған
қосымша материалдарға анықтама, библиографиялық көмекші,
аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест
материалдарды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері
бөлімдерін қамтуы;
✓ Белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен
артық болмау.
Түрлі сабақтарда электронды оқулықпен жұмыс нәтижелерін бағалау үшін
түрлі диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар:
1. Білім мониторингісі;
2. Сауалнамалар;
3. Түрліше тестілік бақылаулар;
4. Жеке оқушылармен әңгіме, пікір алмасу т.б.
5. Оқушыларды сырттай бақылау
Электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген
қызығушылығының күрт артқандығын жоғарыда айттық. Сондай-ақ мұғалімдер де
өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан
қолдана алады.
Заман табына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық
оқулықтарды география сабағында пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының
бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой өрісі дамыған шетелдік білім
жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз
мәнінде жүргізу қажет деп ойлаймыз.
ЭО негізгі қасиеттері:
• Жинақтылық
• Жүйелілік
• Эстетикалық көркемділігі
• Жылдамдылығы және т.б.
ЭО құрылымы
1. Материалдың мәтін, сурет,график, кескін, кесте және т.б. түрде
баяндалуы. Ол оның дәстүрлі оқулықтан ерекшелігін көрсетеді.
2. Материалддың кескін түрінде баяндалуы-оқулық мазмұнының графиктік-
мәтіндік түрде бейнеленуі. Онда оқу материалының негізгі идеясын
айқындайтын үзінділерін оқушының меңгеруіне ыңғайлы етіп, графиктік
түрде бейнелеу.
3. Өзіндік тексерудің (өзіндік бақылаудың) тестілік жүйесі. Онда оқу
материалын қаншалықты деңгейде меңгергенін айқындайтын сұрақтар мен
тапсырмалар беріледі.
ЭО құрылымдық элементтері:
■ Сыртқы беті;
■ Титулдық экран;
■ Мазмұны;
■ Аннотация;
■ Оқу материалының толық баяндалуы;
■ Оқу материалының қысқаша мазмұны;
■ Қосымша әдебиеттер;
■ Өзіндік білімді тексеру жүйесі;
■ Өзіндік бақылау жүйесі;
■ Мәтіндік үзінділерді іздеу функциясы;
■ Авторлар тізімі;
■ Терминдік сөздер;
■ Оқулықтың элементтерін басқару бойынша анықтамалық жүйе;
■ Оқулықпен жұмысты басқару жүйесі.
ЭО қойылатын талаптар:
1. Жан-жақтылығы
2. Ізгіліктілік
3. Бейімділігі
4. Модульдік
5. Экономикалық тиімділігі
6. Тұтынушыға бағдарлау

ЭО топтау

ЭО құрастыру алгоритмі:
➢ Оқу пәнінің мазмұндық көлемін бағалау
➢ Үйренушінің білімділік, икемділік дағдыларын қалыптастыру
➢ Оқу материалын өзіндік білім алу деңгейіне бөлу
➢ Глоссарий дайындау
➢ Лекциялар конспектісін дайындау
➢ Тест материалын дайындау
➢ Материалдарды электрондық түрде дайындау
➢ Өзіндік және практикалық сабақтардың материалын дайындау
ЭО құрамы:
• аннотация;
• пән туралы қысқаша ақпарат;
• жұмыс бағдарламалары;
• электрондық оқулықпен және оның бөлiктерiмен жұмыс жасау туралы
әдiстемелiк нұсқаулар;
• ұсынылатын бiлiм беру бағдарламалары;
• теориялық материалдар (лекция конспектiлерi);
• теориялық материалдарға негiзделген оқу құралы;
• практикалық жұмыстарды орындауға негiзделген әдiстемелiк құрал;
• практикалық жұмыс пен бақылау жұмыстарының тапсырмаларының тiзiмi;
• бақылау тапсырмалары;
• лабораториялық жұмыстардың әдiстемелiк нұсқалары;
• бiлiмдi бағалау критерийлерiн айқындайтын тапсырмалар;
• бақылау тестiлерiнiң жинағы;
• телекоммуникациялық құрылғыларды қолдану арқылы консультация түрлерi
мен графигi;
• глоссарий;
• әдебиеттер тiзiмi және Интернеттiң ақпараттық ресурстарына сiлтемелер;
• озат мұғалiмдердiң жасақтаған қосымша авторлық материалдары;
• үйренушiнiң жұмыс папкасы;
• мұғалiмнiң жұмыс папкасы.
Қазіргі таңда толық, сапалы, бәсекелестік қабілеттегі білім беруді
ұйымдастыруда көптеген оқыту технологиялары жүзеге асырылуда. Солардың бірі
– жаңа ақпараттық коммуникативтік технология. Компьютерлер білім беруге
кеңінен қолданыла бастағанда “оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары”
термині пайда болды.
ЭО ортасында жұмыс жасау құрылымы

Оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы – ақпаратты оқушыға компьютер
арқылы әзірлеу мен тарату үрдісі, оқу мен оқу-тәрбие материалдарын үйретуде
есептеуіш техника құралдарының ролі мен орны. Мектепте компьютерлік
технологияны пайдалану мұғалімге оқушының оқу пәніне деген танымдық
қызығушылығын дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Жаңа ақпараттық
технология өзіндік ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Олар төмендегідей:
• Жобаның презентациясын жасау мен ұйымдастыру;
• Ғылыми-көпшілік журналының сайтына кіру;
• Әлемнің кез-келген еліндегі оқушылар мен еркін араласу;
• Интернет-олимпиада мен шығармашылық байқауларға қатысу;
Осыдан бірнеше жыл бұрын оқушылар компьютерді қорқып ұстайтын болса,
қазіргі уақытта олар информатиканы екінші сыныптан бастап оқуда. Сондай-ақ
компьютерді информатика сабағында ғана пайдалану кезеңі артта қалды.
Қазіргі уақытта компьютерлік технология барлық мектеп пәндерінде белсенді
түрде пайдаланылады.
Жаңа ақпараттық технологияны пайдалану арқылы білім сапасын арттыруға
ерекше көңіл бөле отырып, төмендегідей мақсаттар қоюға болады:
• Жаңа ақпараттық технология арқылы білім сапасын арттыру;
• Қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін баланы ақпараттық қоғамға
тәрбиелеу:
Бұл технологияның өзектілігі қоғамның ақпараттандыру жылдамдығының
артуымен сипатталады. Информатика сабағында жаңа ақпараттық технологияны
пайдалану білім мазмұнын жаңартумен, ақпараттық ортаны қалыптастыруымен,
сондай-ақ сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен ерекшеленеді.
Дәстүрлі оқыту жүйесінде мұғалім білім беруші ролін атқарып, оқыту құралы
ретінде қызмет атқарады. Ал оқытудың компьютерлік ақпараттық ортасы білімді
өздігінен меңгерудің объектісі бола отырып, төмендегідей парадигманы
қалыптастырады: Оқушы- оқу ортасы – технология жүйесі. Осы жүйе негізінде
оқушы өздігінен білім алады. Оқушының іс-әрекетін тым қатал басқару оның
өзіндік ой-пікірі мен өз бетінше жұмыс істеу қабілетінен айырады.
Информатика пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияның тиімділігіне
тоқталатын болсақ, оны төмендегідей атап өтуге болады:
• Бала компьютермен жасайтын жұмысын көрнекі иллюстрациялық түрде көріп
барып, жұмыс жасайды;
• Программалау тілдерінде шығаратын есептері көрнекі түрде көрініп
тұрады;
• Локальдық тестілеу;
• Интернет жүйесіне кіру. әлемнің кез - келген жеріне виртуалды саяхат
жасау;
• Информатика ғылымы бойынша өзінің интернет-қорын құру; тәжірибе
алмасу, тікелей эфирде атақты мұғалімдердің сабақтары;
• Электрондық поштаны пайдалану мүмкіндігі. Информатикалық ақпараттар
жөнінде ой бөлісу, жаңалықтар алмасу.
• Білім мазмұнының заман талабына сай болуы;
• Қажетті білімді толығымен алу.
• Білімді өздігімен меңгеру;
• Өзін-өзі бағалау;
• Жалған ақпарат алу қаупінен құтылу;
• Жалған бағадан арылу.
Жаңа ақпараттық технологияны пайдалануда оқытудың әртүрлі тәсілдерін
пайдалану барысында білім сапасын арттыруға көңіл бөлінеді.

Жай кәдімгі сабақ: жоғарыда көрсетіліп отырған барлық әдіс бойынша қай
оқыту тәсілін пайдалансаңызда өзіңіз білесіз. Мұндағы мұғалімнің қызметі:
оқушылардың компьютерге деген қызығушылығын біле отырып, пән аралық
қорытынды сабақ өтсе де компьютерге байланыстыру керек.
Өзін-өзі оқыту программасы. Бұл әдісте мұғалімнің қызметі оқушыларды
қадағалап тұру және жаңа сабақты қысқаша түрде түсіндіру керек. Содан кейін
оқушылар өздері компьютердегі алдын ала дайындап қойған программаны ашып,
жұмыс жасай береді.
Биоинформация әдісі. Мұғалімнің міндеті - әдебиеттер беру және
оқушыларды тыңдап, оның қате кеткен жерлерін айту. Бұл әдісте әр оқушының
ізденімпаздығын, яғни шығармашалық жұмыс жасауын арттыру.
Электрондық оқулық. Оқушылар үшін электрондық оқулық мектеп қабырғасында
жүрген жылдарында өздігінен білімін толықтырып отыруға және мақсатты түрде
бітіру емтихандарына дайындалуға мүмкіндік беретін ақпарат көзі.
Электрондық оқулықтар бойынша оқушы тапсырманы қызыға орындайды, сонымен
қатар өз қатесін табады. Оқушының жас ерекшеліктеріне сай және әркімнің
шамасына, мүмкіндігіне қарай тапсырма беруге қолайлы.
Қосымша программалар арқылы. Яғни, қолданбалы программаларды қолдана
отырып, Microsoft Power Point программасынан презентация, Microsoft Excel
арқылы диаграмма, Paint арқылы керекті суреттерді салдыра отырып, көптеген
қызықты сабақтар өткізуге болады.
Мультимедиялық оқыту программасы. Оқушыға экран арқылы компьютер жаңа
сабақты түсіндіріп, оқу процесін өзі атқарады. Әрине бұл программа
информатика пәні мұғалімінің көмегімен жүзеге асады.
Қашықтықтан оқыту тәсілі. Қашықтықтан білім беру дегеніміз – белгілі бір
қашықтықта отырып, компьютерлік телекоммуникация және де басқа байланысу
орталары көмегімен оқып үйрену мақсатындағы ақпараттармен өзара алмасу
тәсіліне негізделген.
Жаңа ақпараттық коммуникативтік технологияда оқыту құралы ретінде
электрондық оқулық және интернет жүйесі маңызды орын алады. Осыған сәйкес
“оқушы-электронды оқулық” және “мектеп-интернет” жүйесін құруға болады.
“Мектеп-интернет” жүйесі бойынша оқушы ағымдағы сабақ бойынша жаңа
ақпаратты мектепте отырып, интернет жүйесіне ену арқылы іздеп табады,
сондай-ақ “дүниежүзілік өрмекке” электронды саяхат жасауға мүмкіндік алады.

Ал, электрондық оқулықтың тиімділігіне тоқталатын болсақ, оны
төмендегідей атап өтуге болады: (№ 2 сызба)
• Анықтамалық оқыту элементі арқылы ағымдағы сабақ бойынша анықтамалыққа
мүмкіндік алу.
• Мультимедиялық ақпараттық технологияны пайдалану;
• Ағымдағы сабақ бойынша ішкі және сыртқы текеруді жүзеге асыру;
• Мемлекеттік білім беру стандартының информатика курсындағы жаңа
ақпараттар енгізілген;
• Компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру;
• Сабаққа деген қызығушылығын ояну негізінде білім сапасын арттыру.
Жаңа ақпараттық технологияны информатика сабағында пайдаланудың
тиімділігі мен ерекшеліктерін қорытындылай келе, орта мектептерде география
пәнін оқыту кезінде компьютерлік технологияны пайдаланудың әр жақты
екендігіне көз жеткізуге болады. Сонымен, компьютерлік технологияны
информатика сабағында пайдаланудың үш негізгі түрі бар:
• Ақпараттық технологияны информатика сабағында үздіксіз пайдалану,
әсіресе практикалық сабақтарда;
• Ақпараттық технологияны оқушылардың сабақтан тыс уақыттарда
информатика пәнінен өзіндік жұмыстарды орындау барысында пайдалану.
• Ақпараттық технологияны танымдық қабілетін дамытуға пайдалану.
(дамытушылық ойындар, электрондық энциклопедия т.б)

Оқыту барысында ақпараттық технологияның бір ғана бағытымен жұмыс
істеу барлық бағыттарды кешенді түрде пайдаланумен саластырғанда төменгі
нәтиже береді.
3. Электронды оқулықтарды жасауға қолданылатын программалық құрал-
жабдықтар
Кез келген сабақты мұғалім өз шеберлігіне байланысты әртүрлі
ақпараттық технологияларды қолданып немесе дайын электронды оқулықтарды
пайдаланып өтуіне болады. Power Point-та презентация жасаудан бастап,
әртүрлі программалау тілдері, анимация жасау шеберлерін пайдаланған абзал.
Қазіргі таңда солардың көп қолданылатын, көпшілікке тиімді болып отырған
түрлерін атап өтсек:
І. Macromedia Flash программасы. Электрондық оқулықтарды жасауда түрлі
бейнелерді қозғалысқа келтіруге, сыртқы бетін әсемдеуге қолданылады.
ІІ. Delphi программалау ортасы. Электронды оқулықты жалпы осында
жасалып шығарылады. Басқа қосымша программаларда жасалынғандарды осы
программалау ортасына тікелей тартып әкеледі.

3.1. Информатика пәнін оқытуда электронды оқулықтарды сынып бойынша
пайдалану.
Информатиканың қолданбалы курстарын оқытатын жалпы орта білім беретін
мектептердің 7-8 сыныптарында SinKaz атты электронды оқулықты пайдаланса
болады. Онда көрнекі түрде материалдар көрсетіліп, тақырыпты
бекітуге тапсырмалар ойдағыдай жасалған. Тақырыптар модульдерге
бөлініп, әр модуль соңында тест тапсырмалары да қарастырылған.
Ол электронды оқулықта қарастырылған тақырыптарға шолу жасайтын
болсақ:
1. Алғы сөз және дербес компьютермен алғашқы таныстық;
2. Windows-ты меңгеру;
3. Файлдармен және қалталармен тиімді жұмыс істеу;
4. Деректерді мұрағаттау. Вирустар. Вирусқа қарсы бағдарламалар;
5. Жергілікті желі;
6. MsWord бағдарламасында жұмыс істеу;
7. Суреттерді кірістіру. Кестелерді жылдам әзірлеу және безендіру.
Құжаттарды басып шығару;
8. MsExcel бағдарламасында жұмыс істеу. Электронды кестелерді әзірлеу.
9. Есептеулер және диаграммалар құру;
10. Power Point-та жұмыс істеу;
11. Internet-ке кіріспе және алғашқы саяхат. Internet-ке қосылу. Internet
Explorer-де жұмыс істеу;
12. Электронды почтамен жұмыс істеу. Outlook Express бағдарламасымен
тиімді жұмыс істеу.
Информатика пәнінің қолданбалы курсын оқытатын басқа да электронды
оқулықтар, электронды оқыту құралдары жетерлік.
Ал, жалпы орта білім беретін мектептердің 9-11 сыныптарында
программалау тілдері оқытылады. Программалау тілдерін оқытатын қазақша
электронды оқулықтар жоқтың қасы. Оларды жасап, көпшілік қауымға ұсыну –
біздің еншімізде.

ІІІ. ЖОБАНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ

Ақпараттық технологияның экономикалық тиімділігін бағалау үшін
инвестицияланған капиталға кірген пайданы есептеу аз-ақ. Оның толық
бағалануын ескеретін әдістеме керек. Технологияға жұмсалған әрбір теңге
маңызы өте үлкен шығын статьялардан (білім, қылмыспен күрес, көлік)
алынады.
Көптеген жобалардың санауға келмейтін аспекттерінің проблемасы белгілі.
Кейбіреулер барлық жаңа аппаратураның және программалық жабдықтаудың сандық
шамасының тиімділігін санайды. Бұл информациялық технологияны қолданудың
өте аз пайдасының корректілі әдісін көрсетеді.
Тиімділік көрсеткіші ПЖ (программалық жабдықтау) қолданудағы барлық
позитивті нәтижелерін анықтайды.
ПЖ қолданудан Т есептік периоды бойынша алынған экономикалық
тиімділігі келесі формуламен анықталады, теңге:

ЭТ = РТ - ЗТ , (1)
мұндағы
РТ – ПЖ қолданудың Т периодындағы нәтижелердің бағамдық шамасы, теңге;
ЗТ - ПЖ өңдеу мен жабдықтауға кеткен шығындардың бағамдық шамасы,
теңге.
РТ – нәтижелердің бағамдық шамасы келесі формуламен анықталады:

PT =Pt * (t, (2)
мұндағы
Т – есептік период;
PT – t есептік периодының жылдық нәтижелерінің бағамдық шамасы, теңге;
(t – дисконттау функциясы. Ол барлық шығындарды және нәтижелерді бір
уақыт моментіне келтіру үшін енгізіледі.

Дисконттау функциясы:
(t = 1(1+p)t, (3)
мұндағы
p – дисконттау коэффициенті (р=ЕН=0,2, ЕН – капиталдық салымдардың
тиімділік нормативтік коэффициенті).
Яғни,
PT =Pt * 1,2t. (4)
Біздің жағдайда ПЖ кол еңбегін алмастырады, яғни, сондықтан пайдалы
нәтижелер наборы жалпы түрде өзгермейді.

ПЖ қолданудың жылдық нәтижесін бағалау ретінде ПЖ қолдану нәтижесінде
пайда болған шығындар айналымы алынады, яғни, PT = Эу .
Ақпаратты қолдық өңдеуден автоматтандырылған өңдеуге ауыстыру
экономиясы ақпаратты өңдеуге кететін шығындар азаюынан пайда болады да,
келесі формуламен анықталады, теңге:

З у= З Р- За, (5)
мұндағы
З Р – ақпаратты қолдан өңдеуге кететін шығындар, теңге;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мультимедиалық технологиялардың оқыту үрдісінде тиімділігінің көрсеткіші
КӨРНЕКТІ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Жалпы білім беретін орта мектепте информатика пәнін кәсіптік оқыту
«Информатиканың теориялық негіздері» пәнін оқыту үрдісінде электронды оқу құралын қолдану
Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологиялар
Информатиканы оқыту әдістемесіне қойылатын талаптар
Бастауыш мектепте қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігі
Химия сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану
МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТЫ ҚОЛДАНУ
Пәндер