Блоктарды орналастыру батырмалары
ЖОСПАР
Кiрiспе
I-тарау. Mathcad жүйесiмен алғашқы танысу және қолданушы
Интерфейсi ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...
1.1. Mathcad жүйесiн iске
қосу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..
1.2. Оперативтi түсiндiрме беру Tip of the Day және оның
ажыратылуы ... ... ... ..
1.3. Интерфейс бөлiктерiне жалпы
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.4. Тақырып
қатары ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..
1.5. Меню қатары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.6. Саймандар
панелi ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...
1.7. Форматтау

1.8. Математикалық белгiлер
палитрасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.9. Экран бетiне шығатын түсiндiрме
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.10. Контексттi мәзiр ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.11. Ақпараттық ресурс орталығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.12. Mathcad анықтама
жүйесi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...
II-тарау. Мәтiндiк редактормен жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Жұмыстың қарапайым қабылдаулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
III-тарау. Mathcad-та графикпен
жұмыс ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
3.1 Графикпен жұмысты бастау және
анимация ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2 Екi өшемдi және ү өлшемдi графиктермен жөмыс ... ... ... ... ... ... ...
IY. Экономикалық
бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ...
Y.Еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі
бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ...
YI.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
YII.Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кiрiспе
Mathcad – ғылымның, техниканың және бiлiмнiң әртүрлi салаларында барлық
автоматтандырылған математикалық есептердi шешуге арналған компьютерлiк
математиканың танымал жүйесi. Жүйенiң аты 2 сөзден тұрады: MATHematica
(Математика) және CAD (Computer Aided Design - автоматты проектiлеу жүйесi,
ор.САПР).Қазiргi таңда Mathcad алуан түрлерi математикалық бағыттаушы
әмбебап жүйе болып табылады. Ол сандық және аналитикалық есептеуден басқа
танымал мәтiндiк редакторларда немесе электрондық кестелерде қиындықпен
берiлетiн күрделi көркемдеушi тапсырмаларды шешуге мүмкiндiк бередi.
Mathcad-тың көмегiмен мақалаларды, кiтаптарды, диссертацияларды, ғылыми
есеп берудi, дипломдық және курстық жобаларды сапалы мәтiндердiң түрлi
стильдерiмен ғана емес, сонымен қатар күрделi математикалық формулалардың
жүзеге асырылған жиынтығын, есептеудiң таңдаулы көрсетiлген нәтижесiн және
сансыз көп мысалдарын дайындауға мүмкiндiк бередi. Кiтапханаларды қолдану
және кеңейтiлген пакеттерi бар кәсiби бағдарлы Mathcad ғылымның, техниканың
және бiлiмнiң кез-келген саласын қамтамасыз ете алады.
Mathcad-тың жаңа версиясының қөндылығына баспаға шығаруды өйымдастырудың
белгiлi типтерiн жөнге келтiру, шрифттердiң бай жиынтығын, Windows
жүйесiнiң барлық саймандарының мүмкiндiктерiн пайдалану, тамаша графика
және осы күнгi көптерезелi интерфейстi жатқызуға болады. Mathcad-тың жаңа
версиясында қөжатты түрлi түспен безендiрудiң тиiмдi жолы, жылжымалы
графиктердi қөру және дыбыстық сүйемелдеу мүмкiндiктерi енгiзiлген. Мұндағы
мәтiндiк, формулалық және графикалық редакторлар жүйе ядросының есептеу
потенциалымен бiрiктiрiлген. Сонымен қатар, күрделi есептердi шешуге
арналған басқа да математикалық және графикалық жүйелердi бiрiктiру
мүмкiндiктерi қаралған. Бұл жүүйенiң аты – интегралдық жүйе. Жалпы
айтқанда, бөл жүйе басқа да математикалық, графикалық және офистiк
жүйелердiң интеграциясын қамтамасыз етедi. Бiрақ бөрынғы версияларда болған
арнайы жүйелiк интегратор MathConnex Mathcad 2001 жаңа версиясында
енгiзiлмеген.Ол жүйе өз алдына кеңейтiлген жүйе ретiнде қойылады.
I-тарау. Mathcad жүйесiмен алғашқы танысу және қолданушы интерфейсi
Mathcad – көптеген жаңа мүмкiндiктер арқылы алдыңғы версияларды
толықтыратын компьютерлiк математиканың әмбебап жүйесi. Бөл тарауда сiздер
жүйенiң алғаш iске қосылуымен таныс боласыздар. Mathcad жүйесiн алғаш
қолданушылар үшiн жүйе интерфейсiмен танысқан өте тиiмдi. Ол типтi әрi
түсiнiктi жасалғанына қарамастан, тәжiрибе жүйемен күрделi жөмысты
бастамас бұрын, алдымен интерфейстi үйрену дұрыс екендiгiн көрсетедi.
1.1. Mathcad жҮйесiн iске қосу
Windows операциялық жүйесiнiң бас менюi Iске қосу батырмасын шерте отырып,
Программалар менюiн ашамыз. Ашылған менюден Mathcad командаларына қатысты
iшкi менюдi байқауға болады. Бұл iшкi менюдiң аты – MathSoft Apps. Жүйенi
iске қосу командасы Mathcad 2001 Professional деп аталады (1.1-сурет).
1.1-сурет. Mathcad жүесiн iске қосу
1.2. Оперативтi түсiндiрме беру Tip of the Day және оның ажыратылуы
Жүйенiң әрбiр жүктелуiнде негiзгi терезенiң ортасында Tip of the Day
(совет дня - күн кеңесi) терезесi шығады. Орыс тiлiнде қолданушылар үшiн
бұл терезенiң пайдасы шамалы. Next Tip (следующий совет - келесi кеңес)
батырмасы ауыстырып қосуды орындайды, ал Close (Закрыть-Жабу) батырмасы
Mathcad жұмысына көуге арналған.
Show Tips on startup жалаушасын алып тастау арқылы жүйенiң келесi қосылу
терезесiнiң шығуынан бас тартуға болады. қосылудан кейiн Mathcad жүйе
терезесiнiң түрi өзгередi. Бұл жағдайда қор орталығы терезесiнде азғана түр
өзгерушiлiк байқалады.
1.3. Интерфейс бөлiктерiне жалпы шолу
Жүктелуден кейiн жүйе құжатты есептеуге қажеттi қолданылулармен бiрге
құруға дайын. Алғашқы батырма (таза қағаз бетi түрiндегi) New WorkSheet
жаңа құжат құруға мүмкiндiк бередi. Оған сәйкес келетiн редакторлеу
терезесi Untitled:N атауымен берiледi, мұндағы N - құжаттың нөмер қатары.
Алғашқыда редакторлеу терезесi таза түрде болады. Mathcad жүйесiнде
терезенiң жоғарғы бөлiгiнде интерфейстiң 6 ерекше элементтерi көрiнедi (1.2-
сурет):
• Тақырып қатары – жүйенiң және ағымды құжаттың аттары жазылған, сонымен
қатар жүйе терезесiнiң басқару батырмалары орналасқан қатар;
• Меню қатары – түрлi командалы меню пункттерiн ашуға қолайлы қатар;
• Саймандар тақтасы – жүйемен жұмыс iстеу кезiнде көптеген негiзгi
командаларды жылдам орындауды қамтамасыз ететiн батырмалары бар тақта;
• Форматтау панелi – құжаттағы текстiк және формулалық блоктарды жылдам
форматтауды қамтамасыз ететiн батырмалары бар тақта;
• Математикалық белгiлердi бояп шығару тақтасы – арнайы математикалық
белгiлердi және грек әрiптерiнiң палитраларының батырмалары бар тақта;
• Координатты сызғыш – блоктарды көлденеңiнен дәл орналастыруға (егер ол
қажет болса) мүмкiндiк беретiн бөлгiштерi бар сызғыш.
1.2-сурет. Mathcad жүйесi интерфейсiнiң негiзгi элементтерi
1.4. Тақырып қатары
Тақырып қатары (строка заголовка) – жүктелгендердiң немесе құжатта
пернетақтадан енгiзiлгендердiң атауларын бейнелейдi. қатардың сол жақ
бөлiмiнде стандартты терезенi басқару батырмалары, ал оң жақ бөлiмiнде
жинау, жазу және жабуға арналған үш кiшкентай батырма орналасқан. Тышқан
көрсеткiшi арқылы тақырып қатарын жылжытуға және тышқанның сол жақ
батырмасын басып тұрып, Windows жұмыс столында терезенi орналастыруға
болады. Егер Windows-дiң русификацияланған версиясы қолданылатын болса,
онда сол жақ батырманы шерткенде, тақырып қатары меню экранында
командалардың орысша атауларын шығарады. өйткенi, бұл батырмалар Windows
қосымшасының барлығына қатысты. Олар Mathcad-қа емес, Windows операциялық
жүйесiне қатысты.
1.5. Меню қатары
Mathcad жүйесiнiң меню қатарында келесi меню жолдары қарастырылған:
• File – файлдармен, Интернет желiсiмен және электронды почтамен жұмыс;
• Edit – құжаттарды редакторлеу;
• View – құжатты әкелiп көрсету тәсiлдерiн және интерфейстiң
жасырубейнелеу элементтерiн өзгерту;
Insert – объектiлердi және олардың шаблондарын қою;
Format – объектiлердiң форматын өзгерту;
Math – есептеу процесiмен басқару;
Graphics – графикалық редакторлармен жұмыс;
Symbolic – символды процессордың операциясын таңдау;
Window – жүйе терезелерiмен басқару;
Help – жүйе, ресурс ортасы және электронды кiтаптар туралы анықтамалық
мәлiметтер қорымен жөмыс.
Mathcad менюi – контекстi. Бұл оларда позиция саны және олардың
белгiлеулерi жүйенiң күйiне тәуелдi екенiн көрсетедi. құжатты редакторлеу
кезiнде менюден жоғары көрсетiлгендер жұмыс күйiне тән. Меню қатарын
активтендiру үшiн тышқанның көмегiнсiз Alt пернесiн басу жеткiлiктi. Одан
кейiн курсорды ауыстыратын перненi баса отырып, меню позициясы бойынша
жарық бөлiсiн (световое выделение) орнатуға болады. қажет менюдi таңдап,
оның ашылуына Enter пернесiн басу жеткiлiктi.
1.6. Саймандар панелi
Жүйе терезесiнiң үшiншi қатарын саймандар панелi (Toolbox) алады. Ол
бiрнеше басқару батырмалар тобынан тұрады, олардың әрқайсысы көптеген
маңызды меню командаларын қайталайды. Осы батырмалардың көмегiмен
функцияларды жеңiл анықтауға болады. Бұл батырманың атына түсiндiрме сөз
шыққаннан кейiн олардың қажеттiсiне тышқан көрсеткiшiн тоқтату керек.
Саймандар панелiн “қалықтатып” экранның кез-келген жерiне орналастыруға
болады. қалықтатылған панелдi қара крестик көмегiмен жабуға болады. Осындай
мақсатпен жүйе интерфейсiн модификациялауға болады және қолданушы оны өз
қалауы бойынша құруға болады. Саймандар панелiнде батырмалардың белгiлерiн
қарастырайық.
Файлды операция батырмалары. Файлдар Mathcad жүйесiнiң құжаттары болып
табылады, яғни магниттi дискiде құралатын ақпаратты сақтау блогының аттары
бар. Файлдарды жасауға, жүктеуге (ашуға), көшiруге және баспадан шығаруға
болады. Осыған сәйкес, файлды операциялар саймандар қатарының алғашқы үш
батырма тобы көрсетiлген.
• New (Создать - Жасау) – жаңа құжатты таза редакторлеу терезесiнде шығару;
• Open (Открыть - Ашу) – диалогты терезедегi файлда алдын-ала құрылған
қөжатты жүктеу;
• Save (Сохранить - Сақтау) – ағымды құжатты оның ағымды атымен жазу.
New батырмасы normal стилi бойынша бос құжаттың шаблонын жүктейдi.
Open батырмасы файл ашылуында стандартты терезенi ашады. Файлды жүктеу
терезесiнде компьютер жүйесiнiң көне түрiндегi құрылымды файлды панелi бар.
Оның файлды жүйенiң барлық бұрыштарына саяхат жасауға болады.
Save батырмасын шерту кезiнде экран бетiнде ештеңе шықпайды. Ашылған
құжатты ағымды атпен барлық өзгертулерiмен бiрге жазбасы шығады.
Баспаға шығару және қөжатты тексеру. Бұл топ үш батырмамен көрсетiлген:
• Print (Печать) – құжатты принтер арқылы басып шығару;
• Print Preview (Просмотр) – құжатты алдын-ала көру;
• Check Spelling (Проверка) – құжаттағы орфографияны тексеру.
Редакторлеу операциясының батырмалары.
Құжатты дайындау кезiнде олардың түрлерiн өзгертуге және орындау -
редакторлеуге тура келедi. Келесi Үш батырма құжатты редакторлеу
операциясын орындауға арналады:
• Cut (Вырезать - Кесу) – құжаттың бөлiгiн тазалаумен алмастыру буферiне
құжаттың белгiленген бөлiгiн тасымалдау;
• Copy (Копировать – Көшiру) – құжаттың бөлiгiн сақтаумен айырбастау
буферiне құжаттың белгiленген бөлiгiн тасымалдау;
• Paste (Вставить - қою) – редакторлеу терезесiндегi енгiзу курсоры
орналасқан орынға айырбастау буферiнiң iшiндегiсiн тасымалдау;
Редакторлеу операциясын орындауға тағы да екi батырма берiлген:
• Undo (Отменить) – редакторлеудiң өткен операцияларын қайта қалпына
келтiру;
• Redo (Повторить) – iлгерiде қайта қалпына келтiрiлген операцияларды
қайталау.
Блоктарды орналастыру батырмалары.
Мұнда құжаттар әртүрлi блоктардан тұратынын айта кету керек: мәтiндiк,
формулалық, графиктiк, т.б. Блоктар жүйемен қаралады, түсiндiрiлiп берiледi
және орындалады. Көру солдан оңға және жоғарыдан төмен орындалады.
Блоктарды орналастырудың екi операциясы келесi топ батырмаларымен берiледi:
• Align Across (Выровнять по горизонтали) – блоктар көлденеңiнен
түзетiледi;
• Align Down (Выровнять вниз) – блоктар жоғарыдан төмен орналасуы бойынша
көлденеңiнен түзетiледi.
Өрнектi операциялар батырмалары.
Формулалық блоктар жаңа функцияда берiлген қолданушылар құрамына кiретiн
формуласы немесе есептеу формуласы болып табылады. Көрiнiстермен жұмыс
iстеу үшiн келесi батырмалар қызмет етедi:
• Insert Function (Вставить функцию) – диалогты терезеде пайда болатын
тiзiмдерден функция қою;
• Insert Unit (Вставить единицу) – Өлшемдi бiрлiктi қою;
• Calculate (Пересчитать) – белгiленген Өрнектi есептеу(санап шығу).
Mathcad жүйесiнде қарапайымнан бастап, күрделi статистикалық және арнайы
математикалық функцияларға дейiн құрылған көптеген функциялар бар. Олардың
синтаксисi тез ұмытылады, сондықтан Insert Function батырмасының көмегiмен
функцияны қою мүмкiндiгi өте қолайлы. Ал Insert Unit батырмасы қажеттi
өлшем көлемiн қоюға мүмкiндiк бередi.
Егер құжат үлкен болса, онда оны өзгерту кезiнде есептеудi басынан шығару
тиiмсiз. Calculate батырмасы есептеудiң уақытын қысқарту үшiн белгiленген
блоктарды есептеуге мүмкiндiк бередi.
Ресурстармен басқару батырмалары.
Екi батырмадан тұратын соңғы топ ресурстар орталығына және жүйеде құрылған
анықтамалық мәлiметтер қорына сүйенуге мүмкiндiк бередi:
• Resource Center (Центр ресурсов - Ресурстар орталығы) – ресурстар
орталығына кiрудi қамтамасыз етедi;
• Help (Справка - Анықтама) – жүйенiң анықтамалық мәлiметтер қорының
ресурсына кiруiн қамтамасыз етедi.
1.7. Форматтау панелi
Форматтау панелi шрифттердi басқарудың типтiк тәсiлiнен тұрады. Олар:
стильдер жиынтығы және шрифт өлшемдерi, шрифттердiң сызықтарын өзгертуге
арналған Үш батырма (қарайту-Ж, жантайған -К және асты сызылған-Ч), сонымен
қатар абзацтарда текстердi түзетуге арналған Үш батырма. Бұл тәсiлдердiң
барлығы құжаттарға қажеттi түр беру арқылы форматтауға мүмкiндiк бередi.
Ашылатын үш тiзiм текстiк блоктар мен символдарды әртүрлi вариантта
бейнелеуге арналған:
• Style (Стиль) – мәтiндiк блоктарды бейнелейтiн таңдау стилi;
• Font (Шрифт) – символдарға арналған шрифттi таңдау;
• Font Size (Размер шрифта - Шрифт Өлшемi) – символдар өлшемiн таңдау.
Келесi Үш батырма символдардың сызықтарын өзгертуге арналған:
• Bold (полужирный - қарайту) – қарайтылған сызық;
• Italic (курсив) – жантайған сызық;
• Underline (подчеркнутый) – астын сызу сызығы.
Келесi үш батырма мәтiндi түзету режимiне арналады:
• Align Left (по левому краю) – мәтiндердi сол жақ шекараға түзету;
• Align Center (по центру) – мәтiндердi ортаға түзету;
• Align Right (по правому краю) – мәтiндердi оң жақ шекараға түзету.
Соңғы екi батырма тiзiмдердi құруға арналады:
• Bullets (маркированный) – таңбаланған тiзiмдердi құру;
• Numbering (нумерованный) – нөмерленген тiзiмдердi құру.
1.8. Математикалық белгiлер палитрасы
Mathcadтың жетiншi версиясынан бастап, тиiмдi орналастырылған палитра
қолданыла бастады. Олар математикалық операторлардың (сан, арифметикалық
операциялардың белгiлерi, матрицалар, интегралдар) шаблондарын шығару үшiн
пайдаланылады.
Палитраның көмегiмен объектiлердiң шаблондарын шығару үшiн:
• қажеттi палитраны шығару керек;
• енгiзу таңбасын қажеттi жерге орналастыру керек және оны тышқанның оң жақ
батырмасымен айқындап қою қажет;
• қажеттi объектiнi немесе палитрадағы символды тышқанмен көрсету қажет;
• алынған орынға объектiнi орналастыру үшiн тышқанның оң жақ батырмасын
шерту қажет;
• егер қажет болса, тақырып қатарының соңында батырманы активтендiру арқылы
палитраны алып тастау қажет.
Палитраны шығару батырмасы жүйе терезесiнiң жоғарғы бесiншi панелiн алады.
1.2-суретте бөл батырмалардың белгiлеулерi көрсетiлген. құжатты редакторлеу
терезесiнде осы панельде сәйкес келетiн батырмаларды басқанда палитра
шығады.
1.3-сурет. Mathcad жүйесiнiң математикалық белгiлерiнiң барлық палитралар
терезесi
1.3-суретте форматтау панелiнде орналасқан барлық палитралар мен
математикалық белгiлердi шығаруға арналған панель ұсынылған. Олардың
көмегiмен құжатқа барлық белгiлi математикалық символдар мен операторларды
шығаруға болады. өкiнiшке орай, олардың көптiгiне байланысты редакторлеу
терезесiнде құжатты дайындауға арналған орын болмайтындықтан, барлық
палитраларды шығарудың қажетi жоқ. Сондықтан, қажеттi емес палитраларды
жаба тұруға тура келедi.
Палитраларды редакторлеу терезесiнде қолайлы орынға орналастыруға және
олардың барлығын бiр уақыт iшiнде қолдануға болады (Mathcad-тың алдыңғы
версияларында бiр ғана палитраны алуға болатын, ал келесiсiн ашқанда
алдыңғы палитра жабылатын).
Жалпы панельдiң көмегiмен барлық палитраларды бiр уақытта немесе жұмысқа
қажеттiсiн шығара аламыз. Олардың көмегi арқылы қажеттi шаблонды (объект)
орнату үшiн редакторлеу терезесiнде қалауымыз бойынша таңдап алынған орынға
енгiзу курсорын орналастыру және қажеттi шаблон белгiлеуiне шерту
жеткiлiктi.
Арнайы математикалық символдарды енгiзуге қолданылатын әр алуан үйлескен
пернелердi есте сақтамай-ақ, математикалық белгi шаблондарын шығаруға
арналған палитраларды қолдану өте қолайлы. Бұл мүмкiндiктер сақталған,
осыған орай Mathcad жүйесiнiң бұрынғы версияларында пернетақтамен жұмыс
iстеп үйренгендер үшiн жүйенiң жаңа версияларымен жұмыс iстеу кезiнде ең
үздiк формулалар жиынтығын пайдалануға болады.
Кез-келген палитраны тақырып қатарын тышқанның көрсеткiшiмен жылжыту арқылы
экранның қалаған жерiне орналастыруға болады. Палитраны тышқанның оң жақ
батырмасын басып тұрып жылжытамыз. әрбiр палитраның оң жақ жоғарғы
бұрышында жалғыз қарайған кресттi кiшкентай батырма орналасқан. Ол қажет
болмаған жағдайда палитраны экраннан алып тастауға арналған.
Палитрадағы батырмалардың көпшiлiгi жалпы қабылданған және арнайы
математикалық белгiлер мен операторларды, олардың шаблондарын құжаттағы
курсор орналасқан орынға шығарады.
1.9. Экран бетiне шығатын түсiндiрме
Mathcadта жылдам анықтамалардың мұқият орындалатын жүйесi бар.
Көптеген интерфейс элементтерi мен блоктардағы редакторлеу терезелерiнде
тышқан көрсеткiшi арқылы шығатын элементтердiң бiрi үлкен емес текстiк
аудан – экран бетiне шығатын түсiндiрме болып табылады. Түсiндiрме ақшыл
түспен тiктөртбұрышта шығады.
Берiлген мүмкiндiктер Windows операциялық жүйесiнде Mathcad жүйесiн
қамтамасыз етедi. Сондықтан егер ол Windows-дiң орысша версиясындағы
интерфейстiң типтi детальдарына қатысты болса, түсiндiрме мәтiнi орыс
тiлiнде шығуы мүмкiн. Mathcad интерфейсiнде ол ағылшын тiлiнде шығады.
Тышқан көрсеткiшiн жылжыту арқылы барлық батырмалардың атауларымен танысуға
болады.
1.10. Контексттi мәзiр
Тышқанның оң жақ батырмасын шерту контекстi мәзiрдi шығаратынын
бiлемiз. Бұл команданың мәзiрi жүйенiң қай режимде жұмыс iстеуiне
байланысты және тышқан көрсеткiшiнiң шертiлгенге дейiнгi орналасқан орнына
байланысты ажыратылады. Берiлген мәзiр Windows-тың барлық қосымшаларына тән
екенiн байқаймыз.
1.11. Ақпараттық ресурс орталығы
Help (Справка) мәзiрiнiң Resource Center (Центр ресурсов) Mathcad
жүйесiнiң жаңа мүмкiндiктерi информациялық ресурс орталығын ашады.
Ақпараттық қор орталығы - Өзiнде электронды кiтаптар жүйесi құрылған,
жүйенi үйренушi, анықтамалық жүйенi, көп сандық мысалдар “шпаргалканы”
қолдануды бiрiктiретiн мәлiметтер қоры. Сонымен қатар, ақпараттық ресурс
орталығы Интернеттен шығуға, тiркеу тәсiлi мен Mathcad-та Web
кiтапханасына кiруге мүмкiндiк бередi.
Resource Center командасын таңдағанда ресурс орталығының негiзгi терезесi
ашылады.
Терезенiң сол жағында Интернетке тура кiретiн батырмалар тобы орналасқан.
Сонымен қатар, орталықтың негiзгi тарауларына кiретiн мынадай Үш үлкен
батырмалар бар:
• Overview and Tutorials – Mathcad-тың жаңа мүмкiндiктерi және электронды
оқулыққа кiру мүмкiндiгi туралы мәлiмет;
• QuickSheets and Reference Tables – “жылдам шпаргалкалар” және анықтамалық
кестелер;
• Extending Mathcad – жүйенiң кеңейтiлуi (электронды кiтаптар, кiтапханалар
және кеңейтiлген пакеттер) туралы мәлiмет.
Орталық терезесiнде аздаған кеңейтiлген саймандар панелi бар. Беттер
бойынша батырмаларды орналастырудан басқа, орталық тарауы бойынша алға және
артқа орналастыру, сонымен бiрге iздеу батырмасы (Search) да бар. Анықтама
жүйесiнiң тарауларын дискiге жазу батырмасы, сонымен қатар тексерiлген
тарау тiзiмдерiн шығару батырмасы да бар.
1.12. Mathcad анықтама жүйесi
Саймандар панелiндегi ? батырмасын шерту арқылы Mathcad анықтама
жүйесiнiң терезесiн шақыруға болады.
Терезеде Үш қосымша бет бар:
• Contests – контекст бойынша анықтама;
• Index – индекстi каталог бойынша анықтама;
• Search – кiлттi сөз бойынша барлық тарауларда берiлген анықтамаларды
iздеу.
II-тарау. Мәтiндiк редактормен жұмыс.
2.1 Жұмыстың қарапайым қабылдаулары
Қарапайым жағдайда Mathcad жүйесiмен жұмыс есептеу кезiнде тапсырманы
редакторлеу терезесiне дайындау және олардың нәтижелерi үшiн форматтарды
орнатумен сәйкес келедi. Ол Үшiн блоктарды дайындаудың түрлi қабылдаулары
қолданылады. әзiрге бiз блоктарды дайындаудың екi – текстiк және формулалық
типтерiн қарастырамыз.
Мәтiндiк редактормен жұмыс.
Mathcad жүйесiндегi мәтiн бiр қарағанда болмашы мағына бередi.
қарапайым жағдайда мәтiндi түсiнiктi етiп шығару үшiн символды енгiзу
жеткiлiктi. Шығарылған тiктөртбұрышқа мәтiн жазуға болады. Мәтiндi блокта
курсор қызыл тiк сызықша түрiнде болады және енгiзу орнын белгiлейдi. Мәтiн
көпшiлiк қабылданған тәсiлдер – басқару курсорының пернелерiмен енгiзу
курсорын ауыстыру, қою режимiн орнату немесе символдардың орнын басу
(Insert пернесi), Өшiру (Del және Backspace пернелерi), бөлу, буферге
көшiру, буферден қою арқылы редакцияланады.
Мәтiн стильдерiн басқаруды форматтау панелiнiң көмегiмен жүзеге
асыруға болады. Мәтiндiк блокта мәтiндi сол жақ шекарамен, оң жақ шекарамен
немесе орталықта түзеуге мүмкiндiк бар. Ал ағылшын тiлдi текстер үшiн
сөздiкпен өзгертуге арналған орфографиялық тексеру де қаралған.
Курсорды ауыстыру пернелерiн Shift пернесiн басу арқылы қолдануға болады.
Мысалы, Shift+( және Shift+( пернелерiн бiрiктiру енгiзу курсорында бөлек
символдарды емес, толық сөздi ауыстыруға мүмкiндiк бередi.
Әзiрге бiз енгiзу мәтiнiнiң қарапайым ережелерiмен шектелемiз:
1. қос тырнақшалы белгi “ енгiзгенде, ағылшын регистрiнде енгiзу курсорымен
бiрге тiктөртбұрыш шығады.
2. Форматтау панелiнде шрифттi таңдаудың ашылатын тiзiмiнде қажеттi шрифттi
таңдап алайық, мысалы орыс тiлдi мәтiндi енгiзу үшiн Arial Cyr таңдайық.
3. Редактордың типтi тәсiлдерiн (Бос орын, Del, Backspace, т.б. пернелерi)
қолдану арқылы мәтiндi терудi бастаңыз.
4. Жаңа жолға көшу Үшiн Enter пернесiн басыңыз (егер ол қажет болмаса, жаңа
жолға көшу автоматты орындалады).
5. Мәтiндi енгiзудi аяқтау үшiн тышқан көрсеткiшiн мәтiндi блоктан басқа
орынға апарып, тышқанның оң жақ батырмасын басамыз.
Математикалық формулаларды енгiзу және формулалық редактормен жұмыс.
Mathcad жүйесi өзiнде үш редакторды интегралдайды: формулалық, мәтiндiк
және графикалық. Формулалық редакторды iске қосу үшiн редакторлеу
терезесiнде тышқанның оң жақ батырмасын шерту жеткiлiктi. Кiшкентай қызыл
крестик түрiндегi енгiзу курсоры осы орынға алып келiнедi. Оны курсорының
пернелерi арқылы ауыстыруға болады. Енгiзу курсорын қара қиғаш стрелка
түрiндегi тышқан көрсеткiшiмен шатастыруға болмайды.
Енгiзу курсоры формулулар жиынтығы – есептеу блоктарын бастауға болатын
орынды көрсетедi. Енгiзу курсоры орналасқан орнына байланысты Өзiнiң
пiшiнiн өзгертедi. Енгiзу облысында ол енгiзу бағытын және орнын көрсететiн
көк бөрышқа айналады. Кеңейту үшiн қамтылған бұрыш облысында Бос орын
пернесiн қолдануға болады.
Арифметикалық формулуларды есептеу және оларды редакторлеу мысалдары. 2+3
қосындысының тҮбiр астындағы 5 санына қатынасын есептейтiн мысалды
қарастырайық. Алдымен 2+3 символын енгiземiз. Мөның формулалық блогы 2.1-
суретте көрсетiлген. Енгiзу бұрышы соңғы операндты қамтып тұрғанына назар
аударыңыз.
2.1-сурет. Формулалық блокты жасау және оған 2+3 қосындысын енгiзу
Ендi бөлу белгiсiн енгiзу керек. Егер мұны бiрден орындайтын болсақ, онда
белгi барлық қосындыға қатысты емес, тек соңғы операнда 3 санына ғана
қатысты болады. Ол үшiн бос орын белгiсiн басу жеткiлiктi. Шыққан нәтиже
2.2-суретте көрсетiлген.
2.2-сурет. Барлық қосындыны енгiзу курсорымен белгiлеу
Ендi бөлу белгiсiн белгiсiндегi перненi басу арқылы енгiзуге болады.
Формулалық блок 2.3-суретте көрсетiлген. Сызықша түрiндегi бөлу белгiсi
автоматты түрде қосынды астындағы ұзын көлденең сызықша пайда болғанын, ал
оның астында енгiзу курсорымен қамтылған қара квадрат түрiндегi бөлшек
бөлгiшiн енгiзу орны шығады.
2.3-сурет. Бөлу белгiсiн енгiзгеннен кейiнгi формулалық блок
Келесi кезең – квадрат түбiр белгiсiн енгiзу. Жаңадан үйренiп жүрген
қолданушы бөл белгiнi Calculate арифметикалық операциясына арналған
математикалық белгiлер палитрасын қолдану арқылы енгiзедi. Мөндай енгiзу
Үшiн квадрат түбiр белгiсiнде тышқанды шерту немесе керi сызықша \
белгiсiндегi перненi басу жеткiлiктi. Алынған формулалық блок 2.4-суретте
көрсетiлген.
2.4-сурет. Квадрат түбiр белгiсiн енгiзгеннен кейiнгi формулалық блок
Келесi кезең түбiр астына 5 санын енгiзудi қарастыру. Ол үшiн 5 пернесiн
басу жеткiлiктi. Формулалық блок 2.5-суретте көрсетiлген.
2.5-сурет. Берiлген теңдеудiң формулалық блогы
Формула толығымен енгiзiлдi, ендiгi қалғаны – есептеу нәтижесiн көру. Ол
үшiн формула соңына шығару операторы – теңдiк белгiсiн = қою керек. Бiрақ
оны бiрден қоюға болмайды, өйткенi шығару белгiсi соңғы операторға
орнатылған. Алдымен барлық формуланы белгiлеу керек. Ол үшiн Бос орын
пернесiн басқанда, барлық алымы белгiленедi, ал одан кейiн Бос орын
пернесiн тағы да басқанда, барлық формула белгiленедi (2.6-сурет).
2.6-сурет. Теңдеудi толық белгiлеу
Шығару операторын = енгiзгенде, Mathcad автоматты түрде есептеудiң
нәтижесiн бейнелейдi (2.7-сурет).
2.7-сурет. Шығару операторын енгiзгеннен кейiнгi формулалық блок
Mathcadты есептеудiң түрлi эксперименттерiн оңай қолдануға болады. Түбiр
астындағы 5-тiң 1.25 дәрежесiндегi нәтиженi шығарамыз дейiк. Ол үшiн
формуланы қайта жазудың қажетi жоқ. Ол үшiн тышқан көрсеткiшiн 5 санынан
кейiн орналастырып, тышқанның сол жағын шертiңiз. Сонда енгiзу курсоры 5
санын белгiлейтiнiн байқаймыз (2.8-сурет).
2.8-сурет. Формулалық блокта операнданың бiреуiн өзгерту
Ендi санның дәрежесiн шығару белгiсiн енгiземiз. Оны арифметикалық
операциялар палитрасынан енгiзуге немесе ^ белгiсiндегi перненi басуға
болады. Мұндайда формулалық блокта 5 санының дәрежесiн жазу шығады (2.9-
сурет).
2.9-сурет. Дәреже көрсеткiшi операторын енгiзгеннен кейiнгi формулалық блок
Ендi 5 санының дәреже көрсеткiшiн шығарамыз.
2.9-сурет. 1.25 дәреже кӨрсеткiшiн енгiзгiннен кейiнгi формулалық блок
Әзiрге енгiзу курсоры 1.25 санын белгiлеп тұр (2.9-сурет). Есептеу Үшiн
тышқан көрсеткiшiн формулалық блоктан алып кету жеткiлiктi. Сол кезде
құрылған формула есептеледi (2.10-сурет).
2.10-сурет. Берiлген формуланың есептелiнуi
Бұл мысал математикалық формулалармен жұмыс мәнiн көрсету үшiн келтiрiлген.
2.2. Меншiктеу және шығару операциялары
Кез-келген формуланы есептеу үшiн одан кейiн шығару операторын (= белгiсi)
орнату жеткiлiктi. Мұны бiрнеше қарапайым мысалдар арқылы көрсетейiк. Ондық
сандарды енгiзу үшiн бүтiн және бөлшек бөлiмiн ажырату ретiнде үтiр емес,
нүкте пайдаланылады.
Енгiзу Дисплей экранында
1.234*2.345= 1.234 ( 2.345 = 2.894
_1_ =0.148
17= 7
cos(0.5)= cos(0.5) = 0.878
e^2= e2 = 7.389
Математикада бiрлiк (общность) есептеулердi беру Үшiн берiлген нақты
типтегi бiрнеше қорытылған белгi түрiндегi айнымалылыр жиi қолданылады.
Айнамалылар атаулары (идентификаторлар) бар, ал оларға мәндердi меншiктеу
операциясы тән. Mathcad-да алғашқы меншiктеу операторы ретiнде = операторын
қолдануға болады. Мұны қарапайым суреттеу түрiнде көрсетейiк.
Енгiзу Дисплей экранында
a=2 a := 2
b=3 b := 3
a+b= a + b = 5
Ендi жаңа мәндердi a және b айнымалыларына меншiктеуге әрекет жасағанымен,
бұдан ештеңе шықпайды. Айнымалы атынан кейiн = белгiсiн қоюға әрекет
жасаймыз, айнымалының бұрынғы мәнi шығады.
Енгiзу Дисплей экранында
a= a = 2
b= b = 3
Жаңа мәндi айнымалыға меншiктеу үшiн стандартты меншiктеу операторын :=
қолдануға тура келедi.
Енгiзу Дисплей экранында
a:1 a := 1
b:1 b := 1
a+b= a + b = 2
Бұ мысалдардағы қарапайым есептеулердi орындауда Mathcad жұысының кейбiр
ерекшелiктерiн байқауға болады:
• кейбiр есептелген операторлар (мысалы :=) бiр символмен енедi;
• Mathcad арифметикалық операторларға дейiн және одан кейiн бос орын қояды;
• Көейту операторы жұдызша түiнде енедi, бiрақ жолдың ортасында нүкте
түрiнде көрiнедi;
• Бөлу операторы қиғаш сызықша түрiнде енедi, кӨлденең сызықшаға ауысады;
• санның дәрежесiн табу операторы ^ белгiсiмен енедi, бiрақ санның дәрежесi
жоғарғы индекс ретiнде көрiнедi;
• келiсiм бойынша ондық сан бөлгiш нүктеден кейiнгi үш белгiсi бар
түсiнiктi бередi;
• Mathcad кең таралған константаларды, мысалы е - натурал логарифм негiзiн
түсiнедi, сонымен қатар ( - дi де анықтайды;
• математикалық формулалар редакторлеудiң типтi қабылдаулары мен енгiзу
курсорын қолдану арқылы формулалық блок iшiнде редакцияланады.
2.12-суретте қарастырылған қарапайым есептеулер орындалған құжат
көрсетiлген. Бұл суретте Mathcad жүйесiнде кейбiр қосымша қабылданған
жұмыстарды көрсетедi. Мысалы нүктеден кейiнгi үш белгiлi ондық сан сiзге
қолайсыз делiк. Ол үшiн санды форматтауды қолдану керек. Тышқан күрсеткiшiн
санға алып барып, сол жақ батырманы екi рет басамыз. Сонда санды форматтау
терезесi шығады. Number of demical places аумағында 3-тiң орнына 15 санын
қойып, ондық нүктеден кейiнгi 15 белгiлi нәтиженi көресiз.
2.12-сурет. қарапайым есептеу көрсетiлген Mathcad терезесi
Mathcad та рационал сандар түрiндегi қатемен берiлген есептеудiң
нәтижесiнiң көрiнiсi жаңа мүмкiндiгi енгiзiлген. Ол үшiн санды форматтау
терезесiнде Fraction форматын қосымша орнату қажет. Мұны жүзеге асыру 2.13-
суретте көрсетiлген. Байқап отырғанымыздай берiлген жағдайда Mathcad
қарапайым ондық сан орнына бүтiн санның қатынасы түрiндегi оның мәнiн
бередi (2.13-сурет).
2.13-сурет. Рационалды сандар форматында шығаруды демонстрациялау
2.12, 2.13-суреттердегi соңғы мысал анықталған интегралды түсiндiрейiк. Ол
үшiн Calсulus палитрасының суреттерiнде көрсетiлген интеграл шаблоны
қолданылған. Mathcad Үшiн қарапайым мектеп оқушысының квадрат түбiрiн
немесе инженердiң анықталған интегралын шығару ма бәрiбiр. Көбейтiндi
немесе қосынды шаблондарын қолданып, мүшелiнiң көбейтiндiсiн немесе
қосындысын есептеуге болады.
Математикалық операторлар мен символдардың шаблондарын қолдану.
Есептеу блоктарын дайындау операторлардың шығару шаблондарымен жеңiлденедi.
Ол Үшiн Mathcad-та операторлар мен функциялардың математикалық символдары
мен шаблондарының палитралары қызмет етедi.
Анықталған интегралды есептейiк. Ол үшiн алдымен экранға математикалық
талдау операторының палитрасын шығару керек. Интеграл және туынды
бейнесiндегi батырманы басқанда, программа терезесiнде палитра пайда
болады. Экранның шаблон шыққан орнына курсорды орналастырып, палитраның
анықталған интеграл бейнесiндегi белгiсiн шертемiз.
Күрделi шаблондар құрамында жеке мәлiметтердi енгiзуге арналған кiшi
шаблондар жиi кездеседi. Оларды енгiзу орындары деп атайды. Интеграл
шаблонында олар – төртеу: интегралдаудың жоғарғы шегiн енгiзуге арналған,
интегралдаудың төменгi шегiн енгiзуге арналған, интеграл астындағы функция
тапсырмаларын және айнымалы атын көрсетуге арналған. 2.12-суреттегi
құжаттың төменгi бөлiгiнде толық интеграл шаблоны және интегралды есептеу
нәтижесi көрсетiлген. Есептеу формуланы көк бұрышпен қамтығаннан кейiн және
шығару операторын орнату “=” белгiсi қойылғаннан кейiн жүргiзiледi.
Шаблондармен жұмыс процесiн кеңiнен қарастырайық. Шаблон шығарылғаннан
кейiн ол бос орынды енгiзумен шығады. Мәлiметтердi енгiзу Үшiн тышқан
көрсеткiшiн қажеттi мәлiмет шаблонына орнатып, енгiзу орнын белгiлеу және
мәлiметтердi енгiзу Үшiн тышқанның сол жақ батырмасын шерту керек. 2.14-
суретте анықталған интегралды есептеудiң шаблоны мен басқа шаблон қатарында
енгiзудiң дәйектi толтыру орны көрсетiлген. Сонымен қатар, суретте интеграл
астындағы функция үшiн квадрат түбiр белгiсiндегi формула енгiзу кезi
бейнеленген (2.14-сурет).
2.14-сурет. Шаблондарды толтыру мысалдары
Математикалық функцияларды есептеу.
Операторлармен құрастырылған күрделi математикалық формулалар
математикалық функцияларды құрайды. Mathcad-та көптеген құрылған қарапайым,
арнайы және статистикалық формулалар бар. Олардың iшiндегi белгiлiсi –
қарапайымдарды оларды тiкелей белгiлеулерi арқылы енгiзуге болады, мысалы,
sin(1), cos(0.5), asin(0.5), sinh(1), ln(2), т.б. Бiрақ алғашқы кезеңде
көптеген қолданушылар жүйенi меңгеруде функциялардың белгiлеулерiн
жаңылыстырады және жүйеде қандай формулалардың бар екенiн және оларды қалай
енгiзудi көрсетпейдi. әсiресе, бұл керi функцияға қатысты: қолданушылар
Mathcad-та asin функциясын математикада қабылданған arcsin түрiнде бередi
де, қате туралы мәлiмет алады.
Математикалық формулаларды енгiзудi жеңiлдету Үшiн f(x) батырмасы қызмет
етедi. 2.15-суретте таңдау және In(m,x) - Бессель функциясын қолдануға
мысал келтiредi.
Функция функция атынан кейiн дөңгелек жақша iшiнде жазылатын параметрлерден
(аргументтерден) тұрады. Функцияда бiр параметр (мысалы sin(x) немесе
cos(0.5)), екi параметр (мысалы In(m,x)) немесе одан да көп параметрлер
болуы мүмкiн. Функцияның нәтиженi қайтару сияқты қасиетi бар, сондықтан
оларды күрделi математикалық функцияларда, мысалы (2+3i)*sin(3*ee-1)
қолдануға болады. Бұл формуладағы i – жорамал бiрлiк және көптеген
функциялардың комплекстi мағыналарды қайтаруға болады.
2.15-сурет. Бессель функциясын есептеу мысалы
III-тарау. Mathcad-та графикпен жұмыс
3.1 Графикпен жұмысты бастау және анимация
Студенттер мен оқушылар қарапайым есептеулердi меңгере салысымен,
қарапайым функциялардың графиктерiн, мысалы синусоида немесе түзу
кесiндiсiн салуға талпынады. Сонымен қатар, бiз бұл тарауда Mathcad
жүйесiндегi графиктiң ең қызықтырарлық мүмкiндiгi – анимациямен және
күрделi математикалық есептердi шығару жолын көрсететiн видеофильмдермен
танысамыз. Бұл оқушыларға оның мәнiн түсiнуге, ал педагогтарға тамаша
электронды сабақтар мен оқулықтар дайындауға көмек бередi. Графиктi
төрғызудың қарапайым мысалдарын қарастырайық.
Бiр функцияның екi өлшемдi графигiн құру. Mathcadта қарапайым есептеулер
жылдам орындалады. Мұнда алуан түрдегi графиктердi қөруға болады. Оған
есептеудiң қажеттi нәтижелерi көшiрiлiп түсiрiледi. 3 дәрежелi sin(x)
функция графигiн қөрудан бастайық. Ол үшiн төмендегiдей қарапайым
әрекеттердi орындау жеткiлiктi.
1. Sin(x)^3 функциясын тере отырып, формуланы енгiзiңiз.
2. Математикалық белгiлер панелiнде график бейнесiндегi батырманы
шерткенде, экранда график палитралары шығады.
3. График палитрасында екi өлшемдi график бейнесiндегi батырманы басқанда,
экранда функцияның У осi бойынша енгiзiлген график шаблоны (3.1-сурет)
пайда болады.
4. Енгiзу орнына Х осi бойынша тәуелсiз аргумент х-тiң атын енгiзiңiз.
5. График шекарасынан тыс жерде тышқанның сол жақ батырмасын шерткенде,
график қөрылады (3.2-сурет).
3.1-сурет. Екi өлшемдi графиктi құруға дайындық
Берiлген жағдайда функция үшiн формуланы түгелiмен белгiлеудiң қажетi жоқ,
бiрақ енгiзу курсоры формулалы блоктың iшiнде болу керек.
3.2.-сурет. 3 дәрежелi sin(x) функциясының графигiн құру нәтижесi
Графиктiң Өлшемiн Өзгерту және орналастыру.
Ендi графиктi үлкейтейiк және кiшкене жылжытайық. Ол үшiн мынаны
орындаймыз:
• Тышқан көрсеткiшiн график облысына орналастырып, оның сол жағын
шерткенде, график айналасында блок графигiн қоршаған қара сызықты рамка
шығады.
• Тышқан көрсеткiшiн оң жақ төменгi бөрышындағы кiшкентай қара квадратқа
алып барғанда, тышқан көрсеткiшi екi жақтылы диогональды стрелкаға айналу
керек.
• Тышқанның сол жақ батырмасын баса отырып, графиктi диогональ бойынша
өзартыңыз.
• Графиктi кеңейтудi аяқтау үшiн, тышқан батырмасын жiберiңiз.
• Тышқан көрсеткiшiн рамканың кез-келген жағына (қара квадраттан басқа)
алып барғанда, ол қара алақанға айналу керек.
• Тышқанның сол жағын баса отырып, график блогын экранның қалаған жерiне
жылжытуға болады.
Бұл әрекеттердiң нәтижесiнде кеңейген және экранның басқа жерiне
орналастырылған, рамкамен қоршалған графиктi көруге болады (3.3-сурет).
Тышқан көрсеткiшiн графиктен басқа жағына апарып, тышқанның сол жақ
батырмасын шерту арқылы рамканы алып тастауға болады.График рамканың iшiнде
болған кезде қара бұрышта графиктiң Х және У осьтерi бойынша масштабтарын
көрсететiн сандар шығады. Келiсiм бойынша, Х осi бойынша график х
аргументiнiң -10-нан +10-ға дейiнгi өзгеру кесiндiсiнде қөрылады. У осi
бойынша масштаб автоматты түрде қойылады.
3.3-сурет. ңлшемiн және жылжытуды өзгерткеннен кейiнгi бiр функцияның
графигi
Функция қатарының графиктерiн құру.
Ал ендi алынған графикте тағы екi функция, мысалы sin(x)^2 және cos(x)-
тi бейнелеудi қарастырайық. Ол үшiн бiрiншi у функциясынан кейiн графиктiң
У осi бойынша функция формулаларын үтiрмен ажырату арқылы санап шығу керек.
Ол былай жасалады:
1. Тышқан көрсеткiшiн sin(x)^3 өрнегiнiң соңына орнатыңыз.
2. Тышқанның сол жақ батырмасын шерткенде, өрнек соңында көк бұрыш пайда
болады (немесе алдында).
3. Курсорды көлденең орналастыру пернелерi арқылы бөрышты Пробел пернесiн
баса отырып, Өрнек соңына бөрыш бүкiл өрнектi қамтып тұратындай нақты
орнатыңыз.
4. үтiр белгiсiн енгiзгенде, бiрiншi өрнек жоғары шығып, ал оның астында
жаңа енгiзу орны пайда болады.
5. Sin(x)^2 өрнегiн енгiзiңiз.
6. Пробел пернесiн баса отырып, бөл өрнектi де түгелiмен көк бұрышқа
қамтыңыз.
7. үтiр белгiсiн енгiзгенде, алғашқы екi өрнек жоғары шығып, олардың
астында жаңа енгiзу жолы шығады.
8. Оған cos(x) өрнегiн енгiзiңiз.
9. Тышқан көрсеткiшiн график шекарасынан алып кетiп, тышқанның сол жағын
шерткенде, Үш қисық сызықты график шығады (3.4-сурет).
Mathcad әрбiр қисық сызықты өзiнiң стилi мен түсi бойынша автоматты
түрде ажыратады. Графиктердi форматтау жолы бойынша график түрiн өзгертуге
болады. Тышқанның көмегiмен графиктi белгiлеп, оны үлкейтуге немесе
кiшiрейтуге болады.
Үш өлшемдi графиктердi құру- үш өлшемді (3D беттiк) графиктердi қөру -
Mathcadтың ахиллестi бесiншi жүйе класы болды. Мұндай графиктер қарапайым
жағдайдың өзiнде z(x,y)-ке тәуелдi нүкте матрицаларын, яғни екi айнымалы
функцияны құруды талап етедi.
үш өлшемдi графиктi құру екi өлшемдегiден де оңай:
1. Z(x,y) функциясының x және y екi айнымалысын анықтаңыз.
2. График палитрасын пайдалана отырып, үш өлшемдi график шаблонын енгiзiңiз
(3.5-сурет).
3. Енгiзу орнына z-тi енгiземiз.
4. Тышқан курсорын график шекарасынан тыс қойып, тышқанның сол жақ
батырмасын шерткенде, “сым каркас” түрiндегi график құрылады.
5. Графиктi үлкейтiп немесе кiшiрейтiп, экранның қалаған жерiне
орналастырыңыз (3.6-сурет).
3.5-сурет. Беттiк графиктi құруға дайындық
3.6-сурет. Каркас түрiндегi беттiк график
Каркас түрiндегi график көзге көрiнбейтiн бөлшектердiң өзi көрiнгенмен, ол
жарасымды емес. Беттiк үш өлшемдi график түрiн өзгерту үшiн олардың
форматтаулары қолданылады. Форматтау терезесiн график облысында тышқанның
сол жағын екi рет шерту арқылы шақыруға болады (3.7-сурет).
3.7-сурет. Функциональды боялған беттiк график
3.8-сурет. Функциональды боялған беттiк график
құрылған графиктi форматтаудың келесi нұсқасы 3.8-суретте көрсетiлген. Бұл
жағдайда бiр-бiрiнен бiрдей арақашықтықта параллель орналасқан контур
сызықтары құрылады.
Үш Өлшемдi графиктi тышқанмен айналдыру. Ал ендi Mathcad 8 жүйесiне
енгiзiлген үш өлшемдi графиктiң жаңа әдiсiн қарастырайық. Ол тышқанның
көмегiмен кеңiстiкте үш өлшемдi графиктi айналдырумен шектеледi.Ол не үшiн
керек? Мұнда үш өлшемдi фигура түрi X, Y, Z осьтерiнiң қай бұрышынан
қаралатындығына байланысты. Биiк шыңдардың немесе терең ойпаттардың
фондарында кiшкентай шыңдар, ойпаттар фигуралардың беттерiнде көрiнбейдi.
Фигураларды айналдыру оларды әртүрлi жақтарда көрумен эквиваленттi. Сiз
ойпаттардың iшiн қарауға немесе шыңның арғы жағында не бар екенiн
көруiңiзге болады.
Осы және басқа әрекеттер үшiн тышқан көөрсеткiшiн график облысына
орналастырып, тышқанның сол жақ батырмасын басып жiбермей, тышқанды әртүрлi
бағыттарда орналастыруға болады. Осы кезде ось координаттарымен және
призмамен бiрге фигура әртүрлi бағыттарда айналады. Осындай кезеңдердiң
бiрi 3.9-суретте көрсетiлген.
3.9-сурет. 3.8-суретте көрсетiлген графиктi тышқанмен айналдыру
Бiрақ кеңiстiктегi фигураның айналуында бұл әдiстердiң мүмкiндiктерi бiте
қоймайды. Егер Ctrl пернесiн баса отырып, тышқанды пайдалану арқылы
объектiнi алып тастауға немесе бақылаушыға жақындатуға болады. Егер осы
әрекеттi Shift пернесiн баса отырып жасағанда, онда сол жақ батырманы
жiбергеннен кейiн айналмалы объектiнiң анимациялық суретiн кез-келген
берiлген бағытта бақылауға болады. Айналуды тоқтату үшiн тышқанның сол жақ
батырмасын шерту керек.
Айналудың жылдамдығы дербес компьютердiң жылдам әрекет етуiне байланысты.
Pentium III және Pentuim IV процессорлы компьютерлер фигураны жылдам және
тиiмдi айналдыруға немесе орналастыруға мүмкiндiк бередi, мұны көне
процессорлы дербес компьютермен жасағанда, айқын қозғалуды көрсетедi.
Осыған қарамастан мұндай жағдайда фигураны көру үшiн жақсы “рекурсты”
жылдам таңдап алуға болады.
Жоғарыда айтылғандай, Ctrl пернесiн баса отырып, тышқан көрсеткiшiн жоғары
немесе төмен орналастыру бақыланып отырған суреттi жақындатуға немесе алып
тастауға, яғни бейнелеу масштабын өзгертуге алып келедi. Бұл – бейнелеудiң
ең жақсы түрлерiн алуға болатын қолайлы тәсiл.
3.9-сурет график облысында орналастырып, тышқанның оң жағын басқанда
шығатын контекстi-тәуелдi мәзiрi де көрсетiлген. Бұл мәзiрiдiң көмегiмен
графиктердi форматтаудың түрлi операциялары, мысалы ось типiнiң алмасуы,
графиктердi бейнелеуде көрiнiстердi енгiзудi де жүзеге асыруға болады.
Үш Өлшемдi графикте беттiк қатарды қөру. Mathcad-тың жаңа версиясының тағы
бiр жаңалығының бiрi – бiр графикте беттiк қатарды қөру мүмкiндiгi. Mathcad
20002001-де бөл қарапайым жасалады: беттi бейнелейтiн екi айнымалы функция
қатарын анықтаңыз және үш өлшемдi график шаблонын енгiзудiң орнына үтiр
арқылы бұл функциялардың аттарын енгiзiңiз. 3.10-суретте ұштарымен
жанасатын екi өлшемдi параболаларды қөру жағдайы қарастырылған.
3.10-суретте көрсетiлгендей, әрбiр фигураны бөлек форматтауға болады.
Берiлген жағдайда фигуралар қиылыспайды, жанасады. Ал фигуралар қиылысқан
жағдайда Mathcad қиылысу жолдарын автоматты түрде анықтайды және фигураның
көрiнбейтiн бөлiктерiн алып тастау алгоритмiн жүзеге асыруды қамтамасыз
етедi. 3.11-суретте екi параболаның қиылысу бейнелерiн, оның бiрi тiгiнен
көтерiлген, екiншiсi төмен түсiрiлген.
3.10-сурет. ТӨбелерi бойынша қиылысатын екi көлемдi параболаны қөру
3.11-сурет. қиылысқан екi көлемдi параболаларды құру
Анимация принципi. Графиктердi анимациялау – Mathcad-тың соңғы версиясына
енгiзiлген жаңа мүмкiндiк. Бұрын мұндай мүмкiндiктi MATLAB және Mathematica
жүйелерi қамтамасыз еткен. Mathcad-та анимацияны қолдану өте қолайлы. Мұнда
.avi кеңейтiлген анимациялы файлды құру стандартты технологиясы және
Microsoft Video 1.1 программалық жүйесiнiң көмегiмен олардың көшiрмелерi
енгiзiлген. Бұл жүйе дербес компьютерде, мысалы Windows 9598 операциялық
жүйесiнiң құрамында орнатылған болуы керек. Анимация принципi – қарапайым.
Жүйеде бүкiл сандық мағыналарды қабылдайтын FRAME құрамдас айнымалысы бар.
Кез-келген дамуда бақылауды жоспарлайтын функция, график осы айнымалының
ағынды кадрдың жай номерiн идентификациялайтын функциясы болуы керек. FRAME
айнымалысының өзгеру диапазоны View (Вид) мәзiрiнiң Animate (анимация)
командасы диалогты терезесiнде берiледi.
Анимациялық суреттердi құруда барлық кадрлар экранда бiрдей бұрыш
координатында бiрдей өлшеммен құрылады. Олар берiлген жылдамдықпен бiрiнен
соңы бiрi шығады және “жанды” сурет құрылады.
Графиканы анимациялауға дайындау. Анимациялық графиктi құрмас бұрын,
алдымен FRAME-дi тiзiлген айнымалы ретiнде беру керек. Содан соң FRAME
айнымалысы анимацияланған графиктiң әрбiр кадры үшiн оның түрiн анықтайтын
функцияны беру керек. Бұдан соң View мәзiрiндегi Animate командасын таңдай
отырып, анимация параметрлерiнiң тапсырмаларына арналған диалогты терезе
шығарамыз. Терезеге 3 негiзгi анимация параметрлерiн беруге болады: FRAME
айнымалысының бастапқы мәнi, оның соңғы мәнi және кадр ретiнiң жиiлiгi.
Одан әрi тышқанмен қажеттi бейнелеу үзiндiсiн белгiлеу керек. Графиктiң кез-
келген бөлiгiн немесе оның айналасындағы объектiлер, мысалы формулаларды да
белгiлеуге болады.
Бейнелеу кадрын құру. Ендi Animate батырмасын шерту арқылы анимациялық
кадрларды құруды бастаймыз. Бұл кадрларда Animate терезесiн көру облысы
байқалады, осы облыс iшiнде FRAME айнымалысының өзгерiсiн қадағалауға
болады. Ерекшелеу аумағында басқа да объектiлер, мысалы формулалар немесе
мәтiндiк түсiнiктемелер шығуы мүмкiн. Бұл жағдайда анимацияның шығуы
кезiнде олар да бейнеленедi.
Options (Параметрлер) батырмасының көмегiмен бейнефайлдардың және жұмыс
жүйесiнiң қысу форматын таңдауға болады. Microsoft Video 1.1-ден басқа
бейнежүйелер орнатылған болса, ол видеожүйелермен де жөмыс iстеуге болады.
FRAME айнымалысының соңғы мәнi көп болған сайын және кадр жиiлiгi
жоғарылаған сайын, санау нақты болады, бiрақ AVI файлының көлемi
ұлғаяды.Анимацияға арналған кадр серияларын қөру аяқталған соң, анимациялық
кадрлардың ойнатқышы шығады. Осыдан соң анимациялық суреттi қөру аяқталады,
ендi оны көруге болады.
Анимацияланған суреттердi көшiру. Анимацияланған суреттердi көру үшiн
арнайы Playback ойнатқышы қолданылады. Ойнатқыш терезесiндегi үшбөрыш
бейнеленген батырманы шерту арқылы график өзгерiсiн байқауға болады.
Animate диалогты терезесiндегi Save as (Сохранить как) батырмасын шерту
арқылы файлдарды дискiге жазу стандартты терезесiн шақыруға болады. Бұл
терезеден жазылатын файлды орналастыратын буманы табуға болады. Файл
Microsoft Video for Windows программалық бейнежүйесiнiң файлдарына
қабылданған .avi кеңейтiлуiмен жазылады. Файлға жазылғанға дейiн бейнеқолық
кадрлары дербес компьютердiң оперативтi жадысында сақталады.
Ойнатқыш терезесiн қалауымыз бойынша екi есе кiшiрейтуге немесе керiсiнше
екi есе үлкейтуге болады. Бұл мәзiрдiң көмегiмен ойнатқыш терезесiндегi
экран бейнеленген батырманы шерту арқылы жасалады.Анимациялық суреттердi
көшiруде графиктердi автоматты масштабтаудың барлық параметрлерiн өшiру
ұсынылады.
3.2 Екi Өлшемдi және Үш өлшемдi графиктермен жұмыс
Mathcad жүйесiнде екi өлшемдi графиктердi құру қарапайымдығы жаңадан
үйренiп жүрген қолданушымен қатар, кәсiпқой қолданушыларды да таңдандыра
алады. Бүл сабақта бiз бiр айнымалының функция графигiн құру әдiсiн
меңгеремiз. Mathcad жүйесiнiң үш өлшемдi графигiн дұрыс қолдану оқушыларды
таңдандыра алады. Ол кеңiстiкте орналасқан күрделi жазықтықтар мен көлемдi
фигуралар туралы әсем көрiнiс бередi. әсiресе беттiң функциональды бояулы
және кеңiстiкте қиылысқан объектiлер қатарымен құрылған Үш өлшемдi график
тамаша әсер қалдырады. Бұл тақырыпта Үш өлшемдi графикпен жұмыс iстеу
ережелерiн қарастырамыз. Бiрақ алдымен объектiлердi кiрiстiру
операцияларымен қысқаша танысайық, өйткенi график – кiрiстiрудiң көп
объектiлерiнiң бiрi.
Insert менюi. Редакторлеу терезесiндегi кез-келген объектке кiрiспе
кiрiстiру (Вставка ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz