Жеміс ағаштарын отырғызу


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

I. Негізгі бөлім

  1. Жеміс ағаштарын отырғызу
  2. Көктемде ағаштарды отырғызу
  3. Күзде ағаштар мен бұталарды отырғызудың ерекшеліктері.
  4. Жеміс ағаштары мен бұталарын отырғызу схемасы

II. Арнайы бөлім

2. 1 Жеміс ағаштарының тамақтану кезеңдері мен жас ерекшеліктері.

2. 2 Жас көшеттерді көктемгі азықтандыру

2. 3 Жеміс ағаштарына тыңайтқыштар енгізу

2. 4 Көктемде жеміс ағаштарын өңдеу

2. 5 Ағаштарды шырпу және бұтау.

2. 6 Жеміс ағаштарын суару

III. Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау

3. 1 . Жемістерді қорғау және жинау

3. 2 Жеміс ағаштарын зиянкестер мен аурулардан емдеу.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Жемiс шаруашылығы ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң бiр саласы. Бұл саланың негiзгi зерттелетiн нысаны - көп жылдық ағаш және бұтақ тектес өсiмдiктердiң жемiстерiн, жидектерiн және жаңғақтарын алу үшiн өсiрiлетiн дақылдар. Жемiс шаруашылығы жеке дара ғылым ретiнде жемiс-жидек дақылдарының өсу, даму, көбею, өнiм салу және агротехникалық күту тәсiлдерiн анықтай келе, мол, сапалы өнiм алу заңдылықтарын зерттейдi.

Жемiс-жидектiң маңызы, оның пайдалылығы, әсiресе, азық-түлiктiк, емдiк, диеталық қасиеттерi адамға өте ерте заманнан белгiлi болған. Жасаң немесе қайта өңделген жемiс-жидек азық-түлiк және халық емшiлiгiнде сан ғасырлар бойы пайдаланылып келедi.

Олар аса маңызды емдiк қасиеттерi бар азық-түлiк қана емес, сонымен бiрге, тамақ өнеркәсiбiнде таптырмайтын шикiзат, қоршаған ортаны қорғауда санитарлық-гигиеналық шаралардың бiрi де болып саналады. Оны өсiрумен тек шаруашылықтар ғана емес, жекелеген азаматтар да шұғыл-данады. Түрлi бақтар, саяжайлар қала мен ауылды желден, шаңнан қорғайды, олардың жапырақтары көмiр-қышқыл газын бойына сiңiрсе, елдi мекедерге көлеңке түсiрiп, жердi құрғатпайды, сөйтiп ауа райын бұрынғыдан да жақсарта түседi.

Ұсынылып отырған бұл дипломдық жұмыста Қазақстан республикасында жемiс-жидек өсiрудiң теориялық және практикалық мәселелерiн топырақ-климаттық аймақтарда, биологиялық ерекшелiктерiне қарай баяндайды.

Тақырыптың зерттеліну деңгейі. Бiздiң Республикамызда жемiс шаруашылығының дамуына көп еңбек сiңiрген ғалымдар қатарына А. Ж. Жанғалиев, А. П. Драгавцев, А. Н. Кацейко,

В. П. Понамарчук, В. И. Васильев, А. П. Андронов, Б. Г. Матаганов, К. Г. Карычев, Е. Г. Раузин, С. Н. Олейченко; О. А. Үкiбасов т. б. жатады.

Жер шарында жемiс-жидек дақылдарының мыңдаған түрлерi өсiрiледi. Олар 60-тан астам тұқымдастарға 200-ге жуық тектестерге бiрiгедi.

Қазақстанда жемiс өсiмдiктерiнiң 22 түрi өсiрiледi, олардың 10-12-сi негiзгiлерi болып табылады. Оның iшiнде екi жемiс (алма, шие) және 4 жидек тектес (бүлдiрген, таңқурай, қарақат, тұшала) дақылдар барлық жерде бiрдей өсiрiледi деп айтуға болады.

Қазақстанда жалпы жемiс-жидек дақылдарының 90%-дан астамы төмендегiдей өсiмдiктерден тұрады: алма, алмұрт, шие, алхоры, өрiк, шабдалы. Биологиялық жағынан жемiс-жидек өсiмдiктерiнiң 95% раушан гүлдiлер тұқымдасына жатады.

Қазақстанның жемiс-жидек шаруашылығында шекiлдеуiктiлер 46, 4 мың (71, 0%), сүйектiлер - 9, 57 мың (10, 5%), жидектер - 7, 9 мың (12, 9%), ал жаңғақтылар - 350 гектар жердi алып жатыр, субтропикалықтар - тек қана 1 га жерге өсiрiледi.

Диплом жұмысының мақсаты: Жеміс ағаштарын күтіп-баптау тәсілдерін зерттеу.

Диплом жұмысының міндеті:

  • Жемiс бақтары отырғызылатын жердi ұйымдастыру және

отырғызу технологиясын меңгеру;

- Жердi таңдау және дайындау, бақ отырғызуды үйрену;

- Жемiс бақтарына тыңайтқыштар енгiзу және суару жүйесiмен танысу;

- Жеміс ағаштарын қалыптастыру және шырпу;

- Өсу мен жеміс салуды реттеу тәсілдерін меңгеру;

- Жеміс жинауды ұйымдастыру.

Ғылыми жаңалығы:

  • Бақша дақылдары мен сорттарды таңдау мен оларды отырғызу, тыңайтқыштар енгiзу және суару жүйесi, жеміс ағаштарын қалыптастыру және шырпу жұмыстары практика жүзінде жүргізілді.

Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс 36 беттен құралған. Кіріспеден, қорытындыдан, 3 бөлімден және пайдаланылған әдебиттерден тұрады.

I. Негізгі бөлім

1. 1. Жеміс ағаштарын отырғызу

Жеке меншік жер үй учаскелік бау орнын бөліп, оның қатарларын белгілегеннен кейін, жеміс ағашы отырғызылатын шұңқырлар қазылады.

Жеміс ағашы осы шұңқырлардың ортасына егіледі, ал шұңқырдың айналасына бақылау қазықтары қағылады. Мұның ұзындығы 1, 5 метр жұқа тақтайдан алып, оны үш жерден, ұзындығын бірдей етіп кесу керек. Жұқа тақтайдың әрқайсысын қақ ортасынан және екі жақ ұшынан теседі.

Ортаңғы тесікке ағаш орнын белгілейгін қазық орнатылады, ал шеттегі тесіктерге бақылау қазықтары қағылады (1-сурет) . Мұнан кейін ортаңғы қазықты алып сол жерден ағаш отырғызылатын шұңқыр қазылады.

Жел қатты болатын жерлерде ағаш отырғызу үшін қазылған шұңқырдың ортасынан ағаш отырғызатын жерге қазық қағылады. Ағаш отырғызылатын шұңқырдың кеңдігі 1-1, 5 метр және тереңдігі 60-70 сантиметр болуы шарт. Топырағы құнарсыз, қиыршықты немесе балшықты ауыр топырақты жерде ағаш отырғызылатын шұңқырды едәуір кең және терең ету керек (1, 5х0, 8-1, 0 м) Шұңқыр қазған кезде топырақтың мейлінше құнарлы жоғарғы қабаты бір жаққа үйіледі де, ал төменгі қабаттың топырағы екінші жаққа үйіледі, өйткені, топырақтың құнарлы бөлегін ағаш отырғызатын кезде ағаштың тамырына таяу, шұңқырдың төменгі жағына салуға тура келеді. Демек, құнарлы топырақ, жас тамырдың өсіп дамуына, қоректік затты мол береді.

1-сурет. Ағаш отырғызу

Отырғызу үшін толық жарамды, бірінші немесе екінші сортты материал пайдаланылады. Бракқа шығарылған, сондай-ақ толыспаған еқпе шыбықты егу үшін пайдалануға болмайды. Әсіресе егілетін ағаштың тамыр жуйесіне ерекше назар аударылады, ағаш тамырының құрғап кетуіне жол беруге болмайды.

Екпе ағаштар отырғызылатын шұңқырларға шағын кеспекке салынып жеткізіледі, осындай кеспектің үштен бір бөлігіне су немесе сұйық балшық (су немесе сұйық балшық ағаш тамырларын толық жабатын мөлшерде) құйылады.

Ағашты отырғызған кезде шұңқырдың түбіне (төмпешіктер) топырақтың өте-мөте құнарлы бөлігін салу керек, мұнан кейін бақылау қазығына ағаш отырғызылатын жұқа тақтайды қойып, егілетін ағашты шұңқырдың дәл ортасына орналастыру қажет. Егілетін ағаштың тамыры барлық жаққа бірқалыпты таратылып, оның үстінен топырақ салынады. Ағашты отырғызған кезде оның тамырларына топырақты тығыздап салу үшін ақырын сілку керек. Шұңқырдың төрттен бір бөлігіне топырақ салып болғаннан кейін ағаш тамыры төңірегіндегі топырақ тығыздалады, сонан кейін қалған топырақ салынады, тағы да тығыздалғаннан соң ағаштын төңірегін тығыздап тегістеуге болады (2-сурет) .

2-сурет. Ағаш отырғызылатын шұңқырды қазудың схемасы

Ағаш тамыр мойнына дейін немесе одан 3-2 сантиметр жоғары отырғызылады, сөйтіп тамыр мойыны топырақ басылғаннан кейін шұңқырдың бетімен бірдей болуға тиіс. Терең отырғызылған ағаш нашар өседі, өйткені тамыр жүйесіне ауа жеткіліксіз болады. Егер ағаш жоғарыда айтылғаннан биік отырғызылса тамырдың негізгі бөлігі топырақпен жабылмай қалса, ағаш тамыры тез құрғап өте нашар өсетін болады.

Жел қатты соғатын аудандарда жаңалап отырғызған ағаштар жел шайқалтып тамыр жүйесін қозғалтуына және оның тік орнатылған қалпын бұзуына жол бермеу үшін, жаңадан отырғызылған ағаштың жанына қазық қағып, ағашты соған қоса таңып қою керек. Қазық ағаштың негізгі бұталарынан төмен болуға тиіс. Суармалы аудандарда топырақ толық қанғанға дейін су беріледі. Суды бороздалар арқылы жеткізуге болады. Суармайтын аудандарда егілген ағашты қолдан суаруға болады, әрбір ағаштың түбіне 4-5 шелек су құйылады. Суарғаннан кейін 1-2 куннен соң ағашты түзету, топырақты қопсыту жұмыстары жүргізіледі, ағаш қазыққатаңылады.

Отырғызылған ағаштың жақсы өнуі үшін бұтақтарының бөрікбасын кесу қажет, кескенде оның ұзындығының кемінде үштен бір мөлшеріндей етіп кесуге болады. Егер бұлай етпегенде тіпті өнген ағаштың өзі де жақсы өспейді, оның жапырақтары үлкен болмайды, осының салдарынан жас ағаш өзіне қажетті қоректік заттар қорын күзге дейін жинап алмайды, ал мұның өзі қыста жас ағаштың үсікке шалдығуына әкеп соғуы мүмкін.

Оңтүстік облыстар үшін: алманың, алмұрттың және өріктің биік болып өсетін сорттарының қатараралықтары 6 м, арасы 5 м; алма мен алмұрттың аласа есетін сорттарының, қызыл шиенің, шие мен алхорының биік өсетін сорттарының қатараралықтары 5 м, арасы 4 м; шиенің, алхоры мен шабдалының аласа өсетін сорттары 3 х 3 м.

Солтүстік, Шығыс, батыс облыстары үшін: алманың, алмұрттың, өріктің биік өсетін сорттарын, аласа сидам сүректі немесе бұталап отырғызғанда 5 х 4 м, жатаған түрлеріне 4 х 6 м; алма мен алмұрттың аласа өсетін сорттарын, қызыл шиенің, алхорының, шиенің биік өсетін сорттарын сидам сүректі және бұталап отырғызғанда 4 х 4 м, жатаған түрлеріне 4 х 3 м.

Шие мен алхорының аласа өсетін сорттарын отырғызғанда - тиісінше 3 х 3 м және 3x4 м.

Жеміс ағаштарын отырғызу мерзімі және бау кітабын қолдану. Жеміс-жидек ағаштарын отырғызу мерзімі жөнінде, қандай болса да жергілікті жағдайдың ауа райымен санасуға тура келеді. Көктемде жауын-шашын көп болатын жерлерде, ағашты көктем шығысымен ерте отырғызған жөн, өйткені мұндай жағдайда ағаш жемісі жақсы өніп, тез піседі, қысқа дейін едәуір жетіледі. Жауын күзде, ерте болатын аудандарда және жер бетіне қар қалың жауатын жерлерде, ағашты күзде отырғызуға да болады. Күзде ағашты мүмкіндігінше ерте отырғызу керек, өйткені суық түсер алдында 15-20 күн бұрын ағаш өніп, тамыры үлгеретін болуға гиіс.

Ағашты күзде отырғызғанда тамыр жүйелерін аман сақтаудың шараларын қолдану қажет. Бұл үшін отырғызылған ағаштың түбіне биіктігі 20-30 сантимегр және диаметрі 70 сантиметрге дейін топырақ үйіледі, сондай-ақ қар тоқтатылады. Мұндай топырақты ағаштың төңірегінен алуға болмайды, үю үшін топырақты қатараралығынан алу керек.

Таулы жер жағдайларында ағашты көктемде ерте отырғызу жақсы нәтиже береді. Ағаштардың қурап кетпеуі үшін күзде отырғызылған ағаштарды бұталауға болмайды, бұталау көктемге қалдырылады. Ағашты отырғызғаннан кейін баудағы ағаш сорттары туралы қолда бар мәліметтердің барлығы да бау кітабына жазылады, онда мыналар атап көрсетіледі:

а) ағаш отырғызу мерзімі (күні, айы, жылы) ;

б) отырғызылған материалдың қанша жыл өсірілгендігі және қайдан алынғандығы;

в) ұластырушысы;

г) әрбір сорт ағашының саны, қандай қатарға отырғызылғандықтары (мұнда қатарлардың және қатардағы ағаштардың саны қай жақтарынан бастап саналатындығы көрсетіледі) .

Жеке үй іргесі учаскесіндегі шаруашылығының, колхоз аулаларының, елді-мекенді көгалдандыруда жас жеміс өндіруді арттыруда маңызы аса зор. Үй іргесіндегі баулар учаске иелерінің табысын арттыра түседі.

Жеке үй іргесіндегі учаскелер әдетте мынадай көлемде: колхоздарда 2500 шаршы метрге дейін (0, 25 гектар), жұмысшылар поселкелерінде 500-700 шаршы метрге дейін (0, 05-0, 07) болды. Мұндай учаскелерде 15-60 түпке дейін үлкен жеміс ағаштары, 100-ден 300 түпке дейін таңқурай, қарақат және тошала, 10-20 түп жүзім және 1000-пан 300 мың түпке дейін бүлдірген егуге болады.

Осындай бау жылына 1000-1500 килограмға дейін жеміс және 600-800 килограмға дейін жүзім мен жидек: өнімін бере алады. Бауды мұқият күтіп, жеміс ағаштарының мол өнімді сорттарын іріктеп алған жағдайда бұлардан көп жеміс жиналады.

Жеке үй учаскесінде бау өсіру, жеміс ағаштарын отырғызудың және күтудің жалпы ережесі, өндірістік және жеке меншік бау өсіру жағдайдағы сияқты. Бірақ кейбір ерекшеліктері де бар.

1. Жеке үй іргесіндегі бау өсіргенде ағаштар өндірістік, жер үйдегі баудан гөрі едәуір жиі егіледі.

2. Мұнымен қатар шекілдеуікті және сүиекті дақылдарды араластырып отырғызуға да болады. Мұндай жағдайда алма, алмұрт және ерік 8x6 метр аралықта отырғызылады да, қатарлар және қатараралықтары өрік, шие және шабдалымен толықтырылады.

Жидек дақылдарын учаскедегі бос жерге, катараралыктарына және баудың қатарларына отырғызуга болады. Солтүстік облыстарда ағаштардың жатаған түрлері отырғызылады, сондықтан қатараралықтарына жидектерді орналастыру едәуір қиынға соғады. Бау ағаштарын еккеннен кейін мұнда қатараралықтарына тек булдіргенді егуге болады, бұларды бес-алты жылдан соң жеміс ағаштары өсіп жетілген уақытта баудан біржолата шығарып тастауға болады. Ағаштарды жармалай сидам сүректі немесе түптеп өсіретін жерлерде жидек дақылдарын қатараралықтарында еркін өсіруге мүмкіндік бар.

Себебі, жеке үй іргесі учаскесінде бауды күнбе-күн бақылап отыруға мүмкіндік болады.

Жеміс ағаштарының тұқымдары мен сорттарын іріктеп алу. Жеке үй іргесіндегі бауға және жер үй жеміс ағаштарының тұқымдары мен сорттарын іріктеп алғанда, олардың жемістерін ұзақ уақыт бойы пайдалануға мүмкіндік боларлықтай мақсатты көздеу қажет. Бұл үшін жеміс ағаштарының әр кезеңде пісетін түрлі тұқымдары мен сорттары (жаздық, күздік және қыстық) егіледі. Жидектерден бүлдіргенді, таңқурайды, қарақатты (негізінен қара қарақатты), тошаланы, жемісті тұқымынан - шиені, алхорыны, алмұртты, алманы өсіруге болады. Оңтүстікте, мұнымен бірге өрік, шие, шабдалы және жүзім өсіріледі.

Жеке үй іргесіндегі бауға отырғызу үшін стандартты, бағалы, әрбір облысқа лайықтандырып аудандастырылған сорттар іріктелініп алынады. Мұнымен бірге күтімді өте-мөте көп керек ететін епекше қасиеттері бар (жемісі ірі, ерекше көрікті, дәмді, тағысын тағылар), «әуестік» деп аталатын сорттарды өсіруге болады.

Жеке үй іргесіндегі бауға егуге арналған учаскені алдымен атқа жегілген плугпен терең жыртуға немесе күрекпен қазуға болады. Мұнымен қатар топыраққа көң, шірінді, құс қиы енгізіледі. Бау жерін бөлу және оған ағаш отырғызу жұмыстары, өндірістік және жер үй бау егу сияқты, тәртіппен жүргізіледі. Мұнда бауға еккен ағаштарды алғашқы жылы әрдайым суарып тұруға баса назар аударылуға тиіс.

1. 2 Көктемде ағаштарды отырғызу

Көптеген адамдар көктемді ең жақсы нұсқа деп санайды. Егер климат құрғақ болса, онда көшет тамыр алуға уақыт алады. Мысалы, қала маңындағы ағаштарды күзде де, көктемде де отырғызуға болады, өйткені климаттық белдеуі орташа. Сібірдегі ағаштар көшеттерді өсіру және дамыту үшін көбірек уақытты қажет етеді. Көптеген үлгілер қыста аман қалмауы мүмкін. Оралдағы ағаштар, Сібірдегідей, күзгі маусымда да жақсы отырғызылған. Дұрыс маусымды анықтаумен қатар, сіз қалай, қандай ағаштарды отырғызу және оларға күтім жасау керектігін білуіңіз керек.

Көктемгі көшет отырғызудың бірнеше артықшылығы бар. Сіз дамуды байқап, көшеттердің тамырланғанын немесе түспегенін анықтай аласыз. Қыстан кейін жер әлі игерілмеген, сондықтан құнарлы. Кемшіліктер бар - нарықта кішкене таңдау, сіз жазда зауытты жиі суаруға тура келеді.

Көктемде ағаш отырғызу туралы жалпы ұсыныстар:

  • Орын таңдау. Зауытты оңтүстік жағына немесе оңтүстік-батысқа қойған дұрыс. Ағаштардың әртүрлі түрлерінің үйлесімділігін қарастырып, кем дегенде 1, 5 м қашықтықты құрған жөн.
  • Топырақты дайындау. Отырғызудан екі апта бұрын топырақты қалыптастыру керек - топырақтан арамшөптерді таңдап, ұрықтандыру керек. 1 м² үшін 5 кг компост немесе 6-8 кг сульфат тыңайтқыштарын, шымтезекті (орманнан алуға болады) пайдаланыңыз. Компоненттерді араластырып, демалуға жіберіңіз.

Көктемгі көгалдандыру

  • Шұңқырды дайындау. . Шұңқыр дөңгелек болуы керек. Мөлшері келесідей анықталады, тереңдігі мен айналу параметрлері көшет тамырларының кесектерінен 1, 5-2 есе үлкен болуы керек.
  • Шұңқырдың түбінде қазу кезінде алынған топырақтың қопсытылған қабаты жатыр. Ортасында бұрын дайындалған субстратпен себілген көшет бар. Жерді аздап қысыңыз, тесік жасаңыз.
  • Зауытты дереу суар. Су тамыры жуылмайтын етіп суару құралын қолданған жөн. 10 литр жеткілікті. Бұдан әрі суару өсімдіктің қажеттілігіне және ауа-райының жағдайына сәйкес жүзеге асырылады.

Жазғы резиденция үлкен өлшемді отырғызу үшін өте ыңғайлы орын бола алады, бірақ дұрыс орынды таңдау маңызды. Бұл жағдайда бірнеше нюанстарды ескерген жөн:

  • сізге жер асты суларының деңгейін тексеру қажет;
  • қажет болса, шұңқырдың түбінде дренаж жасауға болады;
  • ағаштың өсуіне ештеңе кедергі жасамауы керек;
  • басқа өсімдіктерден қашықтық кемінде 1, 5 м болуы керек.

Таңдаудың басқа шарттары жеке талғамға, ландшафтық дизайнға, өсімдік сортының ерекше қажеттіліктеріне сәйкес жасалады.

Шұңқырдың түбіндегі топырақ жұмсақ, сондай-ақ дайындалған субстрат болуы керек. Идеал опция 9: 1 қатынасында шымтезек пен құм қоспасы болады. Қамырды толығымен жабудың қажеті жоқ, түзілімнің 1/3 бөлігі жер үстінде қалуы керек. Содан кейін оны алынған топырақпен жабу керек. Тыңайтқыштарды дереу қолданудың қажеті жоқ, шамамен бір апта күткен жөн.

Көктемде ағаштарды егу, жаңадан бастаушыларға жеміс ағаштарын егу әдістері

Сау ағаш алу үшін көптеген питомниктер арнайы контейнерлерде, сөмкелерде немесе торларда көшет отырғызады. Бұл әдіс өсімдіктің сау тамыр жүйесін қалыптастыруға көмектеседі.

Контейнер тамырды ұзақ уақыт сақтай алады, сондықтан сатып алғаннан кейін тез арада орналастыру қажет емес. Мұндай өскіндерді кез-келген жазда, көктемде немесе күзде отырғызуға болады. Негізгі шарт - бұл ауа температурасы.

Ағаш отырғызу жеткіліксіз, оны ұзақ уақыт күтіп ұстау керек. Көшеттерге күтім жасау алгоритмі:

  • өсімдік тамыр жүйесін құлыптамау үшін минималды мөлшерде жүзеге асырылатын күнделікті суаруды қажет етеді;
  • Аптасына бір рет жоғарғы киімді жасау керек. Сульфатты немесе органикалық тыңайтқыштарды қолданған жөн. Доза минималды болуы керек;
  • тәжді зиянкестерден жапырақтары мен қабығын сақтауға көмектесетін арнайы құралдармен шашқан жөн.

Сонымен қатар, көшеттерді сүйіп, мүмкіндігінше назар аудару керек: жапырақтардың, қабықтың және магистральдық өсудің жағдайын бақылау. Сіз күтім ережелерін ұстанатын болсаңыз, ерекше ағаштардан бүкіл орман өсіре аласыз.

1. 3 Күзде ағаштар мен бұталарды отырғызудың ерекшеліктері.

Күзде ағаш отырғызу ең өзекті болып саналады. Ағаш жақсы тамыр алады, ал жылдың осы кезеңіндегі ылғалды климат көктемгіден гөрі қолайлы. Тәжірибелі бағбандар осы нақты схеманы ұсынады.

Кез-келген ағаш қыстауға төтеп бере бермейді, сондықтан отырғызуды жоспарлау кезінде мұны ескеру қажет. Күзде керемет, сәндік үлгілер тамыр алады, сонымен қатар:

  • қарақат;
  • таңқурай;
  • қарлыған;
  • Қайың
  • каштан;
  • барлығы қылқан жапырақты.

Бұталарды отырғызу

Күзде жеміс ағаштарының ешқандай түрін отырғызуға болмайды. Әсіресе, егер бұл кең жапырақты үлгілер болса.

Неліктен бұталарды күзде, ал көктемде ағаштарды отырғызған жақсы. Мұндай отырғызу жүйесі әр түрлі өсімдіктерге өте қажет. Бірақ ағашты көктемде, ал күзде бұтаны отырғызу керек екенін білу жақсы. Түсініктеме қарапайым: бұталар төмен, олардың тамыр жүйесі ұзақ уақытты қажет етеді, олар суыққа жақсы төзеді. Ағаштар төмен температураға сезімтал, демек олар жылынуды қажет етеді.

Күзгі көгалдандырудың жақсы және жаман жақтары . Күз ағаш отырғызу үшін тамаша маусым болуы мүмкін. Бірақ бұл опцияның кемшіліктері де бар. Сіз жапырақтары толығымен құлаған сәттен бастай аласыз (қыркүйек-қараша) . Артықшылықтары:

  • көшеттер арзан;
  • ұзақ уақыт қонуға дайындалудың қажеті жоқ;
  • Процедураға көп уақыт жұмсаудың қажеті жоқ;
  • ағаштың тамырды жақсырақ алуға мүмкіндігі бар.

Күзгі отырғызудың кемшіліктері:

  • көшет аязға байланысты өліп, тамыр алмауы мүмкін;
  • стресстік жағдайлар дананың дамуын нашарлатуы мүмкін;
  • жәндіктер қабығының астына көтеріліп, магистралды зақымдауы мүмкін.

Күзде бұталарды отырғызудың ерекшеліктері

Үлгіні осы кезеңде көлеңкеде отырғызбаған жөн, қысқы күн аязда көшеттерді жылытуға көмектеседі.

Көшеттердің тамырлануы үшін ағашты дұрыс отырғызып, оған жақсы күтім жасау керек. Мұны істеу үшін сіз таңдалған тұқым туралы көптеген мәліметтерді білуіңіз керек. Әрбір сирек кездесетін көшет ерекше назар аударуды қажет етеді, ол суару, тыңайтқыш, бүркуден тұрады.

1. 4. Жеміс ағаштары мен бұталарын отырғызу схемасы

Жақсы егін алу үшін және көшет тез тамырлап кету үшін сіз кейбір алгоритмге сәйкес отырғызуыңыз керек. Кейіннен жеміс беретін ағаштарды қалай отырғызуға болады:

  1. Тамыр жүйесінен 40 см үлкен тесік қазыңыз.
  2. Ортаға ағаш көшетін байлап қою керек.
  3. Тамырларды қарашірік, сульфаттар және топырақтың жоғарғы қабатымен толтырыңыз.
  4. Өскінді 1-2 шелек судың көмегімен құйыңыз.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан жері топырағының көпшілігі бау өсіруге жарамды
Жеміс ағаштарын ұластыру
Жеміс ағаштарын күтіп баптау
Мектеп участогінде оқу тәжірибе жумыстарын ұйымдастыру және өткізу әдістемес
Жеміс ағаштарына зиян келтіретін кеміргіш бунақденелердің таралуы, биологиясы, зияндылығы және оларға қарсы қолданатын күресу шаралар жүйесі
Алматы облысы Ұйғыр ауданына отырғызуға рұқсат етілген жеміс дақылдарының сорттарына сипаттама
Жеміс - жидек дақылдар сорттарына сипаттама
Бақ шаруашылығының қазіргі даму жағдайы. Алматы облысы, Шелек ауданының климаттық жағдайына, топырағына, өсірілетін жеміс – жидектерге сипаттама
Екпе көшеттерді қазып алу
Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Көксу ауданында 76 га жерге бақ отырғызу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz