Аналитикалық шот


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы:Бухгалтерлік шоттар мен екі жақты жазу

Дәріс мақсаты шоттардың мәні мен құрылымын, синтетикалық шоттар мен аналитикалық өзара байланыстарын, екі жақты жазудың мәнін ашып көрсету және бухгалтерлік есептің шоттар жоспарына сипаттама беру.
Шоттар бухгалтерлік есеп объектілерін және шаруашылық операцияларын жүзеге асыру барысында оларда болатын өзгерістерді жүйелеу және олардың ағымдық жағдайларын көрсетуге арналған.

Жүйелеу экономикалық жағынан ұқсас шаруашылық қаражаттары мен олардың қалыптасу көздерінің әрбір топтарына жеке шоттар ашумен қамтамасыз етіледі.

Шоттың онда есепке алынатын объектіге сәйкес келетін аты және кодтық белгісі болады.

Шаруашылық қаражаттарындағы және олардың қалыптасу көздеріндегі өзгерістерді (көбеюі немесе азаюы) көрсету үшін шот «дебет» және «кредит» деп аталатын екі бөліктен тұратын кесте түрінде көрсетіледі.

Бухгалтерлік шоттар баланспен өзара байланысты: олар баланс баптары негізінде ашылады және келесідей түрлерге бөлінеді:

  1. Активті шоттар;
  2. Пассивті шоттар.

Активті шоттар ұйымның шаруашылық қаражаттарының бар екендігін және онда болған өзгерістердің ағымдық есебін жүргізуге арналған.

Активті шоттар бойынша есептік кезеңнің соңындағы қалдық сол есептік кезеңнің басындағы бастапқы қалдыққа дебеттік айналымды қосып кредиттік айналымды шегеру арқылы есептеледі, яғни келесі формула түрінде көрсетуге болады:

СҚ = БҚ + ДтА - КтА.

Активті шоттардағы қалдық тек қана дебеттік немесе нолге тең болады.

Пассивті шоттар ұйымның шаруашылық қаражаттарының қалыптасу көздерінің (меншікті капиталы мен міндеттемелерінің) бар екендігін және онда болған өзгерістердің ағымдық есебін жүргізуге арналған.

Пассивті шоттар бойынша есептік кезеңнің соңындағы қалдық сол есептік кезеңнің басындағы бастапқы қалдыққа кредиттік айналымды қосып дебеттік айналымды шегеру арқылы есептеледі, яғни оны келесі формула түрінде көрсетуге болады:

СҚ = БҚ + КтА - ДтА.

Пассивті шоттардағы қалдық тек қана кредиттік немесе нолге тең болады.

Бухгалтерлік есепте пайдаланылатын барлық шоттар мәліметтерді топтастыру көлемі бойынша екі негізгі түрге бөлінеді.

1. Синтетикалық шоттар;

2. Аналитикалық шоттар.

Синтетикалық шоттар - бұл шаруашылық қаражаттарын, олардың қалыптасу көздерін және шаруашылық үдерістерін жалпылама түрде көрсетуге және ірі топтарға топтастыруға арналған шоттар.

Бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспарында көрсетілген шоттардың барлығы синтетикалық шоттар болып табылаы. Синтетикалық шоттар бойынша жүрізілген есеп синтетикалық есеп деп аталады. Ол тек қана ақшалай өлшем түрінде жүргізіледі.

Бірақ ұйымның шаруашылық қызметін жедел басқару және бақылау жүргізу үшін синтетикалық есеп мәліметтері жеткіліксіз болып табылады, яғни ақпараттарды неғұрлым бөлшектеп көрсететін мәліметтер қажет болады.

Аналитикалық шоттар экономикалық мәні бойынша бірдей топтарға топтастырылған шоттарды бөлшектеп көрсутуге арналған шоттар. Олар синтетикалық шоттарды дамытуға арналған. Аналитикалық шоттар бойынша жүргізілген есеп аналитикалық есеп деп аталады.

Аналитикалық есепте есептік өлшемдердің үш түрі де пайдаланылады. Себебі, бұл есеп мәліметтері негізінде шаруашылық қаражаттарының әрбір түрлері бойынша нақты мәліметтерді алуға болады.

Аналитикалық есеп бақылау қызметін де орындайды, өйткені, есептің бұл түрінде қорлар тек сомасы бойынша ғана емес, сонымен бірге натуарлды өлшемдерде көрсетілетін саны бойынша да есептеледі.

Аналитикалық есеп синтетикалық есепті ары қарай бөлшектеп көрсетеді. Бөлшектеу деңгейі басқару талаптарына байланысты әртүрлі болып келеді. Барлық шоттар аналитикалық есепті жүргізуді талап етпейді.

Аналитикалық есепті жүргізуді талап етпейтін шоттарды жай шоттар деп атайды. Мысалы, «Касса», «Банктегі ағымдық шот» және т. б.

Ал аналитикалық есепті жүргізуді талап ететін шоттарды күрделі шоттар деп атайды. Мысалы, «Шикізаттар мен материалдар», «Жеткізушілермен есеп айырысулар» және т. б.

Кейбір синтетикалық шоттар үшін ұйымдарда субшоттар ашылады.

Субшоттар дегеніміз синтетикалық және аналитикалық шоттардың арасындағы аралық шоттар. Субшоттар белгілі бір нақты синтетикалық шот көлемінде аналитикалық шоттарды қосымша топтастыруға арналады. Соған байланысты бірнеше аналитикалық шоттар бір субшотты, ал бірнеше субшоттар бір синтетикалық шоттарды құрайды.

Синтетикалық және аналитикалық шоттардың өзара байланыстарын келесі сурет түрінде көрсетейік.

Синтетикалық шот
Синтетикалық шот: Субшот №1
Субшот №2
Синтетикалық шот: Аналитикалық шот №1
Аналитикалық шот №2
Аналитикалық шот №3
Аналитикалық шот №4
Аналитикалық шот №5

Синтетикалық және аналитикалық шоттардың өзара байланысының жалпы үлгісі

Бір синтетикалық шот бойынша ашылатын субшоттар мен аналитикалық шоттардың саны ұйымның шаруашылық қызметінің күрделілігіне және есептің мақсаты мен міндеттеріне байланысты анықталады.

Бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

Типтік шоттар жоспар қаржылық есептілік элементтерін топтауға және құндық мәнде ағымдағы көрсетуге арналған. Типтік шоттар жоспарда бухгалтерлік есеп шоттары нөмірлері төрт санмен көрсетілген:

  • бірінші саны - шоттың қай бөлімдерге тиістілігін,
  • екінші саны - қандай бөлімшелерге (кіші бөлімдерге) тиістілігін,
  • үшінші саны - синтетикалық шоттардың қай топтарына тиістілігін,
  • төртінші санды әрбір ұйым дербес түрде анықтайды.

Операциялар мен оқиғалардың аналитикалық есебiн жүргiзу тәртiбiн дара кәсiпкер немесе заңды тұлғаның лауазымды адамдары белгiлейдi, олар Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне және құрылтай құжаттарға сәйкес дара кәсiпкердiң немесе ұйымның қажеттiлiктерiн негiзге ала отырып ағымдағы басшылықты және iстердi жүргiзудi жүзеге асырады.

Бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары мынадай бөлімдерден тұрады:

1-бөлім - «Қысқа мерзімді активтер»;

2-бөлім - «Ұзақ мерзімді активтер»;

3-бөлім - «Қысқа мерзімді міндеттемелер»;

4-бөлім - «Ұзақ мерзімді міндеттемелер»;

5-бөлім - «Капитал мен резервтер»;

6-бөлім - «Кірістер»;

7-бөлім - «Шығыстар»;

8-бөлім - «Өндірістік есепке алу шоттары».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есепте шоттарды жіктеу
1С Бухгалтерия бағдарламасы туралы ақпарат
Бухгалтерлік есептің шоттар жүйесі және екі жақты жазу
Шоттарды жіктеу және олардың түрлері мен міндеттері
Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу туралы
Дебит ШОТТЫҢ АТЫ
“1-с бухгалтерия” бағдарламасы
Валюталық операцияларды классификациялау
Бухгалтерлік есеп тәсілі
Шоттар жүйесі және екіжақты жазу туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz