Білім берудегі инновациялар



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік
жетістіктері, ең алдымен, олардың білім жүйесімен, азаматтардың білім
деңгейімен анықталатыны белгілі. XXI ғасыр – жаһандық жаңалықтар мен
білімнің дәуірлеу ғасыры, өйткені ол қазіргі кезде мемлекеттің тұрақты
дамуын қамтамасыз етуде, сондай-ақ әлемдік нарықтағы, әлемдік
қоғамдастықтағы орнын айқындап халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін
көтеруде айырықша маңызды рөл атқарады.
Бұл жөнінде Елбасының 2009 жылғы Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру
арқылы білім экономикасына деген тақырыптағы дәрісінде студенттердің
жоғары деңгейде білім алуына, мамандарды дайындауда білім сапасына өте
үлкен көңіл бөліну керектігін атап өтті[1]
Өркениеттің даму салдарынан білім, ғылым саласында көптеген ғаламдық
өзгерістер орын алды. Жаңа типті педаготы даярлау- білім салаларының ең
негізгі қойған мәселесі. Білімді, жан-жақты дамыған, жаңа заманға сай
технология түрлерін меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істеуге қабілетті
педагогтарды даярлау негізгі міндет болып отыр.
Бүгінгі күні жаһандану жағдайында өркениеттіліктің өлшемі, тетігі,
құндылығы ретінде шығармашылық сипаттағы білімнің орны үлкен. Оны өлшем
ретінде қабылдауымыздың себебі, кез келген мемлекеттің рухани да,
әлеуметтік-экономикалық дәрежесі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейі
мен меңгерген білім, біліктерін шығармашылықпен қолдана алуына байланысты.
Себебі әлемдегі ғажайып жаңалықтарды өзі білім, білікті шығармашылық
құндылық ретінде бағалаумен, оны ізгі мақсаттарға сәйкес қолданып, жаңаны
табумен мүмкін болады.
Кез келген елдің реформаларға, әлеуметтік-экономикалық құрылымды
түбірімен өзгертуге бет бұрған кезеңде білім беру жүйесін де қайта құру
қажеттігі туындайтыны сөзсіз. Ал ол реформалар өз кезегінде білім беру
саласында жиналған мол оң тәжірибені сақтай отырып оның әрі қарай дамуына
жағдайлар жасауы керек. Қазақстан Республикасының алдында тәуелсіздік алған
уақыттан бастап білім беру саласында қайта құрулар жүргізу қажеттігі тұрды.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында білім беру саласындағы
мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері қатарында білім беру жүйесін
дамытудың басымдығы; әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-
физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық
деңгейдегі білімге қолжетімділігі; жеке адамның білімдарлығын ынталандыру
және дарындылығын дамыту көрсетіледі. Ал бұл принциптердің іс жүзіне асуы
білім беру мазмұнын жаңартумен тығыз байланысты. Білім беру мазмұнын
жаңарту білім беру жүйесінің барлық деңгейлерін қамту керек[1]
Білім кеңістігіндегі жаңғырту педаготың қажымас ізденпаздығы мен
шығармашылығының жемісі. Білім беру мен тәрбиелеуді жүзеге асыратын
жаңартылған бағдарламалар мен педагогикалық техналогияларды меңгеруге үлкен
бетбұрыс жасалуы қажет.
Білім беру жүйесін жетілдіру – елдің одан әрі дамуы тәуелді болатын
саяси және жалпы ұлттық міндет. Білім беру жүйесін жетілдіру мақсаты –
заманауи білім сапасын қамтамасыз ету негізінде білім беру жүйесінің
тұрақты дамуының механизмін құру болып табылады. Қазақстанда білім беру
жүйесін тиімді жетілдіру білім берудің іргелілігін сақтаған және тұлғаның,
қоғамның және мемлекеттің көкейкесті және перспективалы сұраныстарына
сәйкес болған жағдайда жүзеге асады. Бұл алдына қойылған кәсіби міндеттерді
шеше алатын мамандар даярлағанда, сол мамандар даярлау жүйесін қайта
құрғанда мүмкін болады.
Әлемдік практика көрсетіп отырғандай, педагог мамандарға жоғары
деңгейдегі моральдық және біліктіліктік талаптары қойылуы тиіс. Педагог
мамандар заман ағымына қарай әртекті болатын және күрделене түсетін кәсіби
міндеттерді шеше алатын болуы керек.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында білім беру жүйесінің
міндеттерінің бірі ретінде: ...жеке адамның шығармашылық, рухани және дене
мүмкіндіктерін, танымдық іс-әрекеттерін дамыту, адамгершілік пен салауатты
өмір салтын берік қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы
интелектіні байыту деп нақтыланған ХХІ ғасырдың табалдырығында тұрған
адамзат дамуының жаңа кезеңі – білім беру үрдісінің ең маңызды
факторларының бірі болып саналатын кезеңге келіп жетті. Әлемдік білім беру
тәжірибесінде білім жүйесіне шығуды реттеу нәтижеге бағытталған білім
арќылы іске асады. Өркениетті елдердің әрқайсысы өзінің ұлттық болмысына
сай негізге алған ұстанымына сай құрылған білім саясатын нәтижеге
бағытталған білімнің өзекті ойларымен ұштастырып отыр[1].
Бүгінгі күнде қоғам дамуының жетекші бағыттарының бірі – білім беру
процесін ақпараттандыру. Ол оқу-тәрбиелік процестің барлық деңгейлерінде
жаңа технологияларды қолдануды болжайды.
Қазіргі ақпараттандырудың өзіне тән ерекшелігі – білім беру өрісіне
белсенді түрде кіру, оқытудың жаңа технологияларының пайда болуы және
дамуы, ақпараттық өнімдерді пайдаланатын жаңа тәсілдер мен құралдарды оқу
процесінің заңдарына сәйкес қолдану.
Білім беру саласындағы ақпараттық технологиялар әсерінен білім беру
жүйесі желілік әлемге қадам басты. Қазіргі кезде оқыту оқу-тәрбие процесін
ұйымдастыру мен оның мазмұнының көп нұсқалылығы негізінде білім алушылардың
коммуникативті, шығармашылық және кәсіби дағдыларының дамуын қамтамасыз
етуі керек. Мұндай өзгерістер оқытудың дәстүрлі технологияларын
алмастырмай, керісінше мүмкіндіктерін кеңейтулері керек.
Ақпараттық қоғам жаһандаудың бір деңгейі болып табылады. Ақпараттық
технологиялар тек өндірістік үрдістің ілгерілеуіне ғана емес, сонымен қатар
қоғамның дамуына да орасан зор ықпал етеді.
Қоғамды ақпараттандыру - өндірістің жалпыға ортақ әлеуметтік үрдісі мен
ақпаратты экономиканың нығаюын қамтамасыз ететін, еліміздің ғылыми-
техникалық прогресін, қоғамды демократияландыру мен интеллектуалау үрдісін
жеделдететін қоғамдық байлық ретінде жаппай пайдалану.
Білім беру саласын ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.
Осыған орай білім берудің жаңа технологиялық саласын ғылыми-әдістемелік
және технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етудің негізгі міндеттері
көзделді.
Бұл міндеттердің шешімін табуда республикада білім беруді
ақпараттандырудың республикалық, қалалық және аймақтық ғылыми-әдістемелік
орталықтары жұмыс істейді. Мұнда ғылыми ақпаратты технологияның талаптарына
сәйкес, білім беру жүйесінің барлық пәндері бойынша оқытудың бағдарламалық
құралдары жасалуда. Бүгінде қоғамда білім жүйесінің жаңа сапалық деңгейге
көшірудің стратегиялық міндеттері айқындалып отыр.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау
сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған
инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік
сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысы, білім беру және
ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады деп көрсетілген.
Тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін нәтижелер қатарына білім беру
жүйесінің ғылыми және инновациялық қызметін дамытуды қояды[2].
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасында жоғары білім беруді дамыту үшін
оқытудың ілгершіл жүйелері мен технологияларын, оның ішінде кредиттік және
қашықтан оқытуды әзірлеу және енгізу қажеттілігі көрсетіледі. Сондай-ақ
педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін
арттыруда білім беру бағдарламалары инновациялық педагогикалық
технологияларды, ізденушілік, зерттеушілік және шығармашылық қызмет
дағдыларын, оқытудың ақпараттық және қашықтан оқыту технологияларын
меңгерген көп тілді мұғалімді даярлауға бағдарланатын болады деп
түсіндірілген[3].
Міне, жоғарыда айтылғандарды зерделей келе біз, бұл мәселені зерттеу
үшін: Мектепке дейінгі ұйым әдіскерінің инновациялық іс-әрекетінің
мазмұны атты дипломдық жұмысты негіз етіп алдық.
Зерттеу мақсаты: мектепке дейінгі ұйым әдіскерінің инновациялық іс-
әрекетін анықтау.
Зерттеу нысаны: мектепке дейінгі ұйым әдіскерінің инновациялық іс-
әрекеті.
Зерттеудің пәні: әдіскердің инновациялық іс-әрекеті.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер мектепке дейінгі ұйымның әдіскерінің
инновациялық іс-әрекеті анықталса, онда мектепе дейінгі ұйымның әдіскерінің
инновациялық іс-әрекеті оптимизациялануы артады.
Зерттеу міндеттері:
- мектепке дейінгі ұйым әдіскерінің инновациялық іс-әрекетін ғылыми-
теориялық тұрғыда негіздеу.
- иновация түсінігін, оның дамуын ашып көрсету.
- мектепке дейінгі ұйым әдіскерінің қызметін сипаттау.
- мектепке дейінгі ұйым әдіскерінің инновациялық іс-әрекетінің үлгісін
ұсыну.
- мектепке дейінгі ұйым әдіскерінің инновациялық іс-әрекетінің мазмұның
ашып көрсету.
- мектепке дейінгі ұйым әдікерлерінің инновациялық іс-әрекетін зерттеу
және оның нәтижесі көрсету.
Зерттеу әдістері: Зерттеу бойынша ғылыми әдістемелік, педагогикалық-
психологиялық әдебиеттерге талдау, мектепке дейінгі ұйымдар әдіскерлерімен
сауалнама жүргізу.
Зерттеу базасы: Сатпаев қаласының балабақшалары.
Дипломдық жұмыс көлемі және құрлымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі
тараудан, қортындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

1 Мектепке дейінгі ұйым әдіскерінің инновациялық іс-әрекетін ғылыми-
теориялық тұрғыда негіздеу

1.1 Инновация түсінігі мен дамуы

Қазіргі кезде республикада әлемдік білім кеңістігіне енуге бағытталған
жаңа жүйе жасалып, оған мемлекеттік деңгейде үлкен мән беріліп, білім
саласын жүйелі реформалау арқылы түбегейлі өзгерістер енгізу қолға алынуда.
Республикамыздың дамуының стратегиялық мақсат - міндеттерін шешу жолында
қоғамның әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани жетілу мәселелері адам
факторына жасалатын жағдайлармен өлшенетіні белгілі.
Сондықтан, диалектикалық даму үрдісі сияқты, білім беру жүйесі
мамандардан кәсіби икемділік пен ұшқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет
пен өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті талап етеді.
Білім берудегі инновациялар. Енгізілген жаңалықтар немесе инновациялар
адамның кез-келген кәсіптік қызметіне тән, сондықтан зерттелуі, талдануы
және енгізілуі қажет. Инновациялар өздігінен пайда болмайды, олар ғылыми
ізденістердің, жекелей мұғалімнің және жалпы ұжымдардың алдыңғы қатарлы іс-
тәжірибелерінің нәтижесі. Бұл үрдіс стихиялы түрде болуы мүмкін емес, ол
басқаруды қажет етеді.
Жалпы педагогикалық үрдістің инновациялық стратегиясында жаңалықты
енгізушілер ретінде мектеп дейінгі ұйым директорының, әдіскерлер мен
тәрбиешілердің рөлі өсіп отыр. Оқыту технологияларының көптігіне қарамастан
(дидактикалық, компьютерлік, проблемалық, модульдік және т. б.) олардың
жетекші педагогикалық функцияларын жүзеге асыру тек әдіскердің қолынан
келетінін атап өтуіміз керек. Оқыту үрдісіне қазіргі оқыту технологияларын
енгізу барысында мұғалім, тәрбиеші, кеңес беруші, аниматор, тәрбиеші
функцияларын игере бастайды. Бұл арнайы психологиялық-педагогикалық 
дайындықты  қажет  етеді,  өйткені  әдіскердің кәсіптік  қызметінде тек
арнайы,  пәндік  қана  емес,  сонымен  қатар,  педагогика  және 
психология,  оқыту  және  тәрбиелеу  технологиясы  саласындағы  қазіргі 
білімдер  басшылыққа  алынады.  Осы  базада  педагогикалық  инновацияны 
қабылдауға,  бағалауға  және  жүзеге  асыруға  дайындығы  қалыптасады.
Инновация  түсінігі  жаңалықты,  жаңаны,  өзгерісті  білдіреді, 
инновация  құрал  немесе  үрдіс  ретінде  қандай  да  бір  жаңаны 
енгізуді  білдіреді.  Егер  педагогикалық  үрдіске  қатысты  алатын 
болсақ,  онда  инновация  мақсатқа,  мазмұнға,  оқыту  мен  тәрбиелеудің 
әдістері  мен  формасына,  әдіскер  мен  тәрбиешілердің  бірлескен 
қызметін  ұйымдастыруға  жаңаны  енгізуді  білдіреді.  Отандық 
педагогикада  инновациялық  үрдістердің  мәні  мен  мазмұнын  түсіндіруде 
алғашқы  қадамдар  жасалды.
Білім  берудегі  инновациялық  үрдістердің  мәнін  түсінуде 
педагогиканың  екі  маңызды  проблемасы  жатыр:
1) алдыңғы  қатарлы  педагогикалық  іс-тәжірибені  зерттеу,  жинақтау 
және  тарату  проблемасы;
2) педагогика-психология  ғылымдарының  жетістіктерін  практикаға 
енгізу  проблемасы. 
Бір  инновациялық  үрдістерді  ең  алдымен,  педагогикалық  іс-
тәжірибені  зерттеу,  жинақтау  және  таратумен  байланыстырады, 
басқалары  педагогикалық  жаңалықтарды  жасау  және  енгізу  проблемасына 
ерекше  мән  береді.  Бұл  өзара  байланысты  үрдістер  бұрын  жеке-жеке 
қарастырылып  келген  болатын. Шын  мәнінде,  олардың  объективтік 
байланысы  мынада-педагогикалық  тәжірибені  зерттеу,  жинақтау  және 
таратудың  соңғы  мақсаты  жаңаны,  алдыңғы  қатарлы  іс-тәжірибені 
практикаға  енгізу  болып  табылады. 
Сонымен,  инновациялық  үрдістердің  нәтижесі  ретінде  теория  мен 
практикада,  жалпы  педагогикалық  үрдісте  қолданылуын  айтады.  Мұның 
барлығы  педагогикалық  жаңалықты  жасау,  игеру  және  пайдалану  бойынша 
басқару  қызметінің  маңыздылығын  атап  өтеді.  Яғни,  әдіскер  жаңа 
педагогикалық  технологиялардың,  теориялардың,  концепциялардың 
авторлары  ретінде  әрекет  ете  алады.  Бұл  үрдісті  басқару  өз 
қызметінде  әріптестерінің  іс-тәжірибесін  немесе  ғылым  ұсынып  отырған 
жаңа  идеялар  мен  әдістемелерді  іріктеп  алуды,  бағалауды  және 
қолдануды  қамтамасыз  етеді.
Педагогикалық  қызметтің  инновациялық  бағыттылығы  әдіскердің
педагогикалық  жаңалықтарды  жасауға,  игеруге  және  оқыту,  тәрбиелеу 
практикасына  енгізуге,  мектепте  белгілі  бір  инновациялық  ортаны 
құруға  қатысуын  қажет  етеді.
Алдыңғы  қатарлы  іс-тәжірибенің  түрлері  ретінде  жаңашыл  және 
зерттеуші  педагогикалық  тәжірибені  атауға  болады,  бұл  эмпирикалық 
жағдайдан  теориялық  талдау  мен  жинақтауға  өзіндік  сатылай  көтерілу 
болып  табылады.
И. П. Павлов, Т.И.  Гончарова,  И. П.  Иванов,  Е. Н. Ильин,  В. А.
Караковский,  С. Н. Лысенкова,  Р. Г. Хазанкин,  М. : Щетинин,  П. М.
Эрдниев,  Е. А. Ямбург  сияқты  педагогтар  мен  ғалымдардың  жаңашыл 
және  зерттеуші  педагогикалық  тәжірибенің  ерекше  үлгілері 
педагогтардың  иелігіне  айналды[4].
Білім беру жүйесіндегі бұл өзгерістер педагог мамандардың
біліктіліктілігін арттыру саласының алдына да жаңа, тың міндеттер қойып
отыр. Осыған байланысты педагогика теориясы мен білім беру үрдісіндегі
елеулі өзгерістер: білім беру парадигмасының өзгеруі мен инновациялық
үрдістің қарқындылығы артып, біліктілікті арттыруды жаңартып, жаңғыртудың
қажеттілігі туындауда.
Жаңалаудың негізгі мақсаты – жалпы білім саласының қызметін жаңарту
жағдайында педагогикалық білімнің сапасы мен тиімділігін арттырудың
жолдарын табу, соның нәтижесінде қазіргі қоғамдағы қойылып отырған
талаптарға сай педагогикалық мамандар дайындаудың, қайта дайындау мен
біліктілікті арттырудың жаңартылған жүйесін жасау болып табылады.
Сондықтан біліктілікті арттыру жүйесін жаңалауда білім беру жүйесіндегі
инновациялық бағыттағы жаңа әдіс тәсілдерді іздестеруді қажет етеді. Ол
үшін алдымен инновация және оған қатысты іс- әрекеттердің мән –
мағынасына талдау жасау қажеттілігі туындайды.
Инновация ұғымының (латынша inovatis) аудармасы жаңалық, жаңаша,
жаңалықты енгізу деген мағынаны білдіреді.
Жаңалықтың тиімді енуі тікелей жаңалыққа қатысушы субъектілердің
кәсіптік даярлығына, қарым-қатынасқа түсе білуіне, эмоционалдық күш-
жігеріне, талап - тілектеріне байланыстылығынан көреміз.
Педагогикалық инновацияға арналған ғылыми – теориялық және әдістемелік
әдебиеттерді зерделей отырып, өз жұмысымыз аясындағы инновациялық іс-
әрекеттің біліктілікті арттыру институтының инновациялық жүйесінің
негізі ретінде үш түрлі бағытын белгілейміз:
1. Инновация - жаңа мазмұн арқылы;
2. Инновацияны жаңаша таным әдісі арқылы, жаңа формада ұйымдастыру;
3. Инновациялық орта жасау (курс барысында және курстан кейін).
Осындай бағытта ұйымдастырылған инновациялық біліктілігін арттыру
жұмысының нәтижесінде педагогикалық тұлға жаңалыққа бейім болып, қазіргі
әлеуметтік сұранысқа сай, өздігінен ғылыми ізденіс арқылы, өзін-өзі
дамытатын, белсенді әрекетке түсе білетін, жаңаша ойлай білетін ұстаз
тұлғасы қалыптасады деп есептейміз.
Шығыстың Ұлы ойшылы, әмбебап ғалымы Әбу Насыр Әл-Фараби келешекті көре
біліп, ұстаздың қандай болуы керектігі туралы: Ұстаз адамның жан-жақты
түсінігі мол, қандай істі болса да тез шешетін, тұжырымдай алатын, ұшқыр
ойлы, көреген, батыл һәм-шешен болуы тиіс-деген ойының негізінде үлкен
мағына жатқанын көреміз. Ал педагог мұндай жағдайға бірден келмейді.
Дұрыс ұйымдастырылған әдістемелік жұмыс пен оның кәсіби дамуға бағытталған
өзіндік жұмыстары ғана жаңашылдықтың кепілі бола алады[6].
Сол себепті де педагогтардың біліктігін арттыруды педагогтардың өздеріне
бағытталған іс-әрекетін жаңаша ұйымдастыру қажет.
Осыған орай көп деңгейлі білім беретін ұлттық жүйені жаңалау кезінде
педагогтардың біліктілігін арттыру мекемелерінің алдында көптеген жүзеге
асыруды қажет ететін міндеттер тұр. Олар:
- біліктілікті арттыру жүйесін ғылыми - әдістемелік жағынан қамтамасыз
ету;
- ғылыми педагогикалық және басқарудың озық іс - тәжірибелерін
зерттеу, қорытындылау, таратудың тиімді жолын анықтау;
- педагогтардың біліктілігін арттырудың зерттеушілік бағыттылығын
дамыту.
Инноватиканың қайнар көзінің мектепке дейінгі ұйымда қалыптасу мен алғы
шарттары қоғам дамуымен және жалпы білім беру саясатының барысында себепші
болды:
- эконмикадағы инновациялық процестермен, өндірісте және басқа да өмір
салаларында (XIX-XXғғ.);
- Қоғамдық өмірдің демакратиялануымен;
- білім беру процесіне қатысушылардың гуманизациялық (адамгершілік)
қатнасы;
- білім берудегі субъектілердің шығармашылық бірлестігі;
- білім беру ұйымдарының ізденушілік, тәжірибелік, инновациялық іс-
әрекетімен.
инновация термині мәдениеттану зерттеулерінде XIX ғ. пайда болды.
Алғашқысында бір мәдениеттің екіншісіне кейбір элементтерінің енумен және
олардың қатынасын анықтауды білдірді.
XX ғасырдың басында инноватитка материалдық өндірістегі техникалық
жаңашылдықтың заңдылықтарын зерттейтін жаңашылдық ғылымы ретінде
қалыптасады.
Ғылымда инновацияны зертеудің үш түрі ерекшеленеді (В.А. Сластенин,
Л.С.Подымова):
- жаңашылдыққа кедергі келтіретін мүмкіндік туғызатын дәлелдерді
анықтау;
- инновациялық процесстердің зерттеулерімен;
- инновациялық жағдаяттар анализі тиімділік, қауіп-қатер дәрежесін
бағалау.
Инноватика пәнаралық аймақ ретінде қойылды (философия аймағында,
психология, социология, экономика, мәдениеттану)[5].
Ескеретін жайт, білім берудің инновациялық дәрежесі қоғам дамуының
деңгейімен және білім берудің жетілмегендік дәрежесінің айтылуымен
ескертілген.
Басқа сөзбен айтқанда, инновацияның пайда болуы сол және сонда, қайда
және қай жерде өзгертулерге қажеттілігі бар және оның жетілдіру мүмкіндігі.
Инновациялық процестің кеңістіктік-уақыттылы континуумы білім беру дамуының
потенциялының жиналған және оның тұрақты жұмыс істеудегі кейбір
кедергілерін(немесе қауып-қатер) қамтиды.
Демек, инновация білім берудегі тұрақты жұмыс істеуі және эволюциялық
процессі мен қарқынды және революцялық процесінің дамуныдағы белгілі
қарама қайшылықтарды шешеді.Аралық жағдайлары да бар, қашан тұрақты
нәтижелер дифференцациялана бастайды немесе қашан жиналған өзгерістер
тұрақтанады(бірыңғайланады). Пайда болған жағдаяттар білім берудегі жұмыс
істеу немесе даму жолының ықтималдығын анықтайтын тенденцияның индикаторы
болып табылады.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі болып жатқан өзгерулер
адекваттық қоғамдық даму мен білім беру жүйесінің өзгеруі объективті
қажеттілігімен ескеріледі.Педагогтар қоғамының ұйым жұмыс істеуінің маңызды
өзгерістерінің жете түсінуінде көрініс табады.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің негізгі даму механизмінің
оптимизациясы- мектепке дейінгі ұйым іс-әрекетінің сапалы өзгеруіне себеп
болатын инновацияның іздеуі мен игеруі.
Мектепке дейінгі білім берудегі мектепке дейінгі тәрбие өзгеруі әлемдік
даму тенденциясынан көрініс береді. Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбие
білім беруді басқару қол астында: бұл мектепке дейінгі жастағы баланың
тәрбиеленуі, білім алуы мен дамуын қажет ететінін нақты дәлелдейді.
Сонымен, мектепке дейінгі білім беру алғашқы, ажыратылмайтын және толық
хұқықты жалпы білім беру жүйесінің Білім беру заңында анықталғандай
баспалдағы болып табылады.
Бүгінгі таңда көптеген мектепке дейінгі ұйымдардың құрлысына қарай
немесе мазмұнды іздену тәртібіне көшу фактіні сенімді белгілеу болады.
Қайсысы мектепке дейінгі ұйымдардың даму тәртібі мен сапалы өзгеру
жолындағы кезеңдерінен өтуі.
Сапалы белгілерінің берілген өткелі басқа аспектілермен байланысты:
мектепке дейінгі ұйым мүмкіндіктері мен маңызды қажеттіліктерінің
инновацияға қаншалықты сәйкестігі.Осы сұрақ бойынша мектепке дейінгі
ұйымдардың даму проблемаларының өзектілігін анықтау аса маңызды болып отыр.
Жаңашылдық білім беру саласының алдында тұрған жаңа міндеттерді сәтті
орындаудың негізгі шарттарының бірі болып саналады. Олар оқу-тәрбие
жұмыстарының тиімділігі мен өнімділігін арттыруға септігін тигізеді. Білім
беру саласына жаңалықтар енгізбестен бұрын, қоғамдық еңбектің басқа
салаларына сәтті түрде жаңалықтар енгізу қиынға соғады.
Өзгерістер өмірдің диалектикасы ретінде тек қана біздің заманға, біздің
қоғамға және біздің өмірге тән құбылыс емес. Олар мәңгі адами қозғалыстың,
яғни адамның жақсы өмір сүруіне, жаңа заман талабына сай шарттарға қол
жеткізуіне деген күресі мен талпынысының көрінісіне айнала отырып, жалпы
өмірдің диалектикасын бейнелейді. Жуырда ғана мұндай өзгерістер өте баяу
жүзеге асатын, алайда соңғы жылдардағы ғылым мен техниканың өзара тығыз
байланысты дамуының нәтижесінде олар да қарқындылығын күшейте бастады.
Бүгінгі күні әртүрлі елдер үшін білім беру мен тәлім-тәрбиені дамыту
бағытында ортақ қиыншылықтардың туындағанына қарамастан, олар бір-бірінен
білім беру мәселелерін шешу жолдары, әдістері және мақсаттары тұрғысынан
елеулі дәрежеде ерекшеленіп отырғандығы байқалады. Мұндай айырмашылықтар
адамның ролі мен оны жетілдірудің маңызын (мінез-құлқының маңызын, жеке
тұлғаны дамытудағы тәрбиенің ролін), осыдан барып қоғамның жекелеген
мәселелерін шешудегі, оның қажеттіліктерін қанағаттандырудағы және жалпы
қоғамды дамытудағы білім беру жүйесінің міндеттерін әртүрлі түсінуден келіп
шығады. Осыған байланысты, әртүрлі қоғамдық-саяси жүйелерімен ерекшеленетін
елдерде білім беру саласына жаңалықтар әртүрлі мақсаттармен, әртүрлі
тәсілдермен және әртүрлі атаулармен енгізіледі де, олардан әртүрлі
нәтижелер күтіледі. Әртүрлі елдердегі бірдей жаңалықтар әртүрлі қызметтерге
ие болып, оларды қолдану нәтижелері де түрліше бағаланады.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді сараптау нәтижелері “новация” мен
“инновация” ұғымдарын жеке-жеке қарастыру керектігін көрсетті. Дегенмен,
әдебиеттерде осы екі ұғымның әртүрлі анықтамалары кездеседі. Инновация
ұғымын энциклопедиялар мен сөздіктерде әртүрлі анықтамаларын кездестіруге
болады.
Инновация ұғымына жалпы энциклопедияның жаңа басылымында “инновация,
жаңалық, жаңару – техникалық және технологиялық жетістіктер мен
ашылымдардың немесе жаңалықтардың іс жүзіндегі қолданысы” деген анықтама
беріледі.
Ал, сөздікте “новация – бар нәрсенің ішінара жаңаруы, яғни қандай да бір
бөлігінің, қасиетінің, байланысының өзгеруі” делінсе, “инновация – мүлдем
жаңа нәрсе, жаңалық” ретінде пайымдалады.
“Инновация” сөзі латын тіліндегі іn (ішіне) novus (жаңа) сөздерінен
құралып, жаңару, жаңалық, өзгеру деген мағынаны білдіреді.
Қазақстанда ең алғаш “инновация” ұғымын қазақ тілінде анықтаған ғалым,
профессор Н.Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үдеріс деп отырғанымыз
білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға
байланысты бір бөлек қызмет” деп көрсетеді[7].
Ал, К.Құдайбергенова “инновацияны” – нақты қойылған мақсатқа сай алынған
жаңа нәтиже деп есептеп, төмендегідей аудармалар жасаған: “инновация” -
жаңарту, “нововедение” – енген жаңалық, “новое” – жаңа, “новшество” –
жаңалық, “инновационный процесс” – жаңарту үдерісі[8].
Алайда, инновация ұғымының шығу кезеңі мен тарихын дәл анықтау мүмкін
болмаса да, бұл ұғым қоғамдық ғылымдарға жаратылыстану ғылымдарынан келген
деп есептеледі. Өйткені, инновациялар көбіне экономика, техника, агрономия,
өнеркәсіп және медицина салаларында кеңінен қолданылады. Инновациялар
қоғамның пайда болу кезеңінен бері жүзеге асырылып келе жатса да,
педагогикалық категория ретінде ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында ғана
қолданысқа енгізілді[10]. Мұның басты себептерінің бірі – олардың
мағынасының түрліше түсінілуінде.
Кейбір ғалымдар инновациялардың анықтамасын берер кезде оның түрлеріне
де ерекше тоқталып өтеді. Кейбіреулері білім берудің мақсаты мен
міндеттеріне негізделетін жаңалықтарды: материалдық және рухани,
құрылымдық және технологиялық, негізгі, іргелі, стратегиялық жаңалықтар деп
бөлсе; ал біреулері білім беру саласы мен ұйымдарындағы жаңалықтарды:
жаһандық, жекелеген, ұйымдық және спонтандық, ірі және ұсақ, сырттан
әкелінген және спонтандық, ішкі және сыртқы жаңалықтар деп бірнеше түрлерге
ажыратады.
Білім берудегі жаңалықтарды жіктеу барысында инновацияның адам қызметінің
ең маңызды түрлерінің бірі екендігін ескерген жөн. Бұл қызметті қатаң
шектеуге және бөлшектеуге болмайды. Білім берудің барлық құрамдас бөліктері
мен аспектілеріне жаңалық енгізу қиын, тіпті мүмкін емес болғанымен, оларды
бір құрамдас бөлікке біріктіру одан сайын қиынға соғады.
Сондықтан, білім беру мазмұнындағы жаңалықтар міндетті түрде ұйыммен
және тиісінше, жұмыс істеу әдістемесімен өзара ықпалдасып отырады. Қазіргі
уақытқа дейін ғылыми әдебиеттерде инновациялық үдерісті мынадай кезеңдерге
бөледі:
1) Идеяның немесе инновация тұжырымдамасының пайда болу кезеңі, мұны
шартты түрде, іргелі де қолданбалы ғылыми зерттеулердің нәтижесі болып
табылатын жаңалықтың ашылу кезеңі деп те атайды.
2) Ойлап табу кезеңі, яғни қандай да бір нысанға, материалдық немесе
рухани өнім-үлгіге айналған жаңалықты құру немесе ашу кезеңі.
3) Жаңалықты енгізу кезеңі, мұнда ойлап табылған жаңалық іс-жүзінде
қолданысқа еніп, қайта өңделеді және жаңалықтан тұрақты нәтиже алынады.
Бұдан кейін жаңалық өз бетінше өмір сүре бастайды да, инновациялық
үдеріс жаңалыққа деген алғырлық қалыптасқан жағдайда келесі кезеңге аяқ
басады.
Жаңалықты пайдалану кезінде мынадай кезеңдер орын алады:
4) Жаңалықты тарату кезеңі, мұнда жаңалық кеңінен қолданысқа енгізіліп,
жаңа салаларға кіреді.
5) Нақты бір салада жаңалықтың үстемдік ету кезеңі, мұнда жаңалық
бұрынғы жаңашылдық қасиеттерін жоғалта бастайды да оны едәуір тиімді
жаңалықпен ұтымды алмастыру үдерісі қарастырылады.
6) Жаңалықтың қолданылу аясын қысқарту кезеңі, мұнда жаңалық жаңа
өніммен алмастырылады.
Инновациялық білім беру үдерісінің мән-маңызы, біздің пікірімізше, оның
инновацияны бастау, жаңа өнімдер мен мәмілелерді дайындау, оларды нарықта
сату және одан әрі қолданысқа енгізу жөніндегі мақсатты іс-әрекеттер
тізбегін қамтитындығынан көрінеді.
Инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың
тиімділігін бағалау критерийлеріне инновациялық білім беру үдерісінің
шынайылығы, жүзеге асырылғыштығы (ресурстық қамтамасыз етілу деңгейі),
басқарылғыштығы, инновациялық деңгейі, гуманитарлығы, өңделгендігі және
таралу мүмкіндігі жатады.
Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды
кәсіби қалыптастырудың ұйымдық-педагогикалық шарттар жүйесі:
- инновациялық білім беру үдерістері жұмыс істейтін оқу және білім беру
ортасының ғылыми әрі оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуін;
- жоғары оқу орындарының инновациялық құрылымын құру кезінде білім беру,
ғылыми-зерттеу және коммерциялық (инновациялық білім беру үдерістеріне
кететін шығынды өтеу және келешектегі инновациялық білім беру үдерістерін
қаржыландыру әлеуетін қалыптастыру мақсатында) іс-әрекеттердің
үйлесімділігінің орнатылуын;
- жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқару
құрылымының инновациялық білім беру үдерісінің кезеңдерін жүзеге асыратын
функциялармен сәйкестігін;
- оқу материалдарының көлемін және пәндік дайындықтың қысқартылған
мерзімін ескере отырып, оқыту әдістері мен түрлерінің ең оңтайлы
үйлесімділігін;
- оқу материалының кәсіптік бағдарлану, өзекті мәселеге бағытталу және
мәселені ашып көрсету деңгейінің қамтамасыз етілуін еңбек нарығы мен білім
беру қызметтері нарығының маркетингтік зерттелуін қамтиды.
Қазіргі кездегі жоғары білімнің мақсатына жаңаша түсінікпен қарасақ, оны
дамытудың басты стратегиялық бағдары - өмірге жауапкершілікпен қарайтын,
дүниетанымдық мәдениеті жетілген, шығармашылық ойлауға дағдыланған,
іскерлік қабілеттілігі биік, гуманистік ойлауы басым, инновациялық ілімімен
қаруланған адамгершілік қасиеттері мол білікті мамандардың жаңа ұрпағын
қалыптастыру болып табылады.
Ал енді, жоғары кәсіби білім берудің алдында тұрған неғұрлым маңызды,
мәнді міндеттерге келсек, мыналарды бөле-жара атаған жөн:
- біріншіден, білім жүйесін жетілдіру;
- екіншіден, оны үздіксіз әрі көпсатылы құрылым ретінде енгізу;
- үшіншіден, халықаралық біліми кеңестікке кіру.
Инновациялық педагогикалық іс-әрекет белгілі оқытудың, тәрбие беру мен
дамытудың стереотипіне қарама-қайшы, ол белгілі межеден шығып, жеке
шығармашыл, өз бағытымен жұмыс істей алатын педагог қалыптастыруға
бағытталады.
Шынында бұл мәселенің шешімі педагогтардың кәсіпкерлік шынайы іске
асыруға тән сол бір ішкі объективті қайшылықты анықтаумен байланысты. Ю.Н.
Кулюткин кәсіпкер ұстаздың іс-әрекетіндегі “мөлшерлік шығармашылық
белсенділіктің” ара қатынасы мазмұны мен мәнінен бөлек, абстрактылы түрде
қарастырылмайды дейді. Егер іс-әрекеттің немқұрайлы іс-әрекеттік
құрылымымен бірге педагогтың шығармашылық белсенділігі де мөлшермен
берілсе, жаңа педагогикалық ойлар және оларды шешу педагогтың өзінен
күтіледі[12].
Педагогикалық жаңалық-жаңа идеялар, әдістер, технологиялар ғана емес,
педагогикалық процесс элементтерінің бірлігінің немесе жеке элементтерінің
білім беру мен тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы.
Осыған байланысты педагогикадағы жаңалықтарды жасаушыларды ерекше атап
өту қажет. Себебі, инновациялық дамудың негізгі түсініктерін ашу
жаңалықтарды іске асырушы адамдарсыз мәнсіз болып табылады. Педагог-новатор
нақты жаңалықты жүзеге асырушы сонымен бірге, жаңалықты жасаушы немесе
үлгісін көрсетуші.
Педагог-инноватор - субьект, үнемі инновацияны жасаушы, өз іс-әрекетін
өзгертуге, жетілдіруге ұмтылушы. Инновациялық іс-әрекет субьектісінің басты
мінездемесі-саналы түрде әрекет ете білу (өз инициативасының субъективті
мүмкіндіктерімен қоғамдық тәжірибеге енгізу негіздерін өз әрекетінде
көрсете білуі).
Инновацияның даму заңдылықтары білім берудегі дәстүрлі көзқарастан бас
тартудан пайда болады. Прогрессивті идеялардың көпшілігі педагогикалық
инновацияны белгілі дәрежеде тереңдетіп, енгізе алады. Алдыңғы қатарлы
педагогикалық тәжірибенің кеңейтілген құрылымын М.Ф. Харламов береді.
Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе генезисін әр кезеңдердің
бірлігіне байланысты сипаттайды:
1 кезең - педагогикалық іскерлік (теориялық, практикалық даярлығы);
2 кезең - педагогикалық шеберлік (педагогтың гуманистік бағыты,
педагогикалық қабілеттері, педагогикалық техникасы);
3 кезең - педагогикалық шығармашылық (оқу-тәрбие жұмысының тәсілінің түр
өзгерісі, олардың модернизациясы);
4 кезең - новаторлық кезеңі (оқыту процесіндегі жаңа прогрессивті
идеяларды ұсыну мен жүзеге асыру).
М.Ф. Харламов педагогикалық шығармашылық пен новаторлық түсініктерінің
ерекшеліктерін саралап көрсетеді [2].
Инновацияның педагогика ғылымында дамуы, ғалымдардың айтуы бойынша,
диалектикалық процесс. Оның дамуы басқа ғылымдармен тығыз байланыса отырып,
мынандай өзгерістерге ұшырайды, кез-келген жаңалық, қоғамдық сұранысты
өтегеннен кейін үйреншікті нәрсеге айналады; инновациялық процесс
кезеңдеріне сәйкес инновациялық іс-әрекет; шығармашылық қабілет негізінде
қаралатын репродуктивті, продуктивті қызметтердің диалектикалық бірлігі
болып табылады;
Инновацияның дамуы бірқатар негізгі және қосалқы қарама-қайшылықтарды
шешуге бағытталады.
Бұлардың біреуі әрі қарай тереңдетілуі, біреуі алынып тасталуы мүмкін
жаңалықтарды іске асыруда инновация мәселесінінің жаңа қырлары ашылады да,
инновация потенциалын жаңалықтарды енгізуде әр түрлі бағыттағы
қажеттіліктерді толық қанағаттандырады.
Ғылыми талдаулар негізінде жасалған жалпы жаңалықтардың топтамасы
төмендегідей:
- жаңалықтар: а) мүлде жаңа, бұрыннан белгісіз педагогикалық идеялар мен
әрекеттер; ә) белгілі ортада көкейтесті мәселелерді шешетін, белгілі уақыт
көлемінде білім беруді дамытатын, сыннан өткен, кеңейтілген немесе қайта
өңделген идеялар мен әрекеттер; б) қайта өңделген (реадаптацияланған)
педагогикалық жаңалықтар, яғни өзгерген жағдайларда бұрыннан белгілі
идеялар мен әрекеттерді қайталау;
- радикалды: а) дәстүрлі бағдарларды жетілдіруші және дамытушы; ә)
оларды модификациялау; б) жаңа бағыт ашушы;
- көлемді: жалпы, түбегейлі: білім беру жүйесін реформалау, жаңа білім
стандартын енгізу; жаңа педагогикалық ашылымдар т.с.с., кіші, аз көлемді:
жекелеген оқу орындарындағы өзгерістер, оқу пәндеріндегі мазмұндық немесе
технологиялық өзгерістер, оқыту мен тәрбиелеудегі педагогикалық жаңалықтар;
- шығу тәсіліне байланысты және іске асу жолдары: а) ұйымдастырылған
арнайы жоспарланған, алдын-ала ойластырылған, мектепке дейінгі немесе
білім беру мекемесі ұсынған сыртқы ортадан келген жаңалықтар; ә) аяқ-асты
пайда болған жаңалықтар, шығармашылықпен айналысушы педагогтардың жұмысында
пайда болған ішкі жаңалықтар;
- шығуы мен қолданылуы: білім беру мазмұнында (оқу бағдарламалары мен
жоспарларындағы өзгерістер, жаңа оқу пәнін енгізу, кіріктірілген пәндер
енгізу) оқу пәндері мазмұнындағы өзгерістер, оқыту әдістеріндегі және
технологиялық жаңалықтар;
- педагогтың іс-әрекетінің тәсіліне байланысты: тәсілдері, техникасы,
технологиясы, әдістемесі (мысалы: тәрбиелеу); ұйымдастыру түріне жеке
жұмыстар,сабақты ұйымдастырудың жаңа түрлерінің жаңа кешені мен жүйесі.
Қазіргі жағдайда инновациялық процестер, жылдам басқару мәселесі
педагогикалық инноватиканың құрылымында негізгі түйіні болып табылады.
Ғылыми білімнің саралануы, олардың үздіксіз дамуы білім беру мазмұнына
көлемді практикалық және теориялық материалды қосуды талап етеді.
Инновациялық процестерді олардың дамуындағы тенденциялары мен
қайшылықтарды аша отырып талдау қажет.
Инновациялық процестер - бүкіл әлемнің білім беру жүйесі дамуының
негізгі және қажетті тенденцияларының бірі болып табылады.
Педагогикалық жаңалықтарды жасау, игеру қолдауды біріктіретін
инновациялық процесстер білім беруді және мектептегі оқу процесін жаңарта
алатыны сөзсіз. Сондықтан да, инновациялық процестерді игеру, жасау,
қолдану мәселелерін талдау және жүзеге асыру білім беру жүйесінің әр түрлі
баспалдақтарында кеңінен қолдануда.
Әдіскер мен қызметкерлердің педагогикалық жаңа білімге деген
қажеттіліктің күшеюінен келесі тенденция туындайды. Педагогикалық
жаңалықтарға объективті баға бере алатындай, инновацияларды игере алатындай
педагогикалық қауымның құрамын және құрылысын жаңарту жүзеге асып жатыр.
Келесі тенденция - жаңалықтарды практикаға енгізу кезеңімен байланысты.
Жаңаны қолданудың жалпылама сипаты өседі. Бұны педагог - новаторлардың іс-
тәжірибелерін таратудан көруге болады.
Жоғарыда аталған тенденцияларда қазіргі білім беру жүйесіне тән сан
алуан қайшылықтар жатыр. Біз инновациялық процестердің негізгі кезеңдерін
сипаттайтын қайшылықтарға жеке тоқталайық. Бірінші қайшылық - білім беру
жүйесін және оның құрамының өзгеруін қажет ететін ескі мен жаңаның
арасындағы әлеуметтік- педагогикалық қайшылықтар болып табылады. Қазіргі
заманда бұл қайшылықтардың шешілуі адам өмірінің жаңа сапасымен
сипатталады.
Осының бәрі білім беру мен тәрбиелеу процестерінің мазмұнын жаңартуды
талап етеді. Барған сайын көбейіп келе жатқан білім мен оқу тәрбиелеу
үрдістері арасындағы туындайтын дидактиканың негізгі мәселесін тудырады.
Базалық білім беру және оның түйіні - жеткілікті білім минимумы
Оқу материалын таңдау және жаңарту инновациялық процестердің бір қайнар
көзі болып табылады. Енді бір айта кететін қайшылықтың бірі - педагогикалық
қауымның “жаңаны” игерудегі мүмкіндіктері мен шынайы жағдайының арасындағы
қайшылық.
Бұл қайшылықты жою педагогтардың инновациялық қызметтерін жаңа сатыға
көтереді.Тенденциялар мен қайшылықтар инновациялық заңдылықтар туралы
мәселені қарастыруды талап етеді. Зерттеушілердің айтуы бойынша, білім беру
жүйесінде инновациялық процестерді сипаттайтын жалпы заңдылықтардың бірі-
педагогикалық инновациялық ортаны қайырымсыз дестабилизациялау заңы. Бұл
заңдылықтың мәні мынада: қандай болмасын білім беру жүйесіндегі
инновациялық процесс жүзеге асу барысында инновациялық әлеуметтік ортаға,
педагогикалық дедуктивтік өзгеріс әкеледі. Бұның салдарынан:
- педагогикалық процестер және құбылыстар жайлы біртұтас көзқарас
жойылады;
- педагогикалық жаңалықтардың ортаға енуі педагогикалық сана-сезімнің,
бағаның бөлінуіне, полеризацияға әкеліп соғады және де қайта орнына келтіру
мүмкіндігі жойылады.
Келесі заңдылықты инновациялық процестің түпкілікті жемісті жүзеге асуы
деп атауға болады. Басқаша айтқанда, қандай болмасын инновациялық процесс
ерте ме, кеш пе әйтеуір ең соңында саналы түрде болсын, болмасын жүзеге
асуы қажет. Алғашында енгізуге, игеруге үмітсіз жаңалықтар ең соңында
өздеріне жол ашып, жүзеге асып жатыр.
Сонымен, инновация мәселесі педагогикада ғылыми тұрғыда қойылып
отырғанын қарастырып, әр мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялар банкін
құрып, олар педагогтардың іс-әрекеттерінде ғылыми дәлелденіп, әдістемелік
жағынан дұрыс орын алуы қажет.
Сонымен инновациялық іс-әрекет- педагогикалық еңбектің өнімділігін
сапалы өзгертетін оқыту мен тәрбиелеудің жаңа үлгілері мен әдістерін құру
процесіне ықпал жасайды. Көпшілік ғалымдардың айтуы бойынша мұндай нәтижеге
жетуі үшін педагогтың инновациялық іс-әрекеті келесі талаптарға сай болуға
тиісті:
- өзінің жеке қасиеттерін есепке ала отырып, басқалардың инновациялық
тәжірибесін өзгерту, жетілдіру, қабылдау қабілетіне;
- жаңа ғылыми идеялар мен басқалардың тәжірибесімен хабардар бола
отырып, өз жұмысын ұғыну қажеттілігіне;
- жаңа ғылыми зерттеулер, олардың әдістемелік жүзеге асуын үздіксіз
тәжірибеге енгізуі;
- педагогикалық инновацияның жаңа әдістерімен тәсілдерін өз бетінше
жасау;
- педагогикалық кертартпалықпен, артта қалушылықты болдырмау.
Инновациялық іс-әрекет - қазіргі мектепке дейінгі ұйымдардың даму
тәртібінің бір аспектісі. Инновациялық іс-әрекет әлеуметтік-экономикалық
жағдай тудырған басқа білім беру сфераларынан белгілі бір стандарттың
межесінен ауытқу мен балама жүйе енгізу шараларын атқарады. Инновациялық іс-
әрекет жаңалықтарды ойлап шығару, зерттеу, қолданысқа дайындау, іс жүзінде
пайдалану сияқты процестермен сипатталады.
Осы айтылғандар инновациялық процестің мынадай факторлары мен
байланысты:
1) Мектепке дейінгі ұйым педагог-әдіскерінің шығармашылық потенциялы,
даярлау процесіне қатысушылардың жаңа технологиялармен оқытудағы
инновациялық іс-әрекеттері;
2) Инновациялық процесс көрсеткіштерін даярлаған кешенді
бағдарламалармен жоспарларды ғана көрсетіп қоймай, оны қабылдаушы ортаның
ықпалын анықтау;
3) Бағдарламалар мен жоспарларға қосымша кеңес беру, баламалық нұсқалар
әзірлеу, өз мерзімінде түзету жасап отыру. Бұл фактор маңыздылығы кез-
келген жаңалық барлық уақытта тиімді нәтиже көрсете бермейді. Сондықтан,
инновациялық іс-әрекетте егер жаңалық сәтсіздікке ұшыратар болса, оны тез
арада ретке келтіру шаралары ойластырылу қажет;
4) Әлеуметтік-экономикалық орта. Инновациялық іс-әрекеттің психология-
педагогикалық, ғылыми-әдістемелік қамсыздану кепілдігі болуы шарт.
Инновациялық процеске қатысушылардың рөлдік позициялары: инициативалы
жәрдем берушілер қарсы әрекет жасаушылар, мүлде әрекетсіздер болып
бөлінеді.
Осылардың әрқайсысының приоритеті мектепке дейінгі ұйым инновациялық
потенциалда да белгі беретіні айқын.
Аталмыш топтама жаңалықтың авторын анықтауға, салыстырмалы талдау
жасауға нәтижесін алдын-ала білуге мүмкіндік береді. Қызметінің
ерекшеліктеріне байланысты инновациялық процесті мектепішілік және
мектепаралық (іштей ұйымдастырылатын, аралық ұйымдастырып) топтауға болады.
Аталмыш топтама жаңалықтың өмір сүруінің белгілі мектеп көлеміндегі деңгейі
және аймақтағы деңгейі мен өзара байланысы мен өзара тәуелділігін анықтауға
көмек көрсетеді

1.2 Мектепке дейінгі ұйым әдіскер қызметінің сипаты

Мектепке дейінгі ұйымның басқа да білім беру мекемесі сияқты
басқарушылық және басқару жүйесі бар. Мектепке дейінгі ұйымның аға
тәрбиешісі басқару жүйесінің субьектілерінің бірі бола отырып, мектепте
оқытуға даярлау, баланың жеке басын интеллектуалды, шығармашылық дамыту –
мақсатына жету үшін тәрбие күштерін іске жұмылдыру, интеграциялау,
координациялауға ықпал етеді.
Біліктілік критерийлерінің негізінде аға тәрбиешінің қызметтік
міндеттері төмендегідей талаптарды қарастырады:
- мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық процесін координациялау мен
ұйымдастыруды жүзеге асырады;
- педагогтар кеңесінің іс - әрекетін ұйымдастыруға және оны шешуге
қатысады;
-білім беру бағдарламаларын, мектепке дейінгі білімді дамытудың қазіргі
заманғы тенденцияларына талдау жүргізеді, мектепке дейінгі ұйымның
педагогикалық іс - әрекетін дамытудың перспективті бағыттарын педагогтар
кеңесіне қарауға ұсынады;
- мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық кабинеті базасында әдістемелік
жұмысты ұйымдастырады және үйлестіреді;
- мектепке дейінгі ұйымда білім беру процесін әдістемелік жабдықтауды
ұйымдастырады;
- инновациялық педагогикалық технологияларды жасауда педагогтарға
білікті түрде көмек көрсетеді;
- педагогикалық ғылым мен практика өкілдерінің арасындағы өзара
әрекетті үйлестіреді;
- мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандартын
орындауға қамтамасыз етеді;
- ата – аналарға оқыту, тәрбиелеу және олардың балаларын дамыту
сұрақтары бойынша ақыл – кеңестер береді, ата – аналар үшін ағарту
жұмыстарын ұйымдастырады;
- меңгерушімен бірге педагогикалық ұжым және баланың эмоционалды
игілігін қамтамасыз ету, мақсатымен үлкендерді тәрбиелейтін
қауымдастықты қалыптастырады;
- мектепке дейінгі ұйым мен мектептің үйлесімділіктерін қамтамасыз ету
бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
Аға тәрбиеші мектепке дейінгі ұйым директоры мен педагогтар кеңесіне
есеп беруде білуі тиіс, бала құқығы туралы халықаралық конвенцияны,
мектепке дейінгі білім беру сұрақтары бойынша нормативтік құжаттар мен
заңдылықтар негіздерін, кәсіби білімі болуы керек, мектепке дейінгі тәрбие
тұжырымдамасын, мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу
әдістемесін және мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, отбасымен
жұмыс істеу әдістері мен формаларын, басқару теориясы мен әлеуметтік
психология негіздерін білуі тиіс, баланың дамуын реттеу және диагностика
жасау әдістеріне сүйенулері тиіс:
Мектепке дейінгі ұйымның аға тәрбиешісінің іскерліктері мен кәсіби
функциялары. Кәсіптік – ұйымдастырушылық іскерліктері. Жоспарлауда:
педагогикалық ұжымды, мектеп жасына дейінгілерді дамыту және оқыту,
тәрбиелеу процестерін дамытуға болжам жасау,мектепке дейінгі ұйымды
дамытудың кешенді – мақсатты бағдарламасын жасау, ұжымның іс - әрекетін
ұзақ мерзімге, әдістемелік жұмысты жылға, айға, дербес әрекетті ұзақ
уақытқа және бір күнге жоспарлау, жекелеген тапсырмаларды, жылдық және
айлық жоспарларды орындау барысында тәрбиешілердің өзара әрекеттеріне ықпал
жасау, балалармен оқыту – тәрбиелеу жұмыстарын, педагогтардың
біліктіліктерін арттыру үшін шарттар құру, тұтастай ұжыммен және жекелеген
тәрбиешілермен ұйымдастырушылық – тәрбие ықпалдарын жүзеге асыру, дербес
біліктілік деңгейін жоғарлату, нақты жағдайларда өзінің іс - әрекеттері мен
қылықтарына тоқтам жасау:
Ұйымдастыруда: жылдық және айлық жоспарлармен үйлесімде педагогтардың іс
- әрекеттерін жүзеге асыру, тәжірибе және ақпарат алмасу, жекелеген
тәрбиешілерге ұжымның тиімді әсері, балалармен жұмысты даярлауда және
жоспарлар құрудағы әдістемелік көмек, жоспармен үйлесімде дербес іс -
әрекетті, тәрбиешілердің біліктілігін арттыру, пайда болған жағдайлармен
үйлесімде педагогтар арасындағы жұмыстарды бөлу, балалармен жұмыс істеудің
анағұрлым тиімді әдістері мен тәсілдеріне үйрету, ұжымдағы еңбек
белсенділігін жоғары деңгейде ұстау, педагогтар мен ата – аналарға арналған
көрмелерді, әдістемелік материалдарды, қажет құжаттарды өз уақытында және
дұрыс безендірупедагогтар жұмысында мықты тәртіпті ұстану, бастаған істі
аяғына дейін жеткізу.
Бақылауда:әртүрлі жас топтарында тақырыптық және фронтальды бақылауды
жүзеге асыру үшін сұрақтарды, диагностикалық материалдарды, балалармен
білім беру, тәрбие жұмыстарын бақылау схемасын жасау, балалармен жұмыс
істеу процесіндегі тәрбиешінің іс - әрекеттерін, балалардың өзара қарым –
қатынастары мен әрекеттерін бақылау, бақылау нәтижелерін белгілеу,
тәрбиешілердің құжаттары мен жоспарларын, балалар шығармашылығын, білім
беру, тәрбиелеу жұмыстары нәтижелерін талдау, педагогтар жұмысындағы
кездескен кемшіліктерді жою шараларын қолдану, тәрбиешілермен бақылау
нәтижелерін талқылау, бұл нәтижелерді ұжымның жұмысын жоспарлауда,
педагогикалық кеңес шешімдерін даярлауда пайдалану:
Үйлестіруде:шешімдердің орындалу процесін, ұжым мүшелерінің әлеуметтік –
психологиялық ерекшеліктерін, тәрбиешілердің педагогикалық шеберлігін
зерттеу, өзінің ұйымдастырушылық әрекеттерін, тәрбиешілердің іс -
әрекеттерін олардың жұмыстарын талдау негізінде түзету, тәрбиешілерге
ықпалдың тиімділігі мен мақсатқа бағытталғандығын талдау, мектепке дейінгі
ұйымдағы тәрбие, білім беру процесінің барысын реттеу, ұжым мүшелерінің
әрекеттерін реттеу, жұмысты орындау барысында туындауы мүмкін қиындықтарды
көре білу:
Қарым – қатынаста: қиын жағдайларда өзін ұстай білу, дау – дамайларды
көру және оларды болдырмау, жұмыстарды орындау барысында тәрбиешілердің
өзара қарым – қатынастарын зерттеу, сыйақты дұрыс қабылдау және оны өз іс -
әрекетінде есепке алу, тәрбиешілердің және басқа қызметкерлердің
мүмкіндіктерін түсіну және бағалау, өзара қарым – қатынастағы адамдарға
сүйену, жекелеген тәрбиешілердің қарым – қатынасына ұйымдастырушылық және
тәрбиелік ықпалдың анағұрлым маңызды шараларын таңдау және қолдану,
ұжымдағы психологиялық климат ерекшеліктерін ескеру.
Аға тәрбиешінің әлеуметтік функциялары:
- педагогикалық ұжымды Қ.Р. “Білім туралы” заңымен таныстыру,
- президент жарлығымен, үкімет қаулыларымен, т.б. таныстыру.
- жүзеге асыру формасы:
- заңдылықтардың негізгі қалпын және оны жүзеге асыруды көрсететін
көрмелерді безендіру, баяндамалар оқу;
- әдістемелік кабинетті қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді:
- консультациялар, конференциялар ұйымдастырады.
- 2. Қоғамдық мектепке дейінгі тәрбиедегі жетістіктерді, олардың даму
тенденцияларын насихаттайды.
Жүзеге асыру формалары:
- педагогтар үшін әдебиеттер көрмелері, әңгімелер, консультациялар, курс

тыңдаушылардың, пединституттар, пед сыныптар, педучилищелер оқушыларының
алдына шығады:
- мекемелерде, қала, аудан, мөлтек аудан тұрғындарының, ата – аналардың,

мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің алдында баяндама оқиды.
- қызметкерлер мен ата – аналар үшін көрмелер, ғалымдар, жаңашылдар,
мектепке дейінгі тәрбиенің ардагер қызметкерлерімен кездесулер
ұйымдастырады.
3. Қалада, аймақта, мектепке дейінгі мекемелерде және т.б. қоғамдық
жұмысқа қатысады.
Жүзеге асыру формасы:
- жұмыс нәтижелерін талқылауға, педагогтар жұмыстарын қарау
нәтижелерін шығаруға қатысады.
- таңдалған қоғамдық жұмысты орындайды.
- педагогтар кеңесі құрамына, қала, ауданның мектепке дейінгі
қызметкерлерінің педагогикалық активіне және т.б. кіреді.
Балаларды оқыту және тәрбиелеу бағдарламасының орындалуын қамтамасыз
етіп бақылайды және оны жүзеге асыруға жетеді. Барлық жастағы балалар
топтарында дамыту орталығын құруды қамтамасыз етеді, педагогикалық процесті
қажет құралдармен жабдықтайды, әр бір жас топтары үшін олардың жұмыс
шарттарымен үйлесімде іс - әрекеттің алуан түрлерін және сабақ кестесін,
күн тәртібін жасайды. Үйірмелер жұмысын, қосымша педагогикалық қызмет
көрсету кестесін анықтайды, бағдарламаның орындалуын талдайды.
Тәрбиешілерді аттестациялауға қатысады. Тәрбие жұмысының тиімділігін
қамтамасыз етеді және т.б.
Педагогтар жұмысын бақылайды және бағыттайды. Білім беру
бағдарламаларын, мектепке дейінгі білім беруді дамытудың қазіргі заманғы
тенденцияларын талдайды және осы негізде педагогтар іс - әрекетінің мақсаты
мен міндеттерін қалыптастырады. Топтарда балалармен жұмыс істеуге арналған
ойыншықтардың болуын және олардың жағдайын бақылайды.
Педагогтарға әдістемелік көмек көрсетеді. Инновациялық педагогикалық
технологияларды жасауда көмек көрсетеді, әр түрлі педагогикалық мәселелер
бойынша семинар жұмыстарын ұйымдастырады, консультациялар, әңгімелер
өткізеді, шығармашылық лабораториялар, алдыңғы қатарлы тәжірибе, жас
педагог мектептері жұмысын ұйымдастырады, т.б.
Аға тәрбиешінің педагогикалық процесті әдістемелік қамтамасыз етуі:
Педагогтардың біліктілігін арттыру. Білім беру қызметкерлерінің
біліктіліктерін арттыру институттарында, білім беру комитеттерінде,
әдістемелік орталықтар мен кабинеттерде семинарлар және курстарға
бағыттайды. Тәрбиешілердің курстардағы, семинарлардағы, педагогикалық
колледждердегі, жоғары оқу орындарындағы үлгерімдерін бақылайды,
тәрбиешілердің өздігінен білім алу жұмыстарын ұйымдастырады және бақылайды,
бағдарламаны меңгеру және оны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі білім берудегі дене тәрбиесінің педагогикалық инновациялары
Әлеуметтік - педагогикалық қызметтің кәсіби қызметінің бағыттары
Педагогикалық білім берудегі дәстүрлер мен инновациялар
Оқыту мен білім берудегі инновациялық технологиялардың қолдану мүмкіндіктері
Қазіргі таңдағы инновациялық қызметтерді қаржыландыру процесстерін талдау
Оқытуда жаңа инновациялық әдістер мен технологияны қолдана отырып оқушының құзыреттілігін қалыптастыру
Инновациялық білім беру үдерісінде болашақ педагог - психологтың креативтілігін дамыту
Инновациялық қызметті қаржыландыру алгоритмі
Педагогикалық инновацияның бағыттары
Болашақ педагог психологтың креативтілігін дамытудың тәжірибелік эксперименттік жұмыстың нәтижелері
Пәндер