ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН СЫНЫПТАН ТЫС ОҚЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:
КІРІСПЕ:
Қазақ тілі пәні бойынша сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар.

I ТАРАУ
1.1. Қазақ тілінен сыныптан тыс оқытудың маңызы мен мақсаты.
1.2. Сыныптан тыс оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері.

II ТАРАУ
2.1. Қазақ тілінен сыныптан тыс жұмыстардың түрлері мен оқытудың әдіс-тәсілдері.
2.2. Сыныптан тыс оқыту - тәрбие жұмысының негізі.

Практикалық бөлім.
Қорытынды.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

КІРІСПЕ
Қазақ тілі пәні бойынша сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар
Қазіргі кездегі қоғамның барлық даму кезеңінде және бүгінгі білімді жаңалау, білім берудің ұлттық үлгісін жүзеге асыру жағдайында мектеп мұғалімдері өз үлестерін қосып отыр. Мұндай мектептердің жұмысы бүгінгі таңда заман сұранысын болашақ таланттарымен ұштастыра отырып, қазіргі жаhандану жағдайында жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға бағытталған. Қазіргі кезде оқыту мен тәрбие беру үдерістерінде сабақтан басқа сыныптан тыс жұмыстардың орны ерекше.
Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны - оқушының теориялық білімін кеңейтіп, толықтыра түседі және оқушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.
Оқушылардың сыныптағы және сыныптан тыс әрекеттерінің күрігуі қоршаған орта туралы біртұтас түсіне қалыптастыруға, теория мен практика арасындағы байланысты қамтамасыз етуге, оқу-тәрбие үрдісін құруда және оқушы тұлғасын қалыптастыруда үйлесімділікке жетуге, жетекшілердің педпгогикалық шеберліктерін жетілдіруге, мұғалімдер иен оқушылар арасындағы ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді. Қазіргі мектептердегі оқу мен тәрбиенің кіріктірілуі мына төмендегі жұмыстар арқылы жүзеге асады:
- базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, мұражайларда мектептен тыс сабақтар ұйымдастыру;
- оқушыларды дамыта оқыту үшін әртүрлі жастағы дарынды балалар топтарын құру;
- таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен олимпиадалар жүргізу;
- оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу;
- кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу.
Оқушылардың сыныптағы сабақ үстіндегі және сыныптан тыс әрекеттерін кіріктіру бірыңғай педагогикалық жүйе құруға бағытталған, ондағы әр құралдар тәрбиелік және педагогикалық жүйе құруға бағытталған, ондағы әр құралдар және білімділік міндеттер кешенін шешуге көмектемеді. Мектеп басшыларынан, мұғалімдердег кәсіби икемділіктері мен шығармашылық қызметте, басқаруда ақпаратты қамтамасыз ету, талдау, жоспарлау, ұйымдастыру әрекетінде біліктілікті талап етеді. Яғни, мектеп жағдайында егер мұғалімдер оқушылардың қызығушылықтары мен сұраныстарын ескеруді көздеген болса, онда атқарылатын жұмыстардың түрлері оқу пәндері мен сыныптан тыс жұмыстың мазмұнын, мақсат-міндеттерін кіріктіре алатын болады.
Курстық жұмыстың өзектілігі: оқушылардың сыныптан тыс уақыттағы ақыл-ой, танымдық сипаттағы әрекеттерін күшейту - пәндік үйірмелердегі жетістіктер, ұжымдық танымдық шығармашылық істерді жүргізу арқылы жүзеге асады. Жалпы алғанда, сыныптан тыс әрекеттер оқушылардың білімдерін кеңейтіп, жан-жақты ізденулеріне мүмкіндік жасайды, өзіндік таным іс-әрекеттердің қорытындысы шығады және сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылар тылсым дүниенің әртүрлі сырларын ұғынады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Қазақ тілінен сыныптан тыс ұйымдастыру ерекшеліктерін айқындау;
2. Сыныптан тыс оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктерін айқындау;
3. Қазақ тілі пәнінен сыныптан тыс жұмыстардың түрлері мен оқытудың әдіс-тәсілдерін көрсету.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, екі негізгі тарау, қорытынды, практикалық бөлім және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН СЫНЫПТАН ТЫС ОҚЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ
1.1. Қазақ тілінен сыныптан тыс оқытудың маңызы мен мақсаты
Қазақ тілі - кемел тілдердің бірі. Мектепте қазақ тілді оқыту барысында арнаулы сағаттарда мұғалімдер білім негіздерін қалыптастыру жұмыстарымен айналысады. Сөз жоқ, икем - дағдысын дамыту, тәрбиелеу, қабілеті дарынына әсер ету, оны ары қарай мәпелеу істері білім берумен қоса жүреді. Оқушыларды сөз өнеріне тарту, көркем сөздерге, шығармаларға деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын, сезімін дамыту сияқты білім мен тәрбие беруде сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Ол жұмыстардың қандай түрі болмасын, оның негізгі мақсаты - оқушылардың түсінігін арттыру, халықтың салтын, мәдениетін, өнерін бойына сіңіре отыру рухани ұлтжандылық тәрбие беру. Сөйтіп, бұл - қазақ тілден оқушылардың алған білімдерін одан әрі тиянақты ету, дамыту, жинақтау, оларды өмір тәжірибелерінде дұрыс пайдаланып, сөз мағынасын терең ұғынып, сауатты жазуға баулитын жұмыстардың бірі.
Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты:
- өзіндік қабілеттерін арттыру
- қоғамдық қарым-қатынасты қалыптастыру.
Міндеті:
- алған білімдерін әрі қарай жетілдіру
- өз білімін тереңдету қабілетін шыңдау
- оқушылардың өзара қарым-қатынасын қалыптастыру
- оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыру.
Сыныптан тыс оқыту нәтижесінде мектеп бітіруші оқушылар қазақ тілі пәнінен диктант жазуда, ауызша емтихан тапсыруда өздерінің терең білімділігін, саналылығын көтереді. Оқушылардың бос уақыттарын пайдалы, тиімді өткізуде, инабаттылық, имандылық, адамгершілік сияқты биік қасиеттерге баулуда, ұлттық өнерді, халық өнерін қастерлеу, қорғауда да сыныптан тыс оқытудың жас ұрпаққа берері көп. Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың қабілеті, икемі, дарыны, жеке ынтасы негізінде ұйымдастырылады және бірнеше салаға бөлінеді. Олар: үйірме, сыныптан тыс оқу, конференциялар, викториналар, апталықтар, әдеби кештер т.б.
Тәрбие - отбасынан басталады. Әр ата - ана өз баласын ақылды, білімді, ойлы, рухани жан - -дүниесі бай болып өсуін қалайды. Тәрбиені не арқылы береді? Әрине, кітаптар арқылы баланы тәрбиелейді. Бала кезінен кітап оқыған бала ер жеткенде алысқа барады. Кітап оқу арқылы ой, тіл, дүниетанымы дамиды. Ұлы педагог А. С. Макаенко баланың оқуына отбасындағы басшылықты жоғары бағалап, ата - ана жас күнінен - ақ кітапты сүйе білуіне тәрбиелеуге тиіс дей келе: Жақсы айтылған ертегі - ол тәрбие берудің алғашқы қадамы және осы жағдай әр отбасында болса екен - деп, ең алдымен ертегі оқудан бастау керектігін ескертеді.
Мектептен тыс үйірме жұмысты өткізудің формасын таңдағанда, ең әуелі тәрбие жұмысының нақты мақсаттары мен міндеттерін есте ұстаған жөн. Мектептен тыс үйірме жұмысын ұйымдастырушы мұғалім ең алдымен сабақтан тыс тәрбие жұмысын жоспарлайды. Мектеп директорымен және оның оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен бірігіп алдағы оқу жылындағы тәрбиенің негізгі міндеттерін анықтайды, оқушылар айналысатын іс-әрекеттердің түрлерін қарастырады және мектеп көлеміндегі негізгі тәрбиелік шараларды белгілейді. Сондықтан да сыныптан тыс жұмыстар мектеп мұғалімдерінен көп ізденісті, білімділікі күтеді.
Сол арқылы өнерге құлшынысын тәрбиелеу. Үйірме жұмысын жоспарлау көбіне жетекшінің жеке басының біліміне, өнеріне, режиссерлік қабілетіне байланысты. әрбір жетекші ең алдымен оқушының жас ерекшелігін ескеріп, оның табиғи дарынын байқап, жас өнерпаздың қызығушылығын баулып, шығармашылық еңбекке йретеді. Үйірме сабақтарында мектеп бағдарламасына байланысты шағын пьесалардан үзінді, әдеби монтаж қойылымдары даярланады. Үйірменің жұмысы әр оқушының көркем білімін дамытуға әсерін тигізеді. Ал көркем білім ізгілік пен адамгершілікке негізделіп, оқушының нысанасы биік идеясын тәрбиелейді. Ендеше драма жанры бойынша әр сабақта оқушының алған білімі, драма үйірмесінде практикалық істермен ұласып, көркем білім негізін қалыптастырады.
Мектептегі әдебиет үйірмесі - әдебиетке жақын, бойында сөзге, өнерге талпынысы бар талантты жастарды тәрбиелейді. Әдебиет үйірмесі де жыл басынан жоспарланып дайындалады. Әдебиет үйірмесін ұйымдастырғанда ұйымдастырушы жетекшілері алдына әртүрлі мақсат қоюы мүмкін. Әдебиет пәнімен оқушылардың үлгерімін арттыру, пәнді игеруге қызықтыру, білімдерін кеңейту, ақын-жазушылардың шығармаларын тереңірек білу мақсатында едәуір жұмыстар атқарып, қазақ әдебиеті тереңдете оқытуға үлес қосады.
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, олардың білімін тереңдете түсуде, тәрбие жұмысында мектептерде ұйымдастырылатын қазақ тіліне арналған сыныптан тыс жұмыстардың формалары да сан алуан болып келеді.
Сыныптан тыс оқу сабағы - әдебиет сабағының жалғасы. Ол арқылы мұғалім оқушылардың өздігінен кітап оқуына бағыт береді, оқыған шығармаларды есепке алады, қадағалайды, тексереді, оқушылардың қабілетін арттырады. Сыныптан тыс оқуға арналған сабақтарда оқушылар бірде сабақта аяқталмай қалған көркем шығарманы оқыса, бірде кейбір үстірт түсіндірілегн мәселеге қайта оралып, оны нақтылай, дәлелдей түседі, енді бірде оқушыларды алда болатын әдебиет сабағына дайындайды. Бұған қарап сыныптан оқу сабағын қалыптағы дәстүрлі әдебиет сабағы деуге болмайды. Себебі, сынып сағатына қарағанда, мұнда оқушылардың дербес жұмысына, өзіндік ізденуіне, пікір беріледі. Сондай - ақ баланы жеке адам ретінде қалыптастыруға қажетті тәрбие жұмыстарын асыруда сыныптан тыс оқудың маңызы зор. бағдарламасында сыныптан оқылатын әдебиеттер тізімі, әр сыныпқа нақтылы сағаттар саны көрсетілген. Бұған қатып қалған нәрсе деп қарауға болмайды. Мұғалім өз қалауы бойынша ішінара оны өзгертіп, деген шығармаларды қалауымен ұсына алады. Кітап тапшылығы, қағаз тапшылығы алға жібермей тұрған бағдарламадағы авторлардың табылуы да қиын болуы мүмкін. Сондықтан оның орнына басқа шығармаларды оқытудың қателігі жоқ мысалы, 5 - сыныпта Ыбырайдың Бай баласы мен жарлы баласы әңгімесі оқуға, талдауға ұсынылады. Ол әңгімені оқып болған соң, оның Бақша ағаштары, Мейірімді бала, Талаптың пайдасы, Әкесі мен баласы атты әр түрлі тақырыптарда жазылған әңгімелерін сыныптан тыс оқу сабағында талқылауға болады.
Мектепте сыныптан тыс жұмысын мектеп кітапханашысы мен сынып жетекшісі басқарады. Оқушыларға кітапты ұсынбас бұрын әр түрлі дайындық жұмыстары жүргізіледі.
1. Оқушыны балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты түсініктерін байқайды.
2. Әрбір қандай дәрежеде оқи алатынын тексеріп біледі.
3. Әңгіме, мақала, өлең, ертегі сияқты көркем шығарма жанрларын оқу үстінде оқушыларға әңгіменің я мақаланың ой түйінін, негізгі идеясын анықтай білуге үйретеді. Мектеп кітапханасы оқушыларды керекті шығармалармен қамтамасыз етуге тиіс. Алайда керекті кітаптар мектеп кітапханасында табыла бермейді. Осыны ескеріп, тәжірибені мұғалімдер сыныпта Кітапхана бұрышын ұйымдастырады.

1.2. Сыныптан тыс оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері Сыныптан тыс оқуды белсенді ұйымдастырушы және оны басқарушы да мұғалім болуға тиіс, Сондықтан мұғалім өз оқушыларының кітапқа деген ынтасын үнемі арттырумен бірге, олардың қандай кітап оқуға тиіс екендіктеріне де бағыт беріп отырады. Балалар бастауыш сыныпты бітіргенде, кеңес ақын-жазушыларының белгілі шығармаларымен таныс болулары кажет екенін де үнемі ескертіп отырады.
Сыныптан тыс жұмысын балалар мектепке келген кезден бастаған жөн.Өйткені сауат ашу кезінде оқушылардың ақыл-ойын, тілін дамытужұмыстары балаларға түрлі түсті суретті кітапшаларды көрсету арқылы дауыстап, мәнерлеп оқи отырып жүргізіледі.
Сыныптан тыс оқулардың басты мақсаттарының бірі кітаппен жұмыс істеуге үйрету, өз беттерімен оны тыңдай білу, оқығандарының ішінен ең негізгі, басты мәселелерді еске ұстау дағдыларын қалыптастыру. Сыныптан тыс оқу сабақтарын ізденіспен өткізетін мұғалімдер кабинетте, кітапханада арнайы Сыныптан тыс оқу бұрышын ұйымдастырады. Ол мынадай бөлімдерден тұрады.
Мұғалім еркіне қарай:
Сыныптан тыс оқуларда ата-аналармен кітапхананың да атқаратын рөлі зор.Әдебиет мұғалімі сынып жетекшілерімен, ата-аналармен байланыса отырып, әр баланың жеке кітапханасы болуына, үйде оны қалай құру керек екеніне бөледі, ақыл-кеңес береді. Бұл жұмыс нәтижелі болуы үшін,бір рет Кітап-рухани байлық, Менің кітапханаммен танысыңызатты әңгімелер өткізіп тұруға болады. Ата-аналардың осындай әңгімелерге қатысуы да артық болмас еді. Мектеп кітапханашысының жұмыс жоспарына да назар аударып, әдебиет мұғалімі онымен тығыз байланыста еңбек етуі керек. Мүмкіндігіне қарай кітапханашы әдебиетші мұғалім берген тізімдер бойынша балаларға кітап оқытуды қамтамасыз етеді, кітап оқудың ережелерімен таныстырады, сөйтіп, сыныптан тыс оқу жоспарлы, мақсатты, жүйелі түрде, әрі бірлікте ұйымдасты.
Сыныптағы оқу сабақтарында оқушылар көркем тілмен жазылғаншығармалардан басқа тарих, дүниетану т. б. пәндерінен мағлұмат беретінматериалдармен танысады. Осындай сыныпта алған ұғым сыныптан тыс оқу кезінде нұралы, жетіле түседі.
Сыныптан тыс оқу сабақтарында мұғалім балалардың қандай кітаптарды оқығандарын біліп отырумен қатар, алдағы уақытта не туралы оқығылары келетінін де есепке алуы қажет.
Бастауыш мектептердегі сыныптан тыс оқудың мазмұны мен ұйымдастыру жолы жөнінде жаңа бағдарламаның жобысында былай делінген: Сыныптан тыс оқудың мақсаты: баланың сыныптан тыс оқуы арқылы барлық пәннен алған білімін тереңдете түсу, кітаптан өзіне қажетті материалды, кітапханадан керекті кітапты іздеп тауып алуға көмектесу; өз бетімен жұмыс істеу дағдысын нығайту түсу; оқиға, білуге ынтасын, құштарлығын арттыра түсу: баланың эстетикалық және дүниетану құмарлығын арттыра түсу; оқиға және баланың эстетикалық құмарлығын арттыру.
Сыныптан тыс жүргізілетін оқуды ұйымдастырудың ең негізгі қағидасы - оның жүргізілетін оқумен тығыз байланысты болуы. Оқушының оқитын кітаптары сыныпта өтілетін сабақтардың жалғасы түрінде ұсынылады.

ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ
2.1. Қазақ тілінен сыныптан тыс жұмыстардың түрлері мен оны оқытудың әдіс-тәсілдері
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың қабілеті, икемі, дарыны, жеке ынтасы негізінде ұйымдастырылады және бірнеше салаға бөлінеді. Олар: - - үйірме;
-сыныптан тыс оқу;
- конференциялар;
- викториналар;
- апталықтар;
- әдеби кештер т.б.
Үйірме жұмыстары - сыныптан тыс жұмыстардың күре тамыры. Оқушылардың пәнге қызығуы мен қатар белсенділігін көтеру үшін мектептерде әдебиет үйірмелері мен драмма үйірмелері жұмыс істейді. Бұл үйірмелерді көбіне әдебиет пәнінің мұғалімдері, өнерпаз ұстаздар, сынып жетекшілері жүргізеді. Үйірме жұмыстарының арнаулы органы - қолжазба журналы, газеті болады. Жұмыс жоспары жасалады. Мұндай істерге кейде жергілікті ақын - жазушылар да көмектесіп, белгілі бір секцияны басқарады. Әдеби - шығармашылық үйірмелерінің жас ақын - жазушылармен бірігіп жүргізуі нәтижелі болмақ. Әдеби - шығармашылық үйірмелердің, сонымен қатар, Шешендік өнер, Айтыс, Термеші сияқты фольклорға негізделген түрлері соңғы кездерде тәжірибеге көптеп енгізілуде.
Әдеби үйірмелердің бір түріне Кітап достары немесе Кітап - білім бұлағы деген үйірмені жатқызуға болады. Әсіресе, V - VIII сыныптарда мұны мектеп кітапханасымен бірігіп жүргізудің маңызы ерекше. Үйірме мүшелері кітапханада арнайы көрме ұйымдастырып өткізеді. Мысалы, Құрметтейік те көтерейік ананы! (8- наурыз қарсаңында), Менің Қазақстаным (Республика күніне). Олар жаңа кітапты үнемі насихаттап, балаларға таратып, төменгі сынып балдырғандарына әңгімелеп береді. Жұмыс нәтижелі болу үшін, жоспарлы, жүйелі жүргізілуі керек. Кітапты күтіп ұстау, ұқыпты болу, оны қалай оқудың мәдениеті туралы да тартымды әңгімелер осы үйірме міндетінде. Олар осы мәселеде неше түрлі бәйге өткізеді. Мысалы, Ұқыпты бала, Кітап жанашыры, Білгір (кітап көп оқитын), Шапшаң немесе Алғыр (кітапты тез әрі қатесіз оқитындар үшін) т.б. тақырыптарда. Жеіңмпаздарға қоғамдық ұйымдар, үйірме, мектеп әкімшілігі алғыс айтып, оларды мектеп газетінде мадақтап отырғаны дұрыс. Үйірме мүшелері оқушыларды кітапханадан кезекті кітапты қалай алуға болады, каталогпен жұмыс түрлерін қалай жүргізу керек, соған үйретеді, дағдыландырады.
Үйірмелердің тағы бір түрі - мәнерлеп оқу, драма үйірмелері. Үйірмені осы өнерден хабары бар, сауатты маманның жүргізгені дұрыс. Оқушылар драматургия жанры, оның ерекшелігі туралы хабар алады, театр өнері, оның өзіндік сипаттарымен, ұлы артистер өмірі, өнерімен танысады. Драма үйірмесіне мектеп оқушыоары ішінен өнерге бейімі бар балалар өз еркімен тартылады. Үйірмеде кемінде он бес мүше болады. Оқу жылы басында үйірме жетекшісі мектептің оқу - тәрбие жоспарын негізге ала отырып, жұмыс жоспарын құрады. Үйірменің мақсаты - жекелеген оқушының сан қырлы көркем дамуын, оның рухани қажеттілігінің арта түсуін қамтамасыз ету. Сол арқылы өнерге құлшынысын тәрбиелеу. Үйірме жұмысын жоспарлау көбіне жетекшінің жеке басының біліміне, өнеріне, режиссерлік қабілетіне байланысты. әрбір жетекші ең алдымен оқушының жас ерекшелігін ескеріп, оның табиғи дарынын байқап, жас өнерпаздың қызығушылығын баулып, шығармашылық еңбекке йретеді. Үйірме сабақтарында мектеп бағдарламасына байланысты шағын пьесалардан үзінді, әдеби монтаж қойылымдары даярланады. Үйірменің жұмысы әр оқушының көркем білімін дамытуға әсерін тигізеді. Ал көркем білім ізгілік пен адамгершілікке негізделіп, оқушының нысанасы биік идеясын тәрбиелейді. Ендеше драма жанры бойынша әр сабақта оқушының алған білімі, драма үйірмесінде практикалық істермен ұласып, көркем білім негізін қалыптастырады. Мектептегі әдебиет үйірмесі - әдебиетке жақын, бойында сөзге, өнерге талпынысы бар талантты жастарды тәрбиелейді. Қазақ тілі үйірмесі де жыл басынан жоспарланып дайындалады. Қазақ тілі үйірмесін ұйымдастырғанда ұйымдастырушы жетекшілері алдына әртүрлі мақсат қоюы мүмкін. Қазақ тілі пәнімен оқушылардың үлгерімін арттыру, пәнді игеруге қызықтыру, білімдерін кеңейту, ақын-жазушылардың шығармаларын тереңірек білу мақсатында едәуір жұмыстар атқарып, қазақ әдебиеті тереңдете оқытуға үлес қосады.
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың алған білімі мен дағдыларын сыныптан тыс оқумен ұштастыра дамытқан кезде ғана олардың өз бетімен оқу машығы жетіле түспек. Осыдан келіп оқушылардың әдеби білімдерін арттырудың иімді долы - әдебиет сабақтары мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРЫ
Дәстүрлі сабақ Шығармашылық сабақ
Бастауыш мектепте қазақ тілінен кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі
Тіл дамыту жұмыстарының түрлері
Тіл дамыту жұмыстары
Сынып жетекшісінің сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырудың маңызы
Оқушылардың тілдік қорын қалыптастырудың психологиялық негізі
Қазақ тілінен сабақтан тыс жұмыстарды жүргізу әдістемесі
Ағылшын тілі мектепте сабақ уақытында немесе сабақтан тыс уақытта өткізілетін оқытудың түрі
Орта мектептегі сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқытудағы қолданылатын әдістер
Пәндер