Пневмосепарациялаушы арналар қабырғаларына салыстырмалы дірілді лотоктардың қалпы


Мазмұны
Кіріспе . . . 2
1 Процестің сипаттамасы . . . 3
2 Аппараттың сипаттамасы . . . 8
2. 1 Процесті орындауға арналған қолданыстағы аппараттарға жалпы шолу. Қабылдап алынған аппаратты негіздеу . . . 8
2. 2 Аппараттың құрылымы мен жұмыс істеу принципі . . . 14
3 Технологиялық сұлбадағы аппараттың функционалдық тағайындалуы . . . 20
3. 1 Технологиялық сұлбаның сипаттамасы . . . 20
4 Есептеу бөлімі . . . 25
5 Аппаратты орнату, қолдану және жөндеу . . . 31
6 Кәсіпорындағы еңбек қорғау . . . 36
Қорытынды . . . 41
Пайдаланған әдебиеттердің тізімі . . . 42
Кіріспе
Менің курстық жобалау жұмысымда берілген тақырыбым «Өнімділігі 3500кг/сағ болатын ілгері-кейінді електері бар машинаның бидайды сепараторлау» процесі. Жұмыстағы негізгі мақсатым сепараторлар туралы мәліметтер алып, оқып-үйреніп, құрылғыларымен танысу. Мен ең алдымен сепаратор және негізгі алып отырған дақылым бидайға тоқталып кетсем деймін.
Бидай - дәнді-дақылдар тобына жататын, көбінесе біржылдық шөптесін өсімдік. Дәнді-дақылдардың ішіндегі ең басты және ең көп өндірілетін дақыл. Бидайдың 20-ға жуық жабайы және мәдени түрі белгілі. Бір гектардан 30-40 центнер өнім береді. Бидай сұрыптары құрамындағы эндосперманың (80-84%) мөлшеріне байланысты бағаланады.
Бидай біздің заманымызға дейінгі 6000-5000 жылдары Ежелгі Грекияда өсіріле бастаған. Мысыр мен Қытайда біздің заманымыздан 4000 жыл бұрын бидайдан тағамдар жасаған. Адамдар бидайды тек тағам ретінде ғана емес, сонымен қатар емдік қасиеттері үшін де ерте заманнан бағалаған. Бидайдың дәні байлық пен жақсылықтың нышаны ретінде қабылданған, өйткені ол кезде көбіне қолданылған сұлы мен қара бидайға қарағанда, суыққа және құрғақшылыққа төзімсіз бидайдан жақсы өнім алу қиын болған. Ақ ұн тек үлкен мерекелер кезінде ғана пайдаланылған, онда да оған әркімнің мүмкіндігі келе бермейтін.
Зерттеу жұмыстары барысында суда өнген бидайдың құндылығы бірнеше есе көбейетіні анықталған. Мәселен, өнген бидайда В2 дәрумені 10 есе көп болған. Осындай керемет қасиеттерінің арқасында өнген бидайды жеу адам ағзасы үшін аса пайдалы. Бидайдың дәніне қарағанда, қабығы мен ұрығында Е дәрумені, антиоксиданттар, В тобындағы дәрумендер өте көп болады.
Астық массасындағы қоспалар өңделетін ұнның сапасын нашарлатады, машиналардың кейбір бөліктерінің бұзылуына себебін келтіреді, сондықтан оларды алдын ала қоспалардан тазартқан жөн. Астықтағы лас қоспалар өздерінің көлемдері формасы, аэродинамикалық қасиеттері, тығыздығы, сыртқы бетінің жағдайы бойынша ажыратылады. Ірі және ұсақ қоспаларды машиналарда тазалайды, олар ситалар мен төр көздер болып табылады. Көбінесе штампталған домалақ немесе сопақша тесіктері бар ситаларды қолданады. Домалақ ситалардан өткізгенде астықтың жалпақтығы арқылы өткізеді, ал сопақ тесікті ситадан өткізгенде қалыңдығы бойынша. Ірі және ұсақ қоспалардан тазартқанда ситалы немесе комбинирленген ауалы електер қолданады. Електердің өлшемдері мен формаларын негізгі астық дақылдарының өлшемдері мен қоспаларына байланысты таңдайды. Жеңіл қоспаларды ауа ағымын қолдану арқылы ауалы сеператорларда тазалайды.
- Процестің сипаттамасы.
Астықтың бастапқы өңделуі астық тазалайтын сепараторлардың көмегімен элеваторларда жүзеге асырылады. Бұл машиналарға скальператорлар, А1-БИС және А1-БЛС типті електік ауа сепараторлары А1-БСФ сепаратор-фракционерлер және басқа машиналар жатады.
Астықты құрамындағы, өлшемдерімен және аэродинамикалық қасиеттерімен ерекшеленетін қоспалардан тазарту үшін А1-БИС және А1-БЛС типті електік ауа сепараторларын қолдану ұсынылады. Аталмыш сепараторлар модификациялары сан-алуан және осыған ұқсас «BuhlerAG» (Швейцария) фирмасы шығаратын машиналардың конструктивтік ерекшеліктерін есепке ала отырып жобаланған. Ұқсас қылып көшірілген.
А1-БИС-100, А1-БЛС-100 және А1-БЛС-150 сепараторларын элеваторларда астықты ірі, ұсақ және жеңіл қоспалардан бастапқы тазарту үшін қолданады.
А1-БИС-12, А1-БЛС-12, А1-БЛС-16 сепараторларын ұнтарту диірмен зауыттарының астық тазалаушы бөлімшелерінде астықты ірі, ұсақ және жеңіл қоспалардан тазарту үшін қолданады.
Ең көп тараған астық сепараторларының технологиялық сұлбалары келтірілген. А1-БСФ-50 және А1-БСШ сепараторларын астық қоспаларынан ұсақ қоспаларды және ұсақ дәндерді ұшырып әкету үшін қолданады. Ұсақ дән фракциясын бөлуді ұнның шығымын және сапасын арттыру мақсатында жүргізеді, ал ұсақ дәндерді мал азығына қолданады.
Ірі қоспаларды негізінен А1-БЗО скальператорларында бөліп шығарады. Скальператордың жұмыс мәрімі - айналмалы елек цилиндр (сур. 3. 4, а) . Астық қоспасын тесіктерінің өлшемі 25х25 мм елекке береді, түсірілген астық қоспасының негізгі массасы себеленіп түседі. Қалған дән мен ірі қоспалар өлшемдері 10х10 тесіктері бар цилиндрлік електің теліміне түседі, тесіктен өтпей сырғығандармен ірі қоспалар шығарылады. Келтірілген електерден өткендер біріктіріліп, келесі сепарациялаушы машинаға беріледі.
Суреттегі б…г технологиялық сұлбалары бірін бірі қайталайды, айырмашылығы, біріншісінде қоспа ені мен пішіні бойынша бөлінсе, екіншісінде қалыңдығы мен ені бойынша, ал үшіншісінде сепарациядан өтетін өнімнің қалыңдығы бойынша ажыратылады.
Келтірілген сұлбалар негізіндегі технологиялық процесті А1-БСФ- 50 сепаратор-фракционер (сур. 3. 4, д) жұмысының мысалында қарастыруға болады.
![]()
Сурет 1. Астық сепараторларының технологиялық сұлбалары:
а - скальператор; б - А1-БИС-100, А1-БЛС-100; А1-БЛС-150; в - А1-БИС-12, А1-БЛС-12, А1-БЛС-16; г - А1-БСШ; д - А1-БСФ-50: 1 - елек астынан өткендер (майда қоспалар) ; 2 - тазартылған астық; 2м - астықтың майда фракциясы; 2кр - астықтың ірі фракциясы; 3 - ірі қоспалар.
Бастапқы астық жоғарғы төрт қатарларда (екі параллель тасқында) өздігінен сұрыпталады және қоспалар, өлшемі 2, 0×25 мм тік төртбұрышты тесіктері бар електер арқылы өтіп бөлінеді. Астық екі параллель тасқынмен сырғып, ұяшықтарының өлшемі 2, 25×25 мм електердің келесі төрт қатарларына түседі, бұл жерде астықтың фракцияларға бөліну процесі астық құрамынан қоспалардың ірі фракциясын бөлумен қатар жүреді. Електердің осы секциясынан өткізу арқылы негізгі фракция - ірі тазартылған дән алынады. Астықтың ұсақ фракциясы қоспаларымен бірге тесіктерінің диаметрі 2 мм електердің келесі екі қатарында тазартылады. Електерден өтпей сырғып түскен астықтың ұсақ фракция, електен өткен ұсақ қоспалар бөлінеді.
Жоғарда келтірілгенмен бірге, ұнтарту және жарма өндірістерінің тәжірибесінде ортадан тебіліс күшін пайдаланып астық қоспасын ауа- електік сепарациялау жүзеге асырылатын машиналар қолданыс тапты.
Бұл машиналарға вибрациялық ортадан тебілісті астық сепараторлары А1-БЦС-100, Р8-БЦС-25, Р8-БЦ2-С-50, Р8-УЦС-200, сонымен қатар жүгері тұқымдарын өңдеуге арналған вибрациялық ортадан тебілісті Р8- УЦС-1 және Р8-УЦС-2 сепараторлары жатады. А1-БИС-12 сепараторы (сур. 3. 5) келесі негізгі тораптардан тұрады: станина, елек шанағы, қабылдау және шығару елек шанақтарының жетектері, сонымен бірге пневмосепарацияялаушы арна. Сепаратор станинасы иілген болат профилден дайындалған және бойлық, көлденең арқалықтармен жалғанған П-үлгісіндегі екі тірек рамасы болып табылады.
Елек шанағы теңіз қамысынан немесе шыныталшығынан дайындалған иілгіш асқыштардың көмегімен станинаға ілінген. Оның құрамына екі параллель жұмыс істейтін секциялар енеді, әр секцияда екі-екіден електер қатары орнатылған. А1-БИС-12 и А1-БЛС-12 сепараторларында әрбір қатарда бір ғана елек рамасы орналасқан. Бұл типтегі қалған сепараторларда екі-екіден елек рамалары бар.
Элеваторларда қолданылатын сепараторлардың ерекше бөлініп тұратын ерекшелігі болып үшбұрышты тесіктері бар електердің пайдаланылуы табылады.
Ұнтарту зауыттарындағы сепараторларда сұрыптаушы електердің тесіктері cопақша болып келеді, оның топтары өзара перпендикуляр бағытталған; әртүрлі бағыттағы тесіктер шахматтық реттілікпен кезектеседі. Елек тесіктерінің осылайша орналасуы айналма ілгері қозғалысында сепарациялау сапасын анағұрлым арттырады. Сұрыптау елегінің горизонтқа еңістік бұрышы 70, себелеу елегінің бұрышы - 8 0 .
Сепаратор корпусында эксцентриктік механизмдермен фиксацияланған сұрыптаушы 11 және себелеуші 10 електер кигізілген ысырылмалы рамалар орнатылған.
Елек рамалары бойлық және көлденең арқалықтармен ұяшықтарға бөлінген, олардың әрқайсында екі- екіден еркін жылжымалы диаметрі 35 мм резина шарик 13 орналасқан, олар електерді тазалауға тағайындалған.
Електік раманың төменгі жазықтығына торкөз поддондар бекітілген. Елек рамалары шанақта қысқыштармен жарақталған арнайы эксцентриктік механизм көмегімен бекітіледі. Эксцентриктік төлкені арнайы кілтпен бұрғанда елек рамасын қысқыштар қысады, не болмаса босатады. Електік корпустың алдыңғы қабырғасында электр мотор 9 орнатылған, дебаланс жүгі бекітілген шкивті 8 осы электр мотор сыналы ремендік беріліс арқылы айналдырып, електік корпустың айналмалы ілгері қозғалысын қамтамасыз етеді. Жүк-дебаланс ағытылып алынатын бірнеше қорғасын пластиналар, олар шкивке екі болтпен бекітілген.
Сепаратордың әрбір секциясының үстіне перегородкасы және жүк клапаны бар бөлгіш орнатылған, ол астық қоспасын қабылдау келтеқұбырына 12 береді. Қабылдау келтеқұбырының бақылау терезесі бар және елек шанағының келтеқұбырымен мата сүзгі арқылы және оған тігілген сақиналар арқылы жалғанған. Сепаратордан астықтың шығатын аймағы келтеқұбыр 14 арқылы аспирацияланады. Тазартылған астық шығару арнасы 3 арқылы шығады. Ірі қоспаоардың шығуы үшін лоток 7, ұсақтар үшін - лоток 6 қызмет атқарады.
Пневмосепарациялаушы арна 1 корпустың дән сырғып түсетін жағынан орнатылған. Арнаға астықты бірқалыпты беру үшін ол дірілді лотокпен 4 жарақталған, лоток жұмыс процесінде вибратор 5 көмегімен жиілігі жоғары тербеліспен қозғалады (1420 тербеліс минутына) .
Пневмосепарациялаушы арна ішінде жылжымалы қабырға 18 орнатылған, оның орналасу қалпы ауа тасқынының орташа жылдамдығын, арнадағы жылдамдықтардың таралуын және сәйкесінше астық қоспасының сепарациядан өту сапасын анықтайды. Жылжымалы қабырға екі топсалы жалғанған - жоғарғы қысқа және төменгі ұзын бөліктерден тұрады. Жылжымалы қабырғаның жоғарғы және төменгі бөліктерінің қозғалысы 17 және 2 штурвалдардың бұрылысымен қамтамасыз етіледі. Ауа шығыны дросселдік жапқышпен 15 реттеледі. Пневмосепарациялаушы арналардың бүйір қабырғаларынан терезелер жасалған, ал олардың ортасында вертикаль орнатылған шам арқылы процесті тысқары бақылауға болады.
А1-БЛС типтегі сепараторларда арнаның төменгі жылжымалы қабырғасы тұтас шыныдан дайындалған. Шағылыстырғышы бар жарық тасқынын жұмыс аймағына бағыттайтын жарықтандыру лампасы арнаның жоғарғы бөлігінде горизонталь орнатылған. Мұндай конструкция сепарациядан өту процесін А1-БИС типіндегі сепараторлардағыдай жанынан емес, пневмосепарациялаушы арнаның жұмыс аймағының тұтас ауданынан бақылауға мүмкіндік береді.
А1-БИС типіндегі сепараторлардың пневмосепарациялаушы арнасы әрекет ету принципі және конструкциясы бойынша Р3-БАБ ауа сепараторынан аса көп ерекшеленбейді. Сонымен бірге сепаратор А1- БИС-100 пневмосепарациялаушы екі арнадан тұрады, олардың әрқайсы елек шанағының сәйкесінше секциясынан астық қабылдайды. А1-БИС-12 сепараторында астық тазалаудың технологиялық процесі төмендегідей жүреді. Бастапқы қоспа әрбір секцияға бөлгіштер және қабылдау келтеқұбырлары арқылы бөлек беріледі, олардан астық сусып төмен түбіне барады, сұрыптау елегінің еніне сай астық біркелкі тең қабатпен тарайды (А1-БИС-100 сепараторында тарату функциясын клапан атқарады) .
Ірі қоспалар (сұрыптау елегінің 11 тесігінен өтпеген қоспалар) лотокпен 7 сепаратордан шығарылады, ал ұсақ қоспалар араласқан дән сұрыптау елегі 11 арқылы өтіп себелеуші елекке 10 жіберіледі. Ұсақ қоспалар (себелеуші електен өткендер) шанақ түбі арқылы лотокқа 6 түсіп сепаратордан шығарылады.
Ірі және майда қоспалардан елекпен тазарған дән пневмосепарациялаушы арнаның қабылдау камерасына, содан соң дірілді лотокқа 4 түседі. Қабылдау камерасында астықтың болуы пневмосепарациялаушы арнаның ұзындығы бойымен астықтың тұтастай бірқалыпты таралуына септігін тигізеді және осы аймақтан ауаның сорылуына жол бермейді. Астық массасының әрекетінен дірілді лоток түбі мен қабылдау камерасының кенересі аралығында саңылау пайда болады, сол саңылау арқылы астық ауа тасқынының әрекет ету аймағына түседі.
Пневматикалық сепарациялау аймағына ауа негізінен дірілді лоток астынан енеді. Ауаның бір бөлігі артқы қабырғадағы пердешелі тор арқылы арнаға енеді, салдарынан пневмосепарациялаушы арна ішінде тозаңның шөгуін болдырмайды. Тазартылған астық пневмосепарациялаушы арнадан едендегі тесік арқылы өздігінен ағатын құбырлармен ары қарай өңдеуге барады.
А1-БИС-100 сепараторының, сол секілді А1-БЛС сепараторларының комплектациясындағы ерекшелігі болып, олардың пневматикалық сепарациялаушы құрылғыларымен бірге жиынтық күйінде жеткізілуі табылады. Осындай құрылғы ретінде горизонталь циклонды алуға болады, ол жетегі бар шлюздік жаппамен жарақталған.
А1-БИС және А1-БЛС сепараторларының негізгі реттемелері, олардың жұмысының сапасына мейлінше елеулі әсер ететін реттемелері:
1. Аспирациялық арнаның ауа режимі, оның жоғарғы және төменгі бөліктерінде сәйкесінше штурвалдар көмегі арқылы арнаның енімен реттеледі.
2. Арнадағы ауа шығыны. Реттеу дросселдік жапқыш көмегімен орындалады.
3. Електік шанақтың тербеліс радиусы. Реттеу жүк-дебаланстағы алынбалы қорғасын пластиналар санын іріктеу жолымен жүзеге асырылады.
4. Пневмосепарациялаушы арналар қабырғаларына салыстырмалы дірілді лотоктардың қалпы. Серіппелер көмегімен орнатылады.
5. Дірілді лотоктың тербеліс амплитудасы. Реттеу вибратордың жоғарғы және төменгі бөліктерінде жұптастырып орнатылған жүктерді ығыстыру есебінен жүзеге асырылады.
А1-БИС типіндегі, сол секілді А1-БЛС типіндегі сепараторлар конструкцияларының бөлек ерекшеліктері - тұндыру камерасының жоқтығы, дебаланс пен жетек шкиві функцияларының бірігуі, пневматикалық арнаның реттелуі, ауа тасқыны жылдамдығын реттеу мүмкіндігі.
2. Аппараттың сипаттамасы
Ауа сепараторларын екі топқа бөледі: ажыратылған және жабық циклмен берілетін ауа. Бірінші топқа жарма зауыттарында қолданылатын аспирациялық колонкалар, пневмотранспорты бар диірмен зауыттарында қолданылатын пневмосепараторлар жатады. Пневматикалық сепараторлар тазартумен қатар пневмотранспорт желісіндегі босатушы циклондар функциясын да бірге атқарады, яғни астықты тасымалдаушы ауадан бөледі. Екінші топқа негізінен жарма өндірісінде қолданылатын дуаспираторлар типіндегі ауа сепараторларын жатқызады.
Елек сепараторлары қайта өңдеу өндірісінде қолданылуына байланысты келесі түрлерге жіктеледі. 1. Елек бетінің конструкциясы бойынша: жазық және барабанды електері бар. 2. Өнімдердің қозғалысын тудыру тәсілі бойынша: қозғалмайтын електері бар; електері ілгерілемелі-кейінді қозғалатын, айналып, ілгері және дірілмен қозғалатын. Барабан електері бар машиналар жұмыс мәрімдері айналатын өсі горизонталь және вертикаль орналасқан барабан електі машиналар болып бөлінеді. 3. Елек бетінің конфигурациясы бойынша: цилиндрлік; конус, призмалық және пирамидалды болып бөлінеді.
2. 1 Процесті орындауға арналған қолданыстағы аппараттарға жалпы шолу. Қабылдап алынған аппаратты негіздеу.
Ұнтарту және жарма өндірістерінің технологияларындағы ауа сепараторлары жұмыс мәрімдерінің әрекет ету аумағына өңделетін өнімді беру тәсілі, жұмыс мәрімдерінің конструкциясы бойынша, сонымен бірге жүзеге асырылатын процесс тиімділігімен бір-бірінен ерекшеленеді.
Осы жағынан қарағанда ауа тасқыны көмегімен астық қоспасын тазартуға арналған базалық машиналарға Р3-БАБ, Р3-БСД, А1-БВЗ ауа сепараторларын, сол секілді А1-БКА аспирациялық колонкасын жатқызуға болады.
Р3-БАБ ауа сепараторын жеке-дара машина ретінде, сонымен қатар А1-БЛС және А1-БИС типіндегі астық сепараторларына приставка ретінде де пайдаланады. Аталмыш сепаратордың конструктивтік ерекшелігі болып, бұл сепараторда пневмоарнаның көлденең қимасын биіктігі бойынша реттеу мүмкіндігінің болуы табылады. Бұл сепараторда астық қоспасы дірілді лоток қоректендіргіші көмегімен өңдеуге беріледі.
Р3-БСД ауа сепараторының конструктивтік ерекшелігі болып, оның айналма пневмосепарациялаушы арнамен жарақталғандығы және жеңіл қоспаларды бөлу процесі екі сатымен жүретіндігі табылады, соның арқасында тазарту тиімділігін арттыруға мүмкіндік туады.
А1-БВЗ ауа сепараторының ерекшелігі астық қоспасын өңдеуге беру жүйесі болып табылады. Бұл машинада пневмосепарациялаушы арнаға өңделетін өнімнің бірқалыпты берілісін қамтамасыз ету үшін шағылыстырғыш планкалар қолданылады. Планкалардың бірінен екіншісіне өткенде дән ауамен үріледі, соның салдарынан жеңіл қоспалар пневмосепарациялаушы арна арқылы тұндыру камерасына шығарылады.
А1-БКА аспирациялық колонкада жеңіл қоспаларды бөлуге А1-БВЗ сепараторындағыдай принцип қолданылған. Бұл колонкада астық қоректендіргіш білікшелер көмегімен ылдилар жүйесіне беріледі және әр ылди бетке арналған клапан көмегі арқылы ауамен үрленеді.
Р3-БАБ ауа сепараторы астық тұқымдас дақылдарды жеңіл қоспалардан тазартуға тағайындалған.
Ол болат парақтан жасалған вертикаль орнатылған корпустан тұрады. Корпустың артқы қабырғасында, сепараторға ауаны енгізуге арналған перделер 8 бар. Корпус ішінде жылжымалы қабырға 5 орнатылған, ол қабырға корпустың алдыңғы қабырғасымен бірге пневмосепарациялаушы арнаны 6 қалыптастырады. Астық үйілмесін пневмосепарациялаушы арнаға беру үшін дірілді лоток 11 қызмет атқарады, ол корпусқа резиналы асқыштармен және серіппемен 7 жалғанған.
Дірілді лоток инерциялық вибратормен 10 тербелмелі қозғалысқа түседі, вибратор дебаланстық жүктермен жарақтанған қуаты 0, 12 кВт электр мотор болып табылады. Дірілді лотоктың тербеліс жиілігі минутына 1420 тербелісті құрайды; амплитудасы - 1, 5…3, 5 мм.
Сурет 2. Р3-БАБ ауа сепараторы: 1 - бақылау терезесі; 2 - дросселдік жапқыш; 3 - жапқыш штурвалы; 4, 9 - жылжымалы қабырға штурвалдары; 5 - жылжымалы қабырға; 6 - пневмосепарациялаушы арна; 7 - серіппе; 8 - перде; 10 - вибратор; 11 - діріл лоток; 12 - қабылдау камерасы; 13 - жүрісті шектегіш
Ауа сепараторында технологиялық процесс төмендегідей жүзеге асады. Астық қабылдау камерасына 12 құйылады, оның ішінен - діріл лотокқа 11 барады, ол өз кезегінде астық қабатын пневмосепарациялаушы арнаның барлық ұзындығы бойымен тегістеп шығады және жеңіл бөлшектер жоғарғы қабатына көтерілетіндей етіп астық қабатының қабатқа бөлінуіне септігін тигізеді. Бұдан бөлек, жылжымалы қабырғаның 5 төменгі бөлігін, дірілді лотоктан 11 түсетін астық қабаты біркелкі горизонталь болатындай қалыпқа қояды. Осының барлығы пневматикалық сепарациялауға оңтайлы жағдай туғызады.
Ауаның негізгі массасы, дірілді лотоктан өте отырып, корпустың артқы қабырғасының перделері арқылы келетін ауамен бірігеді және астық қабаты арқылы өтеді. Осымен қатар, перделер арқылы келетін ауаның бөлігі пневмосепарациялаушы арнаға тозаңның шөгуіне бөгет жасайды. Жеңіл қоспалар желмен ұшып, арнамен жоғары көтеріліп, аспирациялық жүйеге кетеді, тазарған астық төмен сырғып, түсіруші келтеқұбыр арқылы сыртқа шығарылады.
Сепаратор жұмысын қадағалау бақылау терезесі 1 арқылы сырттай жүзеге асырылады. Бақылау терезесінің тиімділігін арттыру арттыру үшін сепаратор корпусының бүйір жағында, пневмосепарациялаушы арнаның жарықтануын қамтамасыз ету мақсатында қуаты 40 Вт люминесценттік лампа орнатылған.
Сепаратор арнасындағы ауа шығыны дросселдік жапқышпен 2 реттеледі, оның қалпы штурвал 3 көмегімен өзгертіледі. Пневмосепарациялаушы арнаның жоғарғы және төменгі бөліктерінде ауаның әртүрлі жылдамдығына, жылжымалы қабырғаның 5 жоғарғы және төменгі бөліктерінің қалпын өзгерту арқылы қол жеткізіледі, ол 4 және 9 штурвалдармен реттеледі.
Дірілді лоток пен қабылдау камерасы арасындағы қажетті бастапқы саңылау жүрісті шектегіш 13 көмегімен орнатылады. Электр мотордың дебаланстық жүктерінің қалпын өзгерту арқылы дірілді лотоктың тербелісі амплитудасын реттейді. Р3-БСД пневматикалық сепараторы пневмотранспорттың айдамалау желісінде қозғалатын астықты түсіруге, сонымен бірге аспирациялық сорындыларды да бөлуге тағайындалған, аспирациялық сорындылар: ауыр (пыш және соғылған дәндер) және жеңіл (қабықтар, сабан қалдықтары, шаң-тозаң) .
Сепаратор қалпақтан, қабылдау және шығару құрылғыларынан, таратқыштан, ішкі құндақтан, пневматикалық сепарациялаушы арнадан және астық деңгейінің сигнализаторынан тұрады.
Сепаратордың цилиндрлік корпусы сыртқы диаметрі 1174 мм пісірістірілген конструкция болып келеді, оның жоғарғы бөлігінде бағыттаушы воронканы 2 бекітуге арналған винттер орнатылған. Корпустың төменгі бөлігінде, оны тазартылған астыққа арналған шығару келтеқұбырымен 13 және тіректермен 8 жалғайтын бағандар 16 орналасқан. Корпус таратқыш конусқа 3 киіледі және бағыттаушы сақинаға 7 орнатылады. Корпустың үш терезесі 4 бар, олар бағыттаушы воронканы 2 реттеу үшін және астықтың тегіс таралуын қадағалауға тағайындалған.
Сурет 3. Р3-БСД ауа сепараторы: а - конструкция; б - технологиялық сұлбасы; 1 - қабылдаушы келтеқұбыр; 2 - бағыттаушы воронка; 3 - таратқыш конус; 4, 15 - бақылау терезесі; 5 - тұндыру камерасы; 6 - ішкі құндақ; 7 - бағыттаушы сақина; 8 - тірек; 9 - ауыр сорындыларға арналған келтеқұбыр; 10 - дросселдік қондырма; 11 - дросселдік жапқыш реттегіші; 12 - сорып әкетуші келтеқұбыр; 13 - тазарған дәнге арналған шығару келтеқұбыры; 14 - электрлік сигнализатор; 16 - баған; 17 - пневмосепарациялаушы арна; 18 - сыртқы арна; 19 - козырек; 20 - қалпақ; 21 - шағылыстырғыш; 22 - қабылдаушы құрылғы; I - ауамен бірге дән; II - тазарған дән; III - ауамен бірге жеңіл сорындылар; IV - ауыр сорындылар
Қабылдаушы құрылғы 22 ішінде астық тасқынын воронкаға бағыттайтын шағылыстырғыш 21 орналасқан, сонымен бірге қабылдаушы келтеқұбыр 1 бекітілген. Таратқыш конус 3 конус бөлігінен және цилиндр бөлігінен тұратын пісірістірілген конструкция болып келеді. Оны ішкі құндаққа 6 кигізеді және барлық шеңбері бойымен козырек 19 пісірістіріледі, ол ірі сорындылардың төмен бағытталуына септігін тигізеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz